Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім: Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2. Салықтың мәні, түсінігі, бюджетке төленетін салықтар
3. Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері
4. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы алғанда мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет. Ал жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi болып табылады. Негізінен бекiтiлген бюджет - тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе тиiстi мәслихат бекiткен бюджет екендігі баршамызға айқын.
Мемлекетттік шығыстардың шығыстары негізінен бекітілген бюджеттің негізінде қайтарымды негізінде бөлінген қаржы ретінде есептеледі. Мемлекеттік шығыстар мынадай бағыттарда құрылады: яғни экономика салаларын қаржыландыру үшін және де әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін, әрі ұлттық қорғанысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ т.б. Әрине еліміздің әлеуметтік-экономикалық саламыздың барынша жақсы қарқынмен дамуына ерекше ықпал ету мақсатында осы сәуір айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік басшылық органдарының қызметкерлерімен және еліміздң қаржыгелерімен кездесіп, алдарына үлкен міндеттер қойды. Бұл кездесуде атап айтылғандай көзделген басты мақсат, елбасымыздың биылғы жылғы жолдауында атап айтылған алдыңғы қатарлы экономикасы дамыған елу елдің қатарына ену. Яғни осы мақсатқа жету барысында, елбасымыздың қаржыгерлерге қойып отырған талабы, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы барысында түрлі экономика саласының даму қарқынын жақсарту, әрине мұнда әсіресе білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласын, сонымен қатар егеменді еліміздің аспанының ашық болып, еркін дамуына жол ашу.
Курстық жұмыстың басты көздеген мақсаты – мемлекеттік шығыстардың мәнін, бюджет тапшылығын, бюджетке төленетін салықтардың мәнін түсіндіру.
Қолданылған әдебиеттер

1. Ілиясов Қ. Қ. Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық.-Алматы:2005.-552 б.
2. Бохаев Д. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен құрылымы
[Мәтін] / Бохаев Д// Экономика негіздері=Основы экономики.-2006.-
№1.-Б. 5-9
3. Дулатов Ы. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қаржылық қызмет//Заң.- 1999.-.№8-Б.61-69
5. Жұманова Б. Инвестиция тиімділігін бағалау методологиясы// Жаршы.- 2002.-М5.-Б.7-9
6. Қазақстан Республикасының қаржысы: Статистикалық жылнама= Статистический ежегодник: 1990-2002 жж. / Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.- Алматы: Қазстатақпарат, 2003.- 144 б.
7. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика: Оқулық.-
Алматы: Экономика, 2003.- 432 б.
8. Молдабекова А. Ш. Қазақстанда халықтың қаржы қатынастарының
дамуы [Мәтін]: экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты/
Молдабекова А. Ш.- Алматы: Б. ж., 2006.- 29 б.
9. Өскенбаев Е. Мемлекеттің қаржы саясаттарының әлеуметтік жағдайға әсері және капиталды басқару проблемалары [Мәтін] / Өскенбаев Е.// Қазақстан жоғарғы мектебі=Высшая школа Казахстана.- 2006. - N 1. - С. 298-302
10. Экономикалық теория: Оқу құралы / Әубәкіров Я.А., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н. Дабеев Т.П.- А.: Қазақ университеті, 1999.- 280

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Негізгі бөлім: Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
2. Салықтың мәні, түсінігі, бюджетке төленетін салықтар

3. Бюджет шығыстарын қалыптастыру негіздері

4. Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы алғанда мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн
операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге
жатпайтын жиынтық бюджет. Ал жергiлiктi бюджет - облыстық бюджет,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың) бюджетi болып табылады. Негізінен бекiтiлген бюджет -
тиiстi қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламентi немесе
тиiстi мәслихат бекiткен бюджет екендігі баршамызға айқын.
Мемлекетттік шығыстардың шығыстары негізінен бекітілген бюджеттің
негізінде қайтарымды негізінде бөлінген қаржы ретінде есептеледі.
Мемлекеттік шығыстар мынадай бағыттарда құрылады: яғни экономика салаларын
қаржыландыру үшін және де әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз ету үшін, әрі
ұлттық қорғанысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ т.б. Әрине еліміздің
әлеуметтік-экономикалық саламыздың барынша жақсы қарқынмен дамуына ерекше
ықпал ету мақсатында осы сәуір айында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік
басшылық органдарының қызметкерлерімен және еліміздң қаржыгелерімен
кездесіп, алдарына үлкен міндеттер қойды. Бұл кездесуде атап айтылғандай
көзделген басты мақсат, елбасымыздың биылғы жылғы жолдауында атап айтылған
алдыңғы қатарлы экономикасы дамыған елу елдің қатарына ену. Яғни осы
мақсатқа жету барысында, елбасымыздың қаржыгерлерге қойып отырған талабы,
еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуы барысында түрлі экономика
саласының даму қарқынын жақсарту, әрине мұнда әсіресе білім, денсаулық
сақтау, мәдениет саласын, сонымен қатар егеменді еліміздің аспанының ашық
болып, еркін дамуына жол ашу.
Курстық жұмыстың басты көздеген мақсаты – мемлекеттік шығыстардың
мәнін, бюджет тапшылығын, бюджетке төленетін салықтардың мәнін түсіндіру.
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге тусетін оқшауланған сфераларды бөліп керсетуге
болады. Меселен, мемлекеттің шаруашылық жургізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
"мемлекеттік бюджет" ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке
ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән:
бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге
асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынаста-рына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік
қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс
қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера
қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың
салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары
арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді жөне одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік
емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында-бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор- бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты
бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы,
мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен
айқындалды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол,
қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың
секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы
қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% бөлінеді. Сонымен
бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет
бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық
табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу жене
ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша
қаражаттарының ор-талықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау
жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет
қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың Қоғамдық өндіріс дамуының
қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын
анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық
категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес,
сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді
реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен,
мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары-салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға
жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы
ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы
жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын,
қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің
қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының
көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық
бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің
бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен
пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттпік
механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы
ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі
болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн .
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең
алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қол-дау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға
бағытталуы тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен
инвестицияларды реттеудің жоне ынталандырудың, өндіріс тиімділігін
арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және
өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің
ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып,
бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене
байланысқан.

2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың
барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық
бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды
қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің
жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды
тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара
қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін
ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен
байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы - бюджет
құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мсмелекеттің құрылысына,
аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы
мемлекеттің басқа айрықша белгілсріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жуйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттсрінің, сонымен бірге бюджет процссі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің
жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың
аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйссі үш буыннан тұрады:
мемлекегтік бюджет немесе федералдық бюджет немссе орталық мемлекеттің
бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да-жерлердің
(ландтардың), Канадада- провинциялардың, Рессйде -федерация субъектілерінің
бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:
орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі
жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы
мүмкін, бірақ, әдеттегідсй, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды
орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша
белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланылатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын жәнс дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді :
республикалық бюджет;
облыстық бюджет, республикалык, маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттін әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге
ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас
республикалардың мемлексттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекетгік
бюджетіне кірді, онда ол аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық
және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15
одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік
бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың
республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында
болды.
Бюджет кодексінс сәйкес, мемлекеттік бюджет- араларындағы өзара өтелетін
операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді
біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге
жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-
келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің
орталық буыны болып табылады. Бюджет-мемлекеттің қажетті атрибуты және оның
егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және
муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бүл қорлар олардың жалпы
маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етсді, мсмлекеттік билік пен
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың
қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса
ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру
мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажст.

3. Салықтың мәні, түсінігі, бюджетке төленетін салықтар
Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми
қөзкарас ХVII-ХІХ ғасырларда пайда бодды. Оған дәлелді теориялық экономия
классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В. Петти. Салық
пен жиынтық трактаты - (1662 ж.), Д. Рикардо Салық салу жөне саяси
экономияның басталуы - (1817ж.), А. Смит Халықтар байлығының себептері
мен табиғатын зерттеу - (1776 ж.).
А. Смиттің айтуы бойынша, салықты төлеушілер үшін, бүл құлдық емес,
еркіндіктің белгісі. Ф. Аквинский (1226-1274 жж.) салықтарды рұқсат
етілген тонау нышаны ретінде анықтады. К. Маркс Салық - бұл меншік,
жанұя, тәртіп және дінмен қатар жүретін бесінші құдай деп анықтады. АҚШ-
тың мемлекеттік кайраткері және ғалымы Б. Франклин (1706-1790 жж.).
Өмірде салық пен өлімнен құтылатын ештеңе жоқ деп айтты.
Шарль Монтескье (1689-1755 жж.) ризықтың қанша бөлегін бодандардан
тартып алып, қаншасын солардың сыбағасы етіп қалдырудың амалын табатын
данышпандық пен ақылгейліктен асатын ештеңе жоғын толық сеніммен
негіздеген.
А. Смит салық салудың төрт принципін айқындаған. Оның осы принциптері
дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай
үкіметті ухтауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пайдалана
отырып, қаржыландыру үкіметтін табысына сай жүзеге асады.
Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың терендігіне немесе тепе-
теңсіздігіне ұрындырады.
2. Жеке тұлға төлейтін салық міңдетті түрде айқын болуы керек. Салықтың
төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дерлік төлем төлеуші үшін
анық әрі ашық болуы және кез келген адамға да солай.
3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші
үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.
4. Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық
жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан
алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан
көрі, салықты халық қалтасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін.
Себебі, оны жинау шенеуліктердің көп болуы талап етсе, оларға төленетін
айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.
А. Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың
әлеуметгік-экономикалық салдарын барынша терең талдады.
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз
тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын
міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын (фирмамен)
тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік)
тарту болмақ.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
- фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, қызметі. Осы қызметте мемлекет
бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында,
территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;
- реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану
арасындағы пропорцияны реттейді;

- ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту
үшім әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
* шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің
дамуын тежейді немесе шектейді;
* бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы
қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей салық
мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар табыстарынан алынады. Осы
салықтың түрлеріне- айлықтан алынатын, пайдадан алынатын, жылжылмайтын
мүліктен, бағалы қағаздар операциясынан алынатын т.б. салықтар жатады.
Жанама салықты мемлекет тікелей емес, баға арқылы айландыра отырып алады.
Оған - акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.
Жанама салық мемлекеттік реттеудін бірден-бір тәсілі ретінде колданылады.
Салықтан алынатын сома - салықтың негізі аталады. Мысал ретінде табыстан
алынатын салықты қарастыруға болады. Табыстан алынатын салықты салық алудың
басты көзі ретінде қараймыз. Табыстан (пайда) алынатын салық алынған табыс
(пайда) көлемі мен салық жеңілдіктерінің өзара айырмасына тең.
Салыққа жеңілдіктер салық сияқты белгілі тәртіпке негізделген заң
актілерімен айқындалады. Салыққа жеңілдіктердің төмендегідей түрлері бар:
- салық объектісінің алынбайтын минимумы;
- кейбір адамдарды салық төлеуден (соғыс ардагері, мүгедектер)
босату;
-салық негізінен босату;
-салык несиесі (салықтың белгілі көлемін алуды ұзарта түсу)
және т.б. Салық өсімі - салық салу бірлігіне деген мөлшер.
Әдетте салық өсімі пайыз түрінде белгіленеді.
Салық өсімі үш түрге бөлінеді.
Бірінші түрі - прогрессивтік салық өсімі. Мұның мәнісі -табыстың өсуіне
қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Кең тараған түрі - Қазақстан
Республикасы азаматтарының айлығынан алынатын салық.
Екінші түріне салық өсімінің пропорционалды өсім жатады.
Үшінші түрінде - регрессивтік салық өсімі жатады. Регрессивтік салық өсімі
біздің елдегі салық заңдылықтарында қолданылмайды. Бұл өсім кері
прогрессивті және оның мәні салық өсімі мөлшерінін ұлғайуын табыстың
азаюымен түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасында жалпы мемлекеттік салықтар бар.
Олар мемлекетгік бюджетгі реттеудің қайнар көзі саналады. Жыл сайын
Қазақстан Республикасы бюджет заңына сәйкес, мемлекеттік салықтан бөлінген
бюджет табысына түсіп отырады. Ал жергілікті салықтар жергілікті бюджет
табысының негізгі көзі болып табылады.
Жалпы мемлекеттік салыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекетттік қарызы
Инфляцияның даму факторлары және оның әлеуметтік - экономикалық салдарлары
Қазақстандағы инфляциялық жағдай
Мемлекеттік қарыз проблемасы
Инфляция - пайда болу себептері және онымен күресу жолдары
Бюджет жүйесі
Инфляцияның теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қарыз мәселесі
Қаржы нарығы
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдайды талдау
Пәндер