Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері



ЖОСПАР

Кіріспе

1.1 Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
1.2 Басқару есебі . бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі

Негізгі бөлім
2.1 Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
2.2 Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
2.3 Кәсіпорын ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі.
2.4 Бухгалтерлік басқарудың заңнамалық негізі

Қорытын

Пайдаланылған әдебиеттер
1.1 БУХГАЛТЕРЛІК БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БАСҚАРУ ЕСЕБІ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУҒА ЫҚПАЛЫ
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияга негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
• негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, ендірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы мен пайдалану;
материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын каржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.);
• материалдык ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;
• еңбек ресурстары - кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынныңөндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
• қамтамасыз ету дайындау;
• өндірістік;
• қаржылық-өткізушілік;
• ұйымдастырушылық.
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық белімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтыңбөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін), алайда міндетті түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты) зертханасы және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 30 наурыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі женіндегі» Жарлығы, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің 31 тамыз 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі жөніндегі» заңдық күші бар Жарлығы, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
3. Қазақстан Республикасының 24 желтоқсан 1996 жылғы «Валюталық реттеу жөніндегі» Заңы, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
4. Қазақстан Республикасының 28 шілде 1998 жылғы «Ақшаларды аудару мен төлеу женіндегі» Заңы, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 23 мамыр 1997 жылғы №218 «Банк активтері мен шартты міндеттемелерін жіктеу және олар бойынша Қазакстан Республикасының екінші деңгейлі банктері провизия есептеуі женіндегі» ережесі, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
6. 15 қыркүйек 1999 жылғы «Қазакстан Республикасының банктерінде клиенттердің баланстық шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі жөніндегі» нұсқау.
7. 15 қыркүйек 1999 жылғы № 400 Қазақстан Республикасында қолма-қол шетелдік валютамен жүргізілетін айырбас операцияларын ұйымдастыру жөніндегі нұсқау.
8. 5 желтоқсан 1998 жылы ҚР аумағында чектерді қолдану ережесі.
9. 23 мамыр 1997 жылғы №206 ҚР-да валюталық операцияларды жүргізу ережесі, өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
10. 31 желтоқсан 2000 жылғы №327 екінші деңгейлі банктерді несиелеу бойынша құжаттамаларды жүргізу ережесі.
11. ҚР екінші деңгейлі банктерінің жаңа шоттар жоспары / Ұлттық банктің 15 қазан 2000 жылғы №310 хаты.
12. Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережелері, 11 ақпан 1994 ж. ҚР Ұлттық банкі басқармасы бекіткен.
13. 15 қараша 1999 ж. №397 «Екінші деңгейлі банктердің аудармалы және қарапайым вексельдермен операциялар жүргізу ережесі».
14. 29 тамыз 1997 ж. «Екінші деңгейлі банктердің банктерден тыс жерлердегі есеп айырысу - кассалық бөлімдері жөніндегі ереже».
15. 21 сәуір 2000 жылғы №146 «Қазақстан Республикасында төлемдер мен ақшаларды аударуды жүзеге асыруда электронды құжаттардың алмасу ережесі».
16. Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтермен операциялар жүргізу ережесі.
17. 11 ақпан 2000 ж. №25 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде біріктірілгіен қаржылық есептілікті құрастыру жөнінідегі ережесі».
18. 25 қараша 2000 ж. №428 «Екінші деңгейлі банктердің, сол сияқты банктік операциялардың жеке түрлерін жүргізетін ұйымдар арасында корреспонденттік қарым-қатынасты тұрақтандыру ережесі».
19. 5 қараша 1999 жылғы «ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық сақтандырудың ережесі», өзгертулері және толықтыруларымен бірге.
20. 13 қазан 2000 ж. №395 «Қазақстан Республикасының аумағында банктік шоттарды ашпай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережелері».

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1.1 Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні
1.2 Басқару есебі – бухгалтерлік есеп жүйесінің элементі

Негізгі бөлім
2.1 Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
2.2 Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері
2.3 Кәсіпорын ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі.
2.4 Бухгалтерлік басқарудың заңнамалық негізі

Қорытын
Пайдаланылған әдебиеттер
1.1 БУХГАЛТЕРЛІК БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ. КӘСІПОРЫННЫҢ
ҰЙЫМДАСТЫРУ ШЫЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ БАСҚАРУ ЕСЕБІ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУҒА ЫҚПАЛЫ
Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару
іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын
көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада Басқару есебі
ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын
тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақ басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз
байланысты методологияга негізделеді, оның үстіне, басты назар, мысалы,
бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдалылығын бағалау
сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне
байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік
ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге
болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің
жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында адам
еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды
біріктіреді:
негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, ендірістік
ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы мен пайдалану;
материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын каржы бөлінген объектілер
(жерді пайдалану құқығы, патенттер, лицензиялар, тауарлық белгілер және
т.б.);
материалдык ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде
өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;
еңбек ресурстары - кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін
көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек
ресурстарын пайдалану.
Шаруашылық процестер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда,
кәсіпорынныңөндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай
түрлері жатады:
қамтамасыз ету дайындау;
өндірістік;
қаржылық-өткізушілік;
ұйымдастырушылық.
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару
арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп
аталатын жекелей құрылымдық белімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару
есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы
сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер
басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтыңбөлімшесі үшін
анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық
бөлімшесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін), алайда міндетті
түрде өзінің басшысы (мысалы, дүкен бөлімі, ҒЗИ (ғылыми-зерттеу институты)
зертханасы және т.б.).
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
шығын орталығы;
кіріс орталығы;
пайда орталығы;
инвестиция орталыгы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау,
басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды баға-лау мақсатымен мөлшерлеу,
жоспарлау және өңдіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның
құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық
бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек: .
Әрбір шығын орталығы - жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның
басшысына кәсіпорының барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауга
көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл
осы орталықка шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті
сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары
ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған
сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз
шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз
бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу
үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның кетерме сауда
бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынган
кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті -
жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығар-да нәтижелерді кесімді
белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта
өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді,
тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім
қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мелшері.
Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығын-дардың кұны,
осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің қорытындылары
шығарда түпкілікті нәтижелер тура-лы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары - кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері ез
бөлімшелерінің шығыңдары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа
орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді
пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция
орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі
жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік
көтереді.
Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді,
жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорының болашақ даму мәселелерін үйлестіру
мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп
жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).
Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай
іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежссіне байланысты кәсіпорының
ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырыман немесе орталықтандырылмаған
болып сипатталуы мүмкін.
Орталықтанған ұйымдар функционалді принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы,
жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару
есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын
мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді
және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтандырылмаган құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар
болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда
олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын
әкімшілігінің алдын-ала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай
алады.
Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым
болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:
жоғары мамандандырылған басқару құрамының бар
болуы;
тұтастай ұйымның және оның жеке құрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен
мүдделерінің үндесуі.
Таңдалған ұйымдастырулық кұрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны
қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте, жоғары басшылықта болады.

1.2 БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БАСҚАРУ ЕСЕБІ - БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды
және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек.
Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-
болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды
дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы
деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп қазандық деп аталатын тәсілмен
жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті
кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан,
өндіріске жұмсалған барлық қаражат-құралдар есептелді. Нәтижесінде
шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың
жалпы сомасы шығатын Қазандық тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін
анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең
шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер,
қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс,
көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді
алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі - ақпараттың
иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы
тәсілді пайдалануда.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік
баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша
шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік құн есебі ғана қолданылды. Меншіктің
әр түрлі нысаны ұйымның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру
процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін
өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа
жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және
келешектік бағыттарының бірі - басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте
өсуде.
Қазір кәсіпорындар өндірістік қызметте: өндірістік бағдарламаларды,
өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын әзірлеуде, баға саясаты
саласында стратегияны белгілеуде зандық және экономикалық дербестік алған.
Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін
жауапкершілігі өскен.
Шаруашылық дербестік - кәсіпорынның ұйымдастыру формасын, қызмет түрін,
бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т.б.
Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан, қаржылық
стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған байланысты бухгалтерлік қызметтің жеке саласы ретінде баскару
есебін құру қажеттілігі пайда болды.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен
шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты
бухгалтерлік есеп екі құрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару
есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және кәсіпорынның қаржылық
жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция
салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға,
инвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат
белуге тиіс.
Нарықтың экономика елдерінде бухгалтерлік есептін дамуы көрсетілген екі
бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық
дербестігін алды. Әдетте, батыс оқулықтарында Қазақстан Республикасындағы
қалыптасқан есеп жүйесіне толықтыруға болатын (1-кесте) қаржылық және
басқару есебі арасындағы негізгі айырмашылықтарды сипаттайтын мынадай кесте
келтіріледі.
1. Қаржылық және басқару есебі арасындагы негізгі айырмашылықтар
Салыстыру белгілері Қаржылық ссеп Басқару есебі
(критерийлері)
1 2 3
1. Паңдаланушылар Сыртқы Ішкі (кәсіпорынның жеке
құрамы, қызметкерлері)
2. Есеп жүйесі Екі жақты жазу Кез келген пайдалысы
3. Реттеу Бухгалтерлік есептіңЖоқ
халықаралық
стандарттары
4. Өлшеуіштер Ақшалай Кез келгені (заттай, еңбек,
ақшалай)
5. Мерзімділік Жыл Қажеттілігіне қарай
6. Объект Тұтастай кәсіпорын Кейбір бөліктері
7. Объективтілік Өткен оқиғалар Субъективті:өйткені болжамды
бағасына сипатта және шешім
негізделгендіктен, қабылдайтын нақты тұлғаға
объективті байланысты
8. Қойылатын заң-ды Есепті міндетгі түрде Менеджер мен басшы шешім
талаптар жүргізу және ұсыну қабылдаған кезде
(Бухгалтерлік есеп пайдаланады
қаржылық есеп
беру туралы заң,
БЕС, КЕХС,
Шоттардың үлгі
жоспары)
9. Ақпарат дәлдік Анық Жуық
дәрежесі
10. Есеп ауқымы Ұйымды тұтастай Есеп объектілері -
қарайды жауапкершілікті орталықтар,
шығындар орталығы тұтастай
кәсіпорын жеке цехтар,
учаскелер болімдер және т.б.
11 Еселігін Қабылданған Жалпы қабылданған
қабылданған бухгалтерлік есеп принциптері жоқ бастысы
принциптері стаңдартарына, есеп қарапайымдылық пен қолдануға
принциптеріне қолайлығы
бұлжыртпай бағынады
12 Ақпараттың уақытшаҰйымның қызметінің Есепті жүргізу немесе
шегі барлық іс-әрекетін жүргізбеуді басшылық шешеді.
үздіксіз есептеу
13. Ақпаратты беру Қатаң айқын мерзімдер Менеджерлер үшін әзір-ленген
жиілігі белгіленген материалдар уақыттық шекпен
шектелмеген, жиі рәсімделеді
14. Ұсыну түрлері Белгіленген нысан Керікті түрде ұсынылады
бойынша салық
қызметіне ұсынылады
15. Практикалық Жасалғанын растайтын Шаруашылық қызметге болған
қызметте қолдану (шаруашылық қызметтің фактілерді талдау негізінде
болған фактілері болашақа арналған
көрсетіледі) бастапқы ұсыныс-тарды жасау. Бұл
құжаттар негізінде талдау болашаққа арналады
шаруашылық
операциялары тіркеледі

Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың
ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді
дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек
кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды
кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді. Нәтижесінде
тұтастай ішкі өндірістік басқарма мен оның орталық буыны ішкі марка тұрақты
қажеттілікті сезінді және әлі де сезінуде. 1937 ж. 1
қаңтардан бастап жүрген кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметінін
бухгалтер есебі шоттарының бас жоспары мен 2003 ж.
1 қантардан бастап қолданысқа енген. Шоттардың үлгі жоспары өндірістілік
басқаруды есептік-шаруашылық қамтамасыз ету деңгейін күмәнсіз көтеруге
тиісті. Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар,
басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің
бірі болып табылатын кәсіпорының коммерциялық құпияларын сақтауды
қамтамасыз етеді.

2.1 БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ МЕН МІНДЕТТЕРІ. БУХГАЛТЕРЛІК
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ "КОНТРОЛЛИНГ" ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық
қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі
есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу, жол
және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар
және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру
орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару
есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегментік есеп
деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы
ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмашілік басқаруда, сегменттік есепті
құрастыруда, басқарудың әр түрлі денгейіндегі шығындар мен нәтижелері
басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді
орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен
шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен
олардың бірқатарын өзіне алады. Сегменттік есептің нақты мәліметтері мен
жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының
қызмет нәтижелерін өлшейді және жоспарланған көрсеткіштерге мәліметтері
сәйкес келетіндігі анықтайды.
Ұйымның басқарушылық бақылауы мен сегменттік жоспарлау, есеп пен есеп
берушілік өзара байланысы 1-суретте көрсетілген.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау -
құрылымдық бөлімшелер үшін смета (бюджеттердің) әзірлеу қалыптасу негізі
болып қызмет етеді. Басқаша айтсақ секгменттік жоспарлау басқарушылық
бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып
табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пен сегменттік
есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақтылы, сыйымды, нысаны мен
қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын
жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық
емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер-
жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
1-суреттен байқалатыны, сегменттік есептеу жүйесінде жиналған және
жинақтап қорытылған ақпарат сегменттік есеп беру түрінде мүдделі
пайдаланушыларға жеткізіледі, оны жүргізу тәртібін ұйымның өзі дербес
(бұған сыртқы қолданушылар үшін осындай есеп беруді ұсыну жағдайлары
кірмейді) белгілейді және көбіне кәсіпорынның ұйымдық құрылымына байланысты
болады.
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің
объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару
есебінің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден
тұрады.
Құжаттама - кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық
көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары.
Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржылық және басқару есебіне
"арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік
мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды,
кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі
бір белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге
мүмкіндік беретін тәсіл. Топтастырылған ақпарат іс-әрекет нәтижелерін
бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиімді
пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша
жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық және
басқару есебі арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік
жазбалардың толықтығы мен дұрыстығын анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану
мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді
қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген
есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын
бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер
бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және
операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы
мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске
қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды
орындау туралы атқару есептері алға шығады.
Сметаларда теңгерімдірілген жоспарлық көрсеткіш болады және олар
менеджерлерді кәсіпорын қызметінің түпкілікті мақсатарын орындауға
бейімдейді. Атқару есептері жоспарланғандары қатысты нақты нәтижелерді
түзетудің иегізділігін дәлелдейді және кәсіпорын жеке құралын болашақта
болуы ықтимал мәселелерді анықтауға не болмаса ауытқушылықтарды жою
жөніндегі шараларды қабылдауға ынталандырады. Ішкі есеп беру менеджерлер
жүзеге асыратын бақылау мен реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру үшін негіз
жасайды.
Жоспарлау - кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке
келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс.
Жоспарлау шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелеріне талдау мен
статистикалық зерттеуге негізделген кезде ғана тиімді. Талдау басқару
есебінің мақсаттарына сай топтасып, өңделген ақпарат мәліметтері бойынша
жүргізіледі.
Лимиттеу - қор мен шығындар мөлшері жүйесіне негізделген материалдық
шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі. Лимит - технологиялық құжаттамамен
белгіленген және өнім өндірудің нақтылы ассортиментіне негізделіп, әрбір
өндірістік бөлімшенің өндірістік бағдарламасымен жоспарланған өнім
бірлігіне арналған ресурстарды жұмсау мөлшері.
Лимиттеу жүйесі - цехқа материалдар босату лимиті есебінен ғана емес,
есептік және бақылау операцияларынан да құралуы тиіс. Сондықтан басқару
есебінде лимиттеуге материалдың шығыстарды қалыптастыруға белсенді әсер
етуге мүмкіндік беретін оперативті ақпарат рөлін береді.
Талдау - басқару есебі тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне
қарай іс жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға
барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де, экономикалық көрсеткіштермен
көрсетілген өндірістік қызметі тартылады.
Көрсеткіштерді таңдау басқару жүйесінің мақсаттары мен мүмкіншіліктері
анықталады. Талдау процесінде белгіленген жоспарлы тапсырмаларды орындау,
тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін өндіріс нәтижелерін өзгертуді
тудырған ауытқушылық пен себептер бойынша бөлімшелер арасындагы өзара
тәуелділік пен өзара байланыс айқындалады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін,
кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын
жоспарлау мен талдауды
аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік
мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық
есеп мәліметтері жан-жақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін
ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі;
қойылған мақсатқа (кері байланыс) жету анықталады; ауытқу себептері:
жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген іс-
қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына
сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бір-бірінен алшақ емес, басқару міндеттерін
шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде
әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын тәсілдер сан, алуан:
бухгалтерлік қаржылық есептің жұмыс әдістері (шоттар мен екі жақты жазу,
түгендеу мен құжаттама, байланысты қорыту мен есеп беру);
индекстік тәсіл (статистикада қолданылады);
экономикалық талдау әдістері (нормативті, тізбекті ұластыру және т.б.)
математикалық тәсілдер (корреляция, желілі бағдарламалау, ең аз шаршы әдісі
және т.б.)
Олардың барлығы біртұтас жүйеге бірігіп-кіріктіреледі және кәсіпорынды
басқару мақсатында қолданылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынды басқару
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Басқару есебі мен қаржы есебінің салыстырмалы сипаттамасы
Басқару шешімдерін қабылдау және басқару есебі
Өндірістік есепті ұйымдастыру негіздері
Басқару есебі туралы
Басқарушылық есеб
Салық есебінің тіркелімдері
Өндірістік шығындардың есебі
Өндіріс шығындарын есепке
Пәндер