Дербес компьютердің құрылысы туралы


Мазмұны

1. Дербес компьютердің құрылысы

2. Жүйелік блок

3. Процессор

4. Жедел жад

5. Монитор

6. Пернетақта

7. Маус (Мышь, тышқан)

8. Терте (Джойстик)

9. Баспа құрылғылары

10. Сыртқы жад

11. Компакт-дискілер

12. Сканер

Қорытынды

1. Дербес компьютердің құрылысы

Бүгінгі күні дербес компьютерлер(ДК) көпшілік арасына кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі - ол бір-ақ адам жұмыс істеуге арналған. ДК-дің түрлері өте көп, бірақ олардың ұқсастық та бар.

Кез келген ДК бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады.

Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажыратып-қосқыштар арқылы байланыстырғыш арқылы байланыстырғыш баулармен (шнур) өзара жалғастырылады.

Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы

ДК-дің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т. б. Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар-адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Мысалы, монитор процессор мен дисплей контроллері, ал принтер порттар контроллері арқылы т. с. с. жалғасады.

Контроллер немесе адаптер міндеті - процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.

Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна (магистраль) немесе шина деп атайды.

2. Жүйелік блок

Жүйелік блок ДК-дің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құралғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіден оқитын СD-ROM орналастырылған. Кейбір жүйелік блоктың конструкцияларында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

Жүйелік блоктар келесі түрлерде: үстелге қоятын, «еденде»немесе «мұнара» түрінде шығарылады. Мұнараға ұқсас жүйелік блок өз кезегінде бірнеше түрде болады, олар: мини-оны үстелдің шетіне, миди-оны жеке үстел үстіне орналастырады, мұнара-оны еденге қояды.

Жүйелік блоктың ішінде аналық тақша, процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, СD-ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.

Компьютердің артқы тақтасында кіру негізгі (монитордың, пернетақтаның, маус порттарын) және қосымша құрылғыларды (принтердің, модемнің, сканердің, микрофонның порттарын) қосатын порттардың ажыратып-қосқыштары бар.

3. Процессор

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі. Ол компьютеродің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.

Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды және өз жұмысының нәтижелерін шығарып береді немесе оны машинаның жадына жазады, тіпті екеуін де қатар орындай алады. Компьютердің кез келген жұмысы болса да, процессордың қатсуымен орындалады. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы-микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор «Пентиум» деп аталады. Компьютерлердің негізгі сипаттамасының бірі-оның жылдам әрекеттілігі, ол мегагерцпен өлшенетін жиілікке байланысты. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпаратты алады және өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.

4. Жедел жад

Жедел жад-бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) -ол қажет ақпаратты өзіне желдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады. Жедел жадта қазіргі кезде орындалып жатқан барлық бағдарламалар болады.

Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылғы ТЖҚ-бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады. Компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алынады, ал содан соң компьютерге орнатылған орерациялық жүйе іске қосылады.

Жедел жадтайтын құрылғы ЖЖҚ-ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан ақпараттарды сыртқы жадқа(дискіге) көшіріп алу керек.

ТЖҚ (ПЗУ) : тұрақты жадтайтын құрылғы
ЖЖҚ (ОЗУ) : жедел жадтайтын құрылғы
ТЖҚ (ПЗУ) : тұрақты жадтайтын құрылғы: Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад.
ЖЖҚ (ОЗУ) : жедел жадтайтын құрылғы: Ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад
ТЖҚ (ПЗУ) : тұрақты жадтайтын құрылғы: Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бұзылмайды.
ЖЖҚ (ОЗУ) : жедел жадтайтын құрылғы: Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады.
ТЖҚ (ПЗУ) : тұрақты жадтайтын құрылғы: Мұнда сақталған командаларды тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды.
ЖЖҚ (ОЗУ) : жедел жадтайтын құрылғы: Мұнда жазылған командаларды оқуға да әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.

Жедел жадтың негізгі сипаттамасы-оның сыйымдылығы мен жылдам әрекеттілігі. Процессор мен ЖЖҚ-ЭЕМ-ның негізгі құрылғылары. Компьютер жұмыс істеу үшін, бұлардың өзі-ақ жеткілікті.

Енгізу-шығару құрылғылары-бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өңделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелерді адам түсінетін түрде шығарылады.

Енгізу құрылғаларына: пеннетақта, маус, джойстик, өлшеу аспаптары, жарық түсіретін қалам, скарһнер жатады.

Шығару құрылғыларына: принтер, дисплей мен график алғыш жатады.

5. Монитор

Дисплей-компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құралғы. Сытқы пішіні бойынша кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай «Монитор» деп атайды.

Дисплей символдық болса, эранда тек мәтіндік ақпарат, ал графикалық болса, эранда символдық ақпараттардан басқа әр түрлі графиктер мен суреттер шығаруға болады.

Монитордың экранындағы кез келген көрініс түрлі түсті нүктелерден немесе сұр нүктелердің әр түрлі реңдерінен тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған тағы үш ұсағырақ нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді.

Қазіргі дисплеулердің басты бөлігі Электронды-сәулелік түтікше(ЭСТ) болып табылады.

6. Пернетақта

Пернетақта-компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге болады. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында101 немесе 102 перне болады.

Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

  • Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;
  • Функциялық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2, …F12) әрпімен белгіленген. Функциялық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады;
  • Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда жыпылақтап тұратын символ. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған;
  • Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. <Num Lock> пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер <Num Lock> пернесін бір рет басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады;
  1. Enter немесе енгізу пернесі. Бұл-ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді.
  2. Бос орын (пробел) пернесі. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажыратып жазу үшін қолданылады.
  3. <Backspace> пернесі. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін қолданылады.
  4. <Shift> пернесі. Бұл кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріптерді енгізу үшін <Shift> басып тұрып, одан соң символдық пернелерді басады да, қажетті әріптерді тереді.
  5. <Caps Lock> пернесі. Егер бұл пернені бір рет басса, бас әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса, қайта кіші әріптер енгізіледі.
  6. <Delete> пернесі. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді.

Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинациясын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl және Alt арнайы пернелері бар.

7. Маус (Мышь, тышқан)

Қазіргі кездегі компьютерлер тағы бір ақпараттарлы енгізу құрылғысы-«Маус» манипуляторымен жабдықталған.

Сұр түсті, тышқанның құйрығына ұқсайтын компьютерге жалғанған иілгіш сымы бар қорап. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы. Қазіргі кезде екі батырмалы маус жиі пайдаланылады, себебі ортадағы батырма жұмыс кезінде көп пайдаланылмайды.

8. Терте (Джойстик)

Терте деген компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. Терте қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батармалары болады.

9. Баспа құрылғылары

Принтер-ақпатраттарды қағазға басып шығаратын құрылғы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтерге ақпараттың кескінін қалауымыз бойынша ақ-қара немесе түрлі түсте шығаруға болады. Принтерлердің үш түрі болады: матрицалық., сия бүріккіш және лазерлік.

Олардың ішіндегі басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады. Жұмыс кезінде принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелері шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.

Сия бүріккіш (струйный) принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы - тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түрлі түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Сия кішкене картриджде сақталады, оны оңай ауыстырып отыруға болады.

Лазерлік принтердің алдыңғы екеуіне қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Мұнда қағаз ионизацияланады, яғни электр өрісінің әсерімен арнайы жасалған ұнтақ (порошок-тонер) қағазға тартылады да, қатты қызып, оған жабысады.

10. Сыртқы жад

Егер компьютердің тек жедел жады ғана болса, онда бір де бір компьютер ойдағыдай жұмыс істей алмас еді. Себебі онда сақталатын ақпарат көлемі өте аз болады, оған қоса, компьютерді өшіргенде, ондағы ақпарат толығымен жоғалады. Сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі ДК-де негізгі ақпарат тасуыш болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеу жүйесі
Компьютердің құрылымы және жұмыс істеу принципі
Дербес компьютердің құрылысы, бағдарламалық жасақтамалар
Ақпараттық технологиялар
Компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары
Дербес компьютердің құрылысы
Компьютердің процессорі және жадысы
Дербес компьютердің құрауыштары
Дербес компьютерді модернизациялау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz