Банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi


Жоспары:
Кiрiспе
Осы курстық жұмыстың тақырыбы “банктiк несие және оның экономиканың дамуында алатын рөлi” өзектi тақырыптардың бiрi болып табылады. Өйткенi, қазiргi нарықтық экономика жағдайында тұрғындар өз қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн несие алуға ұмтылады, ал коммерциялық банктер өз қызметiн пайда табу мақсатында несиелеу процесi арқылы жүзеге асырып отыр.
Республикамызда нарықтық қатынастар қалыптасқалы берi, көптеген экономикалық-әлеуметтiк өзгерiстер болды. Банктер жекешелендiрiлiп, әр түрлi меншiк нысанындағы кәсiпорындар дами бастады. Сәйкесiнше, уақытша босаған ресурстарға деген қажеттiлiк одан сайын өсiп, банктердiң несиелiк әрекетi жаңа мазмұнға ие болды. Кәсiпорындардың қарқынды дамуы экономикамызға оң ықпалын тигiзерi сөзсiз. Банктер уақытша босаған ресурстарды жеке және заңды тұлғаларға мерзiмдiлiк, төлемдiлiк, қайтарымдылық негiзде уақытша пайдалануға беру арқылы кәсiпорындардың, яғни экономикамыздың қозғаушы күшiне айналды.
Несие нарығы ақшаның экономикадағы мол өндiрiсiнен пайда болды. Несие тұтынушыларға көп уақытқа пайдаланатын тауарлар алу, үй құрылысын жүргiзу, т. б. үшiн керек. Өндiрушiлер өздерiнiң инвестицияларын қаржыландыру үшiн ақшаны қарызға алады. Мемлекетте өз шығындарын жабу үшiн несиенi пайдалануға мәжбүр болады. Несиенiң өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде, өндiрiстiң күшеюіне, ақша айналымы сферасында да, инфляция кезiнде де рөлi зор болып табылады.
Банктiк несие экономиканың дамуына үлкен әсер тигiзеді. Банктiк несиенiң қазiргi жүйесi нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарылатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Курстық жұмыстың мақсаты-ҚР-ғы қазiргi таңдағы банктердiң несиелеу процесiнiң экономикада алатын орнына баға беру, несиелеумен байланысты туындайтын проблемаларды анықтап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс кiрiспеден, 1- несие түсiнiгi және оның теориясы, 2- ҚР-ның экономикалық жағдайында банктiк несиенiң даму тенденциялары, қорытынды бөлімдерінен тұрады.
1. Банктiк несие түсiнiгi және оның теориясы.
- Банктiк несие мәнi және экономикалық рөлi.
Ұ дайы өндiрiс фазаларының бiрлiгi мен өзара әсерi тауар-ақш қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етiледi.
Ұдайы өндiрiс процесi фазаларының өзара әсерi, тауарлық шаруашылығы несиенiң орнын айқындауда және оның мәнiн ашуда елеулi мәнге ие. Өндiрiсте несиелiк қатынас жүргiзiлмейдi. Өндiрiстiк процеске несиелiк қатынастардың тек бiрiншi жағы -алынған несиенi өндiрiстiк мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екiншi жақ - кредитор өндiрiстiк процестiң сыртында қалады. Демек, несие бiрегей ұдайы өндiрiс процесiнiң субъектiлерi арасындағы экономикалық байланысты бiлдiредi. Сондықтан несиенiң мәнiн ұдайы өндiрiс процесiнiң бiр сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Несие тек өндiрiсте ғана пайда бола алмайды, өйткенi мұндай өнiм әлi жасалған жоқ, ал оның бөлiктерi ұдайы өндiрiс процесiнiң сәйкес қатынасушыларының иелiгiне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндiрiс сатысы емес өнiмнiң қозғалысының келесi сатылары бередi. Осы мағынада несиелiк қатынастар бұл өндiрiстегi қатынастар емес, оның сыртындағы қатынастар болып табылады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмiлесiнiң формасы ретiнде құн қозғалысының үздiксiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесiнде мәмiленiң 2 түрi ажыратылады: қарыз мәмiлесi және сатып алу-сату мәмiлесi. Несие қарыз мәмiлесi ретiнде тауар айналысының процесiне себепшi бола алады. Қарыз мәмiлесi тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмiлесiне қарсы салыстыру арқылы сипатталуы мүмкiн. Олардың арасындағы негiзгi айырмашылық мынада: сатып алу-сату кезiнде эквиваленттiң қайтарылуы кейiнге қалдырылады. Несие ақшаның төлем құралы функциясындағы дамуы болып табылады. Ал, эквивалент қайтарылуының кейiнге қалдырылуы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмiлесiн сатып алу-сату мәмiлесiнің бiр түрi деп ойлауға болмайды.
Айырбастың 2 контрагентiнiң бiрегей келiсiмi ретiнде алынған сатып алу-сату мәмiлесi олардың арасындағы кездейсоқ, өткiншi байланысты жүзеге асырады.
Несиенi экономикалық категория ретiнде қарыз мәселiсi негiзiнде көрiнетiн және дамитын өндiрiстiк қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәселесi несиесi экономикалық категория ретiнде өз бетiнше сипатталмайды, оны мәміле негiзiнде пайда болатын өндiрiстiк байланыстар немесе жүзеге асыру формасы мәмiлесi болып табылатын өндiрiстiк қатынастар сипаттайды.
Несие шаруашылық жүйелердiң ауысуына жағдай жасап отырып өзi де ауысып отырады, өз мазмұнын өзгертедi.
Қарыз мәмiлесi ретiнде несиенi екi көзқараста қарастыруға болады: бiрiншiден, оның техникалық заңдылық белгiлерi көзқарасынан, екiншiден, әлеуметтiк мазмұны, яғни осы келiсiм негiзiнде өсетiн және дамитын немесе онда өз көрiнiсiн табатын өндiрiстiк байланыстар типiн сипаттайтын белгiлер тұрғысынан. Бұл екеуi бiр-бiрiнен бөлiнгiсiз, олар өзара байланысты және себепшi. Бiрақ экономикалық талдау үшiн маңыздысы−қарыз мәселесiнiң экономикалық мазмұны, яғни өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр формалармен байланысты шаруашылық әдiстерi, жұмыс тәсiлдерi емес, өндiрiстiк қатынастардың өзi болып табылады.
Бұл жағдайды былайша түсiндiруге болады. Мысалы, машина өндiрiсiн таза техникалық тиiмдiлiгi тұрғысынан қарастыруға болады, сонымен қатар сол машина өндiрiсi негiзiнде пайда болатын және дамитын өндiрiстiк байланыстардың формалары мен типтерi тұрғысынан, бұл бiр жағынан, оларға себепшi, ал екiншi жағынан, олар оны анықтайды. Бiрiншi жағдайда, бiз машина өндiрiсiн техникалық-экономикалық категория, ал екiншiсiнде− экономикалық категория ретiнде қарастырамыз.
Несие-өндiрiстiк қатынастарды бiлдiретiн экономикалық категория. Несие экономикалық категория ғана емес, сонымен қатар тарихи категория екенiн атап өту керек. Ол өндiрiстiк күштердiң тек белгiлi бiр дамуында пайда болады. Экономикалық категориялар-жалпы тарихи категориялар. Несиенiң және несиелiк қатынастардың пайда болуына табиғи негiз−тауарлы шаруашылық болып табылады.
Қолдан-қолға тауарлардың қозғалысы ретiнде тауарлар айырбасы, қызметтер айырбасы несие жағдайындағы қатынастың пайда болуына негiз болып табылады. Ақша қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн себептер, несие қажеттiлiгiнiң де себептерi болып табылады.
Несие ұдайы өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен келiп шығады. Несие берiлген сайын ол шаруашылық субъектiлерінiң өндiрiстiк капиталы ақшалай, өндiрiстiк және тауарлық формаларда болады.
Несиенiң мәні−бұл несиенi экономикалық қатынастардың бiртұтас жүйесінiң элементi ретiнде көрсететiн, оның мәндi анықтығын бiлдiретiн сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенiң мәнi және қажеттiлiгi туралы жоғырыда айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырайық.
Несиелiк мәмiледе қатынас субъектiлерi қарыз берушi және алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. Несиелік операциялар−бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер керісінше, банк қарыз алушы рөлінде болғанда пайда болады. Банктердің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық. Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу үшін және т. б. сатып алу шығындарын қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды негізінен табыс алу мақсатында коммерциялық банктерден алады.
Банктер өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар рөлін атқарады. Осыған байланысты несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субъектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субъектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трансфармацияланатын жанама несиелендіру. Осы екі түрінің алғашқысы−банктік, ал соңғысы−коммерциялық несиелер.
Банктік несие−ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы, ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді. Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыға ұсынылады. Несие беруші−банк, ал қарыз алушы−шаруашылық субъект болып табылады.
Кредитор-несиелiк мәмiленiң қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшiн кредитордың қарамағында белгiлi бiр қаражаттар болуы керек. Оның көздерi өз қорлары, ресустары, өз кезегiнде қайтарымдық негiзiнде ұдайы өндiрiс процесiнiң басқа субъектiлерiнен алынған ресустар бола алады. Қазiргi уақыттағы шаруашылықта кредитор-банк қарызды тек өз меншiгiндегi ресустар есебiнен ғана емес, оның шаттарында сақтаулы тартылған қаражаттар есебiнен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебiнен де бере алады.
Банктердiң құрылуымен кредиторлардың шоғырлануы жүредi. Банкирлер басқа барлық кредиторлардың өкiлi болды. Банктер ұжымдық кредиторлар ретiнде бола отырып, несиелеу үшiн шаруашылықта уақытша пайдаланылмайтын ресустарды жинақтай алады, сонымен қатар эмиссия жасай алады. Кейбiр жағдайларда босаған ресустар болып табылатын құндылықтар да қарызға берiледi. Кредитор ретiнде басқа шаруашылық иесiне белгiлi бiр мерзiмге ресурс берушi тұлға болады. Қарыз алушы несиенi белгiленген мерзiмде қайтармаған жағдайда несиелiк келiсiмнiң ерiктiлiгi бұзылады, қарыз алушылармен анағұрлым қатаң қатынастарға әкеп соғады.
Қарыз алушы-несиелiк қатынастың, несиенi алушы және алған қарызды қайтаруға мiндеттi жағы болып келедi. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiне жақын, бiрақ шамасы бiрдей түсiнiк емес. Борыш-мiндеттi жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсiнiк. Несиелiк мәмiлеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек.
Қарыз алушының кредитордан айырмашылығы-ол несиелiк мәмiледе төмендегiдей ерекшелiктерге ие. Бiрiншiден, ол қарызға берiлетiн қаражаттардың меншiк иесi болып табылмайды, олардың уақытша ретiнде болады; өзiне тиiстi емес бөтен бiреудiң ресустармен жұмыс iстейдi. Екiншiден, қарыз алушы қарызға алынған қаражаттарды айналыс сферасында да, өндiрiс сферасында да пайдаланады. Үшiншiден, қарыз алушы өзiнiң шаруашылығында шеңбер айналымын аяқтаған қарызға алынған қаражаттарды қайтарады. Қарыз алушы кредитормен жеткiлiктi түрде есеп айырусымен қоса қайтарымды толық өтеу үшiн ұдайы өндiрiс процесiн өркендете түсу керек. Төртiншiден, қарыз алушы уақытша пайдалануға алынған құнды ғана қайтарып қоймай, сонымен қатар қарыз пайызын да төлейдi. Бесiншiден, қарыз алушы өзiнiң кредиторы қойған талаптарын орындауға тәуелдi болады.
Кредитор мен қарыз алушы несиелiк қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерiнiң бiрлiгiн көрсетедi. Несиелiк қатынастар шеңберiнде кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкiн: кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналады.
1. 2. Банктік несиенің функциялары мен түрлерi.
Кәсiпорындарды, фирмаларды, мекемелер мен тұрғындарды несиемен қамтамасыз етудi ұйымдастыру, несие жүйесiнiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында ерекше маңызды орын алады. Несие механизмi қызмет етуiнiң үздiксiздiгi мен тиiмдiлiгiнен тек жеке шаруашылық бiрлiктерiнен қаражаттарды дер кезiнде алуды ғана емес, сонымен қатар толығымен мемлекеттiң экономикалық даму типтерi де тәуелдi болады.
Ең алдымен, өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етуде несиенiң рөлi зор.
Кәсiпорындар, ұйымдар және басқа да шаруа жүргiзушi субъектiлердiң несиеге деген қажеттiлiгi өнiм өткiзуден түскен қаражаттардың түсу уақытының материалдық құндылықтарды сатып алу, еңбекақы төлеу мен қызмет көрсетулерге төлем жасауға кеткен шығындарды өтеу уақыты арасы сәйкес келмегендiгiнен туады. Бұл шығындарсыз өндiрiс тоқтап қалуы мүмкiн.
Мұндай қаражаттың бар болуы мен оларды тұтыну арасындағы уақытша қарама-қайшылық несие көмегiмен шешiледi, яғни несие арқылы өнiм өткiзу мен өндiрiс процесiнiң үздiксiздiгi қамтамасыз етiледi.
Қаражаттарда уақытша қажеттiлiк маусымдық өндiрiс пен өнiмнiң жеке түрлерiн тұтынумен байланысты пайда болуы мүмкiн. Ондiрiстiк шығындарында маусымдық үзiлiс өндiрiстiң маусымдық кеңеюi кезiнде өтелетiн несиемен жабылады. Өндiрiстiң кеңеюiнде несие үлкен роль ойнайды. Несие негiзгi қорларды сатып алу үшiн (қаражат көзi ретiнде), жетiлген жаңа жабдықтарды сатып алу үшiн, өндiрiске жаңа техналогияны енгiзу үшiн, тағы да басқалары үшiн қаражат көзi ретiнде көрiнiс табады.
Белгiлi бiр бағытта несиенi қолдану бюджеттiк қаржыландырумен салыстырғанда бiраз артықшылығы бар. Капиталды салымдар үшiн қаражаттарда қажеттiлiктi анықтау үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлер барынша көп қаражаттарды алуға және оларды бақылаусыз тиiмсiз жұмсауға ұмтылады, себебi оларды қайтаруды ешкiм талап етпейдi. Ал, несиенi пайдаланғанда ұмтылыс болады, өйткенi қарызға алынған қаражаттар пайызбен қайтарылуы тиіс.
Ақша айналымы сферасында несие маңызды рөль атқарады. Қолма-қол ақшаны несиелiк операциялармен ауыстыру функциясын орындай отырып, несие айналымдағы ақша айналымын ұйымдастыруда оң әсерiн тигiзедi.
Нарықтық қатынастарының қалыптасуының қазiргi жағдайында несиелiк қатынастар сферасы кеңеюде және несие салымдары көлемi ұлғайып жатыр, осылай экономикалық дамуында несиенiң рөлi жоғары.
Қазiргi кезде бюджеттiк қаржыландыру көлемi өзгеріп отырады. Мемлекеттiң (бюджеттiң), кәсiпорынның, фирмалар мен басқа да шаруашылық субъектiлерiнiң, сонымен қатар жеке тұлғалардың өндiрiстi ұйымдастыру мен кеңейтуге және т. б. инвестициялау, банк несиелерi арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Нарықтық экономиканың дамуымен несиелiк қатынастарды кеңейту үшiн басқа да мүмкiндiктер пайда болады. Көбiнесе коммерциялық және ипотекалық несиелер, вексельдер, сонымен қатар акциялар мен басқа да құнды қағаздарды кепiлге беру арқылы несие берiлетiн болады.
Инфляция кезiнде де несие рөлi зор болады. Себебi несиелеу арқылы айналымдағы ақша массасын реттеуге мүмкiндiк туады және ақша бiрлiгiн сатып алу мүмкiндiгiн тұрақтандыруға көмектеседi.
Сонымен қатар несиелiк қатынастардың кеңеюiне несиелеудiң жаңа әдiстерiн, мысалы проектіні қаржыландыру сияқты процестерге қолдану оң әсерiн тигiзедi.
Экономиканы басқарудың нарықтық әдiстерi кезiнде несиенiң қажеттiлiгi күшейедi, оның рөлi жоғарылайды және өндiрiстiң кеңеюiне әкеледi.
Несиенiң мәнi нақты функцияларда көрiнедi. Қазiргi экономикалық әдебиеттерде несиенiң екі функциясын ажыратады. Олар құнды қайта бөлу мен нақты ақшаны несиелiк операциялармен алмастыру.
Қайта бөлу функциясы. Кредитор мен борышқор арасындағы несиелiк қатынастар. Құн айырбасы процесiнде уақытша босаған қаражатты борышқорға берумен, сосын осы құн бастапқы иесiне қайтарылу жолымен қайта бөлу стадиясында пайда болады.
Шаруашылық субъектiлерi мен азаматтардың уақытша босаған ресурстарын басқаларға уақытша қолдануға беру, құнды қайта бөлу процесiн бiлдiредi. Бұл процесс несие арқылы жүзеге асырылады.
Қайта бөлу салалық және территориялық белгiлерi бойынша жүруi мүмкiн. Несие арқылы микро және макроэкономикалық деңгейде жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табыс қайта бөлiнедi.
Несиенiң екiншi функциясы нақты ақшаларды несиелiк операциялармен алмастыру болып табылады. Бұған «қолма-қол ақша» сөзi келедi. Себебi айналымда құны жоқ ақша белгiлерi жүредi. Сондықтан «нақты ақша» болып табылмайтын, тек оларды алмастыратын ақша бiрлiктерi болып табылады.
Қазiргi несие шаруашылығында осындай алмастыруға қажеттi шарттар қолданылады. Қолма-қолсыз есеп айырысу мен байланысты бiр шоттан екiншi шотқа ақшаны аудару (несие негiзiнде жүзеге асырылатын) айналымдағы қолма-қол ақша көлемiн сақтауға мүмкiндiк бередi.
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, көрсетiлген осы функциясынан басқа несие келесi қосымша 2 функция атқарады: капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын жылдамдату және бақылау.
Капиталдың орталықтануы немесе оның шоғырлануын жылдамдату функциясы. Несиелiк механизм қосымша құнның капиталға айналу процесiне ықпал тигiзедi және жеке жинақтау шекарасын кеңейтедi. Өндiрiс масштабының үлкеюi үшiн жеке шаруашылық субъектiлерiнiң қаражаттары жеткiлiксiз, сондықтан қосымша құнның білiктерi ағылып несиелiк мекемелерде жинақталады және мәндi көлемге жеткеннен кейiн ұдайы өндiрiстi кеңейту процесiне белсендi әсер етедi. Несие капиталының орталықтануында маңызды рөль атқарады. Ол жеке кәсiпорындардың меншiктiң ұжымдық формасына айналуына ықпал тигiзедi.
Бақылау функциясы. Оның мазмұны өзiне алған мiндеттi бағытында орындалуды болдырмауға бағытталған борышқордың қаржылық жағдайын бақылауға сәйкестендiрiледi. Сондықтан несиелiк процесс уақытында несиелеудiң барлық принциптерiнiң сақталуы бақыланады. Сол арқылы кредиторға қарызды беру туралы және несиелеудiң тәртiбiн қатаңдату туралы немесе қарызды уақытынан бұрын қайтаруды талап ету туралы шешiмдi қабылдай алады.
Мемлекет жоғарыда айтылған несиенiң функцияларын қолдана отырып банк жүйесi арқылы бар ресурстарды үнемдi қолдануға жетуге, халық шаруашылығы салаларын дамытуға, солай барлық қоғомдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлата алады.
Несие экономикалық категория ретiнде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бiр объектiлерге тән тұрақты, қажеттi байланыстардың жиынтығын бiлдiредi.
Экономикалық әдебиеттерде несиенiң негiзгi 2 формасы қарастырылады: коммерциялық және банктiк. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына ׃ тұтыну, мемлекеттiк, халықаралық, үкiметаралық, фирмалық және т. б. жатқызылады.
Коммерциялық несие-бұл жеткiзушiнiң сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетiлген қызметi үшiн төлемдi кейiнге қалдыруы. Несиенiң осы формасының объектiсi рөлін тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенiң ерекшелiгi мынада: қарыз капиталы өнеркәсiптiк капиталмен бiрiккен, ал оның мақсаты-тауарларды өткiзудi жылдамдату. Коммерциялық несиенiң құрылымы вексель-жазбаша қарыздық мiндеттеме болып табылады. Ол оның иесiне белгiлi бiр уақыт өткеннен кейiн, борышқордан вексельде көрсетiлген ақшалай соманы талап етуге құқық бередi.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Олардан кейiнгi орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар тұр.
Банктiк несие-бұл банктердiң, арнайы несие-қаржылық мекемелердiң қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрiнде беретiн несиесi.
Банктiк несие коммерциялық несиенiң шектеулерiн жояды. Бос ақшалай капиталдар кез-келген өндiрiс саласына берiледi және несие арқылы кез-келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесi өзiнiң бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсiпорнына қарызға бередi.
Тұтыну несиесi-бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтердi төлеу үшiн коммерциялық және банктiк формада берiлетiн несие. Тұтыну несиесінiң негiзгi мiндетi-тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Тұтыну несиесi негiзiнен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезiнде: автомобильдердi, электр тұрмыстық құралдарды, жиһаздарды және т. б. пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиi қолданылады.
Дербес несиелер-бұл жеке тұлғаларға ақшалай формада беретiн банктiк қарыздар. Бұл несиелердi көбiнесе жас жанұялар және бiлiм алудың бүкiл кезеңiне қарыздарын 5 жыл iшiнде өтеу үшiн оқуға түскен студенттер алады.
Ипотекалық несие-жылжымайтын мүлiктердi, жердi, тұрғын үй және өндiрiстiк ғимараттарды кепiлдiкке ала отырып берiлетiн қарыз.
Мемлекеттiк несие-азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретiнде мемлекет және жергiлiктi билiк органдары болатын несиелiк қатынастар жиынтығы.
Халықаралық несие-валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беруге байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Несиенiң түрлерi-бұл белгiлi бiр экономикалық қатынас ретiнде несиеден келiп шығатын түрлі қасиеттерге ие оның бiр бағыттары.
Несие түрлерi төмендегiдей жiктеледi:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz