Үш жүздің басын біріктіруші – Абылай



Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1) XVIII ғасырдың бірінші жартысы . қазақ халқының өміріндегі ең бір күрделі кезең.
2) Абылай . азаттық күресті ұйымдастырушы.
3) Абылайдың басты мақсаты . Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.
4) Үш жүздің басын біріктіруші . Абылай.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
XVIII ғасырдың бірінші жартысы – қазақ халқының өміріндегі ең бір күрделі кезең. Дәл осы тұста жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар қазақ жеріне шабуылдап, олардың малдарын айдап әкетіп, отбасымен тұтқынға алады. Қытай жағынан төнетін қауіптің азайғанына арқасы кеңейген жоңғарлар 1723 жылы қазақ жеріне тұтқиылдан шабуылдап, Алтай, Тарбағатай, Жетісу өңіріндегі Сыр бойындағы қалаларды, сондай-ақ Қазақ Хандығының орталығы Түркістан мен Ташкентті жаулап алады.
Мұндай зорлық-зомбылық пен озбырлыққа төзе алмаған қарапайым халық бас сауғалап, Ұлы жүз бен Орта жүздің бір бөлігі Ходжентті, қалған бөлігі Самарқанды, Кіші жүз Бұхар Хандығы мен Хиуа Хандығын жағалап тарап кетеді.
1. Уәлиханов Ш. Бес томдық шығармалар жинағы.
«Отан қорғау жолындағы ұлы шайқастар»
2. « Егемен Қазақстан » газеті.
3. Мусин Чапай. Қазақстан тарихы. Алматы-2003 жыл.
4. Х. К. Ермұханова «Қазақстан тарихы»

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1) XVIII ғасырдың бірінші жартысы – қазақ халқының өміріндегі ең бір
күрделі кезең.
2) Абылай – азаттық күресті ұйымдастырушы.
3) Абылайдың басты мақсаты – Қазақ мемлекетінің дербестігін сақтау.
4) Үш жүздің басын біріктіруші – Абылай.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе

XVIII ғасырдың бірінші жартысы – қазақ халқының өміріндегі ең бір күрделі
кезең. Дәл осы тұста жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен
башқұрттар қазақ жеріне шабуылдап, олардың малдарын айдап әкетіп, отбасымен
тұтқынға алады. Қытай жағынан төнетін қауіптің азайғанына арқасы кеңейген
жоңғарлар 1723 жылы қазақ жеріне тұтқиылдан шабуылдап, Алтай, Тарбағатай,
Жетісу өңіріндегі Сыр бойындағы қалаларды, сондай-ақ Қазақ Хандығының
орталығы Түркістан мен Ташкентті жаулап алады.
Мұндай зорлық-зомбылық пен озбырлыққа төзе алмаған қарапайым халық
бас сауғалап, Ұлы жүз бен Орта жүздің бір бөлігі Ходжентті, қалған бөлігі
Самарқанды, Кіші жүз Бұхар Хандығы мен Хиуа Хандығын жағалап тарап кетеді.

XVIII ғасырдың бірінші жартысы – қазақ халқының өміріндегі ең бір күрделі
кезең

Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беруде 1726 жылы Ордабасы тауында өткен
қазақ билерінің кеңесінің маңызы ерекше. Төле, Қазыбек Әйтеке билер
ұйымдастырған бұл кеңесте Жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске бас қолбасшы
болып Әбілқайыр сайланып, соғыс тәсілдері белгіленеді. Қазақтардың осылайша
біртұтас жасаққа бірігуі жеңіске жетуіне үлкен ықпал етеді.
1727 жылы Торғай даласының оңтүстігіндегі Бұланты өзенінің
жағасында жау әскерін ойсырата жеңеді. Осы жеңіске қанаттанған қазақ
жасақтары келесі жеңіске Балқаш өзенінің оңтүстігіндегі Аңырақай
даласында 1729 жылы қол жеткізді.
1730 жылы Болат хан қайтыс болып, орнына Әбілмәмбет ханның
отыруына байланысты қазақ хандарының арасына іріткі түседі. Әбілқайыр
бастаған Кіші жүз халқы шайқасты тастап шығып, оған Орта жүздің кейбір
рулары қосылып орыс бодандығын қабылдайды. Орта жүз Ұлытауға, Ұлы жүз
Ташкентке қарай шегініп, қалмақтарға бағынышты күйде қала береді.
Қалдан Церен бастаған жоңғар қолы 1733 жылы Қара Ертістің бойымен
Зайсан көліне келіп ерулеп, содан соң Аякөз арқылы, Қарқаралы, Баянауыл
тауларынан асып, Ерейменге жетеді. Қабанбай мен Бөгенбай бастаған Орта жүз
қолы Өлеңтіні бойлап Қаратауға келіп, жоңғар әскерлеріне қарсы соғыс ашады.
Соғыс жекпе- жектен басталады да жоңғар әскер басшысы Шарыш батырды
қазақтар жағынан шыққан баһадүр Әбілмансұр (Абылай) тізе бүктіреді. Сөйтіп
Абылай бұдан кейінгі барлық шайқастарда өзінің ерлігімен көзге түсіп, саяси
аренадан көріне бастайды.
Баянауылдағы Сабынды көлдің басындағы өткен жеңіс тойында
Абылайлап ұрандап жауға шапқан батырдың Шыңғыс әулетінен екені белгілі
болады. Келесі 1734 жылы Әбілмансұр Абылай деген атпен хан болып
сайланады. Бірақ ресми құжаттарда әлі де сұлтан ретінде көрінген Абылай
Орта жүздің арғын руына басшылық ете отырып, қазақ руларының басын
біріктіріп, жоңғарлардан қазақ жерін азат етуді мақсат тұтады. Ол халықты
аман сақтап қалу үшін көрші елдермен достық қарым- қатынас орнатудың
артықшылығын жете түсініп, бытыраңқы қазақ иеліктерін біріктіріп, біртұтас
тәуелсіз мемлекет құруды көздеп, осындай қасиеттерінің арқасында көршілес
Жоңғария, Қытай және Ресей сияқты күшті де қуатты мемлекеттерді өз
саясатымен санасуға мәжбүр етеді.
Осы шайқастағы жоңғарлардың жеңілісінен кейін Қалдан Церен қазақтар
біріксе, зор күш екенін сезіп, оларды біріктірмей, жеке- жеке талқандауды
көздейді “Осы мақсатпен XVII ЗО-жылдардың ортасында Жоңғар қоңтайшысы қазақ
жерін жаулап алу, тонау соғыстарын ғана емес, сондай-ақ қазақтардың әскери
күшін қазақ жүздерінің саяси тұтастытығын жоюды , Ресеймен жақындасуына
кедергі жасауды да ойлады”.
ЗО-жылдардың аяғына қарай Жоңғарияның билеуші тобы Цин
империясымен уақытша келісімге келіп, жайылымдық жерін кеңейту, сауда
жолдарында өз үстемдіктерін жүргізу мақсатымен Қазақстан мен Орта Азия
жерін жаулап алуға белсенді түрде әскери-саяси дайындық жасауға кіріседі.
1735 жылдың көктемінде Бөгенбай батыр жоңғар тұтқынынан қашып келген
қазақтардың:”Қытайдың Богда ханы өлді, ал Жоңғарлар Қытайлар мен татуласты
және жоңғар қоңтайшысы Калдан Церен қазақтардың орталық ордасында 20
адаммен тұратын әскер жібергелі жатыр “ деген жаңалығын ел басшыларына
хабарлайды.
Жоңғар феодалдарының Қазақстан және Орта Азияны басып алуға
бағытталған жаңа әскери дайындығы бірнеше жылға созылды. Ал қазақ жеріндегі
орталық хандық пен бүкіл Қазақстанның ішкі саяси жағдайы тұрақты шешім
таппай күрделі қалпында қала береді. Оған себеп Батыр сұлтанды қолдайтын
феодалдардың бір бөлігі мен Әбілқайыр ханның арасында жанжал басталды. Оның
сыртында 1735 жылы Орта жүз ханы Сәмеке, 1739 жылы ұлы жүз ханы Жолбарыс
қайтыс болды.
1739-1740 жылы қыста жоңғарлар қазақ жеріне бір мезгілде екі жақты
шабуыл жасайды.Ноян Септен бастаған жоңғар әскерінің солтүстік тобы- Есіл
мен Тобыл арасында көшіп - қонып жүрген қазақтың ру тайпаларына соққы
береді, ал оңтүстік топтағы әскерді басқарған ноян сары манжы Сырдария
аудандарында жалпы саны 30 мыңдай әскерімен басып кірді.
Бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып,
елдің тыныштығын, жердің тұтастығын қамтамасыз етуді мақсат тұтқан Абылай
екі ірі мемлекет Цинь және Ресей иимпериялары арасында қыспақта тұрған
жағдайда басты қауіп Жоңғарияның агрессиясы екенін терең түсінеді.
Сондықтанда Ресейге арқа сүйеуге күш салады.
1740 жылы тамыз айының 28-інде Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай
Орынборға келіп, Ресей империясының билігін мойындайды. Алайда негізгі
аудандары жоңғарлардың шапқыншылығыны душар болуына қарамастан, әлі де
болса қазақ халқының дербестігін сақтап қалуды көздейді. Сөйтіп осы
сапардан оралысымен-ақ Абылай жоңғарларға қарсы күреске аттанады .
Жоңғарлардың мол күшіне тойтарыс беру үшін нәтижесінде қазақ әскері
жоңғарларға ойсырата соққы береді.
Абылай осы шайқаста шебер қолбасшылығымен қатар жеке басының ерлігін
де көрсете білген “Ол берген пайдалы кеңес пен стратегиялық жөн-жосық оның
даналығына елдің көзін оңай жеткізеді” – деп жазады Шоқан, дегенмен Орыстар
мен Қытайдан қолдау тапқан жоңғаролар, 1741 жылы Қалдан Цереннің ұлы Лама
Доржы және Септен ноян басшылығымен Орта жүз жеріне үш жақтан: бірінші
бөлігі –Ташкент , келесі бөлігі - Есіл , үшіншісі – Түркістан арқылы
қайта соққы береді.
Осы шайқастың бірінде құрамында екі жүз сарбазы бар барлаушы топпен
жүрген Абылай қоршауға қалып , тұтқынға алынады. Ол қалмақ тұтқынында
болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп Жоңғар мемлекетінің
ішкі саяси жағдайын жете бақылап мықты және осал жағын зерттей жүреді.
Абылай жоңғар мемлекетінің күштілігі – мықты орталықтанған билікте және
бірлікте екенін түсінеді. Осы жағдайда ол кейіннен өз саясатында кең
қолданылады .
1743 жылы Әбілмәмбет хан аманатқа жіберген адамдар келгеннен
кейін Абылай тұтқыннан босатылады. Абылай Отанына оралар алдында Жоңғария
мен Қазақ Хандығы арасында бітім-шарт жасалады. Бұған Жоңғарияның Ресей,
Қытай державаларымен қатынасындағы қарама- қайшылықтың ұлғайып, шиеленісуі
және өз ішіндегі алауыздықтың күшеюі себеп болған еді. Екіншіден еліне
беделді Абылай хандығымен келіссөз жүргізгенде оның барысына әсер ете
алатын күш деп есептегені сөзсіз. Міне, осыдан 1745 жылы Қалдан Церен
өлгенге дейін қазақ- жоңғар қатынастары бірқалыпты тыныш болып тұрады. 1745
жылдың басында Жоңғарияға барған поручик Ф. Аблязов: Қазақтар Жоңғария
территориясы болып саналатын Цар – Гурбану өзенін бойлап көшіп жүр -деп
хабарлайды.
Бірақ дәл осы мезгілде Абылай үш жүздің басын біріктіріп,
жоңғарлардың қол астында қалған қазақ жерлерін азат ету мақсатымен Орта жүз
жерінде Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Ер Жәнібек, Көкжал Барақ
тағы басқа батырларды топтастырып қол жинап жатқан еді. Абылай бұл шайқаста
ең әуелі ұзақ жылдар бойы Жоңғарияға бодан болып келген Ұлы жүз жерлерін,
Жетісу, Сыр бойындағы қалалар, Талас, Шу өңірін азат етуді көздейді.
Алайда XVIII ғасырдың 40 жылдары Жоңғария мен Қоқан Хандығы
арасында Ташкентке билік жүргізу үшін күрес басталады. 1745 жылдың 30-
сәуірінде Жәнібек тарханның тапсырмасымен Орынборда болған жасауыл Кайып
пен Сейтімбет батыр: Ойраттардың қол астында болған Ташкентті былтыр, 1744
жылы күзде Қоқан бегі – Абдулкаримбек жаулап алды , - деп хабарлайды.
Қоқандықтармен болған соғыста жоңғарлардың жеңіліске ұшырауы олардың Орта
Азия мен Қазақстан жерінде саяси беделінен айырылуына әкеп соқтырады.
Абылай сұлтан басшылық еткен, Қаракерей Қабанбай бастаған қалың
қол қазақ- қалмақ соғысында ірі-ірі жеңістерге жетеді. Олар 1751 жылдың
күзінде Ұлы жүз жасақтарының қолбасшысы Шапырашты Наурызбаймен бірге
одақтаса отырып қоқандықтардан Ташкент, Сайрам, Созақ қалаларын босатады.
Сөйтіп, Ұлы жүз Жоңғария және Қоқан Хандығы тәуелділігінен азат етіледі.
Қоқандықтармен болған соғыста жоңғарлардың жеңіліске ұшырауы
олардың Орта Азия мен Қазақстан жерінде саяси беделінен айырылуына әкеп
соқтырады.
40 жылдардың аяғы мен 50 жылдардың бас кезінде Орталық Азияның бір
кездегі құдіретті көшпелі мемлекеті болып есептелген Жоңғарияның күш-қуаты
күрт әлсірейді. Жоңғар қоңтайшысы, көрнекті қолбасшы Қалдан Цереннің
өлімінен кейін таққа 1745 жылы 13-ке енді ғана толған оның ортаншы ұлы
Цеван Доржы отырады. Цеван Доржының билік еткен тұсындағы қысқа мерзім
ішінде Жоңғарияның ішкі істерін басқаруды бассыздықтарға жол беріледі.
Цеван Доржы билік еткен тұста 1746 жылы жоңғар-қазақ қарым-
қатынастары біртіндеп өзгереді. Жоңғарлардың ішкі саяси жағдайындағы
өзгерістерді көре білген Абылай сұлтан Жоңғар ханына өз талаптарын еркін
қоя бастайды. Жоңғарлармен саяси және сауда байланыстарын орнатады.
Алайда хандық билігін тұрақтандырып алғаннан кейін, Цеван Доржы
қазақ билеушілерінен алым-салық төлеуді, аманатқа адам жіберуді талап
етеді. Осы мақсатпен 1747 жылы сұлтан Бараққа ойрат елшісі келеді. Барақ
сұлтан жоңғарлардың бұл талаптарынан үзілді-кесілді бас тартады да, оның
ақыры соғысқа әкеп тірейді.
1749-1750 жылдары қыста үш мың қолмен ноян Сайын биләг және зайсан
Намеху- Жарғал Ташкенттегі өз биліктерін қалпына келтіру үшін жазалау
әскерімен Ұлы жүз жеріне басып кіреді. Бірақ та ұлы жүз батырлары
Наурызбай, Хангелді басшылығындағы әскерлер өз жерлеріне қорған қалады.
Ойраттардың осылайша жеңіліске ұшырауының басты себебі олардың өз
ішінен ауыз бірлігі жараспай, феодалдар арасында келіспеушіліктер туып,
таққа талас басталғандықтан еді. Осындай өзара қырқыстың нәтижесінде Цеван
Доржыны жоңғар шонжарлары тақтан тайдырып, көзін ойып алып, Ақсу шаһарына
жер аударады. Оның орнына Қалдан Цереннің үлкен ұлы Лама Доржы таққа
отырады. Алайда Лама Доржының некесіз туғандығын пайдаланып, Жоңғар
мемлекетінің негізін салушы Батур ұрпағы Дауаци мен оның жақтаушысы, таққа
үміткерлердің бірі Әмірсана екеуі бірігіп, Лама Доржыға қарсы шығады. 1751
жылы бұл қарсылықтары сәтсіздікке ұшырап, Дауаци мен Әмірсана өз елінен
қашып, Орта жүз жеріндегі Абылайды паналайды.
Дәл осы кезден бастап ел арасында қарым-қатынас қайта шиеленісе
түседі. Лама Доржы Абылайдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Абылайдың өмір және саяси жетекші ретінде қалыптасуы
Абылай ханның саясаттағы орны
Абылай (Әбілмансұр)
Әулиеата қаласын тұрғызған Абылай хан
Абылай тұлғасының қалыптасуы. Абылай ханның саясаттағы орны
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс және оның тарихнамасы
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Кенесары хан бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847)
Пәндер