Коммерциялық банктердің меншікті капиталдары


Мазмұны.
Кіріспе . . . 3
І. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының теоретикалық аспектісі . . . 6
1. 1. Банктің меншікті капиталы туралы түсініктеме және оның қызметі . . . 6
1. 2. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының құрылымы және өсу негіздері . . . 13
1. 3. Меншікті капиталды басқарудағы әлемдік тәжірибе . . . 19
ІІ. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының игілік коэффициенттерін орындау жұмысын талдау . . . 25
2. 1 Меншікті капиталды басқару жүйесіндегі пруденциалдық нормативтер . . . 25
2. 2. Банктің меншікті капиталының игілігін талдау, мысалда «Банк Центр Кредит» ААҚ . . . 33
ІІІ. Коммерциялық банктердің меншікті капиталдарының игіліктерін анықтауда әдістерін жетілдіру . . . 41
3. 1. Екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталдарын тәуекел арқылы анықтау . . . 41
3. 2. Екінші деңгейлі банктердің жинақталған меншікті капиталдарына талдау . . . 51
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Қосымшалар . . . 62
Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы экономикалық қайта құру қаржы-несиелік және банк жүйелерінің трансформациясымен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығын қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады. Банктер есеп беру, салым салу, несие және басқа да операцияларды жүзеге асыра отырып, қоғамдық қажетті қызметтер орындауда. Сонымен қатар басқа да коммерциялық кәсіпорындардың жұмыстары сияқты банктік қызмет жан-жақты қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін, сондықтан бірқатар елдерде бұл іс-әрекет реттеуге келетін кәсіптің түріне жатады. Сондай-ақ реттеп отыру, Ұлттық банк жүйесін қалыптастыру ерекшелігін байқататын ұлттық ерекшелікті анық көрсетеді.
Банк жүйесінің негізін тербеткен 1998-1999 жылғы қаржы дағдарысы, банктерді капитализациялау үрдісі нәтижелі реттеу мүмкіндігі, олардың мықтылығы және төлеу қабілеттігі туралы сұрақтары үдейе түсті. Бұл үрдістегі нақты, дәл қорытынды есеп жеке капиталдық көрсеткіші және оның банктік қаржы орнықтылығына әсер етуі болып табылады. Қазіргі кездегі проблемалардың ішіндегі ең маңыздысы мыналар, яғни:
- Банктердің нәтижелі, тұрақты қызметтерін қамтамасыз етуде меншік капиталдың ерекше орны мен ролін анықтау;
- Олардың жаңа даму кезеңінде коммерциялық банк капиталының жетістігін белгілейтін фактілерді анықтау (ашып беру) ;
- Абсолюттік мөлшер және нарықтық экономикада банктің меншікті капиталының жетістігі сияқты көрсеткіштерді пайдалана отырып, банктердің қызметін реттеу, біркелкі концепцияларын қалыптастыру;
- Банктердің меншік капиталдарын нақты өсіру мөлшерінің жолдары-банк жүйесінің қауіпсіздік және сенімділік кепілі сияқты.
Жоғарыда атап өткендей, меншік капиталын қалыптастыру заңдылықтарын, оның банкпен көрсетілетін қызметінің сапасын және спектірін көтеру әсерін, қоғамның Республикадағы банк жүйелеріне сенімін арттыру жұмыстарын зерттеу ғылыми, теоретикалық және іс-тәжірибелік қызығушылықты көрсетеді.
Бұл зерттеу жұмыста меншік капиталдың қажетті мөлшерін қалыптастыру жұмыстарымен байланысты банктердің жеке операцияларын ғана емес, сондай-ақ банк қызметі, яғни олардың капиталының мөлшері және жетістігі анықталған заңдылықтары мен негізгі бағыттары талданады.
Меншік капиталы кез-келген банк қызметтері үшін үлкен роль атқарады, яғни меншік капиталы кредиторлар мен акционерлерге сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажет. Банктік меншік капиталы неғұрлым көп болса, соғұрлым көп қаражат қатыстыра алады. Сондай-ақ меншік капитал банктік инфрақұрылымын дамыту үшін басты (негізгі) қаражат негізі болып, филиалдар мен қосымша офистерді орналастыру үшін ғимараттармен, мүліктермен, компьютерлік және телекоммуникациялық техника, ақпараттарды реттеу үшін жаңа технологиялармен қамтамасыз етуде қажет.
Негізгі акцент капитал мөлшері және активті, пассивті операциялардың бірлігіне өзара әсер ететін заңдылықтарды, банктермен жүргізілетін келісімдердің қауіп дәрежесі мен кірісін зерттеуге құрылған. Демек, осы өзара әсерде өтпелі экономика жағдайында банктің меншікті капиталын қалыптастыру бойынша талаптарды қатаң сақтау мүмкіндігін туғызатын себеп жатыр.
Проблемалардың қаралған дәрежесі. Банк капиталының проблемасына, оның қалыптасу және жетістік заңдылықтарына шетел, біздің отандық экономисті-ғалымдары назар аударды, сондай-ақ шетелдік: Питер С. Роуз, Жан Ривуар, Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гилл, Тимоти Кох, К. Р. Макконел, Нагашима Акира, Дж. Синки; ресейлік экономист-ғалымдары: О. И. Лаврушин, Е. Ф. Жуков, В. И. Колесников, В. М. Усоскин.
Экономикасы дамыған елдерде банктердің жан-жақты қызметтері баяндалған бірқатар мақалалары бар. Өтпелі экономикасы бар елдер үшін коммерциялық банктердің меншікті капиталын қалыптастыру жаңа, зерттелмеген сұрақ болып табылады. Қазіргі уақытта коммерциялық банктердің қызметінде капитал көрсеткішімен тығыз байланысты көптеген жаңа аспектілер пайда болды. Әсіресе қазіргі жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі ашылатын, сондай-ақ қызметтегі банктер үшін капиталдың минималды мөлшері бойынша талаптарды қадағалауда.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің меншікті капиталын қалыптастыру үрдісі үшін тиісті заңдылықтарды, сондай-ақ банктердің меншікті капиталдарының жетістігі мен бірлігінің себептері анықталып, зерттелуде.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: өтпелі экономика жағдайында коммерциялық банктердің мықтылығы негізі ретіндегі меншікті капиталдың қалыптасу заңдылықтарын анықтау.
Бұл мақсат төмендегі міндеттерді шешуге құрылған:
- Меншікті капиталдың экономикалық негізін ашу;
- Меншікті капиталдың құрылымын зерттеу;
- Меншікті капиталдың қызметін талдау;
- Коммерциялық банктердің меншікті капиталдарын басқару әдістерін қарау;
- Пруденциалды нормативтердің көмегімен меншікті капиталды реттеу жұмыстарын қарастыру;
- «Банк Центр Кредит» ААҚ мысалға ала отырып, меншікті капиталдың динамикасын талдау;
- Банк қаупінің меншікті капиталдың бірлігіне әсерін талдау;
- Қазақстан Республикасының жинақтық меншікті капиталының динамикасын талдау.
Зерттеу объектісі: Қазақстанда нарықтық қарым-қатынас жағдайда коммерциялық банктердің қызметі.
Зерттеу пәні: қаржы орнықтылық және сенімділік негізі ретінде сауда банктердің меншікті капиталы.
Зерттеудің әдістемелік негізі: коммерциялық банктің меншікті капиталдың негізін және ролін, оның қаржы жағдайына, әсерін зерттейтін экономикалық дамудың жалпы проблемалары бойынша отандық және шетелдік экономист-ғалымдардың еңбектеріндегі теоретикалық түсініктеме және әдістемелік бағыт негіз болды. Сондай-ақ Президент жарлығы, үкімет қаулысы, заң актілері, коммерциялық банктердің мықтылығы және өтпелі экономика жағдайында олардың капиталдарын қалыптастырумен байланысты проблемалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативтік құжаттары ескерілді.
Зерттеудің ақпараттық базасы:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық комитетінен статистикалық мәліметтер;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бюллетендері мен жылдық есептері;
- «Банк Центр Кредит» ААҚ жылдық және мерзімді есептері.
І. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының теоретикалық аспектісі
1. 1. Банктің меншікті капиталы туралы түсініктеме және оның қызметі
Меншікті капитал капиталдың экономикалық категориясының бір түрі болып табылады. Ол несиелік мекеме қызметі үшін қалыптастыру және орта негізінің өзгерісіне қарамастан айрықша роль атқарады. Банктің ашылған уақытында құрылтайшысының енгізген меншікті капиталы банктің алғашқы қызметін ұйымдастыру немесе қызметінің өсу және үлкеюі кезеңінде қосымша қаражат үшін негізгі қаражат болып табылады. Сондай-ақ банк капиталы несиелік мекемелерді қаржы орнықсыздығынан және қауіптен қорғайды, оны банкроттықтан қорғауды қамтамасыз етеді, бұрынғы шығындардан залалдандырады, клиенттердің банкке сенімін арттырады, сауда және тұтынушы несиесінде клиент қажеттіліктерін қанағаттандырып отырады. Сондықтан банкке экономикалық тәртіптің нормаларын тапсыратын мемлекеттік органдар, олардың бұзылған туралы белгі алысымен, банк капиталына салымшылар мен инвесторлар қызығушылықтарына жауап беретін қатаң экономикалық санкция қолданады. Сонымен, банк ісінде ең маңызды проблемалардың бірі банктің меншікті капиталының игілігін анықтау болып табылады. Банк айналымындағы несие алу капиталының жеке салмағы банктік емес кәсіпорын саласындағы айналымға қарағанда әлде қайда үлкен.
Сонымен қатар, меншікті капитал банк айналымынан несие, факторинг, лизинг операциялары бойынша бағалы қағаз және басқа да құқықтық жұмыстарға қатысуда, алдын-ала ақша салымшыларды күтпеген шығындардан, сондай-ақ қаражаттарды инвестициялаудан сақтайды. Сондай-ақ меншікті капиталдың жартысы есебінен қаржы қоры қалыптасады, ол банктің төлем қабілетін сақтауға және шығын пайда болғанда дұрыс қызмет етуді қамтамасыз етеді.
Осыған байланысты, банк қызметі әрдайым белгілі қауіптермен ілесе жүреді, олардың активі тиісті топтарға бөлінеді. Қауіпті есептей отырып активтердің квалификациясы және оның меншікті капиталының көлемімен дара байланысы банкті басқару сапасы және оның қаржы орнықтылығын көтеруге жол береді. Банктің меншікті қаражатына салынған салымның өсуі қаржыландырудың ең қауіпсіз үлгісі болып табылады және жүйе өзгешілігінің сілкінісінен аман қалуына көмектеседі.
Меншікті капитал банктің несие қоры сияқты қатыстырылған қорлармен байланысты болып, салалармен бірге айналым жасайды. Ол қатыстырылғандарға қарағанда әлде қайда сенімді қорларға жатады. Активті операцияларды жүзеге асыруға болатын шығынды естен шығармайды, олар қордың құрылуын талап етеді. Егер банк қызметінің нәтижесінде шығын болса, онда ол жарғылық капиталдың жартысын жоғалтады. Қор болса, онда ең соңғысын қор есебінен қалпына келтіруге болады, бірақ ол банктің демалыссыз жұмыс істеуіне алып келеді.
Банктер минималды қор талаптары туралы қаулысына сәйкес қарастырылған несие қорларының жартысын жеке есеп шотына депозит ретінде енгізуге міндетті, ол оның өтімді активтері мен активті операциялардан алынған кірісті азайтады, ол меншікті капитал есебінен құрылған қор Қазақстанның Ұлттық банкісінде депозит ретінде енгізілмейді, демек, ол банк айналым капиталының органикалық бір бөлігі болып табылады. Бірақ оның жарғылық капиталына қатынасы үйлесімділіктен аз болмауға тиіс, ол қатыстырылатын қорды депозит ретінде енгізуге негіз ретінде қойылған.
Сонымен, банктің меншікті капиталы, бір жағынан, қауіптің негізі болса, екінші жағынан-қаржы шығынын жабатын жинақталған қаражат. Үлесте қауіп кезіндегі соманың айырмасы банктің төлем қабілетінің жағдайын көрсетеді. Банк кредиторларын банктің операцияларынан қорғау мәселесі, қауіпті есептей отырып, қойылған активтерді жабу үшін, банктің меншікті капиталының көлемін анықтау талап етіледі, яғни қауіп қандай үйлесімділікте банктің меншікті капиталын қалыптастыруға тиіс.
Қауіп дәрежесі бойынша активтері тиісті категорияларға бөлінген. Активті операциялардың коэффициенті Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің корреспондентік шотында ақша қаражаты бойынша нөлден жүз пайызға дейін несие қарызы бойынша анықталған. Ұлттық банкпен бекітілген меншікті капитал жетістігінің ең төменгі нормативті деңгейі қаржы жағынан тұрақсыз банк мекемелерінің қатарына қосылуына көмектеседі. Сондықтан, соңғы уақыттарда банк олардың қызметін реттеу нормаларына қатаң бақылау орнатты және олардың қызметін және жарғылық капиталынаң кіші көлемін көбейтті. /6, 11б. /
Атап айтсақ, коммерциялық банктің банк бақылауы бойынша Базель комитетінің стандартын көрсететін халықаралық стандарты бойынша нарықтық қауіп басқармасына ауыспайтынша, түрлі қауіпті өткеру мүмкін емес. Осыған сәйкес меншікті капитал екі бөлімге бөлінуге тиіс:
- «қатты ядро» деп аталатын базалық капитал;
- Қосымша.
Базалық капитал ең орнықты және тұрақты көзі болып табылады: акционерлік капитал, қор және жалпы банк қаупіне арналған қорлар. Қосымша капиталға қарыздар мен басқа да қауіп операцияларын жабу үшін ұйымдастырылған түрлі қорлар мен проведиалар жатады. «Қатты ядро» және қосымша капиталдың арасында белгілі дистанция сақталады.
Қосымша капиталды көлемі «қатаң ядро» көлемінен асып түспеуі керек.
Меншікті капиталдың негізгі проблемасы-оның жетістігін үш тәсілмен шешуге болады:
- Кезеңді көтерме капиталмен;
- Активтердің жалпы сомасын қысқарту;
- Жоғарғы қауіпті салымды төмендету арқылы активтердің құрылымын өзгерту.
Банктердің қызметін реттеуде есеп айырысу, салымдық және депозиттік шоттағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін өтемді активтердің қөлемін ұстап тұру ерекше роль атқарады. Осылардың ішінде тарату банктің корреспонденттік шотына қаражат түсуіне ықпал етеді, яғни біріншіден, банктің өз уақытында және толық өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік жасайды.
Атап айтсақ, қор капиталының немесе оның жетіспеушілігі жедел төлемдерді төлеу үшін өтімді актив үлгідегі қорлардың біршама бөлігін пайдалануға алып келеді. Нәтижесінде банк несие бойынша пайыздық пайдасын жоғалтады, кіріс көлемі төмендеп, капитализация мүмкіндігі қысқартылады.
Халықаралық тәжірибеде банктің өтімділік көрсеткіші оларды төлеу мерзімін және активтерді тарату мүмкіндігін есептей отырып, актив және міндеттемелер арасындағы нормативті өзара байланыс түрінде анықталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісімен өтімділік коэффициенті жоғары өтімді активтердің орташа ай бірлігі сомасы, қарым-қатынас ретінде ұйымдастырылады, ол 0, 3 құрауы керек.
Жеке тұлға және заңды тұлғалардың еркін ақшаларын қарастыра отырып, несие мекемелерінің актив дәрежесіе меншікті капиталға қарастырылған қаражат мөлшерінің қатынасымен өлшеуге болады.
Жеке тұлға және заңды тұлғалардың еркін қаражаттары банктің активті операцияларының көзі және инвестициялық қызметі болып табылады. Қарастырылатын қорлардың оптималды деңгейі активке жеке қаражаттардың қатысы ретінде капитал жетістігінің нормативімен бақылауға алынады. /4, 17-19б. /
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары. Қаншалықты банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құралатындықтан да, оған анықтама беру керек. Қаржы және несие сөздігінде: “пассивтік операциялар - бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің ресурстарын қалыптастыру операциялары” - делінген.
Соңғы окулықтарға сүйенсек, банктің пассивтік операциялары - нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активті - пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассивтің активтен арту формасын сипаттайтын операциялар білдіреді.
Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.
Жалпы пассивтік операциялардың мынандай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасы есебінен капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде, несиелік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстар құралады. Келесі бір екі формасы көмегімен екінші ірі топ, яғни заемдық немесе тартылған ресурстар қалыптасады.
Банктің меншікті ресурстары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттары оның үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда ең маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында, оның меншікті қаражаттары жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын бастапқы шығындарды көтереді. Себебі, меншікті қаражатсыз банк қызметін бастауы мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып саналады.
Банктің меншікті қаражаттары банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) және бөлінбеген пайда жиынтығы.
Меншікті капитал пассивті операцияларға жатады және мыналарды қарастырады:
- Акционерлік капитал-жай (жедел емес, құнды қағаздар) және артықшылығы бар акциялар (дауы құқығы жоқ) ;
- Банк қорлары-күтпеген жағдайлар үшін арналған кор, үлес-пайда төлеуге, төленбеген несие қарызын жабуға;
- Қосымша төленбеген капитал жай және артықшылығы бар акциялар мен олардың номиналдарын сату курстары арасындағы айырма есебінен құрылады;
- Қосымша төленбеген капитал активтер жоғары бағалау есебінен құрылады;
- Таратылмаған (пайда) -банктің өнімінде қалатын жинақталған пайда сомасы.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі болып келеді. Акционерлік капитал мынадай түрге бөлінеді:
- меншікті акционерлік капитал, яғни оған, жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайда жатады;
- банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналып құрылған түрлі резервтер кіреді;
- банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары. )
1. Сурет. Меншікті капиталдың құрамы.
Меншікті капиталы банк қоры ретінде акционерлерге үлес-пайда үлгісіндегі баға болып табылады. Қордың осы түрі екі тәсілмен өсуі мүмкін: акционерлік капиталдың немесе банк кірісінің өсуі. Банк қаражаты құрылымындағы акционерлік капитал банк орнықтылығы мен оның жұмысының нәтижелілігін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады.
Меншікті капитал банк сауда қызметінің негізі. Ол банктің жауапкершілігінде қауіп салдарынан болатын келеңсіздікті реттеу негізі ретінде, оның қаржы орнықтылығын өз беттілігін және кепілдікті қамтамасыз етуге міндетті. Бұдан, меншікті капитал реттеп, қорғап, тұрақтылықты қамтамасыз етуге тиіс, осымен ол төменгі қызметтерді басшылыққа алады.
Меншікті капитал төмендегідей қызметтерді орындайды:
- Қорғау немесе тұрақтылық қызметі. Банктің төлем қабілеті мен оның орнықтылығымен байланысты. Егер банк қоры меншікті капиталының шоты есебінен қалыптасса, оны әбден өтімді деп санауға болады, ал банкрот жағдайы акционерлерге ғана тиеді. Бұл банктің қызметі үшін актив қорын құру арқылы салымшыларға төленетін өтемақысына кепілдемесі ғана болып табылмайды. Сондай-ақ қордың жетіспеуінен болған шығынның орнын толтыру да осыған байланысты. Сауда банктерінде төлем қабілеті меншікті капиталдың бір бөлігінен қамтамасыз етіледі. Қазіргі тәжірибеде акционерлік капиталы сақталған банктер, төлем қабілеті бар деп саналады, яғни актив бағасы міндеттемелер сомасына тең. Демек, қорғаныс қызметі банктің зиян шегу немесе борыштық тұрақсыздыққа ұшырау жағдайында салым иелері мен кредиторлардың мүддесін қорғауды; құрылған резервтер есебінен банктің төлем қабілеттігін сақтауды; банк қызметінің зиянға байланыссыз жалғаса беруін білдіреді. Қорғаныс қызметі меншікті капиталдың негізгі қызметі болып табылады.
- Оперативті қызмет. Оперативті қызмет капиталдың алғашқы мөлшерін қамтамасыз ету болып табылады, яғни акционерлік капитал қызметін басында жер, ғимарат алуға, жабдықтауға және жалақы төлеуге, сондай-ақ күтпеген шығын болған жағдайда қаржы қорын құруға жұмсалған қаржы қаражатының негізіне қызмет етеді. Бұл қызметі екінші дәрежелі қызмет ретінде, өйткені активтік операцияларды жүргізу үшін негізгі ресурстар ретінде банктің қаражаттарын тартуға маңызды. Банктің меншікті капиталының бұл қызметі активтік операциялардың өсуінің негізін, яғни банктің міндеттеріне сай келетін банктік операциялардың көлемі мен сипатын қолдай отырып, қамтамасыз етеді.
- Реттеуші қызмет. Мемлекеттік органдар заңнамалық және нормативті актілердің көмегімен меншікті капиталдың мөлшері мен құрылымын қадағалап, банктің қызметін реттейді. қоғам банктердің жетістіктермен қызмет етуіне мүдделілік танытуда, сол сияқты коммерциялық банктер мен басқа да несиелік мекемелердің қызметтеріне орталық банк тарапынан заңдар және ережелер бойынша бақылау жасап отыруына байланыста сипатталады. Бұл ереже негізінен жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін сақтау, банк қызметі үшін рұқсат қағаз алу, бірақ та қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшерін бұзбауға бағытталады.
- Айналым қызметі. Құрылтайшылар акционерлік капиталға ақша сала отырып, банк айналымының активтеріне алдын-ала төлем жасайды. Бірақ, кез-келген сауда қызметі қауіптен кете алмайды. Осыны есепке ала отырып, банк капиталының қорғаныш қабілеті болады. Банк өзінің айналым капиталын несие, факторинг және лизинг операцияларына, құнды қағаздарды сатып алуға және басқа да құқықтық қатысушыларға, ғимаратқа, жабдықтауға және басқа да негізгі қорларға жұмсаса, яғни айналым қызметін орындаса, ол несиелеушілерінің шығынынан сақтайды.
- Қор қызметі. Қауіп банктің активті операцияларына сияқты пассивтілерге де тән. Капитал айналымының үрдісіне мерзімді депозиттерді алдын-ала алу қаупін, талап еткенге дейінгі шоттардағы қаражаттың аяқ асты жоғалуын, төлемегендіктен және басқа да себептермен банк шотына қаражат түсуінің тоқталуын болдырмайды. Банктерге қауіпті төлем беруге өтімді норматив, сондай-ақ Ұлттық банкте несие жүйесінің міндетті қор фонды есебінде депозит ретінде алынған несие қоры көмектеседі. Банк актив операцияларының қауіп, шығын орнын толтыру үшін меншікті капиталдың резервін құруға міндетті. Бұл банк капиталының қызмет етуін қамтамасыз етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz