Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі


Кіріспе
"Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 9 қарашадағы N 4054 тапсырмасына сәйкес әзірленді. Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 шілдедегі отырысында мақұлданған "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған орташа мерзімді бағдарламасы тұжырымдамасының ережелері мен негізгі бағыттарына негізделеді. Осы Бағдарламаны әзірлеу Қазақстанның астанасын одан әрі дамыту стратегиясын айқындау қажеттігінен туындады. Бағдарламада тәуелсіз және егемен Қазақстанның астанасында экономикалық даму мен тұрмыс сапасының деңгейін арттыруға, іскерлік, ғылыми және мәдени орта құруға бағытталған экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, техникалық, әлеуметтік-мәдени шаралардың және оларды іске асыру тетіктерінің жиынтығы айқындалған. Бағдарлама астананың қалыптасуының және әлеуметтік-экономикалық дамуының бастапқы кезеңiнiң проблемаларын шешуге бағытталып қана қоймайды, Астана қаласының келешекте гүлденуiнiң жалпы сұлбасы мен қажеттiлiктерiне сәйкес келетiн негіздерiн де қалайды.
1. Экономиканың және әлеуметтiк саланың қазiргi жай-күйi
1. 1. Жалпы сипаттама
Астана қаласы өзен маңындағы жазықта және iшiнара Есiл өзенiнiң аңғарында орналасқан. Климатына тән ерекшелiктер - тұрақты қар жауатын ұзақ та суық қыс, қоңыржай ыстық жаз, ауа температурасының үлкен жылдық және тәyлiктiк ауытқулары, бүкiл жыл бойы жел режимінің жоғары белсенділігі.
Астананың көлемi 71014 га аумағы ластануға бейiм және антропогендік жүктемелерге төзiмдiлiгi нашарлығымен сипатталатын құрғақ дала аймағында орналасқан. Қаланың шегiнде ағаш өсiруге қолайсыз топырақтың - тастақ және балшықты жерлердiң, сорлардың, сортаңдардың, батпақтанған жерлердiң және жер асты сулары терең емес жерлердiң кеңiнен таралуы ағаштар мен бұталардың қалаған түрлерiн өсiрудi қиындатады.
Аумақтың рельефi елеулi еңiстердiң жоқтығымен сипатталады. Шағын рельефке тән элементтер олардың түбi батпақтанған немесе шағын көлшiктер алып жатқан, басым бөлiгiнiң көлемi 50 метрден 250 метрге дейiнгi табақшалар түрiндегi көптеген ойпаңдар болып табылады. Есiл өзенi аңғарының аумағы су тасқыны кезiнде әртүрлi дәрежеде су басуға ұшырайды. Жер асты сулары қала аумағында 0-2 м тереңдiкте жатады. Судың жер бетiндегi ағынын және жер асты суларының дренажын ұйымдастыру бөлiгiнде аумақтың инженерлiк дайындығынсыз қала қалыпты жағдайда құрылыс жүргiзе және жұмыс істей алмайды.
Жер қабатының көмiртектi болатқа қатысты тот басуы - орташадан өте жоғарыға дейiн, кабельдердiң алюминийлi қабықтарына - жоғары, қорғасынға - төменгiден орташаға дейiн болып келедi.
Ауаның үлкен көлемдегi қозғалысы құрылыс аумағын үдемелi желдетуге мүмкiндiк туғызады, ауада зиянды заттардың тұрып қалу жағдайлары туындауының ықтималдығын азайтады.
Энергетикалық кәсiпорындар және автокөлiк, сондай-ақ жайластырылмаған елдi мекендер мен кәсiпорындардың аумағынан ағатын жер бетiндегi сарқынды сулар қаланы ластандыру көздерi болып табылады. ЖЭО-1 және ЖЭО-2 атмосфералық ауаны негiзгi ластаушылар болып табылады. Тұрақты жұмыс істейтiн көздерден зиянды заттардың тастандылары 1998 жылы 41, 5 мың тонна, 1999 жылы 47, 5 мың тонна құрады.
Қаланың өнеркәсiптiк аудандары жер асты суларының негiзгi ластану көздерi болып табылады. Бұдан басқа, өарағанды облысында Нұра өзенi аңғарындағы жерасты суларының мұнай өнiмдерiмен, фенолдармен, стиролдармен ластануы жалғасуда. Нұра өзенiнiң аллювиальды шөгіндiлерiнде жер бетiндегi және жерасты суларының ластануынан, қазiргi уақытта олар Астана қаласының техникалық мұқтаждары үшiн ғана пайдаланылады.
Қаланың аумағында тұрмыстық және өндiрiстiк қалдықтардың рұқсат етiлген бiр жинаушысы бар. Жобалық есептер бойынша оны пайдалану 2010 жылға дейiн ғана мүмкiн болады.
Бас қаланың мәртебесiн алғалы Астана қаласында түбегейлi өзгерiстер болып өттi. Қазiргi заманғы ғимараттар мен тұрғын үй кешендерi салынды. Сәбилер Yйiнiң, Темiржолшылар сарайының, Орталық әмбебап дүкеннiң ғимараттары жаңа келбетке ие болды. Ұлттық мұражайдың, Еуразия университетi оқу корпусының, Министрлiктер үйiнiң, "Мирас" мектебiнiң, "Синема-Сити" ойын-сауық кешенiнiң, "Самал", "Қараөткел", "Әл Фараби" тұрғын үй шағын аудандарының құрылысы аяқталды. Бес жұлдызды "Интерконтиненталь" қонақ үйi, мейманханалар, мейрамханалар, "Еуразия" сауда орталығы, Министрлiктер Үйiне қарсы жаңа алаң салынды.
Қайта жаңартқаннан кейiн Парламенттiң, Yкiметтiң, Конгресс-холлдың, Қазақ және Орыс драма театрларының, республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Соты ғимараттарының келбетi өзгердi. Есiл өзенiнiң көркейген жағасы қалалықтардың серуендейтiн сүйiктi орнына айналды. Шағын парктер салынды, жаңа демалыс аймағы құрылды. Есiл өзенiнiң сол жағалауында "Комфорт" мейманханасы, "Президеншиал Плаз" бизнес орталығының зәулiм ғимараты, Қабылдаулар сарайы салынды.
1. 2. Қала бюджеті
Астана қаласы бюджетiнiң кiрiстерi 1999 жылы нақты көрсеткiштердiң жоспарланғанынан асып түсуiмен сипатталды. Кiрiстер жоспардағы 21031, 7 млн. теңгенiң орнына 21276 млн. теңге немесе 101, 2% құрады. 1999 жылмен салыстырғанда кірістер 6142, 2 млн. теңгеге артты.
1. 4. Сыртқы экономикалық қызмет
Экспорттың көлемi 1995 жылы 405 мың АҚШ долларын, импорттiкi - 853, 7 мың доллар құрады. 2000 жылы олар тиiсiнше 35, 5 және 180, 8 млн. АҚШ долларына дейiн өстi. 2000 жылдың 1 қарашасына алғанда олардың көлемі тиiсiнше 31, 3 және 129, 1 млн. АҚШ долларын құрады. Соңғы екi жылда сыртқы экономикалық қызмет импорттың экспорттан асып түсуiмен сипатталды.
2000 жылы экспорттық жеткiзiлiмдер құрылымында азық-түлiк тауарлары мен оларды өндiруге арналған шикiзат (44, 4%), металлургия өнеркәсiбiнiң өнiмдерi (14, 8%) негiзгi орын алды. Импорттың көлемiнде ең жоғары үлес салмағы машиналарға, жабдықтар мен көлiк құралдарына (36, 4%), химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдеріне (19, 7%) тидi.
1. 5. Өнеркәсiп
Астана қаласының өнеркәсiптiк секторында 1995-2000 жылдардағы кезеңде елеулi өзгерiстер болды. Сұраныс жоқ және бәсекеге қабiлетсiз өнiм шығарумен айналысатын, жұмыс iстеуге қабiлетсiз өндiрiстердi қайта құрылымдау және қайта ұйымдастыру жүргiзiлдi. Соның ішiнде, ірi кәсiпорындарды жiктеу есебiнен орта және шағын кәсiпорындардың саны өстi.
Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемiнде электр энергиясын, газ бен суды өндiру және тарату жөнiндегi кәсiпорындарға - 37%, ауыл шаруашылығы өнiмін қайта өңдеуге - 35%, металл емес минералдық өнiмдер өндірiсiне - 10%, өңдеуші өнеркәсiптiң өзге салаларына - 18% келедi.
1999 жылдан бастап өнеркәсiпте өсудiң оң үрдiсi байқалды. 2000 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 1999 жылғы деңгеймен салыстырғанда 10, 2%-ға өседi. 2000 жылы өнеркәсiп өндiрісiнiң өсуiн айқындаған негiзгi фактор электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату жөнiндегi кәсiпорындардың өнiм шығаруды 8, 2%-ға, тігін өндірісінікі - 69, 9%-ға, көлік жабдықтарын шығаруды - 7, 5 есеге арттыруы болып табылады.
"Агромаш" АҚ тұқым сепкiштердi қайта шығара бастады және өзiнiң техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бойынша шетелдiкiнен кем түспейтiн жаткалар өндiрiсiн игердi. Төрт iрi кәсiпорын "Ізденiс" ЖШС, "Ақмола вагон жөндеу зауыты" АҚ, "Целингидромаш" ӨК, "Астана-Технопарк" ААҚ импортты алмастыру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру шеңберiнде тапсырыстар алды.
Өнеркәсiптi дамытудың қалалық бағдарламасы шеңберiнде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда жаңа қуаттар іске қосылды: металл кесуге арналған лазерлік кешен, бiр мәрте пайдаланылатын ыдыстар шығару жөнiндегi желiлер, пластикалық бөтелкелерге арналған ПЭТ-преформ, "жылжымалы асхана" трейлерлерi. Еуропалық рецепт бойынша шарап құю жөнiндегi желi іске қосылды. Өнiмнiң 100-ге жуық жаңа түрi игерiлді. Олардың ішiнде құрылыс материалдары, тамақ өнімдері, халық тұтынатын тауарлар бар.
Сонымен бiр мезгiлде, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеумен байланысты кәсiпорындарда шикiзаттың жеткiлiксiздігiнен өндiрiстiк қуаттардың толық күшiнде жұмыс істемеуi байқалады, шығарылатын өнiмнiң ассортиментi төмен.
1. 6. Шағын және орташа бизнес
Шағын бизнес қаланың әлеуметтiк-экономикалық өмiрiнiң барлық саласын қамтиды. Шағын кәсiпкерлiк саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 1997 жылы 13, 5 мың адамды құрады, бүгiнгi күнге олардың саны 35 мың адамнан асады. Өнiм (жұмыс, қызмет көрсетулер) өндiрудiң көлемi 1997 жылғы 7, 9 млрд. теңгеден 2000 жылы 25, 8 млрд. теңгеге дейiн өстi. 1997 жылдан бастап бюджетке төленетiн төлемдер 2, 1 есе артты (907 млн. теңгеден 2000 жылы 1943, 7 млн. теңгеге дейiн) 2000 жылдың 1 қарашасына алғанда олар 1617, 7 млн. теңге құрады, ол бүкiл 1999 жылғыдан 19, 7%-ға артық.
Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыстар, қызмет көрсетулер) өндірудің салалық құрылымында негізгі бөлігін сауда алады - 57, 6%. Өнеркәсіп өндірісіне - 16, 2%, құрылысқа - 8, 6% тиеді.
Бас қаланың қызмет көрсетулер мен сауда саласы негiзiнен шағын бизнестiң күшiмен қалыптасуда. 3 жылда қалада шамамен 400-ге жуық дүкен, соның ішiнде 394-і - тұрғын үйлердiң бiрiншi қабаттарында, 72 қоғамдық тамақтандыру кәсiпорны, 125 қызмет көрсету саланың объектiсі, 63 дәрiхана ашылды.
1. 7. Азық-түлiкпен қамтамасыз ету және тұтыну рыногы
Қаланы азық-түлiкпен қамтамасыз ету Астана қаласы мен Ақмола облысының iшкi ресурстарының да, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикiзаты мен дайын өнiмдердi Қазақстанның басқа аймақтары мен шетелден әкелудiң де есебiнен жүзеге асырылады. 1999 жылдан бастап импорттың құрылымында азық-түлiк үлесiнiң төмендеу үрдiсi байқалды. Тұрғын халықтың жалпы шығыстарында азық-түлiк тауарларын сатып алуға жұмсалған қаражаттың үлесiнен 1999 жылдың қарашасындағы - 25, 5%-ға қарағанда 2000 жылдың қарашасында 28, 8%-ы ет және ет өнiмдерiн сатып алуға жұмсалды. Тұрғындардың мал майы мен май сатып алуға жұмсалған шығындары баға 28, 5%-ға жоғарылағанда 12, 6%-ға өстi. Тұрғындардың көкөнiс пен жемiстерге жұмсалатын шығындары олардың бағасы 13, 7%-ға артуы кезiнде 1, 6 есе артты. Сүт және сүт өнiмдерiн сату салыстырмалы бағалармен алғанда 1, 8 есе ұлғайды.
2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда қала рыноктарында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатудың көлемi 1, 4 есе өстi.
Азық-түлiктiң едәуiр бөлiгiнiң әлi де импорт арқылы түсуi жалғасуда. Мәселен, 2000 жылы тұтынылған еттiң жалпы көлемінiң 16%-ы, тиiсiнше сүт өнімдерінің 26%-ы, мал майының 12%-ы импорт бойынша жеткiзiлдi.
1. 8. Өндiрiстiк инфрақұрылым
1. 8. 1. Көлiк және байланыс
Ақмола темiр жол станциясы Көкшетау-Қарағанды және Тобыл-Есiл-Ерейментау-Барнаул магистральдарының қиылысында орналасқан. Тораптың жүк тасқынының 95%-дан астамын транзиттi жүк тасқыны құрайды. Астана қаласынан Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына асфальт төселген автомобиль жолдары шығады.
Қаланың ұзындығы 536 км көше-жол желiсінен асфальтталған және көркейтiлген бөлiгi 216 км ғана құрайды. Қазiргi уақытта, қалада 17 км шамасында негiзiнен қаланың ескi бөлiгiнде орналасқан жабық үлгiдегi ақпа кәрiз жүйесi жұмыс істейдi. Жолаушылар тасымалының негiзгi көлемiн 6 автобус, 11 таксомотор кәсiпорыны мен "" АҚ орындайды. 2000 жылы автомобиль көлiгi кәсiпорындары 68, 1 млн. жолаушы тасымалдады. Автобустармен және маршруттік таксилермен тасымалдаудың үлесi 88%, троллейбустармен - 12% құрайды.
2000 жылы көлiктiң барлық түрлерiмен 7, 4 млн. тонна жүк тасылды, бұл 1999 жылғыдан 31, 6%-ға артық. Өсуге темір жол көлігі арқылы жүк тасымалдауды 1, 3 есе арттыру есебінен қол жеткізілді. Жүк тасымалдарын қалада 12 автокөлік кәсіпорны жүзеге асырды.
Бас қаланың әуежайы II-В сыныбына жатады. Әуежайдың өткiзу қабілеті - сағатына 400 жолаушыға тең. Әуе көлiгiмен жүк тасымалдау бұрынғыдай шамалы ғана және 2000 жылы 0, 1 мың тонна құрады. Қалада байланыс қызметiн "Астанателеком" ААҚ жүзеге асырады. Қалалық телефон станциясы желiсiнiң жалпы сыйымдылығы 74, 9 мың нөмір құрайды, олардан 65, 4 мың нөмiр iске қосылған. Халықтың телефон байланысы қызметiмен қамтамасыз етiлуi 100 тұрғынға алғанда 19, 7 бірлiктi құрайды. Байланыстың ұялы, транкiлi және басқа да жаңа түрлерi дамытылуда. Қалада теледидар хабарларының жалпыға бiрдей қол жетерлiк жетi бағдарламасы жұмыс iстейдi.
1. 8. 2. Электр және жылу энергияларын, газ бен суды өндiру және тарату
Астана қаласын электрмен жабдықтау көздерi ЖЭО-1 және ЖЭО-2-ның белгiленген жиынтық қуаты 256 Мвт құрайды. Стансалар Қазақстанның энергетика жүйесiмен қосарлана жұмыс iстейдi. Жылу және электр жүктемелерiне сұранысты қанағаттандыру үшiн жұмыс істеп тұрған электр және жылу желiлерi қайта жаңартуды және кеңейтудi талап етедi. Қалада қажеттi инженерлiк коммуникациялардың болмауынан немесе дайын еместігінен, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау көздеріне қосыла алмайтын объектiлер жиi салынуда.
Қаланы жылумен жабдықтауды екі ЖЭО қамтамасыз етеді. Жабдықтардың жай-күйi қанағаттанарлық, бiрақ жаз кезеңiнде градирлердiң жеткiлiксiздiгiнен электр энергиясын өндірудiң төмендеуiне жол берiледi. өолайсыз топырақ және жер асты суларының жоғары деңгейi жылу құбырларының көпшiлiк бөлiгiнiң жер үстiнде орналасуын талап етедi. Қаланың орталығында салынған жылу коммуникациялары ебедейсiз және астананың сыртқы келбетiн бұзып тұр.
Бас қаланы сумен жабдықтаудың негiзгi көзi жобалық көлемі 410 млн. текше метр Вячеслав су қоймасы болып табылады. Су қалаға екi суағармен берiледi.
Жалпы шаруашылық ауыз су мен техникалық суды тұтыну мынадай көздерден қамтамасыз етiледi: Вячеслав су қоймасының суы - 123, 2 мың текше м/тәул. (75%) ; Есiл өзенiнiң суы - 39, 6 мың текше м/тәул. (24%) және жер асты сулары - 1, 2 мың текше м/тәул. (1%) .
Астанадағы су тапшылығы оны суландыруға жұмсауды қысқартудың есебiнен жабылуда. Нұра бассейніндегi жер бетiндегi және жерасты суларының үдемелi ластануына байланысты Нұра және Есiл өзендерiнiң бассейндерiнде қаланы сумен қамтамасыз етудiң тұрақты жүйесiн жасау қажеттiгi туындайды.
Сарқынды сулар 100 мың текше м/тәул. дейiнгi мөлшерде механикалық және толық биологиялық тазарту кешенiн қамтитын тазарту ғимаратына жiберiледi және одан әрi сыйымдылығы 65, 6 млн. текше метр сарқынды сулар жинаушы Талдыкөлге ағызылады. Ұзақ пайдаланылған тазарту ғимараттары қайта жаңартуды талап етедi.
2000 жылы "Астана су арнасы" МК-ы су ресурстарын қорғауға және ұтымды пайдалануға 47 млн. теңге жұмсады: магистральдық желiлердi, қайталама тұндырғыштарды, тұнба алаңдарын қайта жаңарту сүзгiлiк материалды ауыстыру жүргiзiлдi.
1. 9. Әлеуметтiк даму
1. 9. 1. Халқы
1995 жылдан бастап 2000 жылды қоса алғанда, Астана қаласының халқы 40, 1 мың адамға, соның iшiнде 10 мың адамға қала шекарасының өзгеруіне байланысты өстi және 2000 жылдың 1 қаңтарына 323, 9 мың адам құрады. Жалпы санының 64, 4%-ы еңбекке қабiлеттi жастағы және 10, 2%-ы еңбекке қабiлеттi жастан асқан тұрғындарды құрайды. әйелдердiң үлесi - 53, 5%. Халықтың өсуi негiзiнен, соңғы екi жылда 18 мыңнан астам адамды құраған облысаралық қоныс аударудың есебiнен жүрдi.
Экономиканың салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны 1999 жылға 148, 9 мың адам құрады және 1995 жылға қарағанда 24, 1%-ға өстi. Жұмыспен қамту өнеркәсiпте - 10, 8%, әлеуметтiк инфрақұрылым мен қызмет көрсетулер саласында - 27, 2%; құрылыста - 9, 2%, көлiк пен байланыста - 9, 6%, мемлекеттiк басқаруда - 10, 0% болды. Еңбекке қабiлеттi халықтың қалған бөлiгi өздiгiнен жұмыспен қамтылғандарға жатады. Соңғы бес жылда қызмет көрсету салаларына ауысу арқылы өндiрiстегi жұмыспен қамтылғандардың саны 32%-ға қысқарды.
1. 9. 2. Тұрмыс деңгейi
Орташа есеппен жан басына шаққанда халықтың ақшалай кiрiстерi 1999 жылдың осы күнiне алғандағы 6050 теңгеге қарағанда, 2000 жылдың қарашасында 6729 теңге құрады. Орташа есеппен жан басына шаққанда ақшалай кiрiс ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң көлемiнен 1, 7 есе асып түстi. Орташа айлық жалақының өсуi байқалады, ол 1995 жылмен салыстырғанда 2, 6 есе өстi және 2000 жылдың қарашасында 18791 теңге құрады. Ең жоғары орташа айлық жалақы қаржы қызметi саласы, көлiк пен байланыс және қызмет түрлері аясындағы қызметкерлерде сақталуда.
Халықтың ақшалай шығыстары 1999 жылдың қарашасындағы 6025 теңгеге қарағанда, 2000 жылдың қарашасында 6725 теңге құрады. Азық-түлiктiк емес тауарларды сатып алуға арналған шығыстардың үлес салмағының жалпы төмендеуi жағдайында қызмет көрсетулерге ақы төлеу және тамақ өнiмдерін сатып алуға байланысты шығындар үлесiнiң 3, 8%-ға артуы жүруде, ол тұтасымен алғанда Астана қаласында тұрмыс құнының жоғарылағанын сипаттайды.
Кедейлiк шегiнен төмен тұратын адамдардың саны өстi. 1999 жылмен салыстырғанда, ол 1, 3 мың адамға артты және 12, 2 мың адамды құрады. Оларға орташа мөлшерi 1012 теңге құрайтын атаулы әлеуметтiк көмек және 1365 теңге сомасында тұрғын үй көмегi көрсетiледi.
Қалада, қазiргi уақытта 32, 0 мың адам жасына байланысты зейнетақы, 10, 3 мың адам мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, 15, 1 мың адам арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы және 10 мың адамнан астам балалар және тұрғын үй жәрдемақысын алады.
1. 9. 3. Бiлiм беру және ғылым
Бiлiм беру жүйесiн қайта құрылымдаудың нәтижесiнде мектепке дейiнгi тұрақты мекемелердiң саны 1995 жылдан 1999 жылды қоса алғанда 69-дан 42-ге дейiн, ал олардағы балалар құрамы 9919-дан 7559-ға дейiн қысқарды. Қолда бар барлық бақшалар толық, алайда мектеп жасына дейiнгi балалардың қамтылуы 47% ғана құрайды.
Орта мектептер 16 мың оқушыны сыйымдылық нормасынан артық қабылдаған және екi-үш ауысымда жұмыс істейдi. Жекелеген мектептерде сыныптардың толықтырылуы 35-38 балаға жетiп отыр.
2000 жылы жетiм балалар үшiн "SOS Киндердорф" балалар ауылы пайдалануға берiлдi. Қалада орта және жалпы бiлiм беретiн 10 мемлекеттiк емес ұйым жұмыс iстейдi, оларда 790 бала оқиды.
Мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық мектептердiң саны 5, ондағы оқушылар құрамы - 1870. Қалада 6 мемлекеттiк және 12 мемлекеттiк емес колледждер бар. 2000 жылы олардағы оқушылар құрамы 3, 5 мыңнан астам оқушыны құрады.
1. 9. 4. Денсаулық сақтау
Медициналық қызмет көрсету саласында соңғы екi жылда оңтайландырудың нәтижесiнде емдеу мекемелерi санының өзгеруiнсiз аурухана төсектерiнiң саны 4, 5 мыңнан 4, 0 мыңға дейiн қысқарды. Астана қаласы бойынша кепiлдендiрiлген медициналық көмектiң көлемi 1999 жылы республикалық және ведомстволық құрылымдарды қоса алғанда, 1331, 7 млн. теңге құрады, 2000 жылы ол 1821, 2 млн. теңге құрайды. Олардың көлемi тұтасымен алғанда, қала бойынша 200 млн. теңгеге жуық құрайтын халыққа ақылы қызметтер көрсету саласын кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.
1. 9. 5. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй рыногы
Соңғы жылдарда тұрғын үй құрылысына тартылатын инвестициялардың көлемі едәуір өсті. Егер 1995 жылы тұрғын үй құрылысына 862, 3 млн. теңге жұмсалса және бұл ретте 43, 9 мың шаршы метр жалпы тұрғын үй көлемі іске қосылған болса, ал 1999 жылы тұрғын үй құрылысына 10311, 3 млн. теңге жұмсалды және 139, 2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлді. Бұл ретте, тұрғын үй құрылысының қарқыны халықтың өсiмінен артта қалып отыр.
Салынып жатқан тұрғын үйлердiң негiзгi көлемiн (75, 6%) мемлекеттiк ұйымдар пайдалануға беруде. Халықтың тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялары төмен деңгейде қалуда және пайдалануға берiлген жалпы тұрғын үй көлемiнiң шамамен 14%-ын құрайды.
1. 9. 6. Мәдениет және спорт
Қаланың мәдениет мекемелерiнiң желiсi 3 театрдан, 3 сарайдан - Конгресс-холл, "Жастар сарайы", Салт-дәстүрлер сарайы, 3 мұражайдан, 19 кiтапханадан, кинотеатр мен кино қондырғыларының желiсiнен тұрады.
Спорт объектiлерi олардың санын одан әрi кеңейтудi және сапасын арттыруды қажет ететiн 2 стадионнан, 8 спорт кешенінен және спорт залдары мен алаңдарынан тұрады.
1. 9. 7. Туризм
1997 жылдан бастап Астана қаласында қызмет көрсетiлген туристер санының екi есе артуынан және көрсетiлген туристiк қызметтер көлемiнiң он есе дерлік ұлғаюынан көрiнетiн келушi және iшкi туризмнiң едәуiр өсуi байқалды.
Осы кезеңде Астанада 27 туристiк фирма жұмыс істейдi.
Қала туризмнiң дамыған инфрақұрылымына ие: жайлылығы әртүрлi 16 мейманхана, мәдениет объектiлерi, ойын-сауық кешендерi қызмет көрсетедi. Тамақтандыру кәсiпорындарының, соның iшiнде 200-ге жуық дәмханалар мен мейрамханалар, қызмет көрсету салаларының - шаштараздар, сауналар, дәрiханалар және т. с. с. кең желiсi жұмыс iстейдi.
Аймақ халқы үшiн негiзгi демалыс орны Щучинск-Бурабай курорттық аймағы болып табылады. Мұнда 1700 орындық 9 ірi санаторий мен демалыс үйi, 300 орындық 10 маусымдық демалыс базасы және 150 орындық коттедж үлгiсiндегi үйлер орналасқан. 500 орындық жазғы балалар сауықтыру лагерi бар.
... жалғасы2. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz