Банк менеджменті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ
МӘНІ МЕН ДАМУЫ
1.1 Банктік менеджменттің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Банк стратегиясы мен тактикасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Банктік менеджменттің дамуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ..14

2 ТАРАУ. «БАНК КАСПИЙСКИЙ» ААҚ.ғы СТРАТЕГИЯЛЫҚ
БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 «Банк Каспийский» ААҚ.ң стратегиясы мен тактикасына сипаттама ... 17

3 ТАРАУ. БАНКТІКТЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банк менеджментін жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
1996 жылдың соңында Қазақстанда банк жүйесінде дағдарыс байқалды. Банктердің 20-25%-ның капиталының жеткіліктілік коэфиценті төмен болды, және 13 банктің капиталы теріс сипатта еді, яғни қарызы көп болды. Бұл деректер көптеген банктердің қалыптасқан жағдайда дұрыс жол таба алмағанын және банктік менеджмент тәсілдерін дұрыс қолдана алмағанын көрсетеді.
Дамыған мемлекеттер менеджментті өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды факторлары қатарына жатқызады. Менеджмент - өндірісті басқару, өндірісті басқару принциптері әдістерінің құралдары мен формаларының жиынтығы. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатында әзірленіп, қабылданады.
Банктік менеджмент - банк аясында қызмет ететін қызметкерлер мен банк ісін басқарудың ғылыми жүйесі. Ол банк ісін жүргізудің ғылыми әдістеріне негізделеді. Банктік менеджмент басқарудың жеке аясы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Нарықтық экономиканы қаржы нарығында несиелік мекемелер арсындағы бәсекеге негізделген банктік менеджментсіз көзге елестетуге болмайды. Банктің менеджменті әрдайым өзгеріп отыратын жағдайларда банкті басқаруымен және тиімді ұйымдастыруымен сипатталады.
Ірі банктер өзінің қаржысының көп бөлігін банк ісін мүмкіндігінше жоғары деңгейде автоматтандыруға, компьютерлік технологияны енгізуге, жүйелік өнімдерді дамытуға, ауқымды жүйелер мен коммуникацияларға, жарнама компанияларын жүргізуге жұмсайды. Бірақ банктер көп жағдайларда клиенттердің нақты сұраныстарына көп көңіл бөле бермейді. Өзін табыспен қамтамасыз ету үшін және клиенттерді өзіне қарату үшін ол банктік менеджменттің, стратегиялық жобалаудың жаңа тәсілдерін, қызмет етудің жаңа түрлерін, клиенттерді қанағаттандырудың жаңа жолдарын меңгеру керек.
Осының барлығы қазіргі жағдайдағы банктік менеджменттің даму проблемаларын зерттеудің көкейкестілігін аңдартады. Зерттеудің объектілері Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері болып табылады.
Бірінші тарауда банктік менеджменттің мәні мен мазмұнын, оның біздің елімізде даму барысын, сондай-ақ осы тақырыпты зерттеудің маңыздылығын қарастырдым.
Екінші тарауда «Банк Каспийский» ААҚ-ң стратегиясы мен тактикасына сипаттама берілді.
Үшінші тарауда банктік менеджмент аясындағы еліміздің банктерінің қызметін жетілдіру жолдары ұсынылды.
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралың Қазақстан Республикасының Заңы. 1995 жылғы 30 наурыз.
2. «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралың Қазақстан Республикасының Заңы. 1995 жылғы 31 наурыз.

Арнайы әдебиеттер

1. Сейткасимов Г.С. Банковское дело. – А.: «Қаржы-қаражат», 1998.
2. Лаврушина И.О. Основы банковского менеджмента. - М.: «ИНФРА-М», 1995.
3. Сейткасимов Г.С. Деньги.Кредит.Банки. – А.: «Экономика», 1996.
4. Новые явления в сфере финансовых услуг в промышленно развитых капиталистических странах. – М.: «ЮНИОН», 1998.
5. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: «Перспектива», 1998.
6. Киселев В.В. Управление банковским капиталом: теория и практика. – М: «Экономика», 1997.
7. Бор М.З., Пятенко В.В. Менеджмент банков: организация, стратегия, планирование. – М.: «ДИС», 1997.
8. Жуков Е.Ф. Деньги.Кредит.Банки. – М.: «ЮНИТИ», 1999.
9. Банковское дело: стратегическое руководство. – М.: «Консалтинг-банкирң, 1998.
10. Питер Дж., Доннели Д.Н. Маркетинг.Менеджмент. – М.: 1998.
11. Крейнина М.Н. Финансовый менеджмент. – М.: «Дело и Сервис», 2001.
12. Масленченков Ю.С. Финансовый менеджмент в коммерческом банке. – М.: «Перспектива», 1996.
13. Балобанов М.Т. Основа финансового менеджмента. – М.: .: «Финансы и статистика», 1994.
14. Никитина Т.В. Банковский менеджмент. – СПб.: «Питер», 2002.
15. Роуз Питер. Банковский менеджмент. – М.: «Дело Лтд», 1997.
16. Аяпова Ж.М. , Арынов Е.М. Русско-казахский толковый экономический словарь предпринимателя. – А.: «Инкар», 1993.
17. Мусабаев Г.Г. Русско-казахский словарь. – А., 1978.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Банк менеджменті

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТАРАУ. БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ
МӘНІ МЕН ДАМУЫ
1. Банктік менеджменттің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Банк стратегиясы мен тактикасының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Банктік менеджменттің дамуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ..14

2 ТАРАУ. БАНК КАСПИЙСКИЙ ААҚ-ғы СТРАТЕГИЯЛЫҚ
БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1 Банк Каспийский ААҚ-ң стратегиясы мен тактикасына сипаттама ... 17

ТАРАУ. БАНКТІКТЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Банк менеджментін жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

1996 жылдың соңында Қазақстанда банк жүйесінде дағдарыс байқалды.
Банктердің 20-25%-ның капиталының жеткіліктілік коэфиценті төмен болды,
және 13 банктің капиталы теріс сипатта еді, яғни қарызы көп болды. Бұл
деректер көптеген банктердің қалыптасқан жағдайда дұрыс жол таба алмағанын
және банктік менеджмент тәсілдерін дұрыс қолдана алмағанын көрсетеді.
Дамыған мемлекеттер менеджментті өндірістің тиімділігін арттырудың
маңызды факторлары қатарына жатқызады. Менеджмент - өндірісті басқару,
өндірісті басқару принциптері әдістерінің құралдары мен формаларының
жиынтығы. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту
мақсатында әзірленіп, қабылданады.
Банктік менеджмент - банк аясында қызмет ететін қызметкерлер мен банк
ісін басқарудың ғылыми жүйесі. Ол банк ісін жүргізудің ғылыми әдістеріне
негізделеді. Банктік менеджмент басқарудың жеке аясы ретінде тек дамыған
нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Нарықтық экономиканы
қаржы нарығында несиелік мекемелер арсындағы бәсекеге негізделген банктік
менеджментсіз көзге елестетуге болмайды. Банктің менеджменті әрдайым
өзгеріп отыратын жағдайларда банкті басқаруымен және тиімді
ұйымдастыруымен сипатталады.
Ірі банктер өзінің қаржысының көп бөлігін банк ісін мүмкіндігінше
жоғары деңгейде автоматтандыруға, компьютерлік технологияны енгізуге,
жүйелік өнімдерді дамытуға, ауқымды жүйелер мен коммуникацияларға, жарнама
компанияларын жүргізуге жұмсайды. Бірақ банктер көп жағдайларда
клиенттердің нақты сұраныстарына көп көңіл бөле бермейді. Өзін табыспен
қамтамасыз ету үшін және клиенттерді өзіне қарату үшін ол банктік
менеджменттің, стратегиялық жобалаудың жаңа тәсілдерін, қызмет етудің жаңа
түрлерін, клиенттерді қанағаттандырудың жаңа жолдарын меңгеру керек.
Осының барлығы қазіргі жағдайдағы банктік менеджменттің даму
проблемаларын зерттеудің көкейкестілігін аңдартады. Зерттеудің
объектілері Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері болып
табылады.
Бірінші тарауда банктік менеджменттің мәні мен мазмұнын, оның біздің
елімізде даму барысын, сондай-ақ осы тақырыпты зерттеудің маңыздылығын
қарастырдым.
Екінші тарауда Банк Каспийский ААҚ-ң стратегиясы мен тактикасына
сипаттама берілді.
Үшінші тарауда банктік менеджмент аясындағы еліміздің банктерінің
қызметін жетілдіру жолдары ұсынылды.

1 ТАРАУ. БАНК МЕНЕДЖМЕНТІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ МЕН ДАМУЫ

1. Банктік менеджменттің пайда болу тарихы

Менеджмент – бұл тұтынушылардың қызығушылықтарын неғұрлым жақсы
қанағаттандыру арқылы пайданы арттыруға бағытталған экономиканы басқарудың
нарықтық моделі.
Банктік менеджмент – банк аясында қызмет ететін қызметкерлер мен банк
ісін басқарудың ғылыми жүйесі. Ол банк ісін басқарудың ғылыми тәсілдеріне
негізделген.
Банк ең алдымен көптеген кредиторлардың (заңды және жеке тұлғалардың)
ақшалай салымдары жиналған қоғамдық институт болып табылады, сондықтан
банктік бизнес пайда табуға ғана емес, сондай-ақ қарызға алған ақшалай
қаражаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, яғни салым салушылардың сеніміне
бағытталған.
Банктік менеджементтің мазмұнын мыналар құрайды: жоспарлау, талдау,
реттеу және бақылау.
Жалпы жоспарлау банктің болашағына, мақсаттарын алдын-ала болжауға,
аясына, оның қызметінің көлеміне және қорытындыларына көз жіберуге
мүмкіндік береді. Жоспарлау үрдісі ағымдағы және болашақтағы жоспар-
болжамдарды құрастыруды қамтиды.
Бұл құжаттардың маңыздылығы мынада: банк ұжымының ортақ міндеттерін,
оларды орындаудың стратегиялары мен тактикаларын, сондай-ақ қолданыста бар
ресурстарды түсінуді қамтамассыз ету. Жоспарлау қызмет етушілердің жұмыс
ауқымдары мен щеңберлерін анықтайды, жиынтық көрсеткіштері арқылы банк
қызметінің барлық тараптарының өзара қатынастарын көрсетеді, олардың
орындалуын еңбек ынталандырудың тәсілдері арқылы ұжымнаң қызығушылығымен
салыстыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлау банктің барлық бөлімдерін қамтитын және оның
дамуының болашағын анықтайтын көп жақты үрдіс болып табылады.
Жоспарлаудың қорытындысы бизнес-жоспарды (банктің дамуының жиынтық
жоспары), сондай-ақ жеке бағыттар (несиелік, инвестициялық, депозиттік,
проценттік, мамандық және басқа да саясат) бойынша оперативті жоспарларды
жасау болып табылады.
Талдау қол жеткізген қорытындыларды болжам жасалған қорытындылармен,
өтіп кеткен кезеңдегі қорытындылармен және ең күшті банктердің
қорытындыларымен салыстыра отырып, банк қызметін тұтастай және жеке
бағыттар бойынша бағалауға бағытталған. Талдау материалдары банктің
дамуындағы оң және теріс бағыттарды, шығындарды, қолданылмаған резервтерді,
жоспарлаудың кемшіліктері мен шешім қабылдаудың қателіктерін анықтауға
мүмкіндік береді.
Банктің жиынтық талдау жұмысының негізін баланс көрсеткіштері құрайды.
Банк қызметінің көлемдік көрсеткіштерінің динамикасын бағалау талдаудың
басты бағыты болып табылады. Ол көрсеткіштерге активтердің, депозиттердің,
меншіктік капиталдың, несиелердің, пайданың көлемдері жатады. Көрсетілген
бағалау басқа банктердің көрсеткіштерімен салыстырылып жасалады. Бұл
қазақстандық коммерциялық банктердің банктер жүйесіндегі алатын орнын
(рейтингін) анықтауға мүмкіндік береді. Осындай талдау жұмысының
қорытындылары белгілі бір банктің даму стратегиясын жасауға мүмкіндік
береді.
Сонымен бірге коммерциялық банктер жеке бағыттар бойынша талдау
жұмыстарын жүзеге асырады:
- несие портфелін;
- бағалы қағаздар портфелін талдау;
- клиенттердің несие қабілеттілігін талдау;
- меншіктік капиталдың жеткіліктілігін талдау;
- пайыздық маржаны талдау және т.б.
Банктік менеджмент жүйесіндегі реттеу белгілі бір ерекшелік-
терге ие. Ол коммерциялық банктердің қызметіне мемлекеттік бақылаудың бар
болуымен байланысты. Банктік қызмет бөтенң ақшаның ірі көлемдерін
айналысқа түсіретін, тәуекелі ең жоғары қызмет екенін ескере отырып,
мемлекеттік реттеу банктерді лицензиялауға белгілі бір талаптар қояды,
олардың қызмет аяларына шектеулер қояды, капиталдың жеткіліктілігіне,
банктің өтімділігіне, міндетті резервтердің бар болуына талаптар қояды.
Осыған байланысты банктік реттеу жүйесі ең алдымен мемлекеттік бақылау
органдары бекіткен нормативтер мен талаптарды орындауға бағытталған.
Банк ісіндегі бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы
бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен сырттан келген
аудиторлар жүзеге асырады. Ішкі бақылауды банк өзі ұйымдастырады. Осы
банктік бақылау банктік менеджменттің бір бөлігі болып табылады. Оның
функцияларын өзінің құзыретіне сәйкес менеджерлер мен ішкі аудит органдары
атқарады. Банк қызметіндегі кемшіліктерді анықтау банктік бақылаудың басты
мақсаты болып табылады.
Банктік бақылау сыртқы бақылаумен тығыз байланысты және Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің заңнамалары мен нормативтік актілерінің,
банктік нұсқаулар мен ережелерін, сырттан келген бақылау органдарының талап
хаттарының тәртіптерінің сақталуын тексеруден тұрады.
Қаржы нарығы банктік менеджменттің айрылмас бір бөлігі болып табылады.
Қаржы нарығында қаржылық (ақшалай) ресурстарды және инвестициялық
құндылықтарды сатып алушылар мен сатушылар арсындағы экономикалық
қатынастар көрініс табады. Қаржы нарығы нарықтар жүйесінен тұрады:
валюталық нарық, бағалы қағаздар нарығы, несиелік капитал нарығы, алтын
нарығы. Қаржы нарығының жұмыс істеуі қаржы ресурстарының қозғалысын және
қаржылық қатынастарды басқару аймағында кәсіпкерлік үшін негіз бола алады.
Банктік менеджментті қолдану тиімділігі тек қаржы механизмінің
тетіктері мен әдістерінің кешенді байланысында ғана байқалады. Қаржы
механизмі қаржы ресурстарын қолдануды ұйымдастыруда, жоспарлауда және
ынталандыруда көрініс табатын қаржы тетіктерінің іс-әрекеттерінің жүйесі
болып табылады. Қаржы механизмінің құрылымы өзара байланысты қаржылық
әдістер, қаржылық тетіктер, құқықтық, нормативтік және ақпараттық
қамтамасыз етулер деп аталатын бес элементтерден тұрады:
Қаржы механизмінің құрылымы 1 - суретте көрсетілген.
Қаржылық әдісті шаруашылық үрдісіне қаржылық қатынастардың әсер ету
әдісі ретінде түсіндіруге болады. Қаржылық әдістер екі бағытта жұмыс
істейді: қаржы ресурстарының жетістіктерін басқару бағыты бойынша және
шығындар мен қорытындыларды салыстырумен байланысты, материалды
ынталандырумен және ақша қорларының тиімді қолданылуына байланысты
нарықтық коммерциялық қатынастар бойынша.
Қаржылық әдістерге нарықтық мазмұнның енгізілуі кездейсоқ емес. Ол
былай түсіндіріледі: өндіріс және айналыс аясындағы филиалдардың қызметі
коммерциялық есеппен тығыз байланысты.
Қаржылық тетік қаржылық әдістің жұмыс істеу тәсілін білдіреді.
Қаржылық тетіктерге пайда, табыс, амортизациялық аударымдар, мақсаттық
бағыттағы экономикалық қорлар, қаржылық санкциялар, орташа төлемдер,
несиелер, депозиттер, облигациялар бойынша пайыздық мөлшерлемелер, үлестік
жарна салымдары, жарғылық капиталға, портфельдік инвестицияларға салымдар,
дивиденттер, дисконт, валюта бағамының котировкасы және т.б. жатады.
Қаржылық механизмі қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуі заңды
актілерді, қаулыларды, бұйрықтарды және басқару органдарының басқа да
құқықтық құжаттарын қамтиды.
Қаржылық механизмінің қызметінің нормативтік қамтамассыз етілуі әр
түрлі экономикалық, коммерциялық, қаржылық және басқа да ақпараттар
түрлерінен тұрады.
Қаржылық ақпаратқа мыналар: өзінің серіктестерінің және
бәсекелестерінің қаржылық тұрақтылығы туралы, валюталық тауар және қор
нарығындағы пайыздар, бағамдар, дивиденттер туралы ақпараттар; биржалық
және биржадан тыс нарықтардағы жағдай туралы, шаруашылық субьектілердің
коммерциялық және қаржылық қызметі туралы және басқа да ақпараттар жатады.
Кім ақпаратқа ие, сол қаржы нарығына да ие болады. Ақпарат интеллектуалдық
меншік түрлерінің бірі (ноу-хауң) болып табылады және де серіктестіктің
немесе акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салым ретінде енгізіледі.
Сенімді іскерлік ақпараттың бар болуы коммерциялық және қаржылық шешім
қабылдауларды тездетуге мүмкіндік береді.
Біздің елімізде банк жүйесін реформалау басталғанға дейін КСРО-ның
Мемлекеттік Банкінің монполизімі жағдайында банктік менеджемент пен
маркетинг туралы ешнәрсе айтылмайтын. Себебі, оның әкімшілік-экономикалық
жүйеге қажеті болмады.
1988 жылы басталған банктік реформаның бірінші кезеңінде мемлекеттік
арнайы банктер желісі құрылды. Ол несие жүйесінің құрылу үрдісінінің
басталуына, осы жүйенің мемлекеттік емес функцияналдық деңгейлерінің
қалыптасуына мүмкіндік берді.
Екінші кезең (1989-1990ж.ж) – несие жүйесінің екінші деңгейінің
қалыптасуының басы. Ол Еуропа мен англосаксондық елдердің банк жүйесінде
басталды. Бұл реттейтін және бақылайтын Орталық банк (несиелік жүйенің
бірінші деңгейі) пен коммерциялық және арнайы банктер желілерінің (несиелік
жүйенің екінші деңгейінің) пайда болуын білдіреді. Нақты екі деңгейлі
банктік жүйенің құрылу кезеңінде, мемлекеттік емес банк мекемелерін басқару
бойынша батыс елдерінің жинаған тәжірибелерін зерттеу қажеттілігі туындады,
яғни банктік менеджментті зерттеу қажет болды.
Үшінші кезең (1991-1993ж.ж.) – несиелік жүйенің үшінші деңгейінің
қалыптасуының басы. Бұл кезеңде мемлекеттік емес сақтандыру компаниялары
мен (одан сәл кейінірек) зейнетақы қорлары қалыптасты. Бұл кезеңде жоғары
деңгейлі қаржылық қызмет ету тапшылығы байқалды. Банктік және банктік емес
қаржылық мекемелер арасында күрделі қаржылық инновацияны және
қызметкерлердің жоғары мамандануын талап етпейтін дәстүрлі қаржылық қызмет
ету секторында бәсекелестік күшейді. Осы кезеңде қаржылық қызметтің
маркетингіне сұраныс пайда болды, ең алдымен ол нарықтық жүйе жағдайында
жұмыс істеу құралы ретінде қажет болды. Кейіннен қаржылық мекемелер
жұмысының стратегиясы мен фәлсафасы ретінде банктік маркетинг пен
менеджмент қажет болды. Алғашында банктік маркетинг қаржылық қызмет ету
маркетингі ретінде дами бастады. Ол қызметтерге коммерциялық банктің
дәстүрлі, ең көп тараған және дамыған қызметтері жатты.
Қаржылық қызметтер қызметтер аясының маңызды бөлігін құрайды.
Сондықтан олардың даму заңдылықтары көбінесе қызметтер аясының эволюция
заңдылықтарына сәйкес келеді. Сондықтан банктің қаржылық қызметтер
менеджменті мен маркетингі қызмет көрсетудің жалпы менеджменті мен
маркетингінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Дрезднер банктіңң (Франкфурт, ГФР) бір бөлімінің басшысы
А.Унтенбергтің айтуынша, қаржылық қызметтерң термині деп алғашында
несиелік және депозиттік операциялар шегінен шығатын банктің қосымша
қызметтерін айтқан. Кейіннен, басқа банк емес мекемелер – әмбебап дүкендер,
несиелік карточка шығаратын компаниялар, автомобиль сатушылар және тағы
басқалар банктің монополиясы болып есептелген қаржылық қызметтер ұсына
бастаған кезден бері қаржылық қызмет түсінігіне банктің депозиттік және
несиелік операцияларын да енгізді.

Қазіргі банктік менеджменттің объектісі мына элементтер болып
табылады:
1) несиелік-депозиттік қызметтер;
2) есептік-клирингтік қызметтер;
3) сақтандыру қызметтері;
4) инвестициялық қызметтер;
5) трастық қызметтер;
6) лизинг бойынша қызметтер;
7) факторинг бойынша қызметтер;
8) қаржылық кеңес беру бойынша қызметтер;
9) тұрғын үй құрылысына ақша қаражаттарын мақсатты қолдану бойынша
қызметтер;
10) трансферт пен валюталарды айыбастау және т.б.
Қаржылық қызметтер нарығының бұдан әрі дамуы келесі жағдайларға
байланысты жүзеге асады:
- клиенттердің алатын қызметтеріне қанағаттануына;
- қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлері мен клиенттердің
арасындаға қатынастарға;
- осы мекемелердің басшы мамандарының білім дәрежесі мен мамандану
деңгейіне;
- ақпараттық қамтамассыз етілуіне;
- қаржылық қызметтердің маркетингіне.

2. Банк стратегиясы мен тактикасының мәні

Жай сөзбен айтқанда, менеджмент - бұл еңбекті, интеллектті, басқа
адамдардың жүріс-тұрысының себептерін қолдана отырып алға қойған
мақсаттарға жете алу. Менеджмент – бұл функция, әр түрлі ұйымдардың
қызметкерлерін басқару ісі. Менеджмент – осы функцияны жузеге асыруға
көмектесетін білім. Сонымен қатар, менеджмент – бұл басқару бойынша жұмысты
жүзеге асыратын әлеуметтік топ, адамдар категориясы.
Стратегиялық басқару нарықтың әрдайым дамуы жағдайындағы банктың
мақсаты мен оның ресурстарының арасындағы сәйкестігінің үзілмеуін басқару
үрдісі болып табылады. Стратегиялық басқарудың мақсаты операциялардың
көлемін арттыруға, табыстарды арттыруға мүмкіндік туғызатын банк
қызметтерінің және өнімдерінің жаңа бағыттарын енгізу мен дамыту болып
табылады.
Стратегиялық басқарудың мәні мыналарда:
1. Банктің мынадай жағдайларға байланысты болжам құруы:
- банк қызметінің жеке бағыттарын дамыту;
- банк операцияларының ҰБ талаптарына сәйкес болуы;
- банк қызметтерінің көлемі мен бағыттарының банктің ресурс базасының
мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
- банктің мақсаттарының, принциптерінің және жоспарларының жүзеге
асырылуы;
- банк қызметі бағыттарының әрі қарай дамуына және бәсекедегі
артықшылықты қамтамасыз етуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарлау;
- банк қызметіне инновациялар енгізуге жағдай жасауды қамтамасыз ету.
2. Банк өзінің жеке бөлімдерін инвестициялық порфелі ретінде
қарастырып басқару. Банк өзінің бөлімдерінің қайсысын дамыту
керектігін, қайсысын жою керектігі шешеді.
3. Нарықтың өсу қарқынын және банктің ондағы алатын орнын есепке алып
болашақтағы пайданы бағалау.
Стратегиялық басқару үрдісі үш иерархиялық деңгей негізінде
қарастырылады.
1. Банктің ортақ деңгейі. Банк деңгейінде стратегиялық болжам
жасалынады. Сол болжам негізінде банк қызметінің бағыттары,
ресурстарды бөлу анықталады және ортақ басшылық жүзеге асырылады.
Бұл деңгейдегі шешімдерді директорлар кеңесі, президент және
жоғарғы басқарма қабылдайды.
2. Бөлімдер деңгейі. Бұл деңгейде бәсекедегі артықшылықты құруға
бағытталған стерженьдік стратегиялар жүзеге асырылады. Оған мынадай
жағдайларды анықтау жолымен жетуге болады:
- мақсатты топтар мен олардың қажеттіліктерін анықтау;
- осы топтардың талаптарына сәйкес келетін өнімдердің, қызметтердің
және операциялардың жиынтығын анықтау;
- географиялық қамтуды анықтау;
- табысқа жетудің негізгі факторларын анықтау;
- бизнестің мақсаттарын анықтау.
3. Функционалды-операциялық деңгей. Бұл деңгейде функционалды-
операциялық талаптар қойылатын стратегия жасалады. Шешім қабылдауларды
кадр ресурстарын, ақпараттық жүйелерді, технологияларды және
операцияларды есепке ала отырып бөлім басшылары жүзеге асырады.
Банктік менеджменттің аясы екі блокқа бөлінеді: қаржылық менеджмент
және қызметкерлерді басқару менеджменті.
Қаржылық менеджмент банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ақшалай
өнімнің қалыптасуын, қозғалысын және орналасуын басқаруды қамтиды. Қаржылық
менеджменттің негізгі бағыттары мыналар болып табылады: банк ісінің жеке
аялары бойыншабанк саясатын қалыптастыру (депозиттер, несиелер,
инвестициялар, қызмет көрсетулер және т.б.); банктік маркетинг; банктің
активтері мен пассивтерін басқару; өтімділікті басқару; табыстылықты
басқару; меншікті капиталды басқару; несиелік портфельді басқару; банктік
тәуекелді басқару.
Банк жүйесіндегі банктік процедураларды ұйымдастыру мен экономикалық
үрдістерді басқарудың біркелкі технологиясының болмауы банктік
менеджменттің ерекшелігі болып табылады. Ақша нарығындағы бәсекелестік
жағдайында әрбір банк өзінің жұмыс жасау тәртіптерін қалыптастырады;
әрдайым өзгеріп отыратын экономикалық жағдай банк ісін жүргізудің
қалыптасқан әдістерін әрдайым түзету мен жақсартуды талап етеді.
Қызметкерлерді басқару банктік менеджменттің екінші аясы болып
табылады. Қызметкерлерді басқару қаржылық менеджменттің тиімділігін
арттыруға, банк қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін дұрыс пайдалануға
бағытталған. Оған мыналар жатады: еңбектің қажеттілігін дәлелдеу; банк
қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру; кадрларды орналастыру; кадрларды
дайындау және қайта дайындау; еңбекті ынталандыру жүйесі; бақылауды
ұйымдастыру; қызметте жоғарылату жүйесі; жұмыстағы қарым-қатынас
принциптері.
Адам капиталын басқару-бұл ұйымның соңғы қорытындылары немесе
мақсаттарына (пайда, өтімділік, тұрақтылық, имидж, т.б.) жету жолдарындағы
адамның рөлін түсінуге негізделген, несиелік ұйымды басқару үрдісінде
адамға деген көзқарас.
Психология мен іскерлік этика қызметкерлерді басқарудың ғылыми негізі
болып табылады. Ол қызметтік карьераны жоспарлау мен материлдық
ынталандыруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары 1-кестеде көрсетілген.

Банктік менеджмент
1-кесте
Қаржылық менеджмент Қызметкерлерді басқару менеджменті
Банктің саясаты Еңбектің қажеттілігін дәлелдеу
Маркетинг Банктің ұйымдық құрылымы
Активтер мен пассивтерді басқару Кадрларды орналастыру
Өтімділікті басқару Кадрларды дайындау және қайта
Табыстылықты басқару дайындау
Меншікті капиталды басқару Еңбекті ынталандыру жүйесі
Несие портфелін басқару Бақылауды ұйымдастыру
Банктік тәуекелді басқару (валюталық,Қызметті жоғарлату жүйесі
пайыздық және т.б.) Ұжымдағы қарым-қатынас принциптері
Ақпараттық жүйені басқару

Менеджменттің қажеттілігі батыста 30-жылдары айқын болды. Сол кезде
бұл іс кәсіпке, ғылымның саласына айналды. Ал әлеуметтік топ ықпалы зор
қоғамдық күшке айналды. Оның ролі менеджерлердің революциясынаң әкеліп
соқты.
Басқарушылық ойдың алғаш пайда болуы Ф.Тейлор теориясымен байланысты.
Тейлоризмң инжинер ғылымының идеяларын өндірістің ең төменгі звеносына
қолданып, ұйымды ғылымиң басқаруға негізделген.
Батыстың басқарушылық ойының дамуының келесі қадамы басқару
праинциптерініңң ұлғайуы болып табылды. Ол туралы А.Файоль алғаш айтты.
Американдықтар бұл французды менеджменттің әкесі деп бекер атамаған. Оның
айтуынша, менеджмент мынадай бес функциядан тұрады 6, 17 б.:
1) жоспарлау
2) ұйымдастыру
3) бұйыру
4) координация
5) бақылау
А.Файоль сондай-ақ басқарудың 14 белгілерін де атап көрсетеді:
1. Еңбек бөлінісі. Оның мақсаты - көлемі үлкен және сапасы жоғары
жұмысты бірдей жағдайларда орындау;
2. Өкілет (бұйыру құқығы) және жауапкершілік;
3. Тәртіп. Ол фирма мен оның жұмысшылары арасындағы жасалған
келісімдерге деген құрмет пен бағынуды көздейді;
4. Басшының біреу болуы. Қызметкер бұйрықты тек бір ғана өзінің
тікелей басшысынан алу керек;
5. Бірбағыттылық. Бір бағытта қызмет ететін әр топ бір жобамен
біріктірілуі керек және олардың бір ғана басшысы болуы керек.
6. Адамдардың қызығушылықтары ортақ болуы керек (бір
адамның қызығушылығы топтың қызығушылықтарынан аспауы керек).
7. Фирмаға адал қызмет етуді қамтамасыз ету үшін персоналға сыйақы
беру, қызметкерлерге қолдау көрсету.
8. Ұтымды ыдырату арқылы орталықтандыру.
9. Басқару қызметін атқаратын тұлғаларды құрамына енгізетін скалярлы
тізбек.
10. Тәртіп пен ұйымшылдық.
11. Ізгілік пен әділдікті үйлестіретін әділеттілік.
12. Жұмыс орынның тұрақтылығы, ұйымның тиімділігін кемітетін
мамандардың қызметтен кету ағымын алдын алу.
13. Жобаны дайындау үрдісінде және оны жүзеге асыру үрдісі барысында
қызметкерлердің бастамашылдығы.
14. Корпоративтік рух қызметкерлардің үйлесімінің нәтижесі ретінде.
Қазіргі заманғы шетел әдебиеттерінде басқару үрдісі жоспарлау,
ұйымдастыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру ретінде қарастырылады.
Бұл ұйымның мақсаттарын айқындап оларға жету үшін қажет.
Питер Вейл басқару теориясын басқару біліктілігінің негізі деп
ойлайды. Оның айтуынша, басқаруда біліктіліктің бір-біріне тәуелсіз түрлері
көп. Менеджердің қызметіндегі белгілі бір нәтижелер біліктіліктің белгілі
бір түрлерінің арқасында жүзеге асырылады. Бұндағы басқарудың тиімділігіне
жету жолындағы менеджердің біліктілігі айнымалы шама болып табылады.
Банктік менеджмент басқарудың ерекше аясы ретінде тек қана дамыған
нарықтық экономика жағдайында пайда болады. Әкімшілдік жүйесінде шартты
қолма-қолсыз сомаларды бір ұйымның шотынан екіншісіне аудару банкте
айтарлықтай қиындақтарды туғызбады. Нарыққа өту кезінде банк өсімқорлық
функциясымен– ақша ресурстарын тарту мен оларды пайыз қосу арқылы берумен
ғана шектелмеді. Банктік операциялар шеңбері өркениетті елдерде қалыптасқан
деңгейіне дейін ұлғайды. Оларға келесі қызметтер жатады: бағалы
қағаздармен, несие карточкаларымен, валютамен жасалатын операциялар, басқа
банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын таратуға көмек беру,
клиенттердің қаражатын ұтымды салуға көмектесу, инвестициялық жобаларды
бағалау, лизинг, факторинг және т.б. Сонымен қатар, банктің жарғылық қоры
басқа коммерциялық банктер үшін резервтік қор бола алады. Нарықтық
экономиканы қаржы нарығындағы несие мекемелері арасындағы шын бәсекеге
негізделген банктік менеджментсіз көзге елестетуге болмайды. Банктік
менджмент белгілі бір бағдарламаны несиелеуге ғана емес, сонымен қоса
несиелердің (әсіресе, жеңілдікпен алынған несиелердің) мақсатты жұмсалуына,
уақытылы қайтарылуына бақылау жасауға негізделген. Банктік менеджменттің
негізгі міндеттері 2 - кестеде көрсетілген.

2-кесте
Банктік менеджменттің
міндеттері Шешілетін міндеттердің мазмұны
Банктің саясаты Басты міндеттерді белгілеу, банктің қызметінің
негізгі мақсатын анықтау
Банктің негізгі мақсаттарына жетуді қамтамассыз
ететін жобалар мен бағдарламаларды жасау
Банк ісін жүргізудің методологиясын жасау
Банкті дамыту саясатына
сәйкес келетін ұйымдастыру
құрылымын жасау
Қызметкерлерді басқару стратегиясы:
қызметкерлердің қызметін
ұйымдыстыру;
қызметкерлер қызметінің
тиімділігін анықтау;
қызметкерлердің инновациялық әлеуетін
ынталандыру;
- қызметкерлердің қызметін өсіру.
Банктік маркетинг Банк қызметі нарықтарын белгілеу
Нақты нарықтарды таңдау және банк клиентурасының
қажеттіліктерін анықтау
Банк қызметтерін дамыту үшін ұзақ және қысқа
мерзімді мақсаттарды белгілеу
Практикаға қызметтердің жаңа түрлерін енгізу
және енгізу бағдарламаларының жүзеге асырылуына
бақылау жасау
Банк өнімдерін жасау 1. Банк клиенттерінің сұранысын қанағаттандыру
үшін банктің қызметі барысында ақша
қаражаттарының түрін, қасиеттерін, жағдайын
өзгерту әдістерін жасау

Менеджмент, басқару жүйесі ретінде екі шағын ішкі жүйеден тұрады:
басқарылатын жүйе немесе басқару объектісінен, және басқаратын жүйе немесе
басқару субъектісінен 8, 35 б..
Қызмет ету субъектілері мен олардың бөлімдері арасындағы ақша
айналымын, қаржылық қатынастар мен қаржы ресурстарының қозғалысын жүзеге
асыру жағдайларының жиынтығы қаржы менеджментінің басқару объектісі болып
табылады.
Басқару субъектісі – бұл адамдардың арнайы тобы (басқару аппараты
ретіндегі қаржы дирекциясы, қаржы менеджментін басқарушы ретінде). Олар
басқарушылық ықпалдың әртүрлі формалары арқылы объектінің мақсатты қызмет
етуін жүзеге асырады.
Банктік менеджменттің кез келген шешімі үш негізгі факторларды есепке
алады: 1) ақша, 2) уақыт 3) тәуекел.
Қаржы теориясы қолма-қол ақшаның болашақтағы ағымын бағалау
проблемаларын қарастырады. Әдетте болашақ белгісіз болғандықтан бұл
проблема уақыттың нақты бір кезеңіндегі ақша ағымдарының тәуекелін бағалау
проблемасына айналады.
Қаржы менеджері шешім қабылдаудың үш түріне көңіл аударуы тиіс:
1. Инвестициялау туралы шешім қабылдау ( И –іnvestment decіsіon, І).
Бұл инвестициялаудың мөлшері мен қандай активтерге инвестициялау
керектігі туралы шешім қабылдау.
2. Қаржыландыру туралы шешім қабылдау (Ф-fіnansіng decіsіon, F). Бұл
инвестициялау үшін қажетті қаражатты тарту жолдары туралы шешім
қабылдау.
3. Дивиденд туралы шешім қабылдау (Д – dіvіdend decіsіon, D). Бұл
шешім қабылдаулар дивидендтерді төлеу нормаларына байланысты.
Бұл шешім қабылдаулар фирманың құндылығының (акционерлердің
молшылығының) артуын анықтайды. Қаржы менеджментінің мақсатты функциясын
мынадай формула түрінде келесідей көрсетуге болады:
Max Ц = f(И,Ф,Д).
Кейбір қаржы теоретиктері дивиденд пен қаржыландыру туралы шешім
қабылдауларды маңызы аз деп ойлайды. Соған байланысты инвестициялау туралы
шешім қабылдауларды максимизация үшін негізгісі деп есептейді. Санымен
бірге, қаржы аясындағы зерттеулер мынаны көрсетті: табыстың көлемі
қолданылған қаржы ресурстарына қарағанда артса, онда барлық инвестициялық
мүмкіндіктердің жүзеге асуы акционерлік капиталдың көлемін арттырады.
Қаржылық фирманың (мысалы, банктің) менеджерінің қызметінің ролі мен
мақсаты қаржылық емес фирманың мақсаты мен ролінен ерекшеленбеуі керек деп
есептелінеді.
Қаржылық менеджердің мақсаты әрине, фирманың құндылығын арттыру болып
табылады.
Теория бойынша банктің мақсаты оның меншікті капиталын арттыру. Бұл
мақсаттар үш негізгі күштер бойынша қалыптасады: 1) меншік иелерінің
басымдылықтары; 2) басқарушылық шешімдер мен амалдар;
3) экономикалық және реттеу аяларында көрінетін қоғамдық талғам. Пайданы
арттыру, қызметті арттыру және т.б. байлықты арттырудың баламасы болып
табылады.
Банктің меншікті капиталын арттыру мақсат ретінде белгіленгенде, оған
жетудің алты стратегиялық бағыты пайда болады. Бұл бағыттар мынадай үш
фактор бойынша қалыптасады: 1) мақсаттың
өзімен; 2) басқарушылық шешімдер мен амалдармен; 3) қоғаммен.
Стратегиялық бағыттың алты түрі мыналар болып табылады:
1. “Спред” пен “гэпті” басқару (“спред” – бұл бағалар, бағамдар мен
ставкалар арасындағы айырмашылық; “гэп” – активтер мен пассивтерді
өтеу мерзімдері арасындағы үзіліс).
2. Операциялық шығындарға бақылау жасау.
3. Өтімділікті басқару.
4. Капиталды басқару.
5. Салықты басқару.
6. Баланстан тыс қызметті басқару.
Аталған стратегияның әрқайсысы банк балансының қорытынды жолына,
потенциалды шығындар тәуекеліне тура немесе жанама әсер етеді. Соған
сәйкес, оның қолма-қол ақшасына, қорлардың көлемі мен нарықтық құндылығына
осы аталған стратегиялар әсер етеді.

3. Банктік менеджметтің дамуының негізгі кезеңдері

Қаржылық қызметтер менеджменті мен қаржылық нарық өзара байланысты
құбылыстар. Сондықтан қаржылық қызметтер нарығының дамуы қаржылық қызметтер
маркетингінің дамуына тәуелді, ал маркетингтің даму кезеңдері қаржылық
нарықтың сәйкес секторларының қалыптасуымен анықталады.
Қаржылық қызметтер менеджментінің дамуы әлемде бірнеше кезеңдерден
өтті :
1-кезең (50-жылдардың соңы) – банктік менеджменттің пайда болуы мен
дамуы;
2-кезең (50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басы) – есепті-клирингтік
қызметтер менеджментінің дәстүрлі банк қызметтерінен (несиелеу мен ақшалай
салымдарды қабылдау) бөлінуі;
3-кезең (60-жылдардың басы мен ортасы) – сақтандыру қызметтері
аясындағы менеджменттің дамуы;
4-кезең (80-жылдардың ортасы) – маркетингтің қор-инвестициялық
қызметтер аясына енуі;
5-кезең (80-жылдардың ортасы мен соңы) - қаржылық қызметтер көрсететін
әмбебап фирмалардың менеджменті мен маркетингіне синергия концепциясын
енгізу.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Қаржы менеджментінің мәні
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі тиімділігін жоғарылату
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Банктің несиелік тәуекелінің теориялық аспектілері мен құрылымы
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
Банктік тәуекелді басқару
Пәндер