Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 83 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған.

Дипломдық жұмыстың өзекті мәселелері ретінде ДСҰ-Халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені және қызмет көрсетулер саудасымен интеллектуалдық меншік құқығының саудалық аспектілері қамтылады. Жекелеген келісімдер сауда дауларын шешу тәртібін және ДСҰ-ға мүше елдердің сауда саясатына мониторингті жүзеге асыру тәртібі жайында қарастырылады.

Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. ДСҰ-ға мүше болу республика экономикасы үшін өте қажетті болып табылады себебі біздің мүмкіншіліктеріміз жоғары, табиғи ресурстар әлеуетінің мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік үдерісі қарқынды болғандықтан тиімді болмақ. Сондықтанда ДСҰ-әлеуметтік мәні жоғары негізгі мәселелердің бірі болып саналады.

Жұмыстың мақсаты - жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы әлеуетін және мүмкіншіліктерін анықтау. Қазақстан экономикалық сауда жүйесін жаңа ұтымды деңгейге көтеру және мынандай іс-шараларды жүргізу жайында болмақ:

-Өндірістік және ауылшаруашылық тауарлар саудасындағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту, бұдан әрі халықаралық сауданы либералдау және әлемдік нарықта еркін және әділ бәсеке үшін жағдай жасау;

-Жасалынатын принциптері мен ережелер негізі ел мүддесіне сәйкес халықаралық қызмет көрсету саудасын реттеу, оны одан әрі кеңейту және келіссөздер жүргізу жолымен біртіндеп либералдау;

-Ұлттық құқықтық жүйелердегі айырмашылықтарды ескере отырып интеллектуалдық меншік құқықтары аспектілері саласында тиімді қорғаныс тетігін жасау;

-Сауда дауларын реттеудің көпжақты тиімді тетігін құру;

-Көп жақты сауда келіссөзін оқтын-оқтын жүргізу үшін «келіссөз алаңының» функцияларын қамтамасыз ету.

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің басты міндеті ретінде іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Зерттеу міндеттері:

  • Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің ең негізгі құрамды бөлігі ретінде зерттеуі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі айқындау;
  • Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің қамтамасыз етудің алғышарты ретінде қарастыру, оның қазіргі жағдайына ғылыми-теориялық тұрғыда баға беруі;
  • Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің шетелдік тәжірибелер мен құқықтық құралдар арқылы талдау және оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктерін саралау.

Ғылыми зерттеу нысанында Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің экономикалық құқықтық аспектілері қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шаралары, оны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері мен экономикалық қатынастарды талдау.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік және іс-тәжірибелік негізі ретінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен практикалық оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми- конференциялар материалдарынан көрініс алады.

Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі - Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына ену мүмкіншілігіндегі экономикасының бірден-бір ерекшелігі ретінде оның тікелей потенциалын ескеретін болсақ, онда тақырыптың зерттелінуі ертеден басталады деген пікір айтуға толық негіз бар. Кейінгі жылдары Тайгунов А, Ю Куватовтың, Андрюшина Е, Быков О. Н, Усманова С. А., Сембаева Р. Ж түбегейлі зерттеп келеді. Одан өзге мәселелері отандық экономист-ғалымдар С. С. Сатыбалдинның, Темирбекова А. Ж. Жатқанбаевтың, Н. К. Мамыровтың, Ө. Қ. Шеденовтың, Л. Н. Махмеджанова, Ж. Я. Әубәкірованың зерттеу еңбектеріне арқау болып келеді.

Дипломдық жұмыстың ғылыми негізі:

- нарықтық қатынас жағдайында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің жаңғыртудың құрылымдық негізі, авторлық көзқараспен қарастырылды;

- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің құқықтық пен реттелу және қамтамасыздандыру мәселелерімен ерекшеліктері анықталды;

- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің бәсекеге қабілеттілігі мәселелері анықталып, оларды шешудің тиімді жолдары ұсынылады;

- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің дамытуда шетелдіердің тәжірибелері талданып, еліміз үшін қолайлы бағыт ұсынылады;

- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің дамуына негізделген ұсыныстар тұжырымдалды.

Диплом жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы жұмыстағы қол жеткізілген қорытындылар мен тұжырымдардың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің даму мәселелерін әрі қарай зерделеуге ықпал ететіндігінде.

Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің теориялық аспектілері мен оның құқықтық қамтамасыз ету бағыттары зерттеледі. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің шетелдік тәжірибелер мен оларды отандық Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енудің өзекті мәселелеріне және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің қазіргі жағдайымен Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуінің рөлін зерттеуге арналған.

Зерттеудің ақпараттық базасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары негізін құрайды.

  1. Дүниежүзілік сауда ұйымының құрылуының теориялық алғышарттары және оның сауда ұйымының құрылу тарихы, қызметі және құрылымы

Мамандар соғыстың алдындағы жылдары халықаралық сауда мен валюта-қаржы саласындағы «ойын ережелерін» белгілейтін халықаралық институттар болса, олар 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыстың салдарын едәуір әлсіретер еді деп топшылайды. Сол себептен де көп жақты деңгейдегі макроэкономикалық саясаттың мәселелерін үйлестіру қажеттігі айқын сезіледі. 1944 жылы Бреттон-Вудсте (АҚШ) өткен БҰҰ валюта-қаржы конференциясында халықаралық валюта саласын тұрақтандыру, төлем баланстарын тегістеу және экономиканы дамыту үшін қаржылық жәрдем беру мәселелерін шешу үшін Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк құрылды.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін де сауда қатынастарын халықаралық реттеу шаралары қарастырылған болатын. Мысалы, Кедендік нысандылықты оңайлату туралы (Женева, 1923. ), Халықаралық сауда арбитражы туралы (1924ж. ), өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы конвенциялар және т. б. жарияланды, алайда олар жүйелі түрде пысықталмады әрі барлығы бірдей аяқталған жоқ.

Соғыстан кейінгі жылдары ХВҚ мен дүниежүзілік банкпен бірге құрылған жүйеде үшінші іргелі ұйым ретінде жұмыс істейтін Халықаралық сауда ұйымын (ХСҰ) құруға көп күш-жігер жұмсалды. ХСҰ-ға әлеуметтік экономикалық проблемаларды, сонымен бірге сауда саясатының экономикалық даму, жұмыспен қамту, шектеулі іскерлік практика, инвестициялар, халықаралық сауда келісімдері мәселелерін реттеу функциялары жүктелді. Аталмыш проблемалар Женева мен Лондонда 1946-1947 жылдары өткен конференцияларда талқыланды. Женева конференциясында (1947 жылы тамыз-қазан) ХСҰ Жарғысын (Гавана хартиясы) пысықтау барысында, 23 ел, оның ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Үндістан, Бразилия және басқа да бұлардан аз дамыған елдер халықаралық байланыстардың дамуын едәуір тежейтін кеден тарифтерінің соғысқа дейінгі деңгейін өзара төмендету жөнінде келіссөз жүргізіле бастады. Келіссөздердің бірінші раундының нәтижесінде әлемдік сауданың 20% ға жуығын қозғайтын 45 мың тариф (10 млрд долл соммасындағы) төмендетілді. Тарифтерді төмендету арқасында Гавана хартиясына қатысушы елдер өзара сауда ережелері жазылған бірқатар сауда экономикалық баптарын орындауға міндеттенеді. Осы ережелердің жинағы мен оған қоса тіркелген тарифтердің келісіліп кемітілген тізімі Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ГААТ) деп аталды және 1948 жылғы қаңтарда уақытша негізде (келешектегі қатысушы елдер ХСҰ Жарғысын бекіту үдерісін аяқтағанға дейін) күшіне енді.

Бастапқыда келісімнің мәтіні төмендегі үш тараудан тұрды:

I тарауда ең қолайлы тәртіптеме (ең қолайлы ұлт) екі баппен екі негізгі ереже және өзара төмендетілген тарифтер тізімі болды.

II тарау сауда саясатына арналды және халықаралық сауда ережелерінің ерекше кодексі ретінде жазылды.

III тарау да кеден одақтары, еркін сауда аймақтары және келісімді оларға қатысты қолдану жөніндегі ережелер жазылды.

1965 жылы ГААТ-тың мәтіні Келісімге дамушы елдердің талабы бойынша енгізілген «Сауда және даму» деп аталатын IV тараумен толықтырылды.

ГАТТ-тың жоғарғы органы болып Уағдаласушы тараптардың сессиясы белгіленді. Сессия, әдетте жыл сайын жиналып отырды, әрбір қатысушы елдің бір дауысы болса да шешім әдетте дауыс беру арқылы емес уағдаластық негізінде қабылданды. Алғашқы Сессияны БҰҰ Бас хатшысы 1948 жылы наурызда шақырды. Кейіннен, 1949 жылдан бастап сессияны шақыру, оның жұмысын басқару құқығы қатысушы елдер сайлайтын Уағдаласушы тараптар сессиясының Төрағасына (Жауапты хатшысына) берілді.

Сауда және тарифтер жөніндегі бас келісім (ГАТТ) әлемнің 23 мемлекеті 1947 жылы жасады. Аталмыш Келісімге тауар сатуды реттейтін ережелердің жиынтығы кірді. Кейінгі жылдары осы ережелер жетілдіріліп, толықтырылды, ГААТ -қа қосылған елдердің саны да өсті, ал 1990 жылы қатысушы елдердің саны 90-ға жетті [1] .

1995 жылы Уругвай раундының ұзаққа созылған сауда келісімдерінен кейін ГАТТ құқық иеленушісі және қызметінде әлемдік сауданы ырықтандыру мен онда әділ тәртіп орнату идеяларын ұстанатын халықаралық институт ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) құрылды. ДСҰ ГАТТ-тың бұрынғы шағын жүйесінің орнына сауда келіссөздері барысында келісілген халықаралық сауда қағидалары мен ережелерін пәрменді түрде іске асыратын өкілеттіктері бар, жаңа, интеграцияланған халықаралық ұйымын құру мақсатында құрылды. ДСҰ туралы келісімде ГАТТ ауқымында жүргізілген көп жақты сауда келіссөздері нәтижесінде қол жеткізген барлық келісімдер мен уағдаластықтарды осы ұйымға бағынышты бір жүйеге келтіру қаратсырылған.

Заңдылық жағынан ГАТТ-тың, әсіресе Токио раундының уағдаластығының ережелер жиынтығын ескерсек, Уругвай раундының нәтижелерін іс жүзінде қолдану өте қиын, тіпті қолдануға болады деп те айтуға болмайды. ДСҰ құрылғанға дейін ГАТТ құрамына әлемдік тауар айналымының 90%- жуығы тиесілі 125 мемлекет кіретін. Ресей мен Қытай сияқты ірі елдер аталмыш ұйымнан тыс қалды, алайда Қытай ГААТ- тың негізін қалаушы ел ретінде 2001 жылы толық құқықты мүшесі атанды.

ГААТ- пен салыстырғанда ДСҰ-ға кіретін мемлекеттер саны да көп (2008 жылы 155 мемлекет кірді ), сонымен бірге атқаратын қызмет ауқымы да кең. ГААТ тек тауар саудасы саласында ғана жұмыс істеді, ал ДСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғауды да қамтиды. Сонымен бірге ДСҰ елдер арасында жүргізілетін келіссөздер мен келіспеушіліктерді шешу үдерісіндегі сауда қатынастары қалыптасатын форум болып табылады.

ДСҰ-ның заң жүйесі Марракеш келісімі деп аталатын ДСҰ-н құру туралы келісіммен және осы келісімге тіркелген төрт қосымшамен бекітілген. Осы қосымшаның әрқайсысына халықаралық сауданың жекелеген мәселелері жөніндегі халықаралық құқықтық уағдаластықтар кіреді. ДСҰ-н құру туралы келісімде 29 келісім бар, оның 17-сі олармен байланысты құқықтық құжаттар көп жақты сауда келісімдері деп аталатын 1, 2 және 3-қосымшаларға енгізілген. Олар осы келісімнің ажырамас бөлігін құрайды және ДСҰ-ның барлық мүшелері үшін міндетті болып табылады. Қалған келісімдер мен олармен байланысты құқықтық құжаттар 4-қосымшаға енгізілген. Осы келісімдер қатысушылардың шектеулі санымен жасалатын сауда келісімдері деп аталады, сондай-ақ осы келісімдерді қабылдаған ДСҰ-ның мүшелері үшін міндетті болып табылады және оларды қабылдамаған мүшелерге міндеттеме жүктемейді. Барлық келісімдерде елдердің үкіметтері сауда саласында ұлттық заңнама және нормативтік актілер әзірлеп оларды іс жүзінде қолданғанда басшылыққа алуы тиіс негізгі шартты міндеттемелер белгіленген.

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады. ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен.

ДСҰ - бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені. ДСҰ-ны құру туралы келісім «шатыр тәрізді» құжат болып табылады, оған мыналарды реттейтін 27 заң құжаттары қоса берілген: халықаралық тауарлар саудасының кең ауқымды мәселелері; қызмет көрсетулер саудасы және интеллектуалдық меншік құқығының саудалық аспекттері. Жекелеген келісімдер сауда дауларын шешу тәртібін және ДСҰ-ға мүше елдердің сауда саясатына мониторингті жүзеге асыру тәртібін реттейді.

ДСҰ-н құруда келесіде негізгі мақсаттар айқындалып, жүзеге асыру көзделді :

-Уругвай раунды» саудалық келіссөздер барысында жасалған көпжақты саудалық келісімдерге қызмет көрсету және жүзеге асыру (1986 - 1994 гг. ) ;

-Өндірістік және ауылшаруашылық тауарлар саудасындағы тарифтік және тарифтік емес кедергілерді азайту, бұдан әрі халықаралық сауданы либералдау және әлемдік нарықта еркін және әділ бәсеке үшін жағдай жасау;

-Жасалған принциптер мен ережелер негізінде халықаралық қызмет көрсету саудасын реттеу, оны одан әрі кеңейту және келіссөздер жүргізу жолымен біртіндеп либералдау;

-Ұлттық құқықтық жүйелердегі айырмашылықтарды ескере отырып интеллектуалдық меншік құқықтары аспектілері саласында тиімді қорғаныс тетігін жасау;

-Сауда дауларын реттеудің көпжақты тиімді тетігін құру;

-Мүше елдердің ұлттық саясатының мониторингін жүзеге асыру;

-Көп жақты сауда келіссөзін оқтын-оқтын жүргізу үшін «келіссөз алаңының» функцияларын қамтамасыз ету [2] .

ДСҰ басты міндеті ретінде іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

- Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

- Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

- Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

ДСҰ құрылымындағы Министерлік конференция - ДСҰ-ның жоғарғы басшы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет ДСҰ-ға қатысушы елдердің сауда немесе сыртқы істер министрлігі деңгейінде Уругвай раундының келсімдерімен байланысты өзекті мәселелерді талқылап, олар бойынша шешім қабылдау үшін шақыралады.

Алғашқы конференция 1996 жылғы желтоқсанда Сингапурде; екіншісі-1998 жылғы мамырда, Женевада өтті. Онда ГАТТ/ДСҰ-ның елу жылдық қызметі қорытындыланды. 2001 қарашада Доха қаласында (Катар) Министрлер конференциясы өтіп, содан кейінгі көпжақты келіссөздердің жаңа раунды басталды. Келесі конференция 2003 жылғы 10-14 қыркүйек аралығында (Канкун қаласы, Мексика) және т. б өтті.

Министрлік конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8-10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады. Бас Кеңестің басқаруында Сауда саясатын шолу жөніндегі орган мен дауларды шешу жөніндегі орган бар. Бұдан басқа, Бас кеңеске Министрлік конференция бекітетін: сауда және қоршаған орта жөнінде; сауда және даму жөніндегі; төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шектеулер жөніндегі; бюджет, қаржы және әкімшілік мәселелер жөніндегі; өңірлік сауда келісімдері жөніндегі комитеттер есеп береді. Министрлік конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын тағайындайды. ДСҰ-ның құрамында Бас директор басқаратын ДСҰ Хатшылығы жұмыс істейді. Бас директорға хатшылықтың басқа қызметкерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктері мен функцияларның ауқымын белгілеу өкілеттігі берілген. ДСҰ хатшылығында 600-ден аса қызметкер жұмыс жасайды. ДСҰ хатшылығы өте қарқынды жұмыс істейді. (1 сурет)

Cурет 1. ДСҰ-ны әкімшілік басқару * [3, 47б. ]

Қазіргі кезде Бас директор Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы комиссар, лауазымдық қызметке 2005 жылдың 1 қыркүйегінде кірісті (1999-2002 жылдары Майк Мур болған, Жаңа Зеландияның экс-премьер-министрі, 2002-2005 жылдары - Супачай Паничпакди, Тайландтың бұрынғы премьер-министрі) . Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған. Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді. Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Оның құрамына Қаржылық қызмет саудасы жөніндегі комитет және кәсіби қызметтер жөніндегі жұмыс тобы кіреді. Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі кеңес Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі келісімнің орындалуын жүзеге асырудан басқа, жалған тауарлардың халықаралық саудасымен байланысқан дау-дамайдың туындауының алдын алу мәселелерімен-де айналысады [4] .

Бас директор басқаратын ДСҰ-ның хатшылығы ДСҰ-ның атқарушы органы болып табылады. ДСҰ хатшылығы, басқа халықаралық ұйымдарының осындай органдарынан айырмашылығы олар шешім қабылдамайды, өйткені осы функция мүше елдердің өзіне жүктеледі. Хатшылықтың негізгі міндеттері - әртүрлі кеңестер мен комитеттерге, сондай-ақ Министрлік конференцияға техникалық қолдауды қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету, әлемдік саудаға талдау жасау мен қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарына ДСҰ-ның ережелерін түсіндіру болып табылады. Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу процессінде құқықтық көмек көрсетудің кейбір формаларын қамтамасыз етеді және ДСҰ-ға мүше болғысы келетін елдердің үкіметіне, ақыл-кеңес береді. ДСҰ-ның кез-келген мүше елі барлық кеңестерге, комитеттерге және т. б., Дауларды шешу жөніндегі органға кіретін Апелляциялар жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі жұмыс тобы, сондай-ақ қатысушылар саны шектеулі келісімдер жөніндегі комитеттерден басқасы қатыса алады.

1. 2 Дүниежүзілік Сауда Ұйымының негізгі ережелері мен нормалары

ДСҰ жүздеген келіссөз жүргізуші ел, экономика мен құқықтың әр алуан салаларының сарапшылары қатысатын және ұдайы қозғалыс пен даму жолында жұмыс істейтін күрделі сан салалы механизм болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ міндеттері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы. Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі пайдасы мен зияны
Дүниежүзілік сауданың құрылымы мен түрлері
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі
Токиолық раундта
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz