Қаржы тәуекелі және оны басқару


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ . . . 7
1. 1. Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері . . . 7
- Банк қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері . . . 12
1. 3. Тәуекел менеджментінің мәні мен мазмұны . . . 17
1. 4. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері . . . 21
І КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІ (“Банк Каспийский,, ААҚ-ның нақты мәліметтері негізінде) 25
2. 1. Банкте несиелік тәуекелді басқару жүйесі . . . 25
2. 2. Несиелік қоржынды басқаруды талдау . . . 29
2. 3. Активтер мен пассивтерді басқару шеңберінде банктегі қаржылық тәуекелдерді басқаруды талдау . . . 38
ІІІ БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЩЕЩУДІҢ ЖОЛДАРЫ . . . 45
3. 1 Банктік тәуекелдерді басқарудың қазіргі заманғы проблемалары . . . 45
3. 2 Банктік тәуекелдерді жетілдіру жолдары . . . 54
Қорытынды . . . 59
Қолданылған әдебиеттер . . . 63
Кіріспе
Қазақстан Республикасының (келесіде-ҚР) қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбінесе, банктік жүйенің тұрақтылығымен байланысты келеді. Клиенттер мен банк-әріптестердегі қаржылық қиыншылықтар, төлемеулер дағдарысы көптеген банктердің сенімділігін қауіп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктерді банкроттыққа ұшыратты. Бірлескен, шетелдік банктердің және олардың бөлімшелерінің пайда болуы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жіберді. Нәтижесінде, банктердің несиелік ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзімі ұзартылған несиелердің көлемі өсті. Қаржылық нарықтағы жағдай коммерциялық банктердің төлемді жүзеге асыру, орта және ұзақ мерзімді несиелер беруге деген қабілетсіздігі, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсерін тигізумен және өндірістің одан әрі құлауына алып келуімен қиындатылады. Жалпы дағдарыс атмосферасында коммерциялық банктер жоғарғы тәуекел жағдайында жұмыс жасайды.
Экономиканың банктік секторының қалыптасуы және дамуы кезеңінде қаржылық-несиелік инструменттердің кең комплексін орынды қолдануынан олардың өздерінің өміршеңдігі, ақша нарығындағы операциялардан пайда табу мүмкіндігі, немесе, керісінше, капиталды жоғалту және банкроттылық тәуекелділігіне тікелей байланысты. Егер банк менеджерлері тәуекелдерді бақылайтын болса, оларға төлем қабілетсіздігі туралы уайымдамауға болады. Сондықтан олар үшін бірінші орында сенімділік, табыстылық және тәуекелдерді минималдаудың рационалды үйлесімділік проблемасы тұр. Қазақстанда потенциалді клиенттер үшін банктердің сенімділігін анықтаудың қандайда бір әдістемесі жоқ, тек қана camel жүйесінен басқа, ол тек банктік қадағалау қызметкерлерімен ғана қолданылуы мүмкін, себебі ол өзінің құрамына банктердің дәлме-дәл есеп берулерін оқып білуді кіргізеді, бірақ ол ақпаратта коммерциялық құпия болып саналады. Осыған байланысты банктік тәуекелдер банктің сенімділігіне, табыстылығына, тұрақтылығына үлкен әсерін тигізетін болғандықтан, біз әлемдік тәжірибедегі кәзіргі заманғы оларды бағалау әдістемелерін оқып білуіміздің және осы алған білімді еліміздің банктік тәжірибесінде қолдануымыз абзал.
Тақырыптың тағы бір актуалдылығы қарастырылып отырған банктік тәуекелдерді бағалау әдістері және басқару әдістері Қазақстанның банктік жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында тәуекел - бұл кәсіпкерліктің маңызды элементі. Тәуекел адамдардың кабылдайтын шешімдерінің дұрыс нәтижелілігіне әсер ететін көптеген шарттар және факторлармен байланысты қызметтердің кез келген түрлеріне тән. Тарихи тәжірибе көзделген нәтижелерге жетпеу тәуекелі тауарлы-ақшалай қатынастар және шаруашылық айналым қатысушыларының бәсекелестігі жалпылылығында көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
Факторлық талдау негізінде банктік тәуекелдердің банк қызметіне әсерін зерттеу үшін біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз, және соның көмегі арқылы ҚР-да қолдануға тиімді де, пайдалы банктік тәуекелдерді анықтау, одан, , қорғану,, үшін әдістерді саралап отырмыз. Осы кешегі күні, отандық банктер үшін тәуекелдерді реттеу сферасында басты проблема болып ссуда бойынша төлемеу тәуекелін басқару саналды. Бұл тәуекелдің түрін реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің (келесіде-ҚРҰБ) пруденциалдық нормативтері бағытталған. Бүгінде өзінің актуалдылығын жоғалтпай, бұл проблема өзінің орнын басқа проблемаға береді - активтердің керекті диверсификациясын және проценттік тәуекелді хеджирлеуді қамтамасыз етуге. Бағалы Қағаздар Нарығының қалыптасуы және дамуы эмитенттердің қаржылық тұрақтылығын және нарықта айналыста жұрген міндеттемелердің сапасын бағалау мәселесін актуалды етеді. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруы тәуекелдің тағы бір түрін - инвестициялық тәуекелді басқару қажеттігіне алып келеді. Сонымен, коммерциялық банктердің іс-әрекеті сферасының кеңеюімен жолықтыратын тәуекел саны да өседі. Бірақ, отандық банктер әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекел түрлерімен кездесті деуге болмайды, дегенмен олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема Қазақстандық банктік жүйе үшін жаңа болып есептеледі. Банктік тәуекелдерді минималдау және сенімділікті жоғарылату облысындағы зерттеулер Қазақстанның банктік жүйесін реформалауда ең актуалды проблемасы болып отыр.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты болып тәуекелдер облысындағы әлемдік тәжірибені оқып білу және оның жергілікті жағдайға бейімделуі табылады. Тәуекелдерді бағалау әдістері, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банктік жүйесін құру үшін кәзіргі жағдайларға оларды тиімді басқару әдістері өңделіп және жетілдіріліп жатыр.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
- тәуекелдердің пайда болуымен байланысты теориялық сұрақтарды оқып білу, олардың құрылымын анықтау, банктік тәуекелдер түсінігінің мазмұнын нақтылау және, , банктік тәуекел,, түсінігіне анықтама беру;
- несиелік, проценттік және валюталық тәуекелдерді бағалау әдістеріне талдау жүргізу және қажетті инструменттердің тиімділігін нақты тәжірибелік мысалдармен дәлелдеу;
- талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктік мекемелер үшін банктік тәуекелдерді басқару бойынша практикалық рекомендацияларды өңдеп шығару.
Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмыстың пәні ретінде банктік тәуекелдерді бағалау инструменттерімен және әдістерімен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі болып ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің қызметі табылады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізін ҚР-сы Президентінің “Ұлттық Банк туралы”, және, , Банктер және бантік қызметтер туралы,, заң күші бар қаулылары, ҰБ-ң, , Пруденциалдық нормативтер туралы,, ережесі, ҰБ-ң, , Банк активтері мен шартты міндеттемелері және олар бойынша екінші деңгейдегі банктердің провизиялар есептеуі туралы,, ережесі, отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың материалдары құрайды.
І ҚАРЖЫ ТӘУЕКЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ
1. 1 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс) .
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік.
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық) .
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Курстық жұмыс тақырыбы қаржы тәуекелімен байланысты болғандықтан қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т. б. ) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері - инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т. б.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер) .
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция - инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел - инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел - дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Өтімділік тәуекелі - тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезіндегі мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.
Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:
1) жіберіліп қойған пайда тәуекелі;
2) табыстылықтың төмендеу тәуекелі;
3) тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі.
Жіберіліп қойған пайда тәуекелі - белгілі бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т. с. с. ) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі портфельдік инвестициялар, салымдар және несиелер бойынша дивидендтер және пайыздар мөлшерінің төмендеу нәтижесінде туындауы мүмкін.
Портфельдік инвестициялар инвестициялық портфельдің пайда болуымен байланысты және бағалы қағаздар және басқа активтерді сатып алумен түсіндіріледі. «Портфельдік» термині итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.
Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.
Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институтардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивидендтердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.
Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатын салған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.
Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы орташа нарықтық пайыздың төмендеуі кезінде тұрақты пайызды орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды айналысқа шығарған эмитент пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.
Тәуекелдің бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.
Несиелік тәуекел - қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.
Сонымен қатар несиелік тәуекел тікелей қаржылық жоғалтулар түрлілігі болуы мүмкін.
Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелі келесі түрлерін қамтиды: биржалық тәуекел, селективтік тәуекел, банкроттық тәуекел, сонымен қатар несиелік тәуекел.
Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т. б.
Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio - таңдау, сұрыптау) -инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.
Банкроттық тәуекелі өзімен бірге капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау, кәсіпкердің меншікті капиталын толық жоғалту және өзіне алған міндеттемелер бойынша есептесе алмау нәтижесінде туындайтын қауіпті ұсынады. Нәтижесінде кәсіпкер банкротқа ұшырайды.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютаға шетел валютасының бағамының қатынасы өсуде /9, 64б. /.
Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.
Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.
Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет.
Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.
- Банк қызметінің тәуекелін бағалау және талдау әдістері
Кез келген қаржылық немесе шаруашылық оперциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалай және оның нақты операция табыстылының деңгейімен байланыстылығын бағалай білу қажет.
Тәуекелдің мәні мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің негізгі мақсатына - салынған капиталдан табыс алуға - тәуекелді анықтау сәйкес келеді.
Төмен табыс табу немесе шығыстарға ұшырау ықтималдылығы қаншалықты жоғары болса, соншалықты жоба тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады, сонымен қатар осы тәуекелге сәйкес келетін, ұсынылатын жобаның табыстылық деңгейін де анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар мүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады.
Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады) : орташа ауытқу мәнімен (дисперсия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация) .
Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі мен деңгейін көрсетеді.
Банктің қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперсия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілетін салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:
σ²==(x-x²) /n,
мұндағы σ² - дисперсия;
x - қаржы ресурстарының салымының әр жағдайы үшін күтілетін мәні;
x - қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;
n - қаржы ресурстарының салымдарының саны(жиілік) .
Дисперсия қаржылық тәуекелдің жиілігінің абсолютті тербелісін сипаттайды, ал тербелістің салыстырмалы дәрежесін вариация коэффициенті көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталады:
v=σ/x·100,
мұндағы v - вариация коэффициенті;
σ - орташа квадраттық ауытқу;
x - қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.
Вариция коэффициенті 1-ден 100%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэффициенті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэффициентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10% -ға дейін - салымдардың төмен тербелісі; 10-25% - қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі; 25%-дан жоғары - қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.
Дисперсия мен вариацияны қолданған кезде тәуекелдің қаржылық нәтижені алудың математикалық ықтималдылығы бар екенін ескеру қажет. Бұл ықтималдылық субъективті эксперттік жолмен немесе объективті қаржылық тәуекелдің деңгейін математикалық есептеу негізінде анықтауға болады.
Банктің тәуекелдерін бағалаудың негізгі әдістері болып статистикалық әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі перспективалы әдіс қаржылық тәуекелдерді факторлық талдау (факторлық жүйе моделін қолдану) болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған инвестициялық тәуекелді инвестиция объектісінің даму перспективаларының бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген шарттар саны бойынша, ал - несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.
Қаржылық тәуекелді бағалаудың басқа да аналитикалық әдістері кеңінен қолданылады. Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффициенттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады.
Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады.
Тәуекелді бағалаудың перспективалы әдісі модельдеу болып табылады. Бұл әдістің негізгі қиындағы нақты жағдайларға байланысты модельді дұрыс таңдау. Модельдер қаржылық тәуекел ықтималдылығын бағалап, нақты жағдайды болжамдауға мүмкіндік береді.
Тәжірибеде тәуекелдерді бағалауда аналогиялар әдісі қолданылады. Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі негізінде белгілі бір жағдайлардың болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. Бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері бар екенін ескеру қажет.
Тәуекелді бағалаудың негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы пен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады.
Банктің қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты - кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебі негізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.
Қаржылық жағдай тұрақтылығының баланстық моделі кеңінен танымал. Бұл модель негізінде қаржылық тәуекел облысы анықталады және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейі талданады:
Ф + З + Дс = Ис + Кт + К + Р,
мұндағы Ф - негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;
З - запастар мен шығыстар;
Дс - ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, дебиторлық қарыздар және басқа активтер;
Ис - меншікті қаражаттар көздері;
Кт - орташа, ұзақ мерзімді несиелер және қарыздық қаражаттар;
К - қысқа мерзімді несиелер;
Р - кредиторлық қарыздыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz