Адам аралық қатынас


Жоспар.
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім:
2. 1 Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.
2. 2 Тұлғааралық қатынастың пайда болуы мен дамуы.
2. 3 Топ және ұжым ішіндегі түлғааралық қатынастар.
2. 4 Адамның бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі.
2. 5 Таным мен түсінесудегі қателіктер себебі.
3. Қорытынды.
Кіріспе.
Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе - оның басқа адамдармен қарым қатынасы.
А. Линкольн.
Динамика - белгілі бір себептен белсенді әрекет ететін күш, сонымен қатар, қимыл әрекеттің жағдайы, даму жолы, белгілі бір құбылыстың немесе объектінің әр түрлі сыртқы және ішкі факторлар әсерінен өзгеруі. Динамика тек қана құбылысы емес, сонымен қатар адам аралық қатынасты оқытады.
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қарым-қатынас арқылы айналадағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.
Қатынас даралық мінез қасиеті, тұрақты ұстаным: сіздің елестетуіңіз бойынша қалыптасқан объектіге және ойға деген сезім, мінез-құлыққа жетелейтін сезім.
Динамика түсінігімен қатар кең мағынада адамның іс әрекеттегі қатынасты қамтамасыз ететін оның механизмдері қарастырылады, яғни оның объектісі мен субъектісі. Динамикада негізгі зейін объективті жағдайдың заңдылықтарына және адамның іс әрекеті бейнелеуішінің субъективті қатынастағы бейнеліге қойылады. Соның ішінде бақыланған фактілерден: іс-әрекетке қатысушының олардың психикалық реакциясына, тұлғааралық қатынастың қарым-қатынасқа т. б.
Психиолог Я. Л. Коломинскийдің социометриялық және аналогиялық зерттеулерде адам аралық қатынас динамикасы бақыланған қарым-қатынас арқылы емес, ол тұлғалық бағдар, симпатия, аттитьюд арқылы өлшенеді.
Біз қатынасты қалыптастырамыз және дамытамыз. Олар өзінің бағытын, күшін өзгеріп отырады. Қатынас оң не теріс бағытта немесе бейтарап болуы мүмкін. Адамдар арасында қатынастың қалыптасуы әдетте, олардың бірін бір қабылдай алуы, түсінуі және бағалауына байланысты. Осылайша екі адам ортасында толық өз ара түсінім жайлы да, берік аралық қатынастар орныққаннан кейін, адамның эмоционалдық жағдайын бағалай отырып, біз оның нақты көңіл күйіне сәйкес қарым-қатынасты дамытып, тереңдете түсуге мүмкіндік аламыз.
Жеке адамның қатынасы ең алдымен оның қоғамдық өмірі мен өндірістік қатынасының негізінде дамиды, яғни адамның өзге адамға қатынасы, өзіне қатынасы, еңбекке қатынасы.
Адам аралық қатынастар динамикасы ұжымдық қатынастағы жеке адамдар арасындағы қатынастың дамуымен байланысты. Ұжым өз мүшелерін белгілі бір қылық нормаларын талап ете бастайды, ол талаптар біртінде кеңейтеді. Адам аралық қатынастың қалыптасуының жоғары сатысында өзін өзі ұйымдастыру және өзін өзі реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Психиолог Б. Д. Парыгиннің айтуынша жоғары дамыған адам аралық қатынастар оның мәдениеттілігімен көрінеді: 1. іскерлік қатынастың мәдениеті. 2. адамгершілік эмоционалдық қатынас мәдениеті. 3. тұлға аралық қатынас мәдениеті.
Сонымен, динамика бір тұлғаның екіншісіне қатынасын, социометриялық статусын, өз ара таңдау аяқты өз ара қатынас факторларын қарастырады, ал өз ара қатынас динамикасына әсер ететін жеке адам мінездемелері: жас деңгейі, қарым-қатынас, эмоционалдық әсерленгіштігі.
Курстық жұмыстың мақсаты - қатынас твортчестволық процесс, жеке адамның қоршаған адамдар мен өз ара әрекетестілігі салдарына шығатын күрделі ұғым болғандықтан, ол қалай қалыптасады, дамиды, түрлері қандай деген сұрақтарға жауап іздеу, ең бастысы - оған әсер ететін тұрлі факторларды анықтап, адамның өзіндік даралық бейнесі мен мінез-құлығының қасиеттері, сапалары мен ерекшеліктерінің қалыптасуындағы маңыздылығына жеке түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеттері - қатынас жасау - әр бір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапқырлығы мен ақыл-ойына байланысты жүзеге асып отыратын тіршілік мұқтаждығы. Сол себепті адам аралық қатынаста тұлғаның даралық мінез қасиеті үлкен рол атқарып адами қасиеттері мен сипатының қалыптасып, дамуының қажеттігін ұғындыра отырып, адамдық қатынастың даму жолына бағыт беру - бұл жұмысымның негізгі міндеті болып табылады.
Курстық жұмыстың өзектілігі - қоғам үшін, болашақ үшін жасалынған әрбір қадам - өзекті ойдың жемісі. Тақырыбымда қарастырылған тұлға аралық қатынастың қалыптасуында «ат кісінесіп, адам сөйлесіп» дегендей әңгімелесу барысында санамызда қалыптасатын адамның тұлға аралық бейнесін қалыптастырып, мінез бітістерімен сырт көріністерін жете тану. Ең бастысы адамның өзін-өзі сарапқа алу қабілеті тақырыбымның мазмұнын аша түседі.
Курстық жұмыстың құндылығы - жалпы адамзат дамуында, сонау ғасырлардан бастап ежелгі адамдардың пайда болуы, олардың қарым-қатынасқа түсіп техникалық құрал-жабдықтарын дамытуы, адамның көз жауын алатын зәулім, сәулетті ғимараттардың салынуынан бастап қазіргі өркениетті ел болуымыз осы қарым- қатынастың тапырмайтын маңыздылығы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың құндылығы болып табылады.
Ғылыми зерттеу әдістері : Бұл курстық жұмысты орындау барысында мен педагогикадағы әр түрлі әдісті қолдандым: педагогикалық тәжірибені орындауды үйрену және қорытындылау, психиологтардың айтқан тұжырымдамаларын, идеяларын теориялық талдаудан өткізу сияқты әдістерін қолдандым. Сонымен қатар, көптеген ортақ мазмұнды еңбекті сұрыптау, талдау орыс әдебиеттерін қазақшаға аудару сияқты зерттеу әдістерін қолдану - бұл жұмыстың мазмұнын ашуға жағдай жасады.
Әдістемелік негіздері: Бұл жұмысты орындау барысында мен психиологиялық өшпес іс қалдырған қазақ және орыс психиолог жазушыларының айтқан пікіріне, еңбектеріне сүйене отырып орындадым. А. В. Петровский, З. Фрейдтің оқушысы Джебоком Морено, Б. Ф. Ломов, Д. Картрайт, А. Зандера, А. С. Макаренко, Я. И. Уманский, А. А. Бодалев, Р. С. Немов секілді психиологтардың еңбектерінде адам аралық қатынастың қалыптасуы құрылымы, даму ерекшеліктері және адам аралық қатынастың зерттеу әдістері жайлы еңбектерін қолдана отырып олар ұсынған әр түрлі ғылыми концепцияларымен психиологялық бағыттағы көз қарастарымен таныса отырып, материалды толықтырдым. Әдеби материалдар мен қоса қазақстандық журналдардың адам аралық қатынастар жайлы басылымдары ерекше көмек беріп, өзіндік ғылыми қорытынды, түйінді ойлар жазуыма ықпал етті. Сонымен қатар, жаһандық интернет желісі тақырыпты өрбітуге, толықтыруға көп көмегін тигізді.
2. 1 Адам аралық қатынастар жөнінде жалпы түсінік.
Адам аралық қатынас дегеніміз қарапайым да күрделі проблема. күнделікті тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрі келесідей: жеке және қызметтік, дара және топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық пен араздықтан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның қоғамдағы орыны мен міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен сүйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме иелері арасында олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қасиеттері сипатында қаралса, олар жеке қатынастар аталады, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтьіқ қатынастар деп аталады.
Тең құқықты қатынастар - қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өзара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тіктейді.
Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы, жанжалды қатынастар өрбиді.
Адамдар арасындағы, тіпті кейде бір тұлғаның да бойынан көрінетін адамдық қатынастар түрі міне осындай. Бұл қатынастардың бәрі өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында, өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.
Тұрақты да келелі қатынастар жүйесі қалыптаспаған ортада адамның өрелі өмір сүруі өте қиын, себебі әрбір жеке адамның да, топ пен ұжымның да қоғамдағы болмысын осы қатынастар айқындайды. Балалық шақта орныққан адам аралық қатынастарға орай адам азаматтық қасиеттерін тіктейді. Ересектердің төңірегіндегілермен қатынасынан сол ортаның көңіл-күйі айқындалып, алға қойылған мұрат-мақсаттардың сәтті орындалуы не кедергіге ұшырауы мүмкін.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остранизм, қоғамнан аласталу, яғни көйбір адамдардың көпшілік арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерілеп қалуы. Мұндай адамдар көпшіліктің жек көрушілігіне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейді. Осыдан өзі қатарлардан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершілік қасиететерінен айырылып, қауымдық өмір тіршілігінен айрылғандар да кездеседі.
Адам аралық қатынастардың ерекшелігі - олардың эмоционалды болуында. Адам өзі тектеспен араласа отырып, бір-біріне болған айрықша сезімдер мен ықыластарға кезігеді. Жеке аралық қатынастар, әдетте, субъектив сипатта болып, әр адамның шын мәніндегі тұлғалық оң не теріс қасиеттеріне сай келе бермейді. Олар әрқашан адамның көңіл-күйіне байланысты, бір адамның екіншісіне деген сезім толғанысының ауысуымен өзгеріске келіп тұрады. Көңіл-күйдің бір сәттік болуынан, жеке қатынастар құбылмалы келеді: бүгінгі тәп-тәуір сыйлы қатынас күн өтпей-ақ кері сипатқа енуі баршаға аян құбылыс.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар, өдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, оларды ресми қатынастар деп те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы қажет.
Бірақ өмірде жеке және қызметтік қатынастар өзара кіріге байланысқан, сондықтан оларды нақты айырып, таза күйінде қарастыру мүмкін емес. Біріншіден, әр адам өзінің даралығымен қызметтік қатынастарға_әрқашан ерекше мән мен сән беріп отырады; екіншіден, әрқандай тұлға нақты қатынастарға өзінің жеке ниет, ой, толғаныс және сезімдерімен кіріседі, ал бұлардың бәрі адамның басқалармен болған қызметтік қатынасына әсерін тигізбей қоймайды.
Адамдар арасындағы үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды адамдардың мәңгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар типіне тұрмыста кезігетін "сүйіспеншілік" қатынасты жатқызуға болады. Егер бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін бірі адамгершілік сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне мұндай қатынасты -үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.
Қарама-қарсылықты қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымөн, оған қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды, мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады.
Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бір ортаға түсіп қалған адамдардың бірі екіншісінен өзін алшақ ұстау қажеттігі де туындап қалады. Мұндай кезде адамдар бір-біріне тікелей жек көрушілік танытып, арадагьі мәселе бойынша ешбір келісім мүмкіндігін таба алмайды да, іздемейді де. Мұның бәрі ортадағы жанжалды қатынастың ушығуынан.
Адамдар арасындағы және бір ерекше қатынастар түрі - бұл екі ұшты, амбивалентті қатынастар. Мүндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана жүруі, Осыдан мұндай қатынастағы адамдар өздерінің көңіл төркінінде жатқан ниеттерінің нендей жағдайда екенін айырып алуында біраз қиналады.
Адамдар аралық қатынастар негізінде адамдардың бірімен-бірі өзара әрекетке, тілдесуге болған өмірлік қажеттігі жатыр. Тұрмыстық не қоғамдық қажетсінуден бірін-бірі керексінген адамдар өзара қатынасқа келіп, ал ол болмаса бір-біріне бейтарап қалады. Өмірлік маңызды қажеттіктері бола тұрып, оларды қанағаттандыруда кедергілік ететін қалыптар да болады. Бұл жағдайда да қатынастар үзілмейді, бірақ мұндағы қатынастар өшпенділік не жек көрушілікпен ұштасады.
Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек жақсылыққа, қай жағдайда да жәрдем етуге бағышталады.
Адамдар аралық қатынастар сипатына ықпал етуші факторлардың бірі психологиялық үйлестік (үйлесімсіздік) . Көп жағдайда адамдар өз қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірін-бірі керек етеді, бірақ көзқарас, ниеттеріндегі болмашы айырмашылықтардан өзара қатынастарын қалыпқа түсіре алмайды. Мұндай толық психологиялық үйлесім таба алмаған жандар арасында біршама ұнамды қызметтік қатынас болғанымен, уақыт өтумен бірте-бірте өрім түскен арақатынастағы жеке психологиялық үйлеспестік олардың ресми байланыстарының кедергісіне айналады.
Адамдар арасындағы қатынастардың өзгеруіне мүмкін болар себеп - бұл нақты адамдар қатынастарының туындап, дамитын әлеуметтік-психологиялық орта сипатының ауысуы. Екі немесе одан да көп адамдар бірін-бірі өте қажетсінеді, орталарында толық психологиялық үйлестік болған, бірақ кенеттен өзгерген әлеуметтік-саяси жағдай оларды әртүрлі партиялар мен ағымдарға енуінен екі жікке бөліп тастайды. Мұндай жағдай жастарда кездесіп тұрады: өзара келісімді жас жұбайлардың өмірі кенет олармен психологиялық үйлесім таппаған жақын туысқандарының ықпалынан құрдымға кетеді. Мейлі, бұл жас жұбайлар арасындағы қатынас кейін ресми бекігенімен, тату-тәтті туысқандық қатынастар арасындағыдай шапағатты жалғасын табуы қиын.
Адамдар қатынасының орнығуы немесе өзгеруіне және бір себепші фактор - бұл адамдардың жас деңгейі. Өмір бойы топтаған тұрмыстық-әлеуметтік тәжірибе адамға, оның төңірегіндегі жандарға, болып жатқан оқиғаларға әсерін тигізбей қоймайды. Жас деңгөйі өртүрлі адамдардың бір оқиғаға болған бағасы бірінен бірі алшақ болуы әбден ықтимал, жастық айырма неғұрлым үлкен болса, психологиялық келіспеушілік те соншама болады. Мысалы, жастардың киімі, өнер талғамы үлкендерге ұнай бермейтініне бәріміз де куәміз. Бұл жағдай әулеттер арасындағы қатынастардың мән-мағынасына өз әсерін білдірмей қоймайды.
Ал осы төңірегіндегілермен болған өз қатынасыиың сипатын адам өзі сезе алады ма, не сезбейді ме? Бұл сұраққа жауап бірнеше жағдайларға тіреледі. Біріншіден, бұл нақты адамның ой-өріс (сана-сезімі) даму деңгейіне байланысты. Ақыл-есі біршама жетілген адамдар өздерінің төңірегіндегілермен қатынасын жақсы түсініп, дүрыс қабылдайды. Адам
аралық қатынастарды орынды сезіну және бағалау жоғары дамыған рефлекстік қабілетті керек етеді (қоршаған ортадан келіп түскен ақпараттық сигналдарды жан-жақты мәндік байланысымен қабылдап, жауап бере алу) .
Екіншіден, бұл адамның жасына тәуелді. Егделер балаларға қарағанда өзара қатынасты дәлірек пайымдайды, ұнамды не біржақты келеңсіз қатынастарды оңай бағалап, бейтарап қатынасты да орынды сезінеді. Өмірде екі ұшты немесе амбиваленттік және өз ішіне ұнамды да, жағымсыз да сипаттарды бірдей қамтыған қарама-қарсылықты қатынастарды бағалау күрделірек келеді.
Адамдар арасындағы қатынастар сол қатынастардьің нақты адам өміріндегі маңызына қарай да бағаланады. Қарым-қатынас адам үшін неғұрлым маңызды болса, оның бағалануында соғұрлым дәлсіздіктер жіберілуі мүмкін өзінің төңірегіндегілермен байланысына аса үлкен мән
берген адамдар, арақатынастарының ұнамды тараптарын асыра мақтауға бейім келеді. Керісінше, кімде кіммен ұнамсыз қатынаста болса, адам ондай да қарсыласып түбелегін түсіре жамандауға ниеттенеді де тұрады.
Әрқилы адамдардың өзара қатынастарын тануда көптеген жеке дара ерекшеліктер бар. Кейбір ой-сезімі толысқан, парасатты адамдар өзара қатынастарды жан-жақты пайымдаумен, дұрыс қабылдауға қабілетті, екінші біреулердің жалпы оң пікір айтуға тіпті өрісі жетпейді, ал үшіншілер төңірегіндегілердің өзіне деген бағасын бірде дұрыс түсінсе, бірде оған сана-сезімі жетпей қалады.
Адам аралық қатынастар толық қалыптасып, орныққаннан былай біркелкі тұрақты қалыпқа келеді. Егер де қатынастарға тән осы қасиет болмағанда, адамзаттық қауымдар: мемлекет, мекеме және топтар түзілмес еді. Себебі қауымдық бірлестіктердің негізі жалпы адамдардың өзара қатынасының тұрақтылығымен біртекті болжамға келуінде. Ал жеке тұлғалар арасындағы өзара байланыстар тұрақтылық дәрежесінің біршама кемдігімен өрекшелінеді.
Үлкен әлеуметтік топтардағы қызметтік, ресми қатынастар өзінің күшті мызғымастығымен байқалады, кіші топтағы байланыстар да біршама осылай. ірілі-кішілі қауымдастықтардағы қарым-қатынастар көптеген өмірлік маңызы зор факторларға тәуелді, сондықтан адамдар мұндай жағдайдағы қатынастарды өзгерте бергенді онша құптамайды. Егер күнара субъекттердің ниетіне орай төңкерістер бола берсе, қоғам аласапыраны таусылмай кетері баршаға аян.
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар өте нәзік те үзілгіш келеді, себебі нақты тұлғалар арасындағы қатынастар сол қатынас иелерінің құбылмалы көңіл-күйіне тәуелді. Уақыттың өтуімен, жастың егде тартуымен аралық қатынастар тұрақтала түседі, балалық пен жат өспірім шақтағы адамдар арасындағы бұрқасын жол таңдау бұл кезде сабасына келе бастайды, адамның ішкі дүниесі сабыр тауып, кездейсоқ қатынас, байланыстарға құлай түспей, өз қалауын таңдай алу қабілетіне жетеді. Қатынастардың тұрақталуының және бір жөні - адамдар бірін-бірі жете танып, бірінің қылығына екіншісі көнігіп, өзара үйлесімге бейімделуі.
Адамдардың алгашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады: алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара-бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес. Мұндай жағдайлар адамдардың бір-біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды.
Нақты мезеттегі адамдар арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді, мысалы, адамның денсаулығы мен психологиялық кейпі. Дені сау, көңіл көтеріңкі болса, төңірегіндегілермен қатынас та әп-әдемі, үйлесе түседі. Көңіл-күйге жайлы жағдай болса, қатынасың одан әрі беки түседі, ал қандай да әбігер күйде түзілген қатынас көбіне баянды болмайды.
Адамдар арасындағы қатынастар олардың жеке мінез-құлығына да байланысты. Әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілдік, үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер пайдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік - қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.
Ой-өрісі кең дамыған, жасы бар адамдар өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді, ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес.
Жас ұлғайған сайын қатынастар тек тұрақталып қана қоймастан, адамның оларды басқару қабілеті де артады. Мұндайда адамға жәрдемге келетін - оньің даралық ерекшеліктеріне қосымша өмірлік тәжірибесі. Әрқашан адам аралық қатынастарды жеңіл де ұтымды реттейтін - адамдар арасында кәсіби қызмет бабымен жұмыс жүргізетін, сендіре әңгіме айта білетін, әлеуметтік жетекшілікке ыңғайлы мамандар болады, мысалы: саясаткер, мекеме және өндіріс басшылары, мұғалімдер, дәрігерлер мен актерлер. Адам аралық қатынастарға ықпал жасай білу қабілетін қатынастар психологиясын үздіксіз үйрену арқылы жетілдіре, дамытып баруға болады.
2. 2 Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен дамуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz