Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Нотариаттың пайда болуы мен даму тарихы . . . 8

1. 2 Қазақстан Республикасында нотариаттық қызметтің түсінігі . . . 17

1. 3 Нотариаттық қызметтің қағидалары . . . 19

1. 4 Қазақстан Республикасында нотариатты ұйымдастыру және басқару . . . 23

1. 5 Нотариаттық қызметті жүзеге асыратын субъектілер және олардың құзыреттілігі . . . 29

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИУСТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

2. 1 Нотариаттық іс-әрекеттер және оларды жасаудың жалпы ережелері . . . 39

2. 2 Мәмілелерді, сенімхатты нотариалдық рәсімдеудің жалпы ережелері . . . 48

2. 3 Өсиетті растау. Мұраға құқық туралы куәлік беру . . . 55

2. 4 Нотариустың рәсімдеу жазбасы, мемлекеттік баж, нотариалдық іс жүргізу тәртібі . . . 57

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3. 1 Нотариат туралы заңнама . . . 63

3. 2 Қазіргі таңдағы нотариаттың көкейкесті мәселелері . . . 64

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ . . . 71

КІРІСПЕ

Ұсынылып отырған «Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы» атты дипломдық еңбегім мемлекетіміздегі қазіргі нотариат жүйесінің қалыптасуы және даму ерекшеліктерін саралау мен қатар қазіргі танда мемлекетіміздегі көкейкесті мәселелерді көрсетуге, әрі осы қызметтерді жүзеге асыру ерекшіліктерін кең ауқымда ашуға бағытталған. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген заңдарымыз өзгеріп жаңа қарқын мен өркендей бастады. Осы уақыт аралықтарында нотариаттық қызмет қоғамдағы өз орнын айқындап өркендей бастауы осы саланың қаншалықты қажет және манызды екенін көрсетеді.

Диплом жұмысының өзектілігі: Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 14 шілдеде «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылдаңған соң, еркін бюджеттен тыс нотариат құрылып, елімізде нотариат ұйымдарын реформалау жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс нотариаттық кеңселер, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін жаңа қалыптасқан әрі ұйымдасқан жүйесіне айналды.

Соңғы он жыл ішінде Қазақстандық нотариат қалыптасу мен ұйымдастырудың күрделі тарихын бастан кешірді. Осы күрделі үдерісте нотариустар қоғамдағы көп нормативтік ережелер мен құбылмалы қоғамдық қатынастар аясында мемлекеттік және өзгеде ұйымдармен қарым-қатынастарын жаңа заман талабына сай құра отырып, қызметті ұйымдастыру саласындағы орасан зор қиындықтарға қарамастан нотариаттық қызмет көрсетудің заңдылығы мен сапалығын қамтамасыз етуге мәжбүр болды.

Ұзақ уақыт бойы заң шығарушы үдерісі аясында нотариаттық іс-әрекетті құқықтық реттеу мәселелері шешімін таппай, ол нотариаттық іс-әрекеттің сапасына кері әсер етті . Әрине, кеңестік кезең мектебінен өткен нотариустардың барлығы бірден жаңа жағдайға уақытылы бейімделе алмады. Дегенімен, соңғы жылдарда нотариат еліміздің құқықтық жүйесінде беделді орынға ие болғандықтан, қазіргі таңда дүйім көпшілік тарихи тұрғыдан өзін орнықтары алмаған мемлекеттік нотариат жүйесіне қайтадан оралу мүмкін емес деп есептейді.

Қазірде де нотариустар өзінің құқық қолдану қызметінде көп қиындықтарды бастан кешіруде. Әкімшілік қамқорлықтан босап, сондай-ақ мемлекет қолдауынан айрылған жаңа типті нотариат республикада өзіне бірден назар аударып, қатаң пікірталас пәніне айналды. Оған біздің мемлекетімізде нотариаттық қызметке байланысты «Нотариат туралы» Заңына және нотариус іс-әрекеттерін реттейтін өзге де нормативтік актілерге нотариустардың дербестігін шектеуге бағытталған, өзгертулер мен жаңартулардың жиі енгізілетіні куә.

Бүгінгі таңда ғалым-заңгерлер, билік құрылымдары мен нотариаттық қауымдастық өкілдері нотариустардың, жалпы жұртшылық-құқықтық институт ретіндегі нотариаттың құқықтық мәртебесіне қатысты ортақ пікірге келе алмай отыр.

Осыған қарамастан, нотариус мамандығына деген қызығушылық жылдан жылға арта түсуде. Нотариаттық іс-әрекетпен айналысуға ниеттенуші тұлғаларға қойылатын талап денгейі де жоғарылауда. Мұның бәрі қазіргі кезең нарық жағдайындағы нотариус қызметінің өзіндік ерекшелігімен, оның заңи маман өкілдері арасындағы орнымен тығыз байланысты. Қазіргі кезеңде нотариус өте жоғары білім деңгейіне ие болып қана қоймай, сол білімін күнделікті қызметінде қолдана білуі тиіс. Ол нотариат жөніндегі заңдылықтарды ғана емес, басқа құқық салаларында атап айтқанда азаматтық іс жүргізу, отбасылық, тұрғын -үй, жер, салық және тағы басқа салалардың да нормалары мен ережелерін жетік білуі керек. Сонымен, қатар нотариус халықаралық құқық негіздері мен басқа да көптеген нормативтік актілерді меңгеруі тиіс. Осыған орай, нотариаттық қызметтің кейбір өзекті мәселелері құқықтық сала аралық деңгейде сараланып, олардың басқа салаларға байланысты мазмұны ашып көрсетілген. Нарықтық қатынастардың өрбіп дамуына байланысты нотариаттық іс-әрекеттер барған сайын түрленуде, оларды нормативтік реттеу барысында қиындықтардың туындауы объективті шынайылық.

Диплом жұмысының міндеттері мен мақсаттары: нотариаттық қызметтің Қазақстан Респуликасында қалыптасуы мен дамуының, мазмұның кең көлемде тиянақтап нақтылап ашу. Осы қызметтің ҚР

қалыптасуы барысындағы өзіндік ерекшелктері олардың кезеңдері, оған жалпылама сипаттама беру.

Нотариаттық қызметтің даму тарихы оның пайда болу себептері, шарықтау және құлдырау кезеңдері.

Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында ұйымдас-тырылуының құқықтық негіздері және оның жалпы тәртібі, олардың атқаратын қызмет түрлерін айқындап көрсету және кең көлемде түсінік беру.

Нотариаттық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға анықтама беру және олардың нотариаттық қызмет саласындағы қандай құзыреттіліктері бар екенін ашып көрсету оларға сипаттама беру.

Қазіргі уақыттағы нотариаттық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын көкей- кесті ( проблемалар) мәселелерді анықтау, оларды алдын алу мәселелеріне жалпы сипаттама беру .

Осы дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаттарын осы жоғарыда айтылып кеткен қызметтер құрайды.

Дипломдық жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ, осы тақырыпқа байланысты.

Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы және осы нотариаттық қызметпен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді, тереңдете объективті түрде зерттеу.

Нотариаттық қызметтердің Қазақстан Республикасында қалыптасып дамуына толық сипаттама беру.

Осы тақырыпты бұрыңғы КСРО уақытындағы қызметтер мен салыстыра отырып және қазіргі заман нотариаттық қызметі мен салыстыра отырып зерттеу.

Нотариаттық қызметтердің Қазақстан Республикасында қалыптасып дамуына толық сипаттама беру.

Нотариаттық қызмет саласы қазіргі заман талаптарына сай өте маңызды салалардың бірі болып отыр. Нотариаттық қызмет қоғамға заңи көмек көрсетудегі орны ерекше.

Нотариаттық қызмет саласын біз әлі біздің мемлекетімізде толық қалыптасып болмаған десек болады, бұл қызмет түрі қазргі уқытта тез дамып келе жатыр себебі, қазіргі уақытта оған деген сұраныс күннен күнге артуда, оның басты себебі атқаратын қызметінің ерекшелігінде болып отыр.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НОТАРИАТТЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Нотариаттың пайда болуы мен даму тарихы

Кез-келген құбылыстың пайда болуының белгілі бір себептері болады яғни кез-келген құбылыстың тарихы болмысы болады, мысалы құқықтың пайда болуының өзіңдік себептері бар ол тіпті сонауерте ғасырларда пайда болып, уақыт сынағынан өтіп шындалып қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігі болып қалыптасты десек болады, қазіргі қоғамды құқықсыз, заңсыз елестету мүмкін емес онсыз қоғамда заң бұзушылқтар көбие түсіп қоғамда қылмыстар бой алады емеспе. Сол сияқты нотариаттың пайда болуы-ның өзіңдік себептері бар, яғни, оның өзіне тәң тарихы қалыптасқан.

Нотариаттың пайда болуы азаматтық айналымның дамуына, келісім -шарт жасау және сатып алу құқын заңмен бекітуде оның субъектілеріне ықпал ету қажеттілігіне байланысты болды.

Нотариат жеке меншікті қорғауға бейім және барлық азаматтық айналымға қатысушылардың құқын, мүліктік құқықтың дұрыстығын қорғауды қамтамасыз ететін азаматтық құқық институты ретінде туындады. Нотариустар жүзеге асыратын құзіреттер (функциялар) қоғаммен сұраныста, әрі жан-жақты қажетті болғандықтан тарихи нотариат кез-келген елдің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Нотариаттың институт ретінде өз шығу және даму тарихы бар. Ол тіпті Көне Рим Республикасы кезінде өркендеуге бет алған. Сол уақыттың өзінде римдіктерде лауазымды тұлғалардың (жазғыштар) ерекше институты жүзеге асырылған, олардың құзіретіне преторлармен шығарылған сот формаларын және магистрлермен берілген жазбаша өкімдерді рәсімдеу кірді. Бұл құзіреттерді атқарушы «нотариус» (notarii) деп аталады, «notta» сөзінен шыққан, ол жазғыштардың өздері жүргізетін жазбаларын жылдамдату үшін қолданылатын стенографиялық белгіні білдіреді.

Үш-ғасырдың соңында Ұлы Карл франк мемлекетінде магистратурамен бірге байланысты нотариатты бекітті, өйткені, нотариус келісім-шарттар түзіп, оларды қол қою үшін судьяға беретін. Кейінірек нотариус келісім-шарттарды растау өкілеттігі бар, мемлекеттік биліктің тікелей өкілі және Мемлекеттік мөр ұстаушы болды.

Нотариаттық кеңседе кемінде алты жыл жұмыс істеген, содан соң арнайы біліктілік емтиханын тапсырған адам ғана нотариус бола алатын.

Нотариустардың өкілеттігіне: барлық актілер мен келісім-шарттарды куәландыру, мүліктің тізімін жасау, әртүрлі куәліктер беру, бұқаралық сату жасау кіреді. Міне, сондықтан да бұл лауазымға кеңсе кірісіне байланысты мөлшерде кепілдік жарна енгізген «сенімді» адам ғана жіберілетін.

Нотариаттық актілердің дәлелді күші болды және ешқандай соттың ерекше шешімінсіз орындалды.

Нотариат тарихында «сословие площадных подьячих» жаңа түсінігі пайда болды.

Мұның анық қай күні пайда болғаны жайлы бізге нақты дерек жеткен жоқ. Оларда келген адамдардың мүддесіне азаматтық келісімдердің төлемін жасауға маманданған, өзіндік ерекшеліктері бар кәсіби жазғыштар бірлестігі болды. «Алаңға» тағайындалу патшаның жарлығымен жүзеге асырылды. Әрине, бастапқыда олардың қызметін бақылау осымен тұжырымдал болатын. «Площадный подьячий» болғысы келгендер патшаға өзін осы лауазымға тағайындау жайлы өтініш беретін, мұндайда таңдаулы (сайланған) старосталар оған өнегелілігіне және әскерлігіне мінездеме беруге тиісті, ал олар өз қызметінде зиян келтірген жағдайда, кәсіби жазғыштар бірлестігінің барлығы өз мүшесін кепілдігіне алатын. Бұл кәсіп өте пайдалы болғандықтан, отставкаға кету ең ауыр жаза болатын. Мемлекет тарапынан «площадный подьячий» қызметіне бақылау келе-келе күшейе түсті. Таңдаулы (сайланған) старосталар «өлілерді тірілер қатарына кіргізбес үшін, ауыл-аймақты сырттай жазып жібермес үшін, баж салығы жоғалып кетпес үшін» «площадный подьячий» қадағалауды жүзеге асыру құқын иеленді.

1597 жылы шыққан патша жарлығына сәйкес, «Холоп» бұйрығында иелік правосын беретін құжаттың жекелеген түрлеріне міндетті түрде анықтама беру енгізілді.

Түзілген келісімдердің түпнұсқасын және еріктілікпен жасалғандығын анықтау, мүліктің сатушыға жататындығын және оның шамадан тыс шығын келтіретіндігін әрі оны сыртқа шығаруға тиым салынғандығын тексеру мақсатында куәлік сұрау салу арқылы анықтама жазылды.

Бұйрық кітабына акт жазылып, мөр басылған соң ғана мүлік сатып алушының меншігі саналып, оны алып кетуге құқылы болды.

Мемлекет «площадный подьячий» қызметіне осылайша бақылау орнатты. Қазіргі заманғы нотариустың ұсынылған келісім-шарттарды түзуде қоятын талаптары да осыған ұқсас тәрізді.

1649 жылғы Қағидамен осы уақытқа дейінгі жарлықтар кейбір дәрежеде жүйелендірілді, тараптардың келісім-шарт жасасуы анықтама құраумен және соңынан бұйрыққа түсірумен «площадный подьячий» арқылы ғана жүргізілуі міндеттелді, сөйтіп, алғаш рет келісім-шарт жасайтын органның және оны тіркейтін органның құзіреті шектелді.

1866 жылы Александр П-нің 1864 жылғы сот реформасын дамыту ретінде нотариаттық бөлім жайлы Ереже бекітілген соң нотариат түбірімен қайта құрылды. Осы уақыттан бастап, нотариаттық актілерді жасау және куәландыруды билікпен арнайы бөлінген адам - нотариус атқара бастады. Нотариустар округтік сот жанында болды. Нотариаттық бөлім жайлы Ереже бойынша нотариустар мемлекеттік қызметкер деп саналды, оларға лауазымдары бойынша ҮШ шені берілді. Нотариустардың қызметтік іс-әрекетін қадағалауды соттар жүзеге асыруға тиіс болды.

Қызметке 21 жасқа толған, тиісті тәжірибеден өткен және азаматтық заңдар, әртүрлі жарғылар (сауда, вексельдер жайлы, баж салығы туралы, азаматтық сот өндірісі жөнінде, т. б. ) төңірегінде, сондай-ақ нотариаттық өндіріс нысанында білімін көрсете білген үміткер тағайындалды. Қызметке қабылданар алдында үміткер нотариаттық қызметті жүзеге асыру барысында жол берілген қателіктері үшін нотариустың мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс, ақшалай кепілдік енгізуі міндетті болды. Егер нотариустың мансабы сәтті аяқталса, онда ол отставкаға кеткенде (демалысқа шыққанда) қойған кепілдігін пайдалана алды, нотариус қаза болған жағдайда кепілдік оның мұрагерлеріне немесе орнын басушыларға өтетін. Нотариустар мемлекеттік қызметкер саналғанына қарамастан, мемлекеттен не жалақы, не зейнетақы алмады. Нотариустар хал актілерінен басқа, қызметтік және межелік, сондай-ақ барлық құжаттарды куәландырды.

Әртүрлі нотариаттық іс-әрекеттер жасалған кезде нотариаттық бөліс жайлы Ережеге сәйкес, міндетті түрде екі куәгер қатысуы тиіс болды, ал қозғалмайтын мүлік сатып алу кезінде олардың саны міндетті түрде үшеуге жеткізілді. Нотариусқа танымал немесе олар жайлы нақты деректер белгілі болса сауатты, кәмелеттік жасқа толған адамдар ғана куәгер бола алды. Сол нотариустың кеңсесіндегі қызметкер немесе оның не қызметкерінің үй қызметшісі куәгер бола алмайды.

Жасалатын келісімдерге қойылатын негізгі талаптар күні бүгінге дейін сақталған. Нотариустардың қызметтік міндеттері сан қырлы және күрделі болды, тіпті бір ғана заң бұзушылық болса да, олар жауапкершілікке тартылды. Нотариустардың қиянатшылдығы және жол берген олқылықтары үшін, сонымен қатар, айыптылық сипаты бар жауапкершіліктері қылмыстық және түзету жазалары жайлы 1845 жылғы Қағидамен реттелді. Жазалау жайлы Қағида бойынша нотариустардың жауапкершіліктері крепостнойлық іс шенеуніктерінің айыбы мен қылмыстарына қатысты баптармен дәрежеленді. Нотариустық қылмыстық іс-әрекетке жататындар, атап айтқанда:

- заңмен жүктелген міндеттерін атқармау;

-оларға заңмен берілген өкілеттіктерді қиянатшылықпен пайдалану;

Жазалау жайлы Қағидада нотариустардың өз міндеттерін бұзып, атқаруда жіберілген олқылықтың үш түрі көрсетілген:

- заң бойынша акт (сату-сатып алу, кепілге қою, бөлу немесе басқа да әрекеттер) жасауға қатысуға құқы жоқ адамның атынан оны ағаттықпен жасау;

- нотариустың тепе-теңдікті және тұлғаның нақты еркін куәландырмай немесе немқұрайлы куәландырып, біреудің жеке басын дәлелдеуге қызмет ете алмайтын деректерге ұқыпсыздық танытып акт жасауы;

- нотариустың қамқорлықтағы немесе секвестордағы, сатуға тиым салынған именияны заңсыз сатуға қатысуы, нотариустың байқамай әрекет етуі немесе анықтаманың толық болмауы.

Берілген өкілеттіктерді қиянатшылықпен пайдалануға қарастырылатын қылмыстық жауапкершілікке жататындар:

-нотариуспен біле тұра және арам пиғылмен куәлардың заңдас-тырылмағансанымен, олқылықты түзетусіз, ескертусіз акт жасалуы;

-алдаумен, күшпен жасалған келісімді және жалған келісімді бекіту, куәландыру;

-нотариаттық актіні жасауға тараптар құқығының жоқтығын нотариуспен жасыру фактісі;

-нотариуспен мүлікті айыруға заңмен тиым салынғанын жасырғанда және ол жайлы сатып алушыға жарияламағанда;

-нотариуспен әдейі біреудің атынан жалған иелік құжат немесе тиісті сенім хатсыз, жоқ адамның атынан сырттай актілер жасалу, ойдан шығарылған адамның атынан жасалғанмен бірдей;

-өткен күнмен актілер жасау;

-актілер кітабын әдейі бүлдіру, жойып жіберу немесе жасыру.

Өзіне жүктелген міндеттің нотариуспен орындалмағаны, салғырттығы, ұқыпсыздығы немесе ағаттығы үшін сот үкіміне сәйкес, келешекте бұл қызметпен айналысуға тиым салумен қызметінен шеттетілді, берілген өкілеттікті қиянатшылықпен пайдаланғаны үшін қамауға алынып, абақтыға жабылды.

ХІХ-ғасырдың соңында нотариаттық іс-әрекетті жасау құқы берілген органдардың төрт тобы мен лауазымды тұлғалар пайда болды:

- бұқаралық (полицейлер) нотариустар;

- биржалық маклерлер мен нотариустар, кеме маклерлері;

- тар мамандандырылған маклерлер:

- нотариус немесе маклер жоқ кезде олардың қызметін магистраттар, ратуштар, думалар, кедендік шенеуніктер, ауыл приставтары.

Нотариус (маклер) қызметіне үміткерлер байсалдырақ шенеуніктер қатарынан конкурстық негізде іріктеліп алынды және лауазымға тағайындалған соң ант беретін, олай болмаған жағдайда жұмысқа жіберілмейтін. Мұндай кезде ерекше ереже жоқ, алайда нотариус пен маклер лауазымдарына сауатсыз адамдарды тағайындауға заң тікелей тиым салды.

Қазақстандық нотариаттың құрылу тарихы республиканың әділет органдарының 87 жылдық тарихымен біте қайнасқан.

1917 жылғы қазанның соңындағы саяси оқиғадан соң, монархияның жойылып, билік басына большевиктер келгенде нотариат құқықтық институт ретінде жойылды: 1917 жылғы 24-қарашадағы №1 сот туралы Декрет сот органдарын, сот тергеу институтын, прокурорлық қадағалауды, жеке адвокатураны жойып, «жаңа кеңес сотының» негізін салды. Декретте нотариатты жою туралы тікелей айтылмаса да, нотариаттық кеңселер өз қызметтерін тоқтатты, ал кейінірек, жергілікті кеңестердің қаулыларымен олар жойылып, нотариаттық іс-әрекеттерді жасау жергілікті кеңестердің бөлімдеріне берілді. Халық Комиссарлар Кеңесінің 1919 жылғы 10-шілдедегі Декретімен уақытша, Қазақстан Кеңесінің съезі шақырылғанға дейін, Қырғыз өлкесін басқару жөнінде Әскери-революциялық комитет (Қырревком) құрылды, ол орган «Өлкені жоғарғы әскери-азаматтық басқаруға» жұмылдырылды.

Нотариат институты одан арғы дамуды 1919 жылғы желтоқсандағы № 2 сот туралы Декреттен алды, онда нотариаттық іс-әрекеттер нотариустармен, ал олар жоқ жағдайда орнын алмастыратын тұлғалармен жасалады деп көрсетілген. 1919 жылы жергілікті Кеңестердің нотариаттық бөлімдері нотариаттық столдармен алмастырылды.

Нотариаттық іс кеңестік дәуірде нотариат туралы Ереженің бабына енгізілген бірқатар өзгерістерден өтті. Нотариаттың негізін және КСРО-да нотариаттық іс-әрекеттерді жасау тәртібін нормативтік бекіту 1922 жылғы 4-қазанда РСФСР халық комиссарлар Кеңесімен қабылданған РСФСР мемлекеттік нотариаты туралы Ережеден бастау алды және нотариустар қызметін жаңғырту үшін негізді бекітті. 1921 жылы нотариат туралы Ереже енгізу жайлы декрет және нотариаттық столдарды жою туралы декрет шығарылды. Бірақ, 1923 жылы Мемлекеттік нотариат туралы Ереже енгізіліп, нотариаттық кеңселерді жою туралы декрет бұзылды. Он жылға тарта уақытта ережеге және жекелеген баптарға өзгерістер енгізілумен болды. ВЦИК және СНК РСФСР «Нотариаттық органдарды тарату туралы» 1936 жылғы 10-маусымдағы қаулысымен нотариаттық қызметті нотариаттық кеңселерге шоғырландырумен, оларды қалалық және кеңестік, сондай-ақ аудандық атқару комиеттердің қарауынан алды. Барлық аудандар мен қалалар орталықтарында нотариустар басқаратын мемлекеттік нотариаттық кеңселер құрылды. «КСРО, одақтас және автономиялық республикаларда сот құрылымдары туралы» Заң жарыққа шыққанға дейін, нотариаттық органдары жоқ аудандарда бұл құзіреттер халық соттарына жүктелген болатын. Аталған заң жарыққа шыққан соң, нотариаттық қызметті атқару халық соттарынан алынып, нотариаттық органдары жоқ аудандарда нотариаттық қызметті орындау, бұл органдарға жақын орналасқан нотариаттық кеңселерге немесе нотариаттық столдарға жүктелді. Аталған ережеде мемлекеттік нотариалдық кеңселерді елдегі барлық ірі қалалар мен елді мекендерде құру көзделді. Кейінірек: 1923, 1926, 1940, 1947 және 1965 жылдары нотариатты ұйымдастыру тәртібіне және нотариустардың өкілеттік шеңберін кеңейтуге өзгеріс енгізумен, нотариаттық қызметті реттейтін бірнеше мәрте нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

1973 жылдың 19-шілдесінде КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің ҮІ-сессиясында КСРО-ның «Мемлекеттік нотариат туралы» Заңы қабылданды, онда мемлекет дамуындағы қоғамдық өзгерістер мен нотариаттық органдарды ұйымдастыру және міндеттері туралы нормаларды ұстау, олардың қызметіндегі принциптер, нотариустардың құзіреттері, нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудағы мен шетел азаматтарына КСРО-ның заңнамасын қолдану жайлы жалпы ережелер ескерілді. Аталған Заң Кеңестер Одағының және республикалардың мемлекеттік органдарының заңнамалық қызмет әдісін, нотариаттық органдардың көпжылғы қызмет тәжірибесін, экономикалық дамудағы және басқа да қоғамдық қатынастардың қажеттілігін талдау негізінде әзірленді.

Нотариаттық қызмет жасаудың тек жалпы ережесін ғана белгілеген Заң негізінде Заң қабылданды, кейінірек мемлекеттік нотариаттық кеңселермен нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі жайлы Нұсқау және аудандық, қалалық, поселкелік, ауылдық халық депутаттары Кеңестері атқару комитеттерімен нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі туралы Нұсқау дайындалып, бекітілді.

КСРО құлаған соң мұрагерлік тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бөлімінде заң күші бар және Қазақстан Республикасының кейінгі заң актілерімен бұзылмаған КСРО-ның нормативтік-құқықтық актілері қолданылуда. Сондықтан 1997 жылға дейін Қазақстан Республикасында нотариаттық органдардың мемлекеттің жүйесі ғана - мемлекеттік нотариаттық кеңселер ғана іс жүзінде болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Қазақстан Республикасы нотариаттық қызметтің конституциялық құқықтық негіздері
Нотариаттың Қазақстан Республикасында қалыптасуы
ҚР әділет органдарының қызметі: құрылымы, маңызы, мақсаттары мен міндеттері
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Адвокаттық қызметінің ұйымдық нысаны
Мемлекеттік баждың экономикалық мәні
Нотариаттың пайда болу негіздері.нотариаттың даму кезеңдері: нотариат туралы заңдардың реформасы. нотариаттың ұйымдастырылуы мен қызметтік реттейтін заңнама. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды нотариаттық заңнама негізінде жүзеге асыру
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz