«Қаражанбасмұнай» ААҚ мысалында еңбек ақының есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
I. Еңбек ақыны үйымдастырудың теориялық аспектлері
1.1 Еңбек ақы формалары мен жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдас.
тыру қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі ... ... ... ... ... ... ..21
II. «Қаражанбасмұнай» ААҚ мысалында еңбек ақының есебі мен талдауы.
2.1 Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері ... ... ... ... ..26
2.2 Кәсіпорында қолданылатын еңбек ақы жүйесі мен форма.
лары және оның көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ..33
2.3. Мұнай өндірісінде қызметкерлерді материалдық ынталан.
дыру және сыйақылау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
III. Мұнайгаз саласындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру
жолдары.
3.1. Шетелдік еңбек ақы төлеу жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.2. Кәсіпорын бойынша еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Қосымшалар
Халық шаруашылығының қандай да саласы болмасын нарықтық экономикалық жүйеге бейімдеу - қоғамдағы еңбек қаты-настары мен елдің экономикалық жағдайын көтерудің, жұмыс-керлерге ақы төлеудің, оларға әлеуметтік жағынан қолдау жасап, қорғалуына көптеген өзгерістер жасады.
Мемлекеттің осы саясатты жүргізудегі қызметінің көпшілігі мекемелерге дербестік беру, олардың жұмыс ұйым-дастыруына,еңбек ақы төлеудің жаңа түрлерін енгізіп , оның мөлшерін белгілеуге, жұмыс нәтижесімен материалдық ынталандырудың жан- жақты шараларын белгілеуге мүмкіндік жасады.
Сондықтан да «Еңбек ақы» деген ұғым өзінің мазмұнын өзгертіп, күрделене түсті, оған барлық табыстың түрлері - әртүрлі сыйақылар, үстеме ақы, әлеуметтік жеңілдіктер және тағы басқа төлемдер кірді. Сондай-ақ, заңнамаларға сәйкес қаржыландырудың түріне байланыссыз ақшалай және заттай жұмыс жасамай (еңбек демалысы үшін, мереке күндеріне) есептелетін табыстар да қосылатын болды.
Халық шаруашылығының қандай да саласы болмасын нарықтық экономикалық жүйеге бейімдеу - қоғамдағы еңбек қатынастары мен елдің экономикалық жағдайын көтерудің, жұмыскерлерге ақы төлеудің, табыс сүрудің, оларға әлеуметтік жағынан қолдау жасап, қорғалуына көптеген өзгерістер жасады.
Мемлекеттің осы саясатты жүргізудегі қызметінің көпшілігі мекемелерге дербестік беру, олардың жұмыс ұйымдастыруына,еңбек ақы төлеудің жаңа түрлерін енгізіп , оның мөлшерін белгілеуге, салық төлеуді ұйымдастыру, жұмыс нәтижесімен материалдық ынталандырудың жан- жақты шараларын белгілеуге мүмкіндік жасады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы,1995.
2. ҚР Азаматтық кодексі.Алмты,1994.
3. ҚР Президентінің «Қазақстан-2030» халқына Жолдауы.
Казправда, 1997.
4. ҚР «ҚР экономикасы салаларының жұмыскерлерінің еңбек ақысы
туралы» Үкіметтің қаулысы 20.10.1992.
5. ҚР «ҚР еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру туралы»
Үкіметтің қаулысы,1997.
6. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана,2005.
7. Алехина О. Стимулирующий эффект систем заработной платы //
Человек и труд. – 1997. - № 1. – С. 90-92.
8. Л. Г. Алиева, Ф. И. Алдашкин. “Бухгалтерский учет в нефтяной и
газовой промышленности.”
9. В. В. Бочкарев, Н. П. Макаров. “Организация труда и заработной
платы в нефтяной промышленности.”
10. Ф. Ф. Дунаев, В. И. Егоров, Н. Н. Победоносцева, Е. С.
Сыромятников. “Экономика нефтяной и газовой промышленности.”
11. Джолдасбаева Г.У. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы,2001.
12. В. Н. Егоров, Л. Г. Золотникова. “Экономика нефтеперерабатываю-
щей и нефтехимической промышленности.”
13. «Труд в Казахстане» №2,февраль 2003 г.
14 . «Ваш друг- Валют-Транзит» №1(13), январь 2004 г.
15. «Мир финансов». № 1,август 2007.
16. «Областная газета «Огни Мангистау» №38-40 от 28.02.2008г.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I. Еңбек ақыны үйымдастырудың теориялық аспектлері
1.1 Еңбек ақы формалары мен
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақыны ұйымдас-
тыру
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 13
1.3 Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
механизмі ... ... ... ... ... ... .. 21
II. Қаражанбасмұнай ААҚ мысалында еңбек ақының есебі мен талдауы.
2.1 Мұнай саласында еңбек ақы төлеу
ерекшеліктері ... ... ... ... ..26
2.2 Кәсіпорында қолданылатын еңбек ақы жүйесі мен форма-

лары және оның көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ..33
2.3. Мұнай өндірісінде қызметкерлерді материалдық ынталан-

дыру және сыйақылау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
III. Мұнайгаз саласындағы еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру
жолдары.
3.1. Шетелдік еңбек ақы төлеу
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.2. Кәсіпорын бойынша еңбек ақыны ұйымдастыруды жетілдіру

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .56
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Халық шаруашылығының қандай да саласы болмасын нарықтық
экономикалық жүйеге бейімдеу - қоғамдағы еңбек қаты-настары мен елдің
экономикалық жағдайын көтерудің, жұмыс-керлерге ақы төлеудің, оларға
әлеуметтік жағынан қолдау жасап, қорғалуына көптеген өзгерістер
жасады.
Мемлекеттің осы саясатты жүргізудегі қызметінің көпшілігі
мекемелерге дербестік беру, олардың жұмыс ұйым-дастыруына,еңбек ақы
төлеудің жаңа түрлерін енгізіп , оның мөлшерін белгілеуге, жұмыс
нәтижесімен материалдық ынталандырудың жан- жақты шараларын белгілеуге
мүмкіндік жасады.
Сондықтан да Еңбек ақы деген ұғым өзінің мазмұнын өзгертіп,
күрделене түсті, оған барлық табыстың түрлері - әртүрлі сыйақылар,
үстеме ақы, әлеуметтік жеңілдіктер және тағы басқа төлемдер кірді.
Сондай-ақ, заңнамаларға сәйкес қаржыландырудың түріне байланыссыз
ақшалай және заттай жұмыс жасамай (еңбек демалысы үшін, мереке
күндеріне) есептелетін табыстар да қосылатын болды.
Халық шаруашылығының қандай да саласы болмасын нарықтық
экономикалық жүйеге бейімдеу - қоғамдағы еңбек қатынастары мен елдің
экономикалық жағдайын көтерудің, жұмыскерлерге ақы төлеудің, табыс
сүрудің, оларға әлеуметтік жағынан қолдау жасап, қорғалуына көптеген
өзгерістер жасады.
Мемлекеттің осы саясатты жүргізудегі қызметінің көпшілігі
мекемелерге дербестік беру, олардың жұмыс ұйымдастыруына,еңбек ақы
төлеудің жаңа түрлерін енгізіп , оның мөлшерін белгілеуге, салық
төлеуді ұйымдастыру, жұмыс нәтижесімен материалдық ынталандырудың жан-
жақты шараларын белгілеуге мүмкіндік жасады.
Нарықтық қатынастарға көшу жаңадан табыс көздерін - акциялар
бойынша есептелген және мекеме еңбек ұжымы мүшелерінің мүліктік үлес
есебінен салымшылыққа түскен түсімдерін( дивидендтер, пайыздар)
қамтиды.
Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы Қазақстан 2030 стратегиялық
бағдарламасының, 2005 ж.17 ақпанындағы Қазақстан Республикасы
Президентінің азақстан халқына Жолдауынның негізгі бір бөлігі болып
саналады. Мұнда мемлекеттік қызметшілердің, сондай-ақ бюджет саласының
басқа да қызметкерлерінің еңбек ақысын биылғы шілдеден орта есепппен
32 пайызға, ал 2007 жылдан бастап, тағы да 30 пайызға көтеру, сөйтіп
біртіндеп оның мөлшерін жеке меншік секторына жақындата беру керек
екені көрсетілген.
Дипломдық жұмыс тақырыбына сәйкес өндірістік практикамды өткен
кәсіпорын Маңғыстау облысының мұнай инфрақұрылымына жататын, аймақтың
негізгі табыс көзін құрайтын кәсіпорын болып табылады. Дипломдық жұмыс
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 15-шағын аудан 8-
үйде орналасқан Қаражанбасмұнай ашық акционерлік қоғамының негізгі
мәліметтері бойынша жүргізілді.
Аталған кәсіпорын 1982 жылдан бастап жеке ұйым ретінде өз
қызметін бастады. Қаражанбасмұнай ААҚ шетелдік тұлғалармен бірлесіп
қызмет ететіндіктен, кәсіпорынның мәліметтері коммерциялық құпия болып
саналып, жарияланымдарға берілмейді.
Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы Қаражанбас кен орнында
тұтқырлығы жоғары мұнай өндірумен айналысады. Мұнда жергілікті
тұрғындар шетелдіктермен бірлесе жұмыс жасайды. Кәсіпорындағы басқару
объектілерінің,өндіріс процесінің негізделген бағасы,қызмет көрсетудің
жеке элементтері, әлеуметтік экономикадағы жүйедегі орнын анықтай білу
ұйымдастыруда дұрыс және мақсатталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік
береді. Бұл мақсаттарға дәл және жүйелі, сапалы және кешенді талдау
жүргізу арқылы жетуге болады.
Өндірістік практиканың негізгі мәселелеріне мыналар жатады:
-кәсіпорынның өндірістік, шаруашылық, ұйымдастырушылық және қаржылық
қызметін талдау;
-өндірісті басқару мен ұйымдастыруға еңбек ақыны төлеу мен
ұйымдастыруға талдау.
Мұнай көлеиі жергілікті, республикалық бюджеттің негізгі
құраушыларының бірі болып табылады, және облыс экономикасына
кәсіпорынның экономикалық жағдайы тікелей әсер етеді.
жұмыскерлерге ең төменгі еңбек ақысының мөлшерін ұйымдастыру –
құқықтық заңнамаларға сәйкес рәсімделеді.
Жұмыстың есебін жүргізу және еңбек ақы есептеу мекеме жұмысын
жүргізу мен ұйымдастыруында басты орын алады.
Шаруашылықты нарықтық жағдайға байланысты ұйымдастырудың
негізгі мақсаттары мен бағыттары :
- жұмыскерлердің еңбек ақыларын барлық үстемелерін қоса алғанда кезінде
есептеп, ұстауға тиістілерін ұстап, нақтылы қолға алатын сомаларды
алудың мерзімдерін белгілеу ;
- ақылы қызмет көрсету және алған азық-түлік түрлерінің нақты өзіндік
құндарын анықтап, зейнетақы қорларына аударылатын сомаларды кезінде
жүзеге асыру ;
- мекеменің еңбек ақыға және әртүрлі қорларға аударылатын сомаларының
толықтай жиынтығына кезінде есептеме жасау ;
- еңбекті есепке алу мен еңбек ақы есептеу , оның сандық және сапалық
жағдайына, әлеуметтік түрлі төлемдер мен еңбек ақы қорына жататын
қаржыларды бақылауға мүмкіндік жасайды ;
Қазақстанда нарықтық экономикалық қатынастарға көшуге
байланысты еңбек ақы есептеу деңгейлерінің шектемесі мекеменің
салааралық қатынастардың қиындығын туғызды.
Біздің ұлттық экономикамызда орташа еңбек ақы 130-150 АҚШ
долларын құраса, жұмыскерлердің әртүрлі санаттарында ол оданда
айырықша ерекшеленді.
Мысалға, мұнайгаз өнеркәсібі, электр энергиясын өндіру және
түсті металлургия салаларындағы жұмыскерлердің еңбек ақы деңгейлерінің
орасан зор болуы- оларға ішкі, сыртқы сауда сұраныстарының артуынан
болып табылады. Біздің экономикамызда еңбек ақы төлеудің өсімі ,
әсіресе несиелік, қаржылық және қауіпсіздендіруде салаларында өсті.

I.Еңбек ақыны үйымдастырудың теориялық аспектлері
1.1. Еңбек ақы формалары мен жүйелері

Еңбек ақы жүйесі ретінде еңбек көлемін сипаттайтын жұмысшының
еңбек нәтижесіне және белгіленген еңбек күші құнына сәйкес еңбек ақы
алудың кепілдігі сияқты көрсеткіштердің өзара байланысы түсіндіріледі.
Еңбек ақы формасы –жұмысшының орындаған еңбегін бағалау арқылы
еңбек нәтижесі есебінің негізгі көрсеткіштері бойынша жинақталған
есебі.
Кәсіпорында еңбек ақының 2 түрі кең таралған: келісімді (немесе
өндірілген өнімге байланысты) және уақыт бойынша.
Келісімді еңбек ақы – шығарылған өнімнің есебі бойынша
анықталады.Ол кезде өнімді шығаруға кеткен уақыт, шыққан өнімді уакытқа
байланысты нормалау , тапсырыстың уақытпен орындалуы есепке алынады.
Онда өндірілген өнімнің саны есептеледі.Өнімге байланысты еңбек ақы
қай мезгілде орындалды- күндіз бе, түн кезінде ме, жұмыстан тыс
мезгілде ме , оған байланысты болмайды.Еңбек ақының келісімді түрі
орындалатын жұмыс дәрежесі және бірінші дәреженің тарифтік ставкасының
есебімен келісімді бағаларды анықтауға негізделеді. Келісімді еңбек
ақы ,әдетте, келесі шарттарда қолданылады:
- нақты жұмысшы немесе бригада жұмысының сандық көрсеткіштерінің бар
болуы;
- орындалатын жұмыс көлемінің анық есебі;
- жұмысшылардың орындайтын жұмыс көлемін үлкейту,көбейту мүмкіндігі;
- еңбектің техникалық жабдықталу нормасының болу мүмкіндігі.

Келісім бойынша ақы төлеуде төмендегі жағдайлар есепке
алынады:
біліктілігіне сай өндірілген өнімге жұмсалған уақыт, оның санын
белгіленген тариф бойынша анықтау ;
нормадан тыс өнімге ақы төлеу , үстеме ақы төлеу ;
нормадан тыс өнім өндіру және жоғары сапамен өндіру, өнімде бүлінген
т.б. оқыс жағдайлар кездеспесе- бұл жағдайда сыйақылық жағдаймен ақы
төлеу .
Келісімді еңбек ақы мынадай жүйелерге бөлінеді:
- жұмысшылармен есептесу (жеке және ұжымдық);
- келісімді бағалауды анықтау(тікелей,жанама, прогресивті,аккордты);
- сыйақылар.
Тікелей жеке келісімді еңбек ақының жүйесі бойынша жұмысшылардың
еңбек ақысы әрбір шығарылған өнімнің келісімді бағасы және жалпы
шығарылған өнім көлемдерінің көбейтіндісі арқылы анықталады.
Тікелей ұжымдық келісімді жүйе бойынша еңбек ақы ұжымдық
бағалау және өндірілген өнімнің жалпы көлемі бойынша анықталады.
Келісімді сыйақылау жүйесі нормадан тыс өнімге және оның
сапасына байланысты төленеді. Сыйақының мөлшерін еңбек ақы қорына
байланысты мекеме әкімшілігі мен кәсіподақ бірігіп келіскен ұжымдық
шартта көрсетіледі. Бұл кезде мына формула қолданылады:

Еңбек ақы=P*Q(1+(p+k*n)100)

P-әрбір өнімнің келісімді бағасы;
Q-шығарылған өнім көлемі;
p-белгіленген көрсеткіштерді орындағаны және сыйақылау шарты үшін
сыйақының тарифтік ставкаға проценттік көлемі;
k-әрбір белгіленген көрсеткіштің процентіне нормадан асыра орындағаны
үшін сыйақы;
n-белгіленген көрсеткіштерді нормадан асыра орындау проценті.
Келісімді –прогрессивті жүйе бойынша жұмысшы еңбегі норманы
орындау шегінде-тікелей келісімді бағалаумен есептеледі.Бұл жүйені
қолдану кішігірім өндірісте тиімді.
Жанама –келісімді төлеу жүйесі бойынша еңбек ақы жұмысшылар
еңбек нәтижесіне байланысты есептеледі. Бұл көбінесе қосалқы жұмыстар
атқаратын жұмыскерлерге төленеді.
Осылармен қатар,еңбек ақы төлеудің аккордық жүйесі, яғни бүкіл
жұмыс кешенін аяқтап тапсырған кезде, мысалы , жерасты ұңғылау
жұмыстарының жоспары және оны кезінде ойдағыдай тапсырса,
жұмыскерлерге ақы есептеу түрі аккордық жүйеге жатады. Аккордтық
еңбек ақы төлеу түрімен кейбір жұмыстарды мекемедегі штатта тұрған
жұмыскерлер емес,азаматтық келісім- шарттар негізінде жалдамалы
жұмыскерлер де атқарады.
Уақыт бойынша еңбек ақы жүйесі есептеу жұмыс күшінің уақыт
өтіміне сай орындалады, бұл кезде жұмыскерлердің жұмыс нәтижесін
анықтау мүмкін болмайды. Бұл жұмыскерлер санатына –қызметкерлер мен
мекеменің басқару жүйесіндегі жұмыскерлер жатады. Уақытпен жұмыс жасау
кезінде еңбек ақы есептеу нақтылы жұмыста болған уақытына сай тарифтік
ставка бойынша есептеледі,және жұмыста атқарылған нәтиже есепке
алынбайды.
Уақыт бойынша еңбек ақы төлеудің графикалық бейнесі келесі
суретте көрсетілген.

Уақыт бойынша еңбек ақы төлеу

Сурет 1.1.1.
Суреттен уақыт бойынша ақы төлеуде еңбек ақы көлемі (ЕА)
еңбекөнімділігіне (ЕӨ) байланыстыемес,бірақ әрбір өнім бірлігіндегі
(ӨБ) еңбек ақы үлесі еңбек өндірісі үлкейген сайын төмендейтінін көруге
болады. Осыдан маңызды тұжырым жасауға болады: еңбек өнімділігі аз
болғанда, уақыт бойынша ақы қолдану жағдайында кәсіпорын шығындардың
өсуіне тәуекелді. Уақытылы еңбек ақының 2 түрі бар: жай және сыйақылы.
Жай уақыт бойынша еңбек ақы төлеу жүйесінде жұмысшының еңбек
ақысы оған белгіленген тарифтік ставка және жұмыс атқарған уақыты
бойынша кесімді ақы (оклад) арқылы келесі формуламен есептеледі:
Еңбек ақы=m*T
m- жұмысшының сағаттық(күндік) тарифтік ставкасы,тг.
T-өндірісте атқарған уақыты,сағат(күн)
Бұл жүйеде жұмыс уақыты бойынша ақы есептеуде – сағаттық,күндік
және айлық тарифтік ставкалар белгіленеді,яғни еңбек ақы есептеуде –
сағаттық, күндік ставкаларды өтелген сағат немесе күн санымен
көбейтумен анықталады. Егер жұмыскер айдың бүкіл жұмыс күндерінде жұмыс
атқарса- оның айлық жалақысы толықтай есептеледі, ал толық болмаған
кезде болған жұмыс сағаттарына ғана есептеледі.
Ал,сыйақылы уақытпен айлық есептеу кезінде тарифтік ставка
бойынша есептелген ақысынан тыс белгілі көлемдік және сапалық
көрсеткіштерді жабдықтау үшін сыйақы қосылады және ол келесі формуламен
есептеледі:
Еңбек ақы=m*T(1+(p+k*n)100);
m- жұмысшының сағаттық(күндік) тарифтік ставкасы,тг.
T-өндірісте атқарған уақыты,сағат(күн)

1.2.Нарықтық қатынастар шартында еңбек ақыны ұйымдастыру қағидалары

ҚР-ның еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы –бұл
жұмысшылардың фактілі атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды
формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады.Қазіргі кезде
еңбек ақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Нарықтық
экономиканың дамуы кезіндегі еңбек ақы –оның еңбегін пайдаланудың
нәтижесі, ал ол жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған
жұмысшы күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмысшы күшіне сұраныс
көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше.
Еңбек ақы ставкасының қалыптасуында әртүрлі нарықтық моделдер бар, ол
экономикалық заңдылықтарға негізделген.Қазақстандағы нарықтық
қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек
өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмысшы күшінің құны болып табылады, ал
ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды, оның мөлшері
өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, фирманың т.б.ақтық
жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді. Сондай-ақ, еңбек ақы оның осы
мекемедегі үлестік жүйемен ақы төлеуіне де байланысты.
Еңбек ақыны қарастырған кезде еңбек ақының номиналды және
нақты түрлерін ажырата білу керек. Номиналды еңбек ақы бір аптада,бір
күнде,бір сағатта алынған ақша сомасы.
Нақты еңбек ақы –бұл номиналды еңбек ақыға сатып алуға болатын
тауар немесе қызмет көлемі. Нақты еңбек ақы –бұл номиналды еңбек ақының
"сатып алу қабілеттілігі". Яғни, нақты жалақы номиналды жалақыға және
сатып алынатын тауар және қызметтер бағасына байланысты болады.
Еңбек ақы есептеуде – есептелгені,салық және басқа міндетті
ұсталғаннан қалғаны, ақшалай және басқалай жолмен төленетіні
көрсетіледі. Еңбек ақының ақшалай түрі- нарықтық экономикалық
жағдайдағы тауар мен ақша арасындағы эквиваленттік (арақатынас) басты
роль атқарады. Еңбек ақы төлеудің осы кезде заттай өніммен есеп
айырысу түрі де қолданылады. Егер мекеменің қолма – қол ақшасы болмаған
жағдайда - жұмыскердің және оның отбасы мүшелерінің қажетіне қарай
азық- түлік және басқа да тауар түрлерімен есеп айырысады. Еңбек
ақының тағы бір түрі – оқуға, біліктілік көтеру кезінде, демалыс
кезінде төленетін ақылар болып табылады. Еңбек ақыға сонымен қатар
әртүрлі әлеуметтік жеңілдіктер, шегерімдер кіреді.
Еңбек ақының негізінен екі түрі бар- негізгі және қосымша
еңбек ақы. Негізгі еңбек ақы – жұмыскердің нақтылы жұмыс өткерген
мерзімінде орындаған жұмысының сандық және сапалық жағдайымен
анықталады. Ол шығарылған өнімге қарай, тарифтік ставка бойынша, айлық
жалақы, сыйақы , түнгі мезгілдерде жұмыс жасаған, жұмыстан тыс кездерде
атқарған жұмысқа, бригадаға жетекшілік еткеніне , жұмыскердің кінәсінен
емес жұмыссыз тұрған кезде т.б кіреді.
Қосымша еңбек ақыға- еңбек заңдылықтарына сай жұмыс
уақыттарынан басқа мезгілдерде – еңбек демалыстарында, бала
күтіміндегілерге, жеңілдік пайдаланатын жасөспірімдерге, мемлекеттік
және жауапты қызметтер атқарған және жұмыстан шыққан кездерде
берілетін жәрдемақылар т.б. енеді.
Еңбек ақы есептеуде кейбір ерекше жағдайларда әрбір
жұмыскердің жеке еңбек үлесін бүкіл еңбек бригадасының , цех
жұмыскерлерінің келісімімен – еңбекке қатысу коэффициенті (ЕҚК) деген
шама қолданылады. Егер жеке жұмыскердің үлесі көп болса, ЕҚК жоғары
болады, еңбек ақысы да көп болады. Еңбек ақы есептеуде жұмыс орнының
қолайсыздығы да жұмыс жағдайына кері әсерін тигізетін кездері де
болады.Бұл ретте ол үшін қосымша шығындар жұмсауға тура келеді.
Еңбек ақы есептеудің түрінде- түн мезгілдерде де жұмыс атқару
кіреді,ол сағат 22-ден 6- ға дейінгі мезгіл болады. Түн мезгілдерінде
жұмыс жасаған үшін жұмыскерге көтеріңкі ставка бойынша ақы есептеледі,
оның мөлшері ұжымдық шартта белгіленуі тиіс.
Еңбек ақы есептеудің тағы бір түрі –жұмыс сағаттарынан тыс
мезгілдерінде жұмыс жасау. Бұл жұмыс жасау екі жақты келісім негізінде
іске асырылады. Мұндай жұмыс жасаудың алғашқы екі сағатында тарифтік
1,5 ставка есебімен, ал келесі жұмыс сағаттарына екі еселенген тариф
бойынша ақы есептеледі. Демалыс және мереке күндерін жұмыс
атқарғандарға өтемақы төленіп, ол үшін демалыс күндері екі жақты
келісім бойынша басқа мезгілдерде беріледі.
Еңбек ақының атқаратын қызметі өте зор. Олардың негізгі
бастылары : өндіру, ынталандыру, реттеу, статустық және өндірістік-
үлестік .
Өндіру қызметі - әлеуметтік қалыпты тұтыну деңгейін , жұмсалған
жұмысшы күшінің көлемін көрсетеді. 90 жылдардың аяғында ақы төлеудің
барлық мәселелері күнелтіс жағдайына қажетті мөлшерге барып тірелді.
Егер жұмыскердің еңбек ақысы оның күнелтіс жағдайы үшін жетпейтін
болса, өзінің және оның отбасы үшін қосымша ақы көзі керек болады. Ал
мұндай ақы көзін мекемеден тыс қараудың мүмкіндігі жоқ. Осыдан барып
жұмыскер басқа жұмыс орындарына жұмыс жасауға бой ұрады да, ал бұл
жағдай өнімнің сапасын төмендетуге, өндірістегі еңбек тәртібі жиі
бұзылуына, біліктілігі деңгейінің кемуіне соқтыра бастайды.
Еңбек ақының реттеу кызметі – мекемеге тапсырыс беруші мен
атқарушы орындардың( ұжым, жеке адам) қатынасынан туындайды. Бұл
мекемедегі жұмыскер саны, ондағы кәсіби мамандар мен қызметкерлердің
қамтылуы және олардың жұмыспен айналысу мүмкіндігінен қалыптасады. Бұл
кезде еңбек ақы деңгейлері жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы
тапсырыс пен оның орындалу нәтижесімен жекеленген топтар бойынша
белгіленеді. Бұл тәртіп ұжымдық шартта анық көрсетіледі. Жалпы еңбек
ақының реттеушілік қызметі –жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы
нақтылы жағдайға байланысты қаралады. Бұл өзара тиімділік жағдайдағы
әлеуметтік әріптестікпен еңбек қатынастарын реттеуге мүмкіндік жасайды.

Еңбек ақының статустық қызметі – жұмыскердің қызмет жағдайындағы
лауазымына қарай белгіленеді, бұл қызметтегі жұмыскердің тобы - еңбек
ортасымен әлеуметтік қатынаста болатын тұлғалар. Бұлардың еңбек
статусы – басқа жұмыскерлермен жоғарыдан төмен де, көлденеңде қатысты
болуы мүмкін. Еңбек ақының статустық қызметі – жұмыскердің жеке өзінің
ұйымдастырған қызметінің қорытындысымен бағаланады. Мекеменің
ерекшелігіне қарай бұл еңбек ақы ұжымдық шартта (контракт) анықталуы
мүмкін. Мысалға, дамыған елдерде үш сатылы түрде статустық ақы
тағайындау деген принцип бар.Онда :
-мекеменің экономикалық нәтижелік жағдайы ;

-жекеленген бөлімшелердің нәтижелі қызмет атқаруына ;
-еңбек ұйымдастырудағы жеке адамның үлесі,айрықша қызметі т.б.
Қорыта айтқанда, еңбек ақының статустық қызметі ұжымды іске
жұмылдыру арқылы нәтижелерге жетудің қорытындысымен анықталады және
оның айрықша атқаратын ролі – жеке тұлғалардың ұжым жұмысының нәтижелі
болуынан деп бағаланады. Бұл жұмыс үшін әрдайым материалдық негіз қажет
болады.
Еңбек ақының ынталандыру қызметі ( жағдай жасау)- бұл
басшылықтың жұмыскердің жұмысқа ынтасын арттыру , сол арқылы жұмыстың
нәтижелі болуына бірден- бір қозғаушы күшті арттыратын жағдай болып
табылады. Еңбек ақының бұл бағыттағы қызметі – еңбек нәтижесімен
белгіленеді,еңбек ақының үзілісі жұмыскердің ынтасын төмендетеді,
мысалға еңбек кезінде берілмеуінен оның қозғаушы күштік белсенділігі
кемиді. Мысалы, одақтың ыдырауынан кейінгі 5-6 жылдағы еңбек ақының
жағдайы.
Еңбек ақының ынталандыру қызметі,болмаса жұмыс тиімділігі мен
өндірілетін өнімнің төмендеуі, өнім сапасының кему т.б. кездеседі.
Еңбек ақының өндірістік – үлестік қызметі қызмет көрсету,
тауардың пайда болуына қатысты таза еңбекпен анықталады. Бұл жағдайда
еңбек ақы еңбектің нәтижесінде құнды затқа айналған, жеке адамның үлесі
немесе ұжымның үлесі нақтылы түрде анықталып,еңбек ақы осыған қарай
есептелінеді. Еңбек ақының өндірістік – үлестік қасиеті тек жұмыс
берушілер үшін емес, жұмыс атқарушылар үшін қажетті мәселе болады.
Көптеген тарифсіз ақы төлеу жүйесімен басқа да жүйелерде жеке адамға
еңбек ақы қорынан ақы төлеу мен жеке өзінің үлесі арасындағы өзара
байланысты нақтылай түседі. Мекеме ішіндегі жекеленген бөлімшелерде
(мұнайгаз өндірісінде цехтарда) жеке жұмыскердің қосқан үлесі бойынша
әртүрлі болып белгіленуі мүмкін. Жеке жұмыскердің нақтылы еңбек ақы
мөлшері – ол жеке адамның өзіндік ісі, оның еңбекке жеке қатысынан және
жеке үлес қосуынан туындайтын болады.
Жоғарыдағы қызметтерді жүзеге асыру үшін келесі қағидаттар
сақталынуы керек:
- кәсіпорында өз бетімен дербес еңбек ақыны ұйымдастыруға ,
формаларын,жүйелерін және еңбек ақы мөлшерін орнату;
- еңбек нәтижесіне , оның көлемі мен сапасына сәйкес еңбек ақының
әртүрлігі. Бұл қағидаттың негізі- жұмысшылар өзінің еңбек дәрежелігін
көтеруге,өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге ынтасын күшейту;
жұмысшылардың ақырғы еңбек нәтижесі жоғары болуына ынталылық;
әлеуметтік қорғанысты күшейту(дер кезінде еңбек ақы төлеу,индексация-
қаржы көлемін тездету); еңбек ақыдан еңбек өнімділігінің жоғары болуы.
Нарықтық экономика талабына сәйкес еңбек ақы көлеміне
нәтижесінде белгілі бір еңбек ақы деңгейі құралатын нарықтық және
нарықтық емес факторлар әсер етеді.

Сурет 1. 2.1.

Нарықтық факторлар:
1. Еңбек нарығында пайда болатын сұраныс пен ұсыныс-бұл берілген
еңбекті өндірісте пайдаланатын тауар және қызмет нарығындағы сұраныс
пен ұсыныстың өзгеруі .Тауар және қызмет нарығында сұраныстың төмендеуі
өнім көлемінің төмендеуіне , оның ішінде қолданылатын еңбек ресурсына
және еңбекке қабылдау шартын нашарлатады.Керісінше ,тауар және қызметке
сұраныстың жоғарылауы еңбекке сұраныстың және еңбек ақы ставкаларының
жоғарылауына әкелуі мүмкін.
2. Кәсіпорын үшін ресурстың пайдалылығы.Еңбекке сұраныстың жоғарылауы
көбіне кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарының табыстылығын өсуінің
экстенсивті факторларын қаншалықты көп ұстағанына байланысты болады.
Яғни, өндірістің басқа факторлары,оның ішінде техникалық жарақтану
өзгермегендегі қосымша жұмысшыларды қабылдау қаншалықты ұзақ
экономикалық тиімді болатынына байланысты.
3. Баға бойынша еңбекке сұраныс икемділігі.Кәсіпкердің шығындарының
көбеюіне әкелетін ресурс бағасының өсуі еңбекке сұраныстың кемуіне,
оның ішінде еңбекке қабылдау шартының кемуіне әкеледі. Сонымен қатар
баға бойынша еңбекке сұраныс икемділігі мыналарға байланысты болады:
Шекті табыс динамикасы. Егер шекті табыс жай қарқынмен төмендесе, онда
еңбек нарығында еңбек ресурсына бағаның төмендеуіне,яғни баға бойынша
сұраныс икемділігі әлсіз болады.
Еңбек ресурсына кәсіпорынның шығындылық үлесі.Тауар өндірісінің
жалпы шығынының еңбекке кеткен шығын үлесі жоғары болған сайын,еңбекке
сұраныс еңбек бағасына байланысты болады. Себебі,еңбек ақыға шығын
өзгерісі жалпы шығындардың көбінесі динамикасын айқындайды. Берілген
еңбек өндірісте қолданылатын тауарларға сұраныс икемділігі. Мысалы, нан
және тұз сияқты тұрақты сұранысқа ие тағамдарға сұраныс бағаға аз
байланысты болады.
4. Ресурстардың өзара орын басуы.Жоғарыдағы аталған факторлардың
әсерін қарастыра отырып, жұмыс берушінің өзгеріссіз техникалық базада
еңбек шығындарын азайту мүмкіндігі шектелген.
5. Тұтынылатын тауар және қызметке бағаның өзгеруі.Өмір сүру құнының
жоғарылауына әсер ете тұтынылатын тауар және қызметке бағаның өсуі
алдымен еңбек ақы ставкасы құрылымын қайта өндіріс минимумының өсуіне
әкеледі.
Нарықтық емес факторлар:
1. Еңбек ақы минимумын орнатумен байланысты мемлекеттік басқару
шараларының заңды кепілденген өтемақы деңгейі.Еңбек ақы ставкасына және
еңбекке қабылдау шарты кәсіби одақтардың саясаты әсер ету мүмкіндігі.
2. Кәсіпорынның қызметінің ақырғы нәтижелері және жұмысшының жеке еңбек
үлесі-еңбек ақы көлеміне тікелей байланысты.
3. Еңбек ақы минимумын орнату мақсатымен мемлекеттік реттеу шаралары.

1.3. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмі

Қазақстанда еңбек ақыны мемлекеттік реттеу механизмінің негізгі
элеметтері келесі суретте көрсетілген:
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
механизмінің негізгі элементтері

Сурет 1.3.1.

Минималды тұтыну бюджеті жұмыс күшінің ұдайы өндірісін және
жұмысқа жарамсыздардың тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін минималды
игілік және қызметтердің ақшалай бағамын білдіреді. Дәл осы көрсеткіш
ғылыми-негізді азық-түлік мөлшері және өндірістік емес тауар мен
қызметтерді енгізген әлеуметтік мөлшер,стандарт болып келеді.
Минималды тұтыну бюджеті тұтыну себеті (потребительская корзина)
негізінде есептеледі.Тұтыну себеті екі түрлі болады: тіршілік етуге
адамның алғашқы қажетін қанағаттандыратын минималды қаражат жиынтығын
құрайтын минималды түрі және адамның жан-жақты қажеттерінен
белгіленетін ұтымды (рационалды) түрі.
Минималды тұтыну себеті құнының негізінде кедейшілік шегі-минималды
тұтыну бюджетінен төмен болмайтын шекара белгіленеді.
Қазақстан Республикасында ең төменгі еңбек ақы еңбек ақы төлеу
саласында мемлекеттік реттеу элеметтерінің бірі болып келеді. Ең
төменгі еңбек ақы жұмыскердің қалыпты жағдайдағы өндірісте жұмсаған
қарапайым жұмысшы күшінің әлеуметтік нормадағы ең аз мөлшердегі құны
болып табылады. Ең төменгі еңбек ақы мөлшері бүкіл республика аумағына
ортақ Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленеді. Ең төменгі еңбек
ақы мөлшерін белгілеуде төмендегі мақсаттар еске алынады :
қарапайым жұмыстарды атқаруда жұмыскер еңбегін қанамау ;
еңбек ақыны төмендету арқылы бәсекелестікке жол бермеу ;
ең төменгі жалақыны көтеру арқылы жалпы еңбек ақыны көтеру;
экономиканың дамуына байланысты, оның ішінде ұлттық табыстың өз
дәрежесінде бөлінуіндегі әлеуметтік саясатты әділетті жүргізу.
Ең төменгі еңбек ақы нормасын белгілеуде әртүрлі жағдайлар
есепке алынады- әсіресе,елдің экономикалық жағдайы басты назарға
ұсталады. Басқа да дамыған елдерде де осы принцип қолданылады.
Ең төменгі еңбек ақы шегін белгілеудің әртүрлі жолдары бар:
аз еңбек ақы алатын жұмыс күшімен бәсекеге түсе алмайтын мүжәлсіз
топтарды әлеуметтік жағынан қолдау жасау ;
әділ еңбек ақы жүйесін белгілеу (мамандарға, қызметкерлерге)
еңбек ақының барлық базалық құрылымын белгілеу ;
макроэкономикалық саясаттың құралы есебінде зор ұлттық мақсаттарға
жету үшін экономикалық дамуды реттейтін ұлттық табыстың бөлінуіндегі
еңбек ақының аз мөлшерін белгілеу
Жоғарыдағы алғашқы екеуінде ең төменгі еңбек ақыны белгілеу
жекеленген өндіріс саларына , кәсіби топтарға жалпыға бірдей
белгіленеді .
Ғаламдық тәжірибеде ең төменгі еңбек ақы мөлшері әртүрлі
жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік алымдар есептеудің құралы есебінде
пайдаланылады. 1989 жылғы Еуропалық одақтың бастамасы бойынша
Халықаралық Комиссияның қорытындысымен ең төменгі еңбек ақы ұлттық
орташа еңбек ақының 68 % құрауға тиіс делінген. Осы қағида дамыған
елдерде мұқият сақталып келумен қатар кейбір елдерде одан көтеріңкі
болып белгіленген. Мұның өзі ең төменгі еңбек ақының мөлшерін көтеру
арқылы да халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мүмкіндігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында 1991 жылдан бастап ең төменгі еңбек ақы
мөлшері жыл сайын қайтадан қаралып, прогрессивті бағыт алып келеді.
Еліміздегі жоғарғы инфляцияның әсерінен ең төменгі еңбек ақы ең төменгі
күнелтіс шегі нормасынан кем болып та қалады. Соңғы жылдарда Қазақстан
экономикасының жоғарылауы, еліміздегі өндірілетін мұнайгаздың
шетелдерге шығарылуы зор табыстарға жетелеуде. Осының нәтижесінде ең
төменгі жалақы мөлшерінде жыл сайын өсіп келеді. Ең төменгі еңбек ақы
мөлшері мен ең төменгі айлық есептік көрсеткіштерін сызба жүзінде
кескіндесек :
Кесте 1.3.1.
1997-2007 ж. арасындағы ең төменгі еңбек ақы және айлық есептік
көрсеткіш өзгерістері,теңге
Көрсеткіштер 1997 ж. 2004 ж. 2005 ж. 2006 ж. 2007 ж.
Ең төменгі еңбек2124 3484 4081 5500 6600 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері. Еңбек ақының теориялық негізі
Мұнай саласында еңбек ақы төлеу ерекшеліктері
Еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті
Кәсіпкерлік қызметтегі бизнес – жоспар
Қаражанбасмұнай СІТІС ААҚ
Еңбек пен оның төлем есебі
2008 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі
Нарықтық экономикадағы еңбекақы
Еңбек және оның төлемақысының есебі
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарт түрлері және мазмұны
Пәндер