Қоғамның даму саясатының басқару жүйесінің тиімділігін арттыру


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Қоғамның даму саясатының басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

1. 1. Қоғамның дамуының негізгі шарттары, экономикалық даму факторлары мен типтері және оның ерекшеліктері

1. 2. Экономикалық қызметтің қозғаушы факторларын жүзеге асырудағы әлеуметтік - экономикалық тенденциялардың мәні мен түрлері

1. 3. ХХІ ғасырдың қарсыңындағы Қазақстан Республикасынының әлеуметтік-экономикалық саясаты

2. Қазақстан Республикасынының әлеуметтік -экономикалық көрсеткіштерін реттеу және стратегиялық жоспарлауды талдау

2. 1 2010 - 2014 жылдары даму факторлары мен жағдайлары

2. 2 Елдің 2010 - 2014 жылдарға арналған экономикалық саясаты және әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

2. 3 Макроэкономикалық тәуекелдер және ден қою тетіктері

2. 4 Бюджет-салық саясатының негізгі бағыттары

3. Қазақстан Республикасынының әлеуметтік-экономикалық даму перспективасы мен стратегиялық жоспарлау

3. 1 Қазақстан Республикасының Президентінің 2013 жылғы жолдауына шешімін табу мәселелер мен ұсыныстар

3. 2 Әлеуметтік саладағы мәселелерді орындау мен дамудың негізгі бағыттары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өткен ХХ ғасыр барысында Қазақстанның әлеуметтк - экономикалық дамуының негізгі үдерістерінің бірі кенттену болып табылады.

Елдің 2010 - 2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі - Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің және әлеуметтік параметрлердің болжамдарын, Қазақстан Республикасының бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері мен басымдықтарын, салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдарын, сондай-ақ 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша болжанатын шығыстардың көлемін құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет параметрлерінің болжамы орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын және 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеуге негіз болып табылады.

Жоғарыда айтылған мәселелердің бәрі дипломның ең алдымен болжамдық аспектісінің маңыздылығын көрсетеді.

Осылайша, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біз зерттелініп отырған мәселенің ғылыми және тәжірибелік маңызының зор екенін, сондай-ақ бүгінгі таңда өзекті екенін айта аламыз.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мәселені зерттеудің қаншалықты пысықталғанын қарастырудан бұрын келесі өте маңызды жайтқа назар аударғымыз келеді. Қазақстанның экономикалық және демографиялық даму мәселелері, олардың қоныстау жүйесіндегі рөлінің маңыздылығы жайлы кеңес ғалымдарының көптеген жұмыстарында қарастырылған.

Кеңес Одағында кенттеуне географиялық, экономикалық, демографиялық, сәулеттік, экологиялық, социологиялық және басқа да тұрғыда зерттелді. Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуы бойынша ғалымдар да қарастырған.

Бұл мәселені Ю. Л. Пивоваров, Б. С. Хорев, Г. М. Лаполардың жалпы еңбектері орасан зор үлес қосты. Географиялық және қоныстану аспектілеріне көп көңіл бөлген олар қазіргі заман кенттену мәселелерінің көбін ғылыми тұрғыда зерттеп шыққан. Зерттеушілердің еңбектері кенттенудің мағынасы, оның үрдістері, даму факторлары, мемлекеттік, аймақтық және басқа да айырмашылықтары жөнінде толық мағлұмат береді.

Кеңес кезеңіндегі қазақстандық экономистердің республиканың әлеуметтік - экономикалық дамуы мәселелері бойынша ең ірі, әрі ең маңызды еңбектерінің бірі болып Т. А. Әшімбаевтың «Экономика Казахстана: свершение и перспективы» монографиясы танылады. Бұл жұмыста өсу серпіні құрылымдардың ілгерілеуі және Қазақстанның жалпы экономикалық және белгілі біл саларындағы өзрерістер көрініс тапқан.

Қорытындылай келе, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және стратегиялық жоспарлауды қазақстандық зерттеушілер кең зерттегенін айтуға болады. Алайда бұған қатысты көп мәселелер әлі күнге дейін шынайы зерттеулерде тұжырымдық позицияға ие болмаған. Мысалға, қазақстандық ғылымда тек қана жанама және үзінді ретінде зерттелген.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың негізгі даму бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау - ғылыми зерттеудің мақсаты болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды.

  • Қазақстан Республикасының дамыту үдерістерінің ерекшеліктерін, кезеңдерін, сипаты мен мазмұнын бағалау;
  • Қазақстан Республикасының экономикалық даму ерекшеліктері мен бұл үдеріске ықпал етуші факторларды анықтау;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экологиялық - экономикалық жағдайларын сауықтырудың басты қағидаларын негіздеу;

Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасы

Зерттеудің теория - әдістемелік негізі болып осы зерттеуге байланысты Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму мәселелері мен оларды дағдарыстан шығару жолдарын ұсынған отандық ғалымдардың фундаменталды еңбектерң танылады. Зерттеудің ақпараттық базасын ҚР үкіметінің бағдарламалық құжаттары, заңдық және нормативтік актілері, ҚР статистика Агентігі.

Методологиялық аппарат келесі зерттеу әдістерін қосқан: жүйелі - функционалды, сарапты, экономика - статистикалық, аймақтық салыстырмалық және жүйелік - құрылымдық, салымтырмалық - тарихи және нақты - экономикалық.

Жұмыстың ғылыми - тәжірибелік маңыздылығы . Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын анықтау барысында жасалған тұжырымдамалар мен ұсыныстар әлеуметтік - экономикалық, демографиялық, инновациялық - техникалық дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолдануға болатындығында.

І - бөлім. Қоғамның даму саясатының басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

1. 1. Қоғамның дамуының негізгі шарттары, экономикалық даму оның типтері мен факторлары және оның ерекшеліктері.

Адамзат цивилизациясы дамуының негізін материалдық өндіріс құрайды, оның негізгі мақсаты адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қажеттілік - бұл жеке адамның немесе қоғамның өз өмір жағдайын немесе дамуын қалыпты деңгейде жүргізуге қажетті заттарға (тұтыну заттары, еңбек заттары және еңбек құралдары) деген талабы.

Адамдар қажеттіліктері сан алуан. Олар адам өміріндегі аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірінші қатардағы қажеттіліктер (адамның киімге, тағамдарға, тұрғын үйге, пәтерге деген және т. б. қажеттіліктері), екінші қатардағы қажеттіліктер, оларға қажетті тауарларды өндіру үшін адамдардың еңбек заттарына, еңбек құралдарына деген материалдық қажеттіліктері жатады. Сондай-ақ, рухани қажеттіліктерді де атап өтуге болады. Қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоғамның даму барысында өзгеріп, жаңарып отырады. Қажеттіліктердің жаңа түрлері пайда өзгеріп отырады. Қажеттіліктің өсу заңына сәйкес, қажеттіліктер үнемі тұрақты түрде өзгеріп, өсіп отырады. Экономикалық жүйенің негізгі міндеті адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру болып табылады. Қандай қоғам болмасын, тіпті бай болса да, адамдардың барлық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды, себебі, адамның материалдық игіліктерге деген қажеттіліктері шексіз болады.

Адамдардың әр түрлі шексіз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланатын құралдарын экономикалық ресурстар деп атайды. Экономикалық ресурстар деп қызмет көрсету және тауарлар өндіру үшін пайдаланатын өндіріс факторларын айтамыз. Олар келесі түрлерге бөлінеді:

  • Материалдық ресурстар (жер, табиғи байлықтар және капитал) ;
  • Еңбек және адамның кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі.

Енді, осы ресурстар түрлерін жеке-жеке қарастырайық.

Жер және табиғат байлықтары - өндіріс процесінде пайдаланатын

табиғаттың жаратылыс факторлары. Оған ауыл шаруашылық жерлері, орман, қазба байлықтар, су ресурстары және т. б. ресурстар жатады.

Капитал немесе инвестициялық ресурстарға қызметтер мен тауарларды өндіруде қолданылатын адамдардың жасап шығарған өндіріс құрал-жабдықтары және өндіріс факторларын сатып алуға арналған ақша жинақтары жатады. Еңбек - бұл адамның дене, интеллектуалдық және рухани күш-куатын жұмсау процессі, яғни жұмыс күшін тұтыну процессі.

Адамның кәсіпкерлікке деген қабілеттілігі - бұл адамның өзгерістерге деген жауапкершілігі бар, тәуекелділікке бара алатын, істі дұрыс ұйымдастыра алатын, қабылдаған шешімдерге жауапкершілікпен қарай алатын қабілеттілігі.

Сонымен, экономикалық ресурстарға табиғат, адам және адам өндірген ресурстар кіреді. Бұлардың бәріне жалпы бір қасиет тән: олар сирек кездеседі немесе шектеулі болады. сөйтіп, қоғамдық өндіріс, қоғамның тауарларға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Сондықтан, қоғам қандай тауарларды және қай мөлшерде бірінші кезекте өндіру керектігін тауарлардың қайсысын өндіруден бас тарту мәселелерін шешуге мәжбүр болады. Демек, қоғам әр кезде өзінің өндірістік мүмкіндіктеріне қарай тауарлардың белгілі бір мөлшерін өндіре алады. Сондықтан, қоғам бір өнімді өндіруді көбейту үшін екінші өнімді өндіруді кеміту есебінен жүзеге асырады.

Экономиканың дамуы көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория «экономикалық даму» категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.

Экономикалық даму ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалыұдайы өндірістің интенсивті типі негізінде дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қомайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өнделген кезінде ресурстар құнның бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциольдылық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды. Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:

  • табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
  • еңбек ресурстарының саны мен сапасынан;
  • капитал ресурстарына;
  • қолда бар технологияға.

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға - материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезендегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн№ теңге құраса, ал аддыңғы да - 200 млн№ теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн№ теңге, ал салыстырмалы тұрғыда - 5% құрайды.

Адамдар қажеттіліктері сан алуан. Олар адам өміріндегі аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыратын бірінші қатардағы қажеттіліктер (адамның киімге, тағамдарға, тұрғын үйге, пәтерге деген және т. б. қажеттіліктері), екінші қатардағы қажеттіліктер, оларға қажетті тауарларды өндіру үшін адамдардың еңбек заттарына, еңбек құралдарына деген материалдық қажеттіліктері жатады. Сондай-ақ, рухани қажеттіліктерді де атап өтуге болады. Қажеттіліктердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоғамның даму барысында өзгеріп, жаңарып отырады. Қажеттіліктердің жаңа түрлері пайда өзгеріп отырады. Қажеттіліктің өсу заңына сәйкес, қажеттіліктер үнемі тұрақты түрде өзгеріп, өсіп отырады. Экономикалық жүйенің негізгі міндеті адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру болып табылады. Қандай қоғам болмасын, тіпті бай болса да, адамдардың барлық қажеттіліктерін толық қанағаттандыра алмайды, себебі, адамның материалдық игіліктерге деген қажеттіліктері шексіз болады.

Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады.

Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік - экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. Өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады. Тұтыныстар өндірісті ынталандырады, екінші жағынан өндірістің өзі жаңа тұтыныстарды қалыптастырады - сөйтіп осылай қайталана береді. Бұл қайшылық - оның қоғамдық түріне тәуелсіз ең жалпылама және өндіріс дамуының табиғи негізі. Кез - келген қоғамда тұтынысты дәріптеу экономикалық заңы бар. Жыл сайын тұрғындардың өседі және олардың тұтысыныстары да өсіп отырады. Олардың тұтыныстарын қанағаттандыру үшін экономика материалдық және рухани игіліктерді қамтамасыз етуі қажет. Осыдан байқалатындығы, экономикалық жүйе осы мәселені қандай дәрежеде шеше алатын мүмкінділігіне қарай оның өмірщеңдігі анықталады. Ескеретін жай, қоғам ресурстары шексіз емес, сондықтан экономикалық өсудің интенсивті типі қолайлылау. Себебі, материалдық игіліктер мен қызмет көрсетудің артуы ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде, еңбек өнімділігінің өсуі есебінен қол жеткізіледі. Әрине, бұл барлық өндіріс факторларын тиімді қолданудың нәтижесінде ғана жүзеге асады.

Экономикалық өсудің қазіргі типінің өзіндік ерекшелігі бар. Оның артта қалуы ХХ-шы ғасырдың 50-ші жылдары басталған ғылыми-техникалық революция дамуының сәйкестігімен байланыстырылады. Экономикалық өсу сапалық жаңа дәрежеге көтерілді және ол ҒТР жағдайында өндірістің интенсификациялау негізінде жүзеге асады.

ҒТР-ның қазіргі дәуірі технологиялық революция айдарымен жүзеге асып (70-80 жылдары басталды), ол мынаны байқатады:

  • еңбекті сақтандыратын технологияны кеңінен қолдану, яғни

робототехниканы кеңінен қолданатын жұмыскерсіз технология, сондай-ақ машинасыз технологияны қолдану-өнімді машинаны қолданбай-ақ дайындау ( мұндай технологияларға мынаны жатқызамыз: плазмалық, электронды-сәулелік, радиациялық, биологиялық және басқа технология түрлері) ;

  • ресурсты сақтау технологиясы, шикізат пен материалды кешенді өңдеу

арқылы аз қалдықты және қалдықсыз технологияны қолдану, шикізат элементтерін атмосфераға жіберуді, ағынды суға және қоқыс, үйінді тасталуын жою, яғни қоршаған ортаны ыластамау.

Жаңа жағдайда өндіріс нәтижесіне баға беру өзгереді: бірінші орынға сандық мәселе емес, шығарылған өнімнің сапасы көтеріледі.

Экономикалық өсудің жаңа сапалық белгісі - өндірістің прогрессивті құрылымының құрылуымен, ғылымды қажет ететін салалардың үлес салмағының артуымен түсіндіріледі. Олар ҒТР нәтижелерін ендіруді және қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтерілді. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыдағы аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпат береді.

Экономика өсуінің қайнар көзі - экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру жатады. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын раттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды.

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: «Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы азаматтық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудің куәсі болар . . . Ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгіліктен қосуға бағытталған». Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын - аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндіріс - аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Экономика жүйелерінің осы замандағы түрлерінің бірі - аралас экономика жүйесі.

1. Аралас экономика жүйесінің басты ерекшелігіне келсек, мұндай экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтері нарықты экономиканың элементтерімен қатар қалыптасады және қандай да болмасын әлеуметтік-экономикалық даму негізін салады. Аралас экономика жүйесінің басты негізі - жартылай мемлекеттік, жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді. Мысалы, Швецияда, жалпы Скандинавия елдерінде аралас экономика жүйесі өткен ғасырлар бойы дамып келеді. Соның негізінде осы елдерде аса жоғары деңгейде әлеуметтік-экономикалық даму қамтамасыз етіліп, нақтылы өмір жүзінде көрсетіліп отыр.

Аралас экономика жүйесінің нұсқасы, механизмі негізінде - тұрақты капиталдың, онда ең бірінші инвестициялық процесс арқылы, немесе өндіргіш күштерді толық пайдалану арқылы халық шаруашылығын өркендетуде, жалпы экономиканы өрлеу деңгейінде тұрақты өсіруде, күрделі қаржыны экономикалық тұрғыдан тиімді пайдаланып, барлық халық шаруашылығының потенциалын, әлеуметтік сапасының салаларын құрып, іске қосып жұмыс істету - өндіріс пен экономиканы өркендету. Осындай негізде, осы кездегі нақтылы өмір жүзінде орын алып, ондағы жалпы өнім көлемінің өсімі ең жоғары деңгейге жетті.

2. Салыстырмалы қосымша құн өндіру әдісін қолдану ең маңызды шара. Оның негіздері:

а) жұмысшының еңбек өнімін арттыру арқылы қажетті уақытын кемітіп, қосымша уақытын көбейту;

ә) өндірілген тауардың құнын, тауардың қоғамдық құнынан әр түрлі жолдармен кеміту нәтижесінде алынатын құнды арттыру;

б) жұмысшының жұмыс күнін ұзарту арқылы өндірілген қосымша құн.

Аралас экономика жүйесінің сипаттамасының қатарында басты мәселе - экономикалық нұсқаны құрудағы кезеңнің мазмұны болып келеді. Жоғарыда қаралған аралас экономика жүйесінің басты ерекшеліктері - осы экономикалық жүйеде жоспарлы экономикалық элементтер, үлгі механизмдер, нарықтық экономиканың методологиялық негіздері қалыптасады. Ол жүйеде бұл қатынас, әсіресе меншік үлесі, дәл, нақты үйлестіріліп, сол деңгейде олардың әлеуметтік-экономикалық даму, атап айтсақ, мысалы жүз жыл бойы Скандинавия елдері, оның ішінде Швеция мемлекеті осындай аралас экономика жүйесінің негізінде дамып, әлемдік деңгейде өркендеу, даму тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Осы кезеңде аралас экономика жүйесінің элементтерін пайдалануда социалистік елдер де кездесіп отыр. Бұл жерде Қытай Халық Республикасын айтуымызға болады. Қазіргі жағдайдағы тәжірибеге сүйенсек, ол аса ірі әлем елдерінің біріне айналды. Экономикалық дамуы осындай жүйе механизмін қолданған осы және басқа елдерде жалпы дамуы аса жоғары дәрежеде болып келе жатқаны мәлім. Аталған жүйелердің ішінде ең жоғары деңгейдегі даму - аралас экономикалық жүйесі, яғни жартылай мемлекеттік және жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудағы мемлекеттік қызметтің қазіргі жағдайы мен ондағы кездесетін мәселелерді талдау
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Қаржы механизмінің жүйесі
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Қаржы саясатын құқықтық ресімдеу
Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық саясат және оны жүзеге асыру механизмі
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Қаржы механизмінің айрықша элементтері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Қаржы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz