Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Бухгалтерлік есеп жүйесінің мәліметтері

Мазмұны

Кіріспе3-5 б

І Бөлім. Бухгалтерлік есеп және оның

атқаратын қызметтері

1. 1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік6-7 б

1. 2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері--7-8 б

1. 3. Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары--8-18б

Бөлім 2. Бухгалтерлік есеп мәліметтері және олардың атқаратын қызметі.

2. 1. Бухгалтерлік мәліметтерге жалпы түсінік19-21 б

1. 3. Бухгалтерлік мәліметтердің жіктелуі21-22 б

1. 4. Мәліметтер айналымы22-29 б

Қорытынды30- б

Пайдаланылған әдебиеттер31-

Кіріспе

Бухалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай- ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес" деген болса оның әріптесі Р. А. Фаулки есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы - деп атаған. Бұхгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бұхгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталыжәне өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығытуралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық және басқарушы есеп болып екіге бөлінеді.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.

Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп мынаны талап етеді.

  1. Дәлелділік. (точность)
  2. шыншылдық.

Өз уақытының яғни барлығы өз уақытымен болуы шарт.

Бухгалтерлік есепті оқуда біз мынандай обьектілерді негізге аламыз.

  1. Негізгі және айналмалы капитал.
  2. Осы капиталдың шыққан көзі
  3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Курстық жұмысты жазудағы мақсат - бухгалтерлік мәліметтердің мәні мен маңызын зерттеу және жүргізілу тәртібін талдау болып табылады. Бухгалтерлік жүйенің елдің экономиикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде бухгалтерлік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда бухгалтерлік есепті бақылау мен қадағалау

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, Шаруашылық - қаржылық қызметті және оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады. Аудиттің пайда болуы ең алдымен кәсіпорынның басқаруымен тікелей айналысатындар (әкімшілік, менеджерлер) мен оның қызмет етуін қаржыландыратын тұлғалардың (жеке меншік иелері, акционерлер, инвесторлар) мүдделерінің бөлініп кетуімен байланысты. Соңғылары кәсіпорынның басқарушылары мен оған бағынышты бухгалтерлері ұсынған қаржылық ақпараттарға сене алмады да сенгісі келмеді. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, әкімшіліктер жағынан алдаудың едәуір жиі болуы қаржы салымдарының тәуекелінің ұлғаюына әкелді. Акционерлер әкімшілік ұсынған есеп беру кәсіпорынның қаржы жағдайын анық көрсететіндігіне, оларды алдамағандығына сенімді болғысы келеді. Қаржы жөніндегі ақпараттарының дұрыстығын тексеру және қаржылық есеп беруді растау үшін акционерлердің пікірінше сенуге болатын адамдар шақырылды.

1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер, аудиторлардың қызметіне қажеттіліктің артуына әкелді. Бұл кезде аудиторлық тексерудің сапасы мен міндеттілігіне қойылатын талаптар тез арада қатая түсті және бұл сияқты қызметтерге нарықтық сұраныс өсті. Дағдарыстың аяқталысымен дерлік барлық елдер жылдық есеп берулердегі ақпараттар көлеміне және бұл есеп берулердің басылып шығуы мен аудиторлардың қорытындыларына міндетті шарттар енгізе бастады. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті құрал болып табылады. Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудитттің атқаратын ролі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің өр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырыс берушілер талабына сәйкес олардың қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше. Негізінде аудиттің мақсаты мен міндеті, оның құрылымы және ішкі аудит тобының құрамы тапсырушы кәсіпорынның талабына сәйкес анықталады. Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында басқару жұмысының құндылығын, тиімділігін анықтау. Жалпы ішкі аудит жан - жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті.

Сыртқы аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі аудит жұмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін,

сенімділігін, оның аудит барысындағы ролін анықтайды. Ондағы

негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау.

Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік - экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді.

Сонымен, ішкі аудит қызметінің әрекеті ірі кәсіпорындардағы ішкі бақылау жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде болуы қажет. Осы жағдайда нәтижелігін бағалау критерийлері толықтық, шығындар мен тиімділік болуы керек.

Бөлім 1. Бухгалтерлік есеп және оның

атқаратын қызметтері

1. 1. Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік

Көптеген адамдар бухгалтерлік есепті - кәсіби мамандарға ғана түсінікті және солар ғана пайдалана білетін жоғары техникалық мамандық деп ойлайды. Ал шын мәнінде әрбір адам оны күніне пайдаланып жүргенін байқамайды. Бухгалтерлік есеп - шаруашылық қызметтердің қорытынды мәліметі. Мысалы телефон ақысын төлегенде, чек жазып бергенде, табыс салығының декларациясын толтырғанда т. б жағдайларда сіз есеп концепциясын пайдаланасыз және бухгалтерлік мәліметтермен жұмыс жасайсыз.

Бухгалтерлік есепті бизнестің тілі депте атайды. Әрбір менеджер, аналитик немесе инвестор бухгалтерлік есеп жөнінде білуі тиіс егер ол іскерлік әлемінде табысты жұмыс істегісі келсе.

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты - шешім қабылдау үшін аналитиктерді мәліметтермен қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп дегеніміз - кәсіпорынның жай күйін, мүлкін, қорлардағы ақша қаражаттарын, кірісі мен шығысын, қаржы қортындыларын жүргізіп отыру үшін және осы мәліметтер бойынша кәсіпорынның болашақтағы қызметіне бақылау жасауды және соған қарай шаралар жүргізуде алдын-алуға мүмкіндік беретін методикалық жазу.

Бухгалтерлік есеп мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.

Міндеті - халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу.

Халықаралық практикада бухгалтерлік есеп удерісін төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған.

  1. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталынады.
  2. Есеп деректері жіктелініп және оларды бухгалтерлік

есеп шоттарына, бухгалтерлік есеп тіркелімінде бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады.

  1. Мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады.
  2. бухгалтерлік есеп удерісінің қорытындылама сатысында ұйымның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдау үшін пайдаланады.

Бухгалтерлік есеп берудің мақсаты - бұл есепті пайдаланушыларға

кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайын және олардың қозғалысы

туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері туралы әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Ұйым туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлға осы кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы болып саналады.

1. 2. Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметтері мен принціптері

Кәсіпорын атқаратын қызметі ерекше мәнге ие.

Бухгалтерлік есеп мынандай обьектілерді негізге алады.

1. Негізгі және айналмалы капитал.

2. Осы капиталдың шыққан көзі

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандартында төмендегідей принціптер анықталған;

1. есептеу

2. үздіксіз

3. түсініктілік

4. мәнділік

5. маңыздылық

6. сенімділік

7. бейтараптық

8. сақтық

9. толықтылық

10. салыстырмалық

11. дәйектілік

Бухгалтерлік есеп принциптерін мұқият орындау. Бұл постулат қаржылық ақпаратының дұрыстығына тағы басқа шаруашылық мәліметінің ақиқаттығына кепіл болатын бухгалтерлік есеп екенін анықтайды. Себебі, барлық экономикалық мәліметтер бухгалтерлік есеп арқылы жүйеге келтіріліп, әртүрлі ақпарат мазмұнын құрайды.

Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынға күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға

болады.

Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып

табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде

жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.

Бухгалтерлік есептің жай нысанындағы жазбалар сызбасы

Кітап ұйымның кез келген уақыттағы (күнгі) мүліктері мен қаржылық міндеттемелерінің барлығын анықтауға, бухгалтерлік есеп құруға мүмкіндік береді. Кәсіп орынның бухгалтерлік есебінің жай нысанындағы аталған есеп тіркелімінен басқа есеп - төлем тізімдемдемесін ауыстыратын қызметкерлермен есеп айырысу тізімдемесі жүргізіледі.

Есептің бұл нысаны өндірістік емес салалардағы шағын кәсіпорындар үшін қолайлы.

Әрбір тізімдеме әдетте, қолданылатын бухгалтерлік шоттың біреуі бойынша журген операцияларды есептеу үшін қолданылады (шоттардың жұмыс жоспарына сай) .

Бастапқы құжаттар (актілер, жүкқұжаттар, есеп-қисап және тағы басқа) негізінде шаруашылық операциялар екі тізімдемеде көрсетіледі: біріншіде - шоттың дебиті бойынша кредиттелуші шот нөмірі, екіншіде - кредитібойынша дебиттеуші шоттың нөмірінің ұқсас жазбасы.

Жеке қалдықтары, солардың негізінде жазбалар жүргізілген бастапқы құжаттардың

сәйкес мәліметтерімен салыстырылуы керек (кассалық есеп беру, банк көшірмесі және тағы басқалар) .

Кәсіпорынның бір айдағы атқарған жұмыстары туралы мәліметтерін қорытындылауға арналған қаржы - шаруашылық қызметінің айлық қорытынды жинақтау тізімдемелері арқылы шахматтық тізімдеме құрылады. Ал бұл шахматтық тізімдемедегі мәліметтер негізінде кәсіпорынның айналым тізімдемесі, бухгалтерлік балансы және есеп беру нысандарының басқа да түрлері жасалады.

1. 3. Бухгалтерлік есеп түрлері, мәні мен маңыздары.

"Кәсїпорындар туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорын дегеніміз бұл - пайда алу және қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын шаруашылық қызметін жүргізу үшїн құрылған. шаруашылық жүргізуші дербес субъект,

Әдетте, мынадай белгілердің жиынтығымен айқындалатын заңды тұлға болып табылады: оқшауланған мүлкі, осы мүліктер бойынша жауапкершілікте болады, банкте есеп айырысу шоты болады, әз атынан

әрекет жасайды. Мүлкінің оқшаулануы кәсіпорынның мүлкі есепке алынған дербес бухгалтерлік балансының болуымен кәрініс табады.

Кәсіпорынның жеке қаражаты, оның табысы, шаруашылық қызметін қаржыландырудың сыртқы кәздерін тарту, осы қызметтің нәтижесінде пайда болған табыстарды бәлу, оларды кәсіпорынды дамыту мақсатында пайдалану ақшаның негізінде жүргізілген кезде кәсїпорынның қаржылық қатынастары туындайды.

Кәсіпорынның қаржылық есебі - кәсіпорынның мүліктік

және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.

Қаржылық есеп өзінің негізі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.

Жасалу уақытына қарай қаржылық есеп ;

  1. ағымдағы
  2. жылдық

Ағымдағы қорытынды қаржылық есеп негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады яғни бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға

Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды қаржылық

есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдық есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, ұйымның қаржылық және мүліктік жағдай туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты- мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды қаржылық есептің өзін ;

  1. алғашқы
  2. жиынтық

әзін-әзі қаржыландыру принципі қамтамасыз етілмейді. Оларға тұрғын үй коммунальдық шаруашылық, жолаушы тасымалдау кәлігі, ауылшаруашылық және басқа кәсїпорындар жатады, бұған бюджеттен бәлінетін қараждат алатындар. Бұл қорғаныс маңызы бар кәсіпорындарға деп екіге бөлеміз.

да сипатты, олардың шаруашылық қызметі кәсіпкерлікке жатпайды және әнімді сатудан алынған қаражат есебінен қаржыландырылады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін пайдаланушы лардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес 3 топқа біріктіріледі.

  1. Осы ұйымда қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық

тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алуы үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының екі негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы мен актвтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.

Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық болып саналады.

Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеуі үшін ұйымның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.

Осы ұйымда жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да мекемелерін, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады. Инвесторларыды олардың салынған

капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар

алдағы уақытта осы ұйым үшін абдықтаушы - мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шооатды уақытылы т

төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.

2. қолайсыз жағдайлардан болатын қатер жайлы ақпараттар алаңдатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларды сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.

Несие берушулерді ұйымға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі және одан түсетін тиесілі

проценті туралы ақпарат қзықтырады.

Жабдықтаушы - мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақытылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.

3. кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілерге қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есебі тек қан бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.

Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп ұйымның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы мүліктік немесе қаржылық нәтижесі

көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есептің құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шруашылық ұйымдары өзінің

және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.

Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ;

  1. ішкі
  2. сыртқы

болып бөлінеді.

Ішкі деп аталынатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандай да бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтері жраиялауға тиым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есеп тің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпаратты құралдар беттеріне де жариялайды.

Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады.

  • Бухгалтерлік баланс
  • Қаржы - шаруашылық нәтижелері туралы есеп
  • меншікті капитал қозғалысы туралы есеп
  • ақшалардың қозғалысы туралы есеп
  • түсініктемелік жазба

Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылық жағдай туралы деректен, өткен жылмен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл айтылғандардан басқа түсініктеме жазбада ұйымның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізілетін өзгерістер жайлы мәліметтер көрсетіледі.

Қаржылық есепке қойылатын негізгі талаптар

Бухгалтерлік есеп принціптеріне сәйкес кез-келген кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік есебі мынандай негізгі талаптарға жауап беруі керек;

  1. сенімділік
  2. тұтастық
  3. тізбектілік
  4. салыстьрымдылық
  5. есепті кезең
  6. рәсімделу

Сенімділік дегеніміз - бұл қаржылық есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелер.

Тұтастылық дегеніміз- ұйымның қаржылық есебінде осы кәсіпорындағы

орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып көрсетілуі.

Тізбектілік дегеніміз - кәсіпорынның бір есепті кезеңінен екінші кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отырылуы.

Салыстырмалық дегеніміз - қаржылық есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.

Белгіленген заңға сәйкес есеп беру кезеңі болып барлық ұйымдар үшін 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі уақыт аралығы саналады.

Егер ол кәсіпорын тіреуден 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткен жағдайда, ол кәсіпорынның алғашқы есеп беру уақыты келесі

жылдан басталады. Бухгалтерлік баланс туралы

Баланс сөзі француз тілінен аударғанда таразы немесе тепе-тең деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарғанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екә бөлімді кесте болып табылады.

Бизнес әлемінде жетістікке жетудің көздегендердің әр қайсысы үшін басқару есебінің мақсаты нақтылы өндірістік мақсатқа жетуге жауапты менеджерді тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету. Мәні бұл пәннің мәні басқару есебімен шығындар талдауының кәсіпорындағы негізгі байланыс жүйесі болатындығында жатыр. Жоспарлау (смета құру) бақылау (іс әрекет нәтижесін өлшеу, салыстыру) кәсіпкерлік мекемелер сияқты, бюджеттік мекемелергеде қажет. Кәсіпорынның әр -түрінде қаржы және адам ресурстарын басқару қажет. Ал, басқару есебі осы қажеттілікті қажетті механизіммен қамтамасыз етіп отырады. Басқару есебі қаржылық есепті кеңеитеді де ең алдымен фирманың ішкі оператцияларында қолданылады. Басқарманың пайдалану үшін жинақталған буғалтерлік ақпараттарына бұл субъектіде қызымет атқармайтын сыртқы пайдаланушыға арналған ақпаратқа қарағанда өзге тәртіптер қолданылады.

Басқару есебі кәсіпорын басшысының шешімі бойынша ұйымдастырылады. Ол субьектінің мақсатына байланысты көп түрлі негізде ұйымдастырылуы мүмкін. Басқару есебінің ақпараттары жасырын субьектінің коммертциялық құпиясы болып табылуымен қатар өндірістік шығындар және өнімнің өзіндік құны сияқты жекелеген көрсеткіштері қаржылық қорытындылау есебін жасау үшін қолданылады.

Қаржы және басқару есебінің айырмашылықтары.

Негізгі айырмашылық аспектілері.: Негізгі айырмашылық аспектілері.
Қаржы есебі.: Қаржы есебі.
Басқару есебі.: Басқару есебі.
Негізгі айырмашылық аспектілері.: Ақпараты пайдаланушылар
Қаржы есебі.: Сыртқы
Басқару есебі.: ішкі

Салық төлемдерін дайындау бухгалтерлік есептің мамандандырылған арнайы

бөлімі. Салық төлемдері қаржылық мәліметтердің негізгі маңызды көзі.

Кәсіпорынның қызметі мен пайда бөлінуіне мемлекет салық жүйесі арқылы бақылау жасайды. Салық есебі дегеніміз - кәсіпорынның мемлекетке төлейтін міндетті төлемдерінің есебі. Салық есебі төмендегідей принціптерді ұстанады;

1. Міндеттілік

2. Анықтылық

3. Шыншылдық

4. Бірлік

5. Дауыстылық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
Еңбекақы түрлері мен мағнасы
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Салық есебінің тіркелімдері
Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде негізгі құралдардың есебі мен ішкі аудитін ұйымдастыру және оның жетілдіру жолдарын
Кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық аспектілері
«Dida company» ЖШС-не сипаттама және шағын кәсіпорындарда жеңілдетілгенсапалы есеп ақпараттарын құру
Бухгалтерлік есеп және ақпараттар жүйесі
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz