Демократиялық қоғамдағы Қазақстан


Демократиялық қоғамдағы Қазақстан
Біздер бостандық пен демократияға шақыру бүкіл әлемге таралған кезде өмір сүріп отырмыз. Бұрынғы КСРО- да, Шығыс Еуропада 75- 50 жылдан астам ауқыт үстем болған тоталитарлық жүйе құлады. Сөйтіп, көптеген елдерде үлкен саяси өзгеріс болды. Демократияның болашығы кең көлемде бүкіл әлем халқын жұмылдыруда. Солтүстік және Оңтүстік Америка демократиялық түбекке айналды, Африка демократиялық реформаларды сынауды басынан өткізуде, Азияда да демократизмнің жаңа түрлері тамырланып келеді.
Әлемде демократия орныққан елдерде демократиялық институттар шын мәнісінде адамзаттың бостандыққа және өзін- өзі басқаруға деген ұмтылысын жүзеге асыруда шешуші рөл атқаруда.
Тарих демократия есігінің ашық болуы халықтың өзіне байланысты екенін дәлелдеп отыр. Бостандықты жеңіп алған халық қоғамдық өмірге тікелей араласса, қызметі халық алдында тәуелді болатын өкілдерді сайлауға қатынаса алғанда ғана демократия гүлденеді. Демократиялық мемлекеттердің азаматтары құқық бостандығын пайдаланады, сонымен қатар олар басқа халықтармен бірге отырып, бостандық пен өзін- өзі басқарудың құндылығыцн құрметтейтін болашақ үшін жауапкершілікті бөліседі.
«Демократия» грек тілінен аударылғанда «халық билігі» деген ұғымды береді. Демократия- халықтық басқару формасы, онда жоғарғы билік халықтың қолында, оны тікелей немесе демократиялық жүйе негізінде өздері сайлаған өкілдер арқылы басқарадцы. Демократияның басты принципі- халық билігі, адамдардың те, ңдігі мен бостандығы. Бостандық пен демократия бірін- бірі алмастыратын түсінік ретінде қолданылады. Демократияның мәнісінде идеялар мен бостандықтар принципінің жиынтығы, сонымен қатар, ауыр да ұзақ кезеңдерде қалыптасқан тәжірибенің қалыптасқан жиынтығы жатыр. Қысқаша айтқанда бұл- құқықтық мәртебеге бостандық беру. Адамның заң алдындағы құқығы мен теңдігі - демократиялық қоғамның сипаты. Мұндай принциптер демократия берік орныққан елдердің конституциясында ттұжырымдалған. Франция Республикасының (1958 жылғы) конституциясында: «Франция халқы салтанатты түрде адам бостандығы мен ұлт тәуелсіздігінің принципіне беріктігін жариялайды» делінген. Германия Федеративтік Республикасыныцң негізгі Заңның 1- бабында: «Адамдық құндылық бұзылмайды. Оны құрметтеу және қорғау мемлекеттік биліктің міндеті» делінген Мемлекеттік билік халықтың шексіз сеніміне негізделеді, оның беделі халықта, оның өкілеттілігі халық арқылы іске асырылады, ал нәтижесін халық пайдаланады. Бұл принцип бүкіл адамзатқа тән деп көпсетілген Жапонияның Конституциясында.
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбатты деп таниды және өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады. Қазақстан халқы- республика мемлекеттік өкімет билігінің бірден- бір қайнар көзі болып табылады.
Демократия негізгі екі категорияға бөлінеді: тікелей және өкілетті. Тікелей демократияда барлық азаматтар қоғамдық шешім қабылдауға делдалсыз, сайлаған немесе тағайындалған арнаулы адамдарсыз- ақ қатынасады. Бұл аз адамы бар қауымдарда болуы мүмкін, онда халық бір жерге жиналады да мәселені талқылайды. Мысалы, көне Афиньде (әлемдегі бірінші демократия) мемлекеттік мәселелер жиналыс арқылы шешілетін, 6- 7 мың кадам қатынасатын демократия өмір сүрді.
Қазіргі замандағы күрделі қоғамда тікелей демократияны іске асыру мүмкіндігі жоқ. Қазір 50 мың халқы бар қалаларда, 50 миллион халқы бар мемлекеттерде демократияның қолайлы түрі- өкілетті демократия. Мұнда сайлаушылар саяси шешім, заң қабылдап, оны халықтың мақсаты үшін іске асыратын өкілдерді сайлайды. Олар халықтың атынан шешім қабылдайды, оны дайындайды, сол үшін уақыттарын бөледі.
Арнаулы адамдарды сайлаудың процедурасы әр түрлі болуы мүмкін. Сайлаудың тәсілі қандай болса да, өкілетті демократиряның арнаулы адамдары халық атынан сенім алады, өзінің бұл саладағы бүкіл қызметіне байланысты халық алдында есеп береді.
Конституцияға сәйкес, мемлекеттік билікті шектейтін және барлық азаматтардың негізгі құқығына кепілдік беретін өкілетті демократияны, яғни басқару формасын- конституциялық демократия дейміз. Мұндай қоғамда көпшілік тәртібі және азшылықтың құқығы заңмен қорғалады. Бұл элементтер тарихи, экономикалық және мәдени ерекшеліктеріне қарамастан қазіргі замандағы демократияның негізін анықтайды. Конституциялық басқарудың негізгі элементтері - жеке адам мен азшылықтың құқығын ұштастыратын көпшіліктің тәртібі.
Демократия өкіметтің қалай өмір сүретінін көрсететін конституциялық ережелердің, процедуралардың жиынтығымен шектелмейді. Демократияда өкімет- көптеген әр түрлі институттар мен саяси партиялармен, ұйымдармен қатар өмір сүретін бір ғана элемент. Бұл әр түрлілікті плюрализм дейміз. Көптеген ұйымдық топтар мен институттар демократиялық қоғамда өмір сүру үшін өкіметке тәуелді болмайды. Олардың көпшілігі жеке адамдар мен күрделі әлеуметтік және мемлекеттік институттар арасында делдалдық қызмет атқарады, жеке адамдардың демократиялық қоғамда азаматтық құқықтары мен міндеттерін атқаруға мүмкіндік туғызады.
Адам жаратылысында бірдей, өзара тең, олар анықталған ажырамас құқықтарға ие, олардың ең бастысы- өмір сүру, бостандыққа және бақытқа ұмтылу. Осы құқықтарға кепілеттік беру үшін, өз билігіне халықтан келісім алған оның құқықтарын қорғайтын өкімет құрылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz