Италия экономикасының құрылымы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-10

І-тарау. Италия экономикасының құрылымы

1. 1. Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құрулар . . . 11-30

1. 2. Италияның ауыл шаруашылығының дамуы . . . 30-40

ІІ-тарау. Италия экономикасының «ғажайып даму» кезеңі

2. 1. Италия экономикалық модернизациялау . . . 41-48

2. 2. Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігі . . . 48-56

Қорытынды . . . 57-59

Сілтемер тізімі . . . 60-61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62-64

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпанындағы халыққа жолдауында біздің мемлекеттің дамыған 50 мемлекет қатарына кіру бағытында біршама міндеттері ұсынылды. Еліміз өз дамуында осындай батыл жоспарды қойып отырған кезеңде, алдымызда тұрған осындай биік белеске сүрінбей жету үшін тарихшылар өз үлесін қосып, әлемдік елдердің дамуын қарастырып, оның сабақтарын алып көрсету қажет. Осындай мемлекеттің бірі Италия болып саналады. Италияда дегенде көз алдымызға тек Бенитто Муссолини мен Ватикан, опера мен мафия ғана емес, сонымен қоса әлемге танымал «Фиат», «Аджип», «Альфа Ромео» сияқты ірі концерндерді елестетеміз. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуында маңызды роль атқаратын мұнай газ секторында да осы аталмыш елдің ірі компанияларында жұмыс істеп, ал Италия біздің еліміздің дамуына инвестиция құюшы елдердің алғашқы «ондықтың» құрамына кіреді. Мінекей, осындай мемлекеттің уақыт пен заман қиындығына ұшырап, биік асулардан өтіп, дамыған елдер қатарына кіру жолы мен оның сабақтары маңызды деп санаймыз.

Қазіргі таңда Италия Еуропалық интеграцияның моторы болып саналатын мемлекеттердің бірі, әлемнің дамыған сегіз елі қатарына кіреді. Италияның даму жолының өзі ерекше. Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңілген мемлекет болып шыққан Италия небары 10-15 жыл ішінде даму деңгейі жоғарғы елдер қатарына кірді. Еуропа континентінде маңызды стратегиялық орын алып отырған ел өзінде табиғи байлығы, шикізаты аз болғанына қарамастан, өзінің даму жолын дұрыс таңдай білді. Экономикалық қиыншылықтарды ғана емес, сонымен қатар саяси-әлеуметтік дағдарысты жеңе білді. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында итальян қоғамын реваншистік фашистік идеялармен уландырған нацистік тәрбие мен оның салдарының өзі үлкен қиыншылық туғызды. Соғыс қарсаңындағы қойылған жалған ұрандар мен мақсаттардан тойған итальян социумы кейінгі билікке келген антифашистік демократиялық күштердің ұсынған «либералды экономика», «ортақ Еуропа»ұрандарына үлкен сенімсіздікпен қарады. Егер, халық өз болашағына сенбесе, ешбір экономикалық модель болсын, миллиондаған, миллиардтаған инвестициялар да құтқармайды. Міне, осындай психологиялық шұңқырға түскен қоғамды, болашаққа деген үмітін оятып қана қоймай, көздеген мақсаттардың орындалуына сендіріп, оның нәтижесі мен жемісін көрсете білудің өзі де маңызды.

Бұрыңғы Кеңес Одағының социализм мен коммунизм идеясының дағдарысқа ұшырауы мен оның зардаптары және психологиялық салдары «Қызыл империя» перефериясында болған дезинтеграциялық процестер мен экономикалық дағдарыстың басты себепкері болып саналады. Көптеген елдер коммунизм идеясын ұлтшылдық және діни идеялармен ауыстыруды жөн санап, азаматтық соғыс пен негізсіз тәкаппарлыққа алып келуіне кесірін тигізді.

Америка Құрама Штаттарының әйгілі президенті Дуайт Эйзенхауердің «қоғамның жүрегінде ешқандай вакуум болмауы тиіс, осы вакуумды әрқашанда толтырып отыру қажет» дегеніндей Италия «экономикалық ғажайыбының» ірге тастарының бірі болып, шынайы утопиялық емес, идеялардың фашизм идеясының орнын толық басуы деп санауға болады. Жоғарыда аталған «психологиялық шұңқырдың» бір адам баласына ғана мен бір қоғамға әсерін ХХ ғасырдың 50 жылдары батыс елдерінде қарастырып, терең зерттегені анық.

Ешбір «экономикалық ғажайыпты» бір адам қолдан жасай алмайды, оны бүкіл қоғам жасайды. Итальян «экономикалық ғажайыптың атасы» Альчидо Де Гасперидің айтуы бойынша мемлекет дамуының басты негізі бұл «дұрыс таңдалған жол, оған жетелей білетін дарынды елін сүйгіш басшы мен қоғамның сенімі және қолдауы». Егер, осы айтылғанның ішінен бір компонент жоқ немесе артта қалса, онда ол елдің дамуы тоқтап, дағдарысқа ұшырайды.

Итальян тарихынан тағы да нені сабақ етуге болады? Еліміздің дамуы мен қоғамның дамуына кедергі болып отырған сыбайлас жемқорлық пен бюрократиялық жойылмайды деушілер аз емес. Біздің оларға келтірер дәлеліміз, қарастырып отырған Италиядан келтіруге болады. Ғасырлар бойы «мафия жеңілмейді, ол мәңгі» деген сөз итальян қоғамына қалыптасқан ұлттық «дінге» айналған болатын. Алайда, Де Гаспери кезеңінде осы аталмыш сөздің аксиома еместігіне көз жеткізді. Әрине, мафиямен күрес осы күнге дейін жалғасып жатқанымен, ол ұйымның бұрыңғыдай мемлекет істеріне толық араласуы жойылды.

Қазіргі таңда әлем елдерінің дамуындағы «дамыған солтүстік пен артта қалған оңтүстік» арасындағы қайшылықтар Италияда осы күнге дейін өзекті болып келеді. Әрине, қайшылықтар сақталуда, бірақ осыны шешу әлемдік тарихта алғашқы рет осы мәселені шешу Италияда басталды.

Аталмыш тақырыптың маңызды және оны қарастырудың қажеттілігі, оның тарихы мен сабақтары біздің еліміздің дамуы үшін маңызды деп санаймыз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Аталмыш тақырып әлемдік тарихта жақсы зерттелген. Экономикалық ғажайып тек қана тарихи-экономикалық тақырып емес, сонымен қоса, ғылымның басқа салаларында зерттеу объектісі. Герман экономикалық ғажайыбы тәрізді, итальян экономикалық ғажайып шетелдік немесе отандық тарих ғылымында терең зерттелген. Егер де, шетелден соның ішінде басты еуропалық тарихнамада онв экономикалық дамудың бір бағыты ретінде қарастырылып, оны басқа мемлекеттермен салыстырып отырса және зерттеудің нәтижелерін экономика саласында тығыз пайдаланып, қаншама Америка Құрама Штаттары сияқты алпауыттың экономикалық-саяси көмегінің әсерінен жүргендігін көрсетсе де, батыстық тарихнаманың бір ерекшелігі онда дамудың бір жолы деген баға береді. «Қырғи қабақ» соғысының кезеңіндегі экономикалық дамудан саяси астарын іздеу, оның көп ұзамай дағдарысқа ұщырайтындығын болжау біздің отандық тарихнамаға тән құбылыс.

Бұл тақырыпты зерттеудегі экономикалық астарын зерттеу болса, оның әлеуметтік мәнін осы күнге дейін зерттеу жүріп жатыр. Егер, батыстың тарихнамасында осы кезеңде маңызды роль атқарған орта немесе кіші Лукез немесе интелигенция мен кәсіпкерлердің мәні деп көрсетсе, советтік тарихнамада жұмысшы немесе шаруаларды бір ауыз сөзбен пролетариаттың ролі көп қарастырылады.

Шетелдік соның ішінде итальяндық тарихнамада кеңінен зерттелген. Сол итальяндық тарих ғылымының өкілі Альфредо Андреоттиді атап өтуге болады. Ол өз еңбегінде итальян экономикасының дамуын негізінен соғыстан кейінгі халықтың үлкен еңбегімен байланыстырады, ол АҚШ-ң рөлін жаза отырып, американдық көмек тек қана қаржылай болды, экономиканың конкуренция мен дамудың негізгі заңдылықтары бұзылмады - деп жазады. Экономикалық дамудың басты негізі ретінде тарихи-әлеуметтік және өркениеттік тұрғыдан қарастырады. Италияның Жерорта теңізі бассейініндегі №1 ел деген атақ беріп жазады [1; 125 б] .

Екінші итальяндық тарихшы, солшыл қозғалыстың жанашыры, антифашистік қозғалыстың өкілі Бериццо Манцокки [2; 48-52 бб] .

Осы кезеңдегі итальяндық дамуының негізгі мәселелеріне тоқталып, оның қиындықтары мен шетелдік (АҚШ) экономикалық-қаржылық топтарының саясаты мен оның салдарын терең ашып көрсеткен. Альфредо Андреотти экономикалық дамудың тек қана жақсы жағын көрсетсе, Манцокки екі жақты қарастырады, алайда, солшылдық пен антиамерикандық бағыт басымдылық білдіріп тұр. Сонымен қоса, сол кезеңдегі Еуропалық интеграцияның алғашқы қадамдарын ондағы Италияның рөлін қарастырып, болашағын болжайды. Екі итальян тарихшысын салыстыра отырып, екеуі екі саяси полюстің өкілі деп атасақ та, екеуін біріктіретін бір мәселе ең бірінші орынға лайықты деп қорытындылайды. Кеңестік тарихнамада бұл мәселемен Н. П. Васильков, Л. С. Колосов, А. Н. Покровский және В. П. Чураковты атап өтуге болады.

Н. П. Васильков өз еңбегінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының тенденциясын қарастырады, сонымен қоса, экономикалық дамуын да жан-жақты қарастырады. Еңбегімнің бірінші тарауында сыртқы фактордың ауыл шаруашылығына әсерін қарастырдым, екінші тарауында экономиканың басқа саласына тоқталдым, ҒТР мен заман талабына жасалып отыр ма деген сауал қойылады. Жұмысымның үшінші тарауында экономикалық дамудағы мемлекеттік монополиялардың рөлі мен қарқынды жүріп жатқан экономикалық дамудың салдары қарастырылады. Төртінші тарауда Еуропалық экономикалық интеграцияларды Италияның орнына кейіннен тоқталады. Сонымен қоса, халықаралық экономикалық қатынастардағы Италияның рөлі мен Маршалл жоспарының Италияға қатысты саясатын қатты сынға алады.

Л. С. Колосов өзінің еңбегінде итальян экономикасының ауыл шаруашылық және өнеркәсіптік салаларының дамуы мен сол кездегі жағдайын салыстыра отырып, анализ жасайды. Сонымен қоса, итальян валютасының халықаралық немесе еуропалық рыноктағы айналымға түсуі мен банк сферасының дамуына тоқталып, өзіндік баға беруде дәстүрлі маркстік-лениндік позициядан, скептикалық тұрғыдан сипаттайды. Монополиялардың оның ішінде американдық монополияның Италия экономикасына негативті әсері бар деген тұжырымға келеді.

А. Н. Покровский өз еңбегінде ҒТР-ң Италия өнеркәсібіне әсері және жаңадан құрылып жатқан Еуропалық рыноктың шеңберіндегі итальян рыногы мен мемлекеттің экономика істеріне араласуы мықты болуы керек. Мемлекет халықаралық қатынастардың негізгі авторы деген позицияны ұстанады. Сонымен қоса, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі итальян социумының дамуы қаншалықты тұрақты деген риторикалық сұрақ қояды.

Келесі автор екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық саладағы маңызды роль атқарған мемлекеттік монополиялық капитализмді зерттей келе, оның Италиядағы ерекшелігіне терең тоқталады. Сонымен қоса, Еуропалық қаржы рыногын сипаттай отырып, оның пролетариатты қанаушы басты орган ретінде сипаттайды.

Американдық тарихшы Санжай Руперелия (шыққан тегі үндіс) саяси экономиканы зерттеу барысында өзінің еңбегінде Италияның экономикалық дамуы қандай дәрежеде, Италияның «Маршал жоспарына» қатыспауы мүмкін де еді және оның қаншалықты тәуелсіз екендігін қарастырып, Де Гаспери үкіметін сынға алып, оған әділетті бағасын беріп, алайда оларды қажет монополиялармен күресу керек деген тұжырымға келді.

Италия социумының дамуын зерттеушілер ішінен Марко Феррараны атап өтуге болады. Ол Италияның саяси өміріндегі өзгерістерді жазады. Бұл тарихшының бір ерекшелігі зерттеудің хронологиялық шеңберін 1943-1958 жылдарды алады. Оны былай деп түсіндіреді Б. Муссолини биліктен қуылған соң Италияда солшыл қозғалыстар біртіндеп күшейе бастады және оларды М. Бардельдо үкіметі мойындады.

Сонымен қоса, Ю. П. Лисовскийді атап өткен жөн. Ол өз еңбегінде Италияның фашизмнен және оның салдарымен қалай күрескенін және халықтың демократиялық кезеңге қалай өткенін және өміріндегі қиыншылықтар мен өткелдерді сипаттайды.

Итальян мемлекетінің саяси институттарының дамуы Муссолинидің, Бардельдоның фашистік режимдері тұсындағы саяси элитаның идеалдары-ның ауысуы мен мемлекеттің қуаттық дамуына сипаттама береді.

Келесі зерттеуші Г. И. Зевелова Италияның саяси-әлеуметтік дамуын қарастырады. Болып өткен саяси реформаларға кеңестік идеологиядан бас тартып, сипаттама берген тұңғыш тарихшы. Италияның сол кезеңдегі саяси партияларының дамуы олардың ерекшеліктерін қарастыру маңызды орын алады, бұл жерде В. П. Любинді атап өткен дұрыс. Ол бұл жерде партияларының саяси эволюциясы, бағдарламалары, билік үшін күрес, саяси платформалары мен технологияларына сипаттама береді.

В. П. Гайдун итальян христиандық демократиялық партиясының құрылу тарихына, оның қоғамдық және саяси өміріне, фашизмге қарсы күресі мен саяси платформасы және технологиясын қарастырып, оны жалпы еуропалық саяси аренадағы ХДС/ХСС және т. б. ұлттық, оңшыл күштермен салыстырады. Христиандық құндылық дегеніміз не және Италия Христиан Демократиялық Партиясының ерекшелігі мен орны қандай деген сұраққа жауап береді. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселемен терең айналысып жүрген зерттеуші жоқ. Алайда, С. Ермантай, Г. К. Көкебаева, С. М. Мәшімбаев сияқты зерттеушілерді атап өткен жөн.

Тақырыптың деректік негізі. Зерттеу жұмысымның деректік негізі - көптеген Заңдар мен нормативті актілер.

1. Соғыстан кейінгі Италия үкіметінің қаулысы мен парламентінің Заңдары жинағы. Халықаралық кешендер мен мемлекетаралық келісімдер. Италияның Республикалық Конституциясы. Саяси партиялардың монифест-тері мен бағдарламалары, оның ішінде социалистік, коммунистік және жұмысшы қозғалысының манифесттері мен халыққа жолдауы. Итальян конституциялық сотының үкімдері.

2. Статистикалық мәліметтер. Италиядағы сайлау қорытындылары мен сайлау комиссиясының берген мәліметтері. Экономикалық даму диаграммалары мен кестелік көрсеткіштері. Тәуелсіз және үкіметтік емес ұйымдардың итальян қоғамының дамуына берген салыстырмалары.

3. Саяси және қоғам қайраткерлерінің шығармалары, хаттары мен үндеулері, сонымен қатар мемуарлары. Оған Альчидо Де Гаспери, П. Толятти, Християн Демократиялық Партиясының негізін қалаған Луиджи Сурцоның еңбектері жатады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын жазу барысындағы мақсатым ХХ ғ. 50-60 жж. Италияның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшелігін, сол кездегі мемлекет тарапынан жасалынған жаңаландыру шарасындағы біршама жасалынған іс-шараларды ашу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді орындау қажет:

  • Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құруларды қарастыру;
  • Италияның ауыл шаруашылығының дамуының ерекшелігін анықтау;
  • Италия экономикалық модернизациялауын қарастыру;
  • Оңтүстік Италия экономикасының даму ерекшелігін көрсету.

Диплом жұмысы тақырыбының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының хронологиялық жағынан ХХ ғасырдың 50-60 жылдары аралығын қамтиды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы төмендегідей бөлімдерден құралған: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Бірінші тарау екі параграфтан, екінші тарау екі параграфтан құралады. Бірінші тарауда Италия экономикасының салаларының екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы және алғашқы модернизациялық процестер қарастырылады. Екінші тарауда Италия экономикасының «ғажайып даму» кезеңін қарастырдым, сонымен Италия экономикалық дамуындағы модернизациялық процестер мен оның нәтижесін қарастырып, экономикалық дамудың негізі ретінде болғанын жаздым. Италияның дамуындағы қайшылықтардың бірі бұл артта қалған оңтүстік мәселесі, осы мәселе екінші тарауда орын алады.

І-ТАРАУ. ИТАЛИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Италияның өнеркәсіп салаларында қайта құрулар.

Бұл бөлімде менің көздеген негізгі мақсатым: Италия тарихында қазіргі экономикалық мықты елдің қалыптасуына әсер еткен басты факторлардың бірі өнеркәсіп саласы болып табылады. Ал, Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы негізгі жолдарының бірі өнеркәсіп саласы болып табылатыны сөзсіз. Бұған дәлел, Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы жолдауы. Дәл осы себебпті Италия өнеркәсіп саласының дамуы менің тарапымнан өте үлкен қызығушылық тудырып отыр. Осы себепті, Италия өнеркәсіп саласының дамуын деректер мен зарттеулер негізінде танып, біліп, оны Қазақстан ауыл шаруашылығымен салыстыру менің негізгі мақсатым болып табылады [3; 201-220] .

Италияда 1950 жылдың басында-ақ, экономикалық даму белең алды. Мемлекеттің өндірістік кәсіпорындарының саны соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Сол жылдары кәсіпорындардың саны жыл сайын 10 пайызға өсіп отырды. Бұған себеп, капиталдың жаңаруы, жеке монополияларға мемлекет тарапынан көмектің болуы, шетелдік жеке капиталдың ағымы жаңа ғылыми-техникалық кіріспесі, жоғарғы ішкі сұраныс еді. Жаңа өндірістің көмегімен еңбек өнімділігі артты. Солай бола тұра, жұмыскерлердің еңбек ақысы төменгі деңгейде қалып қойды. Италияның сыртқы сауда айналымы әр он жылдықта 3 есеге көбейіп отырды.

Италия - индустриалды аграрлы мемлекет. Оның экономикасы өнеркәсіп орындарының шоғырлануымен және капиталының орталықтануымен сипатталады. 1950 жылы 18-20 ақпан аралығында Рим қаласында ұлтаралық экономикалық конференция өтті. Бұл конференцияда экономикалық депрессиядан шығу жолдары қаралды. Сонымен қатар, конференцияда электроэнергетикалық монополиялардың, жұмысшылардың сұранысы қаралды. Әлеуметтік-экономикалық жоспар бойынша Италия алдында қиын, әрі ауқымды тапсырма болып, соғыстың салдарынан қиратылған халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру болды. 1953 жылдан кейін Италия экономикасының дамуы көптеген ерекшеліктерге бөлінді. Ең алдымен өндіріс орындарының даму темпін атап өткен жөн. 15 жыл ішінде өндіріс өнімдері 3 есе өсті. Орта жылдық өнімнің өсуі шамамен 8-9 пайызға жетті. Осылайша, Италия өндіріс орындарының өсу қарқыны барлық капиталистік елдер, яғни Батыс Европа елдерінің арасында бірінші орынға, ал Жапониядан кейін екінші орынға ие болды.

Италияда өндіріс орындарының дамуының тағы бір ерекшелігі ол, дамудың жылдар сайын бір қалыпта болмауы. Яғни, Италия экономикасының қарқындап дамуы немесе құлдырап кетуі заңды құбылыс сипатында болды. Бұл итальяндық өндіріс өнімдерінің өсуін өткен жылдармен салыстырғанда ерекше айқын көрінеді. Шындығында, егер өндіріс өнімдері орташа есеппен 9%-ға өссе, 1958 жылы ол 4%-ға төмендеп кетті, содан кейін 1960 жылға таман күшті қарқынмен, яғни рекордтық дәрежемен 15%-ға көтерілді [4. 152]

Мемлекетте жаңа өнеркәсіптің түрлері тез арада дамыды, яғни электроника, химия, мұнай, машина жасау, автомобиль өнеркәсібі. Италия аграрлық - индустриалдықтан, индустриалды - аграрлы мемлекетке біртіндеп айналды. 1959 жылы Италияда өнеркәсіптік өзгерістер басталды.

Италия экономикасының циклдық төмендеу дағдарысы, шамамен айтқанда, әрбір 5-6 жыл сайын қайталанып отырды. Ендігі кезекте, жекеше шаруашылық өндірістердің өсуіне көңіл аударайық. Мұнда тез арада көз алдымызға жеке өндірістердің өнім өндіру дәрежесі 1953 жылдармен салыстырғанда үлкен айырмашылығының бар екендігі білінеді.

1950 жылы өнеркәсіп Италияның жалпы халық шаруашылық өнімінің 40%, ал ауыл шаруашылығы 32% құрады. 1952 жылы өнеркәсіптің үлесі 51% жетті, ауыл шаруашылығының үлесі небары 29, 8% [5. 95-96] .

Италияның өнеркәсіп орындары 1929-1949 жылдар аралығында ерекше бір тұрақтылықпен бір қалыпты деңгейді сақтап тұрды. Бірақ та, орталық статистика институтының мәліметтері бойынша өнеркәсіп орындарының нақты индексі 1949 жылы 1938 жылға қарағанда, 6%-ға жоғары болды. Сонымен қатар, итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының статистикалық санағы бойынша бұл көрсеткіш тек 86% құрады [6. 110] .

1-кесте Италия халқының ауыл шаруашылығындағы жұмыс күшінің бөлінуі

Салалары
1931 ж.
1951 ж.
млн адам
%
млн адам
%
Салалары: Ауыл шаруашылығы
1931 ж.: 9, 4
1951 ж.: 51, 4
8, 3
42, 3
Салалары: өнеркәсіп және көлік
1931 ж.: 5, 7
1951 ж.: 31, 1
7, 1
36, 2
Салалары: Сауда, банктер сақтандыру
1931 ж.: 1, 4
1951 ж.: 7, 7
1, 9
9, 7
Салалары: Басқа да салалар
1931 ж.: 1, 8
1951 ж.: 9, 8
2, 3
11, 8
Салалары: Жалпы саны
1931 ж.: 18, 3
1951 ж.: 100, 0
19, 6
100, 0

Орталық статистика институтының мәліметтері бойынша соңғы жылдар аралығында өнеркәсіп орындарының жалпы индексі өсу тенденциясына ие болды: 1953 жылы - 100; 1954 жылы - 109, 1; 1955 жылы - 119, 8; 1956 жылы - 127, 8; 1957 жылы - 136, 8; 1958 жылы - 142 және 1959 жылы - 155 [7. 112] .

Бірақ та, бұл жалпы көрсеткіш, итальян өнеркәсібінің жағдайын көрсете алмайды. Иатлиядағы өнеркәсіптің дамуы уақытша, өтпелі сипатта еді, атап айтсақ, мықты экономикалық негізі болмады. Италия шаруашылықтарының әртүрлі салаларында жыл сайынғы адам санының өзгеріп, бірде кеміп, бірде ұлғайып өзгеріп отыруын мына кестеден көруге болады (1-кесте) .

Өнеркәсіптің өсуіне басты капиталистік елдердің сыртқы экономикалық экспансиясы әсер етті. Сонымен бірге, бұл кезде Италия бәсекелес елдер қатарына енген болатын. Басты капиталдың жаңаруы маңызды роль атқарды. Итальян өнеркәсібінде басты капиталды модернизациялау жүргізілді. Әсіресе, өнеркәсіптің металлургия, машина жасау және химия салаларында. Бұл құрал-жабдықтарды өндірудің көбеюіне әсер етті. Сонымен қатар, Италия жұмысшы күшін эксплуатация арқылы бірден көтеруі және еңбекшілердің өмір сүру деңгейін төмендету әсерінен өнеркәсіп орындарын дамытты. Бірақ та, Италия өнеркәсібінің дамуына әсер ететін дем беруші уақытша факторлар аяқталады. Мәселен, соның бірі жаппай басты капиталдың жаңаруы тек 1952-1955 жылдар аралығында ғана әсер етті.

Итальян өнеркәсібінің Конфедерациясының қаржы-экономикалық «24 орэ» газеті 1958 жылы 30 наурыздағы өнеркәсіптің жағдайына байланысты мақаласында «1957 жылдың қарашасынан бастап итальян өнеркәсіп өндірісінің индексі айтарлықтай дамуын көрсетеді» - деп жазады. 1958 жылы өнеркәсіп өнімі 1957 жылға қарағанда, 2, 7 пайызға өскенін көрсетеді.

Италияның кейбір өнеркәсіп салаларының бір деңгейде қалуы, біріншіден, бәсекелестік болмағаннан кейін өнімдерінің күрт төмендеуі, мемлекеттің экономикасына айтарлықтай әсерін тигізеді. «Мемлекеттің қатысуымен» ең негізгі өнеркәсіп болып табылатын металлургия өнеркәсібі кейбір зауыттарын жабуға мәжбүр болды, себебі, олар зауыт техникасының ескіруі және оларды болашақта жөндеу керектігімен түсіндіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 50 – 60 жылдардағы Италияның экономикалық дамуы
Италия экономикасының «Ғажайып даму» кезеңі
Германия экономикасының құрылымы
Германияның еуропалық одақтағы рөлi мен ықпалы
Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы
Батыс еуропа аймағына экономикалық – географиялық сипаттама
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Италия
ФАШИСТІК ИТАЛИЯНЫҢ САЯСИ БАҒЫТЫ
«Қазіргі жағдайдағы кәсіпорындардың инвестициялық саясатының ерекшеліктері»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz