Экономикалық жүйелер


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Аралас экономикалық жүйе, түрлері, моделі. КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Жоспары

Кіріспе3

І бөлім. Экономикалық жүйенің кезеңдеріне өркениетті жақындау . . . 6

ІІ бөлім. Экономикалық жүйенің түрлері. . 18

ІІІ бөлім. Аралас экономиканың моделі. 25

Қорытынды. 41

Қолданылған әдебиет43

Кіріспе

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрi емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы, бұл тауарлы өндірістiң заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика .

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс - аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы көрініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастардың бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғылымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргiзудің екі түрі, аралас экономиканың алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың бер жағын емес, ең тереңдігі шын нақты қатынастарды айкындайды. Аралас экономика өзiнiң бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінiң екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтаған.

Аралас экономикада ешкiмді, ештеңенi ешқандай қыстау, қинау жоқ. Мұнда табиғи эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс "ескертуімен" өзгерiп, жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндай жаңа өндіріс әдісінің пiсiп-жетiлуiнде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінiң екіншісіне өту кезеңі емес.

Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңалануы, мәндік қатынастары өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр.

Қазақстанда және басқа да тәуелсiз мемлекеттер қатарында әмiршiлдiк экономикадан нарыққа өту кезеңiнде мүлде басқа жағдай қалыптасуда, экономикадағы мемлекет рөлiнiң басымдалағы бiзге өткен күннен мұра болып қалды, нарқы одан бiртiндеп босатып, өзiн-өзi реттеу механизмiн енгiзу үшiн тұтас реформалар бағдарламасын қабылдау қажет. Қазақстан экономикасының дамуының өткен жолы бiздiң мемлекетiмiздiң объективтi заңдылықтары мен ерекшелiктерi аса мол күштi және өндiрiстi ұйымдастырудың таза нарықтық үлгiсiне көшу үшiн, ұзақ тұрақтандыру қажет ететiндiгiн айқын көрсетiп отыр. Бұл орайда соңғы 10-жылдықта экономика саласында маңызды нәтижеге қол жеткiзген басқа елдердлiң тұрақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру тәжiрибелерiн есепке алу шарт. Сонымен қатар, экономикада ұлттық дәстүрдi, Қазақстанның халықаралық нарықтағы болашағы мен қазiргi жағдайын есепке алмай басқа бiр елде тәжiрибеденг өтькен жалпы схемамен iс-әрекет жасауға әсте болмайды. Бiр әлеуметтiк-экономикалық жүйеден басқасына ауысу тек ұйымдастыру шараларын ғана талап етiп қоймайды, мемлекет азаматтарыың қоғамдық санасының түбегейлi өзгеруiн, меншiк саласында жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуын және iлкiмдi адамдардың тұтас тобының пайдав болуын талап етедi. Осының бәрi табиғи түрде жүзеге аспаса, қоғамның барлық саласында жаңа нарықтық қарым-қатынас қалыптаспаса, бiздiң бiр жүйеден екнiшi жүйеге ауысу кезiнде тұрғанымыз. Қазiргi кезде Қазақстан үкiметi нарықтық қарым-қатынастарға кедергi жасамастан қоғамның әлеуметтiк-саяси және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты белсендi де, мақсатты саясат жүргiзуде.

Егер Қазақстан экономикасын бүгiнгi әлемдiк қауымдастықтағы қазiргi үлгiмен егжей-тегжейлi салыстырсақ, онда маңызды айырмашылықтың бiрi өндiрiс құрыл-жабдықтарын жеке иемденетiн адамдар тобының аз екендiгiне көз жеткiземiз. Сондықтан да экономикалық реформа бағдарламасында мемлекеттiк меншiктi бiрте-бiрте азаматтар қолына көшiретiн кең көлемдi жеке меншiктеу ерекше орын алады.

Қазiргi кезде қазақстандағы экономиканың дерлiк толығымен, нарыққа өту жағдайларында үкiмет алдында түрған басты проблема бүкiл дерлiк ұлттық байлықтың мемлекет меншiгiнде болып отырғандығында.

Яғни республикада нарықтық қатынастар дамуының қазiргi кезеңiне барынша тән ерекшелiктер мiне, осындай. Оларға жан-жақты баға берiлдi деген ойдан аулақ бола отырып, ең алдымен нарықтық қатынастар механизмiн белгiлеуде принциптi позициялар ұқсастығын атап өту қажет. Осы салада ғылыми және практикалық тәжiрибе алмасудың республикада өтпелi кезең мiндеттерiн шешу үшiн пайдалы болатыны күмәнсiз.

І. Экономикалық жүйенің кезеңдеріне өркениетті жақындау

Меншік барлық қоғамдық құрылысқа тән объективтік қатынас болып қаралып қашан болмасын ойшылар назарынан тыс қалмаған. Әр түрлі өркениеттер өкілдері меншіктің табиғаты туралы және оның қоғам дамуындағы рөлі туралы өз пікірлерін ортаға салып өткен.

Көне грек әлемінің идеалына сүйене отырып, Платон идеалдық мемлекет туралы ілімін дүниеге әкелген. Бұнда азаматтар өндіріс шарттарын бірлесіп иемденеді. Жалпы меншіктің артықшылықтарын дәлелдеу адамгершілік - өнегелілік туралы ілімге негізделген болатын. Өнегелік - бұл мән және рух бірлік, біртұтастық деп мойындау, өнегелілік, оны жеке алып қарағанда, жалпыламалық болып табылады; өнегелілік бағытында қызмет ету адамгершіліктің белгісі; жеке меншік жеке адамның мүддесін жалпы мүддеден жоғары ұстайды, әр адам тек өзі үшін меншік иесі болуды көздейді. Сондықтан жеке меншік өнегелілікке, адамгершілікке жатпайды.

Көне Римнің цивилизациясы басқа болды. Бұнда жеке тұлға тұңғыш рет өзінің жалпыламалық бірлігінен бөліне бастады, индивидуалдық дамуға кедергі болатын тайпа мен ру екенін сезіну жойыла түсті. Жеке меншікке артықшылық көрсетіліп, оны мойындау орын алды.

Римнің идеалдары роман-герман цивилизациясында одан әрі дами түсті. Реформация Батыс әлемінде өмір, табиғат және дүниежүзі туралы адамгершілік бағалылықтарды өзгертті. Эгоистік, индивидуалистік тұлғаға бағытталған, протестант этикасының ықпалымен, экономикалық адам ұғымын, азаматтық қоғам және таптық мемлекет теориясын табиғи құқық деп түсінетін, жеке меншік ілімі жарыққа келді, ал "адамның бостандығы, еркіндігі" деген түсінік, "меншігі бар адам" деген түсінікке айналды.

Қазақстандық цивилизацияның адамгершілікті бағалауы көне-грек әлемінің идеалдарына жақын болатын. Кәсіпкерлік, іскерлік қолдау алатын, ал дүниеқорлық, пайдақорлық айыпталатын, адамгершілікке жатпайтын.

Адамгершілік, өнегелілік бірлік және руханилік деп саналып түсінілетін. Жалпы және жеке меншіктің ұштасуына, үйлесіміне назар аударылатын, үміт артылатын.

Меншіктің әр түрлі формалары мен түрлерінің мәндік қасиеттері экономикалық жүйелерде байқалады. Экономикалық. жүйе халықтың шаруашылық, практикасының нақты жағдайында пайда болатын, қоғамның ерекше құрылымын бейнелеп көрсетеді. Бұнда халықтың шаруашылық дағдысы, дәстүр-салты, рухани қал-жағдайы, оның кұрметтеп бағалайтын жәйттары және өмірге, дүниеге деген ерекшелік көзқарастары қамтылады. Міне осындай жағдайлардың өзі, жүйелердің біркелкі болуын мүмкін етпейді, олар қашан болмасын нақты болады, өздері бейнелейтін мәдениетке сай келеді.

Экономикалық жүйенің ерекше қасиеттері болады, экономиканы реформалағанда солармен есептесу керек. Бір жақтан, экономикалық жүйе сыртқы ортамен зат және қуат айырбастасып отыратын ашық жүйе болады, әлемдік тәжірибе айырбасына кедергі жасамайды, өзінің элементтерін жаңаландырып отырады. Екінші жақтан, нақты өркениеттің мәдени құбылысының бір көрінісі ретінде, экономикалық жүйе, алдымен өркениеттің осы типін ұдайы өндіріуге мақсатталады. Сондықтан ол қатал, тұйық жүйе болып әрекет етеді: бір экономикалық жүйеде пайда болған үлгінің, басқа экономикалық жүйелерде қолданылу мүмкіндігі төмен, шектелген болады. Бұл экономикалық жүйенің этникалық байланыстарын және оның өркениеттік тұтастығын бұзбай сақтауға көмек береді. Табиғи шек қоюшы тетіктер рөлін, осы қоғамның тұрақтылығын және оның өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетін сақтауға ат салысатьш, экономикалық жүйенің әдет-ғұрыптары, салты. атқарады.

Қоғамдық өндірістің дамуы, экономикалық жүйелердің сыртқы ортамен тұрақты байланысқа ашықтығы, осы жүйенің жаңашыл жағдайлармен толықтырылып жетіле беруіне көмектеседі. Бұл ішкі жүйелік өзгерістердің жүруі арқылы жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде экономиканың жаңарған үлгісі жарыққа келуі мүмкін. Экономикалық, ғылымда «экономикалық үлгі» деген түсінік қолданылады. Бұл нақты ақиқаттың көшірме бейнесі, белгілі бір дәрежеде тұпнұсқаға сәйкес келетін танып білудің нәтижесі.

Ресейдегі (кешегі күнге дейін қазақ елі Ресей құрамында болғаны мәлім) өркениеттің Батыс өркениетінен айырмашылығы, осыларда қалыптасқан экономикалық үлгілер арқылы көрінеді. Батыс Еуропада таза капитализм үлгісі қалыптасқан. Ресейде таза капитализм дәуірі болмаған. Жалпы ресейлік нарықты аралас экономиканың ерекше типінің туындысы деуге болады. XX ғасырда осы екі өркениет тоталитарлық тәртіптің үлгісін - әкімшілік-бұйрық типті экономиканы сыйлады.

Енді осы үлгілермен танысайық. Бұл танысуды мына қасиеттермен есептесе жүргізейік: меншіктің басым формалары және түрлері, экономикалық үстемділік пен оны жүзеге асыру әдістері, нарықтың орны, рөлі және мемлекеттің экономикалық рөлімен есептесіп.

Таза капитализмде меншіктің көп тараған формасы - индивидуалдық жеке меншік: әр субъект іс-әрекеттерін өзінің мүддесіне сәйкес жүргізеді; әр экономикалық бірлік өзінің табыстарып көбейту қызметтерін өз шешімдеріне сәйкес жүргізеді; өнімді сатушы мен сатып алушы өте көп болады. Бұл еркін бәсекелестікті жандандырады, бірақ әр келісім көлемі ұсақ болғандықтан, олар сұраныс пен ұсынысқа әсер етпейді, сондықтан нарықтың ешбір субъектері экономикалық үстемділік жүргізе алмайды. Сөйтіп, экономикалық үстемдік нарықтың тек өзіне тән элемент болып табылады. Осы жағдай нарыққа реттеуші рөл әпереді және баға дәрежесін белгілеудің өзі соның қасиеті болып табылады. Мемлекеттің рөлі өте шектелген болады.

Әкімшілік-бұйрық экономикасы қарама-қарсы приоритеттер орнатады: экономикалық үкімет, үстемдік бір орталықтан жүргізіледі; нарық экономиканы реттеуші болмайды; нарық субъектерінің әрекеттері жалпы мақсатты орындауға бағыттандырылып, жеке адам мүдделері жалпыламалыққа жүгіндіріледі; өндіріс шарттарына қоғамдық, немесе, жеке меншік болады. Орталықтан жүргізілетін экономикалық үкімет әкімшілік-бұйрық тәсілдері арқылы жүргізіледі, ал иеленуде бөлу қатынастары приоритетке ие болады: иеленуге айналым арқылы жету бағынышты рөл атқарады. Негізгі экономикалық субъект мемлекет болады. Бұл жағдайда экономиканы басқаратын органдар иеленушілердің және өндірістік кәсіпорындардың қызметтерін өз қарамағына алады.

Ресейдегі XIX ғ. екінші жартысындағы шаруашылықтың ерекше құрылысы аралас экономика үлгісінің концепциясын қалыптастыруға әкеледі. Батыс үлгісімен салыстырғанда, осы үлгі, жетекші укладтың басқа укладтарды өзіне сіңіруі арқылы қол жеткен экономикалық құрылымның біркелкілігіне негізделмейді. Ол бір-тұтас организмнід әр бөлшектері ретінде қатар жүріп отыратын шаруашылық жүргізу формаларының көптүрлілігіне, шаруашылық іс-әрекеттердің көп ауқымдылығына, экономикалық болмыстың көп полюстік болуына және оларда мәндік мағыналар бар екеніне негізделеді. Аралас экономика үлгісінің философиялық негізін К. Н. Леонтьев ашқан заңның қорытындысы құрайды: экономикалық құрылымның бірдей болмауы және шаруашылық жүргізудің формаларының көп болуы - бұл кемшілік емес, бұл олі практикаға енбеген идея түріндегі дамудың ішкі көзі бар болғанының айғағы.

Батыс теоретиктерінің аралас экономика теориясына көзқарасы екі жақты деуге болады: аралас экономика теориясы бұлардың арасында кең қолданылатын, дүниеге бір бағыттан бір полюс деп қарап тану концепциясына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, олар дамудың басым (жетекші), негізгі тенденциясы деп, еркін бәсекеден жетілмеген бәсекеге, таза капитализм экономикасынан бұйрық экономикасына жылжу екенін мойындайды. Айырмашылық тек бір полюстен екіншіге көшу қандай формалар арқылы жүруінде - капиталдың монополиясы, немесе, мемлекеттің монополиясы арқылы жүзеге асырылуында. Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабыддайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-тендік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды, мүмкін емес. Егер Ресейдегі аралас экономика бастапқы құбылыс, ешкімді тандандырмайтын қарапайым жағдай болса, Батыста ол біркелкі экономикалық құрылымға бағытталумен байланысты пайда болған, шаруашылық өмірдегі қайшылықтарды шешудің ерекше формасы болып табылады.

Батыста аралас экономика таза капитализмді ығыстыра бастады. Бір шектен екінші шекке ұрыну, жоғарыда аталған екі үлгілерге тән болады, ал аралас экономикаға тән емес. Батыста өнімді өндірушілер және өндіріс шарттарын сатып алушылар - ірі корпорациялар. Сондықтан экономикалық үстемдік (өкімет) ыдыратылмаған. Сонымен қатар, аралас экономикадағы экономикалық өкімет тоталитарлық сипаттамада болмайды, ол әкімшіл-бюрократтық әдіспен жүргізілмейді, сондықтан осы жағдайда болатын қатынастар айырбас қатынастарына үстемдік жүргізбейді, оларды толықтыра түседі; материалдық ресурстарға меншік халықтық, мемлекеттік, жеке меншік түрлерінде болады; ор субъектінің іс-әрекеті өзінің мүдделерімен сәйкес жүргізіледі, бірақ қоғам көлеміндегі ұнамды мақсаттар белгіленген болады. Мемлекет экономикада белсенді қызмет атқарады, мемлекеттік және жеке секторлардың іс-әрекеттерін болжайтын, жоспарлайтын және сәйкес төндіріп отыратын жүйе болады.

Технократиялық өркениет тұрғысына қарағанда, дәстүрлі экономика даму дәрежесі төмен елдерге тән болады. Ол шынында экономикалық жүйенің бастапқы, тұңғыш типіне жатады, оның әр алуан түрі бар, өйткені салтқа, дәстүрге, ұлттық, мәдени, рухани тамырларға негізделеді. Бұнда меншіктің бірнеше түрлері мен формалары пайдаланылады. Осындай экономикаға тән бірнеше қасиеттерді атап өтейік: экономикалық іс-қимылдар бастапқы, ең жоғарғы байлық деп есептелмейді; индивид алдымен өзінің бастапқы қауымдасының мүшесі болып саналады; экономикалық өкімет саяси өкімет пен қосылған, бірге жүргізіледі.

Дәстүрлі экономика өте тұрақты келеді. Оны реформалау оңай шаруа емес. Бұған дәлел, осы қоғамның табиғаты. Жеке адам әлеуметтік бірлестіктен бөлініп шықпаған жағдайда және экономикалық әрекеттер алғашқы нақты байлық деп мойындалмаған жағдайда, қоғамның тұрақтылығын сақтап қалу индивидті қорғау арқылы және оның осы статусын ұдайы өндіріп отыру арқылы жүзеге асырылады. Батыс типтес нарық экономикасына көшу дәстүрлі қоғамның тұрақтылығын күйретуге бағытталады. Бұның нәтижесінде тұрақтылықтың ескі шарттары құлдырап, жаңалары әлі жасалынбайды. Реформаны осылай жүргізу алдын ала оның нәтижесіз аяқталуына әкеліп соғады.

Экономиканы реформалауда меншіктің орны

Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдіх ететін меншік формасының өзгеруі қалайда қажет деп тілемейді. XX ғ. басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді. Экономиканы мемлекеттік реттеу бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Соғыс біткен соң одан бас тарту бұрын болмаған экономикалық дағдарысқа әкеліп соқты. Кейнс және оның мектебі осы жағдайды дұрыс түсініп, экономиканы реформалау қажеттігін ұсынды. АҚШ-ғы Рузвельттің курсы практика жүзінде олардың қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеді.

Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық сипатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пиночет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.

Әлем тәжірибесінің дәлелі бойынша, тауар өндірісінің дамуында, меншік формасы ешқашан шешуші бастама болған емес. Нарық шаруашылығының негізін құрайтын бәсекенің өзі меншік формасына парықсыздықпен қарайды. Бұл бекер емес, өйткені меншіктің екі формасыда мыңдаған жылдар бойы біртұтас мәннің керінісі больш келеді. Меншік формаларының эволюциясы қоғамдық өндіріс процесінде жүріп отырады.

Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына ат салысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана занды тұлға болып танылады.

Тіпті меншікте капиталдың үлес салмағының тұрақты түрде төмендеу тенденциясы және банктік несие мен облигациялық капиталдың күрт көбейуі байқалады. Акционерлік капиталдың құрылымында өзгерістер болып жатыр. Акциялардың индивидуалдық иемденушілерінің үлес салмағы азайып, меншік иелерінің акцияның индивидуалдық ұстаушысы ретіндегі ролі төмендеуде, компанияны басқару менеджерлерге көшіп келеді.

Осы замандағы барлық экономикалық жүйелердің негізі - тауар өндірісінің болуы, экономикалық үлгінің бір түрінен екіншісіне көшуді жеңілдетеді. Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тән айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі; экономикалық өкіметтің типі және оны жүзеге асыратын формалар; осы қоғам жүйесіндегі байлық, деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудін дүниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра құбылыстарды ашты.

Алдымен көзге түсетін жағдай, ол реформа жүргізуде қолданылатын шараларды таңдау арқылы жүзеге асырылуы. Табиғи ортада тұратын халықтар, тек өздерінің дәстүріне зиян келтірмейтін өзгерістерді қабылдайды. Мысалы, терушілікті және аң аулауды кәсіп ететін адамдар және көптеген ғасырлар бойы егіншілікпен, мал өсірумен айналысатын қауымдармен көршілес болған олардың өнерімен жақсы таныс болған, сондада өздеріне тән иелену әдісін жоғалтпаған, одан бас тартпаған. Тек тым үлкен апат, күйзелістер оларды өндіруші шаруашылыққа бейімделуге мәжбүр еткен.

Дәстүрлі өмір туралы бұрмалау жиі кездеседі. Шындығында, ол сіресіп қалған ескілік емес, ол жеке адамныц өнегелілігін сақтайтын қоғамдастық емес, ол жеке адамға, қауымға тән, атадан атаға дарыған, ұрпақтан ұрпаққа жайылған өнегелі салт, әдет-ғұрыпты сақтап одан әрі жалғастырудың жуйесі. Роман-герман өркениеті материалдық табысқа жетуді кездеп, іс-әрекет етуді ұнамды деп санаса, индо-будда өркениеті дүниеқорлықты, ашкөздікті, ал қазақ халқы тойымсыздық пен парақорлықты кіналайды. Ағылшындар, дәстүріне сәйкес бизнеспен айналысса, оның бизнес бойынша серіктесі - индиялық дәстүрге симайтын «прогрессшіл» қызметпен айналысқаны болады. Салт-дәстүр, өнегелік информацияны ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып таратудың формасы.

Кей жағдайда реформаның табысқа жетуі үшін, қоғамдық байланыстарды алмастыру, экономикалық қызметтің өнегелілік маңызын көтеріп, экономикалық өкіметтің сипаты мен әдістерін өзгерту жеткілікті болады. Кейде меншіктің басым формасын өзгерту реформаның құлдырауынан құтқармайды. Өйткені, реформалау болмыстың рухани-өнегелік, әлеуметтік, психологиялық жақтарын қозғайды. Ол адамның психикалық күйімен және оның реформаға кірісуімен байланысты болады. Осылайша өнегелік тікелей халықтың байлығының қасиеттерінен бірақ шығады.

Реформалау өз мақсатьна жету үшін, халық өмірінің ақиқатынан қол үзбеу керек. Ол объективтік ете аз өзгеру, минималдық транс-формация заңына бағынысты болады: осы өркениеттің негізгі мәніне қатер туғызбай, қоғамды шаруашылық іс-қимылдың жаңа жағдайларына келістіретін өзгерту жүргізу варианты ғана мақсатқа жетеді. Керісінше болса, реформалау жетістікке жол беретін күштен күйретуші күшке айналады. Жапонияның дәстүрлі экономикасында нарықтыққа сәтті көшуін былай дәлелдеуге болады: мұнда дәстүрлі қоғамның түрақтылығын ұстап тұрған тіректерді (негіздерді) жаппай жоймай, субъектінің еңбекті ұйымдастырудың жаңа фор-масындағы ең бастапқы, тұңғыш әлеуметтік бірлігінің тығыз байланысын пайдаланған. Осының нәтижесінде жеке адамның бүрынғы статусы жаңа экономикалық жағдайда қайта жандана түсіп, ынталану мен өнімділігі жағынан батыстағы формалардан арта түскен еңбекті ұйымдастыру формасы құрылған.

Қазақстандағы реформаның сәтсіздіктерінің көбі, оның өркениет ерекшеліктерімен есептеспеуімен дәлелденеді. Қазақстанда көп мәселе дәстүрлік қоғамнан деуге болады. Өйткені осы қоғамның белгілері бізден табылып отыр.

'Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілері мынадай: экономикалық, іс-қимыл біріншілік мұра деп қабылданбайды;

•жеке дара адам ұзақ мерзім бойы бастапқы әлеуметтік кауымнан бөлінбеген;

•қашанда жоғарғы экономикалық өкімет тым ортақтанған болады және ол жоғарғы саяси өкіметпен біріге отырып өз әрекетін әміршіл-әкімшілік әдістермен жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйе мысалдары
Экономикадағы ақпараттық жүйелер
Информациялық жүйенің ұғымы
Бағдарлы сыныптарда "ақпаратты жүйелер" тақырыбын оқыту әдістемесі
Оқу үдерісін автоматтандырудың теориялық негізі
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Жүйе. Жүйе туралы ұғым .Жүйе түрлері
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
Кен өндіру жұмыстарын жүргізу жүйесі туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz