Есірткі саудасымен күрес проблемалары



КІРІСПЕ 3
Есірткі саудасымен күрес проблемалары 4
Есірткі мәселесі 5
Есірткінің зияны 7
Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту 8
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 11
Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.
1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қайнар Университеті

Тақырыбы: Есірткі саудасымен күрес проблемалары

Орындаған: Еркулов А.К

Алматы – 2012
Мазмұны

КІРІСПЕ 3
Есірткі саудасымен күрес проблемалары 4
Есірткі мәселесі 5
Есірткінің зияны 7
Есірткіні теріс пайдаланатын адамдарды емдеу және әлеуметтік оңалту 8
Қорытынды 10
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 11

КІРІСПЕ

Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде
жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге
жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп
отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш
тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз
ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар
және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге
қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі
қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де
шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес
екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің
ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар
да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл
айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып,
аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек
беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды
құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі
емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу
керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл
негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін
емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ,
есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен
ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар
тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі
полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра
пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп
болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге
ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен
ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап
табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай
тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.

Есірткі саудасымен күрес проблемалары

Нашақорлық - тек Қазақстанды ғана емес бүкіл әлемді алаңдатып отырған
қауіпті дерт. БҰҰ жанындағы Есірткі және қылмысқа қарсы күрес кеңесінің
(UNODC - Тhe United Nations Office on Drugs and Crime) мәліметтеріне
сүйенсек, дүниеде кемінде бір рет болса да есірткі қолданған кісілер саны
155 миллионнан 255 миллионға (15-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің 3,5
немесе 7 пайызы) жетіп жығылатын көрінеді. Ал 2010 жылы Қазақстандағы
нашақорлардың саны шамамен 55 мың кісі болған. Сарапшылар бейресми түрде
мұның 10 тіпті 20 есеге дейін көп болуы мүмкін дейді. Ресми деректерге
сәйкес, жыл сайын тек Ауғанстан есірткісінен жүз мыңға жуық кісі қайтыс
болатын көрінеді.
Әлемде нашақорлықтың кең тарауына мүдделі арнайы қылмыстық топтар мен
жекелеген мемлекеттік қызметкерлер бар. Сауатты түрде ұйымдасқан олар
есірткі саудасын өркендетуге ат салысуда. Статистикалық деректер есірткі
саудасының қыруар пайда әкелетінін айғақтайды. Мәселен, бір гектар бидайдан
түсетін табыс 150 АҚШ доллары болса, бір гектар апиыннан келетін табыс
көлемі 3 000 АҚШ долларын құрайды. Есірткі саудасы жекелеген адамдардың
пайдасына жүргізілгендіктен маңыздылығы жағынан әлемдік мұнай саудасынан еш
кем емес деуге негіз бар. Қазіргі таңда астыртын жүргізілетін есірткі
саудасы тарихта ашық түрде, әрі алпауыт мемлекеттердің сыртқы саясаты
ретінде жүргізілген. Мәселен, күн батпайтын империя болған Англия ХІХ
ғасырда Үндістанға есірткі ектіріп, қытайлықтарға оны шектіру арқылы қыруар
табысқа кенеліп отырды. Отар елдерді қанаған Англияның бұл әрекеті
Қытайдағы атақты Апиын соғыстарын туғызған болатын.
Есірткі саудасы терроризм, экстремизм және діни радикализмнің кең
қанат жаюына мүмкіндік беріп отыр. Өйткені Ауғанстан жерінде есірткіні
өндіріп, экспорттаушылар көбіне террористік және экстремистік ұйымдардың
өкілдері болуда. Сондықтан есірткі саудасынан түсетін қаржы Ауғанстандағы
тұрақсыздықтың қайнар көздерінің бірі дей аламыз. Сондай-ақ, әлемдік ірі
есірткі саудалаушылары есірткінің төлемі ретінде кей-кездері Орталық Азияға
қару-жарақ жөнелтіп отырады. Сондықтан бұл топтар Ауғанстан жерінде
тұрақсыздықтың болуына тікелей мүдделілік танытып отыр дей аламыз.
Әлемдік есірткі саудасының дамуына мемлекеттік шенеуніктердің де ат
салысып отырғанын айту керек. Ауғанстаннан әлемнің түкпік-түкпіріне
таралғанға дейін есірткі заттары көптеген елдердің шекарасын басып өтеді.
Өйткені, есірткі тасымалының 70 пайызы автокөліктер арқылды, 20 пайызы
пойыздар арқылы, 10 пайызы әуе жолдары арқылы жүзеге асырылуда. Транзит
елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиісті арнаулы қызметкерлердің
көбісі есірткі саудасына көз жұмып қарауда. Өйткені шебер ұйымдастырылған
есірткі сауда жүйесі мемлекеттік қызметкерлердің көбісімен сыбайласып өз
мақсаттарын жүзеге асырып отыр.
Есірткімен күреске әлем мемлекеттері болып жұмылғанымен есірткі
саудасының көлемі жылдан-жылға артуда. 1999 жылғы мәліметтерге сәйкес,
Ауғанстанда апиынды геройнге айналдыратын 5 фабрика, және Бадаһшан,
Жалалабад және Құндызда есірткі заттарын тұтынуға әзірлейтін 75 лаборатория
жұмыс істейтіндігі анықталған болатын[1]. Ал тек қана Бішкектің өзінде
апиынды геройнге айналдыратын 36 лаборотория анықталған болатын. Тіпті,
Қандағар аумағында арнайы есірткі биржасының жұмыс істейтіні де белгілі.
Апиынннан геройн өндіретін әлемде 400 лаборотория жұмыс істеуде. Ал кейбір
ақпараттарға сәйкес, жылына Ауғанстаннан 3 мың тоннаға жуық таза геройн
алынатын көрінеді. Елдегі есірткі алқаптарының көлемі жыл өткен сайын артып
келеді. Мәселен, Ауғанстанның тек Гильменд облысында өндірілетін есірткі
бүкіл Колумбиядан экспортталатын есірткіден де көп[2].
Қазіргі таңда әлемдік есірткі саудасының жылдық тауар айналымы шамамен
400 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде Ауғанстаннан экспортталатын
апиын және апиыннан өндірілетін геройнның үлесі 100 млрд. АҚШ доллары.
Ауғанстан есірткісі әлем елдеріне негізгі үш бағыт бойынша тасымалданады:
- Солтүстік бағыт. Бұл Орталық Азия елдері арқылы Ресейге, Ресей
арқылы Еуропаға тасымалданатын транзит жолы;
- Батыс бағыт. Бұл Иран мен Түркия территориясы арқылы Еуропаға
жеткізілетін жол. Бұл бағыттың Кавказға бұрылып, Ресей территориясына
өтетін тармағы бар.
- Оңтүстік бағыт. Бұл Пәкістан территориясы арқылы әлемдік мұхитқа
шығарылатын жол.
Аталған үш бағыттың біріншісі арқылы есірткінің 60-70 пайызы
тасымалданатын көрінеді. Бұл біздің ел үшін де үлкен қатер. Мұның зардабын
көбіне қарапайым халық тартуда. Осы күнге дейін есірткімен күрес мақсатында
көптеген әскери операциялар өткізіліп келеді. Тәркіленген есірткі көлемі
алып айсбергтің тек бізге көрінетін бөлігі ғана. Шын мәнісінде мұның
артында есірткі саудасын өмірлік кәсіп қылушы алпауыт қылмыстық топтар тұр.
Есірткі саудасымен күрестің тағы бір кемшін тұсы - операцияларды
жекелеген елдер немесе белгілі-бір ұйымдар ғана өткізіп отырады. Бұл
есірткі транзитінің операция өткізуші аймақты айналып өтуіне негіз болуда.
Сондықтан Ауғанстанды айнала жүйелі түрде есірткі саудасымен күресетін
арнайы ұйым құру қажеттігі байқалады. Әрине, егер бұған ықпалды тұлғалар
ниетті болса.

Есірткі мәселесі

Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде
гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны
жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның көмегімен қиылған
есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс
жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы
жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке
тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша
белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы
мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін
немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік
жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас
бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың
есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас
бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін -
15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға;
кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш
көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін
бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде
адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір
бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар
ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын
пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға
дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен
байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін
міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын
адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер
арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің
әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау
қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл
тірі жандардың өмірі. Солардың әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынудың қылмыстық-құқықтық және криминологиялық амал-шараларының тиімділігін арттыру
Есірткі заттарға және жүйкеге әсер ететін заттарға бақылауды жүзеге асыратын құқықтық шаралардың даму тарихы
Халықаралық қылмыстық құқық
Нашақорлықтың алдын - алу
Қазақстанның сыртқы саясаты: басымдықтары мен міндеттері
АДАМ САУДАСЫ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Жастар арасындағы нашақорлық мәселесі
Есірткіге қарсы күрес
Кең тараған есірткі
Адам саудасымен күресудің халықаралық құқықтық механизмдері
Пәндер