Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау


Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Энергоэкология кафедрасы
Педагогикалық практика бойынша есеп
Магистрант: Умарова Зульфия
Мамандығы: 6M060800-Экология
Курс: І
Бөлімі: қазақ/күндізгі
Алматы, 2014
Мазмұны
- Педагогикалық практика бойынша бағалау қағазы
- Оқу жұмысы бойынша магистранттың жеке жоспары
- Магистрантқа мінездеме
- Магистрант тәжірибеден өткен топқа қысқаша мінездеме
- Топтың әлеуметтік-психологиялық паспорты
- Топтың әлеуметтік демографиялық құрамы
- Студенттердің әлеуметтік белсенділік мінездемесі
- Қоғамдық-саяси хабардарлығы
- Топ студенттерінің кәсіби бағдары және оқу іс-әрекеті
- Студентке мінездеме
- Қорытындылар мен ұсыныстар
- Ашық тәрбие сабағының жоспары
- Өткізілген дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
- Өткізілген семинар сабақтарының қысқаша мазмұны
- Дәріс сабағын талдау хаттамасы
- Семинар сабағын талдау хаттамасы
- Тәрбие сабақты талдау хаттамасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Энергоэкология кафедрасы
Педагогикалық практика бойынша
6M060800- Экология мамандығының І курс магистранты
Умарова Зульфияның
Бағалау қағазы
Ғылыми жетекші: г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
Практиканы бастаған күн: 20 қаңтар 2014 ж.
Практиканы аяқтаған күн: 3 мамыр 2014 ж.
Практиканы жүргізу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті, әл-Фараби даңғылы, 71
Энергоэкология кафедрасының
меңгерушісі: г. ғ. к., доцент Базарбаева Т. А.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Энергоэкология кафедрасы
6M060800-Экология мамандығының
І курс магистранты
Умарова Зульфия
Педагогикалық тәжірибе бойынша есебі
Осы жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесін жүргізудің нақты шарттарын бағалау
ЖОО-ң, факультеттің қысқаша сипаттамасы:
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 1934 жылы құрылған.
Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орнындарының бірі болып саналады. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 14 факультеттен, колледжден, біліктілікті арттыру институтынан, ғылыми зерттеу институттарынан тұрады және 18 мыңнан астам студенттер оқиды.
Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің география факультеті ірі факультеттерінің бірі. Бұл факультетте жоғары маманданған профессорлық-оқытушылар құрамы дәріс беруде. География факультетінде мынадай кафедралар қызмет жасайды:
- Метерология және гидрология кафедрасы
- Картография және гео информатика кафедрасы
- Туризм кафедрасы
- Энергоэкология кафедрасы
География, жерге орналастыру және кадастр кафедасыГеография факультетінің деканы - г. ғ. д., профессорСальников Виталий Григорьевич.
Профессорлық-оқытушылар яғни педагогикалық қызмет келесілерге үйретеді:
ғылыми әдебиеттермен, оқулықтармен және монографиялармен жұмыс істеуге; экологиялық сферада өз біліміңді тереңдетуге; аудиториямен қайтарымдылық байланыстарға қол жеткізуге; аудитория алдында қорықпай сөйлеуге; өз ойыңды анық, нақты және қысқаша түрде жеткізуге; студенттермен шығармашылық ыңғайда жұмыс істеуге. Бұл педагогикалық практиканың өзектілігі болып табылады.
Сабақтарды жоспарлау және өткізу:
3 дәріс, 3 зертханалық сабақ өткізілді. Сабақтар табысты өткізілді, дәріс пен семинар тақырыптары толығымен ашылды.
Қорытындылар мен ұсыныстар:
Педагогикалық практика жан-жақты болып табылады. Практика бойынша жасалынған қорытындылар мен ұсыныстар:
Оқытушылардың теоретикалық базасы болуы керек, оқытудың түрлі әдістерін біліп, нақты бір пәнге деген студенттердің қызығушылықтарын жаулай алуы қажет. Студенттермен әрдайым танымдық, патриоттық және эстетикалық тақырыптарда тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Дәріс өткізудің әр түрлі әдістерін қолданып, материалды тек жаздыртып қоймай, сонымен бірге лекцияларды әңгіме - сұқбат ретінде де өткізу қажет, себебі материал бұл жағдайда өте жақсы меңгеріледі. Дәрісті оқу барысында тақырыптың негізгі сұрақтарына аса назар аударып, оларды жаздырту керек. Материалдың қалайша меңгерілгенін тексеру үшін тақырып бойынша сұрақтар қою қажет. Нақты практикада кездесетін мысалдар айтылу керек. Магистранттың педагогикалық практикасының мазмұны мен ұйымдастырылуы
Қазіргі кезде, болашақ мамандар дайындау барысының заман талабына сай еместігі, яғни олардың кәсіби оқыту процесінің шектен тыс теорияға жақындығы практикадан алшақтығы байқалады. Магистранттардың қалыптасуы үшін оларға коммуникативтік мәдениеттің, әртүрлі адамдармен тіл табысу тәсілділігі, оқу бітірушілердің басым көпшілігінің жауапкершілік сезімінің жетіспеушілігі, инициативаның жоқтығы, түбегейлі ойлану, өзін-өзі жан-жақты жетілдіру, өзіне деген сенімділік және кездейсоқ жағдайларға дайын болу қабілеттерінің керектігін айтуға болады.
Магистранттардың педагогикалық практикасының ұзақтығы 11 аптамен анықталады және оқудың екінші жылындағы үшінші семестрдің оқу жоспары бойынша үлестірілген.
Педагогикалық практика құрылымының мазмұны магистранттардың оқу процесінің мынадай бағыттарын қамтиды: оқу және тәрбиелік жұмыс.
Практиканың негізгі мақсаты - өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау, магистранттың кәсіби даярлығының субъекті ретінде жеке және заңды тұлғалар болып қалыптасуы оның жан-жақты маман болып, конкуренция жағдайында жұмыс жасау қабілетін сомалау. Бұл мақсатты іске асыру үшін студенттер мынадай мәселелерді шешуі қажет:
Педагогикалық қызметтің жалпы ғылыми көрінісін анықтау; Оқу-тәрбие жұмысын жемісті іске асыру үшін кәсіби шеберлік пен төселу қабілеттерін қалыптастыру; Кәсіби білімі мен шеберлігін жетілдіру; Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманға сай технологиясын меңгеру; Педагогикалық жұмысқа шығармашылық және ғылыми зерттеушілік тәжірибесіне жинақтау; Фундаментальді біліммен алдыңғы қатарлы педагогтық тәжірибе арасында нақты байланыс орнату; Қиын жағдайда жауапты шешім қабылдайтын, мобильді, сергек, конструктивті, жауапкершілік сезімі күшті мамандар даярлау. Сонымен, педагогикалық практиканың мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асуы әртүрлі қызметтердің жасалуына және анықталуын қамтамасыз ететін амалды қарастырады.
Ғылыми жетекші: г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
ОҚУ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША МАГИСТРАНТТЫҢ ЖЕКЕ
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Өткізу
күні
ГЕО
(14 зоол)
г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
12:30-
14:15
ГЕО
(14 зоол)
г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
ГЕО
(14 зоол)
г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
12:30-
14:15
ГЕО
(14 зоол)
г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
ГЕО
(14 зоол)
г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
12:30-
14:15
ГЕО
(14 зоол)
г. ғ. к., доцент,
Мұса Қ. Ш.
География және табиғатты пайдалану факультеті
Энергоэкология кафедрасының
Экология мамандығының
І курс магистранты
Умарова Зульфияға
МІНЕЗДЕМЕ
Магистрант Умарова зульфия Альдибекқызы «20»_01 _2014ж. - «03»_05_2014 ж. аралығында педагогикалық практиканы география және табиғатты пайдалану факультетінің «Энергоэкология» кафедрасының базасында «5В060800 - Экология» мамандығының 1 курс студенттеріне - «Қазақстан геожүйелерінің экологиясы» пәні бойынша дәрістер өткізді. Өзінің педагогикалық практикасы барысында Умарова Зульфия Альдибекқызы білім берудің негізгі методикалық әдістерін, яғни дәріс оқу, семинар өткізу, жазбаша немесе тест түрінде сұрақтар жүргізе пайдаланды. Әр сабақтарына дайындалғанында білімділігі мен іздемпаздығын көрсете білді.
Студенттерге сабақ өткізгенде ең алдымен студенттердің көңілі мен зейінін өзіне баулап, өзін - өзі еркін ұстауымен, берілген уақыт аясында жоспарлаған сұрақтарын қарап үлгеруімен, дәріс және семинар барысында жоспар бойынша мақсаттары мен міндеттеріне толық ашып көрсете білді.
Сонымен қатар, Умарова Зульфия Альдибекқызы әдістемелік түрде дәрістер құралын дұрыс дайындай білді. Дәріс материалдарын түсінікті түсіндіре білді. Семинар сабақтарын өткізу барысында тәжірибелерді студенттер толығымен игере білді. Педагогикалық практика кезінде Умарова Зульфия Альдибекқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, студенттердің толықтай өткізілген материалдарын санасына тоқыта білді. Болашақта өскелең ұрпаққа, болашақ жас маман ретінде магистрант Умарова Зульфия алған теориялық білімдерін ұштастыра білді. Жоғарғы оқу орнында алған теориялық білімдерін педагогикалық тәжірибе көрсете біліп, педагогикалық тәжірибеде сыналатын кезеңдерден сүрінбей өткен Умарова Зульфия Альдибекқызының педагогикалық барысындағы жұмысын «өте жақсы» деп бағалап, жоғары дәрежеде педагогикалық практикасын өткізді деп есептеймін.
Педагогикалық тәжірибенің
ғылыми жетекшісі: г. ғ. к., доцент, Мұса Қ. Ш.
Магистрант тәжірибеден өткен топқа қысқаша мінездеме
Топ:«5В060800 - Экология»
Студенттер тізімі:
Абдрасилова Қымбат
Ағайдар Рамазан
Абдімәлік Айдана
Байтемір Аида
Бектемір Ержан
Ғаниқызы Малика
Даниярқызы Индира
Еркінов Эльдар
Кукашева Альмира
Қасымбеков Абылай
Тұрсынбек Ақбота
Шарапиева Гүлнұр
ТОПТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Топтың әлеуметтік-демографиялық құрамы
Студенттік топ 2013 жылы құрылған. Топтың жалпы саны 12 адам. Жастары бойынша топ студенттері бір-бірімен құрдас. Жас айырмашылығы 1-2 жас. Барлығыда мектептің толық оқу курсын тәмамдаған. Топ студенттері Қазақстанның әртүрлі аймақтарында мектеп бітірген. Топтың үлгерім деңгейі жоғары. Топ студенттері негізінен орыс бөлімі болғандықтан сабақ орыс тілінде өткізілді, студенттер мемлекеттік тіл қазақ тілінде де өз ойларын еркін жеткізе алатындығын көрсетті.
Студенттердің әлеуметтік - белсенділік мінездемесі
Ұжымның ең негізгі қоғамдық іс-әрекеті оқу әс-әрекеті болып табылады. Бұл топ студенттерінің әр түрлі ғылыми семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдерге белсенді қатысуынан көрінеді. Топ студенттерінің өз елімізде, сондай-ақ шетелдерде болып жатқан саяси, экологиялық т. б. жаңалықтар мен өзгерістер туралы білімі жоғары. Олар үшін ақпаратты алудың негізгі көзі теледидар және интернет желісі. Топ студенттері басқа ұлт өкілдері мен басқа дін өкілдерінің наным-сенімдеріне оң көзқараспен қарайды.
Қоғамдық-саяси хабардарлығы
Топ студенттері әлемдегі жаңалықтардан естігендерін сабақ барысында ортаға салу арқылы қоғамдық саяси тұрғыдан жоғары деңгейлерін көрсетті. Елімізде қабылданып жатқан заңдар мен заңнамалық актілерді оқып құқықтық сауатылығында арттырып отырады. Сонымен қатар, халықаралық саяси жағдайларға жиі назар аударып, хабардар болып отырады. Мамандығы бойынша арнайы журналдар мен шетелдік, отандық авторлардың кітаптарын үнемі оқып отырады.
Топ студенттерінің кәсіби бағдары және оқу іс-әрекеті
Топ студенттері өте ұйымшыл, тәртіпті сабаққа белсенді. Сонымен қатар сабақтарында рольдік ойындарға қатысқанды ұнатады. Яғни студенттердің болашақта өздерінен үлкен физик мамандары болатындығы анық байқалады. Күнделікті сабақтармен шектеліп қана қоймай, сабақты қоғамдық сипатта, бүгінгі жағдаймен байланыстырып, сабақ барысында айтарлықтай шеберлік танытып, оның шешімін өз бетінше іздеуге тырысады. Осы топпен сабақ жүргізу, жұмыс жасау өте қызықты, дәріс оқушыны көңіл қоя тыңдап, әрдайым дайындалып келеді. Тәжірибе барысында студенттердің мәдениеттілігі, тәрбиелілігі мен қарапайымдылығы, жауапкершілігі көрініп тұрды.
Қорытындылар мен ұсыныстар
Топ өте алғыр бәсекелестік сипатта сабаққа қатысады. Топтың сабаққа қызығу белсенділігі жоғары. Семинар сабақтарында уақыт жетіспеушілігі байқалған жоқ. Барлығы ат салысып, берілген тапсырманы уақытылы орындай білді. Студенттер тақырыпқа сай берілген өзіндік жұмыстарды еш қиындықсыз орындай алды. 1 курс студенттері жұмысты орындауға шығармашылық тұрғыдан келуі, оған ғылыми баға беруі, талдау жасап дәлелдей алуы көңіл қуантады.
Менімше, осы уақыт аралығында топ студенттерімен өте жақын достасып алды. Ұжым өте ұйымшыл, интеллектуалды дамыған, топ студенттерінің бірегей позитивті мақсаттары мен міндеттері бар. Университетті бітіргеннен кейін де бұл студенттер әрдайым кездесіп, араласып жүреді деп ойлаймын.
Студенттерге университетте болатын шаралар жөнінде алдын-ала айту керектігін, сондай-ақ оқытушылардың студенттердің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылықтарын жоғарылату керектігін айтып өткім келеді.
Психолог: п. ғ. к., доцент Болтаева А. М.
Магистрант-практикант: Умарова З. А.
«5В060800 - Экология» мамандығының
1 курс студенті
Даниярқызы Индираға
МІНЕЗДЕМЕ
Студент Даниярқызы Индира 5В060800 - Экология мамандығының 1 курс студенті. Оқу барысында Даниярқызы Индира топтағы студенттермен салыстырмалы қарағанда өте алғыр, білімді, ақпаратты тез қабылдайтындығы, ой -өрісінің кеңдігі байқалды. Дәріс сабақтарын мұқият тыңдап, қызығушылығын танытты. Семинар сабақтарында өзін берілген тапсырмаларды уақытылы және ретімен, толықтай орындаушылығымен ерекшеленді. Даниярқызы Индира сабақ барысында топтағы студенттермен сыпайы және достық қарым - қатынаста екендігі байқалды.
Сабақ айтқанда өзінің тобындағы студенттердің көңілін, зейінін өзіне баулай алды. Сабақ барысындағы дауыс ырғағымен, өзін-өзі еркін ұстауымен, берілген уақыт аясында жақсы үлгерімімен, қойылған міндеттерін рет-ретімен орындаумен ерекшеленді. Семинар және дәріс сабақтарын толығымен игерді деп ойлаймын. Сонымен қатар оқу процесінде өзін тәртіпті, берілген пәнге жауапкершілікпен қарайтын, ізденімпаз тұлға ретінде көрсетті. Болашақта өзі таңдаған мамандықты жоғарғы дәрежеде меңгеріп, жақсы нәтижелерге жететініне сенімім мол.
Педагогикалық тәжірибенің
ғылыми жетекшісі: г. ғ. к., доцент, Мұса Қ. Ш.
Магистрант-практикант: Умарова З. А.
Өткізілген дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны
№1 дәріс сабағының технологиялық құжаты
Тақырыбы:Табиғат ортасын геоэкологиялық тұрғыдан бағалауМақсаты:Геоэкология ғылымын түсіндіру. Қазақстан республикасында қоршаған ортаға әсерді бағалауды жүргізу.
Міндеті:Табиғат ортасын геоэкологиялық тұрғыдан бағалаудың маңыздылығы, оның салдары және оның экологиялық зардаптарын терңірек ұғыну.
Негізгі қарастырылатын сұрақтар:
Табиғи ортаГеоэкология Геоэкологиялық есептеуЖалпы бағалау кезеңдеріБағалау тәртібіДәрістің құрылымы:
Ұйымдастырушылық кезең (3мин) Жалпы тақырып бойынша (30мин) Ерекшеліктерін тану (15мин) Қорытынды (2мин)
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Табиғи орта. Адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін орта немесе контекст.
Геоэкология. География ғылымының бір бағыты. Ол экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары ирархиялық деңгейдегі (физикалық-географиялық аймақ, провинция, ландшафт) географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Екінші бір қырынан геоэкология- бұл экология саласынада жатады. Өйткені географиялық процесстерді қосымша экологиялық заңдылықтарға негіздеп зерттейді.
Геоэкологиялық есептеу. Табиғи орта жағдайын объективті және кешенді экологиялық бағалау кез-келген аумақта нақты болмайды. Геоэкологиялық есептеулердің күрделілігі ол табиғи ортамен және геологиялық ортаның жағдайы (табиғи геологиялық орта) әдістік әдістемелік қатарда олар: жүйелі тіл табу→ жүйелі анализ→ интегралды бағалау ретімен есептелінеді.
Жалпы бағалау кезеңдері. Практикалық тәжірбиеде табиғи-аумақтық және ландшафт- геохимиялық шарттарда геоэкологиялық ғылымының концептуалды базасында байқалады. Аумақтық зональді деңгейде әр аймақтың өзінің геоэкологиялық жағдайының бағалау критерилері болуы керек. Бағалау критерилері біртұтас принцптерінде өңделуі тиіс. Біріншіден, аймақтық негізгі геоэкологиялық мәселелері тағайындау және табиғи геологиялық сараптама жасау.
Екіншіден, бағалаудың комплексті және кешенді көрсеткіштері болуы керек.
Үшіншіден, табиғи геологиялық ортаның классификациясы өткізілуі керек. Бағалау тілімдері ескерілуі, экспертті шкала балдық жасалуы керек. Табиғи орта компоненттерінің балдық бағалануы есептелінуі керек және әрбір територияның геоэкологиялық жағдайы ескерілуі керек (интегралды геоэкологиялық бағалау) .
Бағалау тәртібі. Ұлттық заңнамаға сәйкес қоршаған орта әсерін бағалауға әсерін келтіретін жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру рұқсат етілмейді. Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері құжат түрінде рәсімделеді және жоспар алды, жоспарлық, жоба алды және жобалық құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады. ҚОӘБ процедурасы жобалау барысындағы қажетті талап болып табылады. ҚОӘБ жүргізу кезіндегі негізгі ұлттық құжаттар болып: ҚР Экологиялық кодексі, Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық. Осы нұсқаулық жобалау алдындағы, жобалық құжаттамаға сәйкес көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтi ұйымдастырудың барлық сатыларында оны әзiрлеу және жүргiзу туралы шешiмдердi қабылдау кезiнде ҚОӘБ өткiзудiң жалпы тәртiбiн айқындайды.
ҚОӘБ жүргізудің қажетті шарты жұршылықтың қатысуы, ол төмендегі ұлттық нормативті құжаттарда көрсетілген:
- «Жоспар алды, жоба алды және жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаға болжанған шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiне бағалау жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық», ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығымен бекітілген;
«Қоғамдық тыңдаулар жүргізу», ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-ө бұйрығымен бекітілген.
ҚОӘБ процедурасын жүргізу тәртібі. ҚОӘБ материалдары жобалау сатыларына сай келетін деңгейдегі құжат түрінде әзірленеді. Олар жоспар алды, жоспарлық, жоба алды және жобалық құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады. Шаруашылық және өзге де қызметтерді көздейтін құжаттарды әзірлеу барысының кезеңдеріне сәйкес ҚОӘБ кезеңдеріне атаулар берілген:
1 кезең - Қоршаған орта әсерін алдын ала бағалау (АлдыҚОӘБ), қаржыландыру негіздемесімен жүреді (жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесі) . Бұл кезеңде қоршаған және әлеуметтік-экономикалық орта компоненттеріндегі өзгерістердің әлеуетті мүмкіндік бағыттары және қоғам өмірі мен қоршаған ортадағы нәтижелері анықталады. Болжанған (жоспарланған) шаруашылық қызметтер алдыҚОӘБ нұсқалық техникалық шешімдерді талдау және қор мен мамандандырылған ғылыми материалдарды пайдалану базасында жүргізіледі. Күрделі және ірі жоба алды зерттемелер барысында алдын-ала инженерлік-геологиялық барлаулар жүргізу керек.
2 кезең - Әсерді бағалау, жобаны іске асырудың мүмкін тиімділігіне толық және кешенді талдау жасау мақсатында немесе шаруашылық және өзге қызметтерді ары қарай жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғауды басқару жоспарын (бағдарламасын) жасау мақсатында орындалады;
3 кезең - жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі, қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алу бойынша техникалық шешімдерден тұрады;
Әрбір кезең табиғи, әлеуметтік-экономикалық орта сипаттамасы бойынша белгілі ақпараттан тұруы қажет, ал бұл ақпараттарда ҚОӘБ бойынша негізгі ұстанымдар айқындалуы тиіс, оларға:
-қоршаған ортаға болжанатын қызметтің әсер ету түрі, олардың қарастырылатын аумақта басқа әсер түрлерімен өзара әрекеттесуі (бұзылу типтері, ластауыш заттардың атауы және мөлшері) ;
-мүмкін тастандылардың, ластағыш заттардың шығындыларының сипаттамасы, өндіріс және тұтыну қалдықтары түзілуінің бағдарлық көлемдері;
-өндіріс және тұтыну қалдықтарын тазалау және пайдаға асырудың (көму) мүмкін тәсілдері;
-апатты жағдайлардың мүмкіндігін бағалау (ықтималдылық, масштаб, әсер ету ұзақтығы) ;
-жалпы экологиялық қауіптілікті төмендетуге ықпал ететін болжамдық қызметтерді жүзеге асырудан болатын кері нәтижелерді шектеу немесе бейтараптандыру бойынша негізгі жоспарлы шешімдер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz