Бағалы қағаздар рыногы



Бағалы қағздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жүмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын женілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде етіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қагаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рынокта бағалы кағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардын номиналдық (номиналдық құн - бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок екі бөліктен түрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы — мәмілелер сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның катысушыларына белгіленгсн талаптар сакталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мек брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Қаржы – Алматы; 2005-552 бет

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫ

ОРЫНДАҒАН:

ТЕКСЕРГЕН:

Бағалы қағздар рыногы - шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет
шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері
сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жүмыс
істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп,
олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор
құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан
алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
женілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде етіп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қагаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады; қайталама рынокта бағалы кағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардын номиналдық (номиналдық құн -
бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы),
эмиссиялық және рыноктық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рынок екі
бөліктен түрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы — мәмілелер сауда -
саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын
эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы
және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының
бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты
ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның
катысушыларына белгіленгсн талаптар сакталмай жүзеге асырылатын сферасы.
Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда
операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың
офистарында дилерлер мек брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокта
операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рынокта
операциялар шамалы катаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа қаржы рыноктарын баска критерийлер бойынша ажыратады:
бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б.
рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы,
мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық,
халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді
және ұзақ мерзімді бағалы кағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалық, форвардтық және т.с.с.; салалық критерийі бойынша.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын
ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар
рыноганда қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр
түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін
жасай алады.
Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы
негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла
бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың
жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім
ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан
өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік
капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200
акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық
банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110
миллиард сом болды. Соның ішінде банктерді үлесі 80 %-ды құрады.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы
өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің
бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму
үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар
соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
2003 жылы шідцеде "Бағалы кағаздар рыногы туралы" Қазақстан
Республикасы заңының қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан
әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы "Акционерлік қоғамдар
туралы" Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13-і)
қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған
бағалы қағаздар рыногының толыққанды жүмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.
Багалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және
қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып олар:
Бастапкы рынок
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:
бастапқы орналастыру секторы;
сатып алу-сату секторы.
Корпорациялық облигациялар рыногы
Акциялар рыногы:
МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы
Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:
МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;
МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы
Қайталама рынок
Қор биржасы
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы
Басқадай сауда-саттықты үйымдастырушы.
Бағалы қағаздар — иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір
ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай қүжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын
айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының
қалайда бір мүлікке құқылъгекеңцігін куәландыратын белгілі бір жазбалар
мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе
нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай - ақ бағалы қағаздар
белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорыннын, ұйымның меншігіне қатысуға
және басқаруға құқық береді.
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру,
жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін
атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға
мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра
түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық
келісім шарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе
пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай - ақ бұл құжаттардан туындайтын
ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі
қарастырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, онын езінің оған
тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыногы болуы тиіс. Алайда
бағалы қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады,
өйткені бағалы қағаздар - бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін
құжаттар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар және қаржы рыногы
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Қаржы рыногы және қор биржасы
Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және белгілері
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Қаржы рыногы туралы ұғым
Қаржы рыногы және қор биржасы туралы
Бағалы қағаздар рыногы, онын мәні және негізгі белгілері
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Ордерлік бағалы қағаздар
Пәндер