Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу ерекшеліктері



КІРІСПЕ. ТЕСТІЛЕУ ТЕХНИКАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1 ОҚЫЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 ЖАЗЫЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

3 СӨЗДІК ҚОРДЫ ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

4 ТЫҢДАЛЫМДЫ ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді, көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: «Менің оқытуым тиімді болды ма, болмады ма?» Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз: «менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме екен?», «Мен қалай оқытып жүрмін?», «Қандай пункттерді қайта қарау керек?», «Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?» деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: «Тест нұсқаулары анық болды ма екен?», «Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?», «Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық туғызуы мүмкін бе екен?», «Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест анықтай алды ма екен?» деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған, жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ, оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
1. Мэтцен Х. Тестілеу техникасы. – Лондон, 2005.
2. Государственный образовательный стандарт по русскому языку как иностарнному. Первый уровень. Общее владение. / Андрюшина Н.П. и др.
3. Обучение за рубежом (журнал). №2. 2002.
4. TOEFL institutional testing program. Educational Testing Service. Интернет материалдары.
5. Test of English as a Foreign Language. Ақпараттық және тіркеу бюллетені. Интернет материалдары.
6. www.ets.org/toefl сайтының материалдары.
7. Никандров Н.Д. Понятийный аппарат педагогики и образования: перспективы исследования // Педагогика 1997. С. 112-114.
8. Code of Fair Testing Practices in Education. (1995) Washington, D.C.: Joint Committee on Testing Practices. (Mailing Address: Joint Committee on Testing Practices, American Psychological Association, 1200 17th Street, NW, Washington, D.C. 20036).
9. Философский энциклопедический словарь. – М.: Сов. энциклопедия, 1983. С. 595.
10. Гегель, Г. Энциклопедия философских наук. //Соч.Т.1.,С. 138. Логика. 1929. – 368с.
11. Раппапорт А.Г., Сомов Г.Ю. Форма в архитектуре: Проблемы теории и методологии. М.: Стройиздат, 1990. - 344с.
12. Аванесов В.С. Структура тестирование. Стркутура тестирование. – М., 2003.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Қазақ филологиясы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

БОЙЫНША ТЕСТІЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған:
5 курс студенті
Р. Құрманалиева

Ғылыми жетекшісі:
ф.ғ.к., доцент
Е.Қ. Әбдірәсілов

Норма бақылаушы:
ф.ғ.к., доцент
Ә.Ж. Әміров

Қорғауға жіберілді:
_______________2007 ж.
Кафедра меңгерушісі:
ф.ғ.д.,профессор
Б.Қ.Момынова

Алматы, 2007
РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Қазақ тілін халықаралық тәсілдер бойынша тестілеу
ерекшеліктері

Жұмыстың көлемі: 45 б.

Пайдаланған әдебиеттер саны: 12.

Тірек сөздер: тест, тестілеу әдістері, тестілеу қағидаттары, тестілеу
материалдары, тілдік білім, бағалау.

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, Оқылымды тестілеу,
Жазылымды тестілеу, Сөздік қорды тестілеу, Тыңдалымды тестілеу атты
бөлімдерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан
тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты – қазақ
тілін халықаралық танымал тәсілдер бойынша тестілеудәің мүмкіндіктері мен
әдіс-тәсілдерін қарастырып, тұжырымдар ұсыну .

Жұмыс белгіленген мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерді шешуді
көздейді:

– Халықаралық тестілеудің тәжірибесіндегі даму сатыларына тоқталу.
– Халықаралық тәжірибедегі тестілеу бөлімдері бойынша қазақ тілінің
материалдарын тестілеу мүмкіндіктерін қарастыру.
– Қазақ тілін тестілеудегі тиімді ерекшеліктерді анықтау.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Тілді тестілеу жүйесі даму сатыларынанр өте
келіп, тілді қолданушылардың тілді білу деңгейін тестілеудің тиімді
тәсілдерін қолдану деңгейіне жетті. Ол тәсіл бойынша тест қызықты,
танымдық, коммуникативтік жүйеге негізделген тест үлгілері болып
қалыптасты.

Жұмыста қолданылған әдістер: Тестілеудің тиімді тәсілдерін қарастыру
барысында талдау, сипаттау, қолданбалы мақсатта тест үлгілерін жасау,
салыстыру әдістері қолданылды.

Пайдалынылған дерек көздер: Халықаралық тест үлгілері бойынша жазылған шет
елдік және сол негіздегі орыс ғалымдарының еңбектері пайдаланылды, тестілеу
үлгілерін жасау барысында қазақ тіліндегі тілдік материалдар пайдаланылды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. ТЕСТІЛЕУ
ТЕХНИКАСЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1 ОҚЫЛЫМДЫ
ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 8

2 ЖАЗЫЛЫМДЫ
ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...15

3 СӨЗДІК ҚОРДЫ
ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..23

4 ТЫҢДАЛЫМДЫ
ТЕСТІЛЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .29

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37

ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 38

Кіріспе

Тестілеу техникасы және тест мүмкіндіктері

Қандай тест тілдік білімді – тілді білуін бағалай алады немесе тілді
үйренуге көмектесе алады?
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
1. Біріншіден, мұндай тест аудиторияда, тіпті көпшілік қауым үшін
позитивтік қатынасқа әкеледі. Мотивациялық тұрғыда және оқыту нәтижесі үшін
оқытушылар негізінен позитивтік ауан қалыптастыруға тырысады.
2. Екіншіден, тест тіл үйренуші үшін тілді жетілдіруге жетелейді,
көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудың, оны тапсырудан
кейінгі нәтижесін талқылаудың пайдасын көреді. Тест оқушының, тілдің қай
жағына көңіл бөлу керектігіне көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, дұрыс құрастырылған тест оқуға деген позитивтік
қатынастың құрылуына көмектеседі және оқушы, студент немесе кез-келген тіл
үйренуші үшін жетістік сезімін, оқытушы бағалауының да өзінің оқыған-
тоқығанымен сәйкес келетінін аңғартатын сезім пайда болады. Жақсы тілдік
тестілер, сондай-ақ студенттерге, оқушыларға олардан табандылықты талап ете
отырып, тілді оқуға көмектеседі және тіл үйренушінің жақсартуға тиісті
әлсіз жақтарын да көрсетіп береді.
Тест бағалаушыға қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің
оқытуының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз бізге төмендегідей
маңызды сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: Менің оқытуым тиімді болды
ма, болмады ма? Басқаша айтсақ, біз тест көмегімен, өзіміздің
тырысуымызбен тіл үйренушінің қатынасын бағалай аламыз. Тест нәтижесін
есептеуді жүргізгенде біз: менің сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме
екен?, Мен қалай оқытып жүрмін?, Қандай пункттерді қайта қарау
керек?, Осы материалға менің көбірек, азырақ көңіл аударуым қажет пе?
деген сияқты сұрақтарды өзімізден сұрай аламыз. Оған қоса, тестер бізге
болашақ тестерді жетілдіруге көмектеседі: Тест нұсқаулары анық болды ма
екен?, Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тесті аяқтай ала ма екен?,
Тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңіл толмаушылық
туғызуы мүмкін бе екен?, Тест тапсырушының алған тілдік білімін тест
анықтай алды ма екен? деген сияқты сұрақтар біздерді мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестер жасалынған,
жеткен прогресті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға
бағыттайды.
Түйіндесек, жақсы тест аудиторияда мораль ауанын жақсартуға, сондай-ақ,
оны қолдауға, сақтауға көмектеседі, оқытудың көмекші құралы да болып
табылады.
Тілді тестілеу өнер тәрізді тарихи мәліметтер, көз жүгіртсек, бүгінгі
күндердегі тілдік білімді тестілеу оқытудағы қазіргі көзқарасқа сай келетін
коммуникативтік мақсаттарды білдіреді.
Өткен жылдар еншісіндегі әлемдік тәжірибедегі тестілеу, негізінен,
интуитивті болды немесе субъективті сипатта болды десе болады және
оқытушының жеке пікір-ойларына да байланысты болды. Интуитивтік кезеңнен
кейін тестілеу ғылыми кезеңге көшті десек те болады, тілшілер бұл кезеңде
тілдік білімнің объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетеді (1, 6
б.(.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз, бұл
кезең тілдік тұлғаны емес, оны қолдана білуін бағалау маңыздылығымен
ерекшеленеді.
Субъективтік, интуициялық кезеңде дайындалған тест мазмұны тіл
үйренушілер үшін сөйлем үлгілерін, грамматикалық үлгілерді, құрылымдарды
жаттауға тура келді. Субъективтік дәуірдегі тестердің тағы бір сипаты –
берілген субъективтік тестер көптеген жазбаша жұмыстардан тұрды: диктант,
эссе, мазмұндама, шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал
бағалау негізінен, тілдік білімі (тілдік білім – барлық қазіргі тілдер мен
мәдениеттер салалары бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан
білімі) жақсы деңгейдегілер үшін сәйкес келді.
Ғылыми кезең субъективтік кезеңді алмастырды. Лингвистер мен мамандар
тест жасау барысында өз арналарын таба бастады. Объективтік тест сөздік
қоры мен грамматикалық құрылымдарды бағалады. Аталған тест түрі қатесімен
ұсынылған ұзақ сөйлемдерді жиі қолданды. Тест тапсырушы дұрыс жауапты
таңдай отырып, сөйлемді аяқтауға, қатесін жөндеуге тиіс болды.
Объективтік тестердің субъективті тестерді ауыстыру себебі, объективті
тестер баллдық жүйе бойынша бағаланды, мұндай жүйемен тіпті тілді арнайы
курстан оқымағандардың да тілдік білімі бағалана алды.
Қазіргі кездегі тестер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік
біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік білікітілік,
лингвистикалық біліктілік, әлеуметтік-тілдік біліктілік, дискурстық
біліктілік, стратегиялық және мәдени-әлеуметтік субъективті біліктілігі
сияқты компоненттерден тұрады.
Тестілеудің коммуникативтік эрасында әр түрлі білік-дағдылардан
қиыстырылған, құрастырылған емтихандарды жақсы деп санауға болады.
Негізінен, коммуникативтік тестер тілдік (теориялық) білік-дағдыны емес,
оқушының меңгерген екінші тілін, үшінші тілін пайдалана, қолдана
алатындығын бағалау үшін қажет (1, 18 б.(.
Сондай-ақ, біз бүгіндері өткен уақыттардағы жетістіктерге мүлдем теріс
қарамаймыз. Тестілеудің субъективтік те, объективтік те кезеңдеріндегі
ілгерілеуді жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі тестер аталған екі кезеңнің де
жақсы жақтарын пайдалануда.
Кейбір оқулықтарымыз бен оқу құралдарымыз да шаң беріп қалып жүрген
тестің жаңа бір түрі – жабық тест жоғарыда айтқанымызды дәлелдейді:
үзінді жолдарынан сөздер түсіріліп беріледі. Студент жоқ сөзді орнынан қоюы
керек. Сондай-ақ, тест грамматика мен сөздік қорды да қамтиды, қойылған
баллдар объективтілеу.
Жақсы тестер оқушыдан өткен уақыттарда кеңінен пайдаланылған
лингвистикалық терминологияны талап етпей-ақ құрастырылуы мүмкін.
Екіншіден, емтиханның кейбір түрлері сирек қолданылады. Мысалы, аударма.
Тестің бұл түрі тілдік білімі ілгері студент, оқушы үшін немесе
аудармашыларға лайық. Диктант тестілеудің ғылыми кезеңінде сынға ұшыраған
болатын-ды. Бірақ қазір кең қолданыста. Эссе де ортаңғы және ортаңғыдан
жоғары деңгейлерді оқыту барысында, тестілеу барысында қолданылып жүр (өз
пікіріңді, өз көзқарасыңды жаз деген тапсырма түрлері) (2(.

Тестердің топтастырылуы

Біз мұнда тестердің топтастырылу жолын ашуға тырысамыз. Тестердің қарама-
қарсы түрлерін түсіну – оқытушыларға көмегі көп пе деген ойдамыз. Себебі
бір типтегі тест түрі әрқашан үлкен нәтижелерге әкеле бермейді. Сондай-ақ
тестің бір түрін басқа түрімен алмастыру да әрқашан сәтті бола бермейді.
Тестің топтастырылуы туралы тест түріне бай ағылшын тіліне және Харолд
З. Мадзенің зерттеуіне сүйенеміз.

Тестердің қарама-қарсы категориялары

Жалпы білімді бағалауға арналған тест -------------------Біліктілігін
бағалау тесті
Субъективті тест ----------------------------------- ------------
Объективтік тест
Тілдік (теория) білік тестісі ---------------------------------
Коммуникативтік тест
Нормаға негізделген тест ----------------------------------- -
Критерийлерге негізделген тест
Дискретті тест ----------------------------------- ---------------
Интегративті тест
Мамандық тіліне негізделген тест -------------------------Жетік тілдік
білімін анықтауға арналған тест

1. Жалпы білім тестісі мектепте әр түрлі пәндерде – география, әдебиет,
тіл, математикада да қолданылып жүргенін білеміз. Тестің бұл түрі оқушының
тіл туралы фактілерді білетіндігін бағалайды.
2. Білік-дағдыны анықтауға арналған тест оқушының тілді пайдалана
алатындығын көрсетеді.
3. Субъективтік тест - аударма, эссе-тестер тілді шынайы өмірде қолдана
алу біліктілігін бағалайды. Бірақ оқушылар баллды жылдам әрі жүйелі қоя
алмайды (дұрыс жауап).
4. Объективтік тест – таңдауға және сәйкестікті табуға негізделген тест
оңай бағалануы мүмкін. Өнімді тест актив және креатив жауаптарды талап
етеді (жазылым, айтылым).
5. Рецептивтік тест – оқылым бойынша таңдау тестері түсінуге
негізделеді.
6. Тілдік біліктілікке арналған тестер тілдің жеке компоненттерін,
сөздік қорын, грамматикасын, айтылымын бағалайды.
7. Коммуникатвитік тестер - пікір, ақпарат алмасу барысында тілді
қолдана алуын анықтайды.
8. Нормаға негізделген тестер әрбір оқушыны, студенттің білімін
студенттермен салыстырады.
9. Критерийге негізделген тест – белгілі бір стандарт бойынша бағалайды.

10. Дискретті тест - әрбір тармағында ерекше бір фактіні, мысалы,
шылаудың бір түрін, етістіктің түрлеріне, сөздіктегі бір сөзге баса назар
аударады.
11. Интеграциялық тест – бұл диктант сияқты әр түрлі тілдік білік-
дағдыны қиыстырады, септестіреді.
12. Арнайы тестер белгілі бір салада, мысалы, автомеханика, экономика,
межицинада тілді пайдалана алу дайындығын немесе жалпы тілдік білімін
бағалайды (3(.
Тілді білудегі жетіктігін анықтау тестері ілгерілігін (прогресс),
дағдыларды меңгергендігін көрсетеді.
Коммуникативтік біліктілігін тестілеу.
Біз мұнда шынайы өмірдегі коммуникацияны айқындайтын, анықтайтын тест
түрлерін қарастырамыз, интегративтік білік-дағдыларды бағалауға баса назар
аударамыз.

1 Оқылымды тестілеу

Оқылымды тестілеуде әр түрлі бағалау нысандары бар (оқу жылдамдығы,
түсіну деңгейлері – сөз, сөз тіркесі деңгейін де, сөйлем деңгейін де, мәтін
деңгейін де, яғни ақпараттық-таным мәнін де, бағалау мәнін де, ой-түртік
мәнін де түсінуі).
Сөйлемді, үзіндіні түсінуін тестілеуді талдап көрейік.
Шектеулі жауап. Шектеулі жауап жеңіл тапсырмалар түріне құрылған
тестерде кездеседі (сөз, сөз тіркесі, сөйлемді тануы). Дыбысталуы, айтылуы
ұқсас, дыбысталуы, айтылуы бірдей сөздерді ажырата алуын тексеру тестерінің
аты – Ұқсайды (7) - әр түрлі ... деп атаса да болады.

Сәт – сат (ә); алма (жеміс) – алма
(болымсыз етістік) (ұ);
Шын – шың (ә); жаз – жаз (ұ);
Кен – кең (ә); ту – түу (ұ).
Күз – күс (ә);
Құс – қыс (ә);
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1) Әкеммен бірге - әкеммен бірге (ұқсас, бірдей – ұ);
2) Әкем мен бізге - әкеммен бірге (әр түрлі - ә).
Сөз тануын тестілеудің келесі бір түрі қатардан басқа қатарға сәйкес
емесін табу.
А. Күйлер, үйлер;
В. Кімдер, киімдер;
С. Үнділер, үндер;
Д. Күй, үй.

Нұсқау нақты, қарапайым болуы керек: мысалы, әрбір жолда екі-үш сөзден
бар. Кейбір жолда сөздер ұқсайды. Кейбір жолда сөздер әр түрлі. Егер
сөздер ұқсайтын болса, сөздің қасындағы (ұ) белгісін дөңгелектеңіз, егер
әр түрлі болса (ә) белгілерін дөңгелектеңіз. Жылдам орындаңыз Сізге тек
қана 10 минут беріледі.

1. білім, ілім (ұ), ә
келіңіз, келініңіз ұ, (ә)
киіміңіз, киініңіз ұ, (ә)
үйіңіз, күйіңіз ұ, (ә)

Шектеулі жауаптардың артықшылығы:
1. Оларды оңай дайындауға және оңай бағалауға болады.
2. Оқушылардан дыбысты тану талап етіледі. Сондықтан бұл тапсырманың
жеңіл түрі.
Шектеулі жауаптардың кемшілігі:
1. Бұл интегративті дағды емес, нағыз оқылым жоқ.
2. Бұл техникаға тым әуестену оқылым жылдамдығын төмендетеді.
Сөйлемді түсінуін тестілеу
Тестілеудің бұл тір жеңіл, өте жеңіл тапсырмалар түрінен тұрады. Яғни
тілді сөйлем деңгейінде ғана, сөйлемді әрең түсінетіндерді осы тапсырмалар
түрінен тани аласыз. Сөйлемді түсінуін тестілеу жазылымнан бұрын, оның
алдында болады. Біз осы бөлімді сөйлемді түсінуін анықтайтын сұрақтардан
бастаймыз, содан соң күрделі сөйлемдерді түсінумен жұмыс істейміз.
Қорытындылау техникасы (Elictation Techniques) (1; 4;(
1-техника. Суретпен жұмыс істеу. Тест тапсырушы картина, суретпен
келетін сөйлемді табуы керек. Мысалы Шеше баласын велосипедпен ойнатып
жүр. Тест тапсырушы сәйкес келетін картинаны көрсетеді, белгілейді.
Сұрақтар: Иә немесе Жоқ.
Мысалы: Әйел газет оқып отыр ма? - Иә, Жоқ.
Осылайша бір картина бойынша бірнеше сұрақ қоюға болады.
Мысалы: Ұрының жолы болды, себебі –
А. Ол үйден ешкімді көрмеді.
В. Үйдегілер қонақ бөлмеде отыр.
С. Далада өте қараңғы.
Д. Ешкім оны естімеді.
Тапсырманың бұл түрінде оқылым көбірек қолданылады. Сұрақтың бұл түрі
алдыңғысынан аздап қиынырақ.
2-техника. Фраза және сөйлем. Қарапайым сұраулы сөйлем – бұл шын және
жалған деген сөйлем. Бұлар өте жеңіл тапсырмаларға жатады.
Мысалы: Күн шығыстан шығады ----------- (шын).
Айжан менің ағам ------------------(жалған).
Белгілерді түсінуді оқыту және оны тестілеу өте қызық. Нені
тестілейтініміз – тіл үйренушінің қызығушылығына да байланысты. Бұл тағы да
ұқсастығын, сәйкестігін табуға арналған қарапайым тапсырма. Тест тапсырушы
белгілердің орнын табу керек.
Мысалы:
Самолет ------------------------------
Әуежай ------------------------------- белдіктеріңізді ілгектеңіздер
Қонақ үй ----------------------------- чектер қабылданбайды
Жол ----------------------------------- бұрылуға қауіпті
Супермаркет ------------------------ тіркелу уақыты
Сөйлемді басқаша құру – сөйлемді, фразаларды қабылдағанын, түсінгенін
тексерудің жақсы амал-тәсілі.
Мысалы: Бос орынның бар, жоқтығын білу даяшыны (официантты) күтіңіз.
А. Даяшының қасына отырыңыз.
В. Даяшы Сізге қайда отыруды көрсетеді.
С. Дәл қазір орын жоқ.
Д. Даяшыны іздеңіз.
Кешенді грамматикалық құрылымның мағынасын түсінуге арналған
тапсырмалар. Мысалы, шарт мәнді сөйлемдер сөйлемді басқаша өзгерткенде
мағынаны түсінудің кілті болып табылады.
Ол келгісі келсе, келе алады.
А. Ол келе алады.
В. Ол келеді.
С. Оның келуге рұқсаты бар.
Д. Ол келуге рұқсаты болған.
Сіз сөйлем немесе бір фразаны құрып отырғанда мыналарды есіңізге
сақтаңыз:
1. Сұрақты фактіні білуге құрмаңыз, бастысы – тілдік дағды болып
табылады. Мысалы: Тест тапсырушыдан Қазақстан географиясына қатысты
детальді білуді талап еткен Шын - Жалғанға негізделіп нашар құралған
мысалды келтірейік:
Алакөл Жетісудың шығыс жағында орналасқан. Бағаланушы не туралы
екенін, не сұрап тұрғанын түсінуі мүмкін, бірақ көлдің орналасу мекенін
білмегендіктен, ол тиісті балын жоғалтуцы ықтимал.
2. Егер сіз мәдениеттану, мәдени фактілерді білуін тестілеп, соған тест
дайындап отырмасаңыз, онда жауапты арнайы бір мәдениетті білуіне тәуелді,
байланысты жасамаңыз. Келесі сәтсіз мысал:
Сәрсенбі сәтті күн. Тест тапсырушы мұсылман болмаса, қазақтардың
сәрсенбіні сәтті күнге санайтынын, жоритынын білмейді ғой. Бекерге тағы
балл жоғалтуы ықтимал.
3. Таңдау жауаптарын құру барысында нақты және қарапайым жауап
түрлерін ұйымдастырыңыз. Нашар құрылған таңдау жауаптарын түсінудің
қиындығынан бастысын, түйіндісін таба алмайсыз, яғни берілген сөйлемге
сәйкесін таба алмайсыз.
Мысалы: Көйлек те жоқ, аяқ киім де жоқ, сервис те жоқ.
А. Киімнің бұл түрлері жоқ.
В. Жоғарыда аталған киім түрлері Сізде жоқ болса, Сізге сервис
көрсетілмейді.
С. Киімдеріңізді осы ситуацияда шешу керек.
Д. Осы киімдеріңізбен келу керек.
Нұсқауларды дайындау.
Егер қажет болса, ең оңай, ең қарапайым тапсырмалардың нұсқауын тест
тапсырушының ана тілінде беруге болады. Егер сурет, картинаны пайдаланатын
болсаңыз, онда мынадай нұсқауларды пайдалануға болады:
Суретке қараңыз, содан соң сөйлемді оқыңыз. Ол картинаны немесе суретті
сипаттайды. Дұрыс сурет немесе картинаны дөңгелектеңіз.
Шын - Жалған деп түйіндеудің нұсқауы:
Сөйлемді оқыңыз. Дұрыс пікірге Ш әрпін дөңгелектеңіз, дұрыс емес
пікірге Ж әрпін дөңгелектеңіз. Қиындығы орташа, олрташадан жоғары
тапсырма түрінде бұл нұсқауларды түрліше, басқаша құруға, пайдалануға
болады. Әрбір сөйлемнен кейін төрт басқаша құрылған сөйлемдер берілуі
керек. Басқаша құру тұтастай сөйлемге немесе оның бір бөлігіне қатысты
болуы ықтимал. Басқаша, қайта құрылған дұрыс сөйлемді дөңгелектеңіз.
Сөйлемдерді түсінуін тестілеудің артықшылықтары.
1. Суреттермен байланысты сөйлемдердің шын – жалғандығын тез табады.
2. Ең жеңіл тапсырма құрудың жақсы техникасы.
3. Оқылымды тексерудің жылдам түрі.
Кемшін тұстары.
1. Жақсы суреттер табу қиын, уақыт кетеді.
2. Оқылымның барлық дағдысын қамтымайды.
Үзінділерді түсініп-қабылдауын тестілеу.
Жоғарыда біз оқылым дағдысы мейлінше шектеулеі оқушыларға арналған
тестілердің жолдарын (техникасын) қарастырдық. Біз жауаптардың шектеулі
түрлері мен сөздердің арасындағы айырмашылықты ажырата алу қабілетін
тексеруден бастадық. Содан соң біз суреттерді пайдалану арқылы сөйлемдерді
түсіну жолдарын қарастырдық. Сонан кейін сөйлемдерде басты идеяны
көрсететін шын – жалған пікірлерді қарастырдық. Сондай-ақ, біз әдеттегі
белгілерді оқылымды тестілеу барысында пайдалануға болатынын көрдік. Оған
қоса сөйлемді басқаша құруды да (перефразирование) грамматикалық құрылым
мағынасын түсінетінін тексеруге болатындығын байқадық. Енді біз үзіндіні
түсінуін тестілеуге - тестілеудің қиынырақ нысанынан, интегративтік түріне
көшеміз (5, 28 б.(.
Контексті таңдау.
Бүгіндері тіл үйренушілер, студенттер, оқушылар мәтіннің әр түрімен
үзінділермен кездесіп жүр. Кейде мұндай әдеттегідей емес, кездейсоқ
үзінділер қазіргі кітаптарда бар. Кейде оқушылар шынайы өмірдегі бар
материалдардан (газет, радио, журнал) таңдайды. Бұлар негізнен мақалалар,
жарналамалар, жұмыс іздеуге қатысты хабарландырулар, келісім-шарттар,
келісімдер, тарихи, мәдени материалдар болып келеді.
Оқылымға арналған кейбір материал түрлері пәндерге (биология, химия,
математика және т.б.) негізделеді.
Нені тестілеу – оқылым түріне байланысты. Әр түрлі тақырыптарда жазбаша
жұмыс (жаттығу) орындағандарға (мектеп, университет, өз бетінше). Дәстүрлі
эссе, дәстүрлі тематикалар мен тест сұрақтарын шектеудің қажеттілігі жоқ.
Оқылым үшін жарнамалық материалдарды пайдалану – тест тапсырушының осы
саланы білуін және жарнамалық мақалаларды, қысқартуларды түсінуін талап
етеді.
Жеңіл, қарапайым тест сұрақтарының техникасы
Қарапайым үзіндіні оқи алмайтындар үшін және оларды тестілеудің екі
пайдалы жолы бар:
1) дұрыс – бұрысын белгілеу;
2) сәйкестігін табу.
Дұрыс - бұрыс немесе шын - жалған дайындау таңдауға негізделген
тапсырмадан оңай үзінді беріледі, Шын – Жалғанды белгілейді, табады.
Сәйкестікті табуда тест тапсырушы контекс үзіндісі мен сұрақтар арасындағы
сәйкестікті табады. Үзінділерге құрылған қысқа тестер грамматика немесе
сөздік қорға жиі назар аударатындығы байқалып жүр.
Айжан: Сайлау кейде гаражда жұмыс істемейді.
Мұрат: Жоқ, ол жұмыс істейді. Ол гаражда өткен сенбіде жұмыс істеген.
Ол қашан жұмыс істеді?
А. Гаражда.
В. Сайлау.
С.Өткен сенбіде.
Д. Жұмыс істеген.
Қиындау сұрақтар техникасы.
Стандартты (дұрыс жауап) таңдау. Оқылымды тестілеудің көп жолдары
бар. Ең жақсыларының бірі – үзіндіні оқудың соңынан таңдауға құрылған
сұрақтардың болуы. Үзінді көлемі және оның ұзақтығы тестке байланысты.
Оқылымға түгелдей арналған тестілерді саралайық. Таңдауға негізделген
сұрақтарды, тіпті, ең қысқа 35-75 сөзден тұратын үзінділерге де дайындауға
болады. Тест тапсырушының білім деңгейі мен үзіндінің қиындығы орындауға
тиісті сұрақтар санына әсер етеді.
Негізінен, ұзақтау үзінділер 150-300 сөзден тұрады.
Қиындығы орташа, орташалау тапсырмалар үшін 100-200 сөзден тұратын
үзінділер таңдалады. Негізінен 100 шақты сөзден тұратын үзінділерге шамамен
3 сұрақ қоюға болады, 4 сұрақ та, одан көбірек те қоюға болады. Үзіндіге
тым көп сұрақтар қою маңызды емес детальдарды сұрауға, тым ұсақтап кетуге
ұрындырады. Бірнеше сұрақ жеткілікті десе де болады. Кейбір сұрақтарға
артықшылықтар берілмеу үшін әр түрлі тақырыптағы 3-4-5 үзінді пайдалануға
болады. Оқылымы жақсылар үшін үзіндіні оқып, сұраққа жылдам жауап бере
алады.
Төменгі деңгейдегілер үшін, техникалық материалдарды оқып түсінуі қиыға
соғатындар үшін қосымша уақыт талап етіледі.
Жалпы мұндай үзінділерді оқуға тестілеу үшін (қолдануға жоспарлап
отырған үзіндінің қиындық деңгейі, ұзақтығы бірдей) алдын-ала сынақтан
өткізіп көрген де артық болмайды. Бұл тест тапсырушыларды тесте кездесетін
сұрақтар түріне дайындайды, сондай-ақ тест дайындаушыларға осындай тестке
қанша уақыт жұмсалатынын анықтауға көмектеседі. Оқылымды тестілеу барысында
әр түрлі сұрақтар түрін пайдалануды жоспарлаңыз. Оның бастыларының бірі –
өзгертіп айту, басқаша өзгертіп айту (перефразировка).
Екінші бір түрі – синтез – бір немесе бірнеше сөйлемнің, кейде тіпті
бөлімнің идеясын қиыстыруды (интеграциялауды) талап етеді. Тест тапсырушы
сөйлемді дұрыс жауапты таңдай отырып толықтыруы керек. Қысқаша айтқанда,
бағаланушы екі сөйлемнен алған ақпаратты біріктіруі керек (6, 45 б.(.
Мысалы, Бойжеткен жас қыз мейрамханаға түскі тамақты ішуге кірді.
Түстеніп болған соң, оған даяшы төлем чегін әкелді. Сөмкесін ақтарған
қыздың өңі бұзылып: Мен төлей алмаймын, әмияным жоқ, - деді. Тест
тапсырушы сөйлемді толықтырады: Бойжеткен әмиянын жоғалтып алды, сондықтан
түскі ас үшін төлей алмады.
Сұрақтың үшінші түрі – нәтижесін қарастыру, қорытынды айту.
Бағаланушыдан оқыған үзіндісі бойынша бір қорытынды айту, нәтижесін
қарастыру, табу талап етіледі.
Қиындығы орташа, орташадан жоғары тапсырмалар дайындау кезінде мына
мәселелер ескерілуі тиіс:
1. Тест үзіндіде сөздер немесе фразалардың қалай көрсетілгенін сұрамауы
керек;
2. Логикаға сыйымсыздықтан, логикалық жағынан алшақтықтан сақ болу
керек.
3. Жалпы білім көмегі арқылы жауап беруге болатын сұрақтардың да тесте
орын алмағаны жөн. Мысалы:
Біз мақаладан мынаны білдік: Адольф Гитлер _________________болған.
А. Орыс барлаушысы
В. Француз балетінің бишісі
С. Американдықтардың футболисі
Д. Неміс диктаторы.
Оқылымды тексеруге арналған тест құрастырғанда, тестеріңізді мынадай
жолдармен сынаңыз: Яғни сынақтан өткізіп көріңіз. Дайын болған тест
сұрақтары мен жауаптарын (таңдау жауаптарын) достарыңызға, тіл үйреніп,
оқып жүрген топтарға беріңіз, бірақ үзіндіні бермеңіз. Егер 50% немесе одан
көбірек сұрақтарға дұрыс жауап берілсе, онда Сіздің сұрақтарыңыз нашар
құрастырылғаны, өзгелердің үзіндіні оқымай-ақ жауап беруі – олардың жалпы
білімі мен логикаға сүйенгені болып табылады.
Таңдаудың (дұрыс жауап) жабық түрі.
Кейбір оқытушылар оқылым дағдыларын тестілеу үшін таңдаудың жабық түрін
пайдалануды ұсынады. Тестің аталған түрі бойынша қажетті сөзді өздерінің
түсініп, қабылдауына итермелейді. Мұнда негізінен бірнеше сөйлем бір
ақпарат мазмұнын құруға қажетті жоқ сөзді көрсетуге, табуға мүмкіндік
береді.
Мысалы: Сіз өрт ... үшін, - тен, - пен оттан қаупсізсіз бе?
Үзіндіні түсінудің альтернат формалары
Таңдау (дұрыс жауап) тестерін қолдамайтын оқытушылар үшін сұрақтардың
белсендірек жауаптарын талап ететін де түрлері бар. Осы сұрақтардың кейбірі
оқылымды емес, жазбаша сөйлеуді тестілейді.
Таңдау тестерін пайдалануға қарсылықтардың себептерін топтап көрсетсе де
болады:
– Олар негізінен, пассив сипатта;
– Қателесуге де жол береді;
– Жауапты жобамен (шешу арқылы) табады, мүмкін дәл шығады, мүмкін дәл
түспейді, шешу жолымен (на угад) тапқан жауап табыстылыққа саналмайды.
Бірақ көптеген оқытушыларға дұрыс жауап тестерін пайдалану ұнайды,
себебі олар оқылымның рецептрлік (қабылдаушылық) сипатын қамтиды.
Қателесуге ұшыратыу - дұрыс түсінбеушілік.
Дұрыс жауаптағы жауаптарды таңдау – бұл альтернативтер (бір-бірінің
мүмкіндіктерін жоятындар арасынан таңдау қажеттігі) сөйлемдердің өзі
қатеден тұрмайды. Объективті тестен тек қана шешу (отгадка) жолымен өту
мүмкін емес.
Жабық тестің келесі бір түрі - редакциялау тестінің мағынасы – сөзді
орнынан қою. Сөздердің қажет емесін алып тастау. Сөздерді бекітілген
интервалмен қоюға болмайды (Әрбір үшінші жол немесе әрбір жетінші сөз)
немесе қаз-қатар қоюға болмайды.
Мысалы: Дастан ауылда өзінің әке-шешесімен, қоймасымен және
қарындасымен бірге тұрады. Алынып тасталатын сөзді дөңгелектеуі керек.
Мұндай тестер жалпы түсінікті бағалайды. Жылдам оқылымды бағалау барысында,
тест тапсырушының материалды түсінуі маңызды. Редакциялау тесінің барысында
үзіндіні оқу үстінде тест тапсырушы сәйкес емес сөзді сызуы керек. Бұл
мәтінді түсінуін және оқушыда алға жылжу бар екенін аңғартады. Тесті оңай
сөздерді қоюмен жеңілдетуге болады. Үзіндіні қабылдаудың артықшылықтары:
1) Оқылымды тестілеудің ең интегративті түрі.
2) Объективті, жеңіл бағалауға болады.
3) Оқылымның кез-келген дағдысын дамыту деңгейінде тіл үйренушіні
бағалауға болады.
Кемшін тұстары.
1) Үзіндіні түсіну басқа тест түріне қарағанда көбірек уақытты талап
етеді.
2) Сұрақтар үзіндінің маңызды емес бөліктеріне құрылуы мүмкін.
3) Үзіндінің маңызды емес бөліктеріне байланысты құрастырылған тест
түрлері сөзбе-сөз оқуды талап етеді.

2 ЖАЗЫЛЫМДЫ НЕМЕСЕ ЖАЗУДЫ ТЕСТІЛЕУ

Грамматикалық тестер студенттің білімі мен қабілетін бағалауға, өлшеуге
арналып жасалған. Бұл бөлімнің әрбір тараушасы грамматиканы тестілеудің
түрлі тәсілдерін қамтиды. Біріншісі – жауаптары шектеулі тестер – бастауыш
сатыдағы оқушылар үшін өте пайдалы. Келесі тараушалар дұрыс жауап-ты
талқылайды, жай сөйлемдер, жабық тестер. Бұл кітаптың 1-бөлімі сөздікті,
грамматиканы және айтылымды қамтиды. Грамматикадан жасалған тестер ең көп
таралған тестер. Оның өзіндік себептері бар:
1. Тілді оқыту грамматиканы негізге алады;
2. Грамматикалық құрылымдарды жеңіл анықтауға (көмекші етістіктер),
грамматикалық қателерді тез табуға болады.
Грамматиканы бастауыш топтағылар үшін икемдеуге немесе жақсы білетіндер
үшін лайықтауға болады.
Шектеулі жауаптар
Студенттердің грамматикалық білімдерін ағылшын тілін аз білетін
студенттерден оларды сөйлетпей-ақ, еш нәрсе жаздырмай-ақ тексеруге болады.
Оған физикалық жауаптар арқылы немесе көзбен шолу арқылы да қол жеткізуге
болады (1, 48 б.; 7, 18 б.;(. Бұл бөлімде бастауыш деңгейдегілердің
грамматикасын бағалаудың, өлшеудің екі жолын көрсетеді:
1. Жеке тестілеу;
2. Топпен тестілеу.
Жеке тестілеу
Сіз студентті ауызша сұрақтардың көмегімен тестілей аласыз. Ол
сұрақтарға қарапайым, қысқа жауаптармен жауап беруге болады. Тілді мүлдем
білмейтін студенттермен жұмыс жасау барысында сіз олардың өз ана тілінде
жауап беруіне рұқсат ете аласыз. Есіңізде болсын, оқушыға таныс сөздік пен
грамматикалық құрылымды қолданғаныңыз орынды. Мысалы, Сіз арасына шылауын
қалай түсінетінін тексергіңіз келді. Сіз студентке: Қызыл папаканы екі
жасыл папканың арасына қой, - деп айтасыз. Егер студент папка және қой
деген сөздерді білмесе, онда ол сіз одан не талап етіп отырғаныңызды
түсінбейді. Оқушы сандарды, түстерді, сыныптағы заттарды жаттағанда, Сіз
анағұрлым қиынырақ сұрақтарды қоя аласыз. Мысалы: Сары папкалар қайда?,
Қай екі қаламсап қызыл?
Бастауыш деңгейдегі студент затты қолымен түртіп немесе нұсқап көрсетіп
жауап беруі мүмкін.
Суреттерді де студентті жеке немесе топпен тестілеу үшін пайдалануға
болады. Шылауды білетінін тексеру үшін былай сұрақ қоюға болады: машинаның
артында отырған әйелді көрсетесің бе?
Суретті сондай-ақ өткен шақты тексеру үшін де пайдалануға болады.
Мысалы: ол үйге келгенге дейін не істеді?
Сондай-ақ, суреттің көмегімен анағұрлым қиын сұрақтарды да қоюға болады.
Мысалы нақ осы шақты тексеру үшін: Әйел не істеп жатыр? - деген сияқты
сұрақты қоюға болады.
Топпен тестілеу
Сіз физикалық жауаптарды пайдалана отырып студентті топпен де тестілей
аласыз. Суретті жаса деген тапсырманың көмегімен шылауларды білетінін
тексеруге болады.
Бірінші – жаңа сөзді түсіндіріңіз.
Содан соң студенттен сіздің нұсқауыңызға сүйене отырып сөзді салуын
сұрайсыз: Қағаздың ортасына ұшақты салыңыз. Енді ұшақтың астына үй
салыңыз. Ұшақтың үстіне бұлттарды салыңыз.
Әр түрлі суреттерді пайдалана отырып, көмекші сөздерді білетіндігін
тексеруге болады. Мысалы, сіз сұрайсыз: Машинаның жанында отырған баланы
дөңгелектеңіз.
Тақырыптары ұқсас суреттер топтамасы арқылы Сіз грамматикалық құрылымды
да тексере аласыз. Мысалы:
(Физикалық жауап): Бала да қыз сияқты үлкен деген сөйлемге сәйкес
келетін суретті дөңгелектеңіз (А).
(ИәЖоқ): Суретке қараңыз (В). Бала да қыз сияқты үлкен бе?
(ШынЖалған): Суретке қараңыз(С). Қыз балаға қарағанда биік (Д)
Шектеулі жауаптардың тиімділігі.
1. Студенттерде сенімділік пайда болады, қорқыныш болмайды;
2. Мынандай дағдыларды қолданбауға болады: әлі де дамымаған оқу, жазу;
3. Балл қоя отырып, жеңіл бағалауға болады.
Кемшіліктері.
1. Жеке тестілеуге топпен тестілеуге қарағанда көбіреу уақыт кетеді;
2. Тиісті суреттерді таба қою оңай емес;
3. Шектеулі грамматикалық құрылымдар ғана тексерілуі мүмкін.
Дұрыс жауап
Мұнда біз дұрыс жауап-тың көмегімен есте сақталатын толық емес
сөйлемдерді ұсынамыз. Мысалы:
Ол қазір душ ____________________ .
а) қабылдайды; в) қабылдап қойған; с) содан соң қабылдайды.
Ол қазір тамақ ____________________ .
а) ішіп жатыр; в) ішті; с) ішіп болды.
Дұрыс жауап-тың сұрақтары грамматиканы тестілеудегі тиімді тәсіл
болғанына қарамастан, оқытушылар мұқият болуы және барлық басқа мақсаттар
үшін осы тестілеу түрін пайдалануға мән беріп кетпеуі керек. Бұл объективті
тест болғандықтан көптеген мамандарға осы тесті пайдаланған ұнайды. Сонда
да кез-келген тест түрі – құрал, олар сондықтан белгілі бір мақсаттар үшін
пайдалы болуы мүмкін. Бірақ барлық жағдайда емес. Мысалы, дұрыс жауап –
грамматиканы тестілеу үшін тамаша құрал, бірақ ауызекі сөйлеуді тестілеу
үшін қолайлы емес. Грамматиканы тестілеу үшін дұрыс жауап сұрақтарын
дайындау үшін, сондай-ақ сөздік қорды (сөздігін) тестілеудің дұрыс жауап
сұрақтарын құрастыру барысында да мыналарды сақтаған дұрыс:
1. Сіз тестілегіңіз келіп отырған грамматикалық құрылымды таңдап
алыңыз;
2. Грамматиклық құрылым үшін дұрыс сөйлемдер дайындаңыз;
3. 3 логикалық сөйлем – дистракторларды таңдап алыңыз.
4. Түсінікті қарапайым инструкцияларды таңдап алыңыз.
Грамматикалық таңдау (Грамматиканы таңдау).
Біз қазір дистракторларды қарастырамыз. Дистракторлар – сөйлем құрастыру
үшін дұрыс сөздермен қолданатын дұрыс емес таңдаулар.
1. Дыбысталуы бірдей болып келетін дистракторларды қолданудан қашыңыз;
2. Оқушыларды шатастыратын даулы сөздерді қолданудан қашыңыз. Сондай-
ақ, әлсіз, жеңіл білуге болатын дистракторлардан қашыңыз. Мысалы:
Кітапты ... әйелден алыңыз. Ол сатты.
а) отырған; в) отырғанына; с) кімге;
д) неге әлсіз дистрактор.
Дистракторларды құрастыру барысында оқушылар сабақ үстінде жіберетін
қателерді негізге алуға болады. Мысалы, оқушы қате жіберді, өткен шақты
білмейді, оның қатесін тесте пайдалануға болады. Мысалы:
Мен қазақ тілін оқуға, Болуы керек, Мен қазақ тілін оқыдым
Тест сұрағын жасаңыз:
Бірнеше жыл бұрын мен қазақ тілін ... .
а) оқимын; в) оқыдым; с) қазір ғана оқыдым; д) оқимын.

3. Қайталанып келетін сөздерді қолданудан қашыңыз. Қайталанатын сөз
негізгі сөйлемде қолданылады, ал жауаптарда оны басқа сөзбен алмастырыңыз.
Мысалы: Егер менде тон болса, ___________________ .
а) Мен оны бәріне көрсеттім (оны деген сөз тон сөзін алмастырып
тұр).
в) Мен оны бәріне көрсетер едім;
с) Мен оны бәріне көрсетіп қойдым;
д) Мен оны бәріне көрсетемін.
Мағыналары жақын, бір категориядағы сөздерді алмастырмаңыз.
Альтернат форма (толтырушы)
Дұрыс жауап (толтырушы)
1. Орын алмау үшін дұрыс жауап сөздің орнына қойылады.
Мысалы:
Асан Алматы а) –да; в) –мен; с) –дан; д) –на тұрады.

2. Диалог түрінде.
Ол оны Сізге шығарып салуды өтінді
Жоқ, ол оны басқа __________________.
а) басқаны; в) тағы; с) біреуден; д) мен

3. Қатені анықтау. Мұның айырмашылығы сол студенттер сөйлемдерді
естеріне сақтамайды, керісінше, қатесі бар бөлігін тауып алады. Мұндай тест
түрі грамматикалық құрылымдарды тексеру барысында пайдалы. Мысалы: біраз
- бірнеше, бұл - анау, көп (зат есімді табу) – көп (зат есімді
таппау). Мысалы: Қыздардың біреуі әмиянын жоғалтып алды, сондықтан оның
ойынға біраз ақшасы жоқ қате.
Мен Нидерландыға сен мектепте оқып жатыр, өткен жылы барып қайттым.
Қателерді табуға қосымша, сондай-ақ оқушылардың дұрыс жауапты өздері
айқындап тауып беруі үшінтапсырма беруге болады.
Толтырушы дұрыс жауаптың тиімділігі.
1. Студенттер оқытушы тексеретін грамматикалық құрылымды айналып өте
алмайды;
2. Балл қою оңай;
3. Оқытушыларға оқып жатқандардың кемшін тұстарын анықтауға, білуге
көмектеседі.
Кемшіліктері.
1. Жақсы грамматикаға негізделген сөйлемдер құрастыру оңай емес;
2. Студенттер алдауы мүмкін;
3. Оқушының жеке мүмкіндігін тілдік құрылымды айтып беруін бағалау
мүмкін емес;
4. Егер бос орындар қолданыла қолданылса (Егер үнемі объективті тестер
қолданылса,студенттер жазып жаттығудың қажетсіздігін сезінуі мүмкін)
сыныпқа теріс әсері болуы мүмкін.
(Сөйлемді) Қарапайым толтыру.
Қарапайым толтыру грамматиканы тестілеуде қолданылады. Белгілі бір
грамматикалық элементі бос қалдырылған сөйлемдер арқылы тестіленеді.
Мысалы: Ол мектеп (...) кетті.
Деңгейі анағұрлым жоғары оқушыларға анағұрлым қиынырақ сөйлемдерді
қолдануға болады: Мен барар едім, егер (мені шақырса).
Оқушыларға бос орынды толтыратын тапсырмалар беруге немесе негізгі кілт
сөзді (жазу деген сөзді жазды деген сөзге) ауыстырып, тізімнен қажетті
сөзді табатындай етіп беруге болады.
Грамматикалық тесті жасауда негізгі 3 ережені ескеру қажет:
1. Сіз тексергелі отырған грамматиканы таңдаңыз (айқындап алыңыз);
2. Сәйкес келетін контекст жасаңыз;
3. Жақсы құрылым жазыңыз.
Сондай-ақ, қарапайым толтырудың қандай сұрақтарын сынақтан
өткізетініңзді шешіп алу да маңызды.
Бұл бөлімде біз 3 негізгі (базалық) қарапайым толтырудың грамматикалық
тесті түрлерін қарастырамыз:
1. Таңдау формасы;
2. Флекциялық тексеру тестісі (сөздің түрленуін тексеру) Inflection;
3. Еркін жауап формасы.
Бұл 3 форма қиындық деңгейімен ғана ажыратылмайды, қажетті белсенді,
белсенді қолданылмайтын жауаптарының деңгейімен де ажыратылады.
Нәтижесінде, сіз сыныптың, оқушының деңгейіне сәйкес келетін тест
жасауыңызға болады. Сіз алдын-ала жоспарлай отырып, қажетті сұрақтарды
айқындай аласыз. Егер Сізге көптеген грамматикалық құрылымдарды тексеру
керек болса, онда Сіздің мақсатыңызға дұрыс жауап сәйкес келеді. Егер Сіз
студенттің сөйлемдерді байланыстыра алуын, сөз тәртібін өзгерте алуын,
сөйлемді басқа сөйлеммен өзгертіп бере алу қабілетін тексергіңіз келсе,
онда Сіздің мақсатыңызға нұсқау бойынша жазу тәсілі сәйкес келеді.
Мысалы: Мына 2 сөйлемді байланыстырыңыз.
Ол біледі. Ол оны сүйеді.
Ол оның сүйетінін біледі.
Егер сіз студенттің белгілі грамматикалық элементті білетіндігін
тексергіңіз келсе, оған қоса сөйлемді қарапайым толтыра алатындығын тексере
аласыз.
Ол бала кезінде жақсы (ұйықтау)_____________.
Таңдау формасы.
Ең қарапайым толтыру – екі таңдауы бар дұрыс жауап. Мысалы: Жасау,
істеу сөздерін пайдалана отырып, мына сөйлемдерді толтырыңыз.
Мен әрқашан қолымнан келген жұмысты істеймін.
Мен өткен жылы көп адамдарға жасадым.
Дүниеден өтті; Көпірден өтті; – Кәрі ешкі; Қарт кісі.
2. Екі сөздің (түбірі бірдей, бірақ өзгерісі бар) біреуін таңдауды
қолдану.
Мысалы: жоғалған, жоғалтылған.
Жоғалған бала анасын іздеді (жоғалған, жоғалту).
Кейде 3 не 4, немесе одан да көп таңдауға ұсынылған сөздер қолданылады.
Мысалы, 9 таңдауға ұсынылған сөзі бар тестер кездеседі. Мысалы, студенттер
сұрау есімдіктердің ішінен ең қажеттісін таңдайды:
Мысал______________Cіз кешіктіңіз бе? (кім, не, қайда, неге, қандай,
қанша, кімге, кіммен, не үшін)
Флексиялық тексеру формасы.
Білімді флексиялық тексеру тәсілі өнімді жауаптар алуға мүмкіндік
береді. Ол, мысалы, салыстырудан бастап, етістіктің шақтарына дейінгі
тұлғаларды қамтиды.
Ол ең биік (биік) адам.
Ол өткен аптада Колорадада бол (ды).
Студентер өз жауаптарын жазар кезде, Сіз контексті таңдауда мұқият
болыңыз. Мысалы, жаңа оқытушылар олар мынандай сөйлемдерді жазады деп
ойлауы мүмкін:
Ол ән айтады (айту). Ол________
Том қазір не істеп жатыр? Ол ән айтып жатыр (айту).
Күрделі етістіктерде бос орынды қолданатын да басқа форма бар:
Ол бір сағат бойы ________ (ұйықтау).
Кейде мұғалімдер шатасады. Олар Нақ осы шақта тұрған сөйлемді көшіріп
жазыңыз деген сияқты терминдік қолданыстарды пайдаланады. Бұлай етуді
орынсыз деп санаймыз. Оған қарағанда кез-келген дұрыс жауапты тесте қолдану
немесе дұрыс жауап тапсырмаларын қолданған орынды.
Еркін жауап формасы
1. Сөйлем соңынан сұрақ беру тәсілін қолдану.
Гамлет шешімді адам болмады, солай емес пе?
М.Әуезов көп афоризмдерді білді, солай ғой?
Оқушыларды шатастырмайтын мысалдарды қолдану керек.

2. Күрделі етістіктің бос қалдырылған бөлігін жазыңыз.
3. Құрамы екі сыңардан тұратын, мағынасы негізгі тетік сөзбен бірдей
мағынаға ие болатын күрделі етістікті жазыңыз.
Джек таңертең ерте (ұйқыдан тұрды) (оянды) ( қолы ашық, қолы ұзын, көзі
ашық, көз бояу, көз ілді, жол ашты).
4. Контекске сәйкес минималды жауабы бар еркін жауап беру тестісі
(шартты сөйлемді тексереміз).
Егер сіз ________________, сізге кішкене жақсырақ болады.
А) Егер сіз жылырақ киінсеңіз, ________________.
В) Егер сіз дәрілерді ішсеңіз, __________________.
С) Егер сіз дәрігерге барсаңыз, ________________.
Д) Егер Сіздің досыңыз осында болса, __________.
Мұндай тест түрін тексеру көп уақытты және тілдік дағдының болуын қажет
етеді. Мұндай ашық жауаптардың өнімді болатындығы белгілі. Олар анағұрлым
икемді және коммуникативті тестер болып табылады:
(Сөйлемді) Қарапайым толтырудың тиімділігі.
Жабық тестер бұл – кейбір сөздері алынып тасталған үзінділер, шағын
мәтіндер. Студент контекстке сүйене отырып, үзіндідегі тасталған сөздерді
толтырады (а).
Қазіргі жабық тестер кеңінен қолданылады және оны жасау да жеңіл, ол
бойынша балл қою да жеңіл. Жабық тестер оқытушыларға да ұнайды. Себебі ол
студенттерден тілдің компоненттерімен жұмыс істеуді талап етеді, әрі
адамдардың коммуникациясына құрылған тестер болып келеді.
Сонымен бірге жабық тест – жалпы білімді өлшейтін жақсы құралдардың
бірі. Жабық тест бұл – эссе немесе сөздері қалдырып келген әңгіме, оқиға.
Мысалы, сіз шуылы көп мейрамханалардың ішіндегі негізгі әңгіменің тақырыбын
толық түсінбей отырып, бос қалдырылған сөздерді толтырасыз. Жабық тестерде
жалпы мазмұн мен қолданылатын грамматикалық құрылымдар бос қалдырылған
сөздердің орнын толтыруға көмектеседі. Сөйлемдерді толықтыру да жабық
тестердің тапсырмаларына ұқсайды. Тек жабық тестерде едәуір үлкен
контекстер қолданылады.
Жабық тестерді дайындау.
Жабық тестерді дайындау кезінде мыналарды ескеру керек:
1. Сәйкес келетін үзіндіні дайындаңыз.
2. Алып тастайтын сөздеріңіздің коэффициентін шешіп алыңыз.
3. Нұсқау дайындап, мысалдар дайындаңыз.
Ең бастысы, деңгейге сәйкес келетін эссені, әңгімені, оқиға мәтінін
дұрыс таңдап алу керек. Ауыр келетін мәтіндер оқушыларды шатастырады.
Сондықтан олар қиындықсыз жеңіл оқи алатын немесе аздаған қиындықпен ғана
оқып кете алатын үзіндіні таңдаңыз немесе арасында үзінділері қалдырылып
кеткен мәтіндердің үзіктерін пайдаланыңыз.
Таңдалатын мәтіндердің ұзақтығы немесе көлемі қалдырылып кететін
сөздердің санына байланысты. Мәтіндегі максималды сөздердің саны 300-400
болуы керек. Сіз мақаладан немесе әңгімеден үзінді таңдап ала аласыз.
Үзінді алынғандықтан кейде мәтіннің басына немесе соңына оның жалпы
мазмұнын беру үшін бір-екі сөйлем жазуға тура келеді.
Бұл жағдайда мыналарды баса ескеру керек:
1. Сандармен, техникалық сөздермен, есімдермен толтырылған мәтіндерді
қолданбаңыз;
2. Сілтемелері көп мәтіндерді алмауға ұмтылыңыз;
3. Оқушы мәтіннің жалпы мазмұнын түсінуі үшін мүмкіндігінше алдыңғы екі
сөйлемді және екі-үш сөйлемді қалдырыңыз. Сөз қалдырып кетудің ең қысқа
интервалы - әрбір бесінші сөз, ең үлкен интервалы - әрбір оныншы сөз. Жиі
қолданылатын сөз қалдыру интервалы - әрбір жетінші сөз. Қанша сөзді алып
тастау керек? Егер сіз жеке тест ретінде жабық тесті пайдалансаңыз, онда 50
сөзді алып тастауға болады. Егер жабық тест үлкен тестің бір бөлігі болып
табылса, онда 25-30 сөзді алып тастаңыз.
Студенттер алдымен үзіндінің мазмұнымен танысып алса, онда тесті жеңіл
толтырады. Соған сәйкес жазылатын нұсқауда оқушының алдымен үзіндіні
(әңгімені) оқып алу керектігін көрсету қажет.
Жабық тестерге балл қою.
Балл қоюдың екі тәсілін қолдануға болады:
1. Әңгімедегі дәл, дұрыс толтырылған сөздерді ғана есептеу;
2. Сөздің баламасын қолдануға рұқсат беру.
Екі тәсіл де білімді бірдей бағалайды, алайда оқушылар көбінесе екінші
тәсіл анағұрлым әділ деп есептейді. Негізінен сөздердің баламасын қолданып
толтыруға рұқсат беру орынды деп саналады. Сонымен бірге тілді
қолданушылардың, сол тілді білуге тиісті ұлт өкілдерінің сөз баламаларын
қолдануға кешгіріммен, жеңілдікпен қараудың да дұрыс емес екендігін
ескерген жөн. Бұл жағдайда дәл сол сөздің өзін толтыруы немесе сол тілде
сөйлейтін оқытушыдан баламаларды қолдануға рұқсат сұралуға тиісті. Жабық
тест бойынша балл қоюда мынандай өзекті мәселелер кездеседі:
1. Дұрыс жазу. Түсініксіз, қате жазылған сөз үшін балл алынып
тасталады;
2. Жазуы (қолы). Түсініксіз жазуы (қолы) үшін балл алынып тасталады;
3. Әр бос қалдырылған жерге нұсқауда көрсетілген бір сөз толтырудың
орнына екі немесе бірнеше сөз қолданса, балл алынып тасталады.
Жабық тестерді грамматиканы тексеруге икемдеп қолдану
Жабық тестер тілдік білімді тексеруге ғана жарамдылығымен шектелмейді,
сонымен бірге жабық тесті грамматиканы тексеру үшін де қолдануға болады:
Сіз, мысалы, шылауларды немесе оқушылар сабақта өткен басқа да
грамматикалық формаларды (есімдікті, жалғауларды, анықтауыштарды, көмекші
сөздерді, одағайларды, қыстырмаларды, т.б.) алып тастай аласыз.Жабық тест
жасауда әрбір бос қалдырылған жерде белгілі бір болуы тиісті екендігін
ұмытпаңыз. Бір сөзді қайта-қайта үлкен жиілікпен тастап кете бермеңіз (8(.
Жабық тестердің альтернат нұсқалары
1. Жабық дұрыс жауап тестісі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Тест формалары мен түрлері
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Педагогика ғылымы ретінде шет тілдерін оқыту әдістемесі
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер