Геологиялық зерттеулер жүргізу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
1. Кіріспе. . 3
2. Стратиграфия . . . 4
3. Интрузивті жыныстар . . . 9
4. Геологиялық түсіру жұмыстары . . . 10
5. Геологиялық маршруттар . . . 10
6. Тау - кен жұмыстары . . . 11
7. Бұрғылау жұмыстары . . . 12
8. Сынамалау . . . 12
9. Геофизикалық жұмыстар . . . 14
Қорытынды . . . 15
Әдебиеттер тізімі . . . 16
1. Кіріспе
Курстық жұмыс студенттерге геологиялық денелерді ғана емес, пайдалы қазбаларды іздеу, кен болашағы зор аудандарды анықтауды үйретіп, дағдыландыратын геологиялық картаға түсіру және қашықтықтан зерттеу әдістері пәнін қорытындылап тұжырымдауға көмектеседі. Ол студенттерге кенорынның перспективасын көрсетуге, жиналған материалдарды теориялық сараптан өткізуге мүмкіншілік береді. Курстық жобалау геологиялық құрылысы біршама күрделі, әртүрлі пішінді шөгінді, вулканогенді, интрузивті, қатпарлы, жарылысты құрылымдарды, қабат аралықтарының үйлесімсіздігі бар геологиялық карталарды пайдаланып орындалады.
Сондықтан да, курстық жұмыста студент өз еркімен геологиялық картаға, оның стратиграфия, интрузивті жыныстарына, тектоникасына және геологиялық жобалауға берілгін сипаттаудың әдістері бойынша толық сипаттама береді.
2. Стратиграфия
Пермь жүйесі
Жоғарғы бөлім
Төменгі суриеков свитасы (P 2 sr 1 )
Жоғарғы пермь төменгі суриеков свитасы бөлімі аумақтың солтүстік-батыс бөлігінде дамыған. Жоғарғы пермь төменгі суриеков свитасы қимасы қызыл саздар, мергельдер, әктастар жыныстарымен сипатталады. Жоғарғы пермь қабаттары ортаңғы суриеков свитасы шөгінділерімен параллель шекаралас орналасқан. Жоғарғы пермь төменгі суриеков свитасы қабаттарының қалыңдығы 500 метрден асады.
Ортаңғы суриеков свитасы (P 2 sr 2 )
Ортаңғы суриеков свитасы қабаттары Тасқан өзені бассейнінің солтүстік-батыс аздаған аумақты алып жатыр. Ортаңғы суриеков свитасы қимасы қызыл әктастар жыныстары сипатталады. Олар үйлесімді түрде жоғарғы суриеков свитасы құмтастар қабатымен жабындалады. Ортаңғы суриеков свитасы жыныстары қабаттарының қалыңдығы 300 метрден асады.
Жоғарғы суриеков свитасы (P 2 sr 3 )
Жоғарғы суриеков свитасы қабаттары Тасқан өзені бассейнінің солтүстік-батыс бөлігінде дамыған. Олар әртүрлі түйірлі құмтастардан құралған шөгінді қабаттарды құрайды. Жоғарғы суриеков свитасы қабаттары бұнда ортаңғы суриеков свитасы шөгінділерімен параллель шекаралас орналасып, сәйкесінше құмтастар үйлесімсіз төменгі юра синчан свитасының саз жыныстарымен ауысады. Жоғарғы суриеков свитасы жыныстарының жалпы қалыңдығы 300 метр.
Юра жүйесі
Төменгі бөлім
Төменгі синчан свитасы (I 1 sn 1 )
Төменгі Юра жүйесі өзінің төменгі синчан свитасы шөгінділері аумақтың батыс бөлігінде, орталық, оңтүстік-шығыс бөлігінде дамыған. Төменгі синчан свитасы қабаттары гравелиттер, алевролиттер, құмтастар, саздардың алмаса қабаттасуымен сипатталады. Стратиграфиялық жоғары олар үйлесімді түрде ортаңғы синчан свитасы алевролит, саздар, мергельдер қабаттарымен жабындалған. Төменгі синчан свитасы шөгінділері барлық жерде ортаңғы синчан свитасы қабаттарымен параллель орналасқан. Төменгі синчан свитасы шөгінділер қабатының қалыңдығы - 250 метр.
Ортаңғы синчан свитасы (I 1 sn 2 )
Ортаңғы синчан свитасы ауданның батыс бөлігінде, орталық, оңтүстік-шығыс бөлігінде дамып таралған. Олар құмтастар, тақтатастар, аргиллиттер, әктастар, сирек кварциттер, яшмалар және эффузивтерден тұрады. Қабат қалыңдығы 100 м.
Жоғарғы синчан свитасы (I 1 sn 3 )
Жоғарғы синчан свитасы ауданның оңтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде дамыған. Қабат құрамы мәрмәрланған әктастар, андезит базальтты порфириттер, туфтар және тақтастардан тұрады. Қабаттың қалыңдығы 200 м. Жоғарғы синчан свитасы им свитасымен үйлесім құрап жатыр.
Им свитасы (I 1 im)
Төменгі юра им свитасы ауданның орталығында дамыған. Олар құмтастардан, сазды тақтатастардан, әктастардан, орт. құмды туфтардан, аргиллиттерден және туффиттерден тұрады. Төменгі юра им свитасы жыныстарының қалыңдығы 200 м. Төменгі юра им свитасы жоғарғы бор сеноман жікқабатымен үйлесім құрап жабындап жатыр.
Бор жүйесі
Жоғарғы бөлім
Сеноман жікқабаты (К 2 cm)
Жоғарғы бор сеноман свитасы Тасқан өзені бассейнінің орталық бөлігінде дамыған. Олар сазды, көмірлі сазды, құмтастар, сирек әктастар, аргиллиттер және туффиттерден тұрады. Қабат қалыңдығы 340 м.
Турон жікқабаты
Төменгі таскан свитасы (К 2 ts 1 )
Жоғарғы бор таскан свитасы ауданның солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарында дамыған. Олар гнейстерден және амфиболиттерден тұрады. Жоғарғы бор төменгі таскан свитасы ортаңғы таскан свитасымен үйлесім түзе көмкерген. Жоғарғы бор төменгі таскан свитасының қалыңдығы 200 м.
Ортаңғы таскан свитасы (К 2 ts 2 )
Жоғарғы бор ортаңғы таскан свитасы ауданның солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарында дамыған. Құрамы әктастардан құралған. Қабаттың қалыңдығы 350 метр.
Үшінші таскан свитасы (К 2 ts 3 )
Жоғарғы бор үшінші таскан свитасы ауданның солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарында дамыған. Олар құмтастардан және әктастардан құралған. Барлық жерде жоғарғы сенон жікқабатымен үйлесім құрап жабындалған. Жоғарғы бор үшінші таскан свитасы жыныстарының қалыңдығы 350 метр.
Сенон жікқабаты (К 2 ab)
Жоғарғы бор сенон жікқабаты Тасқан өзені бассейнінің солтүстік-батыс бөлігінде дамыған. Қабат қимасы гнейстерден және тақтатастардан тұрады. Жоғарғы бор сенон жікқабатының қалыңдығы 200 метр шамасында.
Жоғарғы таскан свитасы (К 2 ts 4 )
Жоғарғы бор жоғарғы таскан свитасы ауданның солтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс аймақтарында дамыған. Олар құмтастардан, тақтатастардан, мәрмәрлардан және аргиллиттерден құралған. Жоғарғы бор жоғарғы таскан свитасы сенон жікқабатымен үйлесімді, сәйкесінше палеоген жүйесімен үйлесімсіз құрап жабындалған. Жоғарғы бор жоғарғы таскан свитасы жыныстарының қалыңдығы 500 метр.
Палеоген жүйесі
Эоцен (Pg 2 )
Эоцен шөгінділер қабаттары аумақтың оңтүстік-батыс бөлігінің аздаған аумағын алып жатыр. Эоцен шөгінділерін алевролиттер, саздар, мергельдер құрайды. Эоцен шөгінділері олигоцен қабаттарының барлық жерде үйлесімді орналасқан. Эоцен шөгінділер қабаттарының жалпы қалыңдығы 300 метр.
Олигоцен бөлімі (Pg 3 )
Олигоцен қабаттары аумақтың солтүстік-шығыс бөлігінің көлемді аумағын алып жатыр. Олигоцен қабаттарының тау жыныстары таралуымен сипатталған. Олар алевролиттер, аргиллиттер, мергельдерден құралған. Олигоцен шөгінділері сәйкесінше плиоцен-төрттік жүйе қабаттарымен параллель шекаралас орналасқан. Олигоцен қабаттарының қалыңдығы 250 метр.
Плиоцен-төрттік жүйе (N 2 -Q)
Плиоцен-төрттік жүйесі қабаттары батыс аумағында жатыр. Плиоцен-төрттік жүйесі тау жыныстары таралады. Қабаттар қара кремнийлі мергельдер, әктастар, саздар жыныстарының алмаса қабаттасуымен сипатталады. Плиоцен-төрттік жүйесі шөгінділері үйлесімді түрде ортаңғы-жоғарғы төрттік мергель-саздар қабатымен сипатталады. Плиоцен-төрттік жүйесі қабаттарының жалпы қалыңдығы 250 метр.
Ортаңғы-жоғарғы төрттік жүйесі (Q 2-3 )
Ортаңғы-жоғарғы төрттік тау жыныстарынан құралған қабаттар аумақтың шығыс бөлігінде аздаған аумақты алып жатыр. Ортаңғы-жоғарғы төрттік шөгінділері конгломераттар, құмтастар, саздар алмаса қабаттасуымен сипатталады. Олар жоғарғы төрттік қабатына үйлесімді түрде ауысады. Ортаңғы-жоғарғы төрттік қабаттарының қалыңдығы 500 метр.
Жоғарғы төрттік (Q 3 )
Жоғарғы төрттік жүйесі шөгінділері аумақтың оңтүстік бөлігінің аз көлемді аумағын алып жатыр. Жоғарғы төрттік жүйесі қабаттары гравелиттер, құмтастар, көмірлі қабатты саздардан құралған. Жоғарғы төрттік үйлесімді түрде қазіргі төрттікпен жабындалады. Қабаттың жалпы қалыңдығы 500 метр.
Қазіргі төрттік (Q 4 )
Қазіргі төрттік Тасқан өзені ауданының солтүстік бөлігінде дамыған. Қазіргі төрттік конгломераттар, құмтастар, саздар жұқа қабатты туфтардан құралған. Қабаттарының жалпы қалыңдығы 500 метр.
3. Интрузивті жыныстар
Интрузивті жыныстар сипатталынатын Тасқан өзені ауданының көлемінің 40%-ға жуығын қамтиды. Жасына қарай олардың ішінде алты интрузивті кешен бөлінеді:
- жоғарғы таскөмірлік лейкократты гранитті интрузивті кешені (γС3) ;
- жоғарғы пермьдік биотитті гранитті интрузивті кешені (γР2) ;
- төменгі юралық амфиболды габбролық интрузивті кешені (υI1)
- ортаңғы юралық гранитті және гранодиоритті интрузивті кешені (γI2)
- төменгі палеогендік порфиритті граниттер (γРg1)
- неогендік гранодиоритті интрузивті кешені (γδN) .
4. Геологиялық түсіру жұмыстары
Геологиялық түсіру жер қыртысын зерттеу үшін жүргізілетін жұмыстардың ішіндегі ең негізгісі. Ол геологиялық барлау жұмыстарының іздеуден бастап игерулік барлаумен және кенорнын толық қазып алумен аяқталатын кезеңдерін қамтиды.
Геологиялық түсірудің негізгі мақсаты жер қыртысының геологиялық құрылысын, пайдалы қазба байлықтарын зерттеп, әр түрлі масштабты геологиялық карталар жасау болып табылады. Геологиялық түсіру кезінде негізгі көңіл бөлетін мәселе пайдалы қазба кенорындарының таралу заңдылығын сол аймақтық геологиялық құрылысымен және даму таихымен ұштастыру.
Геологиялық түсіру жұмыстары нәтижесінде түсірілген аудан жайлы толық геологиялық мәліметтер алынуы керек. Сондықтанда бұл мақсатты орындау үшін маршруттық зерттеулермен бірге комплексті әдістер қолданылады, оның ішінде бастыларына геофизикалық пен геохимиялық зерттеулер, аэрофотоәдістер, бұрғылау жұмыстары және т. б. жатады.
Геологиялық түсірулер үш кезеңнен тұрады:
- даярлық;
- далалық;
- камералдық.
5. Геологиялық маршруттар
Маршруттар бағытын белгілеуде мынандай мәселелерді есте ұстаған жөн:
а) ауданның геологиялық құрылысының күрделілігі;
б) таужыныстардың жер бетіне шығу дәрежесі;
в) аэрофотосуреттердің бажайлану дәрежесі;
г) геофизикалық пен геохимиялық материалдарды нобайластыру қорытындысы;
д) пайдалы қазындылар туралы мәліметтер жиынтығы.
Геологиялық маршруттар міндеті - іздеу және іздеу-түсіру болғандықтан әрдайым литохимиялық сынамалар алынады.
6. Тау - кен жұмыстары
Геологиялық картаны түсіруде әр түрлі тау-кен жұмыстарын жүргізу қажет. Олардың негізгі мақсаты - геологиялық жапсарларды ашу, кейбір геологиялық денелерді созылу бағыты бойымен бақылау, пайдалы қазынды денелерді ашу мен сынамалау.
Барлау орлары таяз жатқан таужыныстарын және пайдалы қазындыларды ашу мақсатында жүргізіледі. Барлау орларының тереңдігі 3 метрден аспайды, ұзындығы 5 метрден 100 метрге дейін, ал кейде одан да артық. Орлар тұрақсыз жыныстарда әртүрлі тереңдікке қолмен немесе машиналармен қазылатын болса, оларға трапеция тәрізді пішін беріледі. Сондай-ақ бұндай пішін бұрғылап аттыру арқылы жүргізген кезде де пайда болады.
Сонымен ор-пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау сатысында қолданылады, төрттік жыныстармен жамылған, тау жыныстардың ұзына бойлы созылу бағытын қиып өту арқылы жүргізіледі.
Шурфтар геологиялық барлау жұмыстарының барлық кезеңдерінде де жүргізіледі. Барлау орларына қарағанда шурфтармен бірталай тереңдікте жатқан таужыныстарын алуға болады.
Тереңдігі жөнінде шурфтар таяз (5 метрге дейін), орташа терең (5-10 метр) және терең (10 метрден артық) болып бөлінеді. Кейбір кезде шурфтардың тереңдігі 40-60 метрге дейін барады. Шурфтардың тереңдігін таңдау тек қана кен-барлау жұмыстарына байланысты емес, сондай-ақ ол жұмысты механикаландыру мәселесіне де байланысты.
Шурфтарды жүргізу тәсілдері әртүрлі және қиып өтетін жыныстардың қасиеттеріне, шурфтардың тереңдігіне, қазба жүргізу жұмыстарының көлеміне, т. б. байланысты. Негізінен шурфтар қолмен, бұрғылап аттыру арқылы немесе машинамен жүргізіледі, ал кейде арнайы әдістер қолданылады.
7. Бұрғылау жұмыстары
Бұрғылау ұңғымалары - тік, еңіс және көлбеу қазылады, қимасы цилиндр пішінді, диаметрі әртүрлі 36-250мм және тереңдігі үлкен 2-2, 5 км кейде одан да асады. Тау жыныстарды қирату тәсіліне байланысты: айналмалы, соққылы-айналмалы және соққылы бұрғылау түрлері бөлінеді. Айналмалы бұрғылауда таужыныстар ұңғыманың барлық ұңғысы немесе сыртқы сақинасы бойынша қарастырылады. Бағаналы бұрғылауда ұңғыманың өзегінде бүтін таужыныстың цилиндр пішінді бағанасы қалады, оны керн - деп атайды.
Тасқан өзенінде ұңғымалар диаметрі 146 мм бұрғыланды, тереңдігі 20-40 м дейін диаметрі 127 мм бұрғыланды. Негізгі бұрғылау диаметрі 108 және 89 мм.
Ұңғымалар көбіне 75 және 80 0 бұрышпен қат - қабатқа қарай берілген.
8. Сынамалау
Әдетте түпкілікті және борпылдақ жыныстарды әр түрлі әдістер көмегімен сынамалайды.
Таскертпелік сынамалау. Маршрутты іздеулерде пайдалы қазындыларды табу үшін, геохимиялық зерттеулерде ең жиі қолданылатын сынамалаудың бірі. Таскертпелік сынамалардың минералогиялық және геохимиялық мақсаттағы түрлері бар. Алғашқысы акцессорлық минералдар құрамын, ал екіншісі - таужынысы және жалпы геологиялық денелердегі химиялық элементтердің таралу сипатын анықтау үшін қолданылады.
Жер бетіне шығып жатқан немесе тау-кен қазындылары арқылы ашылған пайдалы қазба денелері жосалмалы сынамалаудан өтеді. Оның мақсаты кен денелері мен кен денесі маңы өзгерген таужыныстардың сапасы мен мөлшерін анықтау.
Қырнама сынамалау - кен денесінің өне бойымен қалыңдығы бірдей етіп сынама алу. Ол қалыңдығы төмен желілі және пайдалы компоненттер бір қалыпты емес таралмаған денелерді сынамалауда қолданылады.
Литохимиялық сынамалау. Сынамалаудың бұл түрі мақсатына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
а) қайта түзілген ореолдар бойынша литохимиялық іздеулер;
б) алғашқы ореолдар бойынша литохимиялық іздеулер;
в) өзгермеген таужыныстардың жер бетіне шығып жатқан бөлігін литохимиялық сынамалау;
г) тау-кен қазындыларынан геохимиялық сынамалар алу.
Бұл жобада 2002 - 2006 жж бороздалық және кернді сынамадан басқа, ұңғыманың керні бойынша литохимиялық сынамалау жүргізілді.
Бороздалы сынамалау канавалармен орындалған. Бороздалы керн сызықтарының өзара арақашықтығы карьер түбі бойынша 7 - 8 м. Бораздалардың қиылысуы 5×10 см, бороздалық сынама секцияларының ұзындығы 0, 5 - 2, 0 м, негізінен - 1, 0 м.
2003 - 2005 жж бұрғыланған барлық колонкалы барлау ұңғымаларының керні түгелімен кернді немесе литохимиялық сынамалармен сынамаланған.
Барлық керн материалы кернді сынамалаумен таңдалды. Кернді сынама секцияларының ұзындығы 0, 5 - 1, 5 м аралығында өзгеріп отырады.
Литохимиялық сынамалау визуалды рудалы емес ұңғыма керндерімен жүргізіледі. Литохимиялық сынама секцияларының ұзындығы 2 - 7 м аралығында өзгеріп отырады. Сынама сынықтарының салмағы 0, 5 - 1, 5 кг.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz