Қазақстанның экономикалық дамуының аймақтық аспектілері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі. Әлемнің барлық елдерінде - географиялық айырмашылыққа байланысты, табиғи-климаттық шарттар, демографиялық жағдай, тағы басқа факторларға байланысты өлкелердің даму тарихтары, әлеуметтiк-экономикалық дамытулары әртүрлi деңгейде болады. Бұл бiраз маңызды әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi тудырады. Демек, мешеу өлкелердегi тұрмыс дәрежесi әр түрлі, сондықтан әрбiр мемлекет олардың даму деңгейiн жоғарылатуға бағытталған аймақтық саясат жүргiзуге ұмтылады.

Қазақстан да ерекшелiк болып табылмайды: Қазақстанның 14 облысында әр түрлi табиғи-климаттық аймақтарда орналасқан. Олардың даму тарихы, экологиялары әртүрлi болады. Сондықтан олардың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейлерiнде айтарлықтай айырмашылығы болады. Бұрынғы кеңес республикасында, содан соң егемендi Қазақстанда нақтылы аймақтық саясат жүргiзiлдi.

Әлеуметтiк-экономикалық дамытуды теңестiру үшiн кеңес үкіметі заттық өндiрiстiң салалары (немесе ) және өнiмсiз саланың негiзiнде мәселелi өлкелерге мемлекеттік дотация қолданылды. Құралдар бай өлкелер қорларын есебiнен жиналып, тиiстi бюджет арқылы, әрбiр деңгейлерде шоғырланды.

Өлкелердегi барлық өзгерiстер, сонымен бiрге өлке аралық экономикалық қатынастар сәйкесiнше мемлекеттiң аймақтық саясатының нәтижелерiне жатады.

Осындай аймақтық саясат және тұжырымдамадағы түсiнуi, 1996 жылдың 9 қыркүйегiндегi Қазақстан республикасының үкiметiнiң мақұлдалған қаулысы болып табылады, жаңа аймақтық саясаттағы табанды қажеттiлiк осыған байланысты пайда болды.

Жұмыстың практикалық және методологиялық негізі. Қазақстанда қоғамдық-саяси және экономикалық жүйенің өзгеруі елімізде жергілікті деңгейдегі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Соңғы он жылда елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті басқаруды қалыптастыру және оны дамыту бойынша зерттелген ғылыми жұмыстар баршылық. Соның ішінде аймақтық экономиканың дамуын басқару, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындарының қалыптасуы, өндіріс орындарының алатын рөлі бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Осы аталған бағыттарда қазақстандық ғалымдар Я. А, Әубәкіров, М. Б. Кенжегузин, Н. Ж. Бримбетова, К. Б. Бердалиев, Г. Н. Дугалова, Р. Е. Елемесов, Ж. Елубаева, Е. Б. Жатқанбаев, Ж. И. Ихданов К. Е. Кубаев, Г. Ж. Қарағұсова, К. С. Мұхтарова, Б. М. Мұхамедиев С. С. Оспанов, С. М. Өмірзақов, К. А. Сагадиев, Г. Н. Сансызбаева, А. Н. Тулембаева, Ө. К. Шеденов, Ж. Я. Әубәкірова және басқа да отандық, шет елдік экономист ғалымдар еңбектерінде жан-жақтылы баяндалған. Олардың ғылыми еңбектерінде аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, аймақтардың дамуын баскарудағы қаржы ресурстарының алатын орны жүйелендіріліп, олардың теориялық және тәжірибелік жақтары зерделенген. Дегенмен, жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді талап етеді.

Экономиканы аймақтық басқаруға, бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге арналған ғылыми еңбектер басқару деңгейлерінің алдында тұрған мәселелерді шешу жолдарын ұсынса, біз өз зерттеуімізде жергілікті бюджетті калыптастыру мен басқарудың тиімділігін арттыру үшін басқарушы субъект ретіндегі жергілікті билік органдарының функцияларын талдауды, мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттарына жетудегі жергілікті бюджеттің рөлін айқындауды негіз етіп алдық. Осы мақсатта Ақтөбе және Қарағанды облыстарының жергілікті бюджетін басқару мәселесін зерттеу және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау үшін дипломдық жұмыс негізге алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Дипломдық зерттеудің негізгі мақсаты - тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы қазақстандық аймақтардың экономикалық-құқықтық дамуын зерттеу болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажеттілігі алдыға қойылған:

- мемлекеттің аймақтық саясатының мәнін ашып, әдіснамалық негізіне сипаттама беру;

- тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуын зерттеу;

Зерттеу жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеу пәні болып аймақтық бюджетті жоспарлау үдерісі мен оны басқару барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы аймақтарының экономикалық дамуы барысындағы ерекшеліктері мен айырмашылықтары алынды.

Зерттеу жұмысында ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің, ғылыми-зерттеу институттарының материалдары пайдаланылды.

Ақпарат көзі ретінде ҚР Президентінің Жолдауы, жарлықтары, аймақтық бюджетті жоспарлау мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативті және заң актілері, үкіметтің, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, әдістемелік, анықтамалық материалдар, облыстық және аудандық бюджеттердің орындалуы туралы мәліметтер негізге алынды.

Жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды тұрады.

1. Қазақстанның экономикалық дамуының аймақтық аспектілері

  1. Аймақ, аймақтық экономиканың мәні, мақсаты

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым.

Академик Н. Н. Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді". Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады. Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны, әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н. Н. Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н. Барановский, Н. Комосовский және тағы да басқа АҚШ, Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.

Соның ішінде аймақтық экономиканың дамуын басқару, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындарының қалыптасуы, өндіріс орындарының алатын рөлі бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Осы аталған бағыттарда қазақстандық ғалымдар, соның ішінде Я. А, Әубәкіров, М. Б. Кенжегузин, Н. Ж. Бримбетова, К. Б. Бердалиев, Г. Н. Дугалова, Р. Е. Елемесов, Ж. Елубаева, Е. Б. Жатқанбаев, Ж. И. Ихданов К. Е. Кубаев, Г. Ж. Қарағұсова, К. С. Мұхтарова, Б. М. Мұхамедиев С. С. Оспанов, С. М. Өмірзақов, К. А. Сагадиев, Г. Н. Сансызбаева, А. Н. Тулембаева, Ө. К. Шеденов, Ж. Я. Әубәкірова және т. б.

Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізгі міндеттерге:

- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;

- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;

- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.

Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамасыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:

- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;

- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе - тең болуы;

- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету;

- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;

- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.

Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірістік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамасыз етуі тиіс. Соның ішінде:

- республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік - экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;

- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;

- әлеуметтік - экономикалық, құрылыс - инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;

- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.

Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтік - экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс. Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік -экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет [8, 90б] .

Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі - үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.

Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:

- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;

- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;

- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірістің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;

- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.

Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан, экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамасыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе - теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми - техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы - несие жүйесі және жергілікті бюджет.

Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамасыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:

- кәсіпорын - аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметінің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады;

- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас;

- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .

Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.

Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік - экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады. Жоспар алдындағы зерттеулер маңызды әлеуметтік-экономикалық және аймақтың дамуының ғылыми-техникалық мәселелерді анықтады.

1. 2 Аймақтардағы экономикалық және құқықтық қатынастардың мемлекеттік реттеліну мәселесі

Әртүрлі белгілері бойынша аумақтардың әркелкілігі немесе зерттеудің белгілі бір мақсаттары тұрғысынан немесе тәжірибелік әрекетте аумақтардың шамадан тыс көлемі аумақтарды бөлімдерге- аймақтарға бөлуді қажет етеді. Аймақ - басқа аумақтардан бірқатар белгілері бойынша өзгешеленетін, оны құрайтын элементтерінің өзара байланыстылығы мен тұтастығына ие белгілі бір аумақ.

Аймақтар белгілі бір мақсаттары мен міндеттеріне байланысты аумақтардан бөлінеді. Бұл мақсаттар мен міндеттер аймақтарға бөлуге негіз бола алады, әкімшілік-аумақтық шекаралары сәйкес келетін, мысалы, дәстүрлі облыстар немесе аудандар- Алматы облысы, Қарағанды облысы және сәйкес келмейтін, мысалы, ҚР-дағы Оңтүстік Қазақстан, РФ-дағы Солтүстік- Батыс округі немесе әлемдік экономикадағы Азия Тынық мұхит аймағы.

Мұндай аймақтарға бөлу үшін белгілі бір аумақтарды мүшелеудің әртүрлі қағидалары қолданылады. Экономикада аймақтарға бөлудің аса маңыздылары- әкімшілік және экономикалық басқаруға, аумақтық еңбек бөлінісіндегі орнына, еңбек, капитал, тауарлар мен қызметтер рыноктарының қызмет етуіне, әлеуметтік- экономикалық мәселелердің ұқсастығына және т. б. байланысты қолданылады.

Нақты белгілері бойынша біріккен аймақтардың бір-бірінен өзгешеліктері айқын көрініп тұрады. Бұл өзгешеліктер объективті және субъективті факторлармен түсіндіріледі. Объективті факторларға: табиғи- шикізаттық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, географиялық орналасуы, ауа райының жағдайлары, халықтың ұлттық құрамы, тарихи қалыптасқан мәдени және экономикалық байланыстар және т. б. жатады. Субъективті факторлар ретінде нақты аймақты экономикалық дамыту мәселелері жөнінде басқару органдарының шешімдері: инвестициялау, нақты аумақтарды игерудің қажеттігімен байланысты өндірістің түрлерін орналастыру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды, көлік және инженерлік желілерді және т. б. құру (тарату) туралы. Жалпы алғанда, бұл факторлар нақты аймақтың әртүрлі даму деңгейі мен әртүрлі әлеуметтік - экономикалық жағдайын анықтайды. Сондықтан әртүрлі елдердің өзін айтпағанда, бір мемлекеттің ішінде де аймақтардың әркелкі дамуының объективті негізі бар және олар өмір сүрудің маңызды көрсеткіштері бойынша жіктелуге әкеледі.

Осымен бірге бір мемлекет ішіндегі аймақтардың шамадан тыс жіктелуі теріс салдарлы құбылыс болғандықтан, бұл әлеуметтік қайшылықтар мен қақтығыстарды өсіреді, ішкі рыноктың және аймақ аралық байланыстардың дамуын қиындатады, ұлттық бюджетке түсетін салмақты арттырады және т. б. Соңғы нәтижеде ұлттық экономиканың тұтастығы мен аумақтық тұтастығына қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан елдің шаруашылығын кеңістік бойынша орналастыруда қамқорлық жасау кез келген мемлекеттің өзін-өзі сақтау түріндегі міндетті қызметі болып табылады.

Әртүрлі елдердегі аймақтық дамуды реттеудің қазіргі жүйесі 1930 жылдардағы әлемдік дағдарыстан кейін қалыптаса бастады (әсіресе АҚШ-та) ; екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (әсіресе Батыс Еуропада) бұл реттеу жаңа нысанда дамып, соңғы он жылдықта көптеген реформалауға ұшырады. Аймақтық мәселелерді шешпейінше, ұлттық мақсаттарға: толық жұмысбастылық, тұрақты экономикалық өсу, табыстарды әділетті бөлу және т. б., жоғары деңгейде жету мүмкін еместігін түсінгендіктен, бұл сферадағы мемлекеттің белсенді іс-әрекеті күннен-күнге өсуде [6]

Бұл экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде аймақтың саясат деп аталатын арнайы аймақтарға бағытталған іс-әрекетке ерекше мән берудің қажет екендігін айқындайды. Белгілі кеңестік аймақтанушы Э. Б. Алаевтың пікірінше, “Мемлекеттің аймақтық саясаты- елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын кеңістікте, аймақ деңгейінде, яғни аудандар мен аудан аралық деңгейде басқару бойынша іс-әрекет сферасы. Аймақтық саясаттың қажетті құраушылары болып айқындалған мақсаттар, объектілер мен субъектілер және оны жүзеге асыру қаражаттары мен құралдары табылады.

Жалпы алғанда, аймақтық экономикалық саясат мақсаттарының әр елде әртүрлі болуына қарамастан экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділеттілік арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге арналуы тиіс.

Олар тоқырауға ұшыраған аймақтардың өндірісін жандандырудан, еркін экономикалық аймақтар мен өсу нүктесін қалыптастырудан, аймақтық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттырудан, аймақаралық бірігуді күшейтуден және т. б. тұруы тиіс. Әлеуметтік мақсаттардың ішіндегі ең бастылары- жұмысбастылықты өсіру, табыстарды арттыру, артта қалған аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту, қоғамдық игіліктерге қол жеткізу мүмкіншіліктерін ұлғайту және т. б. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік әділеттілік қағидасы бір елдің азаматтары мен әлеуметтік топтары тұрғылықты мекен-жайына қарамастан қоғамдық игіліктер мен табыстарды алуда бірдей мүмкіншіліктерге ие болғанда жүзеге асады. Бұл қағиданы жүзеге асыру жұмысбастылық, табыс, өмір сүру сапасы, даму деңгейлеріндегі аймақтық алшақтықты жою үшін табысты аймақтардан нашар аймақтарға қаржылық ресурстарды қайта бөлуді қажет етеді.

Осыған байланысты, аймақтық саясаттың мәні елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін, әлеуметтік тұрақсыздықты туындататын теңсіздікті мүмкіндігінше төмендету болып табылады.

Шетелдік аймақтанушылардың еңбектерінде аймақтық теңсіздіктің себептеріне келесілер жатқызылады:

- өмір сүрудің және кәсіпкерліктің табиғи ахуал жағдайларындағы шамадан тыс алшақтық;

- аймақтардың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстардың көлемі, сапасы және пайдалану бағыттары;

- аймақтардың қашық орналасуы, нәтижеде шығындар, көлік шығындары өседі және өткізу рыногы тарылады;

- өндіріс құрылымының ескіруі, инновацияны енгізудегі кешігулер;

- бірігудің нәтижесіндегі артықшылықтар (аймақтың салааралық байланыстардың тоғысында орналасуы және дамыған инфрақұрылымның болуы) нәтижесінің кемшіліктері;

- халықтың шамадан тыс тығыз орналасуы;

- белгілі бір өндірістік және өндірісітік- технологиялық тәртіптің басмыдылығын сипаттайтын технологиялық даму сатысы;

- демографиялық айрымашылықтар (халықтың құрылымы, ұдайы өсу қарқыны, ұлттың діни сенімдеріндегі өзгешеліктер) ;

- кәсіпкерлік ортадағы өзгешеліктер (салық, фирмаларды әкімшілік бақылау деңгейі) ;

- саяси және институционалдық факторлар (дербестік деңгейі) ;

- әлеуметтік-мәдени факторлар (қалалардың өсу деңгейі, халықтың сауаттылығы, мәдени және ғылыми орталықтардың болуы және т. б. ) .

Әр ел өзінің аймақтарына тән аймақтық саясатын қалыптастырады. Ол негізінен сол елдің және оның аймақтарының әртүрлі экономикалық даму жағдайларымен анықталады. Әрбір елдің дамуының тиімділігі осы теңсіздіктердің аймақтық экономикалық саясатта қаншалықты ескерілгендігіне байланысты.

Федеративтік және унитарлық мемлекет құрылымдарында тиімді мемлекеттік аймақтық саясат қалыптастыру үшін ең алдымен қажет: а) аймақтардың экономикалық қабілетін бағалау; б) еңбек бөлісіндегі нақты аймақтық орнын және ұлттық экономикадағы оның рөлін анықтау; в) әртүрлі факторлардың әсерінен туындайтын аймақтық теңсіздіктердің негізгі себептерін талдау; г) жалпы елдің және нақты аймақтың дамуының нақты әрі ғылыми тұжырымдалған мақсаттарын қалыптастыру; д) қойылған мақсаттарға жетудің макроэкономикалық және микроэкономикалық құралдарын анықату; е) ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын саяси, әлеуметтік және экономикалық қайта құруларға нақты аймақтардың бейімділік қабілетін анықтау. Аймақтық саясаттың барлық айтылған элементтері бір-бірімен өзара байланысты. Мысалы, аймақтың жоғары экономикалық әлеуеті ұлттық экономикадағы оның рөлінің жоғары екендігін сипаттайды және жалпы ұлттық мүдделері жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Бірақ аймақтың дамуының өзіндік мүдделері де ескерілуі тиіс. Қалыптасқан аймақтық теңсіздік аймақты дамытуға сәйкес мақсаттардың қойылуын талап етеді және оларды жүзеге асырудың арнайы құралдарын пайдалануды қажетсінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аймақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні
АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫ
Экотуризм бойынша халықаралық бағдарламалар
Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)
Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің ішкі саяси аспектілері
Экологиялық туризмнің қазіргі тұжырымдамасы жəне негізгі ұстанымдары
Аймақтық өсу теориялары
Экономикалық қауіпсіздік - мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатының негізгі
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz