Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Әйелдер бизнесінің қалыптасуына әсер еткен факторлар ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2 Әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуында туындаған мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Қазақстандағы іскер әйелдің әлеуметтік портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Мемлекетте әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы әйелдер кәсіпкерлігінің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.2 Әйелдер бизнесін қоғамдық қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.3 Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің маңызын анықтауға бағытталған зерттеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанның жоспарлы экономикадан жаңа нарықтық экономикаға ауысуы қоғамдағы бірқатар өзгерістерге алып келді. Дағдарыстың әсерінен көптеген кәсіпорындардың жабылуының нәтижесінде жұмыссыздық құбылысы кеңінен белең алды. Бұрынғы завод, фабрикаларда істеген халықтың көпшілігі жұмыссыз қалды. Әсіресе жұмыссыз қалған әйелдер үшін жағдай күрделі болды. Нарықтық экономиканың қиындықтарының жұмыссыздық түрінде белең алуы әйелдер үшін үлкен мәселеге айналды. Бұл кезеңде әйелдердің жұмыс күшіне сұраныс азайып, отбасында қиын жағдайға душар етті. Бұндай күрделі мәселелерден шығудың жалғыз жолы әйелдерге экономиканың формальды емес саласымен, яғни жеке іспен шұғылдану болды. Бұрын бұндай іспен айналыспаған, тәжірибесі жоқ әйелдерге біршама күрделі болды. Бірақ бұл табыс табудың жалғыз жолы еді. Отбасын асырау үшін әйелдер ең алдымен, кәсіпкерліктің шағын түрлерімен айналыса бастады. Мысалы, киім тігу, базарларда, көшеде сауда жасау, жеміс-көкеністерді жабу, өз қолынан жасаған бұйымдарды сату сияқты кішігірім бизнеспен айналысты. Сондықтан әйелдердің кәсіпкерлікке келуі кездейсоқ құбылыс емес.
Кәсіпкерліктегі әйелдер гендерлік қағидаттарға, өмірдің патриархалды салтына қарамастан, бұрынғы идеологиялық қоғамға бейімделіп және социалистік құрылымды жаңалап, батыс қоғамындағы бизнесті үлгіге ала отырып, іс жүргізуді үйренді.
Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы біздің мемлекет үшін стратегиялық тұрғыдан ерекше орында. Әйелдер кәсіпкерлікте шағын және орта бизнестің дамуында маңызды рөл атқарады. Өйткені кәсіпкер әйелдер қоғамда жаңа жұмыс орындарымен халықты қамтамасыз етеді, мемлекеттегі экономикалық тұрақтылықты реттейді, елдегі экономикалық белсенділік деңгейін арттырады және нарықты бәсекеге қабілетті ете отырып ел экономикасының дамуына үлкен үлесін қосады. Әйелдердің шағын және орта бизнеспен айналысуы ерекшелігі психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Әйелдер табиғатынан тәуекелшіл емес, олар өз ісін бастауды шағын кәсіпкерліктен көздейді. Шағын және орта кәсіпкерліктегі санының артуы мемлекеттегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асуымен түсіндіріледі. Елбасымыздың өзі әйелдер кәсіпкерлігінің қоғамдағы орны мен рөлін жоғары бағалайды, әйелдер кәсіпкерлігінің рөлін экономиканың қуаттылығының көрсеткіші ретінде қарастырады. Сондықтан Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдердің экономикалық белсенділігі мен мәртебесін көтеру негізігі міндетке алынған.
Қазіргі кезде елімізде әйелдердің қоғамдағы экономикалық жағдайына үлкен мән берілген. Өйткені әйелдер қоғамның тұтастығының белгісі болып саналады. Әйелдер кәсіпкерлігі мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар, әйелдердің экономикалық жағдайы мемлекеттегі тұрақтылық пен теңдіктің белгісі, қоғамның өркениеттілігінің және әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының көрсеткіші болып табылады.
1. Нурбекова Ж.А. Предпринимательство в современном казахстанском обществе. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 14б.
2. Сарсембаева Р.Б. Социология гендера. – Алматы: Издательство LEM, 2007. – 176б.
3. Аженов М.С., Садырова М.С. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 48-49б.
4. Нурбекова Ж.А. Социология предпринимательства. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 110б.
5. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф., Садырова М.С. Экономическая социология. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 76 б.
6. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология. – Алматы: Издательство LEM, 2010. – 170б.
7. Тәжин М.М. Әлеуметтану. – Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 268б.
8. Нысанбаев С.Н., Қожамқұлова Ж.Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 205б.
9. Жусупов С. Динамика общественных процессов в Казахстане (анализ экспертных оценок). – Алматы: Кисипп РК, 1997. – 101 б.
10. Оразалы С. Кәсіпкерлік. – Алматы: Эксклюзив, 2009. – 46б.
11. Қозыбаев М., Нұрпейіс К., Жүкешов Қ. Қазақстан тарихы. – Алматы: Мектеп, 2005. – 177б.
12. Сарсембаева Р. Женщины и предпринимательство: Отчет о положении женщин. – Алматы: Издательство Мальвина, 1997. – 73б.
13. Батпенова Г.Г., Искакова С.К., Канапьянова Р.М. Женщина на государственной службе и в бизнесе. – Алматы: Институт развития Казахстана. 1997. – 111б.
14. Назарбаев Н.А. Казахстан 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Алматы: Білім, 1997. – 17б.
15. Баскакова М., Тленчиева Г., Мырзабаева Г. Гендерное равенство и гендерное положение женщин в казахстане. Алматы. 2005. – 22б.
Мерзімді басылымдар тізімі:
16. Хон А. Өмір әйелмен көрікті // Егемен Қазақстан. – 09.10.2009. №330-332 (25729). 7б.
17. Канафина Г.Е. Женская занятость // Хабаршы – Вестник. -2004. №2 (7), 96б.
18. Көкенов С. Қазақты қазақ еткен әйел // Алаш айнасы. – 08.03.2012. №41. 2б.
19. Байназар М. Әйел мәселесі әрдайым назарда // Айқын. – 07.12.2011. №229 (1889). 4б.
20. Жақып Ә. Қазақстандық әйелдердің саясатта, бизнесте және әлеуметтік саладағы рөлі // Аружан. – 2007. №4-5 (14-15), 4б.
21. Найзағараева Е. Гендерлік саясатта қазақ қызының әлеуметтік рөлін айқындау // Қазақстан жоғары мектебі. – 2004. №2, 145б.
22. Сарсембаева Р. Әйел мүддесіне мүлги қарауға болмайды // Дала мен қала. – 26.07.2010. №30 (359). 10б.
23. Манақбаева Ә. Әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы рөлі // Астана ақшамы. – 21.10.2010. №140 (2606). 10б.
24. Бейсенұлы Б. Гендерлік саясат// Айқын апта. – 12.07.2007. №127 (823). 29б.
25. Әміров Ж., Сламбекұлы Е. Қазақстандық әйелдер – кәсіпкерлік салада // Базар бастығы = Директор рынка. – 2005. №6 (15), 37б.
26. Жұмажан Б. Шыңдағы шынар // Аружан. – 2006. №3,7б.
27. Қадыр Д. Әйелдер кәсіпкерлігі кеңейтіледі // президент және халық. – 06.03.2009. №09 (182). 1б.
28. Махамбет Қ. Іскер әйелдер бірікті // Айқын. – 22.01.2011. №11-12 (1678-1679). 5б.
29. Әбдіқалықова Г. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: гендерлік қыры // Егемен Қазақстан. 29.01.2010. №30-32 (25878). 5б.
30. Абдыкаликова Г. Нежная сила страны // Казахстанская правда. 03.12.2011. №389-390 (26780-26781). 6б.
31. Әлімқызы Ж. Іскер әйелдің типологиялық ерекшеліктері // Қызықты психология. – 2008. №6, 3б.
32. Әбдіқалықова Г. Біз демографиялық саясатты дамытуда дұрыс жол таңдадық // Дала мен қала. – 07.03.2011. №9 (389). 8б.
33. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда. – 11.10.1997.
34. Абдыкаликова Г. В стране накоплен определенный опыт ведения социального диалога // Капитал kz. – 02.02.2010.
35. «Модный термин» - социально ответственный бизнес // Капитал kz. – 05.04.2007. №13 (100).
Диссертациялар мен авторефераттар тізімі:
36. Шеденова Н.У. Женский труд в условиях рыночных отношении: социальные аспекты: Диссертация. – Алматы, 1998. –
37. Нурбекова Ж.А. Социологический анализ женского предпринимательства в Казахстане: Диссертация. канд. соц. наук – Алматы, 2001. –
38. Кылышбаева Б.Н. Социальная адаптация женщин к современным рыночным условиям: Диссертация. канд. соц. наук – Алматы, 1999. –
39. Шеденова Н.У. Институтционализация социально-трудовых отношений в Республике Казахстан: гендерные аспекты: Диссертация. канд. соц. наук – Алматы, 2008. – 207б.
Интернет көздері:
40. www.kazpavda.kz
41. www.baiterek.kz
42. www.online.zakon.kz
43. www.bnews.kz
44. www.inform.kz
45. www.stat.kz
46. www.saryarka-samaly.kz
47. www.talimtanym.kz
48. www.wikipedia.org
49. www.bisam.kz
50. www.paryz.kz
51. www.kapital.kz

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Әйелдер бизнесінің қалыптасуына әсер еткен
факторлар ... ... ... ... ... ... .. ...9

1.2 Әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуында туындаған
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

1.3 Қазақстандағы іскер әйелдің әлеуметтік
портреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

2. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНДА ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ АЛАТЫН
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

2.1 Мемлекетте әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы әйелдер
кәсіпкерлігінің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26

2.2 Әйелдер бизнесін қоғамдық
қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .30

2.3 Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің маңызын анықтауға бағытталған
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .42

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...45

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанның жоспарлы экономикадан жаңа
нарықтық экономикаға ауысуы қоғамдағы бірқатар өзгерістерге алып келді.
Дағдарыстың әсерінен көптеген кәсіпорындардың жабылуының нәтижесінде
жұмыссыздық құбылысы кеңінен белең алды. Бұрынғы завод, фабрикаларда
істеген халықтың көпшілігі жұмыссыз қалды. Әсіресе жұмыссыз қалған әйелдер
үшін жағдай күрделі болды. Нарықтық экономиканың қиындықтарының жұмыссыздық
түрінде белең алуы әйелдер үшін үлкен мәселеге айналды. Бұл кезеңде
әйелдердің жұмыс күшіне сұраныс азайып, отбасында қиын жағдайға душар етті.
Бұндай күрделі мәселелерден шығудың жалғыз жолы әйелдерге экономиканың
формальды емес саласымен, яғни жеке іспен шұғылдану болды. Бұрын бұндай
іспен айналыспаған, тәжірибесі жоқ әйелдерге біршама күрделі болды. Бірақ
бұл табыс табудың жалғыз жолы еді. Отбасын асырау үшін әйелдер ең алдымен,
кәсіпкерліктің шағын түрлерімен айналыса бастады. Мысалы, киім тігу,
базарларда, көшеде сауда жасау, жеміс-көкеністерді жабу, өз қолынан жасаған
бұйымдарды сату сияқты кішігірім бизнеспен айналысты. Сондықтан әйелдердің
кәсіпкерлікке келуі кездейсоқ құбылыс емес.
Кәсіпкерліктегі әйелдер гендерлік қағидаттарға, өмірдің патриархалды
салтына қарамастан, бұрынғы идеологиялық қоғамға бейімделіп және
социалистік құрылымды жаңалап, батыс қоғамындағы бизнесті үлгіге ала
отырып, іс жүргізуді үйренді.
Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы біздің мемлекет үшін стратегиялық
тұрғыдан ерекше орында. Әйелдер кәсіпкерлікте шағын және орта бизнестің
дамуында маңызды рөл атқарады. Өйткені кәсіпкер әйелдер қоғамда жаңа жұмыс
орындарымен халықты қамтамасыз етеді, мемлекеттегі экономикалық
тұрақтылықты реттейді, елдегі экономикалық белсенділік деңгейін арттырады
және нарықты бәсекеге қабілетті ете отырып ел экономикасының дамуына үлкен
үлесін қосады. Әйелдердің шағын және орта бизнеспен айналысуы ерекшелігі
психологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Әйелдер табиғатынан тәуекелшіл емес,
олар өз ісін бастауды шағын кәсіпкерліктен көздейді. Шағын және орта
кәсіпкерліктегі санының артуы мемлекеттегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға
арналған бағдарламалардың қабылданып, жүзеге асуымен түсіндіріледі.
Елбасымыздың өзі әйелдер кәсіпкерлігінің қоғамдағы орны мен рөлін жоғары
бағалайды, әйелдер кәсіпкерлігінің рөлін экономиканың қуаттылығының
көрсеткіші ретінде қарастырады. Сондықтан Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін
дамыту, әйелдердің экономикалық белсенділігі мен мәртебесін көтеру негізігі
міндетке алынған.
Қазіргі кезде елімізде әйелдердің қоғамдағы экономикалық жағдайына
үлкен мән берілген. Өйткені әйелдер қоғамның тұтастығының белгісі болып
саналады. Әйелдер кәсіпкерлігі мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі
көрсеткіштерінің бірі. Сонымен қатар, әйелдердің экономикалық жағдайы
мемлекеттегі тұрақтылық пен теңдіктің белгісі, қоғамның өркениеттілігінің
және әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени дамуының көрсеткіші болып
табылады.
Қазіргі Қазақстандағы әйелдер барлық кәсіпкерлік құрылымында үлесі
жағынан жоғарылады, әйелдердің бизнестегі санының өсу тенденциясы
байқалуда. Бұдан әйелдердің қоғамдағы және бизнестегі рөлінің жыл сайын
артып келе жатқандығын байқауға болады. Қазіргі таңда әйелдердің рөлі
мемлекеттегі әйелдер кәсіпкерлігіне арналған саясатына байланысты артып,
олардың кез келген салада әр түрлі мүмкіндіктерін жүзеге асыруға құқығы
кеңеюде.
Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы қоғам үшін маңызды. Өйткені әйелдер
кәсіпкерлігінің дамуы бәсекеге қабілетті нарықтық ортаны құруға мүмкіндік
туғызады, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтереді,
халықтың өмір сүру сапасын арттыруға өз пайдасын тигізеді. Сонымен қоса,
әйелдер кәсіпкерлігі – отандық тауарлар және қызметтердің бәсекеге
қабілетті нарығын дамыту үшін қолайлы орта болып саналады. Сондықтан
елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударылған.
Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы қазіргі күні
әйелдердің қоғамдағы маңызды рөлін ескере отырып, олардың өндіріске қатысуы
арқылы өркениетті кәсіпкерлікті құрудың қажеттілігі ретінде анықталады.
Әйелдер кәсіпкерлігі – бұл нарықтың феномен. Әйелдер кәсіпкерлігі –
Қазақстанның терең экономикалық дағдарыстан шығып, тұрақты әлеуметтік-
экономикалық даму жолына, әлемдік шаруашылыққа ауысуының түсуінің, әлемдік
нарықтық қатынастардың тең дәрежелі субьектісі ретінде енуінің ең негізгі
факторларының бірі. Сондықтан әйелдер кәсіпкерлігін зерттеу маңызды және
өзекті болып саналады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің
қалыптасуын, даму тенденцияларын, өзекті мәселелерін, даму салаларын
зерттеу және іскер әйелдердің әлеуметтік бейнесін мен қоғамдағы алатын
орнын, зерттелу деңгейін анықтау.
Анықталған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттерді шешу жоспарланған:
1. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің тарихи қалыптасуын зерттеу және
қазіргі қоғамдағы даму тенденциясын анықтау;
2. Қазіргі таңдағы өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талдау;
3. Қазақстан қоғамындағы алатын орнын, әлеуметтік жауапкершілікті
дамытудағы маңызын анықтау;
4. Әйелдер бизнесін қоғамдық қолдау және әлеуметтік зерттелу деңгейін
анықтау;
5. Іскер әйелдердің Қазақстан кәсіпкерлігіндегі әлеуметтік портретін
көрсету.
Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасындағы нарықтық
жағдайда әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні: Әйелдер кәсіпкерлігінің нарықтық қоғамда
институциялануы және қоғамындағы орны.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізіне келесілер жатады:
- кестелік және графиктік әдіс;
- салыстырмалы әдіс;
- құжаттарды тік және көлденең талдау әдісі;
- жүйелеу әдісі;
- монографиялық жариялымдар мен мақалаларды зерттеу әдісі.
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігінің
қалыптасуы Кеңес Одағының ыдырап, Қазақстанның жеке мемлекет болып, жаңа
экономикалық кезеңге ауысуымен байланысты болды. Бұл кезеңдегі мемлекетте
орнаған дағдарыс, жұмыссыздық сияқты мәселелер әйелдердің бизнеске келуіне
себеп болды. Әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы 1990-шы жылдардан бастау
алатын жаңа бағыт болып табылады. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі
тақырыбында біршама отандық авторлар еңбектері бар. Соның ішінде әйелдер
кәсіпкерлігінің әлеуметтік мәселелерін талдаумен айналысқандар Аитов Н.А.,
Аженов М.С., Бейсенбаев Д.Э., Габдуллина К.Г., Садырова М.С., Шеденова
Н.У., Нұрбекова Ж.А., Нығайбаева З.А., Жунушева С., Боконтаева Ж.,
Канапьянова Р.М., Қылышбаева Б.Н., Жүсіпов С., Бектұрғанова Б., Батпенова
Г.Д., Ыскакова С.К., Омарова Ж. және тағы басқалар. Дегенмен кәсіпкер
әйелдердің мотивациялық құрылымы, қазіргі кездегі даму тенденциясы
жеткіліксіз зерттелген.
Ал әлеуметтік әдебиеттерде әйелдер кәсіпкерлігінің мәселелері Шеденова
Н.У., Нағайбаева З.А., Канапьянова Р.М., Қылышбаева Б.Н., Жаназарова З.Ж.,
Жүсіпова С., Бектұрғанова Б., Батпенова Г.Д., Ыскакова С.К., Саидова С.,
Боконтаева Ж., Жунушова С. еңбектерінде қарастырылған. Сонымен қатар,
Сарсембаева Р.Б. еңбектерінде қазіргі Қазақстандағы жұмысбастылық,
әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық мәселелері, кәсіпкерліктің
гендерлік ерекшеліктері қарастырылған және әйелдер кәсіпкерлігіне
әлеуметтік талдау жасалған. Әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық
және саяси орны туралы Ерғазина М.Ш., Мекебаева М., Нысанбаева А., Сыдыкова
А.У, Нұрманбекова Ш.И., Нұғманова М. және т.б. диссертациялық
зерттеулерінде көрініс тапқан.
Зерттеу жұмысың ақпараттық көзіне әйелдер кәсіпкерлігіне, әйелдердің
бизнестегі орны мен рөліне арналған мақалалар, интернет көздері әйелдердің
нарықтық қоғамға бейімделуі тақырыбына арналған диссертациялық жұмыстар,
әйелдер кәсіпкерлігіне арналған әлеуметтік зерттеулер негіз болды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Әйелдер кәсіпкерлігіне Қазақстанда
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға ауысу кезінде пайда болған жаңа
құбылыс ретінде зерттеу жасалған. Нарықтық қоғамда әйелдер кәсіпкерлігінің
әлеуметтік институт ретінде қалыптасуындағы мәселелері, ерекшеліктері
талданған. Қазіргі әйелдер бизнесінің дамуына кедергі келтіретін мәселелер
және оларды шешу жолдары көрсетілген. Әйелдер кәсіпкерлігінің мемлекеттегі
әлеуметтік жауапкершілікті дамытудағы және қоғамдағы орны мен рөлі, маңызы
мен пайдасы талқыланған, оған арналған зерттеулер жан-жақты қарастырылған.
Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін қоғамдық қолдау мәселесі толық
жүйеленген. Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына әсер етуші факторлар, оның даму
тенденциясы жан-жақты зерттелген. Кәсіпкер әйелдердің нарықтық қоғамда
қалыптасқан әлеуметтік портретіне сипаттама берілген.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, алты
бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Кәсіпкерлік әрекет ұғымы – бұл өзінің өмірлік циклы бар және
әлеуметтік процестер мен құбылыстардың өте маңызды тұстарын көрсететін,
әлеуметтік әрекеттің шынайылығын көрсететін ұғым. Кәсіпкерлік әрекет
категориясы қазіргі қоғамда өзекті, өйткені кәсіпкерліктің әлеуметтік
процесі нақты шынайылықта интенсивті жүріп жатыр. Ұзақ уақыт бойы бұл ұғым
нарықтық қоғамның құрамдас бөлігі болғандықтан капиталистік мемлекеттерге
тән құбылыс ретінде қарастырылды [1].
Әйелдер кәсіпкерлігі феномені былайша анықталады ...сәйкес
әлеуметтік қабаттың қалыптасуы мен дамуының базасы болып табылатын әрекет
түрі. Бұл топтың конституцияланған белгілері пайда табуға бағытталған
әрекет; экономикалық шешімдердің еркіндігі мен автономдылығы; жеке тәуекел
және жеке жауапкершілікпен сипатталатын қызметтің дербес сипаты [37; 49
б].
90-шы жылдары елімізде экономикалық өзгерістердің басталуымен әйелдер
көптеген қиындықтарға тап болды. Әйелдер өздерінің тұрақты жұмыстарынан
айырылды, жағдайдың қиындауына байланысты өзінің ерлерін еңбекке икемдей
бастады. Отбасыларын, балаларын қамтамасыз ету мақсатында әйелдер өздерін
жаңа экономикалық кезеңге бейімдей бастады, яғни жұмыссыздықтың әсерінен
өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуге тура келді. Сондықтан әйелдер жан-жақтан
тауарлар тасып, ер азаматтарға қарағанда еңбек нарығына тез бейімделіп,
шағын бизнеспен айналыса бастады. Осылайша елімізде нарықтық экономика
қалыптасып, кәсіпкерлік ісін меңгеруге толық мүмкіндік туындағанда жеке
бизнес ашуға белсенді түрде кіріскен болатын.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік құрылымында соңғы жиырма жылдың
ішінде жаңа топтар мен страталар пайда болды. Олар – іскер адамдар тобы
(кәсіпкерлер), бизнесмендер, комерсанттар, жеке меншік немесе акционерлік
қоғамдарда қызмет ететін адамдар тобы және т.б. Бұларды бірітіретін белгі –
нарықтық экономика. Айтылған топтардың қайсысы болмасын нарықтық
экономикамен, жеке меншікпен байланысты [3].
Елімізде кәсіпкерліктің пайда болуы кездейсоқ емес, ол жоспарлы
экономикадан нарықтық қатынастарға өтуге әсер еткен бірқатар экономикалық,
әлеуметтік және саяси факторларға байланысты болды. Әйелдер кәсіпкерлігі –
нарықтың феномен. Әйелдер кәсіпкерлігі – Қазақстанның терең экономикалық
дағдарыстан шығып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолына, әлемдік
шаруашылыққа түсуінің, әлемдік нарықтық қатынастардың тең дәрежелі
субьектісі ретінде енуінің ең негізгі факторларының бірі.
Әйелдердің кәсіпкерлікке қарқынды түрде келуі 1991-1992 жылдары
басталды, бұл кезеңдерде барлық шикізаттық және өндірістік ресурстар
бөлініп қойған болатын. Әйелдерде өндірістік орындарды меншіктеуге,
мемлекеттік сектордың кәсіпорындарынан тиімді шарт жасасуға, банктік несие
алуға мүмкіндік беретін қажетті әлеуметтік ресурстар болған жоқ. Әйелдердің
кейбіреуінде жақын туыстарына жазылған жасырын жеке меншіктері болған [40;
207 б].
Қазақстанда кәсіпкерлік заңды негізде тек 90 шы жылдары ғана
енгізілген. Шағын кәсіпкерлікті талдау жасау экономиканың жеке секторындағы
субъектілер саны жылдан-жылға көбейіп келе жатқандығын және 2002 жылдың
басында 360 мың кәсіпкерлік болғандығы белгілі. Шағын кәсіпкерлікте барлығы
1,6 млн адам немесе экономикалық белсенді халықтың 21 пайызы жұмыс істеді.
Қазіргі қызмет етіп жатқан шағын кәсіпорындардың 40 пайыздын астамы 1992-
1993 жылдары шағын кәсіпкерлікке салықтық жеңілдіктер көрсетілген кезде
құрылған [8; 8б].
1991-1998 жылдар ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың көп
бөлігі тауар және қызмет өндірісінде жұмысбасты еместігі, яғни әлеуметтік-
экономикалық құбылыс – жұмыссыздықтың бар болуы және республикада
жұмыссыздар санының айқын өсу тенденциясы белгіленді [38; 38б].
Нұрбекова Ж. А. Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы өзінің
дамуында төрт кезеңге бөледі, оның әрбіреуі кәсіпкердің мәдени ерекшелігін
бейнеледі:
1) Бірінші толқында (1987-1989) кооператорлар пайда болды, негізгі қор –
ақша капиталы – сол кездегі заңнамалық тұрғыдан жасырын көзді
қалыптастырды, іс-әрекеттің басты саласы ұсақ көтерме және сауда мен
қызмет түрлері болды.
2) Кәсіпкерлердің екінші толқынын (1989-1990) жаңадан басқарушылар және
өндірістің мемлекеттік кәсіпорындарының инженерлік технологиялық
жұмыскерлері құрады. Олардың көмегімен, тәжірибесімен және
байланыстарымен бұрын тиімсіз қолданылған өндірістік капиталды
әрекетке әкелуге мүмкіндік туды.
3) Үшінші толқын (1991-1992) ауыспалы жағдайда ресми түрде мақұлдалған
қорлар және табыстардың ағындарының ұйымдастыру сызбаларын жүзеге
асырған сауда, қызмет, көлік саласы, құрылыс индустриясында
кәсіпорындарды жекешелендірген басқарушылар қатарынан коммерсанттармен
сипатталады.
4) Кәсіпкерлердің төртінші толқыны (1992 ж. бастап) біршама әртүрлі
болды. Мұнда өндіріспен және халыққа қызмет көрсету және тауарларды
сатумен айналысқан фермерлер, қолөнершілер жатады. Сонымен қатар, бұл
топқа делдалдық және интеллектуалды қызметтерді меңгерген ғылым және
мәдениет өкілдері (консалтинг, аудит, ақпараттық және бағдарламалық
өнімдерді өндіру, маркетинг, туризм және т.б., аз деңгейде – банк,
сақтандыру, инновациялық және лизингтік қызметтер) жатады.
Бұрынғы кеңес одағындағы экономикалық жаңалану кооперация туралы заңның
(1998) қабылдануымен басталды. Ол экономиканың мемлекеттік емес
секторындағы ресми еңбек қызметі және жеке кәсіпорынның пайда болуында
заңға сүйенген негіз жасады [37; 24-25б].
Бизнеске әйелдердің келуіне қолайсыз болған 1989-1991 жылдар, бұл
кезеңде әйелдердің басқарушылық орындағы үлесі тек 17%-ды құрады. 1996-1997
жылдары бизнеске келген әйелдер 33% [12].
90-шы жылдардың басы мен ортасына келетін Қазақстандағы жекешелендіру
процесі әйелдерге үлкен пайда әкелген жоқ. Әйелдердің қолында жеке
меншіктің орта немесе ірі көлемін иелену үшін жеткілікті ресурс болған жоқ.
Ол кезеңде әйелдің атына күйеуінің немесе туысқандарының жеке меншіктері
жазылған. Ауылшаруашылық кәсіпорындарын реформалау және оларды
жекешелендіру процесі де әйелдердің қатысуынсыз өтті. Жерді жекешелендіру
кәсіпкерлердің жаңа категориясының, яғни фермерлердің пайда болуына алап
келді. Олардың қатарында әйелдер үлесі аз болды. Фермерлердің көпшілігі –
ер адамдар.
Қоғамымызға нарық жаңа ене бастаған жылдары Отбасындағы негізгі табыс
табушы – ер адам деген ғасырлар бойы қалыптасқан қағида бұзылып,
отбасындағы әйел-анаға маңызы ауыр салмақ жүктелді. Базар мен саудаға алғаш
бел буып араласқандардың басым бөлігі әйелдер болды. Көшедегі жайма базар
саудасынан бастап, бүгінгі қыр-сыры мол кәсіпкерлік салаға да әйелдер
қауымы тартынбай араласып отыр [25].
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде әрбір адамның өз тұрмыстық жағдайын
көтерумен қатар, қоғам байлығын да молайтуы басты міндет болып саналды. Ол
үшін әр адам өзінің іскерлігін көрсетіп, халық шаруашылығының қай саласында
болмасын ынталы қызмет етуі маңызды факторлардың біріне жатты.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде республикадағы халықтың
экономикалық белсенділік деңгейі төмендей бастады, әсіресе әйелдер
арасында. Мұндай өзгерістер бір жағынан, социалистік қоғамдық өндірістегі
еңбекке қабілеттілердің барлығының міндетті (толық, барлығына ортақ)
жұмысбастылығы деген қағиданың жойылуы, халыққа үй шаруашылығы немесе
төленетін еңбек жұмысбастылығын таңдау құқығын беруі, ал екінші жағынан –
еңбек нарығындағы кернеуліктің жоғырылауы, жұмыссыздықтың өсуіне байланысты
болды. Бұл мәселелер өз кезегінде жұмысшы күш құрамындағы әлеуметтік аз
қорғалған топтардың, оның ішінде әйелдердің жұмыстан кетуіне себеп болды
[15].
Экономиканың ауыспалы кезеңіне формальды емес сектордың кеңеюі тән.
Бұнда жақсы дамығаны шағын кәсіпкерлік болды. Кәсіпкерлік психологиялық
тұрғыдан тәуекелге бел бууға дайындықты қажет етеді. Әйелдерді
кәсіпкерлікке сол кездегі қиындықтар, экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық
сияқты факторлар итермеледі.
Әйелдер кәсіпкерлігінің дамуы қоғам үшін маңызды. Өйткені әйелдер
кәсіпкерлігінің дамуы бәсекеге қабілетті нарықтық ортаны құруға мүмкіндік
туғызады, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтереді,
халықтың өмір сүру сапасын арттыруға өз пайдасын тигізеді. Сонымен қоса,
әйелдер кәсіпкерлігі – отандық тауарлар және қызметтердің бәсекеге
қабілетті нарығын дамыту үшін қолайлы орта болып табылады. Сондықтан
елімізде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аударылған. Әйелдердің
жұмысбастылығының деңгейі, экономикадағы жағдайы келесі диаграммаларда
көрсетілген.
1 диаграмма
2009 жылғы өзін-өзі жұмыспен қамтушы халықтың жыныс бойынша құрылымы
[46].

2 диаграмма
2010 жылғы жалпы әлеуметтік-экономикалық статистика [46].

Әлеуметтік-демографиялық аспектіде гендерлік арақатынаста ауытқушылық
байқалмайды: әйелдер жалпы халықтың 52%-ын, жұмысбасты халықтың 49%-ын
құрайды. Ал ЖІӨ-ге әйелдердің қосатын үлесі 39%-ға жетті [46].
Қоғамдағы объективті және субъективті қиындықтарға қарамастан әйелдер
кәсіпкерлігі дамуда және нарық құрылымының қажетті элементі болып табылады.
Әйелдер кәсіпкерлігі қоғамдық санада жыныстық тұрғыдан лидерлік және
кәсіпкерлік қасиеттерге байланысты қалыптасқан қағидаттарды өзгертіп, дамып
жатыр.

1. ӘЙЕЛДЕР БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

Елімізде кәсіпкерліктің пайда болуы кездейсоқ емес, ол жоспарлы
экономикадан нарықтық қатынастарға өтуге әсер еткен бірқатар экономикалық,
әлеуметтік және саяси факторларға байланысты болды. Әйелдер кәсіпкерлігі –
нарықтың феномен. Әйелдер кәсіпкерлігі – Қазақстанның терең экономикалық
дағдарыстан шығып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму жолына, әлемдік
шаруашылыққа түсуінің, әлемдік нарықтық қатынастардың тең дәрежелі
субьектісі ретінде енуінің ең негізгі факторларының бірі.

Кеңес одағының құлдырауы тұсында әр республика өз шаруашылығын өзі
басқарғысы келді. Одақтас республикалардың жеке мемлекет болып бөлініп шығу
мәселелерінің күн тәртібіне қойылуы олардың арасындағы байланыстардың
үзілуіне алып келді. Мұның арты экономикалық дағдарысқа әкеліп соқтырды. Ол
кезеңде экономикалық дағдарыстың шиеленісуінен тұрмыс деңгейінің төмендеуі
көрініс тапты. Қазақстан экономикасының құлдырауы қоғам алдында үлкен
мәслеле тудырды. Республика экономикасында қалыптасқан құрылымды тез
өзгертіп жіберу мүмкін емес болды. Одақтас республикалардың егемендік
құқықтарын кеңейту шаралары шеңберінде бірқатар экономикалық маңызды заңдар
қабылданды. Қазақ КСР-індегі меншік туралы заң бұған дейінгі социалистік
қоғамдық даму бағытынан бас тартып, экономикада түбегейлі бетбұрыс жасап,
нарықтық қатынастарды енгізудің бастамасы болды. Бұл заң өндіріс құрал-
жабдықтарына жеке меншіктің болу мүмкіндігін анықтады. Өзге
республикадағыдай Қазақстан экономикасы да нарықтық қатынастарға бағыт
алды, түрлі кооперативтер, жеке меншік фирмалар, шағын кәсіпорындар құрыла
бастады. Меншіктің көп түрлілігі енгізіліп, кооперативтер мен шағын
кәсіпорындар құрылып, жекешелендіру үрдісі белең алды. Елімізде
экономиканың даму бағыты нарықтық қатынастар мен меншіктің көп түрлілігіне
негізделді. Жаңа құрылымдардың өсуімен қатар адамдардың іскерлік
белсенділігі артты [11].

Республикада әйелдер кәсіпкерлігінің кеңеюіне және оның құрылымының
жақсаруына түрлі факторлар әсер етуде:

- әйелдердің жалданбалы еңбекке араласуының жоғары деңгейі,

- бұл әйелдерге алынған тәжірибесі мен білімінің жаңа салада қолдануына
мүмкіндіку береді;

- жұмыссыздықтың өсуі, бұл жағдай жаңа жұмысбастылық түрін іздеуге
итермелейді;

- жеке ісін бастауға құқықтық шектеулердің болмауы әйелдерге жеке іспен
шұғылдануға мүмккіндік береді.

Бизнестегі әйелдерге кедергі келтіретін мәселерге кәсіпкерліктің
қалыптасқан дәстүрінің болмауы, банктен қарызға алу қолжетімсіздігі,
мемлекет тарапынан қаржылық және салықтық көмектің болмауы, әйелдердің
іскерлік белсенділігін қолдайтын арнайы бағдарламалардың жасалмауы жатады
[36; 95б].

Нарықтық экономиканың қиындықтарының жұмыссыздық түрінде белең алуы әйелдер
үшін үлкен мәселеге айналды. Бұл кезеңде әйелдердің жұмыс күшіне сұраныс
азайып, отбасында қиын жағдайға душар етті. Бұндай күрделі мәселелерден
шығудың жалғыз жолы әйелдерге экономиканың формальды емес саласымен, яғни
жеке іспен шұғылдану қарастырылды. Бұрын бұндай іспен айналыспаған,
тәжірибесі жоқ әйелдерге біршама күрделі болды. Бірақ бұл табыс табудың
жалғыз жолы еді.Отбасын асырау үшін әйелдер ең алдымен, кәсіпкерліктің
шағын түрлерімен айналыса бастады. Мысалы, киім тігу, базарларда, көшеде
сауда жасау, жеміс-көкеністерді жабу, өз қолынан жасаған бұйымдарды сату
сияқты кішігірім бизнеспен айналысты.Әйелдердің кішігірім бизнеспен
айналысуы өте ыңғайлы болды, өйткені үлкен орынды жалға алу, үлкен
капиталдың қажеттігі аз болды.

Нарықтық экономикаға көшу қазақстандық әйелдер үшін жұмысбастылық
тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер берді, бірақ олардың жұмыс орындарынан
босатылу үрдісі кең өріс ала бастады, жұмысқа орналасу қиындықтары
туындады, басқа келешегі аз жұмыстарға орналасу көрініс тапты. Қазақстандық
еңбек нарығының қалыптасуы өндірістің төмендеуімен күрделеніп, оның қалыпқа
келтірілуі процестерінің созылуымен, бар қорларының артықшылықтары өсіп
келе жатумен сипатталады. 1992-1993 жылдары әйелдер жұмыссыздардың 70%-ын,
1996 жылы 60%-дан астамын құрады [36; 57-59 б].

90-шы жылдары кеңес одағының ыдыратылып, жаңа нарықтық экономикалық
кезеңнің басталуы мемлекеттегі еңбек нарығындағы өзгерістерге әкелді.
Дағдарыстың әсерінен көптеген кәсіпорындардың жабылуы жұмыссыздықтың өсуіне
алып келді. Әсіресе еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың
дисбалансы көрініс тапты. Әйелдерге сұраныстың еңбек нарығында азаюы
жұмыссыздың артуына себеп болды. Экономикалық дағдарысқа байланысты
жұмысбастылықтың жеке түрлері дами бастады.

1991-1998 жылдар аралығында республикада жұмыссыздар санының артуының және
әлеуметтік-экономикалық құбылыс – жұмыссыздықтың өсуінің нақты тенденциясы
байқалуда, бұл кезеңде экономикалық халықтың үлкен бөлігі тауа өндірісінде
және қызмет түрлерінде жұмыссыздыққа ұшырады [38; 38б].

Дегенмен 2000 жылдардан бастап жұмыссыздық деңгейінің төмендеуінің деңгейін
және әйелдердің экономикалық белсенділігінің өсу тенденциясын байқауға
болады. Оған себеп болған мемлекеттегі экономиканың көтерілуімен
байланысты.

1 диаграмма

2001-2009 жылдар аралығындағы жұмыссыздық деңгейі, % [46].

2001-2009 жылдар аралығында жалпы жұмыссыздық біршама төмендеді. Дегенмен
әйелдер жұмыссыздығы әрқашан еркектермен салыстырғанда жоғары. 2001 жылғы
жұмыссыздық деңгейі 10,4 % болса, 2009 жылы оның үлесі 6,6%-ға төмендеген.
Осының ішінде әйелдер жұмыссыздығының 12%-дан, 7,5 %-ға төмендегенін
байқауға болады. Бұл тенденцияға әсер еткен ең алдымен, мемлекеттегі
қабылданған бірқатар бағдарламалар болып саналады. Оның ішінде әйелдер
жұмыссыздығын төмендету үшін 2002 жылы қабылданған әйелдер кәсіпкерлігін
қолдау бағдарламасы. Сонымен қатар 2000 жылдан бері жүзеге асырылып келе
жатқан Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іс-шаралар туралы қаулы,
2005-2015 жылдарға арналған әйелдер кәсіпкерлігін шағын несиелеу
бағдарламасы, дағдарыс кезеңінде қабылданған жұмысбастылық деңгейін арттыру
бойынша бағдарламасы, Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы әйелдер
жұмыссыздығының санын азайтып, олардың еңбек нарығындағы экономикалық
белсенділігін арттыруға әсер етті.

1кесте

Гендерлік статистиканың негізгі көрсеткіштері [46].

Көрсет2001 2002 2003
кіштер
млн. теңге % млн. теңге
Отбасылық бюджетін жөндеу 56,7 59,0 52,0
Балаларына мұқтажсыз келешекті 53,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту шаралары
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Жастарды жұмыспен қамту жүйесін басқаруды жетілдіру жолдары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру формалары
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Пәндер