Заңды тұлғаларды несиелеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

I Тарау. Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру негіздері.

1.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің экономикалық мәні ... ... ... 9
1.2 Заңды тұлғаларды несиелеу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ..23
1.3 Заңды тұлғаларды несиелеудің шет ел тәжірибесі ... ... .26

II Тарау. Акционерлік Қоғам «БТА» тәжірибесі негізінде заңды тұлғаларды несиелеуді талдау.

2.1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Мадина» несие алу тәжірибесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
2.3 Заңды тұлғаларды несиелеуде лизингті қолдану ... ... ... 56

III Тарау. Қазақстан Республикасы тәжірибесінде екінші деңгейлі банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалары мен дамыту жолдары.

3.1 Заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалар ... ... ... ...65
3.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді дамыту жолдары жолдары .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76
Қазақстан Республикасында өткізілетін экономикалық реформалардың тиімділігін ең толық және ұтымды пайдаланудың, қаржылық құралдарды басқару және реттеу мүмкіншіліктерімен тікелей байланысты, солардың қатарына несие жатады. Қазіргі несиелік қатынастардың мәнділігі, өндірістік және қоғамдық өнімді іске асыру және ұлттық табыстың үдерісінде пайда болатын, өндіріске және елдің экономикалық әлуетінің үздіксіз өсу ынталандырумен несиенің белсенді ықпалы дәлелделді.
Дүниежүзінде ірі кәсіпкерлігі экономиканың икемді және нәтижелі секторлардың бірі болып табылады. Оның үлесіне түсетіні, жалпы ішкі өнімнің бөлігін жасау, онда экономикалық белсенді тұрғындардың үлкен бөлігі жұмыс істейді. Жұмысқа қамтылуды қамсыздандырумен қатар, ірі кәсіпкерлік бәсекеге жарамды, серпінді және әртараптандырылған экономиканы жасауға үлкен үлес қосады.
Ірі корпоративтік бизнес XX ғасырдың аяғында және қазіргі экономикада үлкен орын алады, мемлекеттің гүлденуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан ірі корпоративтік бизнестің субъектілерін қорғау жөніндегі сұрақ, мемлекеттің маңызды сұрағы болып келеді. Ірі корпоративтік бизнес саласын несиелендіру, республиканың экономикалық өсуін нығайту және тұрақтандыру бағдарламасы басымдықтың бірі болып табылады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техникены ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сол орайда елбасының жыл сайынғы жолдамасынан биылғы 2008 жылға арналған жолдамаға қарасақ, өткен жылы еліміздің банктерінің басынан өткерген кішігірім дағдарысқа қатысты келесі кезекте еліміздің екінші деңгейлі банктеріне қатысты былай делінген.
«Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз.
Америка Құрама Штаттарының біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. Қаржылық Қадағалау Агенттігі әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек.
Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек.
Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс.
1. Мақыш Серік Биханұлы «Ақша айналысы және несие» - Алматы: ИздатМаркет – 2004 г.
2. Қаржы қаражат 2007 жыл №6 «устойчивость коммерческих банков: реалии настоящего» 31 бет.
3. Қаржы қаражат 2007 жыл №1«Преимущества лизинга в Казахстане» 38 бет.
4. Қаржы қаражат 2007 жыл №5 «Понятие кредитного риска и принйипы его возникновения в банковской деятельности» 59 бет.
5. Қаржы қаражат 2007 жыл №6 «Анализ инвестиционного проекта» 68 бет.
6. Статистический журнал “Весь Казахстан 2005” 72-76с
7. Статистический бюллетень Национального Банка ноябрь 2007г
8. Нурсеит Н. «Кредитование малого и среднего предпринимательства» / Рынок ценных бумаг Казахстана - №3, 2006 г. – 20-22 с.
9. Сайт Банка Туран Алем. www.bta.kz
10. Балхыбекова К. “Банковское кредитование малого и среднего бизнеса” //Основы экономики преподавания в ВУЗе №2005г с.12-17
11. Ильясов А.А. «Кредитование коммерческими банками малого и среднего предпринимательства в Казахстане» / Вестник КазНУ. Серия экономическая - №5,2007 г. – 112-116 с.
12. Бекмухамбетова А.А “Комплексная оценка банковской деятельности” Алматы: Экономикс 2003г 47-51с.
13. Шаяхметова К.О., Шаяхмет А. «ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеу жағдайы» / ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы - №1, 2005 ж. – 20-23 б.
14. “Тұран Әлем Банкі” АҚ-ның корпоративтік бизнесті несиелендіру бағдарламасы.
15. Широкова Б.М “Введение в оптимальный бизнес” Москва: Юнита-Дана 2004г. с.623
16. Об утверждений Программы ускоренных мер по развитию малого и среднего предпринемательства в РК на 2005-2007 годы. Постановление Правительства от 12 мая 2005 года №450
17. Токсанова А.Н “Оптимизация программ развития малого предпринемательства в РК” АЭК г.Караганда 2006г. с. 181-185
18. Токсанова А. «Микрокредитование в РК: каковы перспективы»//
Финансы и кредиты, №4, 2005г.
19. Ахметов С.С. «Финансово-кредитные рычаги для малого бизнеса в
развитых странах мира»// Банки Казахстана, №1, 2005г.
20. Закон РК «О государственной поддержке малого предпринемательства» от 8 марта 1997 года.
21. «Қазақстан экономикасының инновациялық дамуының стратегиялық бағыттары». Қарағанды қ. АЭК 2006 жыл.
22. Н.А. Назарбаевтың 2008 жылғы Қ.Р жолдауы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 6

I Тарау. Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру негіздері.

1.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің экономикалық мәні ... ... ... 9
1.2 Заңды тұлғаларды несиелеу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... .. 23
1.3 Заңды тұлғаларды несиелеудің шет ел тәжірибесі ... ... .26

II Тарау. Акционерлік Қоғам БТА тәжірибесі негізінде заңды тұлғаларды
несиелеуді талдау.

2.1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің несиелік
қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.2 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік Мадина несие алу
тәжірибесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .47
2.3 Заңды тұлғаларды несиелеуде лизингті қолдану ... ... ... 56

III Тарау. Қазақстан Республикасы тәжірибесінде екінші деңгейлі
банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалары мен дамыту жолдары.

3.1 Заңды тұлғаларды несиелеудегі проблемалар ... ... ... ...65
3.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді дамыту жолдары жолдары ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 76

Кіріспе

Қазақстан Республикасында өткізілетін экономикалық реформалардың
тиімділігін ең толық және ұтымды пайдаланудың, қаржылық құралдарды басқару
және реттеу мүмкіншіліктерімен тікелей байланысты, солардың қатарына несие
жатады. Қазіргі несиелік қатынастардың мәнділігі, өндірістік және қоғамдық
өнімді іске асыру және ұлттық табыстың үдерісінде пайда болатын, өндіріске
және елдің экономикалық әлуетінің үздіксіз өсу ынталандырумен несиенің
белсенді ықпалы дәлелделді.
Дүниежүзінде ірі кәсіпкерлігі экономиканың икемді және нәтижелі
секторлардың бірі болып табылады. Оның үлесіне түсетіні, жалпы ішкі өнімнің
бөлігін жасау, онда экономикалық белсенді тұрғындардың үлкен бөлігі жұмыс
істейді. Жұмысқа қамтылуды қамсыздандырумен қатар, ірі кәсіпкерлік бәсекеге
жарамды, серпінді және әртараптандырылған экономиканы жасауға үлкен үлес
қосады.
Ірі корпоративтік бизнес XX ғасырдың аяғында және қазіргі экономикада
үлкен орын алады, мемлекеттің гүлденуінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан
ірі корпоративтік бизнестің субъектілерін қорғау жөніндегі сұрақ,
мемлекеттің маңызды сұрағы болып келеді. Ірі корпоративтік бизнес саласын
несиелендіру, республиканың экономикалық өсуін нығайту және тұрақтандыру
бағдарламасы басымдықтың бірі болып табылады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі
зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен
орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа
техникены ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта
жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Сол орайда елбасының жыл сайынғы жолдамасынан биылғы 2008 жылға
арналған жолдамаға қарасақ, өткен жылы еліміздің банктерінің басынан
өткерген кішігірім дағдарысқа қатысты келесі кезекте еліміздің екінші
деңгейлі банктеріне қатысты былай делінген.
Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге
қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және
Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс.
Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған
дайын тұруға тиіспіз.
Америка Құрама Штаттарының біздің банктерге елеулі әсер еткен
ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. Қаржылық Қадағалау
Агенттігі әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған
жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек.
Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдің
өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің
акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе
немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті
шаралар қабылдауға дайын болуы керек.
Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір
және ұғынықты болуға тиіс.
Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген
сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің халықаралық
озық тәжірибесі ретінде қараймыз.
Біздің қаржы жүйемізді құрылымдық реформалауды одан әрі жалғастыру
қажет. Мұның құнды қағаздар рыногын, қазіргі заманғы қаржылық құралдарды
дамытуға, банкроттық туралы заңдарды жетілдіруге, сот жүйесін тереңдете
реформалауға қатысы бар.
Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да
жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, Қаржылық
Қадағалау Агенттігі және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де
сенімді жүйесін құруы керек.
Сондай-ақ, күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс-қимылдар жасау
шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр.
Халық пен бизнестің, оның ішінде шетелдіктердің де сенім деңгейі елдің
қаржы жүйесі тиімділігінің негізгі критерийіне айналуға тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының дамуында оң тенденциялардың
көрінісі байқалады. Сонымен қатар коммерциялық банктер несиелік қызмет
көрсететін салаларын ұлғайтуға ұмтылады, осыған байланысты ірі
корпоративтік бизнесті банктік несиелендірудегі үдерісті тереңірек
зерттеуді , тетіктердің ізденісіндегі рөлді күшейту және алынған
міндеттерді орындау кезінде, субъектілердің несиелік қатынастардағы
жауапкершілігін қажет етеді. Келтірілген жағдайлар таңдалған тақырыптың
актуалдылығын куәландырады.
Диплом жұмысының мақсаты ірі корпоративтік бизнесті несиелендіру
процессін зерттеу, банктік несиелендіру саласында ғылыми зерттеулер
жүргізіліп, банк ірі корпоративтік бизнес арасындағы несиелік қатынастарды
талдау. Бұл мақсатқа жету үшін бір қатар мәсәлелерді шешу қажет: Сондықтан
да жұмыстың міндеттері келесідей.
• несиелендірудің теориялық аспектілерін зерттеу;
• ірі корпоративтік бизнестің несиелендіру түрлерін қарастыру;
• ірі корпоративтік бизнесті несиелендірудің қазіргі жағдайын талдау
және даму тенденцияларын анықтау;
• кәсіпкерлікті несиелендіруде екінші деңгейлі банктердің
потенциалын ашу және несиелік қатынастарды дамытудың
мүмкіншіліктерін көрсету;
• ірі корпоративтік бизнесті несиелендіру процесін жетілдірудің
ұсыныстарын құрастыру.
Дипломдық жұмыстың объектісі ретінде ірі корпоративтік кәсіпорын және
Қазақстан Республикасының банктік жүйесі қарастырылған. Зерттеу заты болып,
корпоративтік бизнес субъектілерімен банк арасындағы несиелік қатынастар
болып табылады.
Мен аталған дипломдық жұмыста шығыс қазақстан облысының Алакөл көмір
кенішінен көмір өндірумен айналысатын Мадина компаниясының БТАінен
айналым қаражаттарын толтыру үшін алған несиелендіру іс әрекетін
қарастырдым.
Ал дипломдық жұмысымда өзекті мәселе деп бүгінгі таңдағы
банктеріміздің өткен жылғы қаржынарығындағы толқудың салдары мемлекеттің
екінші деңгейлі банктеріне қалай әсер етті және сол аталған жылда
банктердің заңды тұлғаларды несиелеуде қандай өзгерістерді бастан кешірді,
осы мәселені қарастырдым.
Дипломдық жұмыс экономикалық ғылыми жағдайлар, несиелік қатынастардың
нәтижесінде және теория саласында қазақстандық, ресейлік және шетелдік
ғылыми жұмыстардың негізінде, сонымен қатар ірі корпоративтік бизнесті
несиелендіру, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық және заңдылық
актілер негізінде жазылған. Қазақстан Республикасының экономикалық
бағдарламасы және кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық бағдарламасы бойынша
жазылған.

1 Тарау. Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру негіздері.

1.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің экономикалық мәні

Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын
нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс
процессіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы
бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда
пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта
бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін
міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру
капиталы құрылып, оныңөнім өндіруге пайдалануы қамтамассыз етіледі. Несие
ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.
Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік
негізде қайта бөлуді қамтамассыз етуші несие кез келген экономикалық
субьект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында,
өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып
реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар
жиынтықтардың арасында болатын қарама қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы
өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің
үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамассыз етіледі. Жоғарыда
көрсеткеніміздей, қорлар айналысының біркелкілік танытпайтындығына
байланыста бір полюсте бос тұрған қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға
деген тапшылық орын алады. Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған
кәсіборындарға берілетін несие оларға ұдайы өндіріс процесін жалғастыруға
ТМҚ үшін ақы төледі қамтамассыз етуге, еңбекақы төлеуге және т.б
мүмкіндіктер тудырады.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі
зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен
орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа
техникены ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта
жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған
өңдеу секторын құру мақсатын көздейтін Қазақстан Республикасының 2003-2015
жылдарға арналған индустриалды инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда.
Бұл ретте өзінің несиелік несиелік қаржыларын осы бағдарламаны жүзеге
асыруға бағыттайтын несие жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені
капиталдық салымдар есебінде пайдаланудың бюджеттік қайта айналмалы
қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық
шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда есебіне қарызды өтеудің
мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының өтелу мерзімі шегінде
қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша
айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі айналысының құралын
құруға байланысты:
• Біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен
сақтау шығындарын қысқартады;
• Екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып,
қолма қол ақшасыз есептесулерді қысқартып, айналым шығындарын
азайтады;
• Үшіншіден, айналымның шығындары маусымдық қажеттіліктерді
қосымша қаржылар есебінен көбейткенде қорлардың кемуіне
байланысты қысқарады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банкілердің есепшотында сақтау
ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақша
қаражаттарының қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма қол ақшасыз есеп
экономикадағы есептесулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады,
мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару
несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп
және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын
ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық
ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы
несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде
экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансиясы саясаты
қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие несие тасқыны
көбейіп, ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі.
Қазақстанда 1993-1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап
несие экспансиясы саясаты жүргізілді.
Несиенің арқасында тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа
да тұрмымстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру
сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік
экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық
субьектілердің өмір сүруі мен жалпы шаруашылығының дамуына да,
микродеғгейіне байланыстардың дамуындак, сондай ақ халықтың әл ауқатын
көтеруде несиенің атқаратын рөлі өте зор екен.
Міне, осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе
туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда
бере алады. Несиенің дамуын, оның рөлінің күшейюін экономикаға несие
салымының артуымен байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы
сапалық емес, сандық көрсеткіштерді көрсеткен болар еді. Несие салымдарының
ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің
үлесі экономиканң дамуында оның рөлінің артқандығы осы процестердің несие
обьектілерінің кеңеюі мен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы
жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда
несиелік қатынастардың дамуы, жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір
саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатындықтан, несие
ролінің артқандығы туралы айтуға болады.
Әңгіме бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелеудің
көптігі экономиканың даму процесіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді.
Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдалануға деген ықыласын
бәсеңдетеді.
Ал, несие саласын мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем
қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субьектілері ТМҚ ны, жабдықтарды
сатып ала алмайды, өзінің қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмайды, негізгі
қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайыип келгенде мұның бәрі өндірісте,
тауарларды сатып тартуда өз көрінісін байқатпай қоймайды.
Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен
ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды
сатып таратудың араларындағы үйлесімді тепе теңдіктерді сақтап тұру үшін
маңызы зор.
Несиенің сандық шегі несиелік қаржыарды сандық жағынан шектеумен
байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі, тура әдіс Ұлттық банк міндетті қор
көздерінің мөлшерін арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің мөлшерін
арттырып, соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады, экономикалық
әдіс пайыздық мөлшерлемені көтерудің нәтижесінде несиелеу процесін тежейді.
Сапалық шектері бұл жағдайда несие тар көлемдік деңгейде де кері әсер етуі
мүмкін.
Несиенің экономика циклінің тиісті кезеңіне байланысты кең көлемді
деңгейде оң немесе теріс түрде қалай әсер ететіндігі жоғарыда атап
көрсетілді.
Несиенің пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейінде әсер етуі көп
факторларға, ең бірінші несиелік қатынастарға қатысушы жақтардың ықыластары
мен мүмкіндіктеріне байланысты, атап айтқанда:
• Қарыз алушылардың қарыз қаржыларына деген мұқтаждығы мен несие
және пайыздық мөлшерлемелерді қайтаруға байланысты шығындарды
азайтуға олардың ықыласты болуы;
• Банкілердің өз табыстарын ұлғайту мақсатымен несие салымдарын
кеңейтуге ықыластылығы.
Екі жақтың несиелік танымдарға ықыластары жасалған несиелік
келісімдерге көрсетіледі.
Мен осы мәселелерді қозғай келе елбасымыздың қазақстан халқына
жолдауынан екінші деңгейлі банктер мен еліміздің несие секторындағы жалпы
жағдайды да қозғап кетуді де жөн көрдім.
Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге
қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және
Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс.
Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған
дайын тұруға тиіспіз.
Америка Құрама Штаттарының біздің банктерге елеулі әсер еткен
ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. Қаржылық Қадағалау
Агенттігі әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған
жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек.
Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдің
өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің
акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе
немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті
шаралар қабылдауға дайын болуы керек.
Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір
және ұғынықты болуға тиіс.
Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген
сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің халықаралық
озық тәжірибесі ретінде қараймыз.
Біздің қаржы жүйемізді құрылымдық реформалауды одан әрі жалғастыру
қажет. Мұның құнды қағаздар рыногын, қазіргі заманғы қаржылық құралдарды
дамытуға, банкроттық туралы заңдарды жетілдіруге, сот жүйесін тереңдете
реформалауға қатысы бар.
Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да
жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, Қаржылық
Қадағалау Агенттігі және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де
сенімді жүйесін құруы керек.
Сондай-ақ, күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс-қимылдар жасау
шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр.
Халық пен бизнестің, оның ішінде шетелдіктердің де сенім деңгейі елдің
қаржы жүйесі тиімділігінің негізгі критерийіне айналуға тиіс.
Ұлттық банк инфляция деңгейін болжамды шекте ұстап тұру үшін қандай
шаралар жасап жатыр?
Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банктің Ақша-
кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында
айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығындағы ставкаларды
көтеру жөніндегі шараларға және қаржы нарығынан артық өтімділікті шығару
жөніндегі шараларға бөлуге болады.
Үстіміздегі жылғы 1 сәуірден бастап Ұлттық банктің мынадай операциялар
бойынша ставкалары: ресми қайта қаржыландыру ставкасы – 8,0%-дан 8,5%,-ға
дейін, тартылатын депозиттер бойынша ставка – 3,5%-дан 3,75%-ға дейін
жоғарылады. Осы ставкалардың одан әрі жоғарылауы да мүмкін. Шығарылатын
қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 2005 жылдың аяғындағы
2,38%-дан 2006 жылғы сәуірдің аяғында 3,05%-ға дейін ұлғайып отыр.
Банктердің артық өтімділігін реттеу көлемі, яғни экономикада ақшаны
қысқарту көлемі ұлғайды. Айналыстағы ноталар көлемі 2005 жылдың аяғындағы
161,0 млрд. теңгеден 2006 жылғы сәуірдің аяғындағы 230,1 млрд. теңгеге
дейін өсті және бұдан әрі өсе бермек. 15 мамырдан бастап Ұлттық банктің
ноталар шығару бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының ауқымы 60-тан 100 млрд.
теңгеге дейін өсті. Банктерден депозиттер тарту едәуір артты, олар бойынша
берешек жыл басындағы 86,9 млрд. теңгеден сәуірдің аяғында 293,9 млрд.
теңгеге дейін жоғарылады.
Шілдеден бастап ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау
жөнінде банктерге қойылатын талаптар қатаңдатылады, мұның өзі банктердің
артық өтімділігін “байлауға” мүмкіндік береді.
Ішкі валюта нарығында Ұлттық банк өзінің қатысуын барынша қысқартпақ.
Аталған шараларды қолдану екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің
қысқаруына, кредиттер бойынша ставкалардың көтерілуіне әкеп соқтырады, бұл
түбінде экономикаға инфляциялық қысымның қысқаруына әкеледі.
Екінші деңгейдегі банктердің атына олардың сыртқы қарыз алуларына
байланысты көп сын айтылуда. Бұл банктердің сырттан қаржы тартуына қатаң
шектеулер қойылады дегенді білдіре ме?
Соңғы жылдары экономиканың үздіксіз өсуі, елдегі қолайлы инвестициялық
ахуал, банк секторының тұрақты дамуы, Қазақстанға инвестициялық рейтинг
берілуі халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің, соның нәтижесінде
сырттан алынатын қарыздардың белсенді түрде келуінің нығаюына себепші
болды, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден қарыз алуларға тәуелді
болуының күшеюіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Сыртқы қарыз алулардың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық
тәуекелге ұшырау деңгейінің артуына әкелетінін атап өткен жөн, оның теріс
ықпалы банктердің, негізінен алғанда, қысқа валюталық позицияны сақтайтын
валюталық міндеттемелерін қайта бағалаудан туындауы мүмкін.
Осыған байланысты, екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыз
алуларының көлемін шектеу мақсатында, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі жекелеген пруденциалдық нормативтерді
жетілдірді, атап айтқанда, құралдардың мерзімдері мен тәсілдеріне қарай,
ашық валюталық позиция лимиттерін және валюта өтімділігінің нормативі мен
резидент еместер алдындағы міндеттемелер лимитін белгіледі.
Ұлттық банк өз тарапынан сыртқы қарыз алу көлеміне ақша-кредит саясаты
құралының – ең төменгі резервтік талаптардың көмегімен ықпал ете алады.
Қазіргі кезде Ұлттық банк Ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы
ережені бекітті, ондағы негізгі өзгерістер банк міндеттемелерінің
құрылымына, резервтік активтер құрылымына, ЕРТ-ні орындау механизміне,
сондай-ақ нормативтердің мазмұнына қатысты.
Сыртқы қарыз алу қысқарған соң экономикаға кредит беру де азаяды
ғой...
Шет елден мейлінше төмен құнмен келетін капитал ағыны екінші
деңгейдегі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына себепші болғанының
жағымды жағдай екендігімен келіскен жөн, бұл өз кезегінде ішкі нарықта
кредиттер бойынша ставканы төмендетуге мүмкіндік берді.
Сондықтан қарыз алуды қысқарту экономиканы кредиттеудің өсу қарқынының
қысқаруына, соның нәтижесінде экономикаға берілетін кредиттер бойынша
сыйақы ставкасының өсуіне әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Бірақ, экономиканың
“қызып кету” қаупі жағдайында, Ұлттық банк оқиғалардың осылайша өрбуін
қабылдауға болады деп санайды.
Ақшаның қызметтері және экономикадағы рөлі. Ақша экономикадағы рөлін
өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі
тауар айырбасы процесінен туындайтын тауар өндірушілердің мазмұнының
белгілі бір жақтарын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1) құн өлшемі және баға масштабы;
2) айналыс (айырбас) құралы;
3) төлем құралы;
4) қорлану және қор жинау құралы;
5) дүнижүзілік ақша.
Ақшаның құн өлшемі қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық
тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: мөлшері жағынан аттас,
сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар
дүниесіне материал беру қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара
өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек
олардың бірінің біріне өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық
еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар
(алтын және күміс) өлшей алады.
Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды
өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. әрбір
елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге
қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне
бекітілетін салмақты саны баға масштабы деп аталады.
Бағалардың негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның
құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн
өлшемі бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның экономикалық қызметін сипаттайды.
Құн өлшемі қызметін құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы бұл
мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның
бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни
сұраныс пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы
ойша белгіленетін тауарлар бағасы ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін
нарықтық бағаға айналады.
Бүгінгі таңда тауарлар алтынға тікелей айырбасталмайды және олардың
бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл қызметін алтынның орнынды
жүретін оның құндық өкілдері немесе қағаз және несиелік ақша белгілері
атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан да, оларды толық
бағалы емес ақшалар деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық
өлшемейді, бірақ өлшеуге қатынасады.
Ақшаның айналыс құралы қызметі. Айналыс құралы қызметінде ақша тауар
айналысы процесінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай
процестерді қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды
сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл процесті арнайы формулада
мынадай түрде беруге болады: Т(тауар) А(ақша) Т(тауар).
Ақша айналысының тауар айналысынан айырмашылығы ақша тауарларды
біртіндеп айналыстан шығара отырып, өзі айналыста үнемі қалып отырады.
Ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден,
бұл қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік
ақшалар атқарады, екіншіден, нақты және қолма қолсызақшалар атқарады.
Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны,
яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде
анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса,
онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.
Ақшаның төлем құралы қызметі. Әр түрлі жағдайлардың болуына байланысты
тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әр түрлі
тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей
еместігі, сондай ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық
сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың
жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп
сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем
құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс формасына ие: Т(тауар)
М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) Т(тауар).
Ақшаның төлем құралы қызметі мен айналыс құралы қызметтері арасында
өзара айырмашылық бар. Ақша айналыс құралы ретінде делдалдық рөлінде
жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен тауардың бір біріне қарама
қарсы қозғалысы болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және
сатып алу процесінің аяқталғандығын білдіреді. Тауарлар мен ақша арасындағы
уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу қаупін тудыруы мүмкін.
Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп
қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.
Жалпы барлық ақшалай төлемдерді мынадай түрде топтпстыруға болады:
• тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша төлем
міндеттемелері;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша
қарыздық міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік, сот алдындағы және өзге міндеттемелер.
Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және
несиелік ақшалар атқарады.
Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі. Ақша жалпыға бірдей балама
ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамассыз етумен қатар, байлықты жинау
құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе
қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды
сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды,
себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға
жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар
өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:
1) Кәсіпорындар мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік)
шоттардағы ақшалай қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану формасында;
2) Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке
қорлану формасында.
Дүниежүзілік ақша. Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар,
сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда
болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы,
жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдықбайлықтың
материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде
дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда
қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар
елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін
қызметтер айырбасындағы тепе теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға
ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы
нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы
тепе теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты
құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе
субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.
Егер де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен заңдастырылған ұлттық ақша
бірлігі формасында қызмет ететін болса, ал елімізден тысқары жерде, К.
Маркс өз еңбегінде: Ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы
формасы ретіндегі металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар формасына
өтеді, деп жазады. Сондай ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның
қызмет етуі сипатталады.
Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша алтын және алтынға
ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалаы (банкнота) көбіне Америка
Құрама Штаттарының доллары және ағылшын фунт стерлингі атқарған.
Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ доллары, Еуропалық
одақтың қазіргі валютасы евро, сол сияқты халықаралық валюталық қордың СДР
і арнайықарыз алу құқығы атқарады.
1999 жылы қаңтар айынан бастап, Еуропалық қауымдастық елдерінде жаңа
валюта Еуро енгізілді.
Несиенің мәні және қажеттігі. Несие нарықтық экономиканың тірегі
ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық
шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай ақ жеке
азаматтар дапайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде
несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай
түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп,
әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз
емес, несие бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың
уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы сол
қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция,
субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамассыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде
жинақтала отырып, уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе
төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға
берілетін ссудалық кпиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие бұл
банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай ақ олардың
жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда бұл
ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты
элеменнтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке
азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай ақ адамзаттық
қатынастар,жағдайын сипаттайды. Борыш бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы
бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элеиентіне
берілетін объекті де жатады. Беру обьектісі бұл құнның ерекше бөлігі, яғни
қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің қызметтері. Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның
атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несиеге экономикалық категория
ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
• Қайта бөлу;
• Айналыс шығындарын үнемдеу;
• Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
• Капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• Ғылыми техникалық прогресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының
толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің
көмегімен экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субіектілеріндегі
ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын
алшақтық қай жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті
туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық
категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын
толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал капитал айналымын
қамтамассыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік
жасайды.
Ал келесі қызметті, яғни несиелік айналыстағы нақты ақшалардың орнын
уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға
толық мүмкіндік бар. Бұл қызметті іске асу процесінде тек қана тауар
айналысын емес, сондай ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып,
ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша
айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және толем
айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына
жағдай жасау үшін маңызды болып табылады.мұндай міндеттерді шешуде несиенің
бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуғамүмкіндік береді.
Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде
орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
Несиенің формалары және оның жіктелуі. Несиенің формалары, оның
құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз
байланысты келеді.
Несиенің формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасында байланыстар қалай
өзгермегенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар. Тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде
берілетін несиені коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі формасының тәжірибеде қолдануынан
туады.
Коммерциялық несие бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған,
экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай ақ одан
пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды
сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• Қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• Қарыз капиталы онеркәсіптік немесе сауда капиталымен
байланысты;
• Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы
тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде
берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың
формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына
несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші:
банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде:
кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген
сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің
басты мақсаты бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мындай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы несиелік мекемелеріне;
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5жылдан жоғары)
III. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын.
IV. Қамтамассыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамассыз етілген:
• кепілхатпен,
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
Сақтандырылған.
Қамтамассыз етілмеген:
• сенім несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы
қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді
несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді,
3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен;
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын
сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.)
3. Овердравт несиесі клиенттің шотынан қаражатты шегеру,
дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі өтімділікті қлдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие кредитордың алғашқы талабы бойынша
өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие банктердің бір біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие тез іске асатын бағалы заттарды немесе
бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие құрал жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие шикізаттарды ішке алып кірә және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын
несие.
10. Сенім несиесі банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті
жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен
түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие.
VIII. Несиелеу объектісіне қарай:
• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:
• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды
экспорттау мен импорттауға;
• азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктер алуына;
• ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арасындағы маусымдық үзілістерге;
• күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
• тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан, тауар айналымының ұлғайюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде
қалыптасуда. Италия мен жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол
елдің ішкі жиынтық өнімінің 10% ын, Германия мен Францияда 30% ын, ал
Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарында 60% ын құрайды екен. Бұл
елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомабиль,
электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі
пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі
автомабильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну
несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке
тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл
формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі
себебібар: біріншісі субъективті, яғни бұл несие халыққы ең жоғарғы
деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса;
екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір
экономикалық мәселесі бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін
қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген
елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік
ұйымдартарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі
түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде
мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері
қолдануда:
• автомабильдік несие;
• ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін
несие;
• тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
• кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және
т.с.с.) берілетін несие.
Мұнда автомабильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомабильдерді
банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио видео және тұрмыстық техника;
• компьютер және оргтехника;
• басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс
және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.

2. Заңды тұлғаларды несиелеу кезеңдері

Несиелеу әдістері несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің
екі әдісі қолданылған:
• Қалдық бойынша
• Айналым бойынша
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін
құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр
түрлі тауарлы материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі
шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың
нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы
несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде
несие компенсациялық сиптта болады, өйткені, несие шаруашылық органдардың
құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған
меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер
жай несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп
айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.
Айналым бойынша несиелеу әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы
материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жұмсалуына
байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен
бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып
қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі несиенің
берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген
қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша
несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы
несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы
өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу
арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі,
банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар,
халықшаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын
ұйымдастыруда оның рөлі арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты
өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті
реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді
несиелеуден біртұтас несиелеу механизмі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Заңды тұлғаларды несиелеудi ұйымдастыру
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттары
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы ақпарат
Несие жүйесі туралы
Коммерциялық банктердің несиелік операциясына сипаттама
Пәндер