Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастары



Кіріспе
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚ
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ.
1. Еңбек қатынастарының қоғамдық қатынастарындағы атқаратын ролі
2. Еңбек қатынастарының қазіргі кезеңдегі құрылымы
Қорытынды...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Еңбек құқықтық қатынаcтар анықтамасы жұмыскермен жұмыс беруші арасындағы еңбек шарты негізінде еңбекті қолдану жайындағы заңдық қатынастар. Тек құқықтық қатынастар шеңберінде ғана нақты азаматтар мен басқа субъектілердің еңбек құқықтарының нормаларында қарастырылған субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттері арасындағы байланыс бола алады, Құқықтық қатынастар субъектілердің еңбек құқығының нормаларымен реттелетін, өзара келісілген жеке – еріктік қатынастарын бекітудің қажетті және міндетті формасы болып табылады. Еңбек құқығы субъектілерінң өз құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерінің бір-біріне деген заңды талаптарының іске асуы тек құқықтық қатынастар шеңберінде ғана болады. Құқықтық қатынас тараптарының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырылуна мемлекет кепілдік береді, тиісті жағдайда мемлекеттің қолдауына сүйенуге болады.
Субъективтік құқық және заңдық міндеттер нақты құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды және оларды жүзеге асыру үшін еңбек құқығы субъектілері тарапынан нақты әрекеттер болуға тиіс. Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерінде тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері жұмыскердің жеке еңбек шартына сәйкес өзіне жұмыс берілуін талап етуі жұмыс берушінің сондай жұмыс беруге міндеттілігімен туындайды, ол жұмыскердің өзі атқарған қызметі үшін еңбекақы алуға құқығы жұмыс берушінің еңбекақыны келісілген мөлшерде және мерзімде беріп тұру жөніндегі міндетінен туындайды. Еңбек құқығында екі жақты, кейбір жағдайларда үш жақты болады. Бас келісімді, облыстық және салалық келісімдерді жасағанда үш жақ қатысады; кәсіподақ бірлестігі, жұмыс берушілер бірлестігі және тиісті мемлекеттік орган. Құқықтық қатынастар регулятивті болады, бұл дегеніміз – олар еңбек құқықтары субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық реттеудің осы салаға тән әдістері негізде белгілеумен байланысты болуы. Еңбектік құқықтық қатынастардың ерекшеліктері еңбек жағдайын шартта белгілеу тәртібімен, еңбекттік құқықтық қатынастар туындаған кезден бастап жақтардың теңдігі мен және жұмыскердің әрі қарайғы еңбек процесінде жұмыс берушіге бағынышты болатындығымен, еңбекті ұйымдастыруды және қолдануды орталықтан нормалау мен жергілікті реттеу арасындағы үйлесумен байланысты. Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың мазмұны тұрақты болмайды. Республикадағы экономикалық реформа және нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында еңбек туралы заңдар тез өзгеруде, сондықтан құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны да өзгереді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.-Алматы, 30.08.1995ж., Өзгерістер мен толықтырулар 21.05.2007ж., Алматы, 2008ж.
2. Қазақстан Республикасының “Еңбек кодекс”,-15.05.2007.ж. юрист.2008
3. «Кәсіби одақтар туралы» Қазақстан Республикасының заңы 9 сәуір 1993 ж. №2107.- /Қазақстан Республикасының еңбек туралы негізгі заңдарының актілері.- Алматы: Юрист, 2007ж.
4. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы 23 шілде 1999ж.- //Казахстанская правда, 6 тамыз 1999ж.; Ведомости Парламента, 2001ж, №13-14ст. 170.
5. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының заңы 23 қаңтар 2001ж.
6. «Әскери қызметшілердің контрактісі» туралы Қазақстан Республикасының заңы 20 наурыз 2001ж.- //Ведомости парламента РК, 2001ж, №8, ст 57.
7. «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы» заңы 24 наурыз 1998ж.- // Ведомости Парламента РК, 1998ж, №2-3, ст.258. (Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар 17.10.2001ж, №248-11, 06.03.2002ж.№198-11.).
8. «Мереке күндері туралы» Қазақстан Республикасының заңы 13 желтоқсан 2001ж.
9. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекіліген 19 маусым 2001ж. №836. - //САПП РК, 2001ж, №23, ст.288.
10. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы «Банкроттық салдарынан Заңды тұлғаны тарату кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу заңнамасын қолдану тәжірибесі туралы». (22 қараша 2005ж).

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық
қатынастарының жалпы сипаты.
1. Еңбек қатынастарының қоғамдық қатынастарындағы атқаратын ролі
2. Еңбек қатынастарының қазіргі кезеңдегі құрылымы
Қорытынды...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1. ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ

Еңбек құқықтық қатынаcтар анықтамасы жұмыскермен жұмыс беруші
арасындағы еңбек шарты негізінде еңбекті қолдану жайындағы заңдық
қатынастар. Тек құқықтық қатынастар шеңберінде ғана нақты азаматтар
мен басқа субъектілердің еңбек құқықтарының нормаларында қарастырылған
субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттері арасындағы байланыс
бола алады, Құқықтық қатынастар субъектілердің еңбек құқығының
нормаларымен реттелетін, өзара келісілген жеке – еріктік қатынастарын
бекітудің қажетті және міндетті формасы болып табылады. Еңбек құқығы
субъектілерінң өз құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерінің
бір-біріне деген заңды талаптарының іске асуы тек құқықтық қатынастар
шеңберінде ғана болады. Құқықтық қатынас тараптарының құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асырылуна мемлекет кепілдік береді, тиісті жағдайда
мемлекеттің қолдауына сүйенуге болады.
Субъективтік құқық және заңдық міндеттер нақты құқықтық
қатынастардың мазмұнын құрайды және оларды жүзеге асыру үшін еңбек
құқығы субъектілері тарапынан нақты әрекеттер болуға тиіс. Еңбек
құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың жекелеген түрлерінде
тараптардың субъективтік құқықтары мен міндеттері жұмыскердің жеке
еңбек шартына сәйкес өзіне жұмыс берілуін талап етуі жұмыс
берушінің сондай жұмыс беруге міндеттілігімен туындайды, ол
жұмыскердің өзі атқарған қызметі үшін еңбекақы алуға құқығы жұмыс
берушінің еңбекақыны келісілген мөлшерде және мерзімде беріп тұру
жөніндегі міндетінен туындайды. Еңбек құқығында екі жақты, кейбір
жағдайларда үш жақты болады. Бас келісімді, облыстық және салалық
келісімдерді жасағанда үш жақ қатысады; кәсіподақ бірлестігі, жұмыс
берушілер бірлестігі және тиісті мемлекеттік орган. Құқықтық
қатынастар регулятивті болады, бұл дегеніміз – олар еңбек құқықтары
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық реттеудің осы
салаға тән әдістері негізде белгілеумен байланысты болуы. Еңбектік
құқықтық қатынастардың ерекшеліктері еңбек жағдайын шартта белгілеу
тәртібімен, еңбекттік құқықтық қатынастар туындаған кезден бастап
жақтардың теңдігі мен және жұмыскердің әрі қарайғы еңбек процесінде
жұмыс берушіге бағынышты болатындығымен, еңбекті ұйымдастыруды және
қолдануды орталықтан нормалау мен жергілікті реттеу арасындағы үйлесумен
байланысты. Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастардың мазмұны
тұрақты болмайды. Республикадағы экономикалық реформа және нарықтық
қатынастардың қалыптасуы жағдайында еңбек туралы заңдар тез
өзгеруде, сондықтан құқықтық қатынастардың сипаты мен мазмұны да
өзгереді. Еңбектік құқықтық қатынастары негізгіі болып табылады, олар
еңбек құқықтарының нориаларымен реттелетін қатынастар жүйесінің өзегі
болып саналады. Тек осы еңбектік құқық қатынастары ғана жұмыс берушілер
мен жалданбалы еңбек адамдарының еңбектік құқық қатынастарына тән
ерекшеліктерін білдіреді. Еңбек қатынастарымен тығыз байланысты басқа да
қатынастардың ерекшелігі – олар еңбектік құқық қатынастары объективті
қажеттіліктен туындайды, себебі әңгіме жұмыскерлер ұжымының бірлескен
еңбегің ұйымдастырудың, адамдардың өндіріс процесіндегі іс-қимылын
үлестірудің қажет екенліні жайында: еңбектің орғалуын және еңбек
заңнамасының сақталуын қадағалауға қатысты қатынастар еңбекті қорғау
туралы заңдардың және басқа да нормативтік актілердің сақталуына жалпы
және арнайы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тұрақты жүзеге асыруды
өндірістің қажет етіп отырғандығынан туындайды. Еңбектік құқық қатынастар
жинақталып құқық қатынастарының еңбек құқығының мәнін құрайтын біріңғай
жүйесін береді.
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар жүйесі: а) еңбектік құқық
қатынастары; ә) жұмысқа орналастыру бойынша қатынастары; б) ұйымдық-
басқару құқық қатынастары; в) жұмыскерлерді кәсіби даярлау бойынша
құқық қатынастары; г) әлеуметтік- экономикалық қатынастар; д) еңбектің
қорғалуын және еңбек эаңдарының сақталуын қадағалау бойынша
қатынастары; ж) еңбек дауларын қарау бойынша қатынастарынан тұрады.
Еңбектік құқық қатынастарының олардан туындайтын басқа қатынастар
мен өзара байланысьары – жұмыскерлердің еңбегін кәсіпорынның еңбек
ұжымы шеңберінде ұйымдастыру және қолдану. Ал олардың айырмашылығы –
олар негізінен субъективтік құқықтар мен міндеттердің мазмұны мен сонымен
қатар туындау, өзгеру және тоқтау негіздері бойынша өзгешеліктермен
байланысты.
Еңбектік құқық қатынастарынан туындаған барлық қатынастар,
уақыттық крийтерилер бойынша үш топқа бірігеді: 1) еңбектік
қатынастардан бұрын алған; 2) еңбектік қатынастар мен бірге жүретін; 3)
еңбектік қатынастартдан туындайтын. Бұрын болған құқықтық қатынастар,
еңбектік қатынастардың алдында туындап тоқтайды.Оларға жұмыспен
қамтылу және жұмысқа орналастыру бойынша, кәсіби даярлық бойынша
құқықтық қатынастар жатады.Бірге жүретін құқықтық қатынастар еңбек
қатынастарымен бірге туындап, бірге жүреді. Оларға ұйымдық-басқару
құқық қатынастары, еңбектің қорғалуынжәне еңбек заңдарының сақталуын
мемлекеттік қадағалау және бақылау бойынша құқықтық қатынастар,
әлеуметтік-экономикалық қатынастар, еңбек дауларын шешу бойынша
қатынастар жатады.Бірге жүретін құқықтық қатынастардың қызметтік рөлі-
олар еңбек қатынастарының сақталуына дұрыс жағдай тудырады. Еңбек
қатынастарынан туындайтын құқықтық қатынастар сол еңбек қатынастары
тоқтаған кезден туындайды, олар бір жағдайда жұмыстан шығарылған
жағдайда материялдық қамтамасыз етуге,ал бір жағдайда- заңсыз
жұмыстан шығарылған адамды жұмысқа қайта орналастыруға бағыттылық
алады.
Еңбек қатынастарына қатысушылар өзара субъективтік құқықтармен
және міндеттермен байланысты, олардың орындалуына мемлекет заңда
белгіленген әртүрлі шаралар және міндеттердің орындалмағагы үшін
көзделген жаукаптылық арқылы кепілдік береді. Еңбек құқығы теориясы
мен заңдама еңбектік құқық қатынастарына жақтардың белгілі бір еңбек
қызметін, жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде жүзеге асыру
барысында жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы туындайтын қатынастар
жатады. Еңбек қатынастарының мазмұнында – бір жақ ішкі еңбек
тәртібіне бағына отырып белгілі бір мамандық, кәсіп немесе лауазым
бойынша жұмыс орындауға міндетті, ал екінші жақ оған заңдамада,
ұжымдық шартта және келісімде көзделген еңбекақыны төлеуді және
еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндетіне алады. Еңбек құқығының
нормаларымен реттелген еңбек қатынасы жақтарының субъективті
құқықтары мен тиісті міндеттері түрінде байланыстың заңдық формасын
алады. Екі жақты сипаттағы байланыс жұмыскер мен жұмыс берушінің
еңбектік құқық қатынастарының мазмұнын құрайтын міндеттерін қамтиды.
Еңбектік құқық қатынастары азаматты нақты кәсіпорынның еңбек
ұжымының құрамына кіргізуді қажет етеді, содықтан сол ұжымның
қызметкеріне айналады. Еңбек ұжымына кіргізу – еңбектік құқық
қатынастарының анықтауыштық белгісі, ол жұмыскерлердің еңбек міндетінің
сипатына қарамайды.
Азаматты кәсіпорынның еңбек ұжымына кіргізу фактісі еңбектік
құқық қатынастарының басқа бір өзіндік ерекшеліктерімен байланысты.
Жұмыс берушінің келісімінсіз жұмыскер осы жұмысты орындай
алатын басқа адаммен алмастыра алмайды. Жұмыскердің өзіне
тапсырылған, мамандықтың, кәсіптің немесе лауазымның белгілі бір түріне
жататын еңбек міндетін орындауы еңбектік құқық қатынастарының
объектісі болып табылады. Жұмыскердің еңбек міндеттерінің тегін
анықтау еңбектік құқық қатынастарының өзінше нышаны, ол жақтардың
уақытша міндеттерін белгілеумен байланысты және еңбектік құқық
қатынастарының ары қарайғы тағдырына әсерін тигізеді.
Еңбектік құқық қатынастарының жақтарын кәсіпорынның ішкі еңбек
тәртібіне бағындыру – еңбектік құқық қатынастарына тән белгі. Еңбек
ұжымы жұмысының ішкі тәртібінің ережелерін сақтау өндірістің
объективтік қажеттілігі болып табылады, себебі ол жұмыс уақытын
ұтымды пайдаланумен, жұмысты сапалы орындаумен байланысты.
Еңбек құқығында жалақы жүйесі жұмыскердің белгілі бір
көрсеткіштерге сәйкес жұмсалған еңбегі мен ол еңбекке жасалған
төлем мөлшері арасындағы қатынасты анықтаудың тәсілі ретінде
қарастырылады. Еңбек үшін жалақы түрінде сыйақы беру жөніндегі
жақтардың құқықтары мен міндеттері – еңбектік құқық қатынастарының
ажырамас нышаны.Еңбектік құқық қатынастарында ұзақ мерзімді, тұрақты сипат
бар. Бұл- еңбектік құқық қатынастарында жұмыскердің біржолғы жұмыс
тапсырмасын орындамай, тиісті кәсіпке, мамандыққа немесе лауазымға жататын
белгілі бір еңбек міндеттің орындауымен байланысты. Еңбектік құқық
қатынастарының ұзақ уақыттылық сипаты оның мазмұнына, яғни жақтардың
құқықтары мен міндеттеріне байланысты, олардың орындалу мерзімі бұл жерде
еш рөл атқармайды. Өзінің жұмыс уақытының басынын аяғына дейін өзіне
жүктелген еңбек міндетін атқарады, ал үзіліс кезінде еңбектік құқық
қатынастары үзілмейді. Еңбекті қолданумен байланысты азаматтық құқық
қатынастарында жұмысты орындаушы кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның тізімдік
құрамына кіргізілмейді. Ал жақтардың міндеттемесі жұмыстың орындалу
процесіне емес, оның ақтық нәтижесіне қатысты белгіленеді. Тапсырыс беруші
акінші жақтан өздері алдын ала келіскен нақты- жеке жұмыстың орындалуын
талап ете алады, тек айрықша жағдайда ғана жұмыскерге ол жұмысқа
қабылданғанда көзделген жұмыс тегіне жатпайтын тапсырма жүргізуге жол
беріледі.
Өндірістік кооперативтер мүшелерінің еңбек қатынастары Қазақстан
Республикасының Президентінің 5.10.1995 ж. Өндірістік кооператив туралы
заң күші бар Жарлығымен және кооперативтің құрылтай құжаттарымен, ал
кооперативте жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбек
қатынастары- еңбек туралы заңмен реттеледі. Кооперативте жұмыс істеген
уақыт еңбек өтіліне кіреді. Ал кооперативте еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтін адамдар жалдамала қызметкердің
еңбек ұжымын құрайды. Кооперативтік ұйымдарда еңбекті ұйыдастыркдың
жеке қолданудың ерекшелігі, еңбектік құқық қатынастары мұшелікпен
байланысты кешенді қатынасиардың табиғи бөлігі болып келеді.
Еңбектік құқық қатынастары жақтарының бірқатар нақты
өкілеттіліктерінен және оларға сай міндеттерінен тұрады. Оларға жұмыс
уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі, еңбекті қорғау,
материалдық жауаптылық бойынша құқықтық қатыснастар жатады.
Еңбектік құқық қатынастарының субъектідері ретінде, бір жағынан
жұмыс - беруші танылады. Жақтар ажырамас заңдық қасиет ретінде
еңбектік құқық субъектілікті иемденеді және еңбектік құқық
қатынастарының субъектілері бола алады.
Еңбек қатынастарның құқықтық реттеу тетігі жақтардың әс
жүзіндегі әрекетінің еңбек құқығы нормаларының талаптарына сай
келуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл нормативтік-құқықтық
міндеттеулерді еңбектік құқық қатынастары жақтарының субъективтік
құқықтары мен заңдық міндеттеріне аудару жолымен жүзеге асырылады.
Азаматтар мен жұмыс берушілердің негізгі құқықтарына: азааттардың еркін
еңбекке, қызмет түрін және кәсіпті еркін таңдауға құқығы; еңбектің
ыңғайлы және қауіпсіз жағдайына, дем алуға, заңда белгіленген ең аз
мөлшерден кем емес еңбекақыға құқығы кіреді. Бұл құқықтарды нақтылау
және бөлшектеу оларды еңбектік құқық қатынастарының ңақты
субъектілерінің субъективтік құқықтарының қатарына жатқызады. Бұл
жағдпйда субъективтік құқық қатынасы мазмұнының элементі ретінде
мына мүмкіндіктерді қамтиды: жұмыскердің өзінің немесе жұмыс берушінің
белгілі бір іс-қимылын, міндетті субъектілерден тиісті іс-қимылдарды
талап етуді, міндеттемені басұа жақ орындалмаған немесе дұрыс
орындамаған жағдайда мәжбүрлеу тетігін пайдалануды. Еңбек туралы заң
жұмыскерге белгіленген тәртіпте жұмыс берушімен жеке еңбек шартын
жасауға, өзгертуге және бұзуға, бірдей еңбек үшін еш кемітусіз бірдей
еңбекақы алуға; қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін
еңбек жағдаына; егер өзге заң актілеріне басқадай көзделмеген болса
кәсіпшілер одағына немесе басқа қоғамдық бірлестіктерге еркімен
мүше болуға; демалысқа; өзінің еңбек міндетін оындау кезінде
денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянды өндіріп алуға; өтем және
кепілдеме алуға; жақтардың келісімі бойынша немесе сот арқылы еңбек
дауларын шешуге; жұмыс берушіден жеке еңбек шартында екінші жақтың
мүддесін білдіретін лауазымды адамның өкілеттілігін растауын талап
етуге; ұжымдық шатты жасауға қатысуға және жұмыс берушінің актілерімен
танысуға, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге құқылы.
Субъективтік еңбек міндеттері еңбектік құқық қатынастарына
қатысушы жақ ретіндегі жұмыскердің тиісті іс-қимылымен байланысты.
Жұмыскердің міңдетіне: жеке еңбек, ұжымдық шарттарына және жұмыс
берушінің актілеріне келісілген еңбек міндеттерін адал орындау; жұмыс
процесінде жұмыс берушіге материалдық зиян келтіріне жол бермеу;
еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі
талаптарын орындау; жеке еңбек шартына сәйкес өзіне сеніп
тапсырылған, қызиеттік, комерциялық жіне заңмен қорғалатын және
басқадай құпия болып табылатын деректерді жария етпеу; адамдардың
өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлердің
мүліктерінің сақталуна қауіп төндіретін жағдайдың туындағанын
хабарлау жұмыскрдің жалны еңбек міндеттері кәсіпорынның ішкі еңбек
тәртібінің ережелерінде, лауазымдық нұсқаулар мен ережелерде мамандық
бойынша анықтамаларда нақтыланады.
Еңбектік құқық қатынастарында ұзақ уақыттылық сипат болғанымен,
олар өзгеріссіз қалмайды. Өмірдегі болып тұратын жағдайлар оларды
туындаты, өзгертеді және тоқтадады. Құқық теориясында мұндай мән-
жайлар заңдық фактілер деп аталады. Ал, кейбір фактілердің болуы
азаматқа еңбектік құқықсубъектілі иемденуіне мүмкіндік тудырады.
Еңбектік құқық қатынастарының туындауының өзіндік ерекше
негіздемесіне жеке еңбек шарты жатады. Бұл сапада еңбек шарты заң
актісі, яғни еңбектік құқық қатынастарын белгілеу мақсатында
жасалған заңды әрекет деп қарастырылады. Алайда еңбектік құқық
қатынастарының өзінің құрамы жағынан күрделі заң фактісі негізінде
туындайтын жағдайлар да кездеседі. Бұл дегеніміз еңбктік құқық
қатынастарының еңбек шарты және қосымша акт негізінде туындауы
мүмкін.
Жалпы ереже бойынша еңбектік құқық қатынстарының өзгеруі
жақтардың келісімі арқылы да болуы мүмкін. Бұл ретте ауыстыруға
келісім анық және нақты көрсетілуі тиіс. Өндірістнақажеттілік бойынша
немесе өндірістің тоқтап қалуына байланысты басқа жұмысқа уақытша
астырылған жағдайларын басқа реттерде уақытша аустыруға да
жұмыскердің келісімі керек. Бұл көрсетілген жағдайларда басқа жұмысқа
аустыру туралы ынта жұмыс берушіден шығады. Егер еңбектік құқық
қатынастарын өзгерту туралы ынта жұмыскерден шықса, онда оған жұмыс
берушінің рұқсаты керек.

2. Еңбек қатынастарының қазіргі кезеңдегі құрылымы

Мемлекеттік органдар еңбек құқығының мәртебесі жағынан еңбек құқығының
өзгеше субъектісі болып табылады. Күшіндегі заңдарға сәйкес мемлекеттік
басқару және бақылау функцияларын орындауға құқылы, белгіленген тәртіпте
құрылған мемлекеттік мекемелер мемлекеттік органдар болып табылады.
Өз деңгейлеріне қарай мемлекеттік органдар респібликалық, аймақтық және
жергілікті болып бөлінеді. Республиканың барлық аумағында қызметін жүзеге
асыратын және өкілеттілі жүретін мемлекеттік органдар республикалыққа
жатады. Екі және одан көп облыстардың аумағында қызметін жүзеге асыратын
және өкілеттілігі жүретін мемлекеттік органдар аймаққа жатады. Тиісті бір
әкімшілік-аумақтық бөліністе (облыс, республикалық деңгейдегі қала немесе
астана, т.б.) қызметін жүзеге асыратын және сол аумаққа өкілеттігі
таралатын мемлекеттік орган жергіліктіге жатады. Мемлекеттік органның
құрылтай құжаттарына сол органды құру туралы акт және ол жайындағы Ереже
тән.
Мемлекеттік органды бірінші басшы басқарады, оны мемлекеттің немесе
мемлекеттік органның тиісті лауазымды адамы қызметке тағайындайды және
жұмыстан босатады. Мемлекеттік органға жүктелген мақсаттың орындалуына
және өз міндетін жүзеге асыруына бірінші басшы өзі тікелей жауап береді. Ол
өз орынбасарының (орынбасарларының) және органның құрылымдық бөлімшелерінің
міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды, заңнамаға сәйкес кейбір жағдайларда
жоғары тұрған мемлекеттік орган бекітетін қызметтер номенклатурасына сәйкес
мемлекеттік органның қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады; мемлекеттік органның қызметкерлеріне белгіленген тәртіпте жаза
қолданады және басқа да құқықтарын жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметкерлерінің құқықтық жағдайлары ерекше. 1999 жылғы 23
шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы”,- Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес, Мемлекеттік органда республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаражатынан төленетін, қызмет
атқаратын, мемлекеттің мақсаттары мен қызметтерін іске асыру үшін
мемлекеттік орган атынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы туралы
Еңбек құқығының әдісі
ҚР еңбек құқығы
Еңбек құқығының ұғымы
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас субъектілері жән объектілері
Адвокатура және нотариат-түсінігі
Нарықтық қатынас жағдайында еңбек құқық қатынастарының жалпы сипаты
Еңбектік құқық қатынастарының ерекшеліктері
Еңбекке құқық қабілеттілігі
Пәндер