Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту туралы



1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2 1 Абай оның шығармалары жайлы жалпы түсінік.
2.2. Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары.
2.3. Абай . лирик ақын.
2.4. Абай шығармаларының зерттеу жолы.
3. Қорытынды.
Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз.

1.1 Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек, саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұны мен бірге көркемдік ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып табылады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту.

1.Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
2 1 Абай оның шығармалары жайлы жалпы түсінік.
2.2. Бастауыш сыныпта оқытылатын Абай шығармалары.
2.3. Абай - лирик ақын.
2.4. Абай шығармаларының зерттеу жолы.
3. Қорытынды.

Кіріспе
Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы
оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан
жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-
тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан
танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ
тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте
меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі
арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын
қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты
бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық
жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе
бермейді.
Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық
жұмысымызды арнап отырмыз.

1. Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі. Әрбір
шығарманың өзінен ұғым, нәр, ләззат ала білмеген оқушының жан дүниесі
ойдағыдай өсіп жетілмейді. Балада көркем шығарманы қызығып оқитын ынта
болса, бұл- білімнің басы.
Бастауыш сыныптарда оқушы шығарманың жай мазмұнын игеріп, соны жүрдек,
саналы түрде түсініп оқиды.
Міне, осы кезден бастап шығарманың мазмұны мен бірге көркемдік
ерекшеліктері жөнінде толық түсініктер алып, оқу, талдау балалардың өз
біліміне негізделуі тиіс.
Ең бастысы, көркем шығарма арқылы тіл байлықтарын арттыру болып
табылады.
1. Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын меңгеру және зерттеу;
2. Ақын шығармалары арқылы біртұтас тұлға қалыптастыру;
3. Бастауыш сыныпта көркем әдеби шығарманың айрықша роль атқаратынын
ескере отырып, Абай шығармаларының сынып-сыныптарда оқытылу жүйесі
мен атқаратын қызметін анықтау.
4. Ақын шығармаларындағы практикалық ой-тұжырымдарды іс-жүзінде
қолдануға үйрету.
1.2. Диплом жұмысының алға қойылған міндеті.
- Абай шығармалары тақырыбының мәнін кеңінен ашу;
- Оқыту әдістемесін жетілдіре түсу жолдарын іздеу;
- Балалардың ана тілі пәнінен, оның ішінде Абай шғармаларын оқыту арқылы
терең де тиянақты білім алуына қол жеткізу;
- Оқу үрдісінде алған білімдерін тәрбиелік мақсатта ары қарай дамытуға
мүмкіндік жасау;
- Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын арттыруға қол жеткізу;
- Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау дайындау.
1.3. Практикалық колданылымы:
Еңбектің нәтижелері: мектеп мұғалімдеріне, студенттерге, жоғары оқу
орындарының оқытушылары әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана
алады.
1.4. Диплом жұмысының материалдары:
Диплом жұмысын жазуда бастауыш сыныптың ана тілі оқулықтарының мәтіндері
мен ғылыми әдістемелік әдебиеттерден, бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық
тәжірибелерінен пайдаланды.
1.5. Диплом жұмысының зерттеу әдістері.
-Диплом жұмысын жазуда дәстүрлі талдау және жинақтау әдісі;
-Бақылау әдісі және сипаттау әдісі;
- Дәстүрлі талдау және жинақтау әдістерінен пайдаланылды.
1.6. Диплом жұмысының құрылымы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1. Абай және оның шығармалары жайлы жалпы түсінік.
... Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..
Абай болашақ ұрпақ, біздерге сөзін осылай арнады. Бұл сөз өткеннің
құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа
сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі. Даланы торлаған надандық түнегіне
ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын
жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы Семей облысының қазіргі
Абай ауданы, Шыңғыс тауының баурайында дүниеге келген. Өзінің әкесі
Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай бәрі де тобықты руының
билеушілері, ірі феодалдар болған. Абай жастайынан сусындаған халық
әдебиетінің алғашқы үлгілері - әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан естігені
ертегі аңыздар болатын.
Әкесінің 40 жасынан асқан шағында дүниеге келген Абай, соңғы 40
жылдық әкесінің өмірін көрген ол Құнанбай туралы бар шындықты айтты,
әкесінің ел сүйсінерлік ерен тұлғасын жасайды. Абайдың суреттеуінше
Құнанбай-ізгі істерімен артына өлмейтін атақ қалдырған, мұңды-шерлі кедей
жігіттердің қамқоршысы болған, ақылды, адал, жомарт, әділ адам болған.
Құнанбайдың қоғамдық қызметтегі игілікті қызметінің бірі-оның оқу ағарту
ісіне ерекше мән берген. Ол діни оқуды мықтап жақтағанмен, орысша оқудың
заман ағымына қажет екенін ұғынып, өз аулының қазақ балаларына тіл үйретіп,
білім беретін училище ашпақ болып,
1845 жылы шекара басқармасына орысша-қазақша сөйлей алатын мұғалім жіберуді
сұрап өтініш жазған. Құнанбай Ескітам деген жерде мектеп ашып, онда
орысша сауатты Ғабитхан деген ноғайды мұғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп өз
балаларын, ауылдастарының балаларын оқыта бастайды. Абай да алғаш сауатын
осы мектептен ашады.
Он жасында әкесі Абайды Семейге оқуға жібереді. Әуелі Ғабдул-
Жаппардың, кейін Ахмет Ғизаның медресесінде оқып білім алады. Медресенің
соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі Приходская школада
үш айдай орысша оқиды. Бос уақытын ізденумен, кітап оқумен өткізген зерек
Абай осылайша орысшаны да тез игеріп кетеді. Абайдың ақындық жолға бет
бұрғандағы алғашқы сөзі орыс мәдениеті мен білімінің маңызын насихаттауға
арналады.
Абай замандастарының айтуына қарағанда, өлеңді өте ерте, он екі
жасынан бастап шығарған. Бұл кездегі шығармаларының көпшілігі бізге жеткен
жоқ, кейбіреулерінің аты ғана сақталған. Қазақстанда ол кезде жазу-сызу
нашар дамығандықтан Абайдың жас кезіндегі өлеңдерін сақтаған, өміртарихын
баяндайтын жазбалар жоқ. Үстем тап өкілдерінің ақынға деген қарсылығы аз
болмады. Осының әсерінен Абай өзінің көпеген өлеңдерін жас достарының
атынан таратқан.
Болашағынан көп үміт күткен Құнанбай Абайды ел билеу ісіне ерте
баули бастайды. Алғашқы кезде әке жұмсауымен елдегі даулы мәселелерге
Абайдың қасына ірілеу кісіні ертіп, барып кел, біліп кел деген
тапсырмалар береді. Осы жұмыстарды атқарып жүріп, ел ішіндегі жағдайларды,
әкесінің кейбір жағымсыз істерін байқап отырады. Ру таластарының қым-қуат
дау-жанжалына амалсыз араластырылған Абай әкесінің қаталдығымен
әділетсіздігімен келісе алмай және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей әділ
үкім шығарып отырады. Абайдың халық арасынан шыққан адал, ақылгөй
адамдармен дос болуы және жас кезінен бастап орыс мәдениетіне бой ұруы
Құнанбайға ұнамады. Қатал, айлалы әке мен әділетті қайсар баланың арасында
елеулі тартыстар жиі-жиі болып тұрады. Жиырма сегіз жасқа келгенде Абай
әкесінен біржолата ажырасады. Ол өз тағдырын өзі белгілеп алатын болды.
Абай ең алдымен орыс тілін үйренуге қайтадан бет бұрады.
Оның жаңа достары кедей руларынан шыққан талантты жастар, ақындар,
жыршылар және орыс интеллигенциясының таңдаулы өкілдері болды. Есейген,
мәдениетті өскен Абай орыстың классик әдебиеті мен Шығыс халық
творчествосын оқи бастады. Отыз бес жасқа келгенде ғана Абай творчествоға
қайта оралады. 1880-1886 жылдарға дейінгі көптеген өлеңдері Көкбай атынан
таратылған. Тек, 1886 жылы қырық жастан асқан соң Жаз деген атақты өлеңін
жазғаннан кейін ғана Абай шығармаларына өз атын қойды. Отыз жасқа келгенде
Абай феодал, рулық ортадан біржола түңілді.
Нағыз ақын, әрі патриот Абай халыққа оның неге қасірет шегетінін
түсіндіруге тырысты. Өзінің өлеңдерінде ол феодал-рулық билеп-төстеушілерді
аяусыз әшкереледі және халықты өнер-білімге шақырды.
Абай орыстың жер ауып келген 70-80 жылдардағы революционерлермен
танысады. Солардың бірі- Е.П. Михаэлиспен таныстығы үлкен достыққа
айналады. Абайдың өз бетімен білім алуына ерекше назар аударып, зор көмек
көрсетті. Орыс халқының рухани мәдениеті мен білімінен нәр алған Абайдың ой-
өрісі мейлінше кеңейді.1886жылдан бастап ол Крылов, Пушкин, Лермонтов
шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Абай тек қана ақын емес, қазақтың халық музыкасын терең білген, жете
бағалаған адам болды. Ол өзінің Евгений Онегиннен жасаған үзінді
аудармаларына да әуендер шығарған. 1889 жылдар арасында –Пушкин есімі оның
кейіпкерлері-Онегин мен Татьянаның есімдері сол әндермен бірге бүкіл қазақ
даласына кең таралды.
Сексенінші жылдардың аяқ кезінде ақын, ойшыл, музыкант Абай халық
жақсы білетін әрі аса қадір тұтатын кісі болды. Оған алыс жерлерден
ақындар, музыканттар, жыршылар келді. Ауылдағы жас талантты ақындар Мұқа,
Ақылбай, Кәкітай, Мағауия, Шәкәрім тағы басқалар Абай төңірегіне топталған.

Абай маңына тек қазақтар ғана емес, шығыс халықтарының қуғынға ұшырыған
озат ойлы адамдары да келеді.
Сібірдегі ссылкадан өз еліне қашып бара жатқан кавказдықтар ауылына
айлап жатып қонақ болады.Абайдың ауылы Шығыстың прогресшіл ойдағы алдыңғы
қатарлы адамдары көптеп келетін орталыққа айналады. Олар Абайдың, оның
айналасындағы өнерлі жастардың шығармаларын жаттап ел арасына таратып
жүреді.
Абайды царизм үшін қауіпті адам ретінде далалық өлкенің генерал-
губернаторына дейін жетеді.
Шындықтың батыл жаршысы, әлеуметтік тәртіптің әшкерлеушісі болған
ақынды приставтар, урядниктер, болыстар үнемі қудалауда болды.
Ру басшыларының бірі-Абайдың қас жауы Оразбай, оның
айналасындағылар қосылып, қолдарынан келген қастандықтарын Абайға жасайды.
Ақынның жаулары Абайға деген халықтың сүйіспеншілігінен қаймықты. Олардың
қолынан келгендері жер ауып келген достарынан айырып, тығыз байланысты
үзумен ғана шектеледі.
Абайдың ақындық шығармалары дала жастарының арасына кеңінен жайылды.
Көптеген жиын-тойларға, қыз ұзатып, келін түсіргенде жыршылар мен
ақындар Абай өлеңдерін айтады. Абайдың өз ауылының қыздары ұзатылғанда
өздерінің жасауларының ішінде Абайдың өлеңдерін, нақыл сөздерін,
поэмаларының қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Ондағы көзделген
мақсат жат жұртқа кетіп бара жатқан қыз елдің сағын сындырмасын, Абай
атасының өсиет өлеңдерін есте ұстап, әдепті, көрікті келін болсын деген
тілектен туған. Мысалы: Әсия, Уасила, Рахила сияқты қыздардың сондай
қолжазба жинақтары бүгінге дейін сақталған.
Абайдың үміт еткен оқыған баласы Әбдірахманның өлімі Абайға үлкен
соққы болады.Осы баласына арналған көптеген жоқтау өлеңдер жазған.
Абай ауыр өлімнің қайғысынан серпіліп болмай-ақ тағдыр оны тағы да
қатты соққылайды. Абайдың екінші баласы, талантты ақын – Мағауия қайтыс
болады. Осындай бақытсыздық қатты жаншып, еңсесі түскен Абай өзінің қайғы –
қасіретінен бой жаза алмайды. Досы Ерболдың, замандасы Базаралының қазасын
естігеннен кейін Абай көп үнсіздіктен соң:
- Құп-қу болып, жапа-жалғыз қалыппын!
Бақсының моласындай жапа-жалғыз қалыппын!
Кімім қалды, нем қалды!?- деп өзімен-өзі сыбырлый сөйлеп кетеді. ( М.
Әуезов Абай жолы романы 2 том 596 бет)
-... Жапан түз, елсіз, жолсыз сор далада жалғыз түп ағаш өсті. Айлар,
жылдар, не замандар жасапты. Әрбір көктем күніне үмітін артып, шат қуаты
жапырағын жарып гүлін ашыпты.
Талай жылдар өтіпті әр жылының гүлдері мен дәндері ұшып, тарап кетіп
жатыпты. Сан жапырақ сарғая солып, жоқ болыпты. Бір заманда сол айдаладағы
жалғыз ағашқа жай түсіпті де жайрапты. Бұл бұтақтан, гүл жапырақтан, дән
нәрден айырылыпты, ажырапты... Қуарып жалғыз қалған қу ағаш көк аспанға тіл
қатыпты. Не жазып ем, не сұмдық, не залымдық етіп ем?І
Біттім міне, тек, көк аспан куәм едің, сенен ғана сұраймын. Сорымның
да куәсі, көктеген гүл атқан шағымның да куәсі сен едің, кең көк аспан!...
Сен ғана айтшы... Мен өлейін, бірақ сол жылдардан сенің желдерін қуып
жеткен гүлдерім, дәндерімнен үміт ұрпақ қалар ма?...
... Жас жапырақ көкке созып, гүл жемісін жер жүзіне берер ме?!... сол
гүлдердің бір тобынан мәуелі бақ өсер ме! Саясында жас өмір, жаңа дәурен
мекендер ме?-деп өзімен-өзі шын бір ұлы шабыт, ақын шабытымен шарықтап бір
барды да, сонан соң үні өшті. ( М. Әуезов Абай жолы 2 том 597 б)
Ақынның соңғы үні, арманы осындай еді.
Мағауия өлгеннен кейін қырық күн өткен соң, алпыс жасқа шыққанда, өзінің
туған даласында ақын қайтыс болады.
Абайдың сүйегі Шыңғыс тауының бауырындағы өзінің Жидебай деген
қыстағының жанына қойылады.
Оның үні мен өрісі бар, үміті бар жас буын жамандықтан жиренгенін,
жақсы күнді көксегенін таратып айтып еді.
Сол үшін Абай бүгін өлген жоқ.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!-деген өзіңсің Абай аға!
Алтын терек, арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің!
Еліңнің әр жанының кеудесінде сенің атың бірге кетеді, бірге жасайды... Ана
жұртың сені өлді демейді!... (Абай қабірі басында сүйікті жары Әйгерім
айтқан жоқтау өлеңнен үзінді.)
Абай творчествосының зерттелуі жайлы атап айтатын болсақ, Абай өлеңдері
мен поэмалар, аудармалар мен ғақлиялардан тұратын әдеби мұрасы үлкен-үлкен
екі том болып басылды.
1918 жылы ақпан-қазан айлары аралығын Семейде Жүсіпбек Аймауытов
редакторы болған Ғылыми-әдеби және шаруашылық журналының 1 санына Абайдың
Лай суға май бітпес қой өткенге өлеңін эпиграф етіп алып, Абай жайлы
көлемді мақала жарық көрген.
1939 жылы М.Әуезов пен Л.Соболев бірігіп жазған 4 актілі 7 суретті
трагедиясы, сахнаға 1940 жылы 30қазанда қазақ академиялық драма театры
сахнасына қойылды. (Реж-А.Тоқпанов суретшілері- Э.Чарномский. Қ.Қожықов.)
Пьесада күрескер Абай жан-жақты көрсетілген. Абай ақынның туғанына 95жыл
толуына орай Қазақ мемлекет баспасынан 1940 жылы қазақ тілінде жарық көрген
өмірбаяндық жинағы.
Құрастырғандар Е.Ысмайлов пен Қ. Бекхожин Абай әндерінің әуені бойынша
1941жылы А.Жұбанов жазған сюита ақынның шығармашылық күрескерлік қызметін
музыка тілімен баяндайтын бес бөлімді лирик-драмалық шығарма.
1945жылы орыс тілінде жарық көрген Абай жайлы ғылыми зерттеу еңбек.
(Авторы М.С. Сильченко.) Еңбек он алты мақаладан тұрады. Онда автор Абайдың
балалық, жастық шағын, өскен ортасын, ақынның надандыққа, әділетсіздікке,
зорлық-зомбылыққа күрес жолына тоқталған. Аудармалық шығармаларына,
қарасөздаріне талдау жасалған.
М.Әуезов-жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым,
абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор, ҚазССРҒА-ның академигі,
ҚазССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Мемлекеттік және Лениндік
сыйлықтардың лауреаты. Абайдың бүкіл өмір жолын жиырма жылдай зерттеп
атақты Абай және Абай жолы романын жазып, әлем оқырмандарына қазақ
халқы жайлы толық, жан-жақты түсінік берген.
Абай жолы -М. Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы-
қазақтың тұңғыш эпопеясы. Бірінші-кітабы 1942 жылы, екінші кітабы - 1947
жылы , үшіншісі - 1952 жылы, 4-томы 1956 жылы жарыққа шықты. Эпопеяның Абай
атанған алғашқы екі кітабы ССРО Мемлекттік сыйлығы 1949 жылы Абай жолының
тұтас төрт томына Лениндік сыйлық 1959 жылы ( бір мың тоғыз жүз елу
тоғызыншы) берілді.
1954 жылы Алматы киностудиясы түсірген абай деректі фильмі жарық
көрді. Мектеп баспасы 1976 жылы авторы Қ. Оразалин Абай ауылына саяхат
очерктер жинағы баспадан шықты.
1934 жылы Алматыдағы көркем әдебиет баспасынан жарық көрген Абайдың
Таңдамалы өлеңдер жинағы, Абай Құнанбаевтың 1936 жылы Москвадан Алматыға
Қазақстан өлкелік баспасы дайындауымен шыққан орыс тіліндегі кітабы.
1956 жылы Абайдың қара сөздарі (авторы Х. Сүйіншәлиев.)
1986 жылы Пекиндегі Ұлттар баспасынан Абай қарасөздері жарық көрді.
Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. (Мектеп
баспасынан авторы Қ. Өмірәлиев.) Кітапта Абайдың нақыл сөздерін сабақта
пайдалану жолына тоқталған.
Абай- сатирик ақынның 125 жыл толуына байланысты баспадан шықты.
Ұлы ақынның мұрасын танып білу мақсатымен республикалық жоғарғы оқу
орындарында арнаулы пән Абайтану арнайы курсы Абайтану сабағы өтіледі.
Абайтану бағдарламасы ұлы ақын мұрасы туралы ізденістер мен зерттеулердің
бірізге түсіп жүйеленген жоспары.
1995 жылы Абай энциклапедиясы (бас редакторы Р.Н. Нұрғалиев
басшылығымен ) Атамұра баспасынан жарық көрді.
Энциклопедия қазақтың ұлы ақыны данышпан перзенті, қазақ жаңа жазба
әдебиетінің негізін салушы Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың (1845-1904
ж.ж.)өмірі мен шығармашылық жолына арналған. Абайдың өскен-өнген ортасы,
бай мұрасы, дүниеге көзқарасы, эстетикалық, поэтикалық қоғамдық-саяси
пікірлері сөз болады.
Бүгінгі таңда Абай туралы, оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда
қазіргі ұғым түсініктер деңгейіне көтеріле, бұрын-соңды айтылғанды жинақтай
айту қажет екені мәлім. Осы тұрғыдан келсек, Абайдың шығармашылық өнеріне,
ақындық тұлғасына, жекелеген өлең, дастандарына қатысты әр кезде айтылған
сын пікірлерге де назар салуға болады.
Абайтанудың арғы бастау бүлағы, қайнар көзі жайында айтқанда, алдымен
Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтың мақалаларын
ауызға аламыз. А Байтұрсы-
нов 1913 жылы Қазақ газетінде басылған Абай-қазақтың бас ақыны атты
мақаласында:
Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған
жоқ,-деп Абайды аса жоғары бағалады.
Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі
ақын қайтыс болғаннан соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы
деректер жетерлік \Р. Мұсаұлы Абай өлеңдерінің алғашқы жинағы. Абай
журналы 1993ж. 9-13беттер.\ -Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын
қарастырылып, 1909 жылы Санк-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің
жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңдері (аударма өлеңдерін қосып санағанда)
және Ескендір мен Масғұт поэмасы басылған, яғни, осы күнгі белгілі
поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылғаны айрықша атап
айтарлық. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай Ысқақұлы
мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын.
Абайтанудың бастамасы, алғашқы деректік арнасы ретінде осы 1909 жылы
жарық көрген Абай шығармаларының тұңғыш жинағын оған кірген Кәкітай
Ысқақұлы Құнанбаев жазған ақынның тұңғыш өмірбаянын айтуымыз қажет. Абайдың
көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі екілі ғана екенін жене ақын
өзі қолмен жазған жазбалары сақталмай шығармалары түгелдей дерлік М
Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткенін ескерсек, бұл жинақтың мәні зор
екені анық.
Абай шығармаларына қатысты жеке деректер туралы айтсақ, ақынның көзі
тірісінде 1903 жылы Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша
басылған. Ресей Біздің Отанымыздың геогрфиялық баяны атты көптомдық
жинақтың 18-кітабында А.Сидельников жазған мақалада: Абай-қазақтың
әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі-деген баға берілгенін көреміз.
1914 жылы Санкт- Петербургте шыққан По киргизской степи деген
кітабында Дм. Львович (Иванов Дмитрий Львович-кейбір кітаптарында авторын
солай көрсеткен.) Татьяна хаты ел ішінде әнге салып айтылып жүргені
туралы нақтылы дерек келтірілген.
Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарға ілесе Абай шығармашылығы
жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын шығармаларын жұртшылыққа танытуға
Н. Рамазанов, Ғабдрахман Сағди және Н.Н. Белослюдов т.б. да ат салысты.
Бұлардың еңбектерінің Абай шығармашылығын сипаттап, бағалаудағы мәні
әркелкі болса да, ақын шығармаларын насихаттауға қалайда үлес қосқанын
білеміз.
Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрдегі дұрыс көзқарастың
қалыптаса бастағанын 1933 жылы М. Әуезов бастырған жинақтардан (мұнда
М.Әуезов бастырған жинақтардан өмірбаяны берілген) және 1934жылы жарық
көрген І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым
қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М Әуезов болды.
Әуезов өзінің Абай жолы эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын
дүние жүзі оқырмандарына толық танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе,
ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтың Абай жөніндегі
зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылды. Әсіресе, 1957 жылы
Ғылым баспасынан жарық көрген, М. Әуезовтың басшылығымен және тікелей
қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының
Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет.
40-50 жылдарда Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде
жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық,
философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін,
ақындық тілін, компазиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген
еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев,
Қ.Мұхамеджанов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев,
М.Мырзахмет, А.Ысқақов, Р. Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты.
Абай шығармаларын қалай түсініп, қаншалықты терең талдап дұрыс бағалап
жүрміз деген мәселе ойлануға тұрарлық.. Абай сөздерін түсінудің оңай түсе
қоймайтынын кезінде А.Байтұрсыновтың атап айтқаны тегін болмаса керек.
Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардан басқалығы
сонша, әуелі кезде жатырқап көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз,
мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң оқып шықсаң, азына
түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін ойланып
дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды.Не
мағынада айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі. \А. Байтұрсынов
шығармалары, А., 1989, 298-бет.\
А.Байтұрсынов мұны айтқанда алдымен Абайдың кейбір пікірлерінің
мәнісін, жеке сөздердің, сөйлемдердің нақтылы мағынасын түсіну қиынға
соғады дегенді білдіреді десек болар. Мысалы, Өлсе өлер табиғат, адам
өлмес дегендегі адам өлмейді деп кесіп айтылған сөзді адамның жаны мәңгі
жасайды деген мағынада да немесе жақсы адамның рухы, ақылы мен жаны
кейінгі ұрпқтардың санасында ұзақ, мәңгі сақталады деген мағынада да
түсінуге негіз бар. Осындай пікірді айтатын бірнеше өлеңдерді алып қанша
үңіліп тексерсек те, нақтылы байлам жасау оңай емес.
Екінші жағынан алсақ, Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр
дегенді өлең сөздің, поэзиялық шығарманың қасиетін тереңдеп ұғынуға қатысты
айтқан деп қарау да қисынды. Өйткені Абай сөзі заманындағы ақындардың
сөзінен оқшау олардың сөзінен үздік артық деп отырған А.Байтұрсынов
түсінуге ауыр дегенді, Оқушылардың түсінерлік дәрежеге жете алмағынан
туады десе де, кемшілік деп атап көрсетеді ғой. Ойымызды айқындай түсу үшін
А. Байтұрсыновтың мына сөздеріне назар салалық: Не нәрсе жайынан жазса да
Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін біліп жазған соң сөзінің бәрі
халыққа тіреліп, оқушыларының біліміне сын болып, емтихан болып табылады.
Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды сынайды. ( А. Байтұрсынов шығармалары.
298 бет)
Мұхтар Әуезов Абайдың өмірбаяны атты зерттеу еңбегінде былай дейді:
Абай өзі бір жазып тастаған өлеңін қайтадан жоқтап, жинап отырмаған.
Әрқашан, кейде кітап оқып отырғанда, кейде жай бір оймен қозғалып
отырғанда, қолына қағаз, қарындаш алып, айтпақ өлең етіп жазады екен. (
М.Әуезов, Абайдың өмірбаяны,
А. Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы.1957.2-том. 55-бет.)
Ғ. Сағди Абай атты мақаласында былай дейтіні бар: Абай барлығы
5313 жол шамасында өлең жазған. Бұлардың ішінен орысшадан тәржіма қылғаны
1700 шамасында соңғыларын шығарып тастағанда, Абайдың нақ өз тарапынан
щағарған өлеңі 3612 жол шамасында болады.
Ақын мұрасының құндылығы санымен емес, сапасымен өлшенетіні ешбір
толассыз.
Абай халықтың мұңын мұңдап, өмірде әділетсіздік, қиянатшылдық көп
деп налыған болса, оны өмірден торығушылдық, күйгелектік деп санау мүлде
орынсыз.
Ендеше, М.Әуезовтың 1922 жылы жазған Қазақ әдебиетінің қазіргі
дәуірі атты мақаласында айтқан Абай өлеңдерінде сүлдері құрыған зар да,
әлі құрыған уайым да жоқ, оның орнында қазақ өмірінің кем- кетігін түсінген
көзі ашықтық бар, дәлелдеп ауруын тауып, емін айтқан шырақтық бар. Абай
қазақтың жасына: Білім жарығына ұмтыл, адал еңбек ет, парызыңды атқар,-
дейді.
Бірде жыр алыбы Жамбылдан Абайдың ақындығына байланысты қандай пікір
айтасың?-деп сұрағанда ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау:
- Абай ақын емес, ол-ғұлама депті.
Ия, Абай-өзіне теңдесі жоқ ғұлама екенін уақыт дәлелдеп отыр.
Міржақып Дулатовтың Зәредей шүбә етпейміз,Абайдың өткен күнімен қанша
алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық
ағарар, өнер-білімге ұмтылар, сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге
артады.
Абай-тұтас бір халықтың рухани әлемі. Кемеңгер ойшыл, данышпан
Абайдың артында қалдырған мұрасы-ұрпақтан-ұрпаққа жетер, мәңгілікпен
ұласар асыл қазына.
Мың өліп, мың тірілген қазақ халқы бүгінде егеменді мемлекетін
құрып, төрткүл дүниеге танымал болуы Абайдың:
Мынау азған – қу заман
Қалыбында тұрмайды-деген ұрпағына байлаған үкілі үмітінің
орындалуының дәлелі.

2.2. Бастауыш сыныпта оқылатын Абай шығармалары.
Ия, тәуелсіздіктің жарқын таңы атты. Ата-бабамыз армандап, аһ ұрып
аңсап өткен күнді көру бақыты біздің маңдайымызға жазылыпты. Ақты ақ,
қараны қара деп жалтақтамай, ешкімге жалбақтамай сөйлеу еркіндігіне қол
жетті.
Ендеше Абай мұрасын оқытуда да бұрын айта алмай, бата алмай келген көп
жайды жас ұрпаққа білгірлікпен, білімділікпен жеткізу, тереңінен тартып,
сөз ұқтыру-ұстаздар қауымының алдында тұрған өрелі міндеттердің бірі.
Олай болса, ақын жайлы азды-көпті пікірімізді жүйелеп, Абай мұрасының
білім беру саласындағы жағдайына тоқталсақ .
Қазақ халқының зерделі ойы мен өмірінің шын мәніндегі энциклопедиясы
Ұлы Абай мұрасына жүгіну, Абайды тану, Абайды таныту ісінде әрине, білім
беру жүйесінің сезінер жауапкершілігі де, қосар үлесі де ерекше.
Не ексең, соны орасың,-дейді халық даналығы. Замандастарының
ұстарасыз аузына мұрты түскен көзі көрген шақта ақын қарманып, үміт
талшығын жастардан іздейді.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін...деп
Кемел ойлы кемеңгер келешек ұрпақтың да біркелкі емес тасыры бар,
талаптысы бар болып келер, ала-құлалы тобын алыстан аңдайды.
Жиырмасыншы жылдардың орта кезінен бастап отыз жетінің ойранына дейінгі
аралықтағы сталиндік саясаттың озат ой, ұлттық мүдені қыспаққа алып,
алаштың аяулы азаматтарын құрбан қылған шағында Абай атына да шабуыл
жасалып, әділетсіз қараланды. Бұл, әрине, Абай мұрасын оқып-үйрену ісіне
салқынын тигізбей қоймайды. Бірақ:
Ғалымнан надан артпас ұққанменен,
Тағдыр көрмей қоймайды бұққанменен.
О дағы қалыбынан аса алмайды,
Жауқазын ерте көктеп шыққанменен-деп философ Абайдың
өзі айтқандай, шын асылды тот баса ма?...
Ақын мұрасының жас ұрпаққа жеткізілуі жолында еңбек етіп тер төккен
ғалым әдебиетшілер, ақын-жазушылар аз емес. Солардың ішінде ең шоқтығы биік
ірі тұлға Мұхтар Әуезов екенін бәріміз білеміз. Әуезов Абай мұрасының
жинақталу, жарық көру, зерттелу, оқытылу бағыт-бағдарын жүйелеген бір
жазбасында 1940 жылғы 95 жылдық мерейтойынан бастап Абайды дұрыс тану
бағыты бел алып өскендігін, барлық мектеп оқулықтары, бағдармаларға
енгізілгендігін айтып келіп, бұл салада түрлі монография, диссертайиялық
еңбектер жазған С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайыловтарды және Соболев,
Сильченко, Смирнова сияқты орыс ғалымдарын, аудармашыларын атайды.
Абайды қалай зерттеп, қалай танимыз, деген сұраққа Әуезов өзі былай деп
жауап береді:
Біз ұсынатын, қолданатын әдісіміз барлық дүние классиктерін
зерттеудегі дағдылы әдіс өмірімен, өсу даму жылдарымен, ақындық
эвалюциясымен жыл-жылдап тексереміз. Абай бір күнде Абай болған жоқ.. Өсе
жүре, еңбек ете, іздене, таба жүріп қалыптасып тола берді.
Міне, осылай Абайдың да бағына, біздің де бағымызға орай Әуезовтей
білгір зерттеуші, ұлы суреткер негіздеген Абайтану ілімі жарты ғасырдан аса
уақытқа қазақтың жас ұрпағына білім беру жүйесінде оқытылып, үйретіліп
келеді.
Абай-халқымыздың Ұлы ұстазы,тәлімгер педагогы. Оның өлеңдері мен қара
сөздерінің ең басты обьектісі-Адам, басты мақсаты - Адам тәрбиесі.
Абайдың мұраты- адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы
қоғамды жетілдіру.
Абайдың ойшыл дана ретіндегі негізгі этикалық принципі-Адам бол.
Білім беру жүйесінде Абай мұрасының ең көп те тұрақты оқырманы мектеп
оқушылары.
Абай мұрасы қазақ мектептерінде тұрақты оқытылып келеді. Қазіргі қазақ
мектептерінің бірінші касынан сегізінші класына дейін Абайдың жеке
шығармалары оқылады, өмірі мен шығармашылығы туралы әр кластың өзіне
лайықты әдеби теориялық мәліметтер беріледі. Осы кластар аралығында Абай
шығармаларын оқуға оқу жүктемелерінің 20 сағаты бөлінген.
Бастауыш кластағы оқу сабағында Абайдың пейзаждық лирикаларының, оқу-
білім тақырыбындағы өлеңдерінің кейбір нұсқалары толық немесе үзінді
түрінде оқылады. Бұлар баланың көркемдік талғамын, эстетикалық сезімін
тәрбиелеуде, балаға айналасын қоршаған ортадағы сұлулықты байқай білуге
үйретеді.Абай өлеңдері негізінде үйлесім, саз, әуен ұйқас туралы қарапайым
мағлұматтар алады.
Оқушылардың 5-8 кластарында Абай мен табысуы, жамандық пен
жақсылықты, парасат пен парықсыздық өлшемін ажырытады.Оқушылар Абай
өлеңінің, Абай сөзінің, Абай өрнегінің үн әуеніне құлақ түреді, мән-
мағынасына үңіледі, кестенің жүзі, өткірдің бізі салған өрнектерді
меңгеруге ұмтылады. Абаймен сұқбаттасу қадамы жасалады.
Оныншы класта Абайдың өмірбаяны, шығармалары, монографиясы оқылады.
Озат мұғалімдер тәжіриебесінде Абай шығармаларын оқытуды түр мен
мазмұнды идеялық-эстетикалық тұтастықта бірлікте ғылыми методикалық,
методологиялық жағынан тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ
формаларын түрлендіріп отырып, оқушыларды Ұлы Абайдың суреткерлік
шеберлігімен , қазақ әдебиетіне қосқан түр мен мазмұндағы, өлең өрнегі мен
поэтикалық тіліндегі жаңашылдығымен ортақтастыруға қадам жасалады, ақынның
гуманистік, демократтық, ағартушылық ой-пікірлері, көзқарастары жағынан
белгілі дәрежеде ұғым аларлық білім жинақтайды.
Он бірінші класта Абайтануға басқа ақын-жазушылар тұсындағы дәстүр
жалғастығы, Абайдың ақындық ықпалы тұрғысынан келеді.
Абай мұрасы сабақ басқа ұлт тілдерінде жүретін ( мәселен ұйғыр, орыс,
т.б.) мектептерде де, эстетикалық циклдегі басқа да пәндер құрамында да
қарастырылады. Осы ретте қазақ тілі, музыка, тарих пәндерін атауға болар
еді.
Республикамыздағы барлық арнаулы орта оқу орындары мен жоғары
мектептерде,соның ішінде, әсіресе гуманитарлық бағыттағыларындағы Абай
мұрасы, бірінде аз, бірінде көп, дегенмен, міндетті түрде оқылады. Ал қазақ
тілі мен әдебиеті, журналистика факультеттерінде өлеңдері, қара сөздері,
олардағы дүниетанымдық тұжырымдар, педагогикалық, психологиялық, этикалық,
эстетикалық даналық ойлары мен көзқарастары тұтастай қамтылып кең көлемде
мүмкіндігінше терең оқытылуы көзделеді. Абайтану атты арнаулы курс
қосымша оқылады.
Сонымен, осы атүсті шолудың өзінен-ақ бізде Абай мұрасын оқып,
үйренудің біршама жүйесі жасалғандығы байқалады. Балабақша, мектеп типтегі
орта арнаулы оқу орындарында, жоғары мектепте Абай мұрасын оқытуда
шығармашылықпен жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыз аз емес.
Бұл ретте Өскемендегі Жамбыл орта мектебінің мұғалімі, мемлекттік
сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім Қанипа
Бітібаеваның педагогикалық ізденістерін ерекше атап кету жөн болар. Ол
қазіргі оқытудағы ғылыми - әдістемелік алдыңғы қатарлы жаңалықтарға иек
арта отырып, сабақ мүмкіндігін барынша тиімді пайдаланып, жоғары
нәтижелерге жетіп жүргендігін білеміз. Қанипаның мектебінде Абайды
тереңдетілген бағдарламамен оқиды.
Соңғы жылдары өмірге келген мектеп-гимназия, лицей-колледждердің
көбісі өзі жасаған бағдарламалармен Абайды тереңдете оқу, Абайтану атты
арнаулы курстар жүргізуді тәжірибеге енгізіп отыр.
Мәселен, Абайдың туған жері Қарауыл ауылындағы мектеп-гимназия (мұғалім
– Мейрамгүл Қасымжанова)
Көкшетау қаласындағы № 5 мектеп-гимназияны да ( мұғалім Ботакөз
Сабырова) атар едік. Қостанай облысының Затобольск селосындағы №3 мектепте
(мұғалім-Сапура Жакетова) Абай тақырыбын блокпен оқытуды оқушының таным
белсенділігін арттырудың әдісі ретінде қолданады. Олардың Абай және
Лермонтов , т.б. тақырыптар бойынша салыстырмалы интеграциялаған сабақтары
жақсы нәтиже беріп жүргендігі мәлім.
Абайды танып білу, оның мұраларын насихаттау төңірегіндегі кең ауқымды
шараларға қазіргі кезде білім беру жүйесінің барлық буындарыда қызу
атсалысуда.
Абай атындағы мемлекеттік университетінде,Шәкәрім атындағы Семей
педагогикалық институтында Абай оқулары, ғылыми практикалық
конференциялар тұрақты өткізіліп келеді.
Абайға арнау атты ақындар айтысы, көркемсөз шеберлерінің, әншілердің
байқауы, Абай үйінде, Абай жолы атты кештер Патасатты Әйгерім
сайысы ұйымдастырылып тұрса, оқушы шығармашылығы кеңейе түсер еді.
Дегенмен, білім беру жүйесінде Абай мұрасын меңгертуде біршама
негіздер жасалғанына қарамастан,бұл төңіректе ойласатын жайлар да, қайта
қарауды қажетсінетін мәселелер де жеткілікті. Ендеше Абай шығармаларын
мектепте қалай оқытып жүрміз деген орынды сауалдың айналасында ойланып
көрейікші.
Әдеби білім мазмұны оқылатын шығарма тікелей тәуелді екендігі белгілі.
Сондықтан ең алдымен шешетін мәселе нені оқытамыз болуы тиіс. Бұл ретте
Абай шығармаларының әр класқа беру жүйесі қайта қарауды қажетсінеді деп
ойлаймыз. Абайдың мектепте негізінен өлеңдері ғана оқытылады.
Оқулықтарымыздағы Абайдың өмірбаяны ақындық мектебі, шығармашылық нәр
алған кездегі, Абайдың педагогикалық-психологиялық ой-пікірлері мәселелері
төңірегінде де қазіргі ғылым жаңалықтарына сүйене отырып ашуды керексінетін
мәселелер аз емес.
Абайдың ұлт болашағын сақтауда прогрессивтік мәні бар қара сөздерін
6-7 кластардан бастап бағдарламаға басымырақ енгізу қажет. Мектеп
бағдарламасынан байқалған бір кемшілік Абайдың шешендік өнері толық
ашылмаған. Шынында Абай Өзім де басқа шауып төске өрледім, қазақта қара
сөзге дес бермедім,- деп өзі айтпақшы шешендік өнерді бойына сіңіріп,
әдемі өрнегін салған.
Абай өлеңдерін оқытуда өзгелердің өлеңдерімен салыстыра пайымдап,
Абайдың ақындық мектебінің құдыретінен нәр алған А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Қ.Аманжолов, М.Мақатаевтардың рухани
үндестігін туыстығын балаға байқату қажет.
Сонымен қоса балалар, Абай кемеңгер, данышпан Ұлы ақын дегенді ғана
естіп қоймай, кемеңгерлігі неде, данышпандығы неде деген сауалдарға жауап
іздеуіне мүмкіншілік жасау керек.
Абай шығармаларын бастауыш сыныпта оқытудың маңызы өте зор екені
тәжірибеде дәлелденді. Олай дейтін себебіміз оқушылар Абай шығармаларын оқи
отырып, одан рухани ләззат алады. Табиғатқа сүйіспеншілігі оянады.
Бастауыш класс мұғалімінің басты міндеті- оқушылардың бойында поэзияға,
лирикаға,көркем шығармаға деген қызығушылығын ояту. Бұл жастағы балалар
ерекшк әсершіл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан бастауыш класта Абай
шығармаларын оқыту өте пайдалы.
Әдетте, кімнің де болмасын шығармаларын оқып үйренбес бұрын, сол
шығарма иесінің өмірімен танысу керек. Бұл әдісті Абай шығармаларын өткенде
ұжымды пайдалану қажет. Олай дейтініміз , Абай қазақ мәдениеті тарихында
орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше тұлға. Бастауыш
сынып оқулығына енген Абай шығармаларына 13 сағат бөлінген.
Бірінші класс әліппесінде:
Әсемпаз болма әрнеге, Сегіз аяқ өлеңдерінен үзінді.
Бірінші класс ана тілі:
Күз, Адам болам десеңіз өлеңінен үзінді.
Екінші класс ана тілі:
Күз, Ғылым таппай мақтанба, Желсіз түнде жарық ай.
Үшінші класс ана тілі:
Шегіртке мен құмырсқа, Қыс, Жазғытұры, Жаз.
Төртінші класс ана тілі:
Абайдың қара сөзі ( 38-қара сөзі).
Берілген яғни Абай шығармалары барлық кластарда оқушылардың жас
ерекшеліктеріне қарай берілгенін көтіп зерттедік.
Мектепте ұлттық тәрбиені жолға қоюда Абай шығармаларын орнымен
пайдалана білудің маңызы осы айтыландардан-ақ айқын көрінеді. Ендеше, Абай
шығармалары мектепте қалай оқытылып жүр? Енді осы бір сауалға жауап іздеп
көрейік.
Ұлы ақынның күз, қыс өлеңдері оқытылады. Сонымен бірге М.Әуезовтың
Абай жолы роман эпопеясына Әжемнің әңгімесі дегентақырыппенүзінді
берілген. Өкінішке орай, бұл өлеңді жалаң оқытылады. Өзге ақындардың
шығармалары мен салыстыра пайымдау жоқ. Осы өлеңдерді оқытудың әдістемелік
бағыт бағдары көзімізге түспеді. Ең болмаса біздің ойымызша, М. Әуезовтың
Абай жолы роман эпопеясынан әжемнің әңгімесі емес, күзге байланысты,
Мағаш, Ақылбай, Дәрмен, Кәкітайлардың өнер бәйгесіне түсіп бір-бірінің
қабілет қарымын сынайтын жерін алса, ал қысқа қатысты Жұтта тарауынан
үзінді берілсе, екі өлеңнің де мазмұн мағынасы тереңдетіліп, ажары кірер
еді . М. Жұмабаевтың күз өлеңімен салыстырса талдасақ, Абай күзінің
өзіндік ерекшеліктері ашыла түсер еді.
Мектеп оқушылары Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Шоқпардай кекілі
бар, қамыс құлақ, Жазғы тұры өлеңдермен танысады. Мұнда да сол
әдістемелік үйлесім көзге шалынбады. Егер Қан сонарда бүркітші шығады
аңға өлеңінің табиғатына М.Әуезовтың Абай жолы роман-эпопеясындағы аң
аулау көрінісі ерекше көрік қосатынын ойласақ, аттың сыр сипатын танытар
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ өлеңін жыр дүлділі Ілияс Жансүгіровтің
Құлагер поэмасындағы Күреңбай сыншының сынымен сабақтастыра оқытсақ,
сондай-ақ Жазғытұры өлеңін Шәкәрімнің Жаз келер, Мағжанның Жазғытұрым
өлеңдерімен салыстыра сөз етсек, шәкірттеріміздің дүниетанымы кеңейе түсер
еді. Мысалы, Абай атамыз:
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар әуеде өлең айтып,
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар, -

деп суреттесе, шәкірті Шәкәрім:
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп,
Өткен күн, өмірін айтар күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп, -
көріністі көз алдымызға әкеледі. Абай өз өлеңін
Адам тіктеп көре алмас, күннің көзін,
Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.
Қызыл арай сары алтын шатырына
Күннің кешке кіргенін, көзін –
Деп түйіндесе, Шәкәрім қажы:
Сөйтсе адам көзі бір тоймайды ,
Харакет берсе дағы қанша несі, -
Деген салмақты оймен тұжырымдайды. Ал Мағжанның Жазғы тұрым өлеңі:
Жаратқан жанға рахат жазғы тұры,
Шүкір қыл бір аллаға Я құдайлап,
деп аяқталады. Көрініп тұғандай, үшеуіндегі ол байламы үш түрлі,
біріне-бірі ұқсамайды. Абай адамды табиқаттың бір перзенті ретінде
бағаласа, Шәкәрім қажы адам баласының барға қанағат етпейтін тойымсыздығын
меңзеп өтеді, ал Мағжан ағамыз адамның ар-намысын сақтап, табиғаттың берген
сыйыа разы болуына, құдайын ұмытпауын ұғындырады. Сөйтіп үшеуі де адамның
табиғаттағы онын көрсете отырып, имандылықты, жазғы тұры кезіндегідей
мейірімділікті уағыздайды. Әр ақын өз дәуірінің биігінен көз салып, өзінің
табиғатқа деген көзқарасын жүйелейді, байыпты қорытынды жасайды.

2.3. Абай – лирик ақын.
Енді Абайды мектепте қалай оқытамыз, оқушыларды ақын шығармалары мен
жүйелі түрде таныстырудың қандай жолы бар дегенде келелік. Бұл - өте
күрделі мәселе.
Біз Абайдың жас шағындағы өлеңдеріне 1885 жылы жазылған Жасымда ғылым
бар деп ескермедімге дейінгі өлеңдерін жатқыздық. Өйткені бұл өлеңдерінде
Абай алдына үлкен мақсат қоймаған, өзін әлі ақынмын деп танымаған,
тәңірінің берген талантынан еріксіз туған өлеңдерін құнттап жимаған. Бұлар
бірде қазақи дәстүрмен, бірде шығыс ақындарынша, бірде орыс әдебиетінің
үлгісімен жазылған, Абайдың ақындыққа келу соқпағын байқататын өлеңдері.
Бұл кезеңдегі ақын шығармаларынан туған топырағынан алған нәрін бойына
сіңіріп, Шығыстың. Батыстың рухани байлықтарын меңгеру жолындағы
ізденістерінің ізін көреміз.
Адам шығармашылығы негізгі әрі күрделі мәселе – лирикалық шығармаларын
оқыту жүйесі.
Абайдың өлеңдері туралы айтқанда , лирикалық поэзияның өзгешелігін
естен шығармауымыз керек. Лирикада оймен сезім бірлесіп , терең қабысады.
Оған тартымды күш –қуат дарытатын –алғыр ой мен суарылған жалынды сезім .
Өмір, дүние, адам тағдыры жайлы үлкен толғаныстан тумаған, жай сезімшілдік
поэзияны жандандыра алмайды.
Лирикалық поэзияға жан беретін – көркемдік ойдың қуаттылығы, сезімнің
оттылығы, нәзіктігі. Лирикалық басқа жанрлардан,айталық , сан алуан
адамдардың қарым – қатынасын, қоғамдық тартыс-шиеленісті баяндайтын
көлемді, оқиғалы шығармадан айырмасы да, өзіндік артықшылығы да, міне
осында.
Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл – күйі ,
сезімі суреттелетіні белгілі, ақын көбінесе өз жайын, өзінің айналадағы
өмірге, әртүрлі құбылыс- жағдайларға көз қарасын сипаттайды. Бірақ ақын өз
жайын, өз басының мұңын , өзінің арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол
қалайда халықтың тағдырын, қайғы – мұңын, күйзелісін, қуаныш шатығын,
тілек мақсаттарын көрсетеді. В.Г. Белинскийдің, ұлы ақын өзі жайлы,
өзінің жеке басы жайлы айтса да, көптің тағдырын, адамзат жайын сөз етеді-
деуі тегін айтылмаған.
Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын,
тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап
береді. Лирикалық қаһарманның ой сезімі, тағдыры өз заманының арман
мүддесі, тілек – талаптарымен неғұрлым терең байланысты суретелсе, соғұрлым
ол типтік қасиеттері мол, сомдап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің
көрнекті өкілі болып шығады . Лирикалық поэзияның осы ерекшеліктері Абай
өлеңдерінен мейлінше толық көрінеді. Абай лирикасынан ақынның көңіл –
күйін, жан дүниесін, толғанысын сезініп қана қоймаймыз, сол арқылы қазақ
қоғамына, жалпы адам баласына тән сипаттарды, дәуір, заман келбетін
танытатын қасиет белгілерді молынан табамыз.
Лирикалық поэзияның өзгешелігі туралы айтқанда, А.Байтұрсыновтың
мына сөзі ойға оралады:Толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін-мұңын,
мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып шер тарқату үшін толғайды.
Екінші ішкергі ғаламында болған халді, нәрселерді тысқа шығарып, басқаларға
білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін түсіндіру
мақсатпен толғайды...ақындық жалғыз өз көңілінің күйін толғай білуде емес,
басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай білуде.
Біз лирикасынан қарасөзін бөлмей, қосып өтуді жөн деп ойлаймыз, Абай
лирик ақын екені даусыз. Өзінің аз сөзге көп мағына сиғызып, қиыннан
қиыстырған лирикалық өлеңдеріндегі терең ойды саралап, талдап түсіне қою.
Осы кезде оқушыға түсінікті, оқырманына ой-сала баяндайтын қара сөзін
пайдаланған тиімді.Бұл Абайдың өлеңдерімен қарасөздеріндегі байланысты, ой
сабақтастығын байқатып, Ұлы ақын шығармаларына тереңірек бойлай түсуге жол
ашады. Ұлы Мұқанның: Абай өзінің өлең сөздерінің көптен көбін заманындағы
оқушымен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Онысы анығында
солай да еді. Осы жайды ескеріп Абай енді қара сөзінде сол өліңдерінде
айтылатын ойлардың бір талайын жаңа сөзбен таратады. Сондықтан кебір қара
сөзінде бұрынғы өлеңінде айтылатын ойлар қарапайым, жеңіл оңай ұғымдарымен
қайтадан айтылады, - деген пікірі соның дәлелі.
Абай шығармаларындағы негізгі әрі күрделі мәселе – лирикаларын оқыту
жүйесі. Бірақ осылай кесіп, бөліп тексеру керек емес. Шығармаларын өсу
жағынан, жылма-жыл тұтас, эволюциялық жолын аша тексеру керек,-деп, Абай
шығармаларын тақырыпқа бөліп тексеруге қарсы болыуында мән бар. Өйркені
Абай лирикасында тұмадан бұлақ, бұлақтан өзен, өзеннен дария болып, одан
теңізге, мұхитқа құятын ой арнасы бар. Өз халқының тағдырына толғанудан
туған ұлы ақын өлеңдері біртіндеп дамып, адамзаттық мәселелерге ұласады,
адамды танудан тәңіріні ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта абай шыгармаларын оқыту
Бастауыш мектеп оқушыларын әдебиеттік оқу сабақтарында Абай шығармалырын оқыту арқылы тәрбиелеу
Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың әдіс-тәсілдері
Бастауыш мектептегі ана тілі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыру
Мұхтар Əуезовтың шығармаларының бастауыш сыныпта оқытылуы
Абай еңбектерінің негізінде ана тілі оқу сабағында оқушылардың құлықтық тәрбиесін қалыптастыруын жетілдіру
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Пәндер