Азербайджан халқының ұлы ақыны физули



Кіріспе
I Азербайджан халқының ұлы ақыны Физули
Негізгі бөлім:
II Физули ғазалдары:
а) « Ләйлі. Мәжнүн » . Физули творчествосының шырқау
шыңы
б) Физули творчествосындағы аллегориялық шығармалар
в) Физули . көркем сөздің құдіретті зергері

III Қорытынды:
Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей мұра қалдырған шығыс поэзиясы алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны - Мухаммед Физули. Шығыстан жарқырап туған ғажайып жыр жұлдыздары қатарында азербайжан халқының ұлы ақыны Физули есімі де тұр. Қазақ халқына Фердауси, Рудаки, Низами Омар Хайям, Хожа Хафис, Жәми, Сағди, Набон есімдерімен бірге Физули атыда баяғыдан таныс. Өйткені, Таяу және Орта Шығыс әдебиетінің тарихында аса айтулы құбылыс болып саналған Физули поэзиясының қазақ халқының әдебиеті мен рухани өміріне біраз әсер-ықпалы тигені даусыз. Ол
(шамамен 1448 жылы туып, 1556 жылы өлген) араб Ирагының Кербале (қазақ ұғымында кер бала) дейтін қаласында, өзінің оқымыстылығымен аты шыққан Сүлейменнің семьясында дүниеге келген. « Физули » - білімдар, өз тілді, орақ ауызды деген мағынаны білдіретін сөз болса керек. Ақынның бүкіл табиғаты бұл есімнің дәл табылғанын, барынша лайық есім екенін айғақтайды. Ол соншалық көп білетін, оқымысты, ойшыл адам болған. Физули жас кезінде-ақ поэзия сипаттары мен шарттарына кәнігі жетіккен араб, парсы, түркі тілдерін үйреніп алған.
Ақынның әкесі Сүлеймен Бағдадқа азербайжаннның Арша округінен көшіп барған көрінеді. Оны кейбір зерттеушілер муфти болған деседі. Бірақ Физули өз шығармаларында әкесінің кім болғандығы туралы ештеңе айтпайды. Физули әуелі Кербаледегі мектепте, кейін Бағдадтағы медреседе оқиды. Ол мектепте оқып жүрген кезден бастап-ақ махаббат жайында қысқа-қысқа өлеңдер жаза бастайды. Бірақ ғылымсыз поэзия бос сөз екенін түсінген ақын өз поэзиясында философиялық ойларға да ерекше мән берді. Физули шығармалары өзінің көзі тірісінде және кейінде қол жазба күйінде тараған. Сондықтан да оны халық « біздің білімпаз »деп атап кеткен. Шынында да Физули өз кезінде көп нәрседен хабары бар өз заманының озық идеяларын берік ұстанғанында, ізгілік үшін күреске бел буып түскенін де жақсы білеміз. Оның бүкіл поэзиясы адамгершілік уағызына толы. Ақын әманды адам еркімен ар-ожданын қорғауға шақырды: қарапайым бейнет кештердің мүддесін орындауға жан сала кіріседі, зорлық пен қанау ауыртпалығынан жаны күйіп, белі бүгілген, қабырғасы қайысқан қалың бұқараға қайсарлықпен ара түсіп отырады.
Ол байлық пен әкімдіктен, аз күнгі « өткінші рахаттан » бас тартып, кішіпейілділік пен қарапайымдылықты қадір тұтады, қан төгер қатал соғыспен әділетсіздікке, әлеуметтік езгімен теңсіздікке қарсы тұрады. Өз
замандастарын төзімділікке шақыра отырып, ол болашаққа үлкен үміт артып сеніммен қарайды.
Физули творчествосы сезімді баурап алатын шыншылдығымен, шынайы адамгершілік қасиеттерімен дараланды. Физули шығармаларында суфизмге тән қарамақайшылықтармен пантеизм идеясы да бар. Ол азербайжан, араб, парсы тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем шығармалар жазған. Сондықтан да ол өз шығармаларында Абу Новастың,
Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхының аттарын жиі атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып отырады.
1. Физули: Ғазалдар хасидалар. Алматы «Жазушы» 1970ж. (Ұлы ақындар кітапханасы). 3-4 бет
2. Шығыс жұлдыздары
3. Қазақ Совет Энциклопедиясы. 477-478 беттер; (Арасылы Б... великий азербайджанский поэт Физули. Баку, 1958 ж.) 477-478 бет
4. Түркістан энциклопедиясы 621 бет
5. Восточная поэзия антологии 30-31 бет

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
I Азербайджан халқының ұлы ақыны Физули
Негізгі бөлім:
II Физули ғазалдары:
а) Ләйлі- Мәжнүн - Физули творчествосының шырқау
шыңы
б) Физули творчествосындағы аллегориялық шығармалар

в) Физули – көркем сөздің құдіретті зергері

III Қорытынды:

Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей мұра қалдырған шығыс поэзиясы
алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны - Мухаммед Физули. Шығыстан
жарқырап туған ғажайып жыр жұлдыздары қатарында азербайжан халқының ұлы
ақыны Физули есімі де тұр. Қазақ халқына Фердауси, Рудаки, Низами Омар
Хайям, Хожа Хафис, Жәми, Сағди, Набон есімдерімен бірге Физули атыда
баяғыдан таныс. Өйткені, Таяу және Орта Шығыс әдебиетінің тарихында аса
айтулы құбылыс болып саналған Физули поэзиясының қазақ халқының әдебиеті
мен рухани өміріне біраз әсер-ықпалы тигені даусыз. Ол
(шамамен 1448 жылы туып, 1556 жылы өлген) араб Ирагының Кербале (қазақ
ұғымында кер бала) дейтін қаласында, өзінің оқымыстылығымен аты шыққан
Сүлейменнің семьясында дүниеге келген. Физули - білімдар, өз тілді,
орақ ауызды деген мағынаны білдіретін сөз болса керек. Ақынның бүкіл
табиғаты бұл есімнің дәл табылғанын, барынша лайық есім екенін айғақтайды.
Ол соншалық көп білетін, оқымысты, ойшыл адам болған. Физули жас кезінде-ақ
поэзия сипаттары мен шарттарына кәнігі жетіккен араб, парсы, түркі тілдерін
үйреніп алған.
Ақынның әкесі Сүлеймен Бағдадқа азербайжаннның Арша округінен көшіп
барған көрінеді. Оны кейбір зерттеушілер муфти болған деседі. Бірақ Физули
өз шығармаларында әкесінің кім болғандығы туралы ештеңе айтпайды. Физули
әуелі Кербаледегі мектепте, кейін Бағдадтағы медреседе оқиды. Ол мектепте
оқып жүрген кезден бастап-ақ махаббат жайында қысқа-қысқа өлеңдер жаза
бастайды. Бірақ ғылымсыз поэзия бос сөз екенін түсінген ақын өз поэзиясында
философиялық ойларға да ерекше мән берді. Физули шығармалары өзінің көзі
тірісінде және кейінде қол жазба күйінде тараған. Сондықтан да оны халық
біздің білімпаз деп атап кеткен. Шынында да Физули өз кезінде көп нәрседен
хабары бар өз заманының озық идеяларын берік ұстанғанында, ізгілік үшін
күреске бел буып түскенін де жақсы білеміз. Оның бүкіл поэзиясы
адамгершілік уағызына толы. Ақын әманды адам еркімен ар-ожданын қорғауға
шақырды: қарапайым бейнет кештердің мүддесін орындауға жан сала кіріседі,
зорлық пен қанау ауыртпалығынан жаны күйіп, белі бүгілген, қабырғасы
қайысқан қалың бұқараға қайсарлықпен ара түсіп отырады.
Ол байлық пен әкімдіктен, аз күнгі өткінші рахаттан бас тартып,
кішіпейілділік пен қарапайымдылықты қадір тұтады, қан төгер қатал соғыспен
әділетсіздікке, әлеуметтік езгімен теңсіздікке қарсы тұрады. Өз
замандастарын төзімділікке шақыра отырып, ол болашаққа үлкен үміт артып
сеніммен қарайды.
Физули творчествосы сезімді баурап алатын шыншылдығымен, шынайы
адамгершілік қасиеттерімен дараланды. Физули шығармаларында суфизмге тән
қарамақайшылықтармен пантеизм идеясы да бар. Ол азербайжан, араб, парсы
тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем шығармалар жазған. Сондықтан да
ол өз шығармаларында Абу Новастың,
Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхының аттарын
жиі атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып
отырады.
Ол тілдерді жақсы меңгеруінің арқасында таяу шығыстың мәдениетімен,
әдебиетімен түгел дерлік таныс болған. Оның поэзиясын оқып отырғанда
ақынның тарихы, медицина, астрономия,геометрия, логика, философия тағы
басқа да ғылымдармен жақсы таныс болған адам екендігін аңғаруға болады. Ол
өзінің Пікірлер жүйесі деген шығармасында ертедегі грек философтарының
тоқтап Платонның, Аристотельдің, Гераклидтің тағы басқа да ескі грек
философтарының шығармаларынан мысалдар келтіреді. Бұлардың барлығы да өз
заманында біраз нәрседен хабары бар, білімді адам болғандығын дәлелдейді.
Физулидің жастық шағы тарихи оқиғаларға толы кезең болды. Бағдадтың
маңайында талай тарихи оқиғалар болып жатты. Оның бала кезінде бір династия
қирап, оның орнына екіншні династия келіп орнады.
1508 жылы Шах Ислам Хатай Бағдадты жаулап алып, ондағы дін орталықтарын
қайтадан қалпына келтіре бастады. Кербале мен Неджеф қалаларында жаңадан
дін орталықтарын ашты. Осы кезде ақынның мектепте сабақ беріп жүріп, дінді
жақтаған кездері де болды. Бірақ ақын Сефевид мемлекетімен оның басқарушы
топтарының сөзін сөйлеп, сойылын соғып кеткен жоқ. Үнемі дұрыстық жағында,
халық жағында болды.
Физулидің ізгі идеялары Хагани, Шербани, Әмір Хұсрау Дехлеви, Жәми
дәстүрінде жазылған Жүрек досы , Денсаулық пен дерт, Шарықтау мен
сенім, Кезбе мен тақуа ( Анис әл-калб ) атты қасидасында жарқын
көрініс тапқан. Ғашиш және шарап , Жемістер таласы атты аллегориялық
дастандарында феодалдық қоғамның керітартпа құрылысын әшкереледі.
Шағымнама атты прозалық шығармасында Сүлейман сұлтанның сарайындағы
парақорлық пен әлсіздікті сынады.
Ол Хусаин Ваиз Каинфидің Ровзат уш Шухадасын парсы тілінен азербайжан
тіліне аударып, өзінше Бақыттылар бағы деп атады. Этикалық,
философиялық бағыттардағы шығармаларын өз өмірінің соңғы кезеңіне дейін
жазды.
Физули творчествосының шырқау шыңы – Ләйлі – Мәжнүн дастаны
( 1536-37 ). Бүкіл шығыс пен дүниежүзі поэзиясының асыл маржаны саналатын
бұл шығарманы ол өзінен бұрынғы ақындардың, әсіресе Низамидің үлгісін
жалғастыра отырып, қайта жырласады, оны азербайжан ауыз әдебиетінің өзіндік
бай дәстүрлерін бойына молынан сіңірген, қайталанбас көркем туынды
дәрежесіне көтерді. Физули мұнда өмірлік мәні зор күрделі мәселені көтеріп,
екі жастың адал махаббатын асқақ үнмен жырлады. Физулидің Ләйлі-Мәжнүн
дастанын алғаш Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ тіліне аударды, ол кейінірек
жеке кітап болып басылды (1936). Соңғы жылдары Физулидің таңдаулы ғазелдері
мен қасидалары қазақ тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты (1970). Ал 19
ғасырда азербайжан Ирак және Орта Азия елдерінде бірнеше рет жарияланды.
Е.Э. Бертельстің пайымдауы бойынша толық қол жазбасы
(куллият) 1522 жылы жазылған. Шығармаларының толық ғылыми – сыни басылымы
1958-61 жж. Бакуде жарық көрді. Физулидің поэтикалық шығармаларында елеулі
орын алатыны – лирикалары мен қасидалары. Бізге жеткен 11 қасида мен
1өлеңнен тұратын ( барлығы 450 бәйіт ) араб тіліндегі жинағы ғана.
Физули Сүлеймен сұлтан Бағдадта тұрғанда одан көмек сұрай барады.
Сүлеймен сұлтан ақынның бұл арызын қанағаттандырып, оған айына 9 сом ақша
көмек беріп тұруға рұқсат етеді. Бірақ, ақын ол көмекті ала алмайды. Осыған
байланысты ақын сұлтанның бас уәзірі Мұстафа Челебиге арнап өзінің белгілі
шығармасы Шағым туралы кітабын жазады. Бұдан өзінің бар өмірін поэзия мен
өнерге арнаған тамаша талантты ақын Физулидің жоқшылықта өмір сүргенін
аңғаруға болады. Физули ешкімге көп иіле бермейтін намысқор адам болған.
Оның осы мінезі шығармаларынан да айқын көрінеді. Ол халықтың ауыр халін
көріп, оның тағдырына қайғырумен болады. Өз шығармаларында халықты,
қанаушыларды батыл сынап, әшкерелеп отырады.
Сол кездегі дін иелері ақын шығармаларының халық арасына кең тарауына
мүмкіндік береді. Сондықтан да ақын өзінің әрбір өлеңінің алдында,
ортасында, аяғында өзінің дінге деген қарсылығын білдіріп отырды. Ол
поэзияның діннен бөлек өз ғылым екендігін, оның таланттан туатындығын
айтты. Оны өзінің Кезбе мен тақуа деген шығармасына жазған алғы
сөзінде: поэзияны жаны сүймейтін Захит пен поэзияны жақсы көретін Риндтің
диалогы үстінде шеберлікпен шешіп береді. Поэзияны жақсы көретіні үшін
Риндқа ыза болған Захит:
Мен енді түсіндім. Сен өлеңді сүйеді екенсің. Саған Алланы жамандаған
өлеңдерде ұнайтын болар. Поэзия деген өтірік, сенің санаңда сондай
жалғандықтың ізі қалған. Ондай жалған сөзді таратушыларды халық
бағаламайды. Сен одан аулақ жүр-дейді. Оған Ринд:- Поэзияның бағасын
кемітуге болмайды. Поэзия-ақыл-ойдың жиынтығы. Өлеңді Алланың өзі де жек
көрмейді. Өлеңді бағаламау-өмірді бағаламаумен бірдей. Онда айтылатын
пікірлер адамға ой салады. Сондықтан халық оны жақсы көреді. Оны шығарушы
ақындарды құрмет тұтады -деп жауап қайырады. Бұдан Физулидің поэзияға
қаншалықты мән бергенін аңғару қиын емес. Ақынның мұндай ойлары оның басқа
шығармаларында да жиі кездесіп отырады.
Физули поэзияда өмір шындығын дұрыс көрсету керек деген шарт қойды.
Ол, туралы ақын: Мен поэзия бақшасының ішінде жүргенде шындықтың қош иісті
ауасымен дем аламын,-деп жазды.
Физулли көркем өнердегі жаңалықты жаны сүйе қарсы алған ақын. Ол көп
білетін талант иесі-бұрын айтылмаған тың ойлар айтуға тырысу керек дейді.
Одан әрі ақын Маған дейін өлең шығарған ақындар терең талантты адамдар
болған. Оларға ғазалдардың бір жерінде әдемі бір сөз кездессе, оны қайта-
қайта қарап, жөндеп отырған. Сөйтіп олар өзінен кейінгілерге тыңнан тауып
айтатын асыл сөздерді аз қалдырған нағыз шебер өзінен бұрыннан не айтылды
соның бәрін біліп отыру керек. Бұл өз шығармаларында өзінен бұрын айтылып
кеткен ойларды қайталамау үшін керек-дейді. Осы талапты ақынның өзі де
бұлжытпай орындап, өзінен бұрынғы ақындардың не айтып кеткендерін білу үшін
көптеген шығармаларды оқып шыққан. Сөйтіп ақын поэзия саласында бұрын
айтылмаған тым пікірлер айтуға тырысқан. Сондықтан: Мен әлемдегі шеберлік
дүниесінде жалғыз-ақ өз атым тұрса екен деп ойлайтын қызғаншақ адаммын-деп
бекер айтқан жоқ. Ол өзінің түнімен отырып жазған ойларын таңертең тұрып
қарағанда оның ішінен өзінен бұрынғы ақындар айтып кеткен ойларға ұқсас
пікірлер кездесіп қалса, сол арада сызып тастап отырған. Кейде Физуллиге
мына сөзіңіз түсініксіз, бұрын кездеспеген, айтылмаған сөз ғой деп
келушілер де болған. Сонда ақын ол адамнан тезірек құтылуға тырысып , өзіне-
өзі: Бұл не деген тағылық. Айтылған сөз бұрында айтылған. Ал, айтылмаған
сөз бұрында айтылмаған сол үшін мен кінәлімін бе?-деп бұрылып кетек
беретін болған. Бұдан ақынның әрбір сөз, әрбір сөйлем үшін қаншалықты уақыт
бөліп, тер төккенін аңғару қиын емес.
Физули көркем сөз қуатына ерекше мән бере отырып, ақындарға да ауыр
талап қойған адам. Ол көпсөзділік ойдың жауы екендігін айта келіп, ой
тұжырымды, әрі түсінікті боуын талап етеді. Тіпті ол, ақылды айтылған
сөздің ішінде де артық сөздер көп болады дейді. Бұл айтылғандардан
Физулидің поэзия мен көркем өнерге үлкен мән беріп, қандай талап қойғанын
аңғаруға болады. Ақынның өз творчествасы да осы биік талаптарға түгелдей
жауап беріп отырда.
Физули Таяу Шығыстағы лириканың асқан шебері болды. Ол Таяу Шығыс
ақындарына ғазал жанрының классикалық үлгісін ұсынды. Сөйтіп, азербайжан
ғазалдарын бұрын болып көрмеген биікке көтерді. Физулли поэзиясының ішінде
лирикаға ерекше мән берді. Ол лириканы бұқара халықпен жақындастыра
түсетін, оның ойы мен сезімін тербейтін құрал деп қарады. Себебі жазу, сызу
болмаған ел үшін жаттап алуға ғазал жанры қолайлы болды.Сондықтан Физули
ғазалдары ауыздан-ауызға жатталып тез тарап кетіп отырды.
Физули өз ғазалдарына адамның жан дүниесі мен қарапайым сұлулықты,
табиғат тамашаларымен қабыстыра отырып жырлады. Сол табиғатты жырлай
отырып, адамды, оның іс-әрекетін сол табиғаттан үнемі жоғары қойып отырды.
Физулидің бірқатар ғазалдары махаббат тақырыбына арналған. Одан ақын
адамның ой дүниесіне тереңдей еніп, адам мен ғұмыр бойы бірге жасайтын
сүйіспеншілікті жырлайды. Физулидің махаббат туралы лирикасының құндылығы-
ол адам ойында бар қияли махаббатты ғана емес, сонымен қатар адамдардың
арасындағы нағыз шынай махаббатты сөз ететін. Оның сұлуларды суреттеген
ғазалдарының барлығы шын өмірде бар адамдар маңында болады. Онда сұлудың
киімі, кескін-келбеті, жүріс-тұрысы бәрі де ақын суреттеуінен тыс қалмайды.
Физули лирикасында сүйіспеншілік тақырыбымен қатар ақынның өзі өмір
сүрген қоғамға деген көзқарасы да көрінеді. Ақын өз шығармаларында жақсы
патша туралы үнемі айтып отыратын. Ақын өзін халықтан бөлектемейтін
қарапайым патшаны армандайды. Ондай патша шындық өмірде жоқ, махаббатта
ғана бар дейтін қорытынды жасайды.
Физули өзінің бір қатар лирикаларында байлыққа семіріп, ойына
келгенді істейтін феодалдарды және жоқты ойдан шығарып, халықты алдап
отырған дін иелерін сынайды. Бірақ, Физулиді діншілдіктен мүлдем таза еді
деп айтуға болмайды. Ол дінді мойындады. Оның творчествосының алғашқы
кезінде дін туралы айтқандары да болды. Бірақ, ақын есейе келе, өмірді тани
келе, діннен бірте-бірте алшақтай бастады. Сөйтіп, дін иелеріне өтіріктерін
сынап, бетіне басуға дейін барды.
Ақын лирикаларында ғылым мен мәдениет тақырыбы да ерекше орын алады.
Ол өз замандастарын оқуға, білімді болуға шақырып отырды. Жастарды оқуға,
білім алуға үндеді, өзінің туған-туысқаны мен байлығына сүйенетіндерді
өлтіре сынайды. Физули барлық сауаттыларды оқымысты деп есептеген жоқ. Өзін
ғалыммын деп есептейтіндерге де сын көзбен қарау керек дегенді айтты. Бұл
жөнінде ақын: Егер ғалым өте аз білетін болса, ол сені көре алмайды-деген
пікір айтты. Сөйтіп ақын өзін ғалыммын деп есептеп, күншілдікпен өмір
сүретіндерді өлтіре сынады. Оны Физулидің Оқытушыға деген өлеңінен айқын
көруге болады.
XVI ғ. Басқа ақындары сияқты Физули де ода жазған ақын. Бірақ
Физулидің одалары сарай ақындарының одаларынан әлде қайда өзгеше болып
келеді. Мысалы, Физулидің түркі сұлтаны, Бағдаттың билеушісі Шах Исмаил
Хатайға шығарған одасында, ол сұлтанды сарай ақындарындай бет алды мақтай
бермейді. Онда табиғат сұлулығын суреттеп келеді де, жастарды ғылым мен
білімді меңгеруге үндейді. Өткен заманда болып өткен патшаларды, олардың
істеген жақсылықтарын айта келіп, өз заманындағы патшаларды да сондай
болуға шақырады. Бір сөзбен айтқанда, Физулидің одаларын орта ғыасырлардағы
ғылыми-философиялық көзқарастардың жиынтығы десе де болғандай. Онда көбіне
қоғамдық мәселелер сөз болады. Физули одалары әуелі бір нәрсені суреттеп
көрсетуден басталады да, сол суреттеуге алып отырған затының бар
ерекшеліктерін айтып шығады. Содан кейін, барып өзінің мақтағалы отырған
адамын айтады. Физули одаларының тілі ауыр. Ол өз одаларының көбінде
ғылыми және тарихи терминдерді көп қолданады. Мысалы, Физулидің Бір
құдайға-деген одасын түсіну үшін орта ғасырдағы ғылымның қолы жеткен
барлық табыстарын жақсы білу керек. Онсыз Физуллидің бұл одасына түсіну
мүмкін емес, -деп жазады Физулиді зерттеуші ғалым Ғамид Араслы. Физули тек
ғазал мен оданың ғана емес, поэманың да шебері болды. Оның поэмаларының
ішінде бүкіл шығыс халқын таңдантқан талай поэмалар бар. Солардың бірі
ақынның Жүрек досы деген поэмасы.
Физулидің бұл шығармасы туралы ұзақ уақыт бойы ешкім ештеңе білген
жоқ. 1930 жылы Е. Э. Бэртельс Ленинградтың Шығыс тану институтының қол
жазба бөлімінен осы поэманы тауып алып, ол туралы түсініктеме берді. Одан
кейін бұл поэма туралы 1942 жылы Ғамид Арасылының мақаласы шықты. Сөйтіп,
бұл поэма алғаш рет 1943 жылы шыққан Азербайжан әдебиетінің қысқаша
тарихында идеялық мазмұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім поэзиясының еуропа, орыс әдебиетімен байланысы
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі
Шәкәрім және шығыс әдебиеті
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
ХХ ғасыр басындағы аударма
Абай дана Абай дара
Қазақстанның ең ірі жазушыларының шығармасы
Абай Құнанбаев шығармалары
Пәндер