Ыбырай Алтынсарин және қазақтың салт-дәстүрлері


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІД. А. Қонаев атындағы колледжРефератТАҚЫРЫБЫ:Ыбырай Алтынсарин жәнеқазақтың салт-дәстүрлеріОрындаған:Тексерген:АЛМАТЫ 2006:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д. А. Қонаев атындағы колледж

Реферат

ТАҚЫРЫБЫ: Ыбырай Алтынсарин және

қазақтың салт-дәстүрлері

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ 2006

Жоспар

1. Дала қоңырауы- Ыбырай.

2. Қазақтың салт-дәстүрлеріндегі келеңсіз жайттар

3. Қазақ қоғамын нығайтудағы маңызды әдет-ғұ-рыптар

4. Ыбырайдың салт-дәстүрді зерттеудегі негізгі мақ-саты

Дала қоңырауы- Ыбырай.

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт -бағдар сілтеген сол ұлттың, халықтың тарихында мәңгілік есімдері ерекше аталатын зор тұлғалары болатыны анық.

Мәселен есімі мен еңбегі барша халыққа қымбатты, сахараның данышпан перзенті бар, ол-тұңғыш ағартушы педагог-жазушы Ыбырай Алтынсарин бүгінде «дала қоңырауы» атанып отырған қазақтың тұңғыш ағартушы -тәлімгері, ғалым әрі этнограф-публицист Ыбырай Алтынсариннің келешек ұрпағына қалдырған мұрасы ұлан -ғайыр, ұшан теңіз.

Небәрі жарты ғасырға жуық өмір кешкен ұстаздың өнегелі еңбегі бүгінгі күнде жан жақты зерттеліп, туған халқының керегіне жарауда.

Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының рухани, мәдени өмірінде өшпес мұра қалдырып, сарқылмайтын білім бұлағын ашқан аяулы азаматы.

Ыбырай Алтынсаринді танып -білу оның өмір сүрген заманынан, өскен ортасынан алған тәлім тәрбиесінен басталады.

Ыбырай Алтынсарин саналы өмірін оқытушылық, ағартушылық жолына жұмсады. Ол тұңғыш рет ана тілінде дүние тану мектебін ашып, оның тұңғыш мұғалімі болды, қазақ тілінде әліппе жазды, алғаш рет ана тілінде оқулық-хрестоматия шығарды. Ұлы ағартушы ұстаз мектеп ашу және оны жақсы мұғалімдермен қамтамасыз ету ісіне баса мән берумен бірге, сол мектептер мен мұғалімдердің хал-жағдайларына, тұрмысына, шаруашылық істеріне де ерекше көңіл боліп отырған. Бұл жөнінде ол: «Мектептің шаруашылық жағдайлары жаман болса, оның ісі еш уақытта да оңға баспайды, пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да оқытушылары да істен күдер үзіп кетеді» деп жазды. Ұстаздың бұл сөздері осы уақытта дейін өзінің маңызын, актуалдығын жоғалтпай келеді. Өйткені қазірдің өзінде жоғары білімді ұстаздар дайындау, оқушыларға сапалы білім беру мәселелері күн тәртібіндеі тұрған мәселелердің қатарында тұр.


Қазақтың салт-дәстүрлеріндегі

келеңсіз жайттар

Ыбырай - қазақтың салт-дәстүрлерін зерттеумен айналысқан ғалым -этнограф. Оның «Орынбор ведомосындағы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері», «Орынбор ведомосындағы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очерктері» атты еңбектері қазақ халқы салт-дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеген тұңғыш жазба еңбектер болды. Бұл еңбектер сол кездің өзінде-ақ орыс ғалымдары тарапынан жоғары баға алған және Россияның императорлық географиялық қоғамының Орынбор бөлімшесі жазбаларының бірнеше сандарында жарияланған болатын. 1870, 1879 жылдары жарық көрген бұл зерттеу мақалалар Ыбырайдың халқымыздың салт-дәстүрлері мен ырым-нанымдарын жетік білетін, сол ғұрыптардың ел өміріндегі орнын да толық түсінетін, оқымысты, білімдар адам екенін толық аңғартады. Мәселен, өлік басына қойылатын белгілер мен бейіттердің жар басына орналас-тырылуының жолаушыларға жол сілтейтінін, бағыт беретінін айтады. Еркектердің ескерткіштерінің төбесіне-найза, әйелдердің бейітінің үстіне бақан немесе піскек, ал балалардікіне-бесік қойылады.

Моланың сулы жерде болатынын ескерту арқылы одан ел тұрағы - қоныстың ұзақ кетпейтінін аңғартады. Осыған орай қайтыс болған кісінің жас мөлшерін әйгіліп тұратын орамал, белгілердің сыр-сипаты мен мән-жайы да біліктілікпен әңгіме етіледі. Тіпті айтылатын жоқтау мен оның айтушылары, шығарушылары, өлікке әкелінетін аза мен сойылатын мал, ас беру тәртібі, мал мүшелерінің кімге, қалай тартылатындағы жайындағы пікірлері де құнды әрі мәнді.

Сонда-ақ, ас беруде ат жарысы, палуан күресі, көкпар т. б. ойындар болатыны, ас беру рәсімі 63 жастан асып өлген атақты, бай адамдардың құрметіне жасалатыны, ал ас тарқар кезде, үй иесінің жылына арналған тұл ат сойылып, қаралы белгілер алынып, ауыл бұрынғы қалпына келтірілетіні, өлген адамның ұстаған заттары қда-құдағилар мен құрбы-құрдастарына таратылып берілетіні, бұл өлген адамның жақсы қасиеттері көпшілік жұртқа тарасын деген ырымнан шыққаны баяндалған. Ауқатты, бай адамдар өлгенде, олардың асында үйір-үйір жылқы, қора-қора қой сойылып, бәйгеге және балуан күресіне мал, алтын-күміс жамбы тігілетіні де мақтан қылу үшін жасалған орынсыз шығын екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының өлген адамды жөнелтудегі ескі салт-дәстүрлері мен ырымдарын жастарға білдіруде бұл еңбектің білімдік, тәлімдік, этнографиялық құндылығы аса зор.

Құда түсу, қыз ұзату, той жасау жөніндегі екінші еңбегінде де, Ыбырай құда түсу жолдарын әңгімелей келіп, мұның кейбір келеңсіз жәйттерін де атап көрсетеді. Қыздарды өте жастай күйеуге беру немесе он жасар ұлды, әмеңгерлік заңымен, күйеуі өлген ағайының өзінен екі-үш есе үлкен балалы әйеліне де үйлендіре беретін әдеттерін сынайды. Өлген адамның жас інісі болмаса, күйеуінің алпыс-жетпістегі шал ағайынына тиюге тиіс болғанын әшкерелейді. Сондай-ақ, әйелі өлген шалдар немесе бала көру үшін тоқал алатын байлар жас қыздың өмірін ойыншыққа айналдырып, қызды еріксіз қалың малға сатып ала беретінін айыптайды.

Ауыл мен ауылдың арасындағы ұзақ уақ дау-шарға созылатын кейде тіпті ру мен ру арасында барымта мен кісі өліміне дейін апаратын, жоқ-жітікті жоқшылыққа ұшырататын әмеңгерліктің жағымсыз жақтарын қөрсетеді. Жесірі кетсе, бүкіл рудың сүйегіне таңба болып есептелінеді. Сондықтан да бүкіл ру болып қуғындайды, ру жанжалы туындайды.

Ыбырай қазақтың арқан керу, бетке ұн немесе балшық жағу, өзізге теріс қаратып мінгізу, аяқ киімін ұрлап тығу, шапан етегін сырмаққа тігіп қою сияқты мазақ жасау, күлкі ету рәсімдері мен құдаларға киіт кигізу салттарын да жетік әңгімелеген.

Қазақ қоғамын нығайтудағы маңызды

әдет-ғұрыптар

Ыбырай қазақтың өзара қоғамдық қарым-қатынасында ескілікті әдет-ғұрыптың қандай орын алып келгенінде біраз зерттеп, оның әлеуметтік өмірде қандай маңызы болғаны жөнінде дұрыс ғылымы пікірлер айтады. Соның ішінде құда-құдандалы болу, үйлену тәртіптерін мұқият талдайды. Оның пайымдауынша қазақ қоғамын нығайту үшін көптеген әдет-ғұрыптар маңызды рол атқарған. Мәселен, өздерінің достығынжегжат болу арқылы нығайтқысы келген адамдар бірінің әйелі ұл, екіншісінің әйелі қыз тапса, оларды некелеп, өскесін бір-біріне қосу әдетін өз уақытында өмірден туғанын айтады. Қазақ арасында берікорын алған әдет, -деп Ыбырай, -қазақтың өзінің жеті атадан жақын туыстарының қазына үйленбеу әдетін көрсетеді. Бұған ол-ұлттың дамуында прогрессивтік мәні бар деп қарайды.

Қақаз тайпаларының арасында болып тұратын ала ауыздықты басып тұру үшін Есімханнан бастау алған әдет: тайпа, ру басылары бірінің қазын екіншісінің ұлына айттыру, сүйек жаңғырту әдеті болған. Бұл туралы Ыбырай «мұндай тәртіпте алысты болжағандық бар екенін, өйткені, қазақ арасы тыныш баомаған кездерде оның халыққа пайда келтіргенін», -кәриялардан есіткенін айтады.

Әрине, әрбір халықтың әдет-ғұрпы, белгілі бір дәстүрі оның сол бір тарихи жағдайында адамның мүддесіне лайық, заман талабына сай болып қалыптасып отырған. Ыбырай жазып отырған қазақ дәстүрлері де солай болып қоғамға қызмет еткен. Оның жеті атаға дейін жерде қыз алыспау, бірлікке шақыру, («алтау ала болса -ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса-төбедегі келеді»), жаңа ұрпақтың өмір жолында қате аз болу үшін аға ұрпақтың тәжірибесін сабақтастырып отыру, сол үшін жасы үлкендерді сыйлап инабаттылық көрсету, әдепті болу, яғни рухани қазынамыз. Әсіресе, Ыбырайдың: «Әйелін өз еркімен қоя беру қазақта еркектер үшін лайықсыз іс деп саналады, жұрт ондай адамды күлкі етеді»-деп қолдап отырған дәстүрін бүгінгі қазақ жастарыынң да ой-санасына сіңдіріп, семьялық қатынастың тұрақты факторына айналдырса қазақ ұлтының болашағына оңды әсер етер еді деп сеніммен айта аламыз. Кәзіргі қоғамда дәріптеліп жүрген «еркін махаббат» дегендер адамның ең қымбат, негізгі қасиетін жануарлар арасындағы жыныстық қатынастар деңгейіне дейін төмендетті, махаббатты да бизнеске айналдырып, адамдарды аздырды, дүниеге «спид» сияқты індетті әкеліп, адамзатқа хауіп төндіріп отыр. Сондықтан, ол дүниежүзілік әлеуметтік мәні бар проблемаға айналып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этпопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Қазақ этнопедагогикасының туып қалыптасуы, дамуы
Қазақтың салт дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
Оқушыларға ұлттық тәрбиені берудегі халықтық тәрбиенің рөлі
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz