Басқару ғылымыныц мазмұны мен әдісі
1. БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСІ
1.1. Жүйенің жалпы теориясы
1.2. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
1.3. Өндрістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс.әркеті
2. БАСҚАРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛДЕМЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Жүйелі тәсілдемеде өндірісті басқарудың мақсаттары
2.2 Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
2.3 Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
3. ҒЫЛЫМҒА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
3.1 Философияның негізгі әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Жүйенің жаліты теориясы - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жүмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.
Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей тон емес. (Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:
- тұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
- құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);
- иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездей-соқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді. Жүйе тұтастык тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның кұраушы элементтерінің жай жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
- техникалық;
- биологиялық;
- әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.
Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық ке-шендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Абырай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы), адамның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жүмыс істетеді әрі дамытады.

«Басқарудагы жүйелі тәсілдеменіц негіздері» тақырыбына
1. Мескон М.Х., Алъберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Глава 20, 21. М.: Дело, 1992.
2. Козлова О.В., Кузнгцов И.Н. Научные основы управления ироизводством / Под общей редакцией проф. Б.З. Мильнера. Глава II. §1. Сис-темный подход к управлению производством,- М.: Экономика, 1975.
3. Мюллер Б.З. Организация программно-целевого упраыления......М.:
Наука, 1980. -376 с.
4. Семенов А.К. Методы системного анализа структуры народного хозяйства. - М.: Наука, 1974.
5. Федоренко Н.П, 0 методах социально-экономического прогнозирования. В кн. «Методология прогнозированная экономичсского развития СССР». - М: Экономика, 1970. - С. 20.
6. Франчук В.И, Основы построения организационных систем. - М.' Экономика, 1991.

ЖОСПАР
1. БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСІ
1.1. Жүйенің жалпы теориясы
1.2. Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
.3. Өндрістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әркеті
2. БАСҚАРУДАҒЫ ЖҮЙЕЛІ ТӘСІЛДЕМЕНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Жүйелі тәсілдемеде өндірісті басқарудың мақсаттары
2.2 Ұйымдық құрылымның жүйелі тәсілдемесі
.3 Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдірудің тиімділігін бағалау
3. ҒЫЛЫМҒА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
3.1 Философияның негізгі әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
. БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫЦ МАЗМҰНЫ МЕН ӘДІСІ
1.1 Жүйенің жалпы теориясы
Жүйенің жаліты теориясы - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жүмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ Жүйенің жалпы теориясын алға шығарды.
Жүйені біріктіруші (интегральными) қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей тон емес. (Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:
- тұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
- құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);
- иерархиялылығы (жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Жүйе, ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады.
Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездей-соқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді. Жүйе тұтастык тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің, бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның кұраушы элементтерінің жай жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кең.
Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
- техникалық;
- биологиялық;
- әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.
Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық ке-шендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Абырай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы), адамның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жүмыс істетеді әрі дамытады.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі - оның "асты компоненті адам болғандықтан бүл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады. Мұндай жүйе дербестікке ие элементтерден тұрады. Бұл оның жүйе тармақтары (подсистема) мен қосалқы жүйе (субсистема) ретіндегі жүйе элементтерін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, жүйе тармағы жүйе элементі немесе осы элементтердің тобы болып табылады. Әлдеқайда жоғары иерархиялық жүйелер қатынасындағы жүйе-жүйенің тармағы бола алады.
Мәселен, кәсіпорын, бір жағынан, дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады. Бұдан шығатын қорытынды: жүйе мен жүйе тармағы арасындағы айырмашылық салыстырмалы түрде де, абсолюттік сипатта да бола береді.
Жүйе теориясы, егер сақталмаса басқару ісінің жүзеге асуы мүмкін болмайтынын белгілейді.
Бүл жағдай экономикалық жүйеге де қатысты:
1. Жүйелер арасында, ең алдымен, басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісі жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.
2. Жүйелердің динамикалылығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек, яғни бір сапалы жағдайдан екіншісіне өту барасында да, өтуден кейін де ол жүйе ретінде қалуы керек.
3. Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.
4. Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалга жауап қатып қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек.
5. Басқару ақпаратын табыстау, жинақтау және жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.
6. Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.
Жүйеде басқару барлық басқару жүйелеріне ортақ аты аталған шарттар орындалғанда ғана мүмкін болады.
Басқару ғылымы экономикалық-ұйьмдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.
Адамдардың коғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық өндіріс қажет, ал осы өндіріске қатысты қарым-қатынас адам-дардың қоғамдық тұрмысын (болмысын) анықтап береді. Қоғамдық өндірістің ішкі шеңберінде тікелей өндіріс шешуші мәнге ие, Өндіріс - тұтыну үшін тек затгы ғана өндіріп қоймай, оның тұтынудағы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді (К. Маркс). Онда болатын процестер мен оларды басқару осы ғылымның объектісі болып табылады.
Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс (функция) ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады. К. Маркс басқару ісіне қатысты былай деп жазған: ...жеке орындаудағы скрипкашы ешкімнің сүйемелдеуінсіз өзі-ақ ойнай алады, ал оркестрге дирижер керек.
Басқару ғылымының мазмұны мен әдісі. Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір-біріне белгілі бір карым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды оқып-білу - бұл ең алдымен ендіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын қалытпастыратын заңдарды анықтау болып табылады. Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.
Басқару ғыльгмы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына катысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке ендіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономика-лық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады. Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен катынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады. Басқарудың бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Ай-мақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық фак-торларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтьгқ жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Аймакты басқару объектісі ретінде мемлекет пен ұлттық экономиканың (аймақ мемлекет сыңайлы болады), аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшау-ланған қосымша жүйені білдіреді.
Әлдеқайда ғаламдык сипаттағы баскару объектісіне макро-деңгей - экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Менеджменттің теориялық және әдістаным негіздері роэкономика - бүл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар аныкталады. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғзлысын зерттеу үшін пайдаланылады. Макроэкономика ұлттык ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (жалпы улттық өнім, жалпы ішкі өнім, сұраныс жиынтығы жэне т.б.) айналысады.
Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табыладьг, өйткені оны халық шаруашы-лығының ауқымында алып қарастырылғанда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бүны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлык әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.
Қоғамды рухани тұрғыдан дамытуды басқару барлық басқару жүйелерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бүл тура-сында жалпы ұғымға айналып кеткен К. Маркстің ...мэдениет -саналы түрде бағыт алмай, стихиялы дамитын болса... ол бос кеңістік қана болып қалады... деген сөзі шындыққа келеді.
Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметгік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады. Оның кең қырлы сипаты бо-лады, әрі басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәтіне жатады.
Басқару ісі қарым-қатынастың көптеген жағын (саяси, элеу-меттік, экономикалық, этикалық жэне т.б.) қамтиды.
Егер өндірістік процестер мен қатынастардыц мазмұны өндірісте материалдың игіліктерді тікелей өндірудіц еңбегін ұйымдастыруды бейнелейтін байланыстарды сұрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардыц мазмүны —бүл өндірісті басқару ісіне қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.
Басқару бойынша қызмет нәтижесіне шешім жатады.
Қорытындысында адамдардың бір бөлігі материалдық игіліктерді өндіру бойынша тікелей еңбекпен айналысатын болса, басқа біреулері - басқару ісімен шұғылданады. Өндірісте осы екі топтағы адамдардың арасында өндірісті басқару қатынасы ретінде сипатталуы мүмкін белгілі бір қарым-қатынас орнайды. Бұл қарым-қатынас, яғни қоғамдық байланыстар мен олардың өзара ықпалдасуының жиынтығы басқару субъектілері мен объектілері арасында, сондай-ақ басқару субъектісінің ішінде пайда болады.
Басқару қатынасы қандай түрге немесе тұрпатқа (типке) жататынына қарамастан, ол ең алдымен басқарудың объектілері мен субъектілері арасындағы қатынас ретінде болады.
Барлық экономикалық жүйе екі қосалқы жүйенің - басқарушы мен басқарылушының бірлігі ретінде қарастырылады. Оның алғашқысы басқару аппаратының қызметкерлерін, басқару органдарын —мемлекетті, үкіметті, министрліктерді және т.б. қамтитын басқару субъектілерін білдіреді. Ал екіншісі жалпы түрдегі халық шаруашылығындағы салаларды, аймақтарды, кәсіпорынды жэне т.б. білдіреді.
Жұмыс орнына келетін болсақ, мүнда басқарудың басқа түрі - Ф. Энгельс заттарды басқару деп аныктаған еңбек қүрал-дарын басқару жүзеге асырылады.
Осылайша, өндірісті басқарудың екі түрі бөліп корсетіледі:
а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару;
б) еңбек құралдарын (затты) басқару.
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйемен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді. Басқарудың қосалқы жүйесі тек адамдарды басқару ісіне ғана қатысты. Басқаша айтқанда, өндірісті басқару —бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жүмыскерлерді басқару.
Қоғамдық өндіріс саласындағы басқарудың айрықша ерекшелігі мынада: ол қоғамдық қатынастардын барлық жиынтығымен айналысады.
Мұның себебі, адам өндірістік процесте бірлескен еңбек процесінің тек қатысушысы ғана болып қалмайды, сонымен бірге ол бір мезгілде әлеуметтік тұлға да. Ал, адам әлеуметгік тұлға болғандықтан оған әр қилы қажеттілік, талап-тілек, қалау және т.б. тән.
Адам қарама-қайшылыққа толы, сол себепті де оларды әлеуметтік құбылыс ретінде, яғни әлеуметтік тұрғыдан басқару қиын.
К. Маркс өзінің Фейербах туралы тезисінде: адам - қоғамдық қатынастардың жиынтығы, деп анықтама берген.
Жоғарыда айтылғандардың түйіндемесі мынадай.
Басқару қатынасы басқару ғылымының мазмұны болып табылады. Өндірісті басқару қатынасы басқарумен ықпал ету про-цесінде адамдардың және ұжымдардың тұрақты өзара байланыстары мен езара әрекеттерінің күрделі кешенін білдіреді.
Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша жіктеледі.
Олар мыналарға бөлінеді:
- басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасындагы қатынасқа;
- басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (басқару сатылары және деңгейлері арасында);
- басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынасқа (субординация катынасы).
Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойынша мыналарга бөлінеді:
- тұлғалар арасында;
- жүйелер арасында;
- аралас.
Басқару қатынасы мыналарға бөлінеді:
а) салалық, яғни бір саланың шегіндегі қатынас;
б) территориялык, яғни бір аймақтың шегіндегі қатынас;
в) салааралық, яғни әр түрлі салалардағы ұйымдардың арасындағы қатынас;
г) аймақаралык, яғни әр түрлі аймақтардағы ұйымдардың арасындағы қатынас;
д) территориялык-салалық.
Басқару қатынасын ұйымдық байланыстардың саны бойынша жай және күрделі деп бөлуге болады.
Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты қызметінің формалары мен әдістерін, міндетті істерін (функцияларын), принциптерін әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару ғылымының мазмұны болып табылады.
Өндірісті баскару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.
Өндірісті басцару теориясы - кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерге бөлінеді:
•Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен принциптері ашып көрсетіледі.
•Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен құрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады.
•Ықпал етудің тұтқалары мен құралдарының жиынтығы ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда басқарудың әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-баскарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және ықпалдасуы қарастырылады.
•Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, басқару процесінің динамикасы, әдістері туралы ілім; басқару процесінің синтезі секілді ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім.
•Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай-ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады.
Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын іс-тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады.
Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады.
Басқару - бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен даралық (индивидуалыюсть) ұштастырылады.
Тұтастай алғанда XX ғасырдағы басқару туралы ғылымның дамуын шартты түрде мына кезендерге бөлуге болады:
- 50-ші жылдары - таза басқарушылық шешімдер кезеңі;
- 60-ші жылдары - фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау;
- 70-ші жылдары —стратегиялық жоспарлау;
- 80-ші жылдары - стратегиялық менеджмент;
- 90-ші жылдары - стратегиялық процестерді зерттеуге көшкен басқару ғылымы дамуының жаңа кезеңі туды.
Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз мазмұны, теориясы және әдістемесі болады.
Әдістеменің міндеті - осы саладаұы білімнің өмір кұбылыстарын (қолданысын, көрінісін) зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып
табылады.
Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер қолданылады, оған жататындар:
- Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық диалектикалық зандар мен категориялардың өз орындары бар.
- Нақты-тарихи тәсілдеме - өндірісті басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.
- Кешенді тәсілдеме - басқару бойынша ұсыныстарды тиімді зерделеу және әзірлеу шарттарының бірі.
- Аспектілік тәсілдеме - басқару қатынастарының бір қырын, бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси-экономикалық, әлеуметгік, философиялық және т.б.).
- Жүйелі тәсілдеме —ол басқарушы жүйені және басқарылушы жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелі тәсілдемені жүзеге асырудың шарты - жүйелі талдаудың әдістемесі болып табылады. Жүйелі талдау басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жобалаудың әдістемелік негізінің бірі ретінде қызмет етеді.
- Үлгілеу (моделирование) - басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол басқарылатын объектіні немесе субъектіні баскарудың үлгілерін жасауға негізделген. Ал, үлгілер өз кезегінде объектілердің немесе субъектілердің ерекшеліктерін танып-білуді жеңілдетеді.
- Эксперимент әдістемелері, әлеуметтік әдістемелер, мотивация әдістемелері және т.б.
.2 Өндірісті басқарудың жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме - экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алқашқы мағынасында - грек тілінен аударғанда жүйе сөзі көптеген элементтерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүітін тқтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің бүлайша1 ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс-пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс - бүл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда калыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін) экономикалық жүйе деп ұғуға болады.
Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негізгі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық өндірістің жүйесі ретінде, яғни өндіріс күштері (табиғи жэне еңбек ресурстары, өндіріс құралдары, өнім) мен өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі (акад. Н.П. Федоренко).
Экономикалық қатынас, байланыс (салааралық байланыстар жүиесі), зандылықтар (техникалық прогрестің, өндірісті ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы аталғандар экономикалық жүйе болып табылады.
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына алпьі теория жүйесіне кызмет етеді, ал басқару ісі жалпылай түрде жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме XX жүз жылдықта пайда болды деуге болады, әйтсе де, XVIII және XIX ғасырларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тэжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:
- бірінші кезенде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағдарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;
- екінші кезенде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;
- үшінші кезенде белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұска таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде, тәуелсіз сараптама қолданылады).
Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің кұрылымдык және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Максатқа жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап, жою. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің принциптері алға шығады. Нақгы тәжірибеде ол қабылданган шешімдерді жан-жақты пы-сықтап, оны жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды. Әлеуметтік жүйеде бұл принцип басқарушылық міндетті шешу процесінде саяси және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.
Басқару процестері пайда болғалы бері жүйелі талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерделеуді, эконо-миканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек1.
А.К. Семенов. Методы системного анализа структуры народного хо-зяйстпа. - М.: Наука, 1974. - с. 3.
Экономикадағы жүйелі тәсілдеме - басқару саласындағы ірі, кешенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып табылады.
Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі принциптерін айқындап береді: жүйелердің динамикасын, құ-былыстардың байланысы, өзара ыкпалдастығы мен өзара байланысы; басты буын принциптерінің кешенділігі, тұтастығы және иерархиялығы.
Процестер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:
1) жай кездері (простом случае) қосалқы жүйелер немесе жүйе элементтерінің арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе экономикалық аспектіде зерттеледі;
2) әлдеқайда күрделі жағдайда (более полной формой) көп аспектілі тәсілдеме қолданылады. Бүл арада өзара байланыстар басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық, құқыктық, әлеуметгік-экологиялық және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.
.3 Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті
Өндірісті басқаруға баскарудың өз объектісі мен субъекгісі тән. Басқару процесі көп қырлы қоғамдық қатынастардың ке-шенін қамтиды әрі объективті және субъективті факторлар жиынтығының әрекетімен анықталады.
Басқару процесінде объективті мен субъективтінің арақатынасы анықтаушы және шешуші ұғымдары арқылы анықталуы мүмкін. Оның өзінде де, анықтаушы құбылыстың қажетті шарты ретінде болғанда ғана анықталмақ. Алайда, мұның өзі жеткіліксіз. Объективті процеске субъективті фактордың кері әсерін білдіретін анықтаушыны ұштастырғанда ғана процесті жүзеге асырудың нағыз шынайы шартын тудырады. Басқаруда субъективті фактор болған күннің өзінде басқару ісін субъективті ете алмайды.
Ықпал етудің тиімділігі адамдардың басқару объектісінің объективті жағдайын, оның ішкі заңдылықтарға бағынатын та-биғатын қалай түсініп, қалай қабылдайтынын көрсететін деңгейімен анықталады. Объективті мен субъективтінің өзара ықпалын талдау тек жалпы дүниетаныммен, тиосеологиялық аспектімен ғана шектеліп қалмайды: объективті алғашқысы, субъективтісі оның көрінісі, сөйтсе де, оның шартын тудыратын белсенді кері әсер етуді көрсетеді.
Өндірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын кұрайтын барлық халык шаруашылығы, өндірістің негізгі буындары - кәсіпорындар мен бірлестіктер жатады.
Мұнда басқару өндірістік күш пен өндірістік қатынастардың бірлігі ретінде болатын осы объектілермен істес болады.
Қоғамдык өндірістің басқару объектісіне барлык халық шаруашылығының кооперация ауқымында кызметкерлерді өндіріс құралдарымен біріктіретін саналы ұйымдар жатады.
Халык шаруашылығының басқару объектісіне саналы түрде қолдау көрсетілетін халық шаруашылығының үйлесімділігі, экономиканың теңгерімділігі және динамикалық дамуы кіреді.
Басқару ұлғайтылған ұдайы өндіру процесінің объектісіне ие.
Өндірістің басқару объектісі - бұл ел территориясына өндірістік күштерді ұтымды орналастыру әлдеқайда тиімді террито-риялық кешендерді құру.
Өндірісті басқаруда объекті ретінде маңызды орынды бейөндірістік салалар алады - ғылым, білім беру, денсаулык сақтау және мәдениет. Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталык буынына қызметкерлердің үжымы жатады. Осылайша, кең мағынасында барлык өндіріс басқару объектілері деп саналады. Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді.
Бұл жүйенің негізгі элементіне мемлекеттік органдар жатады. мемлекеттік органдарды бір-бірінен ажыратып керсету өкілдікті органдар; атқарушы және билеуші органдар; сот органдары; өндірістің басқару функцияларын орындаушы тікелей мемлекеттік басқару (орындаушы) органдары. Өндірістің басқару мәселелерін мына органдар шешеді:
- билік органдары (өкілдікті органдар);
- мемлекеттік басқару органдары - мемлекеттік комитеттер, министрліктер.
Басқару туралы идеялардың пайда болуы:
Басқару туралы идеяның тамыры теренде жатыр. Клод Ст. кіші-Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) Басқару ойларының тарихы атты кітабындағы Басқару континиумы тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап ме-неджментгің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.
Жылдары
Жеке түлға немесе этникалық топ
Менеджменттің дамуына қосқан негізгі үлестері
Біздің дэуірге дейінгі 5000 ж.
Шумерлер
Жазу; фактілерді тіркеу
4000
Мысырлықтар
Жоспарлаудың, ұйымдастырудың және бақылаудың керек екендігін мойын-дайды
2600
Мысырлықтар
Басқаруды орталықсыздандыру
Қытайлар
Ұйымдастырудың, жоспарлаудың, бас-шылықгың және бақылаудың қажеттілігін мойындайды
Сократ
Менеджмент әмбебаптығының (универ-сальности менеджмента) принциптерін қалыптастырады
900
Әл-Фараби
Басшылықка талап қояды
1832
Чарльз Баббедж
Ғылыми тәсілдемеге ерекше бои береді; мамандандырудың айрықша маңыздылығын мойындайды; еңбекті бөлу; еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеу; озіндік құндарды есептеу
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бүл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардьщ көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль, Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь Ансофф, Майкл Портер және т.б.
Басқару ғылымының эволюциясын дәлірек әрі терең түсіну үшін басқару ойларының негізгі даму бағыттары туралы нақты ұғымға ие болу керек.
Классикалық (ғылыми менеджерлеу мектебі) кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды. Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады (XX ғ. басында). Оның негізгі теориялық ережелері Управление фабрикой (1903 ж.); Принципы научного управления (1911 г.); Показания перед специальной ко-миссией конгресса (1912 ж.) еңбектерінде баяндалған.
Ол еңбек сенімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына теңкеріс жасау қажет.
Фредерик Уинслоу Тейлор (20.03.1856 - 21.03.1915 жж.), көрнекті өнертапқыш, ол өз өмірінде 100-ден аса патент алған. Ол басқару ғылымының негізін қалаушы ретінде аталады. Оның құлпытасында былай деп жазылған: Менеджмент ғылымының атасы.
Ф. Тейлор түжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
•тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
•ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
•еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жүмысшылардың ынтымақтастығы;
•әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті және еңбекті тең бөліп беру.
Ф. Тейлор әрбір операцияны элементарлы құрамдық бөліктерге бөлшектеудің және жұмсалған уақытты есептеудің көмегімен жұмыстың әлдеқайда озық тәсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріме сенді.
Ф. Тейлор еңбекакы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына карай қатаң дараланған әрі сараланған түрде болды.
Ф. Тейлор шұғылданған жекелеген жұмысшының еңбегін оңтайландыру мәселелерімен қатар еңбекті ұйымдастырудың әлдеқайда жалпы принциптерін әзірлеу қолға алынды.
Классикалық мектепке зерттеудің осы бағытының негізіл Анри Файоль (1841-1925 ж.ж..) қалады.
Ол озінің Общая и промышленная администрация атты негізгі еңбегінде экімшілік қызметін талдаудың жалпы тәсілдемесін жасауға талпынды. Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды (функцияларды қамту аркылы әлдеқайда кең ауқымдағы қызметгі білдіретін басқару ісінің бір бөлігін) құрамақ:
- өндірістік,
- коммерциялық,
- қаржылық,
- кредиттік,
- есептік-бухгалтерлік,
- әкімшілік.
А. Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жарайтын приициптерді әзірледі. Оған жата-
тындар: еңбекті бөлу, билік (бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама (инициатива), корпоративтік рух.
Ол, сонымен қатар, маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы.
Басқарудың классикалық мектебі одан әрі екі негізгі бағьтта дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін зерттеу.
Бұл арада Г. Эмерсонның, Л. Урвиктің, М. Вебердің және Г. Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады.
Г. Эмерсон Двенадцать принципов производительности труда еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, қалыптастырды:
- әрбір басшы мен онын, әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;
- алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процесті талдаудың мағынасы айқын тәсілдемесі;
- білікті кеңес (кеңес беру) - арнайы білімдердің қажеттілігі. Шынайы білікті кеңес тек алқалылық (коллегиальный) қана бола алады;
- тәртіп (дисциплина);
- қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;
- жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;
- диспетчерлеу - оперативтік басқару;
- нормалар және кесте;
- жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;
- орындалу тізбегін (ретін) белгілеу үшін операцияларды нормалау;
- жұмысты орындаудың барлық ережелерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
- әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған сенімділік үшін сыйақы.
Өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың күрделі міндеттерін шешу үшін , "қажетті" болатын кешенді тәсілдеменің мақсатқа лайықты болатынын әрі оның кажеттілігін алғаш рет Г. Эмерсон айтты. Оңтайландыруды тиімділік тұрғысынан қарастыру тән (алғаш рет енгізілген ұгам). Тиімділік дегенде, шығындар мен нәтижелер арақатынасындагы ең көп шамадағы пайданы ұғуга болады. Бұл тұжырымдамаға артынан Василий Леонтьев -шығын - шығарымым үлгісін жасаған Американың атақты экономисі де қосылды.
Л. Урвик басты назарын формалды тұрғыдан ұйымдастыруды құратын принциптерді әзірлеуге аударды. Онысы бүгінгі таңда да өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Құрылымдағы адамдардың сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, қүқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық және т.б. Бұлар оның тұжырымдамасының негізгі ережелері.
Осы мектептің өкілі, неміс әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864-1920 ж.ж.) - ұйымдағы биліктің құрылымы мен лидерлік мәселелерге жете назар аударды. Ол бюрократия терминінің авторы.
Форд моторс компаниясының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Генри Форд (1863-1947 ж.ж.) Мои достижения, моя жизнь еңбегінде өз өндірісінің негізгі принциптерін қалыптастырды:
•Іскерлікте әкімшілік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол болсын.
•Дайын өнімдерді алып-сату (жалдаптық) нақты іспен үш қайнаса сорпасы қосылмайдь[, ол заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті түрі ретінде болады.
•Барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адам-затқа зиянды әрі ақылға сыймайтын ұғым жоқ шығар, сірә.
•Біреудің ісіне қол сұғу - кылмыс, өйткені ол басқа бір адамның үстінен арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің үстемдігін орнатады.
•Көптің пайдасына арналған жұмысты қарақан басыңның камынан жоғары қой. Пайдасы болмаса ешқандай іс алға баспайды. Пайда табуда ешқандай жаманшылық жоқ.

2.1. Өндірісті басқарудың мақсаттары
Барлық баскару процесінің бастапқы кезінде оның мақсаттары анықталады.
Басқару мақсаттары әрдайым саналы түрде болады әрі оны адамдар қалыптастырып, белгілеп отырады. Мақсаттар негізінде объективті болады, онда қоғамның тұтастай экономикалық және әлеуметтік даму заңдылыктары көрініс табады. Баскару мақсат-тарын дұрыс анықтай білудің басқару жүйесін қалыптастыруда маңызы зор.
Кезінде Ф. Энгельс әлемде мақсаттарсыз ештеңе істелмейді, деп атап кеткен. Ф. Энгельске дейін Спиноза Барух (XVII ғ.), мақсат әлемді билейді, деп айтып кетіпті.
Өмірдегі мақсат адам қадірі мен бақытының жүрек қағысы болып табылады (Н.Д. Ушинский).
Мақсаттар өз мазмұндары, басқарудың деңгейлері бойынша және уақыт қимасымен жіктеледі. Мақсаттардың мазмұны өндірісті басқару аспектілерінің күрделілігін әрі көп кырлылығын бейнелейді. Максаттар мазмұны бойынша мыналарга: экономикалық мақсат, әлеуметтік мақсат, саяси максат және ғылыми-техникалық мақсат.
Экономикалық мақсаттар ең алдымен елдің халық шаруашылығының дамуымен, нақтырақ айтқанда, өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың дамуымен байланысты болады.
Әлеуметтік максаттар қоғам мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, сонымен бірге, оның әлеуметтік күрылымын дамыту талаптарын нақтылап береді. Әлеуметтік мақсаттарға мәдениеттің, білім берудің, денсаулық сақтаудың және тағы басқалардың даму міндетгері кіреді.
Саяси мақсаттар: оны кез келген мақсаттың құрамдық бөлігі ретінде карастыруға болады. Идеология, саясат адам қызметінің барлық бағытын қамтиды.
Бұл максаттар қоғам дамуының барлық мақсаттарын бір-біріне жанама түрде қатысты етеді.
Ғылми-техникалық мақсаттар - ғылыми-техникалық прогресс қоғамдық өндірісті дамытудың және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады әрі қоғамдық мақсатгардың қатарына кіреді. Алайда мемлекетгік органдарга, ғылыми-зерттеу институттарына, жобалау институттарына, конструкторлык бюроға, ғылыми-техникалық акпарат ұйымдарына және т.б. сэйкес кешенді түрде жүзеге асатын ғьлым мен техниканың даму мақсаттарының сезімдік ерекшеліктері болады.
Басқару деңгейлерін былайша бөліп көрсетуге болады: халык шаруашылығы, салалар, территориялық кешендер, бірлестіктер мен кәсіпорындар мақсатгары. Мақсаттардың уақытша аспектілері бөліп көрсетіледі: ұзак мерзімді (перспективалық), қыска мерзімді немесе ағымдағысы. Нақты өмірде мақсаттар белгілі бір ережеге сәйкес бір-бірімен тоқайласады, мақсаттар өз иерархиясында, егер осылай деп айтуға келетін .болса, белгілі бір дәрежеде бір-бірімен матасқан. Мәселен, әлеуметтік-саяси мақсаттарды белгілеу өндірістік-техникалық тандауды, ал алдағы кезеңнің мақсаттары - ағымдарын ұйғарады. Жалпы мақсат бірнеше локальдық немесе жекелегеи мақсаттармен нақтыланады.
Мақсаттардың жіктеліміне сәйкес басқарудың тиісті функциялары бөліп көрсетіледі. Максатты тұжырымдаудың салыстырмалы түрдегі жаңа тәсілдемелері мен әдістерін екі топқа біріктіруге болады: зерттеу және эвристикалық (эвристика (грек тілінен аударганда - табамын) - ақиқатты таба білу енері - амалдардың логикалық жүйесі және теориялық зерттеудің әдістемелік ережесі) әдістері.
Зерттеу әдістері басқару мақсаттарын анықтаудың экстраполяциялық тәсілдемесін; мақсатты функцияны және шектеулердің жиынын қамтитын экономикалық объекті моделінде қолданылатын оңтайлы тәсілдемені; объектіні алдағы кезеңге бейімдейтін бейімдеуші тәсілдемені пайдаланады.
Білімнің үш сатысы - нақты білім, тұрлаусыз білім және білімсіздік (незнание) болашақта болуы ықтимал, деп болжанып отыр.
Эвристикалық әдістер - онда міндетті түрде сарапшылар қатысады.
Дельфи әдісі - сарапшылар үлкен ұжымға топтасады әрі олар бір жерге бас қоспай-ақ, бір-бірінен тәуелсіз болып, жүйелерді дамытудың мақсаттары туралы өз пікірлерін айтады. Пікірлерін сауалға жауап қайтару түрінде білдіреді; тіпті сауал қоюшылар сарапшыларға барып, олардан жазбаша түрде жауап алып қайтады.
Түпкілікті сараптық шешімді шығару бірнеше кезеңдермен жүзеге асырылады:
- жеке сұрау салу (сауалнама);
- анықтамаларды жасау (әр қилы пікірлер турасында);
- жүйе бойынша пікірлердің бар болуы туралы сарапшылардың ақпараты.
Сараптык нұсқаларды түзету процедурасы пікірдің бір-ауызды болуына қол жеткізетін мақсаттар іріктеліп болғанша бірнеше рет жүзеге асырылады.
Операциялық ойын. Сарапшылар белгілі бір сценарий бойынша мақсаттарды қалыптастыратын нақты тұлғаның қызметін атады (имитируют)... Жалпы пікірталастыру мәжілісінде мақсаттың ең қолайлы нұсқасы таңдап алынады.
Мақсаттар ағашы әдісі. Мақсатгарды рет-тәртіпке келтіріп ұсыну мақсатгар ағашы; атауына ие болған әдіспен жүзеге асырылады.
Мақсаттар ағашы - бұл мақсаттардың арасындағы байланыстардың және бірқатар эвристикалық процедураларды қолданумен дедуктивті логика принципі бойынша құрылған мақсаттардың байланысына қол жеткізетін құралдардың графикалық бейнесі.
Әдіс болашақтағы оқиғалардың өзара байланысын нақты әдістердің тізбесін алуға дейін толық көрінісін (картинасын) көрсетуге әрі олардың салыстырмалы маңызы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Ол мақсаттардың қүрылымы мен ұйымдық құрылым арасына сәйкестік тудыру арқылы тікелей орындаушыларға дейін мақсаттарды жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
Мақсаттар ағашы иерархия түрінде берілген бірнеше деңгейдегі мақсаттардан тұрады: басты максат - I деңгейдің (басты мақсаттың) қосалқы мақсаты - II деңгейдің қосалқы мақсаты және т.б.

Басқарудың ұйымдық құрылымын ғылыми негізде кұру барлық уақытта да экономиканы басқаратын жүйенің көкейтесті міндеті болып келді.
Жүйелі тәсілдеме сандардың нормативтерін және басқарудың міндетті істерін ғылыми негізде анықтау шартын тудырады. Ол ұйымдык-басқарудың құрылымын қалыптастырушы жалпы процестің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жүйелі тәсілдеме ұйымдастыру ісін жобалаудың әлдеқайда жалпы принциптеріне бағдарланған. Жүйелі тәсілдеме ең алдымен ұйым мақсаттарының жүйелерін бірінші кезекте анықтауды ұйғарады. Өйткені олар басқару аппаратының міндетті істерінің мазмұнын әрі міндеттерінің құрылымға тудырады. Бүл кезеңнің маңызы өте зор.
Басқарудың үйымдық құрылымын қалыптастыратын әр түрлі әдістер біртұтас жүйеде қарастырылуы керек.
Бұрындары басқару іс-тәжірибесінде ұйымдық құрылымды қалыптастыратын негізгі төрт әдіс болатын:
1. Мақсаттарды құрылымдау;
2. Сараптық-талдамалык;
Баскарудагы жұйелі тәсілдемснің негіздері
3. ¥йымдык үлгілеу (организационного моделирования);
4. Ұқсастықтар (аналогий).
Бүлардың әрбіреуі әйымдық жобалау міндетін шешуде әр түрлі мәнге ие бола алады.
Басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастырушы барлық процесті үш ірі сатыға бөлуге болады:
1. Баскару аппаратының жалпы құрылымдық схемаларын қалыптастыру (композиция сатысы).
2. Негізгі бөлімшелердің құрамы мен олардың арасындағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz