1812 жылғы Бухарест бейбіт келісімі: шарттары, орындалуы және тарихи маңызы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кiрiспе

Бухарест келiсiм-шартының алғышарттары;

Негiзгi бөлiм

  1. Бухарест келiсiм-шартының мазмұны;
  2. Бухарест келiсiм-шартының жүзеге асырушылары;
  3. Бухарест келiсiм-шартының нәтижесi;

Қорытынды

Бухарест келiсiм-шартының тарихи маңызы, екi ел тарихында алатын орны;

Бухарест бейбiт келiсiм-шарты

Бұл келiсiм-шартқа қол қойып ратификациялаған Ресей патшасы Александр I болды. Келiссөздер Румыния астанасы Бухарестте болды.

1881 ж. дунайлық армияның бас қолбасшысы болып тағайындалған М. К. Кутузов бiрқатар әскери жеңiстерге жетiп, Түркияны бейбiт туралы келiссөздер жүргiзуге көндiрдi, мәжбүр еттi. Алғаш кезде келiссөздер Журжеве қаласында., кейiннен Бухарест қаласында жүргiзiлiп, Бухарест бейбiт келiсiм-шартымен аяқталды. Ресей Империясының Түркия мемлекетiне қойған қатаң террористiк талаптардан бас тартуы бейбiт келiссөздердiң сәттi аяқталуына өз септiгiн тигiздi.

Бухарест бейбiт келiсiм-шарты 16 ашық және 2 құпия баптардан тұрды. Ол Ресей Империясының стратегиялық жағдайын жақсартты. Ресей Империясына Хотин, Бендер, Аккерман, Килия және Измайыл бекiнiстерiмен бiрге Бессарабия өттi. Орыс-түрiк шекрасы Пружу өзенi бойымен оның Дунай өзенiмен қосылған жерiне шейiн жүргiзiлдi. Сосын Дунай өзенiнiң Кили сағасы бойымен Қара теңiзге шейiн жүргiзiлдi.

Ресей Империясы Азия құрлығында жаулап алған барлық жерлер мен бекiнiстердi Түркия мемлекетiне қайтарып беруге мiндеттi болды. Ресей Империясы оған өз еркiмен қосылған Закавказье аймағының барлық Арпачая, Аджар таулары мен Қара теңiзге дейiнгi аудандарды ұстап қалды. Түркия мемлекетi тек Анапаны қайтарып қалды. Құпия баппен Ресей Империясының Кавказ өлкесiнiң теңiздiк жағалауы берiлдi. Оған жерлер Фазистiң ( Рион өзенi ) оң жағалауына дейiнгi 2 сағаттық және «Анакры » бекiнiсiне дейiнгi 4 сағаттық аумақта орналасқан жерлер жатты. Шамамен алғанда барлығы 30-40 верст жерлер болды.

Ресей Империясы Дунай өзенiнiң бүкiл ағысы бойымен сауда жасау құқығын алды. Ал әскери кемелер тек Прута сағасына дейiн жүретiн болды.

Молдавия мен Валахияның барлық жерлерi Түркия мемлекетiне қайтарылды.

Бухарест бейбiт келiсiм-шарты Дунай өзенi княздықтарына Ясск бейбiт келiсiм-шартымен берiлген привелегияларды қамтамасыз еттi. Ол Румын халықтары үшiн үлкен маңызды роль атқарды.

Бухарест бейбiт келiсiм-шартына сәйкес Сербия мемлекетiне басқаруға автономиялық ел құқығы берiлдi.

Осының салдарынан Сербия мемлекетiнiң тәуелсiздiгiнiң негiзi қаланды.

Бухарест бейбiт келiсiм-шарты бойынша Ресей Империясының Молдавияның 52-мыңдық әскерiн Наполеонның қалың қолының басқыншылық әркеттерiне қарсы пайдалануға рұқсат берiлдi.

1812 жылы 28 мамырда Румынияның астанасы Бухарестте Түркия мемлекетi Ресей Империясына ыңғайлы келiсiм-шартқа қол қояды. Ратификацияланған грамоталарымен ауысу сол жерде 1812 жылы 14 шiлдеде өткен едi. Ол кезде Ресей Империясы Отан соғысына кiрiскен болатын.

Ресей Империясы патшасы Александр I бұл бейбiт келiсiм-шарттың пайда болуын «Құдайдан келдi » деп қуана қарсы алады. Келiсiм-шарттың барлық баптары, трактаттары, акттары мен конвенциялары толығымен дұрыс қабылданды. Екi мемлекет шекарасы Прут өзенi бойымен бекiтiлдi. Дунай княздықтары ОсманИмпериясының құрамына енетiн болды. Ал Бессарабия елi мен оның жерлерi толығымен Ресей Империясы құрамына кiрдi. Өзiн шынайы да бiлiктi дипломат есебiнде көрсеткен М. И Кутузовтың Риони мен Анаклии өзенi аумақтарын өзiне қаратуы оның iрi дипломатиялық жеңiсi болып есептелiндi. Оның көмегiмен Ресей Империясы Редут-капе бекiнiсiн өзiне қаратты. Қара теңiзiнiң бойымен 200 км-ге созылған ұзын шекара Батыс Грузия мен жаңа жауланып алынған жерлер - Абхазия, Гурия елдi-мекендерi өз еркiмен Ресей Империясының құрамына ендi. Бухарест келiсiм-шарты Түркия мемлекетiн Наполеон жорықтарын қолдайтын елдер құрамынан шығуға мәжбүр еттi. Түркия мемлекетi өзiнiң нейтралитетiн жариялады. Сөйтiп өзiнiң оңтүстiк флангiнен қауiп төндiрген шетел басқыншыларының шабуылынан Ресей Империясы еш қорықпайтын болды. 1812 жылы шiлдеде келiсiм-шартты ратификациялағаны үшiн қасиеттi князь титулын иемденген М. И. Кутузов Отан соғысынның бас кезiнде қатыспады. Бiрақ қоғамдық ой-пiкiр тек М. И. Кутузовтың Отанды басқыншылықтан қорғай алады деп есептедi. Бұл пiкiрдiң нәтижесi М. И. Кутузовтың Петербор мен Мәскеу губернияларының земдiк жасағының басшысы болып тағайындалуында едi. Сонымен қатар ол бес адамнан тұратын арнайы комитеттiң ( А. А. Аракчеев, А. Д. Балдашев, С. К. Вязмитинов, Н. И. Салтыков, А. С. Шишков) басшысы болып тағайындалды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Наполеонның 1812 жылғы Ресейге жорығы және Бородино шайқасының тарихи маңызы
Бюджеттік кредиттеу: ұғымы, шарттары, бақылауы және 2007 жылғы бюджеттің орындалуы
Гүлстан келісім-шарты (1813): Ресей-Иран бейбіт келісімі және Оңтүстік Кавказтағы салдары
1853-1856 жж. Қырым соғысы: халықаралық жағдайы, дипломатиялық факторлар және Париж бейбіт келісімі
Наполеон Бонапарт: консулдықтан империяға өту, 1812 жылғы орыс жорығы және Бородино шайқасы
Наполеон Бонапарт: бірінші консулдықтан императорлыққа - заңнамасы, басқыншылық саясаты және 1812 жылғы Ресей жорығы
1871 жылғы Германия империясының конституциясы және Пруссияның үстемдігі: 1867 жылғы Австро-Венгрия келісімі контекстінде
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері, барысы және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи және ұлттық маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары: себептері, барысы және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz