Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.
1.1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты ... ..6
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Ақша.несие саясатының мәні мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ Бюджет . салық және ақша.несие саясатының үйлестіру механизмі.
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен
себептері және олардың Қазақстанның нарықтық
экономикасының аяқтанудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3. Бюджет . салық және ақша.несие саясатының үйлестіру
механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында затталынады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына
арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
2. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991 ж.
3.Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл.
4.Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
5.Дүйсенбаев К. Ш., Э.Т. Төлегенов., Ж.Г. Жұмағалиева
«Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, 2001ж.
6. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми практикалық
журнал Астана 2000ж №9
7. Мельников В.Д., Ілиясов К. «Қаржы» Алматы, 1994ж.
8. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. А, 2003ж.
9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992ж.
10. Қазақстан Республиксының еңбек туралы заңы. Алматы 2000ж.
11.Үмбеталиев А., Ғ. Керімбек «Кәсіпорын экономикасы
және кәсіпкерлік» Алматы, 2002ж.
12. Ілиясов Қ.Қ., Құлпабаева С. Қаржы. Алматы, Алматы 2003ж.
13. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» Алматы, 2001ж.
14. Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару.А,2002ж.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
І Бюджет салық және ақша несие саясатының теориялық
негіздері.
1. Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты ... ..6
2. Ақша айналысы және ақша
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...9
3. Ақша-несие саясатының мәні мен
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...13
ІІ Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру механизмі.
2.1. Қазақстан Республикасының бюджет
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 17
2.2. Салық органдарының қызмет етуінің шарттары мен
себептері және олардың Қазақстанның нарықтық
экономикасының аяқтанудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3. Бюджет – салық және ақша-несие саясатының үйлестіру
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 6
Кіріспе
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталық-тандырылған ақша қорын
қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының
бұл жиынтығы "мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажетгігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет. Экономика дамуының қазіргі кезеңіңде орталықтаңдырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өңдірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптас-тыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық
категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес
келетін нақты материалдық-заттық түрінде болады, бюджет қатынастары
мемлекеттің орталық-тандырылган ақша қорында — бюджеттік қорында
затталынады.

1.1.Қазіргі салық жүйесіне сипаттама және бюджет салық саясаты.
Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қатынастарының
жиынтығы, салықтар мен алымдар, салык, салу әдістері мен тәсілдері, салық
заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық
қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы
болумен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына
және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске-асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылдаңған
Қазақстан-Республикасындағы салық Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық
жүйесін алғашқы бастамасы болып табылды. Бұл еліміздің экономикасын
реформалаудағы күрделі істердің бірегейлігі. Осы мезгілден бастап ел
экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап
айтсақ:
-шаруашылықты жүргізудің еркіндігі;
-меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі;
-шаруашылық жүргізуші субъктілер мен мемлекет арасындағы қатыстардың
қүқықтык, негізде жүргізілуі т. б.
Бұл заң салық жүйесін құрудың басты принциптерін, алым мен салықтың
түрлерін, олардың, бюджетке тусу тәртібін белгілеген түңғыш тарихи құжат
болып есептеледі.
Осы заң бойынша салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқықтары
мен міндеттері, республикалык, және жергілікті басқару органдарының да
салыққа байланысты қызметтері, қүқықтары мен міндеттері айқын бекітілді.
Қабылданған Заңға сәйкес 1992 жылдың бірінші қаңтарынан
Қазақстан Республикасында:
13 — жалпы мемлекеттік салықтар;
11 — міндетті түрде төленетін жергілікті салықтар мен алымдар;
18 — жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Салықтар негізін пайдаға салынатын салық, табыс салығы, қосылған құнға
салыпатын салық және т. б. салықтар құралады. Қазақстан Республикасының
салық, жүйесін құруда алғашқы тарихи құжат болған жоғарыда көрсетілген
Заңның ел экономикасын реформалаудағы маңызы мен алар орны ерекше.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа қүбылыста кездесетін ерекшеліктермен
қатар кемшіліктер де бұл Заңда да тыс қалмаған сияқты. Яғни Қазақстан
Республикасының алғашы құрылған салық жүйесінде бірқатар
шешуін таппаған мәселелер, кемшіліктер мен жетіспеушіліктер аз емес.
Әрине, бұл кемшіліктердің түрлі себептері де бар. Басты себеп, ол біз салық
жүйесін қүрғанда елімізде жиынтықталған ғылыми немесе практикалық тәжірибе
болған жоқ. Салық қызметі органдары да, салық төлеушілер де мұндай жаңа
қадамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көріңй Еліміздің алғаш
қабылданган салық жүйесінде біз жоғар айтып кеткен дүниежүзілік тәжірибеде
қолданылып келген салық принптері сақтамалды. Сондықтан бұл салық жүйесін
нарықтық қатынастардық талабына толығымен жауап беру мүмкіндігі болмады. Ең
бастысы салық жүйесінің өндірісті дамытуға ешқандай ықпал етпеуі, бюджет
кірісін құраудағы өз рөлін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс
немесе пайда емес, керісінше е тұтыну болып табылды. Салық санының көптігі,
айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салык,
жеңілдіктері, салык, ставкаларының бір салық бойынша бірнеше түрлі болуы,
халықаралық салық салудың негіздерінің тыс қалуы және т. б. кемшіліктер
салық жүйесінің одан ары қарай реформалаудың қажет екенін айқын көрсетті.
Әрине бұл өмір талабына сай. Экономиканы реформалау 1-2 жылдың ішінде
мүмкін еместігін баршамыз түсінеміз, сондықтан салық жүйесі де біртіндеп
қалыптасады, түзеледі, ары қарай дамиды. Қазақстан Үкіметі 1995 жылдың
басында салық реформасының ұзақ мерзімді концепциясын қабылдады. Бүл
құжатта, негізінен, салық жүйесін салық заңдылығын бірте-бірте халықаралық
салық салу принциптеріне сәйкес қызмет етуге жеткізу көзделген. Осы
концепсияны іс жүзіне асырудағы бірінші кезең Қазақстан Республикасы
Президентінің 24. 04. 95 жылы қабылданған Заң күші бар „Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасында 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап жаңа салық
жүйесі іске қосылды. Бұл жаңа салық жүйесі біршама болса да нарықтық
қатынастар талабына бейімделіп, халықаралық тәжірибеге мейлінше
жақындатылған. Енді бұрын қызмет еткен 42 түрлі салықтар мен алымдардың
саны едәуір қысқартыльш, жалпы салықтар мен алымдар саны 11-ге жеткізілген.
Салықтың ең басты түрі болып табысқа салынатын салық, яғни пайда емес
табыстан салық алынатын болды. Салық салудың негізгі принциптері
сақталып, салық салуда қарапайымдылық әділеттілік, салыстыру принциптері
біршама өз шеішмін тапқан.
1.2. Ақша айналысы және ақша жүйесі.
Ақша реформасы валюталардың тұрактылығын, ақша айналымын күшейту және
реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің (толық немесе ішінара)
жаңғартылуын көрсетеді. Жаңа ақша бірлігін енгізумен байланысты акша
реформасы -экономиканы дағдарыстан шығарудың бірден-бір шарасы және оның
кезекті тұрақтылығын көрсетінін әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан,
Қазақстанда 1993 жылы жүргізілген ақша реформасы мемлекеттің экономикалық
саясатымен тығыз байланысты. Ол макроэкономикалық тұрактылыққа және кезекті
ақша-несие, баға, салық және инвестициялық саясаттың табысына жету
мақсатымен жүргізілді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация,
ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.
Латынның nullificatio сөзінен нуллификация шығады және ол жою деген
мағынаны береді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынгы өте құнсызданған
ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары енгізіледі. Осы процедура
есепке алуды жеңілдетеді, ейткені материалдық құндылыктардан іске аспаған
ақшалай қаражаттар мен жинақ акшалардың барлығы іс жүзінде жойылады.
Қазакстанда ақша реформасы нуллификация әдісімен- жүргізілді, яғни ескі
құнсыздалған кеңестік рубльдер айналымнан толық шығарылып, жаңа
Қазақстандық акша белгілері - теңгелер енгізілді. 16 жасқа толған
адамдардың бірі ауыстырып алатын мүмкіндігі бар ең жоғары шамадағы ақша
өлшемі 100 мың рубльді құрады. Ауыстыру тек бір рет қана жасалды, ол туралы
паспортта белгі қойылған болатын.
Дееальеация латынша de - төмендеу, valко - тұрмын дейтін сөздерден
туындайды. Ақша бірлігінің немесе ұлттық ақша бірлігінің бағамын шетел
валюталарына қатысты алтын мәнінің төмендеуін білдіреді.
Қазақстанда, 1999 ж. қыркүйегінде Оңтүстік-Шығыс Азия мен Ресейдегі
экономикалық дағдарыспен байланысты, америка долларына қатысты теңге
бағамының төмендеу жолымен ақша девальвациясы болды (егер 1999 ж.
қыркүйегіне дейін теңгенің долларға қатысты курсы 76 теңге болса, ол 130
теңге дейін түсті). Аталған шара отандық өнімнің өндірісі мен тұтынуда өте
жағымды рөлін атқарды, сондай-ақ шетел валюталары мен инвестициялардың
құйылуына себеп болды.
Ревальвация латынша rе - жаңару және vаlко - тұрмын дейтін
сөздерден туындайды. Ақша бірлігінің бұрынғы алтын мәнін қайта
қалыптастыруды немесе ұлттық валюта бағымының шетел валютасымен
салыстырғандағы жоғарылауын көрсетеді, яғни девальвацияға қарама-қарсы.
Қазақстанда теңгенің ревальвациясы, мұнай мен металга элем бағаларының күрт
өсіп шетел ватютасының көп ағылуына байланысты 2003-2005 жж. болды. Егер
2003 ж. дейін теңгенің бағамы АҚШ долларына қараганда 155 теңгеге дейін
өссе, соңғы 2 жылда (2003-2004 жж.) ол 1 АҚШ долларға І30теңгеге дейін
түсті.
Латынның denominatio сөзін аударғанда деноминация қайта атау дегенді
білдіреді және арақатынасы бойынша жаңа акша бірліктеріне ауыстыру жолымен
акша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді, яғни ескімен салыстырғанда
жаңа бір атаулы ақша бірлігінің номиналды сатып алу кабілетін көтермелеу
жолымен бағалар масштабын ірілендіруді керсетеді. Деноминацияның негізгі
қызметі айналымда ақша жиынының номиналды кемуі болып табылады, нәтижесінде
есепке алу жеңілдейді, айналым шығындары қысқарады және ақша айналым жүйесі
реттеледі. Деноминация тауарлар мен көрсетілетін кызметтердің, тарифтердің,
жалакылардың, зейнетақы мен жәрдемақының банктің есепшоттарындағы қаражат
қалдықтардың және т.б. бағаларга сәйкес бір мерзімде қайта есептеумен қоса
жүреді.
Деноминация бүгінгі таңдағы Қазақстанда өткізілмеген, бірақ Ресейде 1998
ж. ол 10001 сәйкестілікпен жасалған (реформаға дейінгі 1000 руб.жаңа I
руб.).
Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігі бірқатар ерекше
себептермен түсіндіріледі:
-көп жыл бойы әкімшіл-әміршіл және жоспарлы орталықтандырылған шаруашылық
жүйелері халық шаруашылыгының барлық салаларында сәйкессіздіктің туындауына
себеп болды. Оның ішінде, тұтыну заттарының өндірісіне қарағанда өндіріс
құралдарының өндірілуі басым. Экономика шикізаттарга бағытталды, Қазақстан
КСРО-нің бірден-бір шикізат көзі болды, инфракұрылым қалып жатқан кезде
кентау өндірісі дамуға бет алды;
-бағалау көп жағдайда төмендеген немесе нақты орындалған деңгейден қалмауга
тырысқан кезде жоспарлы және мемлекеттік тапсырмаларды орындау дәрежесіне
қарай өткізілді, бірақ бұл жалақы және басқа ресурстардың қор шамасында
көрінген жоқ. Сонымен, экономика тиімділігінің төмендеуіне әкеліп
соқтыратын шаруашылықты жүргізудің шығын механизмі кұрылды;
-орталықта бекітілген баға өнімнің өзіндік құнынан көп артта қалып отырды,
ал кәсіпорындардың шығындары мемлекетті ақшалай көмегімен жабылып отырды.
-экономикның шығындылығынан, үлкен өнімсіз ысыраптардан мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы туды. КСРО ыдырауы, экономика кұдырауы, КСРО акша
жүйесінің құлауы, Қазакстанның рубль шеңберінен шығарылуы, ұлттық ақша
жүйесінің болмауы - Қазақстанда ақша реформасын өткізу қажеттілігінің басты
себептері болды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына байланысты ұлттық ақша
жүйесін кұру үшін ақша реформасын өткізу керек болды. Ол Қазакстан
Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы 1993 ж. 12 қарашада шыққан
ҚР Президентінің Жарлығымен тәжірибеде жүзеге аса бастады. Осы Жарлықпен
ұлттық валюта -теңге айналымға енгізілді. Ескі ақшаны теңгеге ауыстыру
мерзімі 1993 ж. 15 қарашада сағат 8-де бекітілді. КСРО Мембанктің 1961-1992
жж. рубльдері мен Ресей банкінің 1992 ж. рубльдері қолма-қол ақшага
ауыстырылуы, сондай-ақ рубль есепшоттары, салымдар және міндеттемелер 500
рубль үшін 1 теңге ауысу бағамымен ауыстырылды. 16-ға толган жэне одан
ересек Қазакстан азаматтарының барлығы 100 мың рубльден аспайтын соманы
ауыстыра алатын. Ауысым тек бір рет жасалды. ҚР Ұлттық банк теңгенің
валюталық бағамын бекітті: 1 АҚШ доллары - 4 теңге 70 тиын. Теңге 1, 3, 5,
10, 20, 50, 100-дік купюралармен шығарылды. Бірінші қағаз ақша, кейін ұсақ
тиындар шығарылды. Кейінгі жылдары инфляция бірден өсіп, оған сәйкес
бағалар мен жалақыда көтерілді. Инфляциянын өсу қаркыны екі белгімен
есептелді. 1994 ж. бастап 200, 500, 1000, 2000 теңге купюралары шығарылды.
Мыс-никель қорытпасынан 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік ақшалар басылды. 1995 ж.
аяғында Жібек жолы топтамасын құрайтын жоғары сапалы төрт алтын ақша
шықты. Топтамаға 57,74 гр. жалпы салмағымен 1, 2, 5, 10 мың теңгелік алтын
акшалар кірді. Топтаманың бағасы 816 АҚШ доллары болды.
1.3. Ақша несие саясатының мәні мен құралдары.
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесіңде коммерциялық банктер ақша ұсы-нысын кеңейтеді. Банк жүйесі
қүнды қағаздарды алып сатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міңдетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды жөне ұйымдастырады. Орталық
банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету
арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем
қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз
етуді көздейді. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын
анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық
банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақ-тылығын,
яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие — бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі — Ұлттық банк болып табы-лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. Ақша-несие саясатының түрлері
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты. Рекстрикциялық ақша-несие саясапгы —
екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң
шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға
бағытталатьш шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмеңдеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а)экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б)бағаны түрақтаңдыру;
в)төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а)ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а)несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б)есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в)ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретіңде
қарастырылады. Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің
жанама қүралдары арқылы жүзеге асырылады. Бұл мақсаттарға жетуде Үлттық
банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келе-сідей
ақша-несие саясатының негізгі қүралдарының көмегімен реттеледі: Қайта
қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін
белгілеу; ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражат-тарды
мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу; мемлекеттің бағалы
қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды
жүргізу; банктерге және үкіметке несие беру; валюталық нарықтағы
басқыншылық; кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген
түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу; ресми
есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі. Пайыз саясаты. Қазақстан Ұлттық
Банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми
қайта қар-жыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ
мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге
асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделеңдіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін
пайдаланады. ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге
деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде
ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып
табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз
кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы
уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол
жеткізуге тиіс.

2.1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
Мемлекетгің орталықтаңдырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
отырады. Бюджеттерді қарау және бекіту кезінде билік пен басқарудың тиісті
оргаңдары бюджеттердің белгілі бір мөлшерлерін белгілеуі мүмкін.
Бюджет тапшылығын ақша эмиссиясы есебінен жабуға болмайтындығы заңмен
белгіленген. Бюджет тапшылығын жабудың негізгі нысаңдары мыналар болып
табылады:
мемлекеттік қарыздар шығару;
кредит ресурстарын пайдалану.
Тапшылықты азайту немесе жою мақсатымен секвестрлеу — ағымдағы қаржы
жылының қалған уақыты ішіңде барлық баптар бойынша (қорғалатындарынан
басқа) белгілі бір пайызға мемлекеттің шығыстарын үйлесімді төмендету —
пайдаланылады. Бюджеттердің атқарылуы процесіңде секвестрлеуге жатпайтын
бюджеттік бағдарламалардың тізбесін республика Парламенті мен биліктің
жергілікті оргаңдары анықтап, бекітеді. Олар құндық бөліністің жеке
көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты
объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер
мемлекетгі қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар
орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес
бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеумет-тік-
экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекегтік бюджет
және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде
мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды
жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің
кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол
бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% құрады және негізінен екі төлемнен
— айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930
жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік
қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан
алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді
және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер
болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің
құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және
салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен
айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден;
- кірістерден;
- альшған ресми трансферттерден (грантгардан);
бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер болып бөлінеді.
Бюджетгік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер
бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер
көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге
байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша
(қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік
шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі
болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын
қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету"
функционалдық тобы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz