Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері ... ... ... ... .5
1.1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және
негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2. Банктік менеджмент қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2 тарау. «Каспий банкі» АҚ мысалында банк менеджментін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. «Каспий банкі» АҚ.ның басқару жүйесі және менеджменті ..16
2.2. «Каспий банкі» АҚ.ның менеджментін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

3 тарау. Банк менеджментін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1. Банк менеджментін ұйымдастырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...27
3.3. Банк менеджментін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктер менеджменті бүкіл банктің дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы айтқанда, «Менеджмент» деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру мен басқару жүйесін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша алға шықты. Сондықтан банк менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика жағдайында несиелік мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты инвестициялық жобалар мен бизнес – жоспарларды нарықтық механизммен қамтамасыз ету, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз болуы мүмкін емес.
18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуін, бұрын байқалмаған жұмыссыздықты басынан кешірді.
Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды» деп қанағатпен айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің өндірістік күш – қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта – теңгенің бағамы тұрақталынды, мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша – несие операцияларында, банктік жүйесінде банк менеджментінің қажеттілігі артты.
1. Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2004.
2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2002.
3. Банковское дело. Под ред. О.И.Лаврушина. Издание второе, переработанное и дополненное. Москва «Финансы и Статистика», 2002.
4. Банковское дело/ Под ред. д-ра экон.наук Г.С. Сейткасымова. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
5. Роджер Лерой Миллер, Дэвид Д. Ван-Хуз. Современные деньги и банковское дело: Пер. с англ. – М.: ИНФРА-М,2002.
6. Риск-менеджмент и управление ресурсами коммерческого банка //Смирнов А.В. //Банки Казахстана №11, 2005.
7. Сарчев А.М. Ведущие коммерческие банки в мировой экономике. – М.:Финансы и статистика, 1992.
8. Банковское дело: Стратегическое руководство. – Под ред. В. Платонова, М. Хиггинса. – Издательство АО «Консалтбанкир», 1998.
9. Банковская система за десять лет независимости. Авторский коллектив под руководством Н.К. Абдулиной. Алматы 2004.
10. Современный маркетинг. Под ред. В.Е. Хруцкого. – М.: Финансы и статистика. -1996г.
11. Взгляд с Севера // Четвериков В.//Эксперт-Казахстан №5 (31) от 14 марта 2009 года.
12. Долан Э.Д; Колин Д и Розмари Дж.Кэмпбеллы. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – М.: СПб, 1994.
13. Капиталистическая система управления банком: сокращение издержек, минимизация риска, система мотивации всех подразделений. Повышения эффективности работы банка с помощью технологии Business Unit Management // Лунин В.Г.// Банки Казахстана, №9 2007.
14. Колесников А.И. Банковское дело. 1993, СПб
15. Менеджмент банков: Организация, стратегия, планирование М: 1997.
16. Миловидов В.Д. Современное банковское дело (Опыт США). – М.: 1992.
17. Мотовилов О.В. Банковское и коммерческое кредитование и финансирование инноваций. СП-Б, 1994.
18. Некоторые аспекты современного кадрового менеджмента в банке// Лисак Б.И.// Банки Казахстана №2 2005.
19. Некоторые аспекты упраыления персоналом и банковское образование// Захаров В.С. // Банки Казахстана №3 2007.
20. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2004 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
21. Мырзабеков Ш. Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2008.-1 қазан (№39).-13 бет.
22. Сайденов А. Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2008 г. 2-4 стр.
23. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2009 жыл, 1 наурыз.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің экономика және бизнес
кафедрасы

Курстық Жұмыс

Тақырыбы: Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері

Тексерген: Мухияева Д.Н
Орындаған: Жақашбаев А.Б
Тобы:Ф10К2С

Алматы 2011

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері
... ... ... ... .5
1.1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. ... ..5
1.2. Банктік менеджмент қызметтері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2 тарау. Каспий банкі АҚ мысалында банк менеджментін талдау және бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.1. Каспий банкі АҚ-ның басқару жүйесі және менеджменті
..16
2.2. Каспий банкі АҚ-ның менеджментін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 23

3 тарау. Банк менеджментін жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1. Банк менеджментін ұйымдастырудың
шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
3.3. Банк менеджментін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
0

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға
тигізетін әсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің
экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктер менеджменті бүкіл банктің дамуын, оның
болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі
маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын
қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік,
маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Жалпы
айтқанда, Менеджмент деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі.
Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының
қызметтерін ұйымдастыру мен басқару жүйесін білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық механизмінің
ең табысты және тұрақты элементтерінің бірі болып табылады. Біздің банк
жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып, Ресейдің банк
жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша алға шықты. Сондықтан банк
менеджментінің проблемаларын ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банк менеджменті басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық
экономика жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті
елдерде қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен
сипатталады: бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен
жүргізілетін операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың
акцияларын тарату мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын
рационалды түрде салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг,
факторинг басқа да қызметтер. Нарықтық экономика жағдайында несиелік
мекемелер арасындағы қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген,
кәсіпорындарды мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін,
нақты инвестициялық жобалар мен бизнес – жоспарларды нарықтық механизммен
қамтамасыз ету, жаңа тауар массасын құруға көзделген банк менеджментісіз
болуы мүмкін емес.
18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және
сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық
қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуін, бұрын байқалмаған
жұмыссыздықты басынан кешірді.
Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды деп қанағатпен айтуға
болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың нәтижесінде
дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық
өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар өздерінің
өндірістік күш – қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта бизнес
дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда. Осыған
байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция деңгейі
біршама төмендеді, ұлттық валюта – теңгенің бағамы тұрақталынды,
мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды. Нарықтық инфрақұрылым
жетілдірілгендіктен ақша – несие операцияларында, банктік жүйесінде банк
менеджментінің қажеттілігі артты.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Банктік қызметтегі
менеджмент деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің нарықтық
экономикаға өтіп, қаржы нарығының, оның ішінде банктер қызметінің бүгінгі
әлемдік стандарттарға сай дамып келе жатқандығына байланысты, олардың
қызметтерін дамытудың негізі банктік қызметтегі менеджменттің әрекетіне
тікелей байланысты болады.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банк
менеджментінің дамуын көрсету болып табылады. Жұмыстың обьектісі - Каспий
банкі АҚ. Ал курстық жұмысының міндеттері – банк менеджментінің түсінігін
қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банк менеджментінің ұйымдастыру
шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену, Каспий банкі АҚ мысалында банк
менеджментін талдау және бағалау.
Курстық жұмыс құрылымы келесідей: бірінші бөлімде банк менджментінің
мәні мен ерекшеліктері қарастырылады.
Екінші бөлімде Каспий банкі АҚ-ның басқару жүйесі мен банк
менджментінің ұйымдастырылуы туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде банк менджментінің шетелдік тәжірибесі зерттеледі,
сондай-ақ банк менеджментін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қарастырылды.

1 тарау. Банк менеджменті, оның мазмұны және ерекшеліктері

1.1. Банктік менеджменттің мәні, түрлері және негізгі бағыттары

Дамыған елдерде банктік менеджментті өндірістің тиімділігін көтерудегі
маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын
қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарламамен қатар, олардың менеджменттік,
маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей
айтқанда, Менеджмент деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі.
Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының
қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесін білдіреді.
Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін
қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты
болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну
қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті
тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген
сөз.
Банктік менеджменттің басты бағыты - банктердің активтері мен
пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі
қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор.
Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы
деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты.
Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк
менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең
оңтайлысын табу керек.
Банк менеджментінің негізін қалаушы жағдай – алға қойған мақсатын
анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс сайлау. 1, 248 б
Жоспарлау арқылы банктер перспективаға мақсат, сфера, масштаб және
қызметтің нәтижелерін құрайды, оларды құралу көздермен және шығындармен
өлшейді, салыстырады. Бұлардың бәрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын
анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен
іске асырады.
Жиынтық көрсеткіштердің көмегімен банк қызметінің барлық тараптары
өзара байланысады, ақша нарығындағы бәсекелестік шарттарға байланысты жаңа
сфераны іздеудің бағыттары мен қызметтерінің әдістері анықталады.
Банк менеджменті банктік сферадағы персоналды басқару мен банк ісін
басқарудың ғылыми жүйесін білдіреді. Ол банк ісін жүргізгендегі тәжірибелі
ғылыми басқарудың әдістеріне негізделген. (Кесте - 1)
Банк қызметі ойлаудың ерекшеліктері мен қызметкерлердің жүріс-тұрысын
анықтайтын арнайы бизнес сферасын көрсетеді, ал ол міндетті түрде банк
менеджментінде көрсетіледі.
Банк менеджментінің құрамы ағымдық және перспективті жоспарлауды,
талдау, реттеу және бақылаудан тұрады.

Кесте - 1.
Банктік менеджмент мазмұны

Тапсырмалар Шешілетін есептер мазмұны
Банктік саясат 1. Басты тапсырманы қою, банктік өмірдің негізгі
мақсатын ерекшелеу
2. Кешенді бағдарламасын және жобаны өңдеу,
банктің негізгі мақсатына жетудегі жетістігін
қамтамасыз ету
3. Банктік қызметті басқару әдістемесін өңдеу
4. Банктің ұйымдық құрылымын өңдеу банктік
саясаттың дамуына сәйкес таңдалған
5. Банк персоналын басқару стратегиясы:
- персоналдың аймақты ұйымдастырылған жұмысы;
- персонал жұмысының тиімділігін анықтау аймағы;
- персоналдың мотивизация аймағы;
- персоналдың инновациялық жаңашыл потенциялы аймағы;
- персоналдың өсу аймағы.
Банктік маркетинг Банк қызметі әлеуеттік рынокта қызмет етуін бекіту
2. Нақты рынокта таңдау және банк клиенттерінің
қажеттілігін айқындау
3. Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды даму үшін
бекіту және банктік қызметтің жаңа түрін құру
4. Тәжірибеге қызмет көрсетудің жаңа түрін енгізу
және банктің бағдарламасын таратуды бақылау
Банктік өнімді 1. Жағдайдың өзгеру әдісін, қасиетін, ақшалай
құру қаржы формасын, банктік қызмет үдерісі кезінде өңдеу,
банктің әлеуетті клиенттерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру
2. Клиенттерді қамтамасыз етуде жаңа банктік
технологияны енгізу
Банктің клиенттік 1. Нарықтық сегментте назар аударатын клиент
базасын тобына (шаруашылық субъектісі, мемлекеттік мекеме, жеке
қалыптастыру, сатутұлға) банк қызметінің қасиетін бекіту позициясы
қызметінде (несие, операциялық инвестиция, трасттық)
клиенттерге қызмет
көрсету
2. Жаңа рынокта банктік қызметтерді жеңіп алу
3. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы, банктің
ресурстық базасын дамыту, қосымша табыс әкелетін
ақшалай ағымды құру
4. Табысты алу
Экономика және 1. Қордың өсуі
қаржы
2. Табыс пен ыдыратушылықты басқару
3. Басқару максимизациясын марапаттау
4. Банктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
5. Қаржылық шешімді тұрақтау
6. Банк қалдығын басқару
Ақпараттық – 1. Ақпараттық – аналитикалық жоспарлау жүйесін
аналитикалық құру және қаржылық операцияларды тарату
қамтамасыз ету
Әкімшілік 1. Банктің ұйымдық құрылымын келтіру, персоналды
сәйкес келетін банктің даму стратегиясына бөлу және
біліктілігін көтеру.

Дерек көзі: Г.С.Сейткасымова. – Алматы: Қаржы-қаражат, 2006ж
негізінде жасалған.

Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің дамуының жалпы және
локальды перспективасын анықтайтын жоспарлаудың нәтижесі банктің бизнес
жоспарын құру, сонымен қатар жеке бағыттар, яғни: несиелік, депозиттік,
пайыздық, кадрлық, инвестициялық және басқа саясат бойынша оперативті
жоспарлар құру болып табылады.
Талдау банктің қызметтерін жалпы және жеке бағыттар бойынша бағалау
үшін өткізіледі. Ол нақты орындалған нәтижелерді болжанған нәтижелермен
салыстыру арқылы іске асырады. Талдаудың материалдары банктің дамуындағы
кері және оң тенденцияларын, қолданбаған резервтерді, жоспардағы
жетіспеушіліктерді және шешім қабылданғандағы дұрыс емес шешімдерді
шығаруды көрсетеді.
Белгілі ракурста өткізілген баланстың мәндерінің талдауы банктің
жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты бағыттары
келесілер болып табылады:
• Банк қызметтерінің көлемді көрсеткіштерінің динамикасын бағалау.
Оған активтер, депозиттер, банктің меншікті капиталы, несиелер,
пайда жатады. Бұл бағалау басқа банктердің аналогтық
көрсеткіштерімен салыстыру арқылы өткізіледі. Ол қазақстандық
коммерциялық банктердің жүйесінде осы банктің қай орнын алатынын
көруге мүмкіндік береді. Осындай аналитикалық жұмыстардың нәтижесі
нақты банктің даму стратегиясын дайындауға көмек береді;
• Ресурстық базаны бағалау: көлемі, құрылымы және оның құрамды
бөліктерінің дамуының негізгі тенденциялары (меншікті капитал,
депозиттер, банкаралық несие). Талдау банк ресурстарының жеке
баптарын жіктеу, құрылымдық көрсеткіштерді есептеу, оларды
динамикада және басқа банктердің көрсеткіштерімен салыстыру
негізінде жүзеге асырылады. Ресурстық базаны бағалау банктің
депозиттік саясатын жасау үшін қолданады;
• Банктің өтімділігін бағалау қаржылық коэффициенттерді есептеу
негізінде, оларды динамикада критериалды деңгейлермен салыстыру,
көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруіне әсер еткен факторларды көру
үшін жасалынады. Талдаудың материалы өтімділікті басқару ауданында
банктің стратегиясын және тактикасын анықтауға көмек береді;
• Банктің табыстылығын бағалау баланстың мағлұматтарын бағалау және
пайда мен шығындардың есептемесі негізінде іске асырылады. Талдау
кезінде банктің пайдалылығы мен табыстылығын білдіретін сандық
және сапалық көрсеткіштердің жүйесі, активті қолдану тиімділігі,
банктің табысы мен шығысының құрылымы есептелінеді. Осы талдаудың
негізінде банктің пайдалылылығын басқару механизмі жасалынады;
Жиынтық аналитикалық көрсеткіштердің бағыттарымен қатар коммерциялық
банктер жеке бағыттар бойынша банктің несиелік портфелін талдау, бағалы
қағаздар портфелін талдау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, меншікті
капиталдың жеткіліктілігін талдау және т.б. аналитикалық жұмыстар жүзеге
асырылады. Көрсетілген аналитикалық жұмыстардың материалдары банк тәуекелін
басқару облысында саясатты жасау үшін қолданылады.
Банк менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктерді мемлекеттік
қадағалаумен берілген шарттардың ерекшелігімен анықталынады. Банк қызметі
өзге ақшаларды қамтып, тәуекелі көп болатындықтан мемлекеттік реттеу
банкті лицензиялауға қағидалы талаптар қатарын, олардың қызметтерінің
сферасын шектеу, капитал жеткіліктілігін, өтімділігін міндетті резервтер
құрауын қарастырады.
Осыған байланыста өзін -өзі реттеу жүйесі, яғни банк ішіндегі реттеу
бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген міндеттер мен
нормативтерді орындауға бағытталады. Банк ішінде реттеу жүйесі келесі
дербес бағыттардан тұрады:
• Банктің ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту, яғни банктің болашақтағы
дамуын қамтамасыз ету үшін ескі бөлімшелерді жаңарту және жаңаларын
ашу, мысалы, жоспарлау және маркетинг ревизиондық және аналитикалық
қызмет бөлімдері;
• Банктік қызметті басқару сапасын көтеретін шешім қабылдау
процедурасын, нұсқаулық және методикалық материалдарды жасаумен
жаңарту;
• Нақты қалыптасқан жағдайды еске ала отырып, бантік саясатты жүзеге
асырудың әдістері, мақсаттары мен басымдылықтарын дұрыстау;
• Қызметтің жеке бағыттары бойынша тәуекелдің көлемін шектеу бойынша
немесе тәуекелден қорғау үшін қосымша кепілді жүйе құрау бойынша нақты
өлшемін қабылдау;
• Кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банкішіндегі бақылауды
ұйымдастыруды жаңарту;
Банктік қызметті бақылау ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:
Сыртқы бақылау Ұлттық Банкпен және сыртқы аудиторлармен жасалынады.
Банк ішіндегі бақылауды банк ұйымдастырады. Банк ішіндегі бақылау банк
менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын менеджерлер өз
өкілеттілігі бойынша және ішкі аудит органдары орындайды. Банктің
жұмысындағы жетіспеушілік пен кері тенденцияларын табу үшін құрылатын жедел
жүйені құру және оларды жою үшін әрекет жасау банк ішіндегі бақылаудың
басты мақсаты болып табылады.
Сыртқы және ішкі бақылаудың арақатынасы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің нормативтік актілері мен заңдылықтарын, банкаралық
ережелерді, сыртқы бақылаушы органдардың жазылымдарын орындаудан тұрады.
Банк менеджментінің құрамы басқару сферасының жұмысында нақты көрініс
табады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоктан тұрады: қаржылық менеджмент
және персоналды басқару.
Қаржылық менеджмент ақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты
банктің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құралудан және
орналастырудан тұрады. Қаржылық менеджменттің негізгі бағыттары келесілер
болып табылады:
❖ Банк қызметінің жеке сфералары бойынша нақты банктік
саясатты жасау (депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер,
инвестициялар және т.б.);
❖ Банктік маркетинг;
❖ Активті басқару;
❖ Пассивті басқару;
❖ Өтімділікті басқару;
❖ Табыстылықты басқару;
❖ Меншікті капиталды басқару;
❖ Несиелік портфелдерді басқару;
❖ Банктік тәуекелді басқару.
Банк менеджментінің құрамының белгілі бір ерекшеліктерінің болуы
қызметкерлердің негізгі контингентін әйелдер құрайтындықтан туады. Осыған
байланысты ұжымның әлеуметтік мәселелерін шешу, жақсы өндіріс сферасын
қамтамасыз ету, даулы жағдайларды туғызбау маңызды орын алады.

1.2 Банкттік менеджмент қызметтері

Банктік менеджмент-жалпы стратегиялық және тактикалық
жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді
басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік
менеджмент-бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-
қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және
қызметшілерді басқару жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді
басқаруға бөлу коммерциялық банктнгі объект құрылымына байланысты.Сондықтан
оны банктік іс-әрекет ретінде қарауға болады.

Кесте 2 Банктік менеджменттің қызметі
Қаржы менеджменті Қызметкерлерді басқару
1.Активтер мен пассивтерді басқару 1.Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және
2.Өтімділікті басқару еңбек ақы.
3.Меншікті капиталды басқару 2.Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
4.Қарыз капиталын басқару 3. Қызметшілерді дайындауды
5.Банктік тәуекелділікті басқару ұйымдастыру
6.Несие қоржынын басқару
7.Банк ішіндегі бақылауды
ұйымдастыру

*Дерек көзі: Сарчев А.М. Ведущие коммерческие банки в мировой экономике.-
М.: Финансы и статистика, 2005. негізінде құралған.

Банк-жеке және қарыз капиталын басқаратын ұйым.Бірақ капиталды
әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады
.Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды
анықтайды.Сондықтан адам капиталын басқару-бұл несиелік ұйымды басқару
процессінде адамға деген қатынас.Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық
т.б. болуы мүмкін.
Банктік менеджмент – коммерциялық банктің өз функцияларын атқару
процесін тікелей басқарумен байланысты тәжірибелік қызмет.Бұл аспектіде
банктік менеджмент басқару объектісіне басқарушылық ықпалдарды өңдеу жүйесі
ретінде көрінеді: активтік пассивтік операциялар, есеп – кассалық
операциялар, нормативтік қаржылық – экономикалық көрсеткіштердің орындалуы,
банктік аудит және бақылау және т.б.
Қаржылық қорды жасауды және оны тиімді пайдаланудың жан-жақты
әдістері мен кешенді технологиялары, тұтынушыларға реинжинирингті бизнес
әдістемелерін қолдану, коммерциялық банктің жұмысын және оның қаржысын
бақылап отыратын жүйелік басқару қаржылық менеджмент деп аталады.
Қаржылық менеджменті:
1. Активтер мен пассивтерді басқару
2. өтімділікті басқару
3. Жеке капиталды басқару
4. Қарыз капиталын басқару
5. Банктік тәуекелділікті басқару
6. Несие портфелін басқару
Банкілік ішкі бақылауды ұйымдастыру
Қызметкерлерді басқару
1. Ұйымдастыру жүйесі мен еңбек ақысын администрациялау
2. Қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудың ұйымдастырылуы.
3. Қызметкерлерді дайындау жүйесінің ұйымдастырылуы
Банктардің алға қойған мақсаттары да маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта кеңінен қолданылып жүрген қаржы менеджменті деген
сөз көп ұғымды қамтиды. Мамандар қаржы менеджменті дегенімізді ақша
ресурстарын пайдалану және қалыптастыру қатынастарын басқару деп санайды.
Коммерциялық банктердегі қаржы менеджмент мәселесі ТМД ғалымдарының
еңбектерінде аз болса да шешімін тапты.
Коммерциялық банктердің қаржы делдалы сияқты ақша ағымын басқаруы
әрекеттерінің себебі ақша функциясының өзіне тән барлық жиынтығын
қамтуында. Бұл мәселені жандандыру мемлекеттік басқару органдарының
нормативтерін сақтау ережесімен дәл келеді. Коммерциялық банктердегі
қаржылық менеджмент және реттеу органдарының талаптарын сақтау позициялары
туралы мәселелерге еңбектер арналған.
Коммерциялық банктердің жұмыс істеу процесстері микроэкономикалық
факторлар мен клиенттер тұрақтылығына байланысты.
Қазіргі уақытта мұндай байланыс өте тұрақты, 1-ші топтағы өнім
шығару бұл материалдық құндылықтар болып табылады. Коммерциялық банк
нарықтық экономсика үшін алғашқы, Ұлттық Банк банк жүйесіндегі қайта құру
ұйымдарымен сәйкес келеді.
Шетел банктерінің тәжірибелері қызықты. Бірақ шетелдік қаржы
жүйесінің Қазақстанның несие – банк жүйесінен елеулі айырмашылықтары бар.
Мысалы, АҚШ-ң Федералды Резерв жүйесінің тәжірибесі Қазақстан жерінде
таралуы керек, ал Қазақстан банктік жүйесі Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк талаптарына негізделген.
Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік
жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтуында деп
білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржының, мнеджменттің басты
ерекшелігі – нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша
функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект
болуында.Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды
зерттеу және банк клиенттерінің ақшасын басқару процесстері болып табылады.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент – бұл ақша ресурсын
пайдалану мен құрылымдық процесстерді басқару.Ол ұйымдастырушы
-технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін
әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары.
Сонымен бірге банк қызметтеріне басқарумен бірге тығыз
байланыста.Қаржылық несиелермен қатар коммерциялық банктің ұйымдастырушы
технологиялық сипатында маңызды мәселелер болып, коммерциялық банктің
менеджментіне сәйкес аналитикалық қамтамасыз ету.Коммерциялық банктің
пайдалы қызметін субъектік түрде қарастыру және технологиялық процестердің
өндірістілігімен ұйымдастырушылық құрылымдары болады.
Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыру
керек, банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек.
Банктік менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру
табылады.Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде
қаржы - экономикалық, құрылымдық - функционалдық және функционалды –
технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда,
банктік менеджмент бір – бірімен байланысты және бір – біріне қатысты
параметрлер жүйесін көрсетеді:
Қаржы – экономикалық көрсеткіштер (ҚЭ)
Ұйымдық құрылым (ҰҚ)
Функционалды – технологиялық құрылым (ФТ)
Бұлардың байланысын былай көрсетуге болады: ҚЭ ____ ҰҚ ___ФТ
Банктік менеджмент қаржы – экономикалық, ұйымдық және
технологиялық параметрлердің өзара байланысын басқарушы ретінде келесі 1.2.
суреттегі схема арқылы беріледі
Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржылық
менеджментіндегі ерекшелік – ол банк - несие жүйесі шеңберінде несиелік
ұйымдағы экономикалық процесстерді басқару технологиясының біркелкі
болмауы. Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің негізгі ерекшелігі –
бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің іс-қимыл объектісі –
банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджменттің мақсаты – банктің қаржы
операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функционалды-технология жүйесінің
қызметінің тәртібін талап етуді анықтау.
Коммерциялық банктің қаржылық менеджмент қызметінің объектісі: -
банктің қаржылық операциясын зерттеу үдерісі және банктің клиентурасында
ақшалай ағындарды басқару. Қаржылық менеджмент қызметі коммерциялық банкте
- жүйелерді өңдеу және қолдаудың рационалдық жоспарлау әдісі мен қаржылық
операцияны қолдану.
Берілген параметр мысалы коммерциялық банктің тұрақты болуына өз әсерін
тигізеді, оны 3-ші кестеден көруге болады.

3-кесте.
Коммерциялық банктің тұрақты болуына әсер ететін параметрлер

Берілген параметрлер Қызмет тәртібі
Банк пайдасының максимизациясы Минималды жіберілген нормативті
ыдырату
Банкті ыдырату максимизациясы Банктің қаржылық операциясын
пайдасының мөлшерін қамтамасыз ету
Банктің пайдасын баланстау және Нарықты қамтамасыз ететін пайда
ыдырату нормасы. Банктің ресурстық базасын
басқару дифференциясын мерзім
негізінде, банктің активтік операция
мүмкіндіктер бағасы мен көлемін
сәйкестендіру

*Дерек көзі: Колесников А.И. Банковское дело. 2004,СПб. негізінде құралған.

Коммерциялық банктің қаржылық менеджменті әрбір басқару жүйесі сияқты
екі жүйелікке бөлінеді:
1. Басқару объектісі немесе басқару.
2. Басқару субъектісі немесе басқарушы.
Басқарудың негізгі объектісі коммерциялық банктің қаржылық
менеджментінде ақшалай шикізаттар коммерциялық банктің істі айналымда
қаржылық операция көмегімен болады.
Басқарудың субъектісі қаржылық банкте жоғарғы басшы, басқару формасын
қамтамасыз етуіне объективті функция әсерін тигізеді.
Ақшалай шикізаттарды тарту үдерісі коммерциялық банктің қаржылық
менеджмент жүйесінде банктің қаржылық опереациясын басқару арқылы оның
тұрақтылығында көрініс табады.
Сондықтан 3-ші кестеде көрсетілгендей тұрақтылықтың 5 блогы 12-ге
бөлінген, олардың әрқайсысы тұрақтылық түрін басқару функциясы болып
табылады. Төмендеуде коммерциялық банктің блогының тұрақты болуы және
мазмұнының функцияларымен түсіндіріледі.

4-кесте Коммерциялық банктің тұрақты блогы
Банктің қаржылық тұрақтылығы 1. Банктің қызмет нормативінің қаржылық –
экономика негізінде банкті бағдарламалау
(сыртқы және ішкі) банктің қызметінің
стратегиясы және бағдарламасы.
2. Банк қызметінің мониторингі және
талдау, дәстүрлі банктік қатердің
идентификациясы баланстық қатынас
негізінде.
3. Экономикалық пайданың мерзімді бағасы,
банктің операциялық бағалау талдау және
транс бағасының қалыптасуы.
Ұйымдасқан банк тұрақтылығы 4. Банк қызметін жоспарлау:
маркетингтік стратегия және бизнес –
жоспар банк бөлігінде.
5. Банктің ұйымдық қалыптасуы (сызықтық
дивизионды, матрицалық құрылымды,
клиентке немесе қызметке бейімделуі).
6. Адамдық қорды басқару:
мотивация, инновациялық әлеуетті ашу.
Банктің функциялдық тұрақтылығы 7. Банктің мамандырылуы.
8. Әмбебап банк.
Банктің коммерциялық тұрақтылығы9. Банктің өнімдік және банктің өнімдік
функционалдық – технологиясын қолдау.
10. Банк клиентурасының қаржылық
менеджменті және оның инновациялық
бағытта дамуы банктің қызмет негізінде
клиенттердің қажеттілігі немесе
басқарудың өзгерісі (клиенттерге қызмет
көрсету үдерісінің реинжирингі).
Бантік қордың тұрақтылығы 11. Банктің несиелік – инвестициялық
саясаты.
12. Банктік қор саясаты мен эмиммионды –
ұйымдастырушы.

*Дерек көзі: Сарчев А.М. Ведущие коммерческие банки в мировой экономике.-
М.: Финансы и статистика, 2005. негізінде құралған.

Басқару объектісі – банктік клиентураның ақшалы шикізаты безендіру
шарты бойынша сәйкес қозғалады (шарт).
Бұл үдерістің жағы басқару субъектісі арқылы – коммерциялық банктің
заңды тұлғасы болады. Үдерістің экономикалық жағдайы банктің қаржылық
опреацияларына негізделеді, басқару объектісінің қажеттілігіне жауап
береді. Қаржылық менеджмент үдерісінің объектісіне сәйкес банк
клиентурасының ақшалай ағыны оның бағасы есебінде құрылып, банктің қорының
кеңеюін қамтамасыз етеді.
Коммерциялық банктің қаржылық менеджменті ол – ақшалай ресурстарды
пайдалану және басқару үдерісін қалыптастыру. Ол - ұйымдастырылған
технологиялық менеджментпен тығыз байланысты банктік бөліктерді басқару,
әртүрлі банк қызметінің үдерісіндегі қарым–қатынастар, соның ішінде
персоналды басқару. Қаржылық, ұйымдасқан – технологиялық сипаттағы
мәселелер коммерциялық банкте үлкен мәнге ие, ақпараттық және қисынды–
аналитикалық мәселелері бар, коммерциялық банктің қаржылық менеджменті
шаруашылық субъектісінен технологиялық үдеріс оптимизациясын сипаттайды.
Соңғысы жүйелік талдау мәселесіне жатады (зерттеу, операция, ақпарат). 7
Қаржылық менеджменттің коммерциялық банктегі мақсаты рационалдық
талаптармен, оптималды ұйымдық құрылым негізінде құру әдістерімен анықтау
және функционалды – технологиялық жүйенің жұмыс істеу мерзімі, банктің
қаржылық операцияларын жоспарлау және тартуды қамтамасыз ету және берілген
параметрлердің тұрақты қолдау өз қорын кеңейту бағытында (акционерлік қор)
немесе коммерциялық банктің беріктігі мен оның табысын тұрақты деңгейде
сақтау.
Қаржылық менеджменттің үш жақты классификаторы коммерциялық банкте 3
іріленген басқару блогы түріндегі схема да ақшалай ресурсты пайдалану
үдерісін қалыптастырады.
1. Фронталды блок басқару жүйесінде кешендік бағдарлама мен банк
қызметіне жобалауды өңдеуді, басқару әдісіне әсе ету жоспарлау
үдерісін ұйымдастыру және басқару, кешенді өңдеуді жүйелеу,
принциптік және жоспарлық техникалық тапсырмаларды беру,
жоспарға сәйкес үдеріс мониторингі және тапсырма, жоспарды
түзеу, экономикалық және бизнес- жоспар, қаржылық –
экономикалық мониторинг және есепті ұйымдастыру бөліктің
қаржылық қызмет есебінде, менеджмент персоналының стратегиясын
өңдеу, мотивациясы, технологиялық үдерістің оптимизациясы және
ішкі банктің ұйымдастырылған құрылымы, маркетингтік
стратегиясымен бағдарламалы өңдеу.
2. Жоғарғы блок банктің операциялық функцияларын жинау, нақты
банктің қызмет ету тұжырымдамасымен мақсатына сәйкес, бірінші
блоктың басқаруын анықтауға әсерін тигізеді.
3. консалтинг, технологиялық қорды қалыптастыру, банктік
клиентураның әмбебап, проблемасы және банкті қоршаған ортаның
қажеттілігі, банктің қаржылық қызметін технологиялық өңдеу мен
тарату және клиенттермен қарым–қатынасы.

2 тарау. Каспий банкі АҚ мысалында банк менеджментін талдау және
бағалау

2.1. Каспий банкі АҚ-ның басқару жүйесі және менеджменті

Каспий банкінің тарихы – оның жекешелендіру және құрылымдық қайта
құруының үдерісі ғана емес, ол жаңа банктік технологияларды енгізу,
банкингтің спекетрін ұлғайту, глобалдық стратегия үдерісі.
Қазақстанның Каспий банкі әртүрлі қаржылық және қоғамдық ұйымдармен
іскерлік қатынаста. Банктің серіктестері болып шетелдік және қазақстандық
банктер, инвестициялық қорлар, заңды компаниялар, рейтингтік мекемелер,
бизнес-құрылым және компаниялар болып табылады.
Қазіргі таңда НОСТРО шоты бойынша 35 банкпен корреспонденттік
қатынаста. Олардың 23-і шетел банкісі, 6-уы ТМД банкісі. ЛОРО шоты
бойынша 89, оның 54 шоты қазақстандық теңгеде, ал қалғаны шетел валютасы
мен ресейлік сомда ашылған. Каспий банкінің корреспондент-банктер желісінде
жоғары деңгейлі мынадай банктер кіреді: American Express Bank Ltd, CINIBANK
N.A., Commerzbank AG, Credit Suisse First Boston, Deutsche Bank AG, Midland
Bank plc, The Chase Manhatten Bank N.A., OOO Дойче Банк Москва және т.б.
Каспий банкі Moody,s Standard Poor,s , Thomson Bankwatch Bree секілді
рейтингтік мекемелермен ұзақ қарым-қатынаста. Жыл сайын осы мекемелермен
тексерулер өтеді.
Еншілес компанияларға жататындар: “Қазақстанның Каспий банкінің
Жинақтаушы зейнетақы қоры” ЖАҚ, “Казтелепорт” ЖАҚ, “Халық лизинг” ЖАҚ,
“HSBK EUROPE B.V.”, “Инвестицияның рентабельділігін зерттейтін Агентство”.
Каспий банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ 1998 жылдың 2 ақпанында
құрылған және рейтингі бойынша республикамыздың зейнетақы қорлары арасында
бірінші орындағы аса ірі қорлардың бірі болып табылады. Қордың акционерлері
– Каспий банкі (ЖЗҚ акцияларының 50%-нан астамы), КазТрансОйл
мемлекеттік компаниясы, КазМұнайГаз ұлттық мұнай-газ компаниясы және
Қазақстан Темір жолы ұлттық темір жол тасымалдаушысы. Қор соңғы төрт жыл
бойы Жыл Таңдауы халықаралық фестиваль-байқауда Қазақстанның жинақтаушы
зейнетақы қоры номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Қор қызметінің 2009
жылдың 1 қаңтарындағы негізгі көрсеткіштері:
• Салымшылар саны – 1,069 млн. адам;
• Зейнетақы активтері – 89 млрд. теңге;
• Инвестициялық табыс – 21 млрд. теңге;
• Зейнетақы төлемдері – 4,5 млрд. теңге.
2009 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қор портфелінде 100 млрд. теңге
көлемінде зейнетақы активтері жинақталған. Каспий банкінің жинақтаушы
зейнетақы қоры зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы төлемдерін
жүзеге асырумен қатар, өзінің зейнетақы активтерін дербес басқарады және
клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз делдалдық-дилерлік қызметпен
шұғылданады.
Қазақшетсақтандыру ЖАҚ шетелдік сақтандыру компаниясы 10 жылдық
серпінді даму кезеңінде елеулі жетістіктерге жетті және соңғы үш жыл бойы
Қазақстаннның сақтандыру рыногының көш бастаушысы болып келеді.
Қазақшетсақтандыру компаниясы 1995 жылы шетелдік сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік компания ретінде құрылған. 2004 жылы Қазақшетсақтандыру ЖАҚ
акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жүргізілгенде Каспий банкі
ААҚ акционерлерінің бірі болды. 2005 жылы Қазақшетсақтандыру ЖАҚ оған
Өнеркәсіптік сақтандыру тобы ААҚ қосу арқылы қайта ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні Қазақшетсақтандыру ЖАҚ республикамыздың сақтандыру
компаниялары арасында ең кең таралдған филиалдық желісі бар жетекші
сақтандырушы компания болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің деректері бойынша сақтандыру рыногы үлесінің 20%-ы
Қазақшетсақтандыру компаниясы тиесілі.
Қазақшетсақтандыру компаниясы қызметінің 2009 жылғы 1 қаңтардағы
негізгі көрсеткіштері:
• Жиналған сақтандыру сыйлықтарының көлемі -5,751 млрд. теңге;
• Активтер – 2,126 млрд. теңге;
• Сақтандыру резервтері – 697,645 млн. теңге;
• Меншікті капитал – 1,064 млрд. теңге.
Қазақшетсақтандыру ҚР Сақтандыру қызметі туралы заңында
қарастырылғандай, жаңа үлгідегі лицензия негізінде Ұлттық Банк берген еркін
сақтандырудың 5 сыныбы бойынша сақтандыру қызметінің толық спектрін
ұсынады. Жуырда компания қайта сақтандыру қызметіне лицензия алды. Енді
жергілікті сақтандыру компанияларының тәуекелдерін Қазақшетсақтандыру
компаниясында орналастыру мүмкін болды, бұл Қазақстанның сақтандыру
рыногында көбірек тәуекел қалдыруға мүмкіндік береді.
Компания корпоративтік сақтандыру секторында кеңінен танымал. EOS Risk,
AON Group, Heath Lambert Group, Lloyd,s Sindicates және т.б. жетекші
халықаралық қайта сақтандыру және делдалдық топтармен жұмыс істей отырып,
шикізат және өнеркәсіптік өндіріс саласындағы ірі компаниялардың
тәуекелдеріне қызмет көрсетеді.
Халық Лизинг ЖАҚ 2002 жылдың 1 қаңтарында құрылған және Каспий
банкі АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. Компания Caterpillar
(АҚШ), Volvo (Швеция), Wirtgen (Германия), Itochu (Жапония), Komatsu
(Жапония), Dressta (Польша) және тағы басқа компаниялардың кез келген
жабдықтарын лизингке береді. Каспий банкі АҚ компанияның жалғыз
құрылтайшысы және акционері болып табылады.
Компания қызметінің 2009 жылғы 1 қаңтардағы негізгі көрсеткіштері:
• Ағымдық активтер – 2,255.1 млрд. теңге;
• Ұзақ мерзімді активтер – 1,494.6 млрд. теңге;
• Ағымдағы міндеттемелер – 204,139.3 млн. теңге;
• Ұзақ мерзімді міндеттемелер – 195,523.3 млн. теңге.
Халықаралық қаржы нарығында Каспий Банкінің серіктестері болып Lehman
Brothers, American Express Bank Ltd болып табылады. Lehman Brothers – ол
Каспий банкінің еуробондтарын шығаруды дайындауда қатысқан және рейтингтік
кеңесші қызметін атқарады, ал American Express Bank Ltd – 1998 жылы Каспий
банкіне синдикатты займды ұйымдастырған болатын.
Каспий банкінің серіктестері болып мынадай заңды компаниялар табылады:
White Case, Bracewell Ratterson, Baker McKenzie, Camerson McKenna, Stibbe
Simont Monahan Duhot.
Банк VIZA International және MasterCard International төлем жүйесі
бойынша карточкамен қызмет көрсетеді. Айналымдағы карточкалар саны 80% -ды
құрады.
2005 жылы Каспий банкі жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының өсу
темпі бойынша 1-ші орынды алды.
Каспий банкі үлкен мынадай банктік қызмет көрсетеді: есеп-кассалық
қызсет көрсету, несиелер, бағалы қағаздармен операциялар, консультациялық
және сараптық қызметтер, интернет-банкинг, депозиттерді қабылдау және т.б.
Банктің Қазақстан Республикасында 624 құрылымды бөлімдері, Лондон,
Пекин және Москвада өкілеттіктері бар.
2005 жылдың желтоқсанында Халықаралық Жыл таңдауы фестиваль-байқауда
Каспий банкі Қазақстан Республикасындағы 2005 жылғы ең үздік банк
сыйлығына ие болды.
Каспий банкінің филиалдық желісі 624 құрылымдық бөлумшелерден, оның
ішінде 20 облыстық және аймақтық, 147 айдандық филиалдардан және 457 есеп-
кассалық бөлімдерден тұрады.
Төлем карточкаларына қызмет көрсету 365 банкоматтан, 1410 POS-
терминалдардан және 852 импринтерден тұрады.
“Банк-Клиент” жүйесі арқылы персоналдық компьютерлер мен модемді
қолдана отырып, клиент жұмыс орнын босатпай-ақ шотының ағымдық жағдайын
тексере алады. Сонымен қатар шоттарды басқару бойынша тапсырма мен өкімдер
бере алады. “Банк-Клиент” жүйесі информацияларының қорғалуына кепіл береді.
Банк клиенттеріне “Money Gram”, “Экспресс аударымдар” және “Жеке
тұлғалардың мерзімді есеп айрысу” жүйелерінің қызметтері көрсетіледі.
2009 жылдың 23 ақпанында Қазақстанның Каспий банкі (100 млн. АҚШ
доллары соммасына тең) кезекті синдикатты несие беру туралы келісімге қол
қойылды. Несиенің мақсаты – банктің ірі клиенттерінің экспорттық-импорттық
контрактілерін қаржыландыру. Несие халықаралық банктер синдикатымен 18 айға
берілді. Несие бойынша маржа Либор мөлшерлемесінен асатын жылдық 1,5% -бен
берілді.
2008 жылды Каспий банкі “Интернет-Банкинг” бойынша төлемдерді аударатын
ұйымдардың тізімін ұлғайтты. Бүгінгі таңда олардың саны 35 жетті:
Қазақстанның 17 аймақтарынан 32 және 3 жалпыреспубликалық ұйымдар.
2008 жылдың сәуірінен бастап Каспий банкі өз клиенттеріне дискета мен
смарт-карточкалардан басқа Minikey (USB) жаңа кілттік құрал мен жұмыс
істеуге мүмкіндік берді. Мамыр айынан бастап Интернет арқылы несиені
төлуге, қараша айынан бастап Қазақстанның кез-келген зейнеткерлік қорына
ерікті төлемдер аударуға мүмкіндік берілді.
Сонымен қатар “Интернет-Банкинг” жүйесінің табыстары 2008 жылы алдыңғы
жылмен салыстырғанда (21%-ға өсті) 51,7 млн. теңгеге дейін өсті. Интернет-
шоттары теңгеде соммалық айналым жыл ішінде 13-тен 15,4 млрд. теңгеге
дейін өсті. Ал басқа валютада мынадай көрсеткіштерге жетті: USD – 3,5 млн,
EUR – 3,3 млн, RUR – 29,7 млн, GBR – 0,4 млн. Интернет арқылы ашылған
депозиттер саны 39% өсті.
Соңғы көрсеткіштерге сүйенсек “Каспий банкі” Қазақстанның жеке
тұлғалары бойынша электрондық банктік қызметтер нарығында 70%-дан жоғары
бөлікті қамтиды.
Каспий банкі келесідей қызмет көрсетеді:
Несиелеу:
- 24 айға дейінгі негізгі және айналым капиталды ұлғайтуға жұмсалатын
несиелік сызықты ашу;
- ссудалық, пре-экспорттық қаржыландыру (шетел агенттіктерінің және
банктің несиелік сызығын пайдалана отырып қаржыландырады);
- овердрафт ашу;
Каспий банкі консультациялық-қаржылық қызметтер сонымен бірге
вексельдік операциялар жүргізеді.
Қазіргі таңда Каспий банкімен келесі несиелеу бағдарламалары ұсынылған:
- Бизнес Lights;
- Кіші бизнесті ЕҚҚДБ несиелік сызығы бойынша несиелеу бағдарламаасы;
- Отандық тауар өндірушілер мен қызметкөрсетушілерге банктік займды
ұсыну бағдарпламасы;
- Ауылшаруашылық өнімді қайта өндірумен айналысатын кәсіпорындарға
айналым құралдарын толтыруға субсидияланған сыйақы мөлшері бойынша несие
беру бағдарламасы;
- Кәсіпорындарды овердрафт формасы бойынша қысқа мерзімді несиелеу
бағдарламасы.
Бизнес Lights. Кіші бизнес субьектілерін несиелеуге бағытталған
бағдарлама: заңды және жеке кәсіпорындар.
Несиелеу мақсаты:
- айналым қаражаттарын толтыру;
- негізгі құралдарды алу;
Бағдарламаның негізгі артықшылығы несиені жылына 12% -бен 7 жылға
дейін мерзімге беру болып табылады. Жұмыс істеп тұрған және жұмысқа
кірісетін бизнес несиеленеді. Несиені алу мерзімі – несиелік сызықты ашқан
күннен бастап 6 айға дейін. Сонымен бірге басқа банктен $100 000 дейін
алған заемды қайта қаржыландырады. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлікті және
депозиттерді қабылдайды. Несие АҚШ долларында беріледі.
Кіші бизнесті ЕҚҚДБ несиелік сызығы бойынша несиелеу бағдарламасы.
Бағдарламаның мақсаты кіші және орта компанияларға қаржылық қолдау көрсету.

Бұл бағдарлама бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке
тұлғалар, сонымен бірге сауды қызметімен айналысатындар, микро- немесе кіші
кәсіпорындар, компаниялар, фирмалар, жеке кәсіпорындар, заңды тұлғалар
несие ала алады.
Несиелер мына мақсатқа беріледі:
- тауар, шикізат және материалдар алуға;
- өндірісті ұлғайтуға немесе қызмет көрсетушілердің көлемін ұлғайтуға;
- құрал-жабдықтар және транспортты сатып алуға;
- жылжымайтын мүлікті коммерциялық қызмет көрсету мақсатында сатып
алуға, салуға және жөндеуге;
- басқа да капиталды салымдар үшін
ЕҚҚДБ-нің несиелеу бағдарламасының өзгешілігі бизнес-жоспардың болуы
шартының жоқтығында. Бұл бағдарлама бойынша клиентке консультация беру,
қаржылық талдау, шотты ашу жүзеге асырылады.
Кепіл ретінде айналымдағы тауарлар, құрал-жабдықтар,
автотранспорттар, кепілдіктер, жылжымайтын мүлік, депозиттер, жеке мүліктер
алынады.
Несие қолма-қол және қолма-қолсыз түрде теңге немесе АҚШ долларында
беріледі. Несиені қайтару пайыздарды және негізгі қарызды бөліктермен төлеу
арқылы жүзеге асырылады.
ЕҚҚДБ несиелеу бағдарламасы несиенің 2 түрін ұсынады:
1. Кәсіпкерлер несиесі:
• Несие соммасы: $200 000 дейін
• Несие мерзімі: 3 айдан 4 жылға дейін
• Сыйақы мерзімі: АҚШ долларында айына 1,25%-дан жоғары, теңгеде айына
1,34%-дан жоғары
• Шешім қабылдау мерзімі: 2-5 күн
• Несие соммасы қамсыздандырудың құнынан 80%-дан жоғары несиені қайтару
кезінде қарыз көлемі азаяды, соған сәйкес сыйақы мөлшері де азаяды.
2. Блиц несиесі:
• Несие соммасы:100-ден 5000$ дейін
• Несие мерзімі: 3 айдан 12 айға дейін
• Сыйақы мерзімі: АҚШ долларында айына 1,92%-дан жоғары, теңгеде 2,33%-
дан жоғары
• Шешім қабылдау мерзімі: 2 күнге дейін
• Несие соммасы қамсыздандырудың құнынан 80%-дан жоғары несиені қайтару
кезінде қарыз көлемі азаяды, соған сәйкес сыйақы мөлшері де азаяды.
• Жылжымайтын мүлікті кепілге берудің қажеті жоқ
• Құжаттардың аздығы
Отандық тауар өндірушілер мен қызметкөрсетушілерге банктік займды ұсыну
бағдарпламасы. Бағдарлама отандық тауар өндірушілер мен қызмет
көрсетушілерді экономикалық көтеруге негізделген.
Сыйақы мөлшері займдық қаражаттарды мақсатты қолдануына байланысты:
- айналым капиталын толтыру – жылына 10%
- негізгі капиталды ұлғайту – жылына 8%
Несие тек қана АҚШ долларында беріледі. Бір жобаны қаржыландырудың
максималды көлемі қарыз алушының бизнесінің көлеміне байланысты:
- кіші және орта бизнес үшін – 100 000 АҚШ доллары
- ірі кәсіпорындар үшін – 6 000 000 АҚШ доллары
Қамсыздандыру ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік алынады.
Ауылшаруашылық өнімді қайта өндірумен айналысатын кәсіпорындарға
айналым құралдарын толтыруға субсидияланған сыйақы мөлшері бойынша несие
беру бағдарламас. Бұл бағдарламаның мақсаты қарызгердің банкке төленетін
сыйақысын азайту болып табылады.
Азайту республикалық бюджеттің субсидияларының арқасында жүзеге
асырылады.
Кәсіпорындарды овердрафт формасы бойынша қысқа мерзімді несиелеу
бағдарламасы. Овердрафт банктің клиентке ұсынатын қысқа мерзімді несие
түрлерінің бірі болып табылады. Овердрафты АҚШ долларында немесе теңгеде 25
күнге дейін береді. Өзгеше жағдайда ғана қамсыздандыруды қажет етеді.
Несие бөлімінің қызметіне несиелік өтінішті экономикалық бағалау,
несиені беру мен қайтаруға дейінгі процедураны жүзеге асыру кіреді.
Несиені берудің негізгі схемасы:
- Клиенттің өтінішін менеджердің талдауы;
- Керекті құжаттарды дайындау (несиелік өтініш, қарыз алушының
сауалдамасы), клиенттен жобаны талдауға және т.б. өткізу үшін қажетті
құжаттарды алу;
- Клиент берген құжаттарды Заң қызметі, Бағалау қызметі, Қауіпсіздік
қызметі және Қазынашылық қызметтерінің тексеруі;
- Жоба бойынша несиелік пакетті банктің Несиелік комитетіне беруге
дайындау;
- Несиелік құжатнама құру.
Несиелік құжатнама ҚР-ның Каспий банкінің Басқармасының 1999 жылғы 16
тамыздағы Үкімі бойынша келесі құжаттардан тұруы қажет:
1. Құрылтайшылық және тіркеу құжаттары. Оған кәсіпорынды мемлекеттік
тіркеу және қайта тіркеу куәлігі, статикалық карточка, салық төлеушінің
куәлігі, кәсіпорынның жарғысы, бірінші басшылықтың және бас бухгалтердің
жеке мағлұматтары жатады. Сонымен бірге Қауіпсіздік Службасының және Заң
Департаментінің жоба бойынша қорытындысы жатады. Бұл құжаттардың түрі
корпорациялық клиенттің заңды негізін көрсетеді.
2. Бухгалтерлік және қаржылық құжаттар. Бұл клиенттің бухгалтерлік
есеп беруі: бухгалтерлік баланс, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
беру, дебиторлық және кредиторлық қарыздар, салық органдарынан алынатын
салық және міндетті төлемдер бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын құжат,
зейнеткерлік қорға аударылатын міндетті төлемдер туралы құжат,
корпорациялық табыс салығының декларациясы, басқа банктерде ашылған
ссудалық шоттары және қарыздары туралы құжат және т.б. бұл құжаттар
клиенттің қаржылық жағдайын сипаттайды.
3. Кепіл құжаттары. Клиенттің кепілді қамтамасыз етуге беретін
құжаттарының барлығы жатады. Құжат түрі кепілді қамсыздандыруға байланысты.
Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердегі қаржылық менеджментті жетілдіру
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Банктік менеджменттің теориялық негіздері
Банктік менеджменттің сипаты
Банк менеджментіне жалпы сипаттама. Банк менеджментінің түсінігі және ерекшеліктері
Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі
Банк қызметіндегі қаржылық менеджменттің ролі
Банктік менеджменттің негізгі бағыттары туралы
Коммерциялық банк жүйесінің белсенділігін арттырудағы каржы менеджментінің экономикалық маңызы
Пәндер