Бірінші сынып оқушыларының математикалық білім, білік, дағдыдыларын қалыптастыру жолдары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
§1. Білім, білік және дағды ұғымдары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 5
§2. 1.сыныпта математиканы оқыту барысында білім, білік және дағды қалыптастырудың әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
§3. Педагогикалық тәжірибені қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында "математика курсының мазмұны арқылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке буйімделу арқылы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру көзделген". Осы мақсатқа жетудің пәрменді құралдарының бірі оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мақсат білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор жауапкершілік жүктейді.
Адамның жеке басының дамуында, қабілеттілігін жетілдіруде білім, білік, дағды маңызды роль атқарады. Бұл психологиялық үш категорияның өзара байланысы мен олардың мән мағынасын көрсететін педагогика мен психологияда ұзақ жылдар бойғы зертеулерінің нәтижесі айқын дәлел бола алады. Іс-әрекет жасауда, білім алып, біліктілікті меңгеру үшін алдымен дағдыға үйретудің маңызы зор.
«Адамда білім туа пайда болмайды, онда белгілі бір қабілеттіліктің нышаны болуы мүмкін, сонан соң өсе келе ғана білім алуға деген құштарлық пайда болады» - деп К.Д. Ушинский орынды айтқан.
А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша «бала білімді тәжірибе арқылы білімді өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімді кешіктірмей, дер кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағымдап берумен бетін белгілеген мақсатқа қарай тузеп отыру керек.
«Курстық жұмысымның тақырыбы бірінші сынып оқушыларының математикалық білім, білік, дағдыдыларын қалыптастыру жолдары» деп алдым. Оспанов Т.Қ. Құрманалина Ш.Х. Қайыңбаев Ж.Т. Ерешева К.Ә. математика кітабы Алматы «Атамұра» 2002 жылы басылып шыққан. Бірінші сынып математика бағдарламасы бойынша аптасында 4сағат, ал жалпы оқу жылында 136 сағат бөлінген.
Оқушылардың бастауыш математикалық білім мазмұны бойынша меңгерген білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда соңғы кезде математика пәні сабақтарында қолдаылып жүр.
Білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда оқушы тапсырманың жауабын дұрыс табу үшін әр жауапты бір-бірімен салыстырады, талдайды, ұқсастығы мен айырмашылығын саралайды, соның нәтижесіне ойлау қабілеті белсенді жұмыс істеп, олар жан-жақты дамиды .
Зерттеу обьектісі: 1-сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларындағы оқу процесін қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Математика сабақтарында оқушылардың білім, білік, дағдыларының маңызы.
Зерттеудің мақсаты: 1-сынып математика сабағында білім, білік, дағдыларын тиімді қолданудың жолдарын қарастыру.

1. Қ.Р. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты А.Р.Б.К. 1998ж
2. Оспанов Т. математика оқулығы, 1-сынып
3. Қоянбаев Ж.Б. Қоянбаев Р.М. педагогика Астана 1998ж
4. Каменский Я.А. Ұлы дидактика. А.1993ж
5. Сухомлинский А.В. калективтің құдірет күші А.мектеп 1973ж
6. Истомина Н.В. методика обучение математике начальных классах
7. Эльконин Д.В. Избранные психологические труды.
8.Ахметов С. Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін артырудың жолдары. А.Рауан 1994ж.
9.Бастауыш білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңартудың кейбір мәселелері А.Р.Б.К. 1993ж
10.Бастауыш класстарда ғылым негіздерін оқытудың кейбір ерекшеліктері А.Р.Б.К. 1992 ж
11.Выготский Л.С. вопросы детской психологи Санк-Петербург. 1997ж
12.Педагогикалық ізденіс А.Р.1990
13.Сарбасова Қ.А. Бастауыш сыныптарда матиматикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.Қарғанды 2002ж
14.Теоретические основы методики обучения математике в начальних классах Под\ред. Н.Б.Истоминой.-Москва-Воронеж, 1996-224с.
15.Смагулов Е.Ж. Развитие смостоятельности мышления в процессе решения простых задач. Бастауыш мектеп -2003-10-60-61 беттер.

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
§1. Білім, білік және дағды ұғымдары туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... 5
§2. 1-сыныпта математиканы оқыту барысында білім, білік және дағды
қалыптастырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 9
§3. Педагогикалық тәжірибені
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды

... ... ... ... ... 26
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында "математика курсының мазмұны арқылы танымдық және
коммуникативтік іс-әрекетпен өздігінен білім алуға және еңбекке буйімделу
арқылы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру көзделген". Осы мақсатқа
жетудің пәрменді құралдарының бірі оқушыларға сапалы білім берудің тиімді
жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мақсат білім
беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде бастауыш буынға, зор
жауапкершілік жүктейді.
Адамның жеке басының дамуында, қабілеттілігін
жетілдіруде білім, білік, дағды маңызды роль атқарады. Бұл
психологиялық үш категорияның өзара байланысы мен олардың мән
мағынасын көрсететін педагогика мен психологияда ұзақ жылдар бойғы
зертеулерінің нәтижесі айқын дәлел бола алады. Іс-әрекет жасауда,
білім алып, біліктілікті меңгеру үшін алдымен дағдыға үйретудің
маңызы зор.
Адамда білім туа пайда болмайды, онда белгілі бір
қабілеттіліктің нышаны болуы мүмкін, сонан соң өсе келе ғана
білім алуға деген құштарлық пайда болады - деп К.Д. Ушинский
орынды айтқан.
А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша бала білімді тәжірибе арқылы білімді
өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің шеберлігінің
ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту
үшін, керек білімді кешіктірмей, дер кезінде беріп отыру үшін,
балаға жұмысты әліне қарай шағымдап берумен бетін белгілеген
мақсатқа қарай тузеп отыру керек.
Курстық жұмысымның тақырыбы бірінші сынып оқушыларының математикалық
білім, білік, дағдыдыларын қалыптастыру жолдары деп алдым. Оспанов
Т.Қ. Құрманалина Ш.Х. Қайыңбаев Ж.Т. Ерешева К.Ә. математика кітабы
Алматы Атамұра 2002 жылы басылып шыққан. Бірінші сынып математика
бағдарламасы бойынша аптасында 4сағат, ал жалпы оқу жылында 136
сағат бөлінген.
Оқушылардың бастауыш математикалық білім мазмұны бойынша
меңгерген білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда соңғы кезде
математика пәні сабақтарында қолдаылып жүр.
Білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтауда оқушы тапсырманың
жауабын дұрыс табу үшін әр жауапты бір-бірімен салыстырады, талдайды,
ұқсастығы мен айырмашылығын саралайды, соның нәтижесіне ойлау
қабілеті белсенді жұмыс істеп, олар жан-жақты дамиды .
Зерттеу обьектісі: 1-сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларындағы
оқу процесін қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Математика сабақтарында оқушылардың білім, білік,
дағдыларының маңызы.
Зерттеудің мақсаты: 1-сынып математика сабағында білім, білік,
дағдыларын тиімді қолданудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. білім, білік және дағды ұғымдарына педагок ғалымдардың
көзқарасы,
2. 1- сыныпта білім білік және дағдылардың қалыптастырудың тиімді
жолдары мен тәсілдерін үйрету,
3. бастауыш мектеп оқушыларының математикалық білім, білік,
дағдыларын тексеруге арналған тест жұмыстары,
Зерттеу жұмысын жүргізуде қолданылынған әдіс-тәсілдер:
Педагогикалық әдебиеттерді талдау, жинақтау, қорыту.
Курстық жұмысым кіріспеден, қорытындыдан және 3 тармақтан тұрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі-15.
§1. Білім, білік және дағды ұғымдары туралы түсінік.
А.С. Макаренко бұл жайында былай дейді; Біздің міндетіміз мінез-құлық
мәселелеріне деген дұрыс және ақылға сыйымды қатынасты тәрбиелеу ғана
емес, сонымен қатар дұрыс әдептерді, ойланып отыруды керек етпейтін, қайта
онсыз еш нәрсе істей алмайтындай әдеттерді тәрбиелей білуіміз керек. Ал,
Б.М. Теплов болса адам кәсіби қабілетін дамытып, шеберлік дәрежесіне
көтерілу үшін алдымен білім алу, сонан соң ғана жаттығу арқылы білік пен
дағдыны жетілдіру керек екенін дәлелдейді.
Ф.Н.Гонболин оқыту процесінде оқушылардың біліктілігін кейде
білім арқылы, кейде дағды қалыптастыруға болатындығын дәлелдейді. Профессор
И.Я. Кондефератов болса, жастарды оқытудың негізгі мақсаты-біліктілікке
үйрету, ал, білім алу-білікті ашуға арналған жол дейді. Жалпы педагогикалық
әдебиеттерде білім білік дағды ұғымдарына түрліше анықтама
беріледі.біз төменде білім, білік, дағды ұғымдарының түрліше анықтамаларын
келтіріп отырамыз.
Білім, білік, дағдының анықтамалары.
. Білім-адам ойында шындықты дұрыс
бейнеленуі , қоғамдық тәжірибеде тексетілген таным барысының нәтижесі.
Білім адамдардың қоғамдағы материалды және рухани іс- әрекет нәтижесі
ретінде пайда болады Кез- келген шындықты бейнелеу білім болмайды. Ал адам
өзін өзі өміріндегі іс- әрекетінен, оның обьективті жағдайларымен
заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің мақсатқа
сәйкес және тек басқа адамдар мен қарым қатынасымен жүзеге асатын нақты іс-
әрекеті. Қоянбаев Р.М. ағамыз қысқаша педагогикалық сөздігінде айтып
кеткен.
Білім-адамдардың затар мен өмір құбылыстарын, табиғат пен қоғам
заңдарын танып білу жемісі. Білімде адам болмысының көп ғасырлық
тәжірибесі, оның өзін қоршап тұрған құбылыстар жайындағы ұғымдар мен
түсінікер жинақталған. Білім фактілер,принциптер, заңдар түрінде өмір
сүреді. Оқушылар білімінің бәрін емесоқу пәндеріне арнаулы түрде іріктеліп,
біріктірілген неіздерінен ғана меңгереді. Савин Н.В. өзінің педагогика
кітабында осылай анықтама беріп кеткен.
Білім-баланың өмірді тануы не тікелей оның сезімдік қабылдауы арқылы,
болмаса жолмен , яғни ересек адамдар сонымен бірге кітаптардың авторлары да
бар жекелеген заттарды немесе құбылыстарды сөзбен бейнелеу арқылы жүзеге
асады. Қоршаған ортаны адамдардың тану нәтижесі білім болып табылады.
Люблинская А.А. мұғалімге бастауыш мектеп оқушысының психологиясы
жөніндегі кітабында осылай анықтама беріп кеткен.
Білім- деп адамның табиғат пен қоғам заңдарын тануының нәтижесін
басқаша айтқанда, әрбір ғылым саласында жиналған фактілер ұғымдар,
заңдылықтар жүйесін айтамыз. Сабиров Т.С. оқушылардың оқу белсенділігін
арттырудың жолдары жөніндегі кітабында анықтама беріп кеткен.
Білік. Қандай да болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді білік дейді.
Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір
әрекеттің жиынтығы арқылы іске асырылады, әрекеттің іске асуы
әдісін меңгеру біліктілік дейді. Бабаныский Ю.Н. өзінің ойын айтып
кеткен.
Білік- бұл адамның бұрыннан алған тәжірибесі негізінде қандай да бір іс-
әрекетті орындай білуге деген қабілеттілігі. Савин Н.Н. Педагогика
Мектеп деген оқулықтарында анықтама беріп кеткен.
Білік- білім негізінде оқушының белгілі әрекеті орындай алу
бейімділігін айтамыз.Білік қандай да бір іске деген шеберліктің негізі
болып табылады.
Білік- әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында
лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгеудің нәтижесі. Білікті
әрекет іс- әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана білуден
емес, оларды тәжірибеде таңдай білуден басқа мақсатқа жету үшін қажетті
шарттарды білуді қажет етеді. Қоянбаев Р.М. Қысқаша педагогикалық
сөздігінде осылай анықтама беріп кеткен.
Біліктілік деп білімді не дағдыны өзгертілген жағдайда пайдалана
білуді айтады. Егер оқушы үйренген білімін тап сол обьектіге қолданса.,
осыны біліктілік деп айтуға болмайды. Өйткені біліктілік көбінесе адамның
бір салада үйренген білімін, не дағдысын өзге жағдайға таси алуы.
Мұқанова.М.М. Педагогикалық психология очерктерінде айтып кеткен.
Біліктілік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу
қабілетті.Жарықбаев.Қ. Психология Білім кітаптарында анықтама беріп
кеткен.
Дағды кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы
бекітілген білікті дағды деп атаймыз.Қоянбаев.Р.М. Қысқаша Педагогикалық
сөздікДағды алғашқы саналы орындауды қажет ететін іс- әрекет бөліктерінің
қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуын дағды деп
атаймыз.Дағдылануда іс- әркетнің тұтас өзі емес, жеке компоненттерді ғана
автоматтандырады. Мәселен баланың жазуы әр уақытта саналы әрекет болып
есептеледі, орындаудағы тәсілдерді оның автоматтануы болып
табылады.Жарықбаев.Қ. Психология кітабы.
Дағды дегеніміз бұл талай рет және стереотипті қайталаулардың
арқасында автоматтандырылған әрекет. Савин.Н.Н. Педагогика (Алматы)
Мектеп кітабында анықтама беріп кеткен.
Дағды меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет.Белгілі бір
дағдыны меңгерген адам жұмысты тез істейтін сияқты көрінеді және іс
әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға
түседі.Сондықтан дағды мен біліктің адам өмірінде зор маңызы
бар.Сабиров.Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттырудың жолдары
Мектеп кітаптарында анықтама берген.
Әрекеттің саналы түрде автоматтану дәрежесіне жетуін дағды деп
атайды,яғни дағды автоматтандырылған әрекет.Жаттығу нәтижесінде әрекеттер
үйреншікті іске айналады да, оны орындау жеңіл жылдам іске асылады. Оспанов
Т.С. Оқушылардың бастауыш курсын оқыту әдістемесі кітабында осылай
анықтама беріп кеткен.
Дағды арнайы мақсатта, әдейілеп саналы жаттығудың нәтижесінде
автоматтанған дәрежеге жеткен әрекет.Оның физиологиялық механизмдері жоғары
нерв жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер динамикалық стереотип.
Мұқанов.М.М. Педагогикалық психология очерктері айтып кеткен.
Біз бұл анықтамалардың түпкі мазмұны білімнің адам, табиғат, қоғам
жайындағы фактілер екендігі, біліктің осы білімді не дағдыны өзгертілген
жағдайда пайдалана білу машығы, ал дағдының автоматты түрде жүзеге асатын
адамның қимыл-қозғалыстар екендігіне көзімізді жеткіздік.
Оқушының білім, білік, дағдыны меңгеру жолы өте күрделі және ұзақ
уақытты керек ететін процесс. Ол мұғалім мен оқушы тарапынан әр алуан жан-
жақты ойлау және практикалық әрекет жасайды. Осы сияқты білік пен
дағдының арасындағы өзара байланыстың күрделі болатындығын белгілі
психолог мамандар да (А.А. Смирнов. Л.М.Шварц. Т.Г.Егоров) атап
көрсеткен. Мысалы әріптерді ажырата білетін екінші сынып оқушысы, жазу мен
есептеу туралы дағды алмай-ақ, кітапты оқи алады.
Білім, білік, дағдылардың жүйесінің көрсетіліп отыруы қажетті іске
айналып келеді. Мұны білім, білік, дағдының арасындағы өзара
байланыстылықты тиімді пайдалануға жол ашатын мүмкіншілік деп түсінеміз.
Мектепте берілетін білімнің үш белгісі бар, олар;
а)Білімнің саналылығы. Мұндай білім жаттауға негізделмей,білім мазмұнын
терең түсініп,ұғынуга бағытталады.
ә)Білімнің дәлелділігі. Білім алушы адам біцреудің айтқанына, не
есіткеніне,не оқығанына талғаусыз сене алмай,ақиқатқа көзін жеткізуге
тырысады,әр нәрсеге сын көзбен қарап, сол туралы өздігінен қорытындылар мен
тұжырымдар жасайды.
б)Білімнің практикалық сипаты-білімнің өмірмен және практикамен
ұштасуы және теориямен практика арасындағы тығыз байланыс.
Білімнің практикалық тәжірибеде қолданылуы білік және дағдымен
байланысты болады.
Білік пен дағды білім мен тәжірибеге негізделеді. Оқу жұмысында олардың
маңызы зор. өйткені білік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты
берік екендігінің белгісі болып табылады.
Баланың мектепке түсуі оның дағдыларының белгілі бір жүйесімен дамып
отыруына мүмкіндік туғызады.
Мұғалім балаға жазу, оқу, есептеу сияқты күрделі дағдыларды үйрете
бастайды. Осы айтылғандарға дағдыландырудың бастапқы жолы жаттығу
жұмыстарынан басталады. Жаттығу жұмыстарында ережелер түсіндіріледі. Бұдан
кейін бала ережені іс-жүзінде қолдана білуді үйренеді. Мұғалім сан алуан
әдістермен арнаулы жүйелердің ең тиімді дегендерін таңдап, оны бала
дағдысын қалыптастыруға қолданады. Мұғалімнің бар шеберлігі мен өнерін
салатыны да осы жер. өйткені дағдының ірге тасы дұрыс қаланса, соғұрлым
жақсы, тыңғылықты китін болады. Баланың ережені жақсы түсіне алуы,
практикада қателеспей пайдалануы, онда дағдының орныға бастауының белгісі.
Бастауыш мектеп мұғалімдері оқушылардың оқу, жазу, есептеу
дағдыларымен бірге жалпы дағдыларын (мұғалімнің айтқанын тыңдай білу,
сабақта тыныш отыру т.б.) әрбір баланың дара ерекшеліктеріне қарай
қалыптастырылып отырады. Оқушыларды дағдыландырғанда мұғалімнің үйрету
әдістерінің артуы, балалардың қатесін үнемі сезе біліп жөндеп отыруы,
олардың білім нәтижесін дұрыс бағалауы, қатаң талап қоя білуі, бастаған
істі аяқтатып үйрету т.б. ерекше маңыз алады.
Мектеп дағдыларының көпшілігін оқушының мінез-құлқы мен ақыл-ой
әрекетінің тұрақты әдеттеріне айналдырып отыру мұғалімнің оқу- тәрбие
жұмысындағы басты міндеттердің бірі. Мұғалім мектеп оқушысына қажетті
әдеттерді олардың ата-аналарына түсіндіргені дұрыс. өйткені кез-келген
мектептік
дағдылармен әдеттердің қалайша қалыптасып отыратынын біле бермейді.
Оқушы дағдысының дамуы бір келкі болмайды. Ол әр оқушыда түрліше дамып
отырады. Сондықтан мұғалім бұлардың әрқайсысына жеке назар аударып, жеке
бақылап отырмайынша, оқушылардың білімін әділ бағалай білмейінше, дағды
тәрбиесі ойдағыдай ұйымдастырылмайды,
Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін қайталау
жеткіліксіз, оған арнайы жаттығу қажет. Кез-келген қайталаудан жаттығу
шықпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы , көп қайталанғанымен түзелмейді.
Себебі , мұнда арнайы жаттығулар жүйесі жоқ. Жаттығу жөнінде белгілі
ережелерді білмей, яғни дағдыны қалыптастыру қандай жолмен жүріп
отырғанымен таныспай, дағдыға болса да ие болу қиын.
Дағдыға машықтана алудың төмендегідей белгілерін көрсетуге болады.
Біріншіден, дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтижесін үнемі біліп
отыруға байланысты. Екіншіден, дағдыланушы адам жаттығуға біртіндеп
кіріссе, жаттығулардың арасын уақыт жөнінен дұрыс бөлсе, үйрену
әдістерін жетілдірсе, үйренетін дағдының өзінің ерекшеліктерін білсе,
дағды нәтижелі болумен қатар, тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын
болады. Адамның үйрену тәсілінің жетіктігі оның дағдыға тез
машықтануынан туған қажетті білімдерді тезірек меңгертуге көмектеседі,
екінші жағынан адамда дағды мен білім жетіспей жатуы оның біліктерінің
арта түсуіне кедергі келтіреді. Бұл үшеуі бір-бірімен кері құрылымдастық
қатынаста болып отырады.
Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ғана
автоматтанады. Мәселен, баланың жазуы әр уақытта саналы әрекет болып
есептеледі, орындаудағы тәсілдері оның автоматтануы
болып табылады. Даму шегіне жеткен дағдылардан мына төмендегідей
белгілерді байқауға болады.
1.Дағды алудың белгісі-әр түрлі амалды тез орындап, шапшаң
қимылдау.
2.Дағды қалыптасқаннан кейін күштеніп, қиналып істеу жойылады.
3.Дағдыланудың үшінші белгісі-бірқатар жеке амалдарды біріктіріп,
одан тұтас бір амал жасай алу. Жаттыға келе кібіртіктеп отырмайды,
шапшаң оқитын болады.
4.Көзбен бақылаудың маңызы кеміп, қозғалыс пен бақылаудың маңызы
артады. 5.Дағдыға машықтану үшін алдын ала қабылдай алу қабілетінің
болуы.
Дағды адам әрекетінің қай-қайсынан да ерекше маңыз алады. Ол іске
шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді. Дағдының арқасында біздің санамыз
қызметтің түпкілікті, шешуші кезеңдеріне жұмылдырады. Оқу дағдыларын жете
меңгеру баланы оқуда озат оқушының қатарына алып келеді. Еліміздегі
ғылыми техникалық прогресс адамдарда жан-жақты білім болуымен қатар
жақсы дағдыны қажет ететіні сөзсіз.
Бала күнінде ең кемінде 1000 нан аса қимыл-қозғалыс жасайды.
Сол қимыл-
қозғалыстың 99-і дағдыланудың негізінде жүзеге асады десек
қателеспеген болар едік. Дағдының пайда болуы әуелі ойланып-толғануды
талап ететін істерден шығады. Дағды қалыптасқаннан соң, іс үйреншікті
келеді де, осының нәтижесінде меңгерілетін істердің жемісі дағдыға
айналмаған істерге қарағанда әлдеқайда өнімді және нәтижелі болып
кездеседі. Дағдының қалыптасуы жад процесінің негізінде жүзеге асады. Оқу
үрдісіндегі дағдыда талаптануды жаттығу деп атайды.
Бұл әдіс онан әрі де қолданыла берсе, дағдылану процесі табандап
бір орында тұрып қалады немесе тіпті бастапқы кезінде төмендеп кетуіде
ықтимал. Дағдылану үнемі бір қалыпта тұрып қалмауы үшін жаттығу
процесініңәр кезінде де әр түрлі әдіс қолданылып, сабақ беруді
түрлендіріп жүргізеді. Дағдының бір орында тұрып
Қалып немесе бұрынғысынан төмендеп кетуі тек оқыту жұмысының нашар
қойылғанынан болады деп түсінуі кейде қате болар еді.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда жаттығу
әдісінің маңызы өте зор. Жаттығу әдісі дегеніміз оқушылардың қабылдаған
білім, білік, дағдыларын бірнеше рет қайта пысықтап, нақтылы түрде ойды
тиянақты қалдыру әдісін айтамыз. Жаттығу әдісі оқушылардың оқу жұмысын
өздігінен орындау белсенділігін арттырады. Әрбір жаң білім, дағдыларды
тиянақты болу үшін жүргізілетін жаттығудың арқасында олардың өздігінен
жұмыс істей алу қабілеті дамиды. Оқушылардың білік және дағдыларының
тиянақты болу процестері жаттығу әдісінің негізгі тәсілдері жинақтау және
талдау жолдарымен қалыптасады. Жаттығу әдісімен сабақ жүргізгенде
оқушылардың жас ерекшеліктері еске алынады. Сонмен қатар жаттығу
жұмыстары оқушыларды жалықтырмай қайта оларды ынталандырып отыру қажет.
Жаттығу жұмыстарын жемісті жүргізуге бірнеше талаптар
қойылады. Бұл талаптардың негізгісі мыналар:
а) жаттығу жұмысы нәтижелі болып оқушы ойдағыдай табысқа жету үшін ең
алдымен нені жаттауды, оны қалай жаттауды білу қажет. Егер оқушының
алдында осындай мақсат болмаса, ол өзін-өзі күштеп, жұмысқа беріле
алмайды.
ә) Оқушының жаттығуы өріс алу үшін, ол өз жұмысының қалай
орындалғанын үнемі тексеріп отыруы қажет. Егер жұмысты орындауда
оқушы қателік жіберсе, сол қатені жеңудің тәсілі көрсетіледі. Егер
оқушы тапсырманы дұрыс орындайтын болса, оны осы жұмысы үшін мақұлдап
отыру жаттығудың өріс алуына себепші болады.
б) жаттығу жұмысының мазмұны тек ауызша қайталау болмай, көбінесе
әрекет арқылы жүргізілуі тиіс. Себебі ауызша қайталауға қарағанда
дағдыланып, әр түрлі әрекет жасау мазмұнның есте терең қалуына себеп
болады.
в) Жаттығу жұмысы белгілі бір жүйелілікпен жүргізілуі тиіс. Мысалы
оқу мазмұндары бірінен соң бірі бөлшектерге бөлініп, белгілі бір мезгіл
бойынша
жүргізілсе, нәтижелі болады.
г) Жаттығу жұмысын жүргізу арасындағы уақыт аралықтары ұзақ болмауы
тиіс. Егер жұмыстарының арасындағы үзіліс ұзақ болса, бұрынғы өткендер
ұмытылып, келесі мазмұндарды еске түсіру қиынға соғады. Жаттығу
жұмысының әрбір тәсілдері жеке пәндерге байланыста үнемі бірдей бола
бермейді. Мысалы , жеке пәндердің тақырыптарына байланысты, соған
жаттығуда әртүрлі ерекшеліктер кездеседі. Бұл ерекшеліктер негізінде
жеке пәндердегі оқу мазмұндарының ұғынуға жеңіл не қиын келуі. Оқу
мазмұны неғұрлым қиын келсе соғұрлым қайталауды кеңнен талап етеді.
Егер жаттығу жұмысы орынсыз көп қайталана берсе, оқушы тез шаршайды.
Ал қайталау аз болса онда дағды тез қалыптасады. Сондықтан қайталану оқу
мазмұнының ерекшелігіне қарай белгілі мөлшермен жүргізілуі тиіс.
Мектеп оқушыларының оқу процесінде қалыптасуы, жетілуі
төмендегідей бағыттар бойынша жүреді.
а) оқушы меңгеретін елестетулердің, түсініктердің, мәліметтердің
көлемі өседі.
Олар оқушылардың жеке-дара тәжірибесін құрайды;
Білім анағұрлым дефференцияланған және дәл бола түседі. Бірікен сөз
бөлшектенген түсініктер мен бейнелерден оқушы дәлірек білім мен ұқсас
білімдерді айыра білуге көшеді.
ә) білім тереңірек бола түседі. Осыған байланысты білім анағұрлым
жинақы және саналы сипатқа ие болады, демек берік те дәлелдене
түседі.
б) білім жылжымалық және икемділікке ие болады. Олар обьектінің өзі
басқара алатындай болады. Осы айтылған бағыттардың әрқайсысы бойынша
оқушылардың білімін қалыптастыру үшін, олармен әрқилы жасалуы керек.
Сонымен, білімді дефференциялау, анықтай түсу жұмыстары, оқушылардың
қимыл бағытының көлемін немесе білімінің жинақталуы, оқушылардың қимыл
бағытының көлемін немесе білімінің жинақталған категорияға
айналдырудағыға қарағанда, басқа мазмұнда, басқа бағытта жүргізілуін
талап етеді.
Білім беруінің мазмұнының өзгеруіне байланысты оқушылар
әрекетіндегі әр алуан біліктерді қалыптастыруға барған сайын зор мән
беріліп отыр. Психологтар мен педагогтардың соңғы зерттеулерінде
біліктілікті ширақтық, жинақтық сияқты қасиеттерді атап көрсетеді. Бұл
қасиеттер әрекетке шығармашылық сипат береді. Оқушылардың оқу
әрекеті үстінде біліктілікпен қаруландырмайынша, олардың бойында
білімге деген шығармашылық, қарым-қатынасты қалыптастыруға болмайды.
Қазір дидактика мен психология оқытудағы міндет тек білім меңгеру және
оны қолдану ғана емес, сонымен бірге білімді тауып ала білуде деп
есептеп отыр. Оқушылар білікті меңгермейінше білімді меңгеру жолында
алға баса алмайды. Дағдылар мен біліктілікті қалыптастырудың сенімді жолы
басқарылатын оқу. Осындай жолмен алынған дағдылар мен біліктер зор
саналылығымен, орамдылылығымен, орындауға деген мүмкіншілігімен
сипатталады. Дағды мен білікті қалыптастыру жаттығу процесінде жүзеге
асырылады. Бұларды қалыптастырудағы жаттығулар тиімділігі көп жағдайда
соларды ұйымдастыру әдісіне байланысты.
Қандай болсын біліктілікті, дағдыны оқушы іс-әрекетке
ұласады. Білік пен дағдыны меңгеру еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы
негізгі принцип уақыт пен күшті үнемдеу. Сондықтан білік пен дағдыны
нәтижелі меңгеру уақытты үнемдеуге, еңбек қарқынын жоғарылатуға,
жұмысты қатесіз орындауға мүмкіндік туғызады. Мұндай нәтиже оқушыны
қуанышқа бөлейді. Білік пен дағдыны дұрыс меңгеруден туған оқу еңбегінің
нәтижесі кейін оған көмегін тигізеді.
Сөйтіп білім, білік, дағдыны төменгі сынып оқушыларына оқыту
ісінде, олардың жетілу жолында маңызды білімдік қызмет атқарады және
оқыту процесіне тірек негіз болады. Оқушылардың бұрын меңгерілген
білімдерін жетілдіру ең алдымен, оқушылардың өтілген материалды еске
түсіруі, оқу материалын меңгеруін, өзін-өзі бақылауды іске асыруы,
өткен білімдердің жаңа жағдайларға байланысын ұғынуы сияқты бөліктерден
құралады.
Оқушы қызметін жетілдіру әдісі деп біз арнайы және жалпы оқу
біліктері мен дағдыларын дамыту, қалыптастыруды түсінеміз. Сабақтың бұл
сатыстыру және жинақтау, мұғалімнің сұрағына толық жауап беру, бұрын
өткен оқу материалдары бойынша тез бағдар жасай білу т.б.
Енді жаңа түсініктер мен ұғымдарды қалыптастырудың мазмұнын
қарастырайық. Түсінік, ұғымды қалыптастыру барысындағы маңызды, күрделі
психологиялық, педагогикалық процесс-жаңа білімді меңгеру. Ол жоғарыда
айтылғандай 3 компоненттен тұрады.
1.Оқу материалын қабылдау және түсіну,
2.Таблица өлеңдерді қайталау, бекіту арқылы есте сақтау
3.Заттармен құбылыстарды салыстыру, сабақта меңгерілетін білімді
жүйеге келтіру.
Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушылардың назары
оқу- танымдық әрекетке, жаңа оқу материалын меңгеруге бағытталған.
Психологтардың айтуынша, материалды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол
материалмен түрліше жағдайда ең кемінде алты рет кездесуі керек. Жаңа
түсініктерді қалыптастыру процесін оны меңгертудің әрекет-тәсілдерін
қалыптастыру процесін дамытудан ажыратып алып қарауға болмайды. Шын
мәнінде, оқушы мұғалімнің сөзін дұрыс түсініп, қабылдау үшін, оның
сөздік қоры мол болуы тиіс, байланыстырып сөйлеу дағдыларын меңгеріп,
мұғалімнің айтқанын түсініп, таңдай білуі тиіс.
Осыдан келіп, сабақтың көптеген жалпы оқу біліктерін мен дағдыларын
қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Сабақтың
үшінші кезеңінде бекітумен қайталау меңгерілетін білімді қолдану
арқылы және оқу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Бұл
жұмысты жүзеге асыруға оқушылар еңбегі сипатының өзі-ақ жағдай
жасайды. Мұғалім оқушының ақыл-ой өрісін дамыту мақсатында сабақта
арнайы дайындалған тапсырмаларды оларға өз бетімен орындату арқылы
материалдарды бекітіп, мәселеннің түйінді, өзекті жақтарын меңгеруге
оқушыларды қатыстырады. Оған қоса сабақтың осы кезеңінде оқушылардың
білімінің белгілі бір бөлігін қалай меңгергендіктерінің арнайы
және жалпы оқу біліктері мен дағдыларының қандай деңгейде
қалыптасқандығының қорытындысы шығарылады. Мұндай бәрінен бұрын
логикалық білік, әсіресе бірізді сұрақтар тізбегіне талдау жасай білу
білігі қалыптасады.
Үй тапсырмасы сабақтардың дидактикалық құрылымының
тұрақты компоненті бола бермейді. Оның негізгі мақсаты-оқушылардың
өз бетімен жұмыс істеуін, шығармашылық ойлауын дамыту. Кейбір
мұғалімдер үй тапсырмасын оқушының сабақтағы жеткіліксіз жұмысын
толықтыру әдісі деп қарайды. Ал, мұндай оқу біліктілігі мен
дағдыларын дамытудың мәні зор. Үй тапсырмаларын берген кезде
логикалық талдау, жинақтау, салыстыру, қорытындылау негізін таба
білу т.б. қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Қорыта айтқанда да сабақтың қай кезеңінде де жалпы
біліктер мен дағдыларды дамыту сабақты жаңа тиімді әдіс,
тәсілдерімен толықтырады.
Қазіргі кездегі бүкіл педагог ғалым құлақ түріп отырған
оқуға үйрету деген талаптың іске асуына үлкен әсер етеді. Сондықтан
оқушының білім, білік, дағдыларының үнемі бақылап, тексеріп,
бағалап отырудың маңызы зор. Бірінші сынып математиканы оқыту
барысында білім, білік және дағды қалыптастырудың әдістемесі.
§ 2. Бірінші сынып математиканы оқыту барысындағы білім білік және
дағды қалыптастырудың әдістері
Математиканы оқытудағы негізгі білім беру міндеттері
жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды қорытындылау арқылы балалардың
білімін қалыптастыру және оларды белгілі бір дағдылар мен біліктерге
үйрету болып табылатыны белгілі. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін,
оқыту әдістемесінде математикалық материалды оқып үйрену белгілі
бір басқышпен жүргізілуі, көзделуі тиіс.
Бірінші сыныптағы математикалық білімнің мазмұны Қарапайым
түсініктер, Он көлеміндегі сандар, Кестелік, қосу мен азайту
Толық ондықтар, біз нені үйрендік? тақырыптары бойынша
топтастырылған материалдар құрайды. Мұнда: сандардың арифметикасы
(сандардың аталуы мен жазылуы, салыстыру, қосу және азайту т.б.
шама ) жайында түсініктер, алгебра мен геометрия өте қарапайым
элементтері қарастырылады. Қарапайым түсініктер тақырыбының
мазмұны: заттарды санау заттардың топтарын біріктіру және бөіліп
алу сияқты практикалық іс-әрекет орындау, кеңістік және уақыт
туралы түсініктер, қарапайым геометриялық фигуралар жайындағы
түсініктер, фигураны бөліктерге бөлу мен оны бөліктерден
құрастыру сияқты практикалық іс-әрекеттер орындау т.б. бір-біріне
байланысты материалдардан тұрады,
Он көлеміндегі сандар тақырыбында таза математикалық
мәселелерді оқып үйрету бірінші кезекте тұрады. Сондықтан олардың
кейбіреулеріне қатынасты алғанда тиянақты білім беріліп, білік пен
дағды қалыптастырылады. Кестелік қосу мен азайту тақырыбының
мазмұнын: он көлеміндегі сандарды есептеу тәсілдері мәтінмен берілген
арифметикалық жай есептермен оларды шығару: кері есептер және өзара
кері есептер: санды өрнекпен әріпті өрнек, әр түрлі өрнектердің
мәнін табу: қарапайым теңдеулер және оларды шешу: кесіндінің
ұзындығын артыру және кеміту, кесінділер сызу сияқты мәселелер
құрайды.
Осы тақырыпты үйретуді ең басты міндеті оқушылардың математикалық
даярлылығын басты көрсеткіші кестелік қосу мен азайту жағдайларын
үлгеруді жүзеге асыру және негізгі деп аталатын жай мәтінді
арифметикалық есептерді шығаруға үйрету. Ал санды өрнек және әріпті
өрнек, олардың мәнін табу, қарапайым теңдеулер және оларды шешу,
кесіндінің ұзындығын арттыру және кеміту, кесінділер сызу жайындағы
білім, білік және дағдылар жетілдіре беруі мүмкін мәселелердің
қатарына жатады. Алдыңғы тақырыпта қосу және азайту амалдары
көпшілік жағдайларды көрнекілікке сүйеніп орындалған болатын.
Дегенмен, 0 және 1 сандары қатынасатын жағдайларда қосу және азайту
амалдарын орындауға жеткілікті дағдыландыру мүмкін болады. Сондықтан
осы жағдайларды есептеулер жүргізуге қатысты алғанда білік
қалыптастырылды деуге толық негіз бар. Дегенмен қосу амалын, әсіресе
азайту амалын орындағанда оқушылар өздеріне бұрынан белгілі санның
құрамы жайындағы білімге сүйеніп, өзара байланысты мына сияқты 4
мысалы құрып және шығарып кетуі мүмкін, айталық: 5+1=6, 1+5=6, 6-
1=5, 6-5=1: алайда басты назар қосылғыштардың біреуі 1 саны
болатын санның құрамын есте сақтауға және сол білімге негізделген
сәйкес жағдайлдағы азайтуды орындауға аударылады. Осы себептенде 1
қосу мен азайту қатарынан қарастырыыады. Кестелік қосу мен азайтудың
2: 3: 4: 5: сандары мен жағдайларын оқытып – үйретудің әдістемесінде
бірізділік сақталады мұндағы қосу тәсілі сан сызғыштанда бір, екі,
үш, төрт санын аттай отырып тура бағытта, ал азайту тәсілі сәйкес
кері бағытта санау арқылы түсіндіріледі қорытынды нәтиже-қосу
кестесінің 16 теңдігін жатқа білдіртіп шығару. 2+2=4: 3+3=6: 4+4=8:
5+5=10: 8+2=10: 7+3=10: 6+4=10 және осы теңдіктерді азайтудың, сәйкес
жағдайларына нәтижені қатесіз табу үшін қолдануға қатысты білік
қалыптастыру болып табылады. Осыған жету үшін қосу кестесін есте
сақтауға және қосудың нәтижесінде, яғни санның құрамының сәйкес
жағдайына сүйеніп, азайту амалының нәтижесін анықтауға оқушыларды
дағдыландыра түсу бағытында жұмыс ұйымдастырылады.
Кестелік жағдайларды оқытудың келесі сатысында 5: 6: 7: 8: 9
сандарын қосу және азайту тәсілдері қарастырылады. Бұл жағдайларды
қосу-сандардың орындарын ауыстырып қосуға болатындығына сүйеніп, яғни
қосу амалының ауыстырымдылық қасиетіне негізделіп, бұрынан оқушылар назары
үлкен санға кіші санды қосудың қолайлы екеніне аударылады .
Кестелік қосумен азайтуды оқытып-үйретудің соңына қарай 10 санынан
азайту жағдайларына арнайы тоқталып өту көзделеді. Тақырыпты оқып-
үйренудің соңына қарай қосу кестесін еркін білу және азайтуға сәйкес
жағдайларына нәтижені табу үшін қосу кестесі теңдіктерін қолдануға
жетік дағдыландыру жүзеге асырылуы тиіс.
Кестелік қосу және азайтумен өте тығыз байланыисты кесіндінің
ұзындықтарын қосу және азайтуда қарастырылады. Мұнда әр санды қосу
және азайту ұзындықты арттыру және кемітумен (мәселен 2см, 3см, 4см,
5см) сабақтастырылады. Соның нәтижесінде сандармен және шамалармен
орындалатын ұқсастығы тағайындалады. Сонымен бірге әрдайым
кесінділерді сызу, өлшеу, кесіндінің ұзындығын түрлендіру, кесінділер
ұзындықтарының қосындысын және айырмасын табу, сондай-ақ осыларға
сәйкес кесінділерді сызу сияқты мәселелермен байланысты практикалық
білік пен дағдылар қалыптастырылады.
Алдыңғы тақырыпта басталған көптеген материалдар өзінің табиғи
жалғасын тауып, біршама өзгерген немесе жаңа жағдайларда бұрын
игерген білімді қолдануға баса көңіл бөлініп, олар біртіндеп
дамытыла түседі. Осылардың қатарына теңдіктер , теңсіздіктер,
өрнектер, өрнектің мәні, арифметикалық амалдардың қасиеті,
қосынды, айырма, қосындының мәні, айырманың мәні, өрнектерді
салыстыру, сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Олар көбінесе
дамытушылық немесе шығармашылық сипаттағы жаттығуларды орындаумен
байланысты әртүрлі жағдайларды қолданыс табады. Сондықтанда осыларды
оқыту нәтижелері жоғары сатыға көтеріліп жаңа салаға ие болады.
Санды өрнектермен жүргізілген жұмыстардың табиғи жалғасы ретінде
әріпті өрнек жайында түсінік қалыптастырылады. Мұнда құрамында бір
ғана әріп болатын әралуан қосындылар мен айырмалар құруға әріптің
берілген мәтіндерінде, олардың мәндерін табуға, оларды оқуға және
жазуға қатысы білік пен дағдылардың негізін қалаумен шектелу
көзделеді. Шындығында да бір ғана әріп болатын өрнектерді қарастыру 1-
сынып үшін, тіпті бүкіл бастауыш буын үшін де, жеткілікті . Осының
өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz