Дүниежүзілік сауда ұйымы


ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ: ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 4
1. 1 Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылу тарихы . . . 4
1. 2 Дүниежүзілік сауда ұйымының міндеттері мен құрылымы және оған кіру жолдары . . . 7
2 ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ ЖОЛЫНДА . . . 11
2. 1 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолындағы проблемаларын талдау . . . 11
2. 2 Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелері шеңберіндегі ұлттық экономиканы қорғау әдістері . . . 13
2. 3 Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейінгі Қазақстан экономикасының даму болашағы . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25
ҚОСЫМША . . . 26
КІРІСПЕ
«Соңғы жылдары экономикамыз алға жылжыды, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды, рухани дүниемізде де ілгерілеушілік бар. Ендігі мақсат- Қазақстан әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті ең озық елу елдің қатарынан орын алуы», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев халыққа арнаған жолдауында болашақ мұраттарымызды айқындап берді. /1/ Біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту ДСҰ- ға кіруіне байланысты айқындалатындықтан, курстық жұмыстың тақырыбын өзекті деп санаймыз.
Қазақстанның ДСҰ- ға кіруге ұмтылысы әлемдік қауымдастықпен өзара саудада бірыңғай және барлық елдер мойындап отырған халықаралық ережелерді қолдануға өту қажеттілігінен туындағандықтан, курстық жұмысымыздың мақсаты- Қазақстанның ДСҰ- ға кіру процесіне зерттеу жүргізіп, қазіргі кезеңдегі оның іске асу проблемаларын айқындау.
Қойылған мақсатқа байланысты орындалатын жұмыстың міндеттері:
- ДСҰ- ның дамуының эволюциясын мазмұндау;
- Қазақстанның ДСҰ- ға мүшелікке өту процесінің қазіргі жағдайына шолу жасау;
- ДСҰ- ға кірудің артықшылықтары мен салдарларына жан- жақты талдау;
- ДСҰ- ға мүше елдердің тәжірибесіне көз жүгірту;
Курстық жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады . Бірінші
бөлім екі бөлімшеден құралған. Онда ДСҰ- ның құрылу тарихы, негізгі атқаратын міндеттері, жұмыс істеу механизмі, оған кіру жолдары туралы баяндалған. Үш бөлімшеден тұратын екінші бөлімде Қазақстанның ДСҰ- ға кіру жолындағы проблемаларына талдау жасалып, ДСҰ- ның ережелері шеңберіндегі ұлттық экономиканы қорғау әдістері талқыланып, ДСҰ- ға енген елдердің тәжірибесіне шолу жасалынған. Қорытынды бөлімде жұмыстан қорытынды шығарылып, ҚР- ның ДСҰ- ға кіру жолындағы мәселелері мен оны шешу жолдары ұсынылды.
Тақырыбты талқылауда көптеген қазақ және орыс экономистері өз үлестерін қосты. Атап айтатын болсақ, М. Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар», И. И. Димулен «ВТО», И. В. Зенькин «ВТО в схемах», Е. В. Скурко «ВТО: введение в правовую систему», А. Е. Есентугелов, Р. Алшанов, тағы басқалары.
1 ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ: ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ, ҚЫЗМЕТТЕРІ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
- Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылу тарихы
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) Уругвай раундының соңғы апталарында пайда болды. Бұрын қарастырылған құжаттарда - раунды ашқан Пунта - дель - Эсте Декларациясының министрлер деңгейіндегі шешімдері бірінші рет Брюссель қаласында Министлер мәслихатында таныстырылды, бірақ ГАТТ- тың ДСҰ болып ауыстыру мәселесі қарастырылмады. Алайда 1988 жылдың аяғынан бастап ГАТТ шеңберінде ұйымдық механизм жасау туралы келіссөздер жүргізіліп келді.
1990 жылдың 9 шілдесінде Еуропалық Одақ ДСҰ- ны құруға ресми ұсыныс жасады. Дәл осы уақытта Швейцарияда ГАТТ- тың өкіметаралық органдарын халықаралық ұйымда қайта құру және Бреттон- Вуд экономикалық жүйесінің бір буыны деп қарастыруға ұсыныс жасаған болатын.
1990 жылы 18 қазанында АҚШ ГАТТ- тың басқарушы Кеңесін жасауға ұсыныс жасады, ол кең функциялар атқара алды және болашақта ГАТТ- тың ізбасары болатын ұйым жасауға дайындық, бақылау жүргізетін болды.
1991 жыл Қорытынды келіссөздер актінің жобасы жарияланды, онда ДСҰ туралы ұсыныстар болды, бірақ қатысушы елдер арасындағы келіспеушілік бұл сұрақтың шешілмеген күйде қалуына себеп болды.
1992- 1993 жылдар арасындағы жұмысының негізгі қарастырған мәселелердің бірі- ДСҰ- ны құру туралы келісімдер жобасын құрастыру болды. Осы мәселе 1993 жылдың 15 желтоқсанында Уругвай раунды аяқталғанша өз жалғасын тапты.
Жаңа ұйым атауына келер болсақ, ол ресми түрде Қорытынды келіссөздер актіне қол қояр алдында бірер минут бұрын «Халықаралық» (International) cөзі « Дүниежүзілік » (Word) cөзіне ауыстырылды.
1994 жылдың 15 сәуірінде Марракеш қаласында келіссөздердің аяқталғаны туралы ресми құжат- Қорытынды актіге- 111 мемлекет қол қойды, оның 104- і ДСҰ мекемесін құру туралы келісімге қол қойды.
Уругвай раундының қорытындысын бағалау үшін оның бастапқы кезеңіне және ең ұзақ уақытты қамтыған көпжақты келіссөздер турына тоқталып өту қажет.
Уругвай раундына дайындық 1979 жылы Токио- раунды аяқталысымен басталды. Бұл раунд көптеген сұрақтарды шешілмеген күйінде қалдырған еді. Сонымен қатар, 1980 жылдардың ГАТТ- тың заңдық, әкімшілік және басқару мүмкіндіктерінің арасында алшақтық анық байқалды.
Жаңа раундты бастауға АҚШ мемлекеті түрткі болды. 1984 жылы АҚШ президенті Р. Рейган келіссөздердің жаңа раундын ашуға ұсыныс жасаған болатын.
1984- 1985 жылдар келіссөздердің белсенді жүрген кезеңі болды, онда бірте-бірте келешек келіссөздер бағдарламасы мен сызбасы қалыптасты. АҚШ- тың ұсынысына көптеген дамыған және дамушы елдер қарсы болды. 1985 жылы ГАТТ шеңберіне министрлер деңгейінде мәслихат шақыру туралы шешім қабылдаған.
1986 жылдың басында ГАТТ аясында көпжақты келіссөздердің жаңа 8- раундының бағдарламасы мен ұйымдастыру схемасы жасалды. Бұл раунд 1986 жылдың қыркүйегінде Уругвайда Пуньта- дель- Эсте қаласында ашылып, «Уругвай раунды» деген атауға ие болды. Пунта- дель- Эстеде қол жеткізген компромис ГАТТ тарихында қатысушы елдер саны мен қарастыратын сұрақтар шеңберінің ең кең көлемді келіссөзін ашты.
ГАТТ ережелеріне және принциптеріне сәйкес халықаралық сауда жүйесін либерализациялау, дамыту негізінде министрлер мәжілісінде қабылданған және декларацияда қалыптасқан жаңа келсімнің мақсаты- дүниежүзілік сауда үлесін көбейту.
Келіссөздер бағдарламасы 4 негізгі мәселені қамтыды:
- Алдыңғы раундта шешілмей қалған проблемалар;
- Бұрын ГАТТ қарамағына қағаз жүзінде кірген салалар, бірақ қарастырылмаған сұрақтар;
- 1982 жылы ГАТТ жұмыстың бағдарламасында қалыптасқан сұрақтар;
- ГАТТ қарамағына кірмеген жаңа проблемалар;
Сонымен қатар, ауылшаруашылық және шикізаттың халықаралық саудаға шығаруына байланысты санитарлық шектеу қою, субсидия беру сияқты мәселерді де қарастырды. Сөйтіп жаңа раунд аяқталмай жатып ГАТТ халықаралық саудадағы заңдық фукнцияларын біршама жаңартты. Онда халықаралық саудада жаңа әкімшілік- заңдық жүйеге сүйенген механизм құрау негізгі бағыт болды. Бұл Уругвай рандының ерекшіліктерінің бірі.
Пунта- дель- Эсте декларациясы екі бөлімнен тұрады:
- тауар саудасы;
- қызмет көосету туралы келіссөздер; /2, w. w. w. google. kz. /
ДСҰ әлемнің біртұтас нарыққа айналуының және әлемнің әр түрлі елдеріндегі экономикалық заңдардың унификациясы мен кеден кедергілерінің төмендетудің маңызды құралы болып табылды.
ДСҰ еңбек ресурстары мен тауарлардың, капитал мен қызмет көрсетулердің еркін жылжуы бойынша қабылданған ережелер мен қағидаттар негізіндегі ғаламдық экономикалық интеграцияны қамтамасыз ететін Дүниежүзілік еркін сауда аймағын құруға бағытталған.
Ал енді ДСҰ- ның құрылу тарихына көз салайық. ДСҰ бастапқы кезінде ГАТТ ретінде белгілі болды. Яғни ол сауда және тарифтер бойынша бас келісім ретінде танылды. ГАТТ (General aqreement an tries and trade, GATT) - 1947 жылы 30 қазанда Женевалық конференцияда 23 мемлекетпен қол қойылған және 1948 жылы 1 қаңтардан бастап іске енген міндеттеме келісім шарт болып табылады. Ол өз кезегінде халықаралық сауда қатынастарының ережелерін бекітті және халықаралық сауда жүйесіндегі шешілмеген мәселелерді шешу мақсатында көп жақты келіссөздер үшін мүмкіндіктер туды. Кеден, баж салықтарының біртіндеп төмендеуі, оның мүшелерін импорттық шектеулерден бас тартуын қамтамасыз етті.
Келісімнің құрамында 1994 жылы 120- ға жуық мемлекет мүше болды. Келісімшарт әлемдік сауданың либерализациясын қамтамасыз ету үшін тұтастық қағидатына негізделді. Кеден Одақтары мен Еркін сауда аймақтарынан басқа, барлық келісім жүргізуші жақтар саданың жақсаруына жағдай жасау міндетін қолға алды. Ұлттық өндіріске байланысты протекционизм тек қана кеден тарифтері түрінде ғана жіберіледі, импорттық квоталармен және тағы басқа шектеулерге тыйым салынды. ГАТТ келісімшарты сонымен қатар мүше болған елдер арасына тариф шектеулерін бекітті және ГАТТ- тың басқа мүшелерінен қауіп төнген немесе құқықтары бұзылған елдердің шағымдарын қарастыру жүйесі енгізіледі. ГАТТ- тың басты жұмыс істеу формасы ол- көпжақты келіссөздер жүргізу, олар бір жылдан артық жалғасуы мүмкін, сондықтан олар «раундтар» атауын иеленеі. ГАТТ бойынша сауда келіссөздерінің 8 раунды өтті: 1947 жылы- 23 мемлекет қатысты, 1949 жылы- 13 мемлекет, 1951 жылы- 38 мемлекет, 1956 жылы- 26 мемлекет, 1969- 1967 жылдары (Кеннеди раунды) - 62 мемлекет, 1973- 1979 жылдары (Токио раунды) - 102 мемлекет, 1986- 1994 жылдары (Уругвай раунды) - 111 мемлекет қатысты. Келіссөздер нәтижесінде кеден тарифтерінің орта деңгейі 40 пайыздан 4 пайызға дейін елеулі мөлшерде төмендеді. Женевада өткен Кеннеди раунды тауарлардың тұтас топтарына тарифтерді төмендету туралы бірінші рет қарастырылуымен ерекшеленді, оның алдында тарифтер бойынша жеке тауарлар туралы ғана сөз қаралған болатын.
Алдыңғы келіссөздерге қарағанда Токиялық раундта саудадағы тарифтік және тарифтік емес кедергілердің проблемалары қарастырылған болатын. Уругвайлық раунд бұдан басқа жаңа сұрақтар қарастырумен ерекшеленеді: қызмет көрсетулер саудасы; интеллектуалдық жеке меншік құқығын қорғау және инвестициялық шараларды іске асырумен байланысты болды.
ГАТТ- дамушы елдердің сауда проблемаларына ерекше көңіл аударды. 1964 жылы Халықаралық сауда Орталығы құрылды ( 1968 жылдан бастап ЮНКТАД- пен бірге жұмыс істеді) . Ол экспорттық нарықтар бойынша ақпараттарды беріп тұрды және дщамушы мемлекеттердің экспортына көмектесетін бағдарламалардың құрастырылуымен іске асуына жағдай жасады. 1965 жылы ГАТТ- қа « Сауда және даму» атты бөлім енгізілді. Ол дамушы мемлекеттерге дамыған мемлекеттермен біржақтылық негізде сауда жүргізуге мүмкіндік берді.
ГАТТ Хатшылығы Женева қаласында тұрақты штаб- пәтерін иеленді, ол министрлер деңгейінде сессияларды ұйымдастырып тұрды немесе әлемдік сауда бойынша аналитикалық және статистикалық мәліметтерді шығарып тұрды. 1995 жылдан бастап ГАТТ және оның Хатшылығы ДСҰ- ның негізін қалады. /3, б. 4- 25/
- Дүниежүзілік сауда ұйымының міндеттері мен құрылымы және оған кіру жолдары
ДСҰ- ның қызмет ауқымының қандайлық екенін мынадан- ақ байқауға болады: оның ережелері мен жасалған келісімдер әлемдік сауданың 95 пайыздан астамын реттейді.
ДСҰ- ның басты мақсаты, оның өмір сүруінің мәні дүниежүзілік сауданы мейлінше ырықтандыру және соның негізінде кіріккен, неғұрлым өміршең әрі тұрақты көпжақты сауда жүйесін құру болып табылады.
Осынау ірі сауда ұйымының негізгі функциялары мыналарды қамтиды: көпжақты және қатысушылардың саны шектеулі сауда келісімдерін реттеу мен жүзеге асыру; көпжақты сауда келісімдері үшін форум ретінде әрекет ету; сауда дауларын реттеудің жолдарын іздестіру; ұлттық сауда саясатын бақылау; жаһандық экономикалық саясатты қалыптастыруға қатысушы басқа да халықаралық мекемелермен ынтымақтастық.
ДСҰ- ның басты ерекшілігі осы ұйымға мүше- елдер арасында халықаралық сауда ережелерін және дұрыс қорғаныш шараларын жасау.
Енді бүкіл дүниежүзілік сауда- экономикалық кеңістікті қамтуға ұмтылатын сауда- экономикалық жүйе, ДСҰ- ның іс- тәжірибесі мен құрылымын қарастырайық.
ДСҰ- ның бас орталығы Швейцария астанасы Женева қаласында орналасқан. Бұл ұйым 1995 жылдың 1 қаңтарында Уругвай раундының қорытындысы негізінде құрылған болатын. Бұл ұйымның бюджеті 127 миллион швейцар франкісі (2005 жылғы мәлімет бойынша) , яғни АҚШ-тың 80 миллион доллары көлемінде. Штатында 500 қызметкер жұмыс істейді. Басшысы Бас директор ДСҰ- ның басқару органы- министрлер конференциясы. Ол сауда немесе шетел министрлер деңгейінде екі жылда бір рет шақырылады.
Конференцияның уәкілділігі ең өзекті сұрақтар бойынша шешімдерді қабылдау, ағымдағы басқаруды және келісімдердің орындалуын Бас Кеңес атқарады. Ол Женевада жылына бірнеше рет шақырылады. Бас Кеңеске, әдетте, елшілер немесе ДСҰ- ға мүше елдердің басшылары қатысады.
ДСҰ- ның басқару құрылымы: жоғары орган- конференциясы; Атқарушы орган- Бас кеңес; Администрациялық орган- Хатшылық; ДСҰ- ның Бас директоры- Супачай Панитчпакди. /4, б. 5- 12/
Дүниежүзілік ұйымының құрылымындағы негізгі позиция оның жоғарғы органы министрлер конференциясы билігінде.
Дегенмен, ДСҰ- ның ағымдағы жұмыстарын бірқатар көмекші органдар атқарады. Атқарушы органдардың негізгісі Бас Кеңес Конференция атынан атқаратын өзінің күнделікті қызметін бөлек Бас Кеңес екі нақты қызмет- сауда саясатын талдаушы және шиеленістерді реттеуші органның жұмыстарын қоса жүргізеді. Бас Кеңес бұлардан басқа тауарлар сауда жөніндегі кеңеске және интелектуалдық меншіктің сауда- құқықтық аспектілері жөніндегі кеңеске өзінің өкілеттігін тапсырады.
ДСҰ- ның бір мүшесіне жасалған жағдайлар немесе концессиялар осы ұйымның басқада мүшелеріне таралатындығына кепілдік беретін неғұрлым қолайлы жағдайлар туғызу принциптерін қабылдау; импорттық тауарлар рынокқа түскеннен кейін олардың ел ішінде өндірілген осыған ұқсас тауарларға жасалғаннан кем түспейтіндей қолайлы режимге ие болуын талап ететін ұлттық режим принциптерін қабылдау; транспаренттік, яғни ішкі құқықтық құжаттардың ашықтығы, мөлдірлігі; кедендік тарифтеу барлық елде дерлік отандық экономикалық өнімдерін қорғау жөніндегі белгілі бір шаралардың сақталуымен қоса жүргізіледі. Соңғысы шетелдік тауарлар мен қызметтердің ұлттық рыноктарға баса- көктеп енуінің әсерінен сақтандыратын тосқауылдар жасалуына бағытталған толып жатқан келіссөздердің тақырыбы болып табылады. Бұл өз елінің өндірушілері үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылатын әлемдік шаруашылыққа қатысушылардың табиғи реакциясы. /5, б. 23- 29/
ДСҰ- ның құқықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген болатын:
- Мемлекет аралық сауда қарым- қатынастарды бір- біріне ең қолайлы жағдай жасау. Осы тәртіпке сәйкес келісім шарт жасаған елдер бір- біріне жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасалған келісім автоматты түрде басқа мүше елдерге де міндетті;
- Дискриминациялау принципі. Бұл принципке сәйкес ГАТТ- қа қатысушы елдердің барлығының сауда қарым- қатынастары тең құқықтық жағдайда атқарылуы тиіс;
- Ұлттық рынокты қорғауда мүмкіндігінше тарифтік құралдарды қолдану, импорттық тауарларды тағы басқа тарифтік емес шектеулерді алып тастау;
- Көп жақты келіс сөздер арқылы кеден бажын прогрессивті түрде төмендету;
- Дамушы елдермен қарым- қатынастарды преференциялар (жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру;
- Сауда- саттық қатынастардағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер арқылы шешу.
ДСҰ жөніндегі келісім (XI, XII, XIV бап ) бұл ұйымға кірудің бірнеше жолдарын көрсетеді.
Қазіргі уақытта ДСҰ- ға кіру XII бап бойынша жүзеге асады, онда әр мемлекет ДСҰ- ға және осы ұйымға мұше елдер арасындағы көпжақты келісімдерге қатыса алады делінген.
ДСҰ-ға кіру процедурасы бұрынғы ГАТТ кезіндегі кіру шарттарынан әлдеқайда өзгеше. ДСҰ мекемесі туралы келісөз сыртқы сауданың көптеген бағыттарын қамтиды, ГАТТ шеңберіне кірмеген. Бұл өз кезегінде ДСҰ- ға мүше- ел болып кіретін мемлекет туралы кең көлемде ақпарат алу қажеттілігін туғызды.
ДСҰ- ға кіру процедурасы келесідей көрініс алады. Талапкер мемлекет XII бап бойынша ДСҰ- ның Бас директорына өзінің осы ұйымға қосылғысы келетіндегі туралы хабарлау керек. Бұл арыз Бас кеңесте қарастырылып, ол Жұмысшы топ құрады. Жұмысшы топтың міндеті мынандай: XII бапқа сәйкес ұйымға кіру туралы өтінішті зерттеу және Бас кеңеске ( Министрлер конференциясы) кепілдеме дайындау. Жұмысшы топқа қатысу барлық мүше елдер үшін ашық.
Келіссөздердің жүргізілу уақытын айту өте қиын, өйткені ол бірнеше жылдарға созылуы мүмкін. ДСҰ- ның тәжірибесіндегі 2- 3 жылға созылған келіссөздер бар. Олардың арасында ең ұзақ өткен келіссөздер Қытай Халық Республикасының қосылуымен байланысты ( 15 жыл) . Мемлекеттердің қосылу сипатты иеленеді. Жұмысшы топ ұйымдастырылғаннан кейін ДСҰ Хатшылығы өтініш берушінің ережелері туралы хабардар етеді және сыртқы сауда режимі туралы Меморандумды дайындауға ұсыныс жасайды.
Әдетте, меморандумның мазмұнына мемлекеттік экономикалық саясаты, оның мемлекеттік және құқықтық құрылымы сыртқы саудалық саясат, интелектуалдық меншік құқығы жөнінде мәлімет, тауарлар мен қызметтердің сыртқы сауда статистикасы туралы мәліметтерді кіргізеді.
Сонымен бірге өтініш беруші мемлекет ДСҰ- ның Хатшылығына сыртқы саудаға қатысты материалдарды береді: кеден тарифі, заңдар мен бұйрықтар және тағы басқа құжаттар.
Материалдар ресми тілдерінің үшеуінің біреуінде берілуі мүмкін (ағылшын, француз және испан тілдері) .
Жұмысшы топ мемлекеттің сыртқы сауда режимін, заңдарын және оның қолдауын зерттейді. Жұмысшы топ мүшелері ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қояды. Топтың басты уақыты бейресми кездесулер мен консультациялар түрінде өтіп, бірте- бірте ДСҰ- ға кіруіне негіздер қалыптасады. Сонымен бірге екі жақты келіс сөздер жүргізіледі.
Жұмысшы топ отырысының қорытындысы ДСҰ- ның Бас кеңесіне (Министрлер конференциясы) баяндама дайындау болып табылады. Онымен бір уақытта ДСҰ- ның Бас кеңесі ( Министрлер конференциясы) шешімінің жобасы және ДСҰ-ға кіру туралы хаттама жасалады. Бұл үш құжат ( Жұмысшы топ баяндамасы, ұйымға қосылудың шешімінің жобасы, ұйымға қосылу туралы хаттама) ДСҰ- ның Бас кеңесіне жіберіледі.
Ұйымға кірудің жай процедурасы осындай болады. Бірақ бұл процесс өзі толық мазмұнын тәжирибе жүзінде тексергенде ғана алады. Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына жаңа мүше елдерді алу процессін қатал жүргізу туралы АҚШ және Еуропалық одақ тарапынан ұсыныс жасалды, яғни қосымша талаптар қою. Ресей мемлекеті бұл ұсынысты қолдамады.
Қазіргі уақытта ДСҰ- ны құру туралы Келісім қатал принцип ұстануды көздеп отыр. Осылай ГАТТ- қа мүше- елдердің міндеттерін көтеру байқалады. Соның ішінде ең алдымен қайтадан қосылғысы келетін мемлекет осы проблемамен кездеседі.
Жоғарыда айтылып кеткендей, ДСҰ ГАТТ мекемесінен қарастыратын сұрақтарының кең аясымен ғана емес, сонымен қатар ол қатал халықаралық құқықтық құрылым құрумен ерекшелену керек. ГАТТ кезінде 1947 жылы оған мүше- елдер мүмкінідігінше өз ұлттық заңдарын ГАТТ нормаларын сәйкестендіру керек болған. Сонымен бірге, ГАТТ- тың кейбір баптары мүше- ел қабылдаса ғана орындалатын болған. Қазіргі ДСҰ- ны құру туралы Келісім.
ДСҰ- ның ең басты проблемаларының бірі- белгілі бір міндеттемелерден мемлекетті уақытша босату. Бұл мәселе Министрлер Конференциясы немесе Бас кеңес шешеді. Бірақ ең алдымен ДСҰ- ның үш Кеңесі қарастыру керек (тауар, қызмет көрсету, интеллектуалды меншік) . Содан кейін Кеңес Министрлер Конференциясына баяндама өткізеді. Мемлекеттің орындау керек міндеттемелерінен босатуға сирек рұқсат етіледі және өтілу мерзімі белгіленеді.
2 ҚАЗАҚСТАН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУ
ЖОЛЫНДА
2. 1 Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жолындағы
проблемаларына талдау
Қазақстанның дүниежүзілік экономикалық кеңістікке интеграциялану процесі өте маңызды кезеңдердің біріне- ДСҰ- ға кіруге таяп келеді. Ал оған бүгінде 148 мемлекет мүшелікке өткен, 30- дан астам ел бақылаушы мәртебесіне ие.
Қазақстан бұл ұйымға кіру туралы 1996 жылы ресми өтініш берді және сол сәттен бастап қазірге дейін келіссөз процесі жалғасуда. Республикада жүзеге асырылып жатқан терең экономикалық қайта құрулар, дүниежүзінің 70-тен астам елмен қауырт сыртқы экономикалық байланыстар, жаһандану үдеріміне қосылу Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің артықшылықтары мен салдарын жан-жақты талдау талап етеді.
Біздің отандық кәсіпорындардың өнімдері айтарлықтай кедергілерге тап болып отырған жоқ, ал барлық шикізат ресурстары іс жүзінде баж салығынсыз әкелінеді. Біздің елімізге тауарлар импортына да жол ашық және оның ауқымы өсе түсуде. Әсіресе қытай, түрік, пәкістан тауарларымен бірге, қазір ресей және украин тауарларын сату жылдам қарқынмен өсіп келеді. Қазақстанда 8 мыңнан аса компаниялардың өкілдіктері ашылған, олардың едәуір бөлігі сауда компаниялары арасында әлемге танымалдары да бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz