Жасөспірімнің өзін-өзі кәсіпке бейімдеуі



Кіріспе

І . тарау. Жасөспірімдерді кәсіпке бейімдеудегі рухани.адамгершілік тәрбие.
1.1. Рухани тәрбие негіздері
1.2. Адамгершілік тәрбиесі
1.3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу


ІІ.тарау. Жасөспірімдердің кәсіпке бейімделуіндегі халықтық педагогиканың ролі.
2.1. Халықтық педагогика жайлы түсінік
2.2. Жасөспірімдердің кәсіпке бейімділігі мен дарындылығын қарым.қатынас арқылы дамыту
2.3. Ата.ана тәрбиесі және дене тәрбиесі арқылы кәсіпке бейімдеу
2.4. Бейнелеу және көркемөнер жасөспірімдердің кәсіпке бейімделуінің негізгі құралы
2.5. Көркем шығарма арқылы жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып егемендік алуына орай қоғамды демократияландыруда, ізгілендіруде, жасөспірімдердің өз-өзін кәсіпке бейімдеуіне ұстаздық қолғаыс көрсетудің маңызы, мәні зор.
Зерттеу өзектілігі:
Қазіргі күнде жасөспірімдердің қабілеттерін арттыра отырып, олардың жеке тұлға ретіндегі адами асыл – қасиеттері - еңбексүйгіштік, адамгершілік – эстетикалық рухани сезімдерін тәрбиелеу мәселесі ең өзекті мәселе болып отыр. Еңбек - адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы өзіне дейін жасалған тәжірибиені пайдаланып, тиісті құрал-саймандармен жұмыс тәсіліне қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі. Осылайша еңбекті адамның өзінің өмірлік қажетінің қамтамасыз ету жолында жұмсаған күш-жігері, деп ұқсақ, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіретін ерте заман экономистерінің тұжырымдарындарында шындық жатқаның жоққа шығару қиын.
Осы орайда халықтық педагогика негізінде, көркем шығарма негізінде, қазақ көркемөнері негізінде өсіп келе жатқан жас ұрпақты кәсіпке бейімдеу- қазіргі бәсекелестікке сай, жаңа қоғам құруға бейім, икемді, ұлттық, адамзаттық құндылықтарды меңгере алатын, патриоттық сезімі берік қылыптасқан азаматтарды тәрбиелеудің басты құралы.
Зерттелу деңгейі:
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызын анықтау барасында Т.О. Рамзаева, В.Г. Горецкий, Н.Н. Светловская, М.С. Соловетчик, М.Н. Оморокова, В.Н. Зайцев, О.В. Сосновская, О.В. Дженелей, Р.Н. Бунеев, О.Б. Кубасова, В.А. Левин, сынды ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынды.
1. Қазақстан Республикасы мәдени-этикалық білім беру тұжырымдамасы, “Егемен Қазақстан”, 1996 ж. 7 тамыз.
2. “Бастауыш мектеп” журналдары. 2001-2006.
3. “Қазақстан мектебі” журналдары. 2002-2005.
4. Байтұрсынов А. “Ақ жол”Алматы. 1991.
5. Аймауытов Ж. Психология. “Рауан.”1995.
6. Жұмабаев М. Педагогика.
7. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. “Рауан.”Алматы. 1997.
8. Қоянбаев Ж. Педагогика. Алматы. 1990.
9. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халықтық дәстүр.
Алматы.1990.
10. Дүйсембекова Ш. Педагогика. Семей. 2004.
11. Әбенбаев, Құдиярова А, Әбиев. Педагогика. Ж.Астана.2003.
12. Салқынбай А, Көккөзова М. “Әдіскер тағылымы” Алматы.1990.
13. Бержанов Қ,Мусин С Педагогика тарихы.Алматы.1984.
14. Сейталиев Қ. Тәрбие теориясы. Алматы.1986.
15. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. Алматы. 1987.
16. Жұмақанов Ә., Аймағамбетова Б., Бозжанова К.Семьяда балаларды
адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. Алматы. 1985.
17. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы. “Санат”1995.
18. Коротов В.М. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Алматы. 1978.
19. Нұрғалиева Г. Оқыту әдістері. Алматы.1991.
20. Бастауыш сынып оқулықтары. “Атамұра”, “Рауан”
21. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы.
“Рауан”1992.
22. “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналдары.2006.
23. Жиенбаев С. Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы.Алматы.1979.
24. Лейтес Н. Судьба вундеркиндов. // Семья и школа, 1990, №12 27-28с.
25. Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру. Алматы. 1989.
26. Эфроимсон В.П. Загадка гениальности. Москва, Знание, 1991г. 83с.
27. Клименко В.В. Психологические тесты таланта. Харьков, Фолио, 1996г. 34с.
28. Жексенбаева Ү.Б. Балалардың дарындылығын диагностикалау. Алматы, Радиал, 2005 39б.
29. Воспитание познавательной активности учащихся в процессе внекласной работы. Алма-Ата, мектеп, 1984жг. 233б.
30. Лихачев Б.Т. Теория эстетического воспитания школьников. Москва, Искусство, 1985г. 43с.
31. Қалиев С., Оразаев М.,Смайлова М.Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
Алматы. “Рауан” 1994.
32. Каштанбекова Р. Мақал-мәтелдерді қолдану ерекшеліктері. Қазақстан мұғалімі.2- 2004.
33. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы.”Ана тілі”1993.
34. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология.Алматы.1982.
35. Базарбав М. Көрікті ойдан-көркем сөз. Алматы. “Рауан” 1994.
36. Ақназаров Б., шыныбекова Ә. Оқу процесінде тәрбиелеу. Алматы.1982.
37. Қуантаева К.,Халитова І. Абай мұрасы және мектептегі тәрбие жұмыстары. Алматы.2001.
38. Джанбубекова М. Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиесінің педагогикалық негізі. Автореферат.Алматы.2000
39. Мұқанов М. Жас ерекшелігі және педагогикалық психология. Алматы. “Мектеп” 1982.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Жасөспірімнің өзін-өзі кәсіпке бейімдеуі

ЖОСПАР

Кіріспе

І – тарау. Жасөспірімдерді кәсіпке бейімдеудегі рухани-адамгершілік тәрбие.
1.1. Рухани тәрбие негіздері
1.2. Адамгершілік тәрбиесі
1.3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

ІІ-тарау. Жасөспірімдердің кәсіпке бейімделуіндегі халықтық педагогиканың
ролі.
2.1. Халықтық педагогика жайлы түсінік
2.2. Жасөспірімдердің кәсіпке бейімділігі мен дарындылығын қарым-қатынас
арқылы дамыту
2.3. Ата-ана тәрбиесі және дене тәрбиесі арқылы кәсіпке бейімдеу
2.4. Бейнелеу және көркемөнер жасөспірімдердің кәсіпке бейімделуінің
негізгі құралы
2.5. Көркем шығарма арқылы жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып егемендік
алуына орай қоғамды демократияландыруда, ізгілендіруде, жасөспірімдердің өз-
өзін кәсіпке бейімдеуіне ұстаздық қолғаыс көрсетудің маңызы, мәні зор.
Зерттеу өзектілігі:
Қазіргі күнде жасөспірімдердің қабілеттерін арттыра отырып, олардың
жеке тұлға ретіндегі адами асыл – қасиеттері - еңбексүйгіштік,
адамгершілік – эстетикалық рухани сезімдерін тәрбиелеу мәселесі ең өзекті
мәселе болып отыр. Еңбек - адамның рухани және дене күшін жұмылдыру арқылы
өзіне дейін жасалған тәжірибиені пайдаланып, тиісті құрал-саймандармен
жұмыс тәсіліне қолдану арқылы жүзеге асырылатын іс-қимыл процесі. Осылайша
еңбекті адамның өзінің өмірлік қажетінің қамтамасыз ету жолында жұмсаған
күш-жігері, деп ұқсақ, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіретін ерте
заман экономистерінің тұжырымдарындарында шындық жатқаның жоққа шығару
қиын.
Осы орайда халықтық педагогика негізінде, көркем шығарма негізінде,
қазақ көркемөнері негізінде өсіп келе жатқан жас ұрпақты кәсіпке бейімдеу-
қазіргі бәсекелестікке сай, жаңа қоғам құруға бейім, икемді, ұлттық,
адамзаттық құндылықтарды меңгере алатын, патриоттық сезімі берік
қылыптасқан азаматтарды тәрбиелеудің басты құралы.
Зерттелу деңгейі:
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызын анықтау барасында Т.О.
Рамзаева, В.Г. Горецкий, Н.Н. Светловская, М.С. Соловетчик, М.Н. Оморокова,
В.Н. Зайцев, О.В. Сосновская, О.В. Дженелей, Р.Н. Бунеев, О.Б. Кубасова,
В.А. Левин, сынды ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Жасөспірімдердің бойындағы негізгі адами құнылықтарды сипаттау арқылы
ұлттық мұра, халықтық педагогика, көркем шығарма, көркемөнер арқылы
еңбесүйгіштікке тәрбиелеу. Сол арқылы жасөспірімдердің кәсіби бейімделуіне
бағыт-бағдар беру. Оқушы қабілетін дамытып, дүниені көркем сөз, қолөнер
арқылы бейнелі қабылдауға үйретіп және еңбек пен адамгершілік құралы
екендігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Рухани-адамгершілік тәрбие арқылы жасөспірімдердің кәсіпке бейімдеу;
- Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- Жасөспірімдердің кәсіпке бейімділігі мен дарындылығын қарым-қатынас
арқылы дамыту;
- Ата-ана тәрбиесі және дене тәрбиесі арқылы кәсіпке бейімдеу;
- Бейнелеу және көркемөнер арқылы жасөспірімдердің кәсіпке бейімделуін
қадағалау;
- Көркем шығарма арқылы жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеу

Зерттеу әдістері:
- ғылыми – теориялық әдебиеттерді талдау;
- оқу – тәрбие процесін бақылау нәтижесінде салыстырмалы түрде талдау,
бағалау;
- оқу материалдарының берілу ретін, жүйелілігін, мазмұнын баспалар
бойынша салыстыру;
- әртүрлі проблемалық жағдаяттар туғызып, сырттай бақылау, әңгімелесу.
Практикалық маңыздылығы:
Қоғам өзі талап етіп отырған елжанды, парасатты, еңбекқор, білімді
тұлға тәрбиелеп шығару болғандықтан жасөспірімдердің кәсіпке бейімделуіне
тәрбиелеу өте маңызды процесс. Бітіру жұмысының шеңберінде орындаған
ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі көптеген ғылыми – теориялық әдебиеттер
мен монографиялардың және нормативтік – құқықтық құжаттардың негізінде
тұжырымдалған, сондықтан бітіру жұүмысының қорытындысы мектеп мұғалімдері
мен студент – практиканттарға тиімділігі мол, мәнді де маңызды ғылыми -
әдістемелік құрал болып табылады.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, жалпы әдебиеттер тізімінен
және қосымшадан тұрады.

І – ТАРАУ. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ КӘСІПКЕ БЕЙІМДЕУДЕГІ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ

1.1. Рухани тәрбие негіздері.

Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беру - қазіргі мектептердің ең
маңызды міндеттерінің бірі. Бұл заңдыда, өйткені біздің қоғам өмірінде
адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моралдік фактордың
ықпал аясы кеңейіп келеді.
Рухани-адамгершілік тәрбиелеудің мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік
жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін
қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқұшыларға жол бермеуді
қалыптастыру болып табылады.
Адамның адамгершілік жағынан қалыптасу оның туған кезінен-ақ
басталады, ал рухани-адамгершілік қоршаған орта мен адамгершілік
тәрбиесінің міндеттері мен мазмұнына байланысты жетіледі. Мектепке дейінгі
жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдер мен ұғымдар, адами мінез-
құлықтың ең қарапайым дағдылары тәрбиеленеді. Мектепте бұл жұмыс
мұғалімдердің қоғамдық жастар ұйымдарының басшылығымен жүйелі жүрде
көзделген мақсатқа сай жүргізіледі.
Жасөспірімдердің мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез- құлықтарының
және ересек адамдармен, құрбы-құрдастарымен қатынастарының формалары,
адамгершілік білімдері мен сезімдері негізінде жасөспірімдерге адамгершілік
көзқарастардың, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа формалары одан әрі
дамытылады.
Бұдан бұрынғы тәрбие мен алдыңғы тәрбие арасында диалектикалық өзара
байланыс бар. Тәрбие ісі әрбір нақты кезеңнің өзіне тән ерекшеліктерін
сақтай отырып, болашақтың ерекшеліктеріне бағдар ұстайды, соған әзірлейді,
ал одан әрі баланың бұдан бұрынғы кезеңдерде жинақтаған өмірлік тәжірибесін
белсенді түрде пайдаланады. Белгілі кезеңде баланың психикасында пайда
болған жаңа жақсы қасиеттері әлі де әлсіз және шектеулі болса да педагог
соған сүйенуі тиіс.
Тәрбие ісі ұзақ және күрделі үрдіс. Адамзат дамуының қай кезеңінде
болсын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі
жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындарылады.
өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш-қуаты мен
саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса, тәрбие тиімділігінің ең
басты шарты мемлекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің
мақсатын нақты анықтау болап табылады.
Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты- әрбір жасөспірімді
жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу. Адам - жер бетіңдегі тірі
организмнің жоғарғы сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекеті мен мәдениет
субъектісі, басқаша айтқанда іс-әрекеті мен қарым-қатынас иесі.
Адам іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері оның өмір сүріп
отырған қоғамдық-тарихи жағдайларына тәуелді болады. Әркімнің өз басының
адамгершілік тәжірибесі басқа адамдардың тәжірибесін тиянақтырақ игеру үшін
жағдай туғызады. Бұл тәжірибе жасөспірімдерге адамгершілікті үйрету
үрдісінде дамытылады.
Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік
жағын ұғынуды қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттері мен өзгелердің
әрекеттерің түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін-өзі бағалауға
үйренуіне мүмкіндік береді.
Барлық жасөспірімдерді жетілдіруге бағытталған тәрбие үрдісі әр
баланың жеке басының қасиеттерін негізге, ала отырып, оның жетілуі үшін ең
қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп құрылуы керек. Ортақ мұрат
тәрбиені қажетті ортақ мақсаты ретінде жеке адамның бойында индивидуалдық
формаға ие болады. Тәрбиелеуді индивидуализациялау жасөспірімдердің
бойындағы ең жақсы белгілері мен қасиеттері көрінетін жағдайға жеткізуі
тиіс.
Тәрбие жүйесінің тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші жасөспірімнің
адамгершілік жағынан жетілуі. Оның рухани-адамгершілік қасиеттерінің елеулі
өзгеруі болып табылады. Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі
жағдайлардағы адамгершілік мінез-құлқының тұрақтылығынан, мінез-құлқының
ересектер бақылауынан біршама тәуелсіздігінен, өз әрекеттерінің
адамгершілік тұрғыдан қандай болатынын алдын ала болжап білуден, іштей
бақылауы - ожданының пайда болуынан, әрекеттерінің моралдік жағын, өзінің
адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді.
Адамгершіліттің дамуы-тәрбие жүйесінің жемісі. Бұл жүйенің жемісі - тәрбие
жұмысының пәрменділігі.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан
еліміздің ертеңгі үлт тізгінін ұстар жастарымыздаң тәрбиесіне аса мән беру-
біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін үлттық
қағидаларымен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді.
Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекелеген ғылыми пәндерді терең
оқытуға тырысса да адамгершілік қүндалақтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей
келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қалақтарға бой алдырып
имандалақ дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-
адами салауаттылық жолын қалыптастыру жеткен тәрізді.
Бүл бағытта жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тэрбие үрдісінде
басшылыққа алатын түрліше сабақ үлгілері мен қосымша оқу құралдары да жарық
көруде. Соның бірі-халықаралық бөбек қорының торайымы Назарбаева Сара
Алпысқызының Өзін-өзі тану сабағы.
Бүл пәннің мақсаты-әрбір адам өзінің жеке басындағы қүндылықтарды
қоғам мен өз елін дамыту игілігінде жүмсау мақсатында ұлттық, жалпы
адамзаттық және адамдық қүндылықтармен үштастыра алатын Қазақстан азаматын
тәрбиелеу.
Сондай-ақ жеке түлғаның рухани адамгершілік құндылықтарының даму
жөніндегі отандық бағдарламасын жасап, оны балабақшадан бастап жоғары оқу
орындарына дейінгі аралықтағы үздіксіз білім беру үрдісімен үйлестіру болып
отыр.
Егер бұрын базалық білім беру үғымы аясында жас үрпақтың сауатын ашу
мен оларға ғылым негізін игеру әрекетін түсіндіріліп келсе, қазіргі кезде
бүл үғым оқушылардың бойындағы адами құндылықтарды,
қайырымдылықты, сүйіспеншілікті дамытуды, сондай - ақ әділдікке, зорлық -
зомбылық жасамауға, бақытты бағалау білуге тәрбиелей отырып оқытуды талап
етеді.
Сондықтан білім беру жүйесінің негізін оқушылардың рухани-адамгершілік
тұрғысынан кемелдеуіне назар аудару қажет. Жақсылыққа ұмтылып жағымды
істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер үлгісімен берер
тәлім - тәрбиесі мол болмақ. Ал оның бәрі адамның бойында жас кезінен
бастап қаланса тұрақты қалыптаспақ. Сонда ғана дұрыс бағыт алып, бағдарын
ерте айқындаған баланың бойында бұл құндылықтардың қатары көбейіп, сапасы
арта түседі.
Тәлім - тәрбие баланың даму кезендерінде адамның рухани өзегін
қоректендіруші болып, білімнен бұрын жеткізілуі тиіс. Тэрбиесіз берілген
білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі деген
Әл - Фараби. Оқушылардың рухани - адамгершілігін дамыта отырып тәрбиелеуде
адам бойындағы жағымды қасиеттер мен жағымсыз ойлар баламен іштей сезімдік
байланыс орнатқанда ғана бір - біріне ауысады.
Нәтижесінде өзара түсініктік пайда болып, қимастық сезім туатындай
^ағдай туындауы мүмкін. Ондай кезде оқушы сабақтъш тез аяқталуын күтпейді.
Керісінше жағымды қатынас мерзімін ұзартуға тырысады. Мүндай қатынас білш
мазмұнын игерудегі ең қолайлы сәттердің бірі болып
габывды.
Адамгершілік қүндылық тэрбиесінде үлттық тәрбие маңызды рөл атқарады.
¥лттық тәрбиенің қажеттілігі мен күрделілігін үғыну аса жауапкершілікті
талап етеді. Ол әрбір үрпақ буындарының өзіндік ерекшеліктерін ескеріп
отыруды қажетсінеді. Мәселен, бастауыш мектептің өзінде баланың барлық
танымдық және психологиялық мүмкіндіктерін жетілдіріп, білім алудың керек
екендігіне оның көзін жеткізу керек. Бүл кезеңде гуманитарлық - эстетикалық
бағыттағы пәндер оларға жақсы ықпал етеді.
Көп бағыттағы әрі салалы ұлттық тәрбиенің бір маызды ұшы экологиялық,
туған жер табиғатын ойлауға келіп тіріледі. Міне, бала бойына адамгершілік
қүндылықтарын осындай пәнждерді оқыту барысында қалыптастыру қажет. ¥лттық
тэрбиенің өркенді мақсатының бірі -Қазақстандық патриотизм. Бүл жалпы
өмірде сана - сезім, идеология, саясат пен тэрбие үрдісімен астарлас
қүбылыс.
Жас жеткіншектерге үлт қакармандарының бейнесі мен тіршілік
қаракеттері эрқашан үлгі. Олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін,
айтқан тәлім сөздерін баяндау арқылы бала бойына ата - бабалардың
адамгершілік қүндылықтарының көрінісін сіңіру мүғалімнің шеберлігіне
байланысты.
Ж.Аймаутов 1918ж Абай журналының 1,2 сандарындағы Тәрбие деген көлемді
мақаласында тәлім - тәрбиелік ой - пікірін Адам мінезінің, ақыл -
қайратының эр түрлі болуы тәрбиенің эр түрлі болуынан. Адам баласының үрлық
істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру, зонақорлыққа баруы, бүзақылықтарды
жасауы тәрбиенің жетіспегендігінен деп түжырымдайды.
Қазіргі қоғамда бүл айтылып отырған бүзық пиғыл мен іс - әрекет, эсіресе
жастар арасында өрескел түрде көрініп, бұл етек алған заңсыздықтарды
ауыздықтау бүкіл мемлекеттің өзекті мәселесіне айналып отыр.Жоғарыда атап
өткен С.Назарбаеваның Өзін - өзі тану бағдарламасы бұл мэселенің алдын
алуға арналған бірден - бір қүрал болып табылады.
Аталмаш бағдарлама арқылы Қазақстандағы орта мектептерді тэрбие үрдісі
қолға алынып, жүзеге асса нүр үстіне нүр болар еді. Біздің мақсатымыз -
қазіргі қоғамға сай білікті деп білімді, адамгершілік қүндылығымен
рухтанған, ұлттық сезімі жоғары адам тэрбиелеу.
Жалпы білім беретін мектептерде бүл мәселені шешуде әдебиет, саз,
бейнелеу, тарих сияқты пэн негіздері сияқты және басқа да эстетикалық
циклдардың үлкен мүмкіндіктері бар. Аталған пәндер өзінің ішкі мазмұнындағы
ерекшеліктеріне орай оқушылардың ішкі дүние сезімін қалыптастыруға
қабілетті. Бүл циклдік оқу, үйірмелік қызметі өзара қатынаста болып, мектеп
оқушыларына рухани - адамгершілік қүндылықтары арқылы тәрбие базасын
қүрайды.
Қоғамымыздың бүгінгі жетістіктерін келешекке жалғап, кем - кетігін
толтырар ертенгі болашақ иелерін тәрбиелеудегі қазіргі заман талабына сай
жасалынып жатқан шаралардың тағы бірі - Балбөбек атты бағдарлама.
Бағдарламада Қазақстан Республикасының аймақтық, өлкелік ерекшеліктері
ескерілген және ол бес бөлімнен тұрады. Ондағы басым бағыттар мыналар:
тзрбиелеу мен білім беру мазмүнын үлттьщ әдст - ғұрып, салт -дәстүрдің
аймақтық, өлкелік ерекшеліктерге сэйкес жаңартылуы. материалдың баланың
даму ерекшеліктеріне үйлесімді іріктелуі.
- Балалармен өтілетін тәрбие жұмыстарын біріктіре, сабақтастыра жүргізу
арқылы апталық жүктемені азайту, тәрбие жүмыстарын олардың даму, дарын
ерекшеліктерін ескере үйымдастыру зерттеу. Мүнда "имандылық тәрбиесі" -
деген бөлімі бар. Бүл бөлімде қүндылықтарды тану, ата-анамен тұысқан,
Отанға деген көзқарасты қалыптастыру, әдеп - ғұрып салт-дэстүрді тану
сияқты тәрбиелік әнгімелер қажет.
Тәрбиенің жеткізілу тәсіліне бүгінгі күнгі мектептердегі оқу-тәрбие
үрдісінің жаңа технологиялармен үйымдастырылуына байланысты. Бүған енді
ғана тұсау кесіп, алғашқы қадамдарын жасай бастаған "Өзін өзі тану"
бағдарламасында адамның рухани адамгершілік қүндылықтарының дамуы,
өркендеуі, тәрбие мәселесімен тығыз байланыстыра қарастырылатыны дэлел.
Өзін өзі танудың қайнар көзі өзін өзі тәрбиелеуден басталады.
Заман талабына сэйкес өмір сүру тәртібі адамның өзін өзі өзгертуіне,
өзіндік көзқарастардың қалыптасуна айнала қоршаған ортамен санасуына ықпал
етпей қоймайды. Сондықтан оқушылардың адамгершілік қүндылықтарын дамыта
отырып тэрбиелеу үрдісін жетілдіру ісі оқу тәрбие үрдісінің мазмұның
жанартуға бағытталған жаңа бет бұрыс болып табылады. Қазақ халқында ешбір
үлтта кездесе бермейтін дара ерекшеліктер көп-ақ. Өйткені халқымыздың бүл
ғаламға, өмірге, тіршілікке және дінге деген көзқарастарында басқа елде
табыла бермейтін үлкен философия жатыр. Бүл философияда әдептілік айрықша
орынға ие.
Халқымыз әдепті өз түрмыс-тіршілігіне арқау еткен. Күйбең тіршілікте
эдептілікті нық орнықтыра отырып, оны өмірдің алтын дінгегіне айналдырған.
Тұрмыстағы әдеп, ең алдымен, міндетті түрде тәрбиеден басталады. Өйткені
халқымыз эдептілікті адамдық тәрбиенің алтын арқауы деп үққан. осылайша
әдеп халық педагогикасының қайнар бастауына айналды. сондықтан да әдеп-
инабатсыз салт-дәстүрді ой иеленген өткізудің өзі әбес болады.
Барлық халықтар түрмыс-тіршіліктерінде өзіндік ерекшеліктерімен
таралған. Үлтты үлттай айыратын маңызды түста осы болса керек. әр бір ұлт
өмірі - өзінше дара. Ал, оларды даралайтын негізгі нышандардың бірі - сол
әдептілік. қазақ халқы да өзінің түрмыс- тіршілігінде жэне күн көрісінде
әдептілік қағидаларын басты назарда ұстап, ғүмырларын онымен нэрлендіре
білді. Осылайша халқымыздың рухани болмыс- бітімі тіршіліктегі басты күшке
айналды.
Иә, алдыңғы үрпақ ағалар кейінгі үрпақ інілерге өздері өмір сүрген
түрмыстық, қоғамдық және жалпы өмір жайлы тәжірибелерін беріп кетеді. Ал,
бізге дейінгі өмір сүрген бүл бабалар өмірінде әдеп еріксіз көзге үрады.
Қ^з^ халқы ахадай мүра болъіп келе жатқан салтьшда, әдепке үлкен мән берген
екен.
Демек, басқалардың сіңірген еңбектерін, жасаған жүмыстарьш, ЗЩрғаН
ЩЗМеттерт дұрыс бағалау және де өзіне жасалған құрметтеуді түсіну,
өзгелердің өзіне деген ниетің қастерлеу, өзіне білдірген алғыс-қүрметтерді
сыйлау, қандайда болмасын жасалған игілікті іске, қайырымды жүмыстарға,
жалпы жақсылық атаулыға жүректің түпкірінен, шын пейіл, ақ көңілден рахмет
айту, алғыс білдіру, міне, осының бәрі эдеп нормасымен өлшенеді.
Ал? эдепті кісі өз еңбегін ешбір адамға бүлдамайды, оны ешкімге міндет
етпейді, өзін өзге жандардан жоғары үстауға талпынбайды да. Ол, сондай-ақ,
өсек-өтірік, жалған-жаладан мүлдем ат құйрығын кеседі. Тұрмыс-тіршіліктегі
ең қауыпты нәрсе осы болуы керек. Сондықтан эдепті кісі тұрмыста мұндай
кешірілмес жайттарға аяғын баспайды.
Сондай-ақ, тұрмыстағы келенсіз жағдайлардың бірі - менменшілдік, өр
көкіректік, өзімшілдік, кісі танымастық, жағымпаздық, арамдық, жабайлық
және осы сынды жағымсыз қылықтыр. Ата-бабаларымыз осы секілді мінездерді
мінеп-сынаған жэне оларды әдептілікке жат санаған.
Ал, өзінен сұралмаған жағдайларда басқалардың ісіне араласпау, ақыл айтуға
әуес болмау, аз сөйлеп, көп тыңдау, өзгенін аузын қақпайлап, сөзін бөлмеу,
асқа-суға қомағайлық танытпау, басқаның сыртынан жамандап, оны күлкі
қылмау, алданбау халықтық тұрмыс-тіршілікте әдептілік, инабаттылық қылықтар
болып саналады.
Сондай-ақ, үй ішімен және көрші-қолаңымен жарасымды, айналысымды
мазалы, үй-жайы мен ауласын тап-түйнақтай етіп таза ұстайтын, өзі де жинақы
жанды халқымыз әдепті адам деп бағалаған.
Адам баласының бэрі бүл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін
қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар
ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол - әдептілік жолы.
Адам - өз өміріне өзі қожа. Өйткені ол өз түрмыс-тіршілігін өзі
реттестіріп отыруға қабілетті. Дүрыс пайдалана алған жағдайда ғана дегеніне
жете алады. Бүл да әдептілікке байланысты. Себебі адамды әдептілік
басқармаған жағдайда әдептілікке жат нәрселер оны жаулап алады.
Олай болса, адам эдеп нормаларынан аттап кетпей, өзінің барлық іс-
эрекеттерін осы қағидалармен бағамдай алғанда, мінез-құлқын әдеп
ережелеріне сай үстай алғанда, өзін-өзі әдептілік тұрмысынан қадағалай
алғанда ғана бүл өмірдегі, тіршіліктегі діттеген арманына жете алмақ.
Бақыт дегеніміздің өзі адамның ішкі жан дүниесінде орнайды. Бақыт дегеніміз
- тек көзге ғана көрінетін байлық емес. Ол - рухани байлық. Олай болса,
адамгершілігі мол адамды бұл өмірдегі ең бақытты жан деп толық айта аламыз.
Күнделікті түрмыста елмен санасу, олармен сыйысу, біреудің жағдайын
түсіну, басқаға мүмкіндік беру, өзгеге жәрдемдесу, көршімен жа^сы қатынаста
болу, достармен сыйласу, туысқандармен араласу, үжен кісілердің алғысына
бөлену сияқты нәрселерде инабаттылық танытылмаса, эдептілік сақталмаса және
адамгершілік болмаса, өмір астан-кестен болмақ.
ӨмІрЛІК ЩрМЫСТа Щамдар МІНДеттІ түрде бір-бірлерімен қатынаста болады.
ал, бұл қатынас әуелі эдептен басталады. кісі сөзін сіз деп бастайды. бүл
сөз- қүрмет білдірудің басты белгісі. қазақ халқында өзінен бірер жас үлкен
болсын немесе кіші болсын, бейтаныс адамға сіз деп айту салтқа айналған.
бұнымен қатар аңғалдық жасап, ынғайсыздық жайттарға тап болғанда ғафу
етіңіз, кешіріңіз деген сөздер айту? ал оған оқасы жоқ деп жауап
қайтару да әдептілікке жатады.
Иә, адам күнделікті тұрмыста бойындағы әдептілігін сыртқа шығара алуы
керек. яғни9 ол елге күндей күлімдеп қарауы, иман жүзділік танытуы, жылы
сөздер айтуы, кісі көңілін шаттандыруы, айналасына тек нүр шашу керек.
Демек, түрмыстағы әдеп сөзі адамдармен қарым-қатынаста кісінің өзін
дұрыс ұстай алатындығын білдіретін мінез-қүлық қағидаларын сақтау деген
мағынаны білдіреді. бұл арқылы адам өзгелерге деген өзінің ылтипатын
жеткізіп, олардың мүдделерін түсінетіндігін көрсетеді. ал, мүның адам
өміріндегі маңызы ерекше, атқаратын рөлі өте зор.

1.2.Адамгершілік тәрбиесі
Қазақ, тілінде әдептілік, сыпайылык, ізеттіллік деген сездердің түп
мағынасы бір. Ол — адамгершілік. Яғни ата-ананы қүрметтеу, үлкенді сыйлау,
шыншыл жэне әдлетті болу, сондай-ак, адамның көпшілік алдында өзін-өзі
ұстай білу.
Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір
дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, әліде жетіліп келеді.
Жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар
мен намыс жене тағы басқа да адамгершілік категориялары сонау көне дәуірден
басталып, күні бүгінге дейін өз маңызын еш жоғалтпай келеді. Сондай-ақ,
адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары - үміт,
сенім және махаббат үнемі даму үстінде. Адам... Адам болу — касиетті атак.
Адам аты болған соң, сен — ата-ананның, елінің, Отанның перзентісін. Отан
алдындағы қарызын мен парызын — ең үлы жауапкершілігін.
Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай:
Сүйлмек, сезвек:, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек...
Акщ керек, ес керек, міңез керек...
Адамгершілік халыктың әдет ғүрыптарымен, дағдылы дәтүрлерімен тығыз
байланысты. Ол жеке адамға сыртқы дүние сияқты болса да, сайып келгенде
онымен бірдей қоян-қолтык, қосыла кетеді. Ал ағлақ болса адамның ішкі
сенімділігі, рухани куәландырылуы.
Адам баласының коғамда бағалануы, дәріптелуі, ардакқталуы — тікелей
оның, адамгершілік қасиеттерне байланысты. Ол егер айналасындағыларға
қайырымды да адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамдық, түрғысынан
реттейтін болса, нағыз адамгершіл жан болып шыға келеді де, қоғамдағы сыйлы
бағасын да, орнын да иемденеді.
Жақсылык, пен жамандық, адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді Ал, бұл іс-
әрекеттерден моральдык, қасиеттер туындайды. Осы моральдык, қасиеттерге ие
болган адам адамгершіліктің не екенің жакқсы түсінеді. Халқымыз қайырымды
жанды адамгершіл деп дәріптеген. Өйткені адамгершіл болу қайырымдылықты
керек етеді. Қайырымды жан — өзгені, яғни өзінен басқа адамдарды ойлаушы
жэне соларға қол үшын беруші жан. Мысалы, "Жақсы — ай мен күндей, әлемге
бірдей", "Жақсы келді дегенше жарық, келді десенші, жақсылыктың лепесін ала
келді десенші деген нақылдар жақсы адамның адамгершілдік қасиеттерге түнып
тұрган жан екенің жеке үқтырып, осындай болу керектігіне үндейді. Адамға
қойылатын басты талап - асыл да, ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына
сіңірген үлағатты азамат болып шығу.
Өйткені адам — өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен
жэне әділеттілігімен ардақты. Адамгершілік — адамның, рухани арқауы. Осыған
орай күнделікті өмірде кісіге "жақсы адам" немесе "жаман адам" деген
әдепттілік бағасы беріліп жатады.
Ал, әдепттілік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз — адамгершіліктің
аскар шыңы. Адамгершілік қаруымен қаруланған адам өзгелердің қайғы-
қуанышына ортақтасып, оларға қысылғанда қол ұшын береді. Ол — өзгелердің
жақсы әдістері мен істерін өз басына сіңірудің, өміріндегі ең, асыл да
игілікті дегендерді күнделікті түрмысқа енгізудің үлгісін көрсетуші.
Мәдениет дегеніміз - адам баласының, үлттың және нэсілдің ішкі жан
дүниесінің уілі мен ынылынын, бояулар мен сүлбалар полифониясының сыртқа
шығуы, көрініс беруі, діл мен дүниетанымның жұлыны",— дейді М.Акдәулетүлы.
Мәдениет пен өркениетті шатастырып алмау керек.
Өркениет дегеніміз — тәндік жэне пенделік тіленіштің ауыр жүгінің
жеңілдетілуі, қарынның мүмкшдігнше жеңілірек жолмен тойдырылуы, қамшының
сабындай болган ғүмырдағы пеңденің ашы тері мен азапты жұмысын азайту
жолындағы ақыл-ой күлшынысының қүдіретті ұмтылысы, "ракат,
бейнеттенбейсінің" ләззаты.
Абай атамыз: "Жүректен қозғайын, эдептен озбайын",- дейді. Демек,
едаит^й ш§ау даг^н -үлкен қаеиет, Ол адамнъщ білімділігің, мэдәшіеттілігііі
көрсетеді. Халқымыз жақсы міңез-қүлқымен өнегелі ісімен көзге түскен кісіні
әдеітгі ісі деп ардзқтзйды,
Лдамнын, әдептілігі мен мәдениет деңгейі оның сөйлескен сөзінен, істеген
ісінен, мінез-қүлқынан, әр түрлі жағдайда өзін үстай білуінен және ағайын-
туыстары, жора-жолдастарымен арасындағы қатынасынан, жалпы, барлық, жүріс-
тұрысынан көрініп турады. Халык, эдепті адамды "мәдениетті екен" деп
сыйлайды.
Мәдениет — рухтын, пенделіктен шым-шымдап қүтылуға, элемді гармонияны
іздеуге, адамнын, шайтан азғырмай түрғандагы тутастығына, бізге мін мен
трагедия болып керінетін мінсіз он сегіз мың ғаламның үйлесім сүлулығын
сезінуге деген үмтылысынын, көрінісі.
Мәдениет - әлі де сәби адамзаттың жаратушы мен табиғат ұстаздық,
ететін рухани мектептен алар тағлымының әуен, сөз, құрал, құрылыс, мінез-
қүлық әдет-ғүрып, бүйым, болып көрініс беруі. Бірақ, ібіліс сабақ беретін
мәдениет те бар. Адам баласына жүрек пен ми үйлесімі керек.

1.3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Еңбек - адамның рухани жэне демек үшін жұмылдыру арқылы өзіне дейін
жасалған тәжірибиені пайдаланып, тиісті қүрал-саймандармен жүмыс тәсіліне
қолдану арқылы жүзіле асырылатын іс-қимыл процесі. Осылайша еңбекті адамның
өзінің өмірлік қажетінің қамтамасыз еті жолында жүмсаған күш-жігері, деп
үқсап, онда оны байлықты жасаушы ретінде түсіндіретін ерте ззаманы
экономистерін түжырымдарындарында шындық жатқаның жоққа шығару қиын.
Еңбектің - әдеп - инабат адамгершілік категориясына жататыныны көзіміз
жетеді. 20 ғасырда еңбекке осындай анықтама берген: еңбек шын
инаьбаттылықтың бірден бір көрінісі. Адам жүмыс істеген уақытта ғана толық
адам болады. Адамшылық қасиеттер соның ішінде еңбек этикасы туралы ой-
пікірлерін эйгілі Абай жасаған. Еңбек адам өмірінде маңызды роль атқарады.
Еңбек адамның бүкіл өмірінің негізгі шарты. Адамды адам еткен еңбек. Демек,
адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбек
қүралдарын жетілдіре отырып, өзіде жетіліп, кемелдене берген. Сондықтан
қоғамның даму тарихын еңбек пен і^ралдарының езГеру5 жетіяу тарихы деуге дс
болар еді. Өнтконі^ сртс замандарда еңбек түрлері, еңбек құралдары мен
еңбек ету жағдайлары қазірпдей емес; мүлде қарабайыр, жабайы сипатта
болғаны, ақын айтқандай, т^к бір тамақ дсп жорта берудің шеңберінде болғаны
белгілі. Тек бертінде, келе-келе ғана, еңбек бөлінісі негізінде, тек қана
күнкөріс талабын қанағаттыру аясынан босауға мүмкіндік туды. Ол өз ретімен
басы артық құлқыннан құтылу (өлтіру) сияқты қатыгез салт-ғүрыптардың
қолданудан шығып қалуына алып келді. Оған адамның басқалар үшін де өндіруде
үйренуі себеп болды.
Өндіргіш күштердің одан әрі дамып, өркенденуіне байланысты еңбек
бөлінісі тереңдей, тармақтала түсіп, еңбектің түр түрін көбейтті. Жэне оның
саны ай сайын, жыл сайын дегендей тоқтаусыз шығуымен көне түрлері
қолданудан қалып та жатыр.
Адамның жеке түлға ретінде мінез-қүлқының қалыптасуы. Оның өзін-өзі
басқаруы мен түрмыста тәлтіректемей, табанынан тік басып, шығыш тура білуі
іс-қимыл шеберлігінің дамуына байланысты. Адамның осы сапалық
қалыптасуындағы шешуші фактор еңбек болып табылады. Ерікті еңбек адамның
шығармашылық мүмкіндігіне кен өріс ашып оны жүзеге асыруға жігерлендіреді.
Адамға әсіресі қоғамдық еңбектің игі әсері зор. Себебі оның әдептілік,
инабат - парасаттылық, тэрбиелік ықпалы орасан. Қоғамда еңбек, жалпы
алғанда, әлеуметтік сипатта бола отырып топтық және жүйкелік іс-қимылдар
түрінде көрініс береді. Сол арқылы іске асырудың бірден-бір тәсілі жеке
адамның өзін-өзі көрсете білуінің өмірден өз орынынң табуының жолын табады.
Адам өзінің өндірістік іс-қимылында бойына түдырған қабілет
-бейімділіктерін жүмсап, кәдеге жаратумен қатар оқып үйренуден жэне кәсіби
әзірліктен алған іс-тәжірибилерін пайдаланады. Бұл мағынада еңбек тэрбиені
шындаушы жэне оның нэтижелілігін тексеруші ретінде бағаланады, отбасынан
мектептін бүл дэршіндер мен жастардың қоғамдық белсенділіктерін дамытып
әдеп-инабат дағдыларын қалаптастыруға тигізетін онды әсерлері еңбек арқылы
нығайтады.
Сонымен қатар еңбек барысында адамның өмір жолындағы қателіктерімен
ағаттықтары, оның өткендегі тәрбиесіндегі жіберген кемшіліктермен ол
қылықтар түзетіледі. Адам психологиясына тән бір нәрсе адамдар өздері тап
болған жағдайда неғүрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым арқа-бастары кеніп
жоқшылықтын жөнін танып, барлықтын қадыр қасиетін бағалаудан қалады. Мұнын
мысалын осы күнгі жастар арасынан жие кездесуге болады. Олар қазіргі
өздеріне қолайлы жайлы тұрмыстың қалай жасалғаның елестете алмайды және
оған талпынбайды да. Ол үшін күресу керек екені де ойларына кіріпшықпайды.
Кітапта бастан соңына дейін айтылатын негізгі сөз-әдептілік мәселесі.
ал, эдепті болу дегеніміз - ата-ананың тілін алу, үлкенді қүрметтеу,
адамдарды сыйлау, ізетті де инабатты болу, әрбір адамға сыпайы сөйлеп, сый-
қүрмет көрсету.
Әрбір эдепті адам өмірге қызыға қарап, қиындықтарына қщигсьшбащ алға
мақсат қойып, сол мақсатына жету үшін эрекет жасайды. жалпы ЗДШДЩШ
ҚұрмеТТеЙ білу сенІМІ- одептіліктщ белгісі. кітап осьшы ЖИШТЙВДЫ,
Кітап негізінен төрт бөлімнен түрады. бірінші бөлімде әдептілік пен
қарым-қатынас сөздерінің жалпы түсініктері беріліп, олардың тұрмыстағы
қолданылу ерекшеліктері айтылды. сондай-ақ бұл бөлімде эдептіліктің
маңызына орын берілді. яғни, әдептіліктің жеке адам, қоғам өміріндегі
маңызы, өркениеттілікке, руханиятқа тигізетін әсері жеке-жеке тақырыптарда
сөз етіледі.
Екінші бөлімге әдептілікке байланысты жалпы жағымды қасиеттер, тәлім-
тэрбие негіздері, үстындар және қажетті бағыттар арқау етілді. бүл бөлімнің
өзі кішігірім төрт тармақтан түрады. мысалы, әдептілік мектебі
тармағында баланың еңбекке, салауаттылыққа, имандылыққа, руханияттылыққа,
т.б. бой алдыруы, эдептілік тәрбиесі тармағында адамгершілік,
мэдениеттілік, достық және т.б. тэрбиені бойына сіңіріп өсуі, әдептілік
қасиеттері тармағында намысты, кішіпейіл, жомарт болып ер жетуі,
әдептілік ұстындары тармағында күнделікті этика қағидаларын үйреніп,
киім кию, сөз сөйлеу, т.б. әдептіліктермен тәрбиеленуі керекті қамтылды.
Үшінші бөлімде жеке қарым-қатынастар қолға алынды. күнделікті өмірде
ата-ана мен бала, мүғалім мен оқушы, басшы мен жұмысшы, үй иесі мен қонақ,
той иесі мен тойға келуші және ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар
өте маңызды екені белгілі. қоғамда бүл қарым-қатынастар жөнге қойылмайынша,
өркениеттілікке қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан бүл қатынастардағы
әдептілік ережелеріне баса назар аударып, эрқайсысын жеке-жеке тармақтарға
бөлдік.
Төртінші бөлімге жалпы қарым-қатынастар енгізілді. яғни, адамның
өмірде жалпы кімдермен қалай қарым-қатынаста болу керектігі айтылды.
жалпыға сәлем беру, көршілермен араласу, мүқтаж адамдармен, қамқорсыздармен
және жетімектермен байланыс құру эдептілігі осы бөлімде қамтылды.
Жалпы, әдепті болу үшін иманды, кішіпейіл, көпшіл, инабатты болу қажет
екені және әдептілік қасиетті бойғадарыту үшін жақсылықты сезіну, кемшілік
үшін ұялу, адамдық парызды орындау жолында табандылық таныту әрі ол үшін
намыстану, эдепті бұзуды қылмыс деп санау сияқты сезімдерді қалыптастыру
керек екені кітапта баса айтылды.
Әдепті болу үшін әдемілікті, жақсылықты сезініп, оны бағалап, сол
игілікке үмтыла білу қажет. сондықтан кісі жақсыға эдеттену керек. сонда ол
әдептілікті бойына сіңірген инабатты жан болмақ.
Халықаралық қоғамдық қорларының басты мақсаттарының бірі -қоғамға
қажетті осындай инабатты жандарды тэрбиелеуге атсалысу. ал, ол жастарды
тәрбиелеумен тікелей байланысты. осы түрғыдан жастар тәрбиесі басты назарда
тэрбие ұстадық. қолыңыздағы бүл кітап - осы жауапкершіліктщ бір көрінісі.
алдағы жоспарларымызда жастар тэрбиесі үшін аса қажетті басқа да кітаптарды
дүниеге әкелу көзделіп отыр.
Эрине, ел тұғырының беріктігін сақтайтын келешек үрпақ болмақ.
евЩЬЩТ&Н ОЛарДЬЩ бІЛІМДІ ТЗрбиелІ, ерін, жерін, халқын сүйетін азамат болып
өсуі - қоғам үшін басты мэселе.
Осы бағытта елжанды, жерженды, ұлтжанды, халықжанды жас жеткіншектерді
тәрбиелеуді өзімізге парыз санадық. өйткені, қазақстанның болашағын баянды
ететін - бүгінгі жастар. ал, жастар өз халқының құндылықтармен сусындап
өспесе, онда елдің келешегі күмэнді болмақ.

ІІ-ТАРАУ. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӘСІПКЕ БЕЙІМДЕЛУІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ
РОЛІ
2.1. Халықтық педагогика жайлы түсінік

Қазақтың этнопедагогикасы мен халықтық педагогикасы бұл ұлан-ғайыр,
мол, шалқап жатқан мұхит сияқты кең дүние.
Қазірде білім беретін университет, институт, техникум, училище,
мектеп, балабақша т.б. мемлекеттік мекемелерде бұл мәселеге үлкен
бетбұрыстың бары байқалады. Бұл орынды нәрсе. Дегенмен осы жұмыста бір жүйе
бар ма деген сұрақ бізді еріксіз мазалайды:
Қай жерге барсаң да біз халықтық педагогикамен шұғылданып жатырмыз, -
дейді. Енді жұмыстың мазмұнына үңілсек әр жерден жұлып тартып, әркім
білгенін істеп жатқан сияқты. Міне, осыған байланысты Этнопедагогика мен
халықтық педагогиканың арасында өзіндік айырмашылығы бар екендігі айтқымыз
келеді. Біріншісі кең мағына берсе, екіншісінің мағынасы тарлау. Бұл
бағытта белгілі зерттеуші Қ.Жарықбаевтың “Қазақстан мұғалімі” газетінде
мынандай бір пікірі бар: “Этнопедагогика - ұлт пен ұлыс, кез-келген тайпа
адамына ортақ жинақталған тәлім-тәрбие жүйесі. Сондықтан оның ауқымы кең,
жалпылама. Ал халықтық педагогика болса әртүрлі тап өкілдері (бай, кедей
т.б.) Тәлімнің (еңбек, ақыл-ой, эстетика т.б.) салаларына қарай
қалыптасқан, түсініктер мен талғамдардың жүйесі. Демек, халық
педагогикасының ауқымы, арман-мақсаты, талап-тілегі нақты, жинақы, белгілі
көз-қарасқа сай құралады. Сондықтан этнопедагогикада құрастырылатын тәлім-
тәрбиелік мәселелердің бәрі бірдей біздің кәдемізге жарай бермейді, өйткені
оның озығы мен қоса тозығы да жиі кездеседі”

Халықтық педагогика мынандай ғылым салаларымен тығыз байланыста болып,
дамуы қажет: тарих, этнография, ұлттық психология, қоғамдық даму,
әлеуметтік даму, тіл, әдебиет, өнер. Зерттеуші С.Қалиев (Ана тілі газеті,
қыркүйектің 23-і- 1993 ж) Халық педагогикасының мынандай принципі бар
дейді: 1)Әдептілік; 2)Қайырымдылық; 3)Еңбек сүйгіштік; 4)Адалдық,
шыншылдық; 5)Білуге тырысу; 6)Үлкенді сыйлау; 7)Инабаттылық.

Тіпті мынандай пікір бар: Халықтық педагогикаң, егемендігің, ұлттық
тілің т.б. не керек? Егерде мынандай қымбатшылық болса, түбі не болады?
Осылай өмір жалғаса бере ме? – дейді.

Қазірде 60-қа келген кісіден, өмірден қандай молшылық, рахат көрдің
деп сұрасақ “70 жылдардағы 10-15 жыл болмаса, басқасы бір арам тер болған
заман ғой” – дейді. Ия, шынында тәрбие әлеуметтік өмірден тығыз байланысты
болатыны бәрімізге мәлім.

“Ұлт болам десең, ұрпағыңды ойла”- деген сөйлем тіркесін жиі естиміз.
70 жыл бойына Коммунистік тәрбиені зерттеп, ең артта қалған елдің бірі
болып шықтық. Ал орыс тілін білмейтін Жапония бес аралдан құралсада судың
астынан да, үстіненде көпір арқылы поездар жүргізіп қойды.

Оның ішінде сигареттің талын тік қойсаң құламайды. Бұл поездың
жылдамдығы сойқан, әсемдігі көздің жауын алады.

“Біз енді тіл үйренсек, осындай озық елдерден, бар, бай елдердің тілін
үйренейік те. Бірақ, оған да өз ана тіліміз арқылы баруға тиіспіз”. (“Ана
тілі” газеті, тамыздың 26-ы, 1993, 2-бет)

Шынындада тамаша айтылған сөз. Халықтық педагогиканың негізгі-өз
өміріміздің дұрыс, салауатты болуы. Ол үшін басқа елдердегі де озат
тәрбиені пайдаланып, өзіміздің өмір сүру ортамыздың жақсаруы.

Соңғы жылдары жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін Алматы, Жамбыл
қаласындағы педагогика пәнінің мамандары халықтық педагогиканы теориялық
негізде оқыту бағытында бірнеше бағдарламалардың бірі.

“Қазақстан мектебі” журналының 9-санында 1993 ж. жарияланды
Бағдарламаға белгілі мамандар пікір жазған. Мазмұны біркелкі жақсы екенін
атап өтуіміз керек. Дегенмен де бірінші бөлімнің екінші тарауында Төле би,
Бала би туралы екі жерде қайталанады. (Осы бірінші бөлімнің алтыншы
тарауындағы екінші бөлектегі - “Өнер алды- қызыл тіл” деген жерді қараңыз)

Осындай бағдарламалардың барлығына сын көзбен қарадық. Екшеп, електен
өткіздік, өзіміздің халықтық педагогикадан жоспарымызды ұсынып отырмыз.
Халық педагогикасын оқып-үйрену бағытында жұмысты мынандай бірнеше салаға
бөлуге болады:

1)Мұғалімдердің оқушылармен, ата-аналармен жүргізетін жұмысның түрі:
а)Класс жетекшілер семинары; ә)тәрбие сағаттары; б)пән сабақтары арқылы
халық педагогикасын оқыту; в)мектепте қыз балалармен жүргізілетін жұмыста
ана тәрбиесі, ене тәрбиесі т.б. бағытта кең түсінік беру;

2)Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар: а)Үйірмелердің жұмысы; ә)Үй
шаруасы сабағы; б)Кітап конференциясы; в)Өзін-өзі басқару; г)Халықтық
болжау бюросы; д)Жыршы, термешілер мектебі; е)Шежіре клубы; ж)Халықтық
медицина;

3)Жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстар: а)Ұлттық мейрамдар;
б)Творчествалық көрмелер; ә)Ағалар алқасы тәрбие отауы;

4)Халықтық педагогиканың шара қолдану топтары: а)Жұртшылық талқысы,
әйлдер кеңесі; кәсіподақ ұйымында талқылау т.б. ә)Ар жазасы, жолдасдық
соты; в)Шарихат жазасы, молдалар маслихаты, ақсақалдар кеңесінен ақыл
сұрау;

5)Халықтық педагогиканың салт-дәстүр ережесі, нәтижесі:

а)Оқушылардың салт-дәстүр ережелері; ә)Ерлердің салт-дәстүр ережелері;
б)Әйелдердің салт-дәстүр ережелері; в)Ер жеткен ұл ережесі; г)Бойжеткен қыз
ережесі т.б.

Міне, халықтық педагогикада осындай жұмыстың барлығын студенттердің,
оқушылардың, жастардың бойына сіңіру барлық ересек адамдардың азаматық
борышы.

2.2. Жасөспірімдердің кәсіпке бейімділігі мен дарындылығын қарым-қатынас
арқылы дамыту
Жасөспірімдердің білімін толықтыруын жүзеге асыруға әсер ететін оның
мінез ерекшелігі болып табылады. Жасөсіпірімдердің кәсіпке бейімділігі
көбіне жақсы жағымен көрінеді. Көптеген белігіл ғалымдар бала кезінен
өздерінің ерекше қабілеттерімен, кәсіпке ейімділігімен көзге түсе бастаған.
Кибернетиканың негізін қалаушысы Н.Винер өз автобиографиясын Бұрынғы
вундеркинд деп атаған. Ол 15 жасында француз академиясынан пікір алған
Виктор Гюгода вундеркинд болған. Ал Грибоедов пен И.Мечникоты да вундеркинд
емес деуге болмайды. А.Грибоедов 11 жасында университетке түсіп, 15 жасында
философия факультетінің 2 бөлімін бітірді. И.Мечниковтың табиғатқа деген
сүйіспеншілігі бала кезінен ояна бастаған. Сауатын ашар ашпастан ботаникаға
арнап шығармалар жазып және құрбыластарымен дәріс оқитын, гимназияда оқып-
жүріп ғылыми журналда, соның ішінде шетелдік журналдарда көрініп жүрді.
Сонымен қатар, бала кезінде вундеркинд болған Дубна қаласының ғылыми
орталығының жетекшісі Н.Боголюбов 12 жасында орта мектіпті бітірген.
Қазіргі замандағы белгілі математиктердің бірі н.Виноградовтың айтуы
бойынша, ол 3 жасында өз бетімен оқып, есептеп үйренген. Ал екінші жағынан
алып қарасақ, баланың аса ақылдылығы мен зеректігі уақытша болуы мүмкін.
Жасы үлкейе келе бала ақыл-ойын дамытып, оны жаңа деңгейге көтерумен бірге,
кейде оны шектеп, қабілетін жоғалтуы да мүмкін. (24)
Жасөспірім кезіндегі дарандылыққа келетін болсақ, бастауыш сынып
жасындағы балалар ақпаратты әсерлі қабылдап, өзін қоршаған айналаға
таңданып, түрлі сұрақтар қойып, қызығушылық танытады. Олар сенгіш ашық
мінезді, тәртіпті және айтқанды екі етпейтін орындаушылар. Дамудың осы
кезеңінде қарым-қатынас жасау жалпы қабылданған ережелер мен нормалар
негізін меңгеру арқылы жүргізеді. Алғашқы түсініктердің басым көпшілігі
эмоция негізінде қалыптаса бастайды. Эмоция психологиялық және
физиологиялық процестерді жылдам дамытады. (25)
Соңғы жылдары жасөспірімдердің әсіпке бейімділігі жоқ болуы немесе
маңызы төмендеуі мүмкін. Қарастырылған ерекшеліктер баланың танымдық
мүмкіндіктері мен жалпы дамуына әсер етеді. Бұл жағдайда дарындылығы
байқалған балалардың жас ерекшелігін ескеру керек. Бұл ерекшеліктер жалпы
дамудың бағытын көрсетеді.
Қоршаған орта әсерлерін ұғыну ақыл-ойдың маңызды бөлігі болып
табылады. Бала кезден байқалған кәсіпке бейімділіктің шындыққа сәйкестігін
және оның әрі қарай қалай дамитынын байқау өте қиын. Баладағы қабілеттер
тек бастауыш кезде ғана сәтті болып, қоғамдық маңызы бар мәселелерге шын
жөн сілтеуші болмайтын жағдайлар да аз емес, дегенмен де ерте жаста
байқалған кәсіпке бейімділік ата-аналар мен ұстазды ей-жай қалдырмауы
керек. Кәсіпке бейімділік қабілеттіліккке байланысты дамиды. Олар шын
дарындны тануы мүмкін. Мұнадй балалардың жақсы түсіну үшін алдымен бала
психикасының жас ерекшеліктерін білуі тиіс. Аз жылда жаңа туған балада
үлкендердің көмегімен және солардың қарамағында өзіне тән ақыл-ойы әдеттері
қалыптасады. Психиканың дамуы өскен кезінде қайталанбайтын жылдамдықпен
жүреді. Балалалық шақтағы ақыл-ойдың тез дамуы қайталанбайтын шақ. Осы жас
ерекшелігіне сай амитвын қабілетіне, әсеріне, жүйке жүйесіне басты назар
аудару керек. Балалардың бір-бірінен әлсіздігі, төзімділігі, жүйке жүйесі
ғана емес, рухани әлемі де үлкендерден өзгегеше болып табылады.
Н.Лейтестің еңбектерінде жас ерекшелік механизмін байқауға болады.
Жас ерекшелік семізталдығы бірдей болмауы жасөспірімдіктің әр кезеңінде
психикалық дамудың өзіне қажетті бағыт таңдауға мүмкіндік береді. Бұл жайлы
К.Чуковсикй өзінің елгілі Екіден беске дейін шығармасында атап көрсеткен.
Бір қызығы тілден шығармашылыққа ұмтылу бала психикасының ерекше жағдайы,
тілдің ойлануы түрлі формаларын игеруге мүмкіндіук береді де, күрт төмендей
бастайды. Сөйлеу формасының қалыптасуы уақытында басталмаса, сөйлеудің
дамуы қиындайды.
Кәсіби бейімділік біркелі болмайды. Бірқатар ғаламдар ақыл-ой дамуын
бақылап, ақыл-ойдың түрлі жаста әр түрлі дамуын, тоқтап қалу, төмендеуі
сияқты мәселелерге кезікті. Осының негізінде Н.Лейтес ерекше дарындылықтың
келесі гипотезаларын шығарды. Олардың ақыл-ойының ерте жастан жылдам
гүлденуінің мәні олардың тез дамуының әр кезеңде пайда болатын
сезімталдылық қабілеттерінің бір-біріне жақындауы. Ал бұл ақыл-ойдың
бірнеше есе дамуына әкеледі.
Белгілі математик, академик А.Колмогоровтың ойы бойынша баладағы
кәсіпке бейімділік үлкендер бақылап жүргенде де жоғалуы мүмкін. (26)
Бала қызығушылығы мен бейімдерін анықтау психадиагностикалық жұмыстар
сияқты күрделі жұмыс болып табылады. Жасөспірімдердің қызығушылық
бағыттарын зерттегенде, оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдары мен тәжірибелері
осы жағы балалардың көпшілігінде қызығушылықтарының үйлестіріліп, тұрақтала
қоймағанын растайды. Бірақ бұл себеп осы мәселені зерттеуден бас
тартқызбауы қажет. Бала қызығушылығы мен бейімі туралы мәліметсіз біздің
педагогикалық іс-әрекетіміз шындыққа тура келмеуі мүмкін. (27)
Бір жағынан бейімділіктер абсолютты сәйкес келмей, екінші жағынан
қабілеттер мен дарындылық сәйкес келмеген жағдайдың өзінде, бастысы
олардың арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс тұлға жетілуінің бастапқы
кезеңдерінің өзінде жеткілікті түрде қалыптасып үлгереді, яғни бала өзі
жақсы игерген ғылым немесе қызмет аясында қызығып, осы жетістіктері үшін
үлкендер мен құрбылары тараынан қолдау көрсетілгендігіне көз жеткізіп
үлгереді. Осылайша, бейімділіктер бір жағынан қабілет пен дарын индикаторы
болса, екіншісінен, бағыттаушы нүкте қызметін атқарады.

2.3. Ата-ана тәрбиесі және дене тәрбиесі арқылы кәсіпке бейімдеу
Жасөспірімдерді халықтық педагогика негізінде кәсіпке бейімдеу
тәрбиесінің де үлесі ұлан-ғасыр. Халық зердесіне үңілсек, ұрпақ тәрбиесі
қай елдің, қай кезеңнің болсын толғақты мәселе болып отыр. Бұл көкейкесті
мәселе ғасырлыр бойы тек халықтың өткен тәжірибесіне сүйенгенде ғана сәтті
шешімін тауып отырған. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен,
тарихымен, өнерімен біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне, қоғам тану
сатыларына қарай жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.

Халық мұрасының тәрбиелік танымдылық мәні-ұлан-ғасыр дүние. Ол
тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана, адамдық өмірінің рухани еңбек
қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан
жиып терген мол тәжірибесі бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін
жеткеншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған.
Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу үшін
халықтық педагогиканы оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алу бүгінгі күннің
талабы. Бастауыш мектептерде еңбекке баулу сабақтары үшін халқымыздың
ұлттық кәсіби қолөнері туралы арнайы жазылған әдіскерлік құрал жоқ болса
да, мұғалімдер сабағында өз жерінің, өз мектебінің мүмкіндігі мен жағдайына
байланысты оқушыларға ұлттық дәстүріміз туралы азды-көпті мәліметтер беріп
отырғаны жөн. Тапсырма ойыншық бұйымдар жасатқызып оларды ұлттық ою-
өрнектермен әшекейлетіп, осы жасалған заттарды барлық сабақта әртүрлі ойын
өткізу кезінде пайдалануға болады. Қазақ халқы негізінен төрт-түлік мал
өсірумен айналысқан, мал түрін ірі қараға шаққан. Бұл ата-баба кәсібі. Осы
кісіпке байланысты жұмбақ шешу арқылы грамматикадан заттық, сандық
ұғымдарды жөнінде мәлімет беріледі. Сонымен бірге 1-3 кластарда
арифметикалық амалдар жөнінде білім-дағдыларын қалыптастыру мақсатында есеп
ойындарын былай жүргізуге болады:

1. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос-қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

(Он тоғыз)

2. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бір ешкі,

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң бол күлкі.

(Жиырма төрт)

Немесе халықтың іс-кәсібімен байланыстырып мынадай есептер шығаруға
болады: 1) Шопан ата ауылына 16 інген, 10 нар бар. Барлығы неше түйе?
(Жиырма алты) Бұл жаттығулардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте жастық шақ психологиясы
Жасөспірімдердің кәсіптік бағдарларының медициналық аспектілері
Қарым - қатынас мұғалім мен оқушының рухани баюы
Кәсіптік бағдар берудің психологиялық мәселелерін анықтау
Жасөспірімдерді кәсіпке бейімдеу
Қиын жасөспірімдерді жеке қайта тәрбиелеу ісінде ұжымға жүктелетін міндеттер
Заманауи жасөспірімдерді тәрбиелеудегі мәселелер
Психология ғылымындағы кәсіби бағыттылық мәселелеріне теориялық шолу
Есірткі заттарынды қолдану туралы жасөспірімдердің қызығушылығы
Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері
Пәндер