Баспа бизнесін жоспарлау ерекшеліктері


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Рухани құндылықтар, кітапхана ісі, кітапты тарату, газет-журналдар, ақпарат тасымалына қатысты барлық саланың атасы - баспагерлік мамандықтың түп-тамыры неміс жерінде сонау ХІҮ ғасырда Гейдельбергтің ( Heidelberg - Алманиядағы қала аты ) ашқан ұлы жаңалығымен тікелей байланысты. Қазір Гейдельбергтің есімімен байланысты баспа техникалары әлемнің барлық елінен орын алған. Сол техниканы ауыздықтап, игеріп отырған баспагерлердің еңбегі жазу-сызушы мамандардың жұмысының астарында көбіне байқалмай қалады. Әйтпесе, қоғамдық маңызды ойлардың ақ қағаздың, газет-журналдардың бетіне түсірудегі қара тердің еңбегі сол мамандықтың маңдайына жазылған. Дегенмен, баспагерлік мамандыққа деген зәрулік - бүгінгі таңда да әлемдік мәдениетте өзектілігін жоймаған мәселе. Қайта күн санап қарыштап даму үстінде.

КСРО заманы кезінде қазақстандық полиграфия саласының мамандары Мәскеу мен Львовта дайындалатын болған. Еліміздегі баспа ісінің қарыштап дамыған тұсында мамандар түгелдей дерлік осы екі қалада ғана оқытылған. Бұлар тұтынушыға керекті кітапты тауып берумен, бағыт-бағдар беруге және сұраушының өтінішіне сәйкес белгілі бір кітаптың түсіндірмесін беруге дайын мамандар болатын. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұл байланыстар үзіліп, кітап тұрмақ, газет-журналдарды шығару қиынға соққаны белгілі. Қаражаттың жеткіліксіздігі, елдегі дағдарыс пен қалыптасушы ұлт бұл кезде алды-артына бақылау жасауға талпынып жатқан. Бұл баспа ісінің дамуына, кітап саудасының қарыштап өркендеуіне мүмкіндік бермеді. Жәнеде жекешелендіру үрдісі баспа ісін мемлекет қарамағынан ажыратуға тырысты. Әрине, бұл үрдіске алғаш мемлекеттік жоспармен майлы құйрықты ойланбай асап келген баспа мамандары өз бетімен жұмыс істеуге қорқақсоқтап қарсылық білдіргені белгілі. Алайда, ойланбай пішілген тон келте екенін сезген олар бүгінде кітап кәсіпкерлігіне ден қойып келеді.

Қазір жеделдетілген экономикалық реформаларды жүзеге асыруда аймақта көш ілгері келе жатқан Қазақстан «баспа ісі және полиграфия өндірісі» саласында жан-жақты келіссөздер жүргізу барысында. Баспалар әлемдік сәйкестік пен халықаралық стандарттарға сай жұмыс жүргізуді қолға ала бастады. Қазақстан халықаралық полиграфистер ұйымы «Гейдельберг клубына» да мүшелікке өтті. Нақтырақ айтсақ, бұл реттегі еңбек Алматы облысы Талғар қаласындағы типографияның еншісінде. Қазақстандағы жалғыз бір айналымда он екі бояумен баспа қағазын қамтитын техника осы өндірісте ғана орын алған. Бұдан басқа типографиялар жабдықталған техникалардың сапасы әзірге әлемдік стандарт бойынша екінші сатылы болып есептеледі.

Жоғарыда аталған типографияның басшысы қазір жақсы маманды табу өте қиын екендігін тілге тиек етеді. Сондықтан қазақстандық кадрларды шет елге қысқа мерзімге оқуға жіберіліп, сондағы типографиялардан тәжірибе жинақтап келуге мүмкіндік жасалған. Алайда, бұл жалпы елдік баспа ісінің үлкен қарқынмен дамуына аз көмектесетіні белгілі. Ал, еліміздегі баспа ісінің кадрларының аздығы оқу орындарына үлкен жүк артып келеді.

Бүгінде еліміздегі баспа ісінің төрт аяқтап тұрғаны белгілі. Алайда, кітап саудасында «төрт тұяқты тұлпардың» ұзақ шабысы анық байқалмайды. Осыған орай көршілес орыс ағайындардан бір мысал келтірсек. Қазір, Ресейдегі әріптестеріміз соңғы 20 жыл ішінде полиграфия мен баспа ісінің қажеттілігін рекорттық дәрежеге жеткізді. Жақын арада аталған елдегі баспагерлер кітап саудасы бойынша батыс елдерінің алдына түседі деп күтілуде.

Қазір статистика жөніндегі агенттіктің мәліметінше, елімізде қағаз өндірісінің жүйесінде және баспа ісінде 1160 компания жұмыс істейді. Оның бәріне кадрлар даярлауда Қазақстандағы үш оқу орнына ауыртпалық түсіріп отырғаны анық. Әрине, басты кадр дайындаушы 1999 жылы құрылған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Баспа ісі және редакциялау» кафедрасы болса, № 5 Алматы қалалық полиграфия мектебі маман дайындау үшін құрылған. Және тек бертінде ғана, яғни 2004 жылы ашылған Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-де «Полиграфия өндірісінің техникалары және машиналары» кафедрасы. Аталған үштіктен басқа баспа ісіне қатысты мамандарды журналистика факультетіне қосымша қосып оқытады. Бұл баспа ісінен шеттеу дайындалған маман кітап саудасын қажетті деңгейде меңгеріп шығуына мүмкіндігі шектеледі деген сөз. Үкімет кезінде Алматы полиграфия мектебін жаппақ ниетте де болған. Бірақ кадр мәселесінің өзектілігі айтылып жатып, бұл тақырып аяқсыз қалған болатын. Ал дамыған елдерде мұндай оқу орындарының санын арттырмаса, оны қысқарту туралы сөз қозғалмайды. Мәселен, баспа ісінің отаны Германияда полиграфия өндірісіне кадрларды 300-ден аса оқу орындары даярлайды (Бұл жерде айта кететін бір мәселе біздің елмен салыстырғанда оқу орындарының саны бернеше жүз есе артық) . Мұның өзін немістер аздық көріп отыр. Бірақ аз деген біздегі оқу орындарында кадрлар әзірлеудегі мәселелер де сын көтермейтін деңгейде. Әсіресе, компьютерлік дизайн, суретші өнерін арнайы бағдарламаларға түсіру, бояу түрлерінің спецификасы хақындағы қанық білімін алып шыққан мамандар аталған оқу орындарының өзінде өте сирек дайындалып шығады. Мәселен, балалар кітабын шығаратын «Аруна» баспасы қанық бояуларға толы кітаптың беттерін Чехиядан арнайы бағдарлама негізінде дискеттерге жаздырып алдыртады. Әрі авторлық құқықтарға сәйкес сатылым мен кітаптан түскен қаражатты чех ағайындармен бөлісетін көрінеді. Яғни, өнімнен түскен қаражат екі қалтаға бөлінеді. Осы баспаның бас маманының сөзіне қарағанда, балалар кітабының ерекшелігі мен маңызы - суретке келіп тіреледі. Суреттердің көркемдігі жоғары дәрежеде болуы және қанық етіп беретін компьютерлік бағдарлама негізіндегі жұмыстар қазақстандық кез-келген полиграфист-дизайнерлердің қолынан келе бермейді. Әрине, отандық дизайнерлердің болғанына не жетсін. Тіпті, кадрлар әзірлейтін оқу орындарының өзі балалар әдебиетіне қажетті мамандарды тек Ресейден ғана әкелуге болатынын айтады.

Сондықтан қазіргі тұтынушылардың «кітап қымбаттап кетті» деген наразылығы баспагерлерге қаратылып айтылып жатады. Оған себепті факторлар бар. Барлық кітап, газет-журналды шығаруға арналған материалдардың шеттен алдыртатынымыз баршаға аян. Дегенмен баспа мен типография арасындағы заңнамалық саясаттағы олқылықтар көбіне үкіметтегілердің назарынан тыс қалуда. Мәселен, қосымша құн салығына деген жеңілдік шет елден алдыртатын техникаларға, типографиялық бояуларға, пленка мен пластинкаларға, қағаздарға берілмейді.

Полиграфиялық компаниялар төлеген қосымша құн салығы осылайша тағы «жанама» салыққа айналып отыр. Қосымша құн салығынан кейбір арнайы баспалар ғана босатылады. Ал сол кітапты басып шығарушы баспаханалар одан босатылмайды. Ол еріксіз баспа өнімінің құнын арттыруға әсер етеді. Содан үкімет «сендерге салық салынбайды, ал кітаптың құны удай қамбат» деп түрпідей тиеді. Сол секілді біздегі баспаханалар әрі кеткенде басылымды 20 мың данамен шығарумен шектеледі. Ал, көршілес орыс ағайындар бұл көрсеткішті 100-250 мыңға дейін жеткізіп отыр. Мұндай сандық көрсеткішті игеру үшін қазақстандық баспаханаларға бірінші дайын маман керек. Екінші, қаржы керек. Қаржыны қайдан алуға болады? Әрине, ақшаның орталығы банктен. Дегенмен, Қазақстанда бар 30-ға жуық банктің барлығына белгілі бір салаға жеңілдетіліп беретін несиесі жоқ. Немесе шетелдердегідей салалық банктер бізде жоқтын қасы. Бұл да баспа құлағын ұстағандардың тәуекелге бел бууына басты кедергі болып отыр. Мәселен, Польшада кітап бизнесіне жеңілдетілген несиелер 5-6 пайыздық табыспен қайтарылды. Ал, қазақстандық несие беруші қаржы орталықтары пайыз мөлшерін 16-17 ден төмен түсіріп көрген емес. Сондықтан не дайын мамансыз, не қаржы қолдауынсыз өлместің күнімен баспагерлер баспа ісін алға сүйреумен келеді. Міне, мұның бәрі казіргі қоғамымыздағы баспагерлердің арқасына артылып жатқан жүк. Соған қарамастан, сіз таңертең газет-журнал саталатын орындарға немесе кітап дүкеніне барғанда, сұранысыңыз қанағаттандырылып, бұл нарықтың қалтқысыз жұмыс істеп жатқандығының айғағы боласыз . . .

Бітіру жұмысымның негізгі нысанасы. Баспа ісіндегі соңғы жылдардағы өзгерістер, жеке кәсіпке айналу, кітап ісін дамытуға негізгі объектілер жұмыстың негізгі арқауы. Қазіргі еліміздегі баспалардың даму ерекшеліктері төмендегідей бөлімдерге қарай талданды:

  • күн санап дамып келе жатқан баспа ісі кәсіпкерлігінің маңыздылығы мен ерекшеліктері;
  • кітап сату ісіндегі негізгі қағидалар мен әдістерді саралап көрсету;
  • бүгінде көрініс тауып жатқан жаңа әдістер мен тәсілдерге талдау жасау;

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізгі тәсілдері мен әдістерді қарастыруды мақсат еттім. Себебі, қарапайым халықтың дүйім дүние төріндегі орын алып жатқан өзгерістерді танып-білуінің басты көзі кітап екені белгілі. Сондықтан баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізгі бизнес-жоспарын талдап көрсету. Осы мақсатта:

  • Кітап саудасындағы маркетинг жүйесін айқындап көрсету;
  • Жеке кәсіптік сипатқа айналған баспалардың бүгінгі бейнесі мен негізгі жұмысы;
  • Баспадан шығарылатын өнімнің тарылымы мен қалың оқырманға жеткізілуін қадағалау ісін талдау;
  • өзге де мүмкін тың тәсілдерді анықтау көзделді;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстандағы соңғы 4-5 жылда орын алған баспа ісіндегі кәсіпкерліктің негізі нысандарын ашып көрсетуге тырыстым. Соңғы кездері орын алып бара жатқан кітапты тауар ретінде қарастырып келе жатқан кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшін тұстарына тоқталдым. Сондай-ақ кітап тарату ісінің жалпы әдістері мен технологиясы турасында басы бүтін ғылыми зерттеу жұмысының жоқтығына көз жеткізе отырып, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, ізденістер жүргізіп, ғылыми айналымға енгізуге тырыстым.

Зерттеудің тәсілдік негіздері. Бітіру жұмысында теориялық талдау, салыстырмалы - сараптамалық баға беру мен ғылыми тұрғыда тұжырымдап дәледеу әдістері қолданылады. Кітап сату ісіндегі жаңа әдістерінің бұрынғы зертеулер мен ақпаратты беру тәсілдерінің ертеден белгілі теориялық-танымдық тұжырымдамаларға сәйкестігі салыстырмалы түрде анықталды.

Зерттеудің негізгі нысаны. Басты деректемелік негіз ретінде ҚР ҰҒА-ның кітапханасы мен бүкіл әлемдік ғаламтор сайттарындағы деректерге сілтеме жасадық. Сондай-ақ, қазақстандық баспалар жайында жазылған баспасөздер мен ғылыми туындылар да негізгі құрал ретінде пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытынды, сілтемелер және пайдаланған әдебиеттер тізімнен тұрады.

І-ТАРАУ. БАСПА БИЗНЕСІН ЖОСПАРЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1. Жекеменшік баспаның құқықтық жүйесі

Баспа ісін дамытуды қолға алу қазіргі үкіметтің ауыл-шаруашылығы, мұнай, химиялық өндіріс секілді 11 басты мәселенің бірі ретінде саналады. Тіпті, баспа кәсіпкерлігін дамытуды қолға алу үшін «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ құрылған. Бұған Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру шаралары туралы» Жарлығын орындау үшін және Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталатын қаржылық қаражатын тиімді пайдалануды арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26-сәуірдегі №665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қорын құру туралы» қаулысының негізі әсер еткен болатын.

Енді, «жазылмаған іс көкейде көп тұрмайды», - деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, сан ғасырлық тарихымыз бір замандары тасқа қашалып жазылса, одан кейін кітаптарда өрнектеліп отырғаны белгілі. Әлқиссада еліміздегі баспалардың басым көпшілігі қандай жол ұстағанын саралап көрелік. Қазіргі кітап шығарушы мен сатушы баспалар кәсіпкерлік жұмыстарын төмендегі бөлім бойынша жүргізетін болған:

Жекеменшік баспалардың негізгі мақсаттары:

Өнімді сапасына қарай қалтаға ыңғайлы, заман талабына сай етіп шығару. Өз бәсекелестерінен ерекше, әрі халыққа тиімді етіп өнім шығару. Жоғарғы білікті кадрлармен бірге жұмыс істеп, кітап кәсіпкерлігінде өз орнын ойып алу үшін жұмыла күш салу. Жаңа бағыттар және мамандықтар бойынша баспа қызметін жүзеге асыру, ақпарат деңгейін көтеру мақсаты да кәсіпкерлердің қаперінен шет қалмайды.

Мақсаты:

- қатаң бәсеке жағдайындағы орталықтың тез және нақты жұмысы;

- сауда аумағындағы барлық өзгерістерге жылдам әрі әрекетті реакция;

- қазіргі тез және үздіксіз дамып келе жатқан жоғары технология әлемінде істі табысты жүргізу;

- ақпарат жүйесін қалыптастыру;

- ақпараттық жұмыстардың қорытындысы;

- ЖОО (жоғары оқу орны) бөлімшелері мен тұтынушы байланысын қолдау.

Қызмет бағыты:

- басылым өндірістерін, дизайн және жаңа технологияны қолданудағы жоғары сапалы өнімдерді өз уақытымен оқу үрдісіне қажетті теоретикалық және практикалық материалдарды қамтамасыз ету;

- қоғам мүшелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру;

- тұтынушылармен іскерлік байланысты қолдау;

- сұраныстарды қанағаттандыруға талпыныс;

- мемлекеттік стандартқа сай баспа өнімдерін көркемдеу;

- дөңгелек үстел және тұсаукесер рәсімі жұмыстарына қатысу, халықаралық баспа ұйымдарына, республикалық және халықаралық байқауларға, көрмеге, жәрмеңкеге баспа өнімдерін ұсыну;

- баспа ісі белгілеген мемлекеттік стандартқа сай талаптарын, нормативті - құқылы актілерін, автор құқығы жөнінде ережені сақтау;

- жарыққа шыққан басылымдар туралы ақпараттау және келісілген рет бойынша есеп беру.

Баспа ісін дамытуды жолға қою - негізгі мақсатты, білімді, саясатты, мәдениетті, тарихты, әлеуметтік, рухани құндылықтарды дамытуды жолға қою. «Кітап өндірісі үлкен құрал», - деп ғалым Шериаздан Елеукенов бекер айтпаған /1/. Қазіргі қоғамдағы кенжелеген кітап өндірісін дамытуда Қазақстан жеңіл, әрі тиімді жол таңдауы тиіс. Әрине, кітап шығаратын, баспа станогын, техниканы жетілдірілген нұсқасын отандық өндіріске жатқыза алмайтыны анық. Айналып келгенде дамыған елдердің халықаралық стандарттарына сай баспахана техникасын шетелден импорттайтыны белгілі. Сондықтан, қазіргі кәсіпкерлер тек кітап сату ісіне ден қойғаны ләзім. Мұндайда жекелеген кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсету жолын қарастыру кезек күттірмейтін мәселе. Себебі, қазірде қазақстандық баспалар шығаратын өнім елімізде тұтынатын кітап өнімдерінің 30 пайызын құрайды. Бұл көрсеткіш былай қарағанда көңіл толтыратын іс болып көрінгенмен баспагерлердің белсенділігінің көрсеткіші. Ал, қалған 70 пайыздық көрсеткішті кітап тұтынушыларына арнайы шетелден импорттайтыны белгілі. Мұның 65 пайызы батыстық баспа ісінің өкілдерін артқа тастауға талпынып жүрген ресейлік әріптестердің еншісінде. Мұндайда айта кету керек көрші елдің баспагерлері өз кәсіптерін әлемдік ректораттық деңгейде дамытуда. Кейбір мамандардың пікірінше болашақта батыстық кітап саудагерлерінен осы елдің баспагерлері озады деген болжам бар.

Менің ойымша, баспалар өздерінің жұмысын алға бастыру үшін ең бірінші қалталы қолдаушы табу керек. Жақсылап келісім шартқа отырып, кейіннен өз еңбектерін, яғни басып шығарған кітаптарына жарнама жасауы міндетті. Әрине, бұл баспа кәсіпкерлігінің өзгермес қағидасы. Бірақ, жарнаманың қалтаға салмағы аз болып, нәтижесі экономикалық тегеурінді жақсартуға сеп болуы тиіс. Сондықтан кітап кәсіпкеріне тиімді жолды нұсқау керек. Мысалы, Швеция баспагерлері ай сайын тұрғындарға тегін кітап тарату акциясын өткізеді. Бұл жерде баспаның мақсаты адамдардың қолтығына кез-келген кітапты қалауынша қыстыра беру емес. Негізгі көздегендері - аз ғана іспен бірталай шаруаның басын қайыру. Мұнда арнайы ойын шартына бағынып, кітаптың авторы жайында біраз мағлұматтарды дәл атап айтқан кездейсоқ оқырман акция барысында табыс етілетін білім құралын жеңіп алады. Мұнда жемісті түрде жүргізілген жарнама кітап кәсіпкерлігінің алға басуына үлкен септігін тигізеді. Сондықтан осындай жақсы үлгідегі кітап ісінің жарнамасын Қазақстандық кәсіпкерліктің құлағын ұстағандар үлгі тұтып, астарына болжал жасай білсе, саудагерлік бір қадам алға жылжи ма деген ой туады.

Ал, қазір Қазақстандағы бірқатар баспалардың жағдайы едәуір жақсарған. Керісінше кеш оянғандары әлі де тәй-тәй басқан бала кейіпінен әлі де арыла қойған жоқ.

Кәсіпкерлікке ден қойғалы кіші-гірім баспалардың да саны арта бастаған. Бұл әрине, бар жағынан алып қарағанда жақсы. Бәсекелестер көбейеді; сапа жоғарылайды; көпшіліктің ыңғайына беріле бастайды; рухани өнім артады. Алайда, еуропалық бір елде ақпарат өнімін шығаратын баспалар саны көбейсе теріс бағдарламалардың да өсімі жоғары болады дейді. Яғни, сектанттар, қаралы ұйым өкілдері миссионерлер ие болған баспалар, ақпарат құралдары халық арасына теріс ақпарат таратып, ел тыныштығын бұзуға талпынады дейді. Бұл мәселе заң құралдарымен шектелсін делік.

Енді біз кітап саудасындағы кәсіпкерлікке ден қоюымыз үшін не істеуіміз керек? Бұл сұрақтарға қазақстандық баспагерлер теориялық тұрғыда әлі де оқу құралдарын жаза қойған жоқ. Сондықтан білім алушы жас мамандар шетелдік кәсіпкерлердің тәжірибесіне сүйенетіні хақ.

Джозеф Шумпеттер (Кәсіпкер - жаңа технологияны құрастырушы, жаңалық тапқыш 1961 ж. ) кәсіпкерлікті бастамас бұрын алдымен 5 бағытты анықтап алу керек деп санайды:

  1. Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
  2. Жаңа өндіріс әдістері;
  3. Жаңа өткізу нарықтары;
  4. Жаңа жабдықтау көздері;
  5. Жаңа ұйымдастыру түрі.

«Баспа өнімдерін тарату үшін де жаңалық іздеу шарт», - деп санайды ағылшындардың ата кәсіпкері Джозеф Шумпеттер /2/. Бұл жердегі бес бағытты анықтап алған баспагер әрдайым алда жүретіні сөзсіз. Сондай-ақ, Джозеф Шумпеттер кәсіпкерлерді жәй алып сатарлар мен инвесторларға қарағанда, әртүрлі әрекеттер мен бағыттарды байланыстыру арқылы бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Яғни, тіс қаққан кәсіпкердің ойына қарағанда тек қана «жаңа» жолды таңдауымыз шарт. Алайда, бұл пікірмен келіспейтін кездер де болады. Себебі, «жаңа» тәсілді біз ескі іздермен салыстыру арқылы табатынымыз шындық.

Қазір еліміздегі баспалардың жұмыскерлер саны да белгілі бір жүйемен орналасқан. Яғни, директор - орынбасар - бас редактор - редактор - теруші - беттеуші - корректор - дизайнер т. с. с. Бұл жалпылама жасалған жүгіртпе. Яғни, баспа кәсіпкерлігінің мемлекеттік органның басқару жүйесін қолданатыны. Тұрақты жұмыс орны немесе тұрақты жалақы беретін жай ғана қызмет орталығы іспеттес. Алайда, бұл еңбекте мен бұл жолды теріске шығармақпын. Себебі, кітапты тауар деп түсінетін жеке баспа кәсіпкерлігі өнімді көп шығарған сайын табысы да көлемді болатыны сөзсіз. Мұнда көп еңбектенген, көп қалта қампайтуы керек.

Жаңа баспа ашу жоғары дәрежелі тәуекелмен байланысты. Көптеген сәтсіздіктер де туады, сондай-ақ бәзбіреулер көбінесе бастапқы инвестицияларынан ғана емес, жеке салымдары мен жинақтарынан да айырылуы мүмкін. Егер қаржыландыру көзі ретінде туыстар мен жолдастарының қаражаттары және банк несиелері пайдаланылған болса, жағдай қиындай түседі. Жеке баспа ашу кезінде кәсіпкер өзінің қызмет орнын тастауға мәжбүр болады. Сондықтан тек қаржылық тәуекел ғана емес сондай-ақ, өмір сүру кепілдігінен айырылып қалу қаупі бар.

Жаңа баспа ашу қиыншылықтарға, кездесуі мүмкін барлық кедергілерге толы, соның ішінде бюрократиялық сипаттағылары бар. Бизнес қаншалықты үлкен және табысты болатын болса, салықтар, реттеуші нұсқаулар, лицензиялар және басқа да құжаттармен жұмыс істеу соншалықты көп уақытты талап етеді.

Жаңа кәсіпорын құру түңілу жағдайларына байланысты. Кәсіпкер пайда болатын проблемаларға қарай оңай емес шешімдер қабылдауға жауапкершілік пен тәуекелдікті өз мойнына алуға мәжбүр болады. Зорланып жұмыс істеу, жоғары дәрежелі тәуекел және біліксіздік жағдайы - мұның барлығы психологиялық және физиологиялық қажудың классикалық негіздері. Шағын бизнестің, әсіресе алғашқы уақытта жұмысшылар штатын көбейту үшін жеткілікті пайда әкелмеуіне байланысты барлық ауыртпалық бір ғана адамның мойнына - кәсіпкердің өзіне түседі.

Жеке бизнес оның негізін салушыға әрекет ету еркіндігін береді. Қандай күн тәртібін таңдау керек екендігін, өзінің уақытын қалай пайдаланатынын және қандай жобалармен жұмыс істейтінін кәсіпкер өзі шешеді.

Жеке баспа ашу бір жағынан рухани серіктестер, идеялогияның құлағын ұстағандармен бірлесе жұмыс істеу болса, екінші өзінің әл-ауқатын арттырудың сенімді әдістерінің бірі. Көптеген адамдар мұны жаңа кәсіпорын құрудың басты себебі деп есептеуде. Қанша қарама-қайшы болып көрінсе де, ең табысты кәсіпорындардың негізін қалаушылар өнім мен қызмет көрсетушілердің жаңа түрлерін, идеясын берген болып табылады. Олар үшін материалдық ынталандыру екінші орында тұрады.

Жеке баспа кәсіпкерлігі дамуға және қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақсатты нарықты анықтау
Бизнес жоспар жасау
Қазақстан Республикасында маркетингтік жарнаманың дамуы
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
«Білгенге маржан» баспасының бизнес- жоспары
Басқару, ұйымдастыру, ынталандыру жұмыстары
Аудиовизуалды жарнама
Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары. ХАС сәйкес аудитті жоспарлау
Баспа ісіндегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz