Адам ұрлаудың қылмыстық құрамы және ҚК 125-баптағы сараланған түрлері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адам ұрлау үшін қылмыстық жауаптылық

1. Адам ұрлау - адамды ашықтан-ашық немесе құпия түрде, сондай-ақ алдап, оның тұрған жерінен алып кетуге бағытталған заңға қайышы қасақана әрекет, сонымен қатар оны еріксіз бір жерден екінші жерге барып ұстау. Жеке бас бостандығы дегеніміз - адамның қай жерде болса да тұруға, жүруге және кез-келген жаққа баруға құқығы.

2 . Қылмыстың обьектісі - адамның жеке бас бостандығы. Қосымша обьект ретінде сол ұрланған адамның өмірі мен денсаулығы алынуы мүмкін. Жәбірленуші жасына, жынысына, қызмет орнына, т. б. қарамастан кез-келген адам бола алады.

3. Қылмыстың обьективтік жағы - адамды басып алумен және оның тұрақты немесе уақытша тұратын орнынан басқа жерге оның ықтиярысыз арқылы бас бостандықтан айыратын әрекеттермен сипатталады. Адамда басып алған кезден бастап бұл қылмыс аяқталған болып саналады. Ең бастысы ұрлау фактісі; ал жәбірленушінің кінәлі қарамағында қанша уақыт болғандығы маңызды емес.

Өзін ұрлауға адамның өз еркімен келісуі бұл қылмыстың құрамын жояды. Басқа ата-ананың немесе жақын туыстардың тәрбиесінде болған және олардың қамқорлығындағы баланы оның өз ата-анасының немесе оны асырап алған адамның, басқалардың келісімінсіз ұрлауы, адам ұрланғандыққа жатпайды.

Адам ұрлағанда, көбіне, оның денсаулығына ауыр зиян келтіремін, зорлаймын немесе басқа да қылмыстық әрекеттер жасаймын деген қорқыту айтылады. Және де бұл ұрлаудағы мақсат әр түрлі болуы мүмкін.

4 . Қылмыстың субьективтік жағы - тікелей ниетпен сипатталады. Кінәлі өзінің басқа адамды заңсыз басып алып, келісімін бермесе де оның басқа жерге алып барғаның ұғынады, соны тілейді. Бұл қылмыстың себебі - тек пайда табу.

Бұл қылмыс басқа себептермен де жасалуы мүмкін, бірақ саралаушы нышаны ретінде адамды пайда табу мақсатында ұрлауды көздеген Қылмыстық Кодекс 125-бабы 3-бөлігінің «з» тармағынан басқа жағдайларда, олар қылмысты саралауға әсер етпейді.

5. Қылмыс субьектісі - жасы 14-ке толған, есі дұрыс адам.

Қылмыстық Кодекстің 125-бабының 2-бөлігінде бұл қылмыстық құрамының сараланған түрлері көзделген, олар:

а) алдын ала сөз байласқанадамдар тобы;

б) бірнеше рет;

в) өмірі мен денсаулыққа қауіпті күш қолданып;

г) қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып;

д) кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты;

е) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі анық адамға қатысты;

ж) екі немесе одан да көп адамға қатысты;

з) пайдакүнемдік ниетте жасалған әрекеттер.

Ұрлауды алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып саналады, егер оған бірлесіп қылмыс жасау жөнінде алдын ала келіскен адамдар қатысса (ҚК 31-бабы 2-бөлігі) . Әрбір орындаушы қылмысқа қатысуы тиіс.

Адам ұрлауды бірнеше рет жасау дегеніміз - бұл қылмысты екінші және оданда көп рет жасау. Бұл саралаушы қылмыстың болуы бұрынғы жасаған қылмысы үшін адамның сотталған-сотталмағандығына байланысты емес. Ең бастысы, осындай бірінші қылмысы үшін соттылығы жойылмаған немесе алынбаған болуы тиіс. Егер алдынғы қылмысы үшін адам сотталмаған болса, ҚК 63 және 85- баптардың көзделген ескіру мерзімінің өтпегендігін анықтау қажет.

Адам ұрлау өмірі мен денсаулыққа қауіпті күш қолданылып жасалды деп танылады, егер кінәлі адам ұрлау кезінде жәбірленушінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті күш қолданса, яғни ұрлау кезіндегі жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төнсе, атап айтсақ, тыныс органын жабу, жанды жерінен ұру, қару қолдану, т. б. Жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірген жағдайда кінәлінің іс-әрекеті ҚК 125- бабы 2- бөлігінің «в» тармағы бойынша саралауға жатады, денсаулыққа зиян келтіргендік қосымша сараланбайды, себебі ол күш қолдану түсінігімен қамтылған. Бұл қылмысты жасау кезінде адам өлтірсе, кінәлінің іс-әрекеті қылмыстар жиынтығ бойынша ҚК 125- бабы 2- бөлігінің «в» тармағы және 96- бабы бойынша сараланады. Яғни мүлкін тәркілеп немесе онсыз жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан немесе алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қару немесе қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданып жасалған адам ұрлау (2- бөлігінің «г» тармағы), бұл қылмысты жасаған кезде кез келген атылатын, суық қаруды, газ қаруын, сондай-ақ басқа заттарды пайдалануды қарастырады. Кінәлінің қолында қарудың немесе басқа заттардың болуы қылмысты осы тармақ бойынша саралау үшін жеткіліксіз олар адам ұрлау кезінде қолданылуы тиіс, яғни жәбірленушіге де қарсы, ұрлауға кедергі жасамақшы болған адамдарға да қарсы қолдану үшін әрекет жасалуы қажет.

Екінші бөлікте көзделген басқа саралаушы нышандар (д) кәмелетке толмағандығы көрінеу анық адамға қатысты; (е) кінәліге жүктілік жағдайында екендігі көрінеу анық әйелге қатысты; (ж) екі немесе одан да көп адамға қатысты; (з) пайдакүнемдік ниетте жасалған әрекеттер жоғарыда қарастырылған.

ҚК 125- бабы 3- бөлігінде адам ұрлаудың ерекше саралаушы құрамдары көзделген:

а) ұйымдысқан топ жасаған;

б) ұрланған адамды нәпсіқұмарлық немесе өзгеде пайдалану мақсатында жасалған;

в) абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан ажам ұрлау.

Қылмысты ұйымдысқан топ жасауы жоғарыда талданған, оны қылмыстын осы қарастырылып отырған түріне қолдануға болады. Адамды ұйымдасқан топ жасаған деп саралау үшін қылмыстық топта ҚК 31- бабы 3- бөлігінде көрсетілген ұйымдасқан топ нышандарының бар екендігін анықтау қажет. Яғни, қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.

«б» тармақта нәпсіқұмарлық немесе жәбірленушіні басқадай пайдалану мақсатында адам ұрлау қарастырылған. Бұл саралаушы нышананың ерекшелігі сонда, кінәлі басқа адамды белгілі бір мақсатта - нәпсіқұмарлық немесе басқадай пайдалану үшін ұрлайды. Өзгедей пайдалану мақсатында ұрлауға кінәлінің жәбірленушіге қандай да бір жұмыс орнатып, содан пайда түсіруі жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР ҚК 120-баптағы зорлау қылмысының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Алаяқтықтың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы: құрамы, белгілері және сараланған түрлері
Алаяқтық жолымен ұрлаудың қылмыстық-құқықтық құрамы, объектісі және саралануы
Ұрлаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы және ұрлау нысаларын жіктеу
Бөтеннің меншігін ұрлаудың қылмыстық-құқықтық сипаты, түрлері және жаза мәселелері
Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаты: түрлері мен бөтен мүлікті ұрлаудың ерекшеліктері
Меншікке қарсы қылмыстар: ұғымы, құрамы және ҚР ҚК-індегі түрлері
Бандитизмнің құқықтық түсінігі мен қылмыстық құрамы (ҚК 237-бап негізінде)
Сараланған қасақана кісі өлтіру (ҚР ҚК 96-бап 2-тармағы): құқықтық талдау
Қазақстан Республикасындағы бөтеннің мүлкін ұрлаудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы мен алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz