«Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру»
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6
I.тарау Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс,оның құқықтық және психологиялық сипаттмасы
1.1. ҚР қылмыстық құқығы бойынша кісі өлтірудің жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.9
1.2. Күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтірудің құқықтық
сипаттамсы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9.13
1.3. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің әлеуметтік және психологиялық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.20
ΙΙ.тарау Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың құрамы
2.1. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің объектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.22
2.2. ( Әрекеттің, салдардың) объективтік жағы (себепті байланыс) ... ... ... ... 23.36
2.3. Қылмыстың субъективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36.43
2.4. Аффект жағдайында жасалған қылмыс субъектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43.50
2.5. Жәбірленушінің іс.әрекетінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50.53
ΙΙΙ.тарау Физиологиялық аффект жағдайында жасалған қылмыстардың шектес қылмыстар құрамынан айырмашылығы
3.1. Физиологиялық аффект жағдайының патологиялық аффект жағдайынан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54.56
3.2. Шектеулі сана ұғымының маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56.58
3.3. Қылмысты саралау және заңнаманы жетілдіру мәселесі ... ... ... ... ... ... ... 58.61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62.65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66.69

ҚР қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енді. Онда бірқатар өзгертулер мен жаңалықтар, оның ішінде қасақана кісі өлтіру қылмыстары сияқты қылмыстың санаттарына да енгізілген.
Қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормалар күшінің тиімділігі көбіне қылмыстың ауырлататын және жеңілдететін жағдайларын дұрыс ажырататын соттық репрессияны қолданудың тиімділігі мен өткірлігіне байланысты болып келеді.
Мұндай қауіпті және аса ауыр қылмыстарға қарсы күрес құқық қорғау
органдарының басты мақсаттары болып табылады. Атап айтсақ, мұндағы маңызды роль Қылмыстық Заңға тиесілі. Қылмыстық Заң ауырлататын және жеңілдететін жағдайлары бар қылмыстарды өзара шектеулерді енгізеді. Мұндай шектеулер ҚР Конституциясымен бекітілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі принциптеріне жауап береді, сонымен қатар жаңа Қылмыстық кодексте белгіленген жазаны тағайындау кезінде әділеттік принципіне жауап береді, бұл принципке сәйкес тұлғаға қатысты қолданлатын жаза қоғамдық қауіпті қылмыстың сипаты мен дәрежесіне, оның жасалу жағдайларына және кінәлінің жеке тұлғасына сәйкес келуі тиіс.
Осыны ескере отырып, ҚР қылмыстық кодексі жеңілдететін жағдайлар кезінде жасалған қасақана кісі өлтірудің түрлерін белгілейді. Олардың бірі жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру болып табылады.
Қылмыстық құқықтағы жан күйзелісі туралы мәселе көптеген ғалымдар-криминалистерді қызықтырған. Оның кейбір аспектілерін А.Н.Ағыбаев, Е.Алауханов, М.Нәрікбаев, Р.Нұртаев, Р.Ахметов, Н.И.Загородников, С.В.Бородин, Ю.И.Ляпунов, М.К.Аниянцев, В.И.Ткаченко және басқа да авторлар қарастырған. Аталған ғалымдардың жұмыстарына ғылыми негізделген және тәжірибеде пайдалы тұжырымдамалар енгізілген, алайда, дей тұрғанмен, қазіргі уақытта жаңа заңнаманы ескере отырып, одан әрі ғылыми өңдеуді талап ететін пікірталастағы бірқатар аспектілер орын алып отыр. Бұл мәселені Т.Г.Шавгулидзе, И.П.Портнов, М.И.Дубинин және В.В.Сидоров кешенді қарастыру үстінде. Алайда, осы зерттеулердің салмақты жағымды рөліне қарамастан, ондағы айтылған көптеген талқылаулар қосымша талдауды, ал пікірталасқа айналған кейбір теориялық ережелер – қазіргі заман талаптарына және ҚР жаңа Қылмыстық кодексіне сай келетін, одан әрі тереңдетіліп зерттелген аргументтерді талап етеді.

1. Антонян Ю.М. Роль конкретной жизненной ситуации в совершении преступления. Учебное пособие. – М., 1973. – 145с.
2. Антонян Ю.М., Бородин С.В. Преступность и психические аномалии. – М., 1987. – 217с.
3. Антонян Ю.М., Гульдан В.В. Криминальная патопсихология. – М.: Наука, 1991. – 243с.
4. Бородин С.В. Квалификация преступлении против жизни. – М.: 1977. – 289с.
5. Бородин С.В. Ответственность за убийство: квалификация и наказание по российскому праву. – М.: Юрист, 1994. – 179с.
6. Голик Ю.В. Случайый преступник. – Томск, 1984. – 243с.
7. Дагель П.С. Учение о личности преступника в советском уголовном праве. – Владивосток, 1970. – 328с.
8. Дагель П.С., Котов Д.П. Субъективная сторона преступления и ее установление. – Воронеж, 1974. – 175с.
9. Загородников Н.И., Игнатов А.Н. Преступления против личности – М., 1962. – 168с.
10. Зелинский А.Ф. Осознанное и неосознанное в преступном поведении. – Харьков, 1986. – 96с.
11. Карпец И.И. О понятиях вменяемости и невменяемости в проблеме борьбы с преступностью. Сборник научных трудов. / Под ред. Морозова Т.В. – 1984. – 312с.
12. Коржанский Н.И. Предмет преступления. – Волгоград, 1988. – 174с.
13. Кудрявцев В.Н. О структуре индивидуального преступного поведения. – М.: Юридическая литература, 1968. – 253с.
14. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. – М.: Юридическая литература, 1969. – 23с.
15. Кудрявцев В.Н. Причинность в криминологии. – М.: 1968. – 175с.
16. Кудявцев И.А. Ограниченная вменяемость. / Государство и право. – 1995. - №5. – с.21-27
17. Лысак Н.В. Ответственность за убийство, совершенное в состоянии сильного душевного волнения. Автореф. дис. д-ра юрид. наук. – М., 1995. – 31с.
18. Ольшевская О. Роль и значение эмоций. – Минск, Белорусь, 1968. – 115с.
19. Побегайло Э.Ф. Умышленное убийство и борьба с ними. – Воронеж, 1965. – 97с.
20. Потерпевший от преступлении. Учебное пособие. / Под ред. Дагеля. – Владивосток, 1974. – 118с.
21. Рарог А.И. Вина в советском уголовном праве. Учебное пособие. / Под ред. Здравомыслова В.В. – Саратовский Университет, 1987. – 146с.
22. Рогачевский Л.А. Эмоции и преступления. М., 1976. – 74с.
23. Сидоров Б.В. Аффект . Его уголовно-правовое и криминологическое значение. – Казанский Университет, 1978. – 248с.
24. Ситковская О.Д. Судебно-психологическая экспертиза аффекта. Методическое пособие / Под ред. Ратинова А.Р. – М., 1983. – 84с.
25. Ткаченко В.И. Квалификация убийств и телесных повреждении в состояний сильного душевного волнения. / Вопросы криминалистики. 1964. - № 12. – с.42-47
26. Ткаченко В.И. Для установления сильного душевного волнения необходимо проведения экспертизы. / Советская юстиция, 1971 - №5. – с.34-39
27. Ткаченко В.И. Разграничение преступления при превышении пределов необходимой обороны от преступления, совершенного в состоянии аффекта. / Социалистическая законность, 1973. - №9. – с.63-64
28. Ткаченко В.И. Ответственность за преступления против жизни и здоровья, совершенные в состоянии аффекта. / Законность, 1996. - №7. – с.14-17
29. Ткаченко В.И. Уголовно-правовое значение аффекта. / Законность, 1995. - №10. – с.5-9
30. Тарарухин С.В. Преступное поведение: социальные и психологические черты. – М.: Юридическая литература, 1974. – 324с.
31. Филановский И.Г. Социально-психологическое отношение субъекта к преступлению. – Ленинградский Университет, 1970. – 68с.
32. Филимонов В.Д. Общественная опасность отдельных категорий преступников и ее уголовно-правовое значение. – Томск, 1973. – 254с.
33. Харазишвили В.В. Вопросы мотива поведения преступника в советском праве. – Тбилиси, 1964. – 310с.
34. Шавгулидзе Т.Г. Аффект и уголовная ответственность. – 287с.
35. Шаргородский М.Д. Ответственность за преступления против личности. – Л., 1953. – 286с.
36. Шишков С.Н., Сафуанов Ф.С. Влияние психических аномалий на способность быть субъектом уголовной ответственности и субъектом отбывания наказания. / Государство и право, 1994. - №2.- с.26-31
37. А.Н. Агыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім / Жеті Жарғы. 2007ж.
38. А.Н. Агыбаев Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім / Жеті Жарғы. 2007ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:
Реферат
Диплом жұмысының тақырыбы: Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі
өлтіру.
Диплом жұмысы бір-бірімен тығыз байланысқан әрі логикалық негізде
құрылған кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасы бойынша кісі өлтірудің жалпы
түсінігі, күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтірудің құқықтық
сипаттамасы, жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің әлеуметтік
және психологиялық мәні жөнінде жазылған.
Екінші тарауда жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің
құрамы, яғни, объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы, субъектісі,
сондай-ақ, жәбірленушінің іс-әрекетінің маңызы кең көлемде қарастырылған.
Үшінші тарауда физиологиялық аффект жағдайының патологиялық аффект
жағдайынан айырмашылығы, шектеулі сана ұғымының маңызы, қылмысты саралау
және заңнаманы жетілдіру мәселелері жан-жақты әрі жүйелі түрде талқыланған.
Жұмыстың жалпы көлемі 69 бет.
Бітіру жұмысын жазу барысында құқықтық нормативтік актілер, арнайы
әдебиеттер, әдістемелік әдебиеттер, ресми құжаттар қолданылған.
Бітіру жұмысында Қазақстан және ТМД ғалымдарының ғылыми-зерттеу
еңбектері кең көлемде пайдаланылды.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-6
I-тарау Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс,оның құқықтық және
психологиялық сипаттмасы
1.1. ҚР қылмыстық құқығы бойынша кісі өлтірудің жалпы
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9
1.2. Күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтірудің құқықтық
сипаттамсы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-13
1.3. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің әлеуметтік және психологиялық
мәні
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-20
ΙΙ-тарау Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың құрамы
2.1. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... .21-22
2.2. ( Әрекеттің, салдардың) объективтік жағы (себепті
байланыс) ... ... ... ... 23-36
2.3. Қылмыстың субъективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36-
43
2.4. Аффект жағдайында жасалған қылмыс
субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 43-50
2.5. Жәбірленушінің іс-әрекетінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 50-53
ΙΙΙ-тарау Физиологиялық аффект жағдайында жасалған қылмыстардың шектес
қылмыстар құрамынан айырмашылығы
3.1. Физиологиялық аффект жағдайының патологиялық аффект жағдайынан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54-56
3.2. Шектеулі сана ұғымының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56-58
3.3. Қылмысты саралау және заңнаманы жетілдіру
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... .58-61
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62-65
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 66-69
Кіріспе
ҚР қабылданған жаңа Қылмыстық кодексі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап өз
күшіне енді. Онда бірқатар өзгертулер мен жаңалықтар, оның ішінде қасақана
кісі өлтіру қылмыстары сияқты қылмыстың санаттарына да енгізілген.
Қасақана кісі өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын
қылмыстық-құқықтық нормалар күшінің тиімділігі көбіне қылмыстың ауырлататын
және жеңілдететін жағдайларын дұрыс ажырататын соттық репрессияны
қолданудың тиімділігі мен өткірлігіне байланысты болып келеді.
Мұндай қауіпті және аса ауыр қылмыстарға қарсы күрес құқық қорғау
органдарының басты мақсаттары болып табылады. Атап айтсақ, мұндағы маңызды
роль Қылмыстық Заңға тиесілі. Қылмыстық Заң ауырлататын және жеңілдететін
жағдайлары бар қылмыстарды өзара шектеулерді енгізеді. Мұндай шектеулер ҚР
Конституциясымен бекітілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын
қорғаудың негізгі принциптеріне жауап береді, сонымен қатар жаңа Қылмыстық
кодексте белгіленген жазаны тағайындау кезінде әділеттік принципіне жауап
береді, бұл принципке сәйкес тұлғаға қатысты қолданлатын жаза қоғамдық
қауіпті қылмыстың сипаты мен дәрежесіне, оның жасалу жағдайларына және
кінәлінің жеке тұлғасына сәйкес келуі тиіс.
Осыны ескере отырып, ҚР қылмыстық кодексі жеңілдететін жағдайлар
кезінде жасалған қасақана кісі өлтірудің түрлерін белгілейді. Олардың бірі
жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру болып табылады.
Қылмыстық құқықтағы жан күйзелісі туралы мәселе көптеген ғалымдар-
криминалистерді қызықтырған. Оның кейбір аспектілерін А.Н.Ағыбаев,
Е.Алауханов, М.Нәрікбаев, Р.Нұртаев, Р.Ахметов, Н.И.Загородников,
С.В.Бородин, Ю.И.Ляпунов, М.К.Аниянцев, В.И.Ткаченко және басқа да авторлар
қарастырған. Аталған ғалымдардың жұмыстарына ғылыми негізделген және
тәжірибеде пайдалы тұжырымдамалар енгізілген, алайда, дей тұрғанмен,
қазіргі уақытта жаңа заңнаманы ескере отырып, одан әрі ғылыми өңдеуді талап
ететін пікірталастағы бірқатар аспектілер орын алып отыр. Бұл мәселені
Т.Г.Шавгулидзе, И.П.Портнов, М.И.Дубинин және В.В.Сидоров кешенді қарастыру
үстінде. Алайда, осы зерттеулердің салмақты жағымды рөліне қарамастан,
ондағы айтылған көптеген талқылаулар қосымша талдауды, ал пікірталасқа
айналған кейбір теориялық ережелер – қазіргі заман талаптарына және ҚР жаңа
Қылмыстық кодексіне сай келетін, одан әрі тереңдетіліп зерттелген
аргументтерді талап етеді.
Кінәлі адамның кризистік жағдай кезіндегі және ондай болмаған кездегі
мінез-құлқына жан күйзелісінің әсері туралы мәселе түпкілікті зерттеуді
талап етеді.
Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстағы іс-әрекеттің және
кінәнің ниеттілігі бұрынғыша теориялық және тәжірибелік қызығушылықты
тудырып келеді.
Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың виктимологиялық
аспектілері қосымша зерттеуледі талап етеді.
Автор дипломдық жұмыстың тақырыбын осыларға негізделе отарып таңдаған.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қолданыстағы қылмыстық-құқықтық нормалардың
қылмыс құрамын зерттеу және талдау, жан күйзелісі жағдайында жасалған
қылмыс үшін жауапкершілік мәселесінің виктимологиялық апектілері болып
табылады. Осының негізінде автор белглі бір тұжырымдамалар жасауға және
қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша теориялық және тәжірибелік сипаттағы
ұсыныстар енгізуге талпынады.
Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаттарын өзара байланысқан
міндеттердің кешенін жүзеге асыру жолымен шешеді, мұндай міндеттердің
қатарына:
1) кісі өлтіру ұғымын барлық қасақана жасалатын кісі өлтіру үшін
топтық түсінік ретінде қарастыру;
2) жан күйзелісінің табиғаты, оның кінәлі адамның зияткерлік-ерік
күшіне ықпал ету қасиеттері мен механизмі туралы қалыптасқан
қазіргі заманғы психология ережелерін ескере отырып, сондай-ақ
жаңа қылмыстық заңнаманы ескере отырып зерттеуге асынған
қылмыс құрамының элементтері мен белгілерін талдау;
3) жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың әлеуметтік және
психологиялық табиғатын зерттеу;
4) адамдар арасындағы дау-жанжалдарды, сондай-ақ ондағы қылмыстық
мінез-құлық көрсеткен жәбірленушінің рөлін талдау;
5) физиологиялық жан күйзелісінің табиғатын қарастыруға алынған
қылмыстың субъективтік және объективтік жақтарына әсер ететін
жағдай ретінде талдау;
6) жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс үшін жауапкершілікті
қарастыратын қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша
ұсыныстар енгізу.
Автор зерттеудің салыстырмалы-құқықтық, психологиялық , статистикалық,
әлеуметтік және техникалық-заңды әдістерін және арнайы әдістемелерді:
сауалнама, сұхбат алу, норматитік-құқықтық материалды талдау арқылы
алдына қойылған мақсаттарға жетуге талпынған.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады: 1 тарау: жан күйзелісі
жағдайында жасалған қылмыс, оның құқықтық және психологиялық
сипаттамасы; 2 тарау: кенеттен пайда болған күшті рухани толқу
жағдайында қылмыстың құрамы; 3 тарау: физиологиялық жан күйзелісі
жағдайында жасалған қылмстардың аралас құрамды қылмыстардан
айырмашылығы.
Бірінші тарауда автор алғашқы тұжырымдамасы адам өмірінің
бастапқы және сқңғы кезеңдерін нақты анықтау болып табылатын кісі
өлтірудің түсінігін қарастырады. Жан күйзелісі жағдайында жасалған
қылмыстың әлеуметтік және психологиялық табиғаты жан-жақты
көрсетілген.
Зерттелінген жұмыстың екінші тарауында жан күйзелісінің табиғаты, оның
адамның сана-сезімі мен ерік күшіне ықпал ету қасиеттері мен механизмі
туралы қалыптасқан қазіргі заманғы психология ережелерін ескере отырып,
зерттеуге асынған қылмыс құрамының элементтері мен белгілеріне талдау
жасалған. Сонымен қатар жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстағы
жәбірленушінің мінез-құлқының мәні анықталған.
Дипломдық жұмыстың үшінші тарауында автор жан күйзелісінің
психологиялық табиғатын ашқан, оның патололгиялық жан күйзелісі
жағдайдан айырмашылығын көрсеткен. Қарастырылып жатқан қылмыстың
біліктілігі кезінде пайда блатын мәселелер зерделенген және жан
күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс үшін жауапкершілікті қарастыратын
қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген.
Сонымен қатар, зерттеуге алынған қылмыс жан күйзелісі жағдайында
жасалғандықтан, оған қатысты шектеулі есі барлық сияқты құқықтық
санатқа талдау жүргізілген. Осыған орай, осы аталған санатты қылмыстық
заңға аффекті жағдайында кісі өлтіру жасаған тұлғаларға қатысты енгізу
ұсынылған. Осы сұрақтарды қарастыру қорытындылары бойынша автор
зерттеу жұмыстың қорытындылау бөлімінде белгілі бір тұжырымдамаларға
келіп, бірқатар ұсыныстар берілген. Осы жұмыс және оның қорытындылары
Алматы облысының Жамбыл аудандық соттарымен қарастырылған нақты
қлмыстық істерді зерттеуге негізделген (барлығы 50 қылмыстық іс
зерттелген). Сондай-ақ, бұл жұмыста нақты қылмыстық істер бойынша
жәбірленушілер мен кінәлі адамдардың жеке тұлғалары туралы тергеу
материалдарын зерттеу кезінде алынған нақты деректер келтірілген
(барлығы – 102 тұлға зерделенген).
Дипломдық жұмыс заңнамалық материалдарға және Т.Г.Шавгулидзе,
В.В.Сидоров, С.В.Бородин, В.Н.Кудрявцев, В.И.Ткаченко және т.б. сияқты
ғалымдардың басылып шығарылған түсініктемелері мен жұмыстарына
сүйенген.
1 тарау. Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыс, оның құқықтық және
психологиялық сипаттамасы
1.1. Қазақстан республикасы қылмыстық құқығы бойынша кісі өлтірудің
жалпы түсінігі
Адам өмірі әлеуметтік қазынаның негізін құрайтын табиғаттан берілген
аса маңызды байлық болып табылады. Адам өміріне қатысты қылмыстар жасау
кезінде қайта қалпына келтіруге немесе орнын басуға жатпайтын салдар
туындайды: өмір қайта берілмейді. Құдайдың бірінші уағызына басқа адамның
өміріне қол тигізбе делінген. Бұл адам өміріне қарсы қылмыстардың ерекше
қоғамдық қауіптілікті көрсетеді. Дәл осындай қылмыстарға кісі өлтіру
қылмысы жатады. Қоғамдық өмірдің тарихында кісі өлтіру ең ежелгі
қылмыстардың бірі болып табылады. Құқық тарихындағы аты әйгілі тарихшы
И.А.Малиновский атап көрсеткендей, өмірге қарсы жасалған қылмыстардың
тарихы жалпы жасалған қылмыстардың тарихына біршама сәйкес келеді. Мұндай
жағдай барлық халықтардың құқық тарихында орын алған. Бұл жайт орыс
құқығында да орын тепкен.
Кісі өлтіру қоғамдағы аса ауыр қылмыстардың бірі болып табылады.
Жоғарыда атап көрсетілгендей, бұл қылмыстың ерекше қоғамдық қауіптілігі ол
адам байлығының ең құнды байлығына қол сұғады, ал оның салдарынан пайда
болған залалға тең балама жоқ. Осы уақытқа дейін ҚР заңнамасында кісі
өлтірудің түсінігі берілмеген. Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР
жаңа ҚК өз күшіне енгеннен бастап кісі өлтірудің түсінігі ҚК 96 бабына
енгізілген, ондағы 1 б. кісі өлтіру дегеніміз басқа адамға өлімді қасақана
келтіру деп берілген. Алғашқыда қарағанда, мұны енгізудің еш қажеттілігі
жоқ сияқты болып көрінеді, себебі кісі өлтірудің түсінігі өздігінен анық.
Алайда, бұл түсінік қылмыстың тұрмыстық мағынадағы мәнін ашпады және заңды
табиғатын аша
алмады. Қылмыстық-құқықтық мағынада қылмыстың түсінігі өте тар, себебі кісі
өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу үшін осы қылмыстың
жасалғанын куәландыратын бірқатар белгілердің бар болуы қажет, ал қылмыстық
заң күші бар салалардан тыс жерде кісі өлтіру деп басқа адамның өмірін
қылмыстық жолмен алумен қатар,басқа тұлғаға қатысты өзге де іс-әрекеттердің
жасалуын түсінуге болатын. Мұның бәрі заң дәрежесінде кісі өлтірудің нақты
түсінігін анықтауға әкеп соқтырады, нәтижесінде бұл мәселеден туындайтын
көптеген бәсекелестік аспектілерді түсінуге мүмкіндік берді.
Биологиялық көзқарастан, адам өмірі заттың, жылудың, азықтың үздіксіз
алмасуы және бөлінуі екені баршаға мәлім. Осы өмірлік маыздық функциялардың
тоқтауынан адам өмірі де тоқтатылады. Қылмыстық-құқықтық мағынада адам
туылғаннан бастап пайда болып, ол өлгенге дейін бар болады. Қылмыстық құқық
ғылымында өмірдің басталу сәті деп – физиололгиялық туудың басталуын
айтамыз, өзгеше айтқанда, босану кезінде ұрықтың дүниеге келуі дегенді
білдіреді, мұндай көзқарас адам өмірінен оның дүниеге келу сәтінде-ақ
айыруға болатындығын негіздейді. Сондықтан да нәрестені осы сәтті және
кейініректе өмірінен айыру кісі өлтіру болып табылады. Физиологиялық босану
кезінде нәресте басының пайда болу жайтының пайда болу жайтының маңызды
құқықтық мәні бар. Дәл осы уақыт көптеген ғалымдармен адам өмірінің
бастамасы деп танылады. Мұндай көзқарастарды ұстанатындардың қатарында ҚК
бойынша жаңа оқулықтың авторлары да бар.
Бұл мәселеге мұндай көзқараспен қарау орынды-ақ.
Ал адам өмірінің соңғы сәті және оның өлімі туралы сұрақтар осы
уақытқа дейін едәуір зор пікірталастар тудыруда.
Адам өмірінің соңғы сәті деп – жүрек қағысы тоқтағаннан кейін адам
миының қабықшаларында қайталанбас процестер пайда болатын, биологиялық
өлімді түсіндіретін, қазіргі заманда басымдылыққа тән және жаңа медицина
деректеріне негізделген көзқарас болып табылады. Адамның биологиялық өлімі
дегеніміз – жүрек қызметі аяқталған, ірі қантамырлардағы тамыр соғысының
жоғалуы, тынысалу тоқталған, орталық жүйке жүйесінің функциясы жойылған
кездегі организмнің біржолата өлуі болып табылады.
Енді кісі өлтіру ұғымына тоқталайық. Ұзақ жылдар бойы қылмыстық
құқық ғылымында кісі өлтіру түсінігінің қандай анықтамасы ең дұрыс
екендігін анықтау жөніндегі пікірталастар орын алып келген.
Қазіргі таңда тіпті Қылмыстық Заңның өзі кісі өлтіру сөзін қалай
түсіну керектігін айқындаған. ҚР ҚК Ерекше бөлімінде 1 тараудың Өмірге
және денсаулыққа қарсы қылмыс атты 1 бөлімінде 96 бап бар, онда мынадай
анықтама берілген: Кісі өлтіру, яғни басқа адамның өмірін қасақана
айыру... (ҚР ҚК 96 б. 1 т.).

сипаттамасы
ҚР Қылмыстық Кодексінің 98 бабында жан күйзелісі жағдайында жасалған
кісі өлтіру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Осы қылмыстық-
құқықтық норма ҚК Ерекше бөліміндегі Өмірге және денсаулыққа қарсы қылмыс
атты 1 тараудың тұлғаға қарсы қылмыстар атты бөлімде орналасқан.
ҚК 1 бөлімінде қарастырылған тұлғаға қарсы барлық қылмыстар бір
объектіге ғана қатысты жасалады, ол қылмыстық-құқықтық теорияда тектік
объект деген атауға ие – бұл дегеніміз тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарын адам және азамат ретінде қорғайтын қоғамдық қатынастарды
білдіреді. ҚК 1 тараудағы қылмыстардың көрініс объектісі деп биологиялық
мағынадағы адамның өмірі мен денсаулығын айтамыз.
Жан күйзеліс жағдайында жасалған кісі өлтірудің тікелей объектісі
биологиялық жағдай ретіндегі адам өмірі болып табылады. Жәбірленушінің
құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылығының салдарынан кенеттен пайда
болған күштіі рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтіру, әдетте, өмірге
қарсы жасалған қылмыстардың аса қауіпті емес түрлеріне жатқызылады.
Мұндай жағдайларда жауапкершілікті жеңілдететін негіздемені ең алдымен
жәбірленушінің теріс (құқықтық емес немесе адамгершіліке жат қылығының)
мінезқұлқы және нәтижесінде пайда болған кінәлінің күшті рухани толқу
жағдайы болып табылады. Психологияда мұндай адамның психикасының жағдайы
физиологиялық аффект деген атауға ие.
Физиологиялық жан күйзелісі көңіл-күйдің жоғары дәрежеде жүзеге
асырылуы ретінде сипатталады. Ол адам психикасын қалыпты жағдайдан
шығарады, сана-сезімдік зияткерлік қызметін тежейді, белгілі бір шамада
адамның мінез-құлқындағы таңдау сәтін бұзады, өзін-өзі бақылауды
қиындатады, адамның өз қимылының салдарын нақты және жан-жақты баға беру
мүмкіндігін жояды.
Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру төмендегі белгілі бір
шарттар болғанда ғана жеңілдететін жағдайларда жасалған деп танылады:
1) күшті рухани толқу және қылмыс жасау туралы ой кенеттен пайда
болуы тиіс;
2) олар жәбірленушінің құққа қарсы немесе адамгершілікке жат
қылығының салдарынан туындайды.
Кінәлі адамның күшті рухани толқу жағдайын тудыратын жәбірленуші
тарапынан болған теріс қылығы дегеніміз: а) зорлық; б) кемсітушілік;
в) ауыр қорлаушылық; г) жәбірленушінің құқыққа қарсы басқа да әрекеттері
(әрекетсіздігі); д) жәбірленушінің адамгершілікке жат әрекеттері
(әрекетсіздігі); е) жәбірленушінің жүйелі түрде жасалған құқыққа қарсы
немесе адамгершілікке жат қылығы.
Жәбірленуші тарапынан болатын зорлау физикалық (мысалы, соққылар,
жәбірленушілік, денсаулыққа ауыртпалықтың әртүрлі дәрежесіндегі зиян
келтіру, құқықа қарсы сипаттағы күштеп бостандықты шектеу, (зорлау) немесе
психологиялық (денсаулыққа және өмірге қауіп төндіру) сипатта болуы
мүмкін.Жан күйзелісі жағдайында тудыратын зорлық-зомбылық құқыққа қарсы
сипатта болуы тиіс.
Жан күйзелісі жағдайына себеп болатын кемсітушілік ұғымы кінәліні
кекету, мазақтау дегенді білдіреді. Кемсіту адамның психикасын терең
жаралай отырып, ол да адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді, алайда ол
әрқашан жағымсыз түрде келетін ауыр қорлаудан гөрі әдепті түрде жүзеге
асырылуы мүмкін.
Адамның бойында күшті рухани толқуды тудыруы мүмкін ауыр қорлау
дегеніміз - әдепсіз түрде жүзеге асырылған адамның қадір-қасиетін қасақана
түсіру дегенді білдіреді. Қандай қорлауды ауыр дәрежелі екендігі туралы
сұрақ – істің нақты жағдайларын ескере отырып, әрбір жеке жағдайларда
шешілетін фактінің сұрағы.
Жәбірленушінің басқа да құқықа қарсы әрекеттері (әрекетсіздігі) ұғымы
зорлыққа, қорлауға немесе кемсітуге жатпайтын, бірақ кінәлінің және өзге де
тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу дегенді білдіреді. Бұл
еркөкірек, дөрекі озбырлық, ата-ананың көз алдында баланы көлік құралының
басып кетуі, бопсалау – кінәлі адамның немесе оның жақын туыстарының атына
кір келтіретін қандай да бір мәліметтерді жариялау, қызметтік борыштан бас
тарту, бәле-жала, мүлікке зиян келтіру немесе оны жою, лауазымдық
құзыреттілікті шегінен тыс пайдалану, ірі сомадағы қарызды қайтармау және
т.б. болуы мүмкін.
ҚР Қылмыстық Кодексіне (105 бабына) қарағанда ҚР ҚК 98 бабында
жәбірленушінің мұндай әрекеттері кінәлі немесе оның жақын туыстары үшін
ауыр салдар әкелгені немесе әкелуі мүмкін деген нұсқаулар көрсетілмеген.
Осылайша, 98 баптың қолданылу аясы кеңейе түсті. Бұл дегеніміз мұндай
салдар ауыр болып қана қоймай, әр алуан болып келуі мүмкін; 98 бапта мұндай
сілтеменің болмауы кінәлінің өзі үшін де, сондай-ақ оның жақын туыстары
үшін де қандай да бір салдардың болмайтындығын білдіруі мүмкін еді. Басқаша
айтқанда, жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетінен туындайтын салдар кез-
келген түрде болуы мүмкін немесе тіпті болмауы да мүмкін. Кез-келген
салдардың туындауы немесе олардың тіптен болмауы қарастырылып жатқан
жағдайда заңды мәні жоқ және олар ҚР ҚК 98 бабының біліктілік белгілері
болып табылмайды.
Егер кінәлі адамға жан күйзелісі жағдайында бір рет қана жасалған
зорлық-зомбылық немесе қорлаудың салдарынан туындаған болса, онда кінәліге
қатысты жалпы қандай да бір зорлық-зомбылық, қорлау және басқа құқыққа
қарсы әрекеттердің жасалғандығы немесе жасалмағандығы медицина
қызметкерлері, нәтижесінде сот өкілдері істің жиынтығының барлық
жағдайларын талдай отырып анықтайды.
Бірақ медицина қызметкерлері жан күйзелісі жағдайын ұзақ мерзім бойы
психологияны жаралайтын жағдайдың нәтижесінде пайда болғандығын анықтай
алмайды. Мұндай жағдайларда психолог-мамандардың білімдері қажет.
Жағдайды әрдайым психологияны жаралайды деп есептей беруге болмайды,
тек кінәлі адамның психикасына бұрыс ықпалын тигізген, оның терең
күйзелістік жағдайға, стреске ұшыраған кездегі жағдайды ғана психологияны
жаралайтын жағдай деп тануға болады. Ұзақ мерзім бойы психологияны
жаралайтын жағдай кезіндегі кінәлі адамдағы барлық көңіл-күйлік толқулар,
реніштер жинақталып, шамадан тыс шыққанда олар жан күйзелісі жарылыс
түрінде жүзеге асырылады.
ҚК 98 бабында ҚР 1959 жылы қабылданған ҚК 105 бабында болмаған екінші
бөлім енгізілген. Мұндай жаңалық қоғамдық қауіпті қылмыстар көлемінің нақты
ұлғаюына жауап бере алады. Осы қылмыстың біліктілік түрі (98 б. 2 б.) жан
күйзелісі жағдайында екі немесе одан да көп адамдардың өлтірілуі болған
жағдайларда орын тебеді. Мұндағы сөз бір мезгілде бірнеше кісі өлімі
болғанда және аз уақыт ішінде болғандығы және кінәлі адамның жалғыз
қасақаналық ойы туралы сөз қозғап отыр. Болған қылмыстық іс бірінші және
одан кейінгі қылмыстардың жасалуына қандай себеп болғандығына қарамастан,
ҚК 98 б. 2 б. бойынша бағаланады. Ең алдымен, бұл кісі өлтірулер әрбір
жәбірленушіге құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жат қылықтарынан
туындаған физиологиялық жан күйзелісі жағдайында жасалуы тиіс. Бір адамның
жан күйзелісі жағдайда өлтірілуі және басқа адамның өміріне қол сұғу ҚР ҚК
98 б. 2 б. қарастырылған аяқталған қылмыс деп қарастырыла алмайды.
Жазалау түріне келетін болсақ, жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіргені
үшін жазаның жеңілдетілуі күман тудыратындығын айтқан жоқ. 1959 жылы
қабылданған ҚК 105 бабы бойынша ол 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру,
ал 98 баптың 1 бөлімі бойынша тек қана 3 жыл бас бостандығынан айыру
түрінде қарастырылған.
1.3. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтірудің әлеуметтік және
психологиялық мәні
Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің әлеуметтік мәні осы
қылмыстық істі жасауға итермелеген себептер мен шарттардың астарында жатыр.
Нақты өмірлік жағдайдың себептері мен шарттарының кінәлі адамның
қылмыстық жазаланатын әрекетіне ықпалы зор, яғни олар осы адамның қылмыс
жасар алдындағы оның қоғамға қарсы көзқарастарының қалыптасуы, талпынысы,
әдеттері, өмір сүру жағдайларының жиынтығы.
Әрбір өмілік жағдай объективтік мазмұнға ие, яғни өмірде болған
жағдайы әрбір адамға тән көзқарастарға, тәжірибеге, бейімділіктерге және
т.б. байланысты субъекті жасайды және оған субъективтік ән беріледі.
Объективтік мән және субъективтік мән араларында біршама айырмашылықтар
болуы мүмкін, алайда адам сол кездегі орын алған жағдай туралы
кзқарастарына сәйкес өзі сол жағдайға субъективтік мән бере отырып, өзіндік
шешім қабылдайды.
Адамның күнделікті және экстремалды жағдайларда іс-әрекеті әр түрлі
болады. Сондықтан да, қылмыстық нәтижеге әкеп соқтырған оның әрекеттерін
бағалай отырып, оның алдын ала мұндай салдардың болатындығын білгендігін
немесе білмегендігін анықтау қажет.
Нақты қылмыстардың жасалуының себептерінің дұрыс ұғыну үшін нақты
өмірлік жағдайдың бір түрі – шиеленіскен жағдай қарастыру қажет. Ол
дегеніміз – бір-біріне қарама-қайшы қызығушлықтардың, көзқарастардың,
талпыныстардың қақтығысуы, күресудің күрделі түрлерінің пайда болуын себеп
болатын дау-дамайлар.
Жан күйзелісінің жағдайын және қылмысты жасауға себеп болып табылатын
шиеленіскен жағдайға талдау жасау арқылы осы жағдайды сипаттайтын жағымсыз
сыртқы жағдайлар және басқа да жағдайлар адамның психикасына, сана-сезіміне
және еркіне шешуші ықпалын тигізе отырып, қылмыстық әрекетті таңдау алдында
едәуір роль атқарады.
Нақты өмірлік жағдай жәбірленушінің құқыққа қарсы қылықтарынан
туындаған кенеттен пайда болған күшті рухани толқудың нәтижесінде адамға
қарсы қылмыс жасау кезінде ерекше рольге ие болады. Шиеленіскен жағдайда
адам әдетте өз іс-әрекетін нақты әрі жан-жақты ойлауға, оның сәйкес
адамгершілік принциптері мен түсініктерді салыстыруға мүмкіндігі
болмайды.мұндай жағдайлар сол сәтте орнаған жағдайға тікелей жауап беретін
адамгершілік толқудың пайда болуына себеп болып табылады. Аталған толқулар
кенеттен пайда болып, өздерін тек сәйкес жағдайлар орын тепкенде ғана
сезіне бастайды. Сондықтан да олар шиеленіскен жағдайларда адамға тек бағыт-
бағдар беріп қана қояды. Бірақ олар теріс әрекеттік себебі болуы да мүмкін.
Алайда ең күйзеліскен жағдай кезінде де субъектінің әрекеті ерікті болып
табылады, олар іс-әрекетті таңдай отырып, шешім қабылдаудың бірнеше
кезеңдерінен өтеді, яғни оның адамгершілік және құқықтық жауапкершілігі
үшін негіздеме бар деген сөз. Егер адамның күйзелістік жағдайы мен күшті
рухани толқуы өзді-өзіне жауап бере алмайтындай, өз әрекеттерін басқара
алмайтындай жағдайда өте жоғары болса, онда ол есі дұрыс емес деп танылады,
ал ондай жағдайда кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Адамның әрекеті, оның ішінде құқыққа қарсы әрекеті, сыртқы
факторлармен адамның ішкі және қадір-қасиеті арасындағы қарым-қатынастың
нәтижесі болып табылады. өз кезегінде, оған бұрын орын алған әлеуметтік
ортаның сыртқы факторға әсер етуінен пайда болған және қылмыстың жеке
басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына бұрыс әсерін тигізетін
жағымсыз жағдайлар, сондай-ақ жағдайдағы қылмыстың жасалуы үшін құрамында
объектілік мүмкіндігі бар қылмыстық ойдың туындауына септігін тигізетін
ерекшеліктер жатады.
Ішкі факторлар дегеніміз - әлеуметтік теріс көзқарастар,
қызығушылықтар, қарым-қатынастар, бағыт-бағдарлар. Тек ішкі факторлар ғана
нәтижесінде нақты қылмыстың жасалуына себеп бола алады.
Алайда, кейбір авторлар қылмыстық әрекеттердің себептері туралы сөз
қозғағанда, олар шешуші рольді шиеленіскен жағдай атқарады, оны қылмыстық
әрекеттің себебі деп тану қажет, ал мұндай жағдайда адамның қоғамға қарсы
бағыттылығы қылмыстың тікелей себебі болып табылмайды деп есептейді.
Осылайша, қылмыстық әрекеттің себептері туралы мәселеге тоқталатын
болсақ, қылмыс дегеніміз екі факторлардың: әлеуметтік сыртқы ортаның және
қылмыскердің жеке басының ішкі қасиеттерінен құралған факторлардың өзара
қарым-қатынасының нәтижесі болып табылады. Алайда, осы факторлардың бірі
себеп тудыратын фактор сияқты өмірлік жағдайларда да кездесіп жатады. Бұл
тезистің ашық мысалы ретінде жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірі
ьолып табылады, мұндағы маңызды рольді кінәлі адамның және жәбірленушінің
арасындағы қылмысқы дейінгі шиеленістік жағдай атқарады.
Сондай-ақ адамның көңіл-күйі де шиеленіскен (стрестік) жағдайларда
ерекше мәнге ие болады. Себебі адамның сыртқы ортаның қандай да бі
құбылысына реакциясы, белгілі бір жағдайлардың оның әрекеттері белгілі бі
дәрежеде оның сыртқы ортаға көңіл-күйлік жауап беруге байланысты болып
келеді.
Психикалық қысымның жағдайлары адам әрекетінің төмендеуіне әкеп
соқтыруы мүмкін. Стрестік жағдайындағы физиологиялық жан күйзелісі адамның
зияткерлік қабілетін тежейді, ал оның динамикалық сәттері адам әрекетінің
толық мағыналығын кемітеді.
Көңіл-күйлік қысымының ролі басқа жайттарда да пайда болады. Егер
адамға алдын ала көңіл-күйлік күйзелу ол жоспарларға жұмыстың жағдайларын
алдын ала бағалауға мүмкіндік берсе, онда көңіл-күйлік стресс алдын ала
көңіл-күйлік жоспарларды бұзатын фактор ретінде роль атқарады, яғни ол
жоспарланған қызметтің барлық схемасын бұзады деген сөз. Мұндай жағдайларда
әрекеттердің қандай да бір нұсқасын қате таңдау көңіл-күйлік стрестің
салдары болып табылады.
Кенеттен пайда болған күшті рухани толқу кезіндегі қылмыстың
психологиялық мәнділігі мұндағы қылмыстық акті психология тарапынан тұрақты
әрекетке қарама-қайшы болып есептелетін тұрақты өткінші көңіл-күйлік
сипатқа ие болуында.
Өткінші мінез-құлыққа қарағанда кенеттік мінез-құлық белгілі бір
амалдың реттілігін сақтамайды және өзара қарама-қайшы болып келеді.
Жан күйзелісінің жағдайында кісі өлтіру адамның көңіл-күйіне тікелей
байланысты, себебі қылмыстық әрекет жасаудың негізінде адамның көңіл-күйі
жатыр – оның қатты рухани толқуда болуы. Мұндай жағдайда қылмыскер кенеттік
шешім қабылдайды, өйткені уақыттың тығыз болуы, жағдайдан шығудың жолдарын
қарастыру, оларды салмақтау мүмкіндігінің жоқтығы кезіндегі орын алған
күйзеліс жағдайда бұл шешімдер кенеттен, ойланбастан қабылданады. Мұндай
адамдар үшін қылмысты жасау олар үшін өмірлік апат болып есептеледі.
Әр-алуан дереккөздерің кейбір деректеге сүйенсек, жан күйзелісі
жағдайында кісі өлтіру қылмысының 50 % - нан астамында сол жан күйзелісі
жағдайына себеп болған кінәлі адамдаы ұзақ уақыт бойы жүйке жүйені
жаралайтын жағдайлар блып табылады. Мұндай жағдайлар адамды жан күйзелісі
жағдайына итермелейді, ал оның сыртқа шығуына жәбірленушінің кезекті немесе
қайталанбалы зорлық-зомбылығы, ауыр кемсітуі немесе өзге де құқыққа қарсы
әрекеттері себепші болуы мүмкін. Бұл кезде адамның жүйке жүйесінің
қабықшасында сақталып келе жатқан күштің әлсіретіп, жан күйзелісі
жағдайының пайда болуына септігін тигізетін жүйке жүйені тоздыратын
факторлар қатты әсер етеді. Психологтардың пікірлері бойынша ұзақ уақыт
бойы созылған, бұрыс сипаттағы немесе ұдайы қайталанып тұратын жағымсыз
жағдайлар тіпті сау жүйке жүйені қоздырып, өзіне берік, сенімді адамда да
қалыпты жағдайдан шығарып жібере алады. Егер жәбірленуші жан күйзелісі
жағдайы пайда болғанға дейін белгілі бір мерзім аралығында құқыққа қарсы
әрекетін жалғастырып келген болса, онда тікелей себептің сипаты мен
маңыздылығын бағалау кезінде ол кінәлі адамның жалпы мінез-құлқы
зерттеледі.
Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтірудің психологиялық
табиғатына (мәніне) тоқталатын болсақ, сол жан күйзелісінің өзінің
психологиялық мәнін, мұндай күйзелістік жағдайдың жалпы адамның сана-сезімі
мен мінез-құлқы қалай әсер ететіндігін түсіну қажет. Осыларды түсінген
жағдайда ғана қоғамдық қауіпті сипатқа ие адамзат әрекетінің актісі болып
табылатын жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру қылмысының мәнін түсінуге
болады.
Психикалық процестер мен жағдайладың ерекше сыныбын субъектінің
өмірлік қызметін жүзеге асыруға арналған сыртқы және ішкі жағдайлардың
маңыздылығын анықтау жолымен оның белсенділігін реттеу функциясын атқаратын
көңіл-күй құрайды. Психологияда көңіл-күйге көңіл-күйдің өзін, сезімдерді
және жан күйзелісі жағдайын жатқызады.
Қызметтің ішкі реттегіштерінің бірі болып табылатын жан күйзелісі
жағдайы субъектіге ықпал еткен объекті мен жағдайларды білдіреді.
Сондықтан адамдағы жпн күйзелісінің пайда болуы бағалау сәттерімен,
болған уақиғаға жеке көзқараспен қарау байланысты болып келеді.
Өзінің психологиялық құрылымы бойынша жан күйзелісі күрделі
психологиялық процесс болып табылады. Жан күйзелісі дегеніміз – адамның
бойына тез тарайтын, сана-сезімнің едәуір өзгеруімен, әрекеттерін бақылау
еркінің бұзылуымен (ұстамдылығының жойылуымен), сондай-ақ бүкіл организмнің
өмірлік қызметінің өзгеруімен сипатталатын ықпалы зор көңіл-күйлік прцесс
болып табылады .
С.Л.Рубенштейн өзінің жұмыстарында осы көңіл-күйлік жағдайға баға бере
отырып, оған мынадай анықтама берген: Жан күйзелісі дегніміз – дене
бойымен жылдам және ауқымды таралатын көңіл-күйлік процесс ретінде
сипатталатын сана-сезімдік ерікке бағынбайтын жағдай болып табылады.
Жан күйзелісінің ең маңызды қасиеттерінің бірі – адамның сана-сезімне,
оның бүкіл психикалық қызметіне әсер ете ету қасиеті.
Жан күйзелісі үшін адамның сана-сезімінің тарылуы, жан күйзелісін
тудыратын күйгелектік күйге ауысуы тән. Сана-сезімдегі бұл өзгерістер жанды
жарақаттайтын жағдайлармен, азумен байланысты жан күйзелетіндей көп
уайымдау мен толғану кезінде пайда болады.
Психологияда жан күйзелісінің бірінші кезеңінде әрбір адам, тіпті
ересек адам ғана емес, сондай-ақ жас бала да ұстамды бола алады., өзін-өзі
бақылай біле алады. Одан кейінгі кезеңдерде адам жиі ерік бақылауын жоғалта
бастайды, есепке беріксіз және ойланбастан әрекеттер жасайды. Жүйке жүйесі
сау адамдарда бұл кезеңдер дөрекі тәртіпсіздігі немесе мас болған кездері
байқауға болады: мұндай адам ауыр жан күйзелісінде болмайды, олар тек
өздеріне осындай жағдайда болуға мүмкіндік береді, сондықтан да ол жасаған
қылмысы үшін жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекетер жалпы толқудың салдарынан
пайда болады, олар адмның бақылауында болмай, одан жұлқынып шығады.
Жан күйзелісінің психолгиялық санаты осы жағдайда себепкер болатын
жағдайлардың және факторлардың талдауы жатады. Олардың қатарына адамның
жеке басының қасиеттері мен ерекшеліктері, оның жүйке жүйесінің қасиеттері,
организмі уақытша әлсірететін жан күйзелістік жағдайлар мен фактролар
жатады.
Жан күйзелісінің пайда болу ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
кезінде жан күйзелістік жағдайдың 3 түрінің бар деген қорытындыға келді:
а) организмге әсер ететін күйгелектік өте күшті, мақсат-міндеттер аса
ауыр және адам олармен күресуге күші жойылып, сәйкес реакциямен жауап
беруден қалады;
б) тұлғаның қандай да бір тенденциясы әлеуметтік нормаларға,
ережелерге және жеке басының білімдеріне қарама-қайшы келетін сыртқы
тыйымдардың нәтижесінде анықтала алмайды;
в) тұлғаның әрекетінде бір-біріне қарама-қайшы екі тенденция
қақтығысуы.
Осы айтылған жағдайларда жан күйзелісінің пайда болуының негізінде
шиеленісу механизмі жатыр. Шиеленістік жан күйзелісінің жағдайында аса
маңызды сипаттамаларының бірі болғандықтан, ол жағдайдың маңыздылығына жеке
баға берумен, нақты адам үшін оның мәнділігімен анықталады.
Жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттер адам үшін қандай да бір
субъективтік маңызы бар біртұтас жауап беру реакциясы болып табылады.
Мұндай жағдайларда күрделі әрекеттер қызметі бұзылып, автоматтандырылған
тенденцияға ие стереотипті әрекеттер пайда болуы тән. Қозғағыш қоздырушы,
ретсіз әрекеттер, ондағы автоматизмнің бар болуы жан күйзелісінің маңызды
көрсеткіштері болып табылады.
Атыс қаруын қолдана отырып кісі өлтіру қылмысы жасалған кезде
автоматизмнің ар болуы туралы атыстардың бірнеше рет қайталануы, олардың
арасындағы уақыттың тым аздығы куәландыруы мүмкін. Сондай заңдылықтар суық
қаруды қолдана отырып жасалған қылмыстарға да тән. Пышақпен жаралау санның
көптігі әрекеттердегі автоматизмнің бар екендігін дәлелдейді.
Жан күйзелісі жағдайына тән (диагностикалық ) белгілерді қарастыра
отырып, осы көңіл-күйлік, тез таралатын жағдайдың барлық күрделілігіне
қарамастан, адам жан күйзелісі пайда болатын кезеңінде жан күйзелісін
болдырмауы мүмкін екендігін ұмытпаған жөн. Күшті рухани толқу кезінде
қылмыс жасаудан бас тарту мүмкіндігі осындай әрекеттер үшін қылмыстық
жауапкершіліктің негіздемесі болып табылады.
Осылайша, жоғарыда айтылғандардың негізінде қорытындыға келуге болады.
Кенеттен пайда болған күшті рухани толқу кезінде жасалған кісі өлтіру үшін
жаза тағайындау мыналармен негізделеді:
а) жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттер адам меңгере алатын
әрекеттердің қатарына жата алмайды (бұл жайт психологтармен ғылымда
дәлелденген);
б) психологиялық жағдай ретінде жан күйзелісі адамның сана-сезімдік
бақылауын толық жоймайды, тек оны шектейді.
Қылмыстық құқық теориясынан мәлім болғандай, қылмыстық жауапкершілік
адамның қылмыс жасау сәтіндегі еріктік іс-әрекетімен, оның қоршаған ортаға
сана-сезіммен қарау негізіндегі өз қимылдары мен ірекеттерін дұрыс реттей
алу мүмкіндігімен байланысты. Алайда қылмыстық жауапкершілік субъекті
өзінің іс-қимылдарына еріктікті қосып алу мүмкіндігіне ие болу сияқты
импульсивтік (көңіл-күйлік) іс-қимылдарымен де байланысты болуы мүмкін.
Адамның осындай іс-қимылдарына жан күйзелісі кезінде жасалған кісі өлтіру
жатады.
Жан күйзелісі жағдайындакісі өлтіру тұрмыстық қылмыс деп аталатын
қылмыстарға жатады. Көптеген жағдайларда мұндай қылмыстар уақыт өте жүйке
жүйені тоздыратын және тікелей стрестік жағдайға әкеп соқтыратын, ал
егескен жақтар – жиі қасіретке шалдығатын қызбалы даулы жағдайлар сипатына
ие отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардың қанағаттандырылмағандығының
негізінде жетіліп келеді.
Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіру өз мәні бойынша әлеуметтік
құбылыс болып табылады, және ол да басқа қоғамдық қауіпті қылмыстар секілді
жоғарыда мәнін ашуға тырысқан, өзіндік әлеуметтік себептерге ие.
2 тарау. Жан күйзелісі жағдайында жасалған қылмыстың құрамы
2.1. Жан күйзелісі жағдайында кісі өлтіудің объектісі
Жоғарыда атап көрсетілгендей, кез келген кісі өлтірудің, оның ішінде
жан күйзелісі кезіндегі кісі өлтірудің объектісі адам өмірі болып табылады.
Алайда, қарастырылып жатқан жағдайда қол сұғушылықтың объектісі кез келген
адамның өмірі емес, қылмыстық әрекет құраындағы маңызды рольді атқаратын
адамның өмірі болып табылады. Қылмыстық Заң (ҚР ҚК 98 б.) мұндай рольді
жағдай қылмыс жасау кезінде кінәліде орынды жан күйзелісі жағдайына
себепші болған ретіндегі жәбірленушінің іс-қимылдарына береді, сондай-ақ
бұл заң кез-келген басқа қылмыстық істерге қарағанда жәбірленушінің өзінің
жеке қадір-қасиеттерін тереңірек зерттеуге міндеттейді. Дәл осы субъектінің
өміріне кінәлі қол сұғады, оны өлтіреді.
Осы қылмыс жасалатын жан күйзелісі тікелей жәбірленушінің белгілі бір
құқыққа немесе адамгершілікке жат қылықтарымен: зорлық-зомбылықпен,
қорлаумен, немесе адамгершілікке жат әрекетпен (әрекетсіздікпен), сонымен
қатар тікелей жәбірленушінің жүйелі түрде жасаған құқыққа қарсы немесе
адамгершілікке жат қылықтарының салдарынан туындаған ұзақ уақыт бойы
психиканы жаралайтын жағдаймен байланыстырылады. Мұндай әрекеттерді
(әрекетсіздіктерді) жәбірленуші жасауы тиіс, жәбірленушінің дәл осындай
әрекеттері (әрекетсіздіктері) қарастырып жатқан қылмыстағы кінәлі адамға
жан күйзелісіне себепші болуының қажетті шарты болып табылады.
Кінәлі адамның оның өміріне қол сұғуынан жәбірленуші болып табылатын
адамның әрекеттері (әрекетсізіктері) заңның мағынасы бойынша әр-алуан емес,
біріншіден, кінәлі адамда жан күйзелісін тудыра алатын күшті қоздырғыш,
екіншіден, пайда болған жан күйзелісінің өкінішті сипатын куәландыратын
құқыққа қарсы немесе адамгершілікке жатпауы, үшіншіден, жан күйзелісін
тудыра алатын тікелей себепші ретінде және осындай жағдайда қылмыстың
жасалуына түрткі бола алатын жағдайлардың болуы қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қарастырылып жатқан қылсыста өзінің
қасиеттері бойынша немесе белгілі бір тұжырымдамалардың негізінде алынған
кез-келген жәбірленуші емес, кінәлі адамға қатысты өзінің белгілі бір іс-
әрекеттері үшін қылмыстық қол сұғушылықтың жәбірленушісі болып табылатын
субъект деген қорытындыға келуге болады.
Дәл осы жәбірленуші, атап айтсақ, оның құқыққа қарсы немесе
адамгершілікке жат қылықтары, кінәлі адамда жан күйзелісін тудыруының
нәтижесінде өзінің өліміне әкеп соқтырады.
Осылайша, жағдай реттілігінің әрбір буынын, ондағы жәбірленушінің іс-
қимылдары түрткі рольді атқаратын жағдайдың мән-жайын анықтауға болады.
Мұндай буынынның бірінші кезеңінде жәбірленушінің құқыққа қарсы
(адамгершілікке жат) әрекеттері немесе әрекетсіздіктері, одан кейін олардан
туындаған кінәлі адамның жан күйзелістік жағдайы (одан әрі кінәлі адамның
жан күйзеліснің әсерінен туындаған себеп, мақсат, қасақаналық өрбиді) және
одан кейін қылмыстық қол сұғушылықтың соңғы кезеңі (шешімі) – нәтижесінде
жәбірленушіні мерт қылған кінәлі адамның жауапты әрекеттері анықталады.
Мұндай жағдайлардағы жәбірленушінің сәйкес қылығы қылмыскер кінәсінің
дәрежесін төмендетеді, себебі ол кінәлі адамда жан күйзелістік жағдайына
себепші болып, оны кісі өлтіруге итермелейді.
Басқаша айтқанда, өлтірілген адам қарастырылып жатқан жағдайда өзінің
өрескел және арандатушылық қылықтарының құрбаны болып отыр.
Қорытындылай келе, ҚР ҚК 98 б. қарастырылған қылмыс қол сұғушылық
объектісі ретінде - өмірге қарсы жасалған басқа қылмыстардағы объектілердің
табиғатымен ұқсас, алайда қылмыскер қастандық жасаған адам және сол
қастандықтың нәтижесінде сол адамның (басқаша айтқанда жәбірленушінің)
өлтірілуі басқа жәбірленушілердің санаттарынан, оның өзі құқыққа қарсы
(немесе адамгершілік жат) қылықтарымен қылмыстық қол сұғушылыққа себепші
болуымен өзгешеленетіндігін атап кеткен жөн.
2.2. (Әрекеттің, садардың) объективтік жағы (себепті байланыс)
Кісі өлтірудің, басқа да қылмыстық әрекеттер сияқты, әртүрлі
көзқараспен қарастыруға болады. Себебі кісі өлтіру – адамзат мінез-құлқының
актісі, ал оның психологиялық талдауы толық заңды және біршама күрделі
процесс болып табылады – осы адамның қасиеттерінің басқаға әсері ретінде
кісі өлтірудің зерделеу, қылмыскердің себептері мен мақсаттарын ашу. Атап
айтсақ, қылмыстық мінез-құлықтың ішкі, субъективтік жағы зерттеледі, оның
тікелей себептері анықталады.
Осы сұрақтарды түпкіліктей зерттей отырып, маңызды жайттардың бірі –
кісі өлтірудің сыртқы, объективтік жағына басты назар ударылатын аспекті
болып табылатындығын атап кеткен жөн.
Адамзаттың сыртқы мінез-құлқының кез-келген актісі сияқты кісі өлтіру
белгілі бір психикалық-физикалық біртұтастықты құрайды. Оның субъективтік,
психологиялық мәні болып қана қоймай, сондай-ақ ол қоршаған ортада
өзгерістер келтіретін субъектінің мінез-құлқының сыртқы объективтілік
түрлері, әрекеттері немесе әрекетсіздігі арқылы сыртқа көрінеді.
Кісі өлтірудің объективтік жағы – адам өміріне қоғамдық қауіпті және
құқыққа қарсы қол сұғушылықты сыртқы жағынан, субъектінің қылыстық әрекеті
басталатын және қылмыстық қорытынды (жәбірленушінің өлуімен) аяқталатын
жағдайлар мен құбылыстардың реттілігі тарапынан қарау процесі болып
табылады.
Қылмыстың объективтік жағын зерделеу кезінде мынадай аспектілерді
қарастыру қажет:
а) субъектінің қоғамдық қауіпті іс-әрекеті (әрекеті немесе
әрекетсіздігі);
б) қылмыстық салдар (нәтиже);
в) әрекет пен қылмыстық нәтиженің арасындағы себептік байланыс;
г) қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, құралы.
Осы сұрақтарды жан күйзелісі кезінде жасалған қылмысқа қатысты
қарастырайық.
Жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыстың объективтік жағы оның
белсенді іс-қимылдар жасалуымен ерекшеленеді.
Пайда болған және жылдам жүзеге асырылатын жан күйзелісіне әрқашан
оқталу қажет ететінділігімен және ол адамның қалыпты психикалық жағдайында
болмайтындығымен түсіндіріледі. Осылайша, жан күйзелісі кезінде әрекет
етпей кісі өлтіру мүмкін емес, себебі жан күйзелісінің пихологиялық
табиғаты кез келген жағдайда іс-әрекеттердегі оқталуды талап етеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде адам жан күйзелісі кезінде жасалған
қылмыстық әрекеттердің табиғаты мен механизмін толығырақ қарастыру қажет.
Бірақ ең алдымен қылмыстық құқық теорияындағы қылмыстық әрекет дегеніміз не
деген сұраққа жауап беру керек. Э.Ф.Побегайло қылмыстың объективтік жағы
ретінде қылмыстық әрекетке былай анықтама береді: қылмыстық әрекет
дегеніміз – қылмыскердің сана-сезімінің бақылауында болатын және осы
адамның дене қимылдарынан тыс жүзеге асырылатын адамның сыртқы мінез-
құлқының қоғамдық қауіпті актісі болып табылады.
Адамзаттың кез-келген іс-әрекеті секілді қылмыстық іс-әрекеттер де
белгілі бір себептерден туындайды және белгілі бір мақсаттарға бағытталған.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық әрекеттің бастапқы және соңғы
сәті деп белгілеу қабылданған. Қылмыстық әрекеттер: сана-сезімнен тыс
физикалық дене қимылы, қоғамдық қауіптілік және құқыққа қарсылық деген үш
белгілер болғанда ғана сол сәттен бастап басталады деп шешілген. Қылмыстық
әрекеттің соңғы сәті қылмыстық нәтиженің болуымен немесе жоғарыда аталған
қылмыстық әрекет белгілерінің ең болмаса біреуінің болмағандығымен
анықталады.
Жан күйзелісінің кенеттен пайда болуы сияқты қасиеті туралы айтатын
болсақ, мұндай кенеттілік қылмыскердің жан күйзелісі кезінде жасалған
қылмыстық әрекеттерге таралмауы мүмкін. Жан күйзелісі пайда болған кездегі
кенеттілікті жәбірленушінің бұрыс қылықтарына дереу жауап беру деп
қарастыру дұрыс емес. Жан күйзелісі мен кісі өлтіру сәтінің арасында уақыт
аралығы болуы мүмкін, бірақ бұл уақыт аралығындағы мерзімде кінәлі адамда
жан күйзеліс жағдайы сақталуы мүмкін. Кенеттілік қылмыстық әрекеттердің
басталуын емес, жан күйзелісін сипаттайтын біртұтас маңызды белгілердің
бірі болып табылады. Зерттеуге алынған санаттағы қылмыстық істерді талдау
жұмыстары, барлық қылмыстардың 30 %-ын кінәлі адам тікелей жан күйзелісінің
ықпалында болған кезде қылмыс жасау алдында әртүрлі әрекеттер жасағандығын
көрсетті. Мысалы кісі өлтірер алдында қылмыскер қылмыстың құралын алу үшін
өзінің пәтеріне немесе көршілес бөлмеге қарай жүгіреді, жәбірленушінің
ізіне түсіп, үйіне баса көктеп кіреді, оқ атады және т.б.
Жан күйзелісі кезінде жасалатын әрекеттердің сипаттамасы туралы
айтатын болсақ, бұл сұрақ бойынша ғалмдар арасында еш пікір жоқ. Кейбір
авторлар қарастырылып жатқан әрекеттер толық түсінуге жататын, ерікті
(бағытталған) сипатқа ие деп пайымдайды. Олардағы импульсивтіктің бар
екендігін жоққа шығарады. Бұл көзқарасты жақтаушылары кінәлі адам жан
күйзелісі кезінде жасалған қылмыстың қылмыстың нәтиженің болуын алдын ала
білумен қатар, оған қол жеткізу үшін өзінің еркін бағыттайтындығын да
айтады. Олар бұл сұрақ бойынша өзінің көзқарастарын адам жан күйзелісінің
бастапқы сатысында және алатындығына негіздейді.
Психологтар жан күйзелісінің ықпалындағы адамда күрделі әрекеттері
бұзылып, стереотиптік әрекеттері жылдамырақ болатындығын атап көрсеткен.
әрекеттердегі қозғағыш түрткі, ретсіздік және олардағы автоматизмнің болуы
жан күйзелісінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.
Жан күйзелісі жағдайында кінәлі адам қылмыстық мақсатқа жету үшін
біршама қарсылықтарды жеңуге қабілетті, қолына түскен заттарға жармасады,
егер олар болмаса, онда денеге қолымен, аяғымен көптеген ретсіз соққылар
жасайды, ренжіткен адамды құр қолмен қылғындырып өлтіруге де дайын,
ондайға шамасыжетпесе оны тістелейді.
Мысалы, В.В.Сидоров өзінің жұмысында келтірілген статистикалық
зерттеулердің деректеріне сүйенсек, қарастырылып жатқан қылмыстың 15%-да
кінәлі адамның әрекеттері ерекше толқу және қатты ашулану кезінде жасалатын
әрекеттер деп есептеу қажет. Осы сұрақ бойынша мұпндай түсініктемені ҚР
Жоғарғы Сотының Пленумы берді.
2007 жылы Алматы қалалық соты өз шешімінде С.В.Паршинцевтің әрекетін
жан күйзелісі кезінде жасалған әрекет деген дұрыс біліктілік берген. Алдын
ала тергеу жұмыстары кезінде С.В.Паршинцев Молочнюктің кемсітулеріне жауап
ретінде күшті рухани толқуда (жан күйзелісінде болып) болып, оны балтамен
кемінде үш рет басынан ұрып, одан кейін Молочнюкті өзінен итеріп тастап,
оның басына балтамен 26 рет, мойнына кемінде 8 рет, қолдарына кемінде 5 рет
ұрып-соққан. Паршинцевтің әрекеттері ерекше қатыгездік сипатында болса да,
сот оның әрекеттеріне жан күйзелісі кезінде жасалған қылмыс деген дұрыс
шешім шығарды.
Осылайша, жан күйзелісі кезінде кісі өлтіру белсенді құқыққа қарсы
әрекеттер арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай әрекеттер, әдетте,
импульсивтік, ретсіз сипатта болады, яғни сол әрекетті жасаған адамның
көңіл-күйіне байланысты, көбіне, ерекше қатыгездікпен жасалатындығымен
анықталады.
Адамның қылмыстық әрекеттері қылмыстық нәтижеге әкеледі – қылмыстық
объективтік жағындағы келесі буын.
Жалпылама түрде бұл жағдайды зиянды қылмыстық салдар қоғамдық
құндылықтарды бұзуға, адамдарға зиян келтіруге бағытталған деп айтуға
болады.
Қылмыстық салдар өзінің сипаттамасы бойынша әр-алуан. Олардың
арасындағы ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz