Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу («Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі мысалында)


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. . …. 3

1 Аудиторлық істің құқықтық механизмдері . . . 4

1. 1 Аудитордың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері . . . 4

1. 2 Аудитті құқықтық реттеу . . . 6

1. 3 Аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары . . . 9

2 Қазақстанда аудитті нормативтік-құқықтық реттеу . . . 12

2. 1 ҚР -ғы «Аудиторлық қызмет туралы» Заң . . . 12

2. 2 Аудит стандарттары . . . 16

2. 3 Аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау . . . 19

3 «Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі . . . 22

3. 1 «Маңғыстау мұнай газ» АҚ-ның технико-экономикалық сипатта-

масы . . . 22

3. 2 «Маңғыстау мұнай газ» АҚ-ның есеп саясаты . . . 28

Қорытынды . . . 32

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34

Кіріспе

Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң талаптарына сәйкес келмейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.

Қазіргі уақытта аудит шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделікті өміріне біртіндеп еніп келеді. Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларды дайындау және аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды. Бұл талаптар әлемдік іс-тәжірибеде кең таралған Халықаралық аудит стандартарында көрініс тапқан өлшемдерге сәйкес келді. Аудитор кандидаттарына қажетті талаптар ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңда және аудиторларды аттестация жөнінде біліктілік комиссиясы туралы ережеде анықталған.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс берушілермен жасалған келісім-шартта қарастырылатын өз міндеттерін біліктілеп орындауға жауапты. Тексерістерді сапасыз жүргізіп, шаруашылық етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға келісім-шартта қарастырылған мөлшерде материалдық жауапкершілік жүктейді. Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор - өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.

Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң талаптарына сәйкес келмейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.

Бірінші бөлімінде аудиторлық істің құқықтық механизмдері, ондағы аудитордың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері қарастырылады.

Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған.

Екінші бөлімінде, Қазақстанда нормативтік-құқықтық реттеулер, стандарттар және аудиторларды кәсіби аттестациялау және лицензиялау қызметтері қарастырылған.

“Аудиторлық қызмет туралы” заң Қазақстан Республикасында аудиттық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдарды заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық заңдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

Үшінші бөлімінде, ҚР-да аудитті нормативті-құқықтық реттеуге мысал ретінде, «Маңғыстау мұнай газ» акционерлік қоғамының қызметі келтірілген. Ондағы «Маңғыстау мұнай газ» АҚ-ның технико-экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты қарастырылған.

1 Аудиторлық істің құқықтық механизмдері

1. 1 Аудитордың жауапкершілігі, құқығы және міндеттері

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға кәсіби қызметті қанағаттанғысыз дәрежеде орындамау үшін азаматтық-құқықтық, әкімшілік, материалдық, қылмыстық жауапкершіліктері жүктеледі. Клиенттер оны кредиторлары мен инвесторлары, мемлекет және оларға өкілеттілгі жүретін тәртіп сақтау және басқа органдар аудиторға қарсы сот немесе төрелік сот іс қозғауы мүмкін.

Аудиторлық ұйым барлық елеулі қатынастарда экономикалық субъектінің қаржылық есеп берулердің анықтылығы туралы кәсіби пікір қалыптастыратыны және оны білдіретіні үшін жауапқа тартылады. Заңдық жауапкершілік тек келісімшарттағы міндеттемелерді бұзғаны үшін ғана емес, сондай-ақ немқұрайлық, ұқыпсыздық, алаяқтық зиян шектіру және т. б. сияқты азаматтық құқық бұзылушылық әрекеттерін тудырғаны үшін, сонымен қатар, залалға әкеп соқтыратын аудиторлық тексерулердің шалағай жүзеге асырылғаны анықталған жағдайларда қарастырылады.

Анық еместігі кейін анықталған қаржылық есептемесі негізінде қабылданған шешімінің нәтижесінде қаржылық зиян шеккен тұлға жалпы құқық бұзушылық әрекеті үшін аудиторға қарсы іс қозғайды. Сонымен бірге қаржылық есептемелерді дайындау, жасау және уақытылы ұсыну жауапкершілігі тексерілетін субъекті басшылығының мойнында болады.

Егер қайсы бір тұлға аудитор өзіне зиян шектірді деп айыптап, оған қарсы сот процесін бастайтын болса, ол міндетті түрде аудиторға жаза тартқызатын әрекеттерді - келісімшарттың бұзылуын, азаматтық құқықтық бұзушылықтың болғанын, алдау және алаяқтық әрекеттерге барғанын дәлелдеуі керек.

Аудиторлар клиент алдында да және оның қызмет нәтижелеріне мүдделік танытатын, яғни қызмет нәтижелерінің негізінде үшінші жақ ретінде белгілі бір шешім қабылдайтын басқа субъектілердің алдын да жауапты. Мысалы, аудиторлық фирмадан банк сол аудиторлық фирманың клиентіне беру жөнінде шешім қабылдау үшін қаржылық есеп берулерді талап етуі мүмкін.

Сондай-ақ, аудиторлар өз жұмыстарының нәтижелеріне сүйенетін нақты әрі әлеуетті клиент инвесторларының алдында да жауап береді. Бұл тұлғалар аудиторларды жауапқа тартуға тырысуы мүмкін, бірақ олар оның ұқыпсыздығы мен немқұрайлығын немесе алаяқтық жасағанын дәлелдеуі қажет.

Жауапкершілікті арттыру мен кәсіби әдепті сақтаудың маңызды аспектісіне аудиторлардың жұмыс сапасын бақылау жатады. Аудитордың жауапкершілігі мен жұмыс сапасына әсер ететін 9 позицияны бөліп көрсетуге болады:

  1. қызметкерлерді жалдау;
  2. жұмыс кестесін жасау;
  3. біліктілікті арттыру;
  4. басқарушы қызметкерлерді бақылау;
  5. мансап;
  6. қызмет көрсетуге клиентті қабылдау;
  7. кеңес беру;
  8. тәуелсіздік;
  9. фирманы бақылау.

Қазіргі уақытта аудит шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін қаржылық бақылаудың тәуелсіз жүйесі ретінде біздің қоғамымыздың күнделікті өміріне біртіндеп еніп келеді. Сол себепті де мемлекет пен кәсіби ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаларды дайындау және аттестациялау ісіне жоғары талаптар қояды. Бұл талаптар әлемдік іс-тәжірбиеде кең таралған Халықаралық аудит стандартарында көрініс тапқан өлшемдерге сәйкес келді. Аудитор кандидаттарына қажетті талаптар ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңда және аудиторларды аттестация жөнінде біліктілік комиссиясы туралы ережеде анықталған.

Аудитор ізденушінің мінсіз репутациясы, жоғарғы білімі, экономика, қаржы, есептік- талдама, ревизиялық - бақылау немесе құқық салаларында соңғы жеті жыл ішіндегі 5 жылдық жұмыс тәжірбиеде бар адамдар немесе жоғарғы оқу орнында ғылыми- оқытушылық қызметпен айналысатын соңғы және осы аталған салаларда соңғы 5 жыл ішіндегі 2 жылдық тәжірбиелік еңбек стажы бар адамдар аттестациялауға жіберілді. Олар белгіленген пәндер бойынша біліктік емтиханын тапсырып, аттестациялаудан өтуі қажет.

Кәсіби аудитордың бірден- бір басты айырмашылығы- қоғам, клиент және әріптестердің алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі болып табылады. Ол өзінің кәсібіне деген сенімділікті жоғалтатын кез-келген әрекеттер жасамайды. Аудитор өзінің қызметін мінсіз орындауға тырысқаны дұрыс, ол үшін тәуелсіз, адал әрі объективті болуы керек.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мынадай құқықтары бар:

1 аудиторлық тексерулердің формалары мен әдістерін қолданыстағы нормативті- құқықтық актілер, нормалар мен стандарттар және тапсырыс берушілермен жасалатын келісім-шарттың талаптары немесе «алдын- ала тергеу, прокурор, тергеуші, сот органы» мемлекеттік органдарының тапсырма мазмұны негізінде өз бетінше белгілеу;

2 бухгалтерлік кітаптарды, басқа да қаржылық шаруашылық қызметтерінің құжаттамаларын, мүліктің бар екендігін, ақша сомасын, құнды қағаздарды тексеру, шаруашылық жүргізуші субъект басшысынан бақылау жүргізуді, өнім сапасын анықтау, орындалған жұмыс өлшемдерін, құжаттарды тексеруді жүзеге асыруға қатысты құжаттарды талап ету;

3 тапсырыс берушіде, үшінші тұлға да болатын аудиторлық тексерулердің мазмұнына қатысты қажетті құжаттар мен ақпараттарды, сондай-ақ тапсырыс берушінің басшылығынан және қызметкерінен жазбаша немесе ауызша түрде түсініктеме алу;

4 аудиторлық тексерулерді бірігіп жүргізуге дербес жұмыс істейтін немесе аудиторлық фирмаларда қызмет ететін аудиторларды, сондай-ақ тексерілетін объектілерде жұмыс істейтін басшымен қызметте тікелей туыстық қатысы бар немесе ортақ қаржылық мүдделері бірге болатын тұлғалардан бөлек басқа мамандарды келісім-шарт негізінде шақыру;

5 тексерілетін заңды тұлға есепшоттарының жағдайы мен операциялары туралы қажетті мәліметерді банктен алу және т. с. с.

Аудитордың осы құқықтарымен қатар қаржылық есеп берудің анықтылығын тексеруге келмейді. Олар шаруашылық қызметтерде талдау, еңбек, азаматтық, қаржылық және шаруашылық құқық салаларындағы аудиторлық қызмет түрлерін айқындауы мүмкін.

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ҚР заңдарында және тапсырыс берушілермен жасалған келісім-шартта қарастырылатын өз міндеттерін біліктілеп орындауға жауапты. Тексерілерді сапасыз жүргізіп, шаруашылық етуші субъектілерге зиян шектіретін болса, аудиторға келісім-шартта қарастырылған мөлшерде материалдық жауапкершілік жүктейді. Аудитор өз жауапкершілігін аудиторлық фирманың қаражат есебінен, ал жеке аудитор - өз есебінен де, сақтандыру ұйымының есебінен де сақтандыра алады.

Аудиторлар қаржылық есептемелердің және басқа құжаттардың заң талаптарына сәйкеспейтін тұстарын аудиттелген субъектіге хабарлауға міндетті, сонымен бірге аудиттің нәтижелері мен басқа да мәліметтердің құриялылығын сақтауға міндетті және қолданыстағы нормативті-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді орындауы керек.

«Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес біліктілік комиссиясы аудиторлық қызметпен айналысқысы келетін тұлғаны аттестациядан өткізеді. Комиссия «аудитор» атағын тиісті куәлік пен нөмірлі мөр береді.

1. 2. Аудитті құқықтық реттеу

Аудиттік қызметтерді жүзеге асырумен байланысты құқықтық және этикалық нормалардың өзара қарым-қатынасын мемлекеттік және кәсіби тәуелсіз қаржылық бақылау органдары әзірлейді. Біздің елімізде аудитті нормативті-құқықтық реттеудің мемлекеттік жүйесі құрылған. Тәуелсіз қаржылық бақылау ұйымының аңды базасының негізгі элементтеріне кіретіндер:

  • ҚР Конституциясы (1) ;
  • ҚР азаматтық кодексі (2) ;
  • ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы (11) ;
  • ҚР «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берутуралы» заңы (8) ;
  • ҚР қылмыстық кодексі (3) ;
  • «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексі;
  • ҚР әкімшілік жолмен құқық бұзушылар туралы кодексі (4) ;
  • ҚР бюджет кодексі (7) ;
  • ҚР «Акционерлік қоғамдары туралы»; «Банкроттық туралы»; «Шетелдік инвестиция туралы»; «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» және т. б. заңдары (16, 20) .

Жоғарыда аталған заңды құжаттарда аудиторлық қызметке тікелей қатысы бар маңызды нормалар мен ережелер анықталған. Оларды айқын білген жөн және іс жүзінде дұрыс қодану керек. Бұл арада қолданыстағы нормативті-құқықтық актілер жүйелі түрде толықтырылып, өзгертіліп тұратынын және қажет болған жағдайда қайтадан жасалатынын ескеріп отыру керек.

Белгілі болғандай, 1993 жылдың 18-ші қазанында «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы» заңы алғаш рет қабылданғаннан кейін еліміздің экономикалық және қоғамдық саяси өмірінде елеулі өзгерістер болып өтті. Экономиканы, қаржы-несие жүйесін басқару және оларды нормативті-құқықтық реттеу салаларында реформалар болды. Өнеркәсіптерде, саудада, құрылыста, ауыл шаруашылығында және көлік саласынданарықтық қатынстарды одан әрі тереңдету бойынша шаралар қабылданды. Кәсіпкерлікті дамытуға және меншіктерді мемлекеттендіру мен ұлттық экономикалық көптеген салаларындағы жекешелендіруге экономикалық жағдай жасалып, құқықтық негіздері қаланды.

Бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық стандарттарға көшу, бизнес саласындағы заңды және қаржылық-несиелік қатынастарды реттеу жүзеге асырылады (7-20) .

Мұның бәрі 1998 жылдың 20-шы қазанында қабылданған ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңды әзірлеу шарттарын тудырды. «Ескі» заңмен салыстырғанда, оның аудиторлық қызметті лицензиялау және жүзеге асыру, аудитор кандидаттарын аттестациядан өткізудің тәртібі. Сондай-ақ бұл саланың негізін қалаушы ұғымдары, принциптері, түрлері, субъектілері туралы толығырақ айтылған. Аудиторлар және аудиторлық ұйымдармен қатар аудиттелінетін субъектілер мен оның тапсырыс берушілерінің құқықтарына, міндеттеріне және жауапкершілігіне ерекше мән берілген (11) .

Аудит туралы екінші заңның уақтылы қабылдануы республикадағы аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың нақты тәуелсіздігін нығайтуға ықпал етті, өйткені үкіметтік және басқа да атқарушы органдар оларды дербестігін айырып, министрліктер мен ведомствалардың нұсқауы бойынша мәжбүрлеп жұмыс істету әрекеттері талай рет қайталанды.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» жаңа заңның талаптарына сәйкес аудиторлардың аумақтық палаталары мен Республикалық палатаны тексеру, комиссияны сайлау және аудиторларды аттестациядан өткізу жөнінде біліктілік комиссиясын қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады. 1998 жылдың 22-23 желтоқсанында Алматыда елдегі аудиторлардың төртінші Республикалық конференциясы болып. Оның қорытындылары бойынша мынадай маңызды қаулылар қабылданды:

  1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңын іс жүзінде асыру бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндеттері туралы;
  2. Аудиторлардың Республикалық палатасын қалыптастыру туралы;
  3. «Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясы туралы» ережені бекіту туралы;
  4. Республикалық палатаның Кеңесін сайлау туралы;
  5. Аудиторлар Республикалық палатасының тексеру комиссиясын сайлау туралы;
  6. Аумақтық аудитор палаталары төрағаларының Кеңесін сайлау туралы;
  7. Аудиторларды аттестациялау жөніндегі біліктілік комиссиясының ревизиялық комиссиясын сайлау туралы.

Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген аудиторлық ұйымдарында көрнекті нормативті базалар бар, бұл олардың аудиторлық тексерулерді сәтті жүргізуіне ғана емес, сондай-ақ кеңес беру және басқа да кәсіби қызметтерде жетістікке қол жеткізулеріне мүмкіндік береді. Осындай қызметтердің арасында айтарлықтай салмағы басымдары мыналар: қаржылық-шаруашылық қызметтерді талдау, кәсіпорындар мен банктердің төлем қабілеттілігін, кредиттік қабілеттіліктерін, өтелімділіктерін бағалау, бухгалтерлік есеп, есептеме жасау, құқық, салық салу, жекешелендіру, мүлікті бағалау, маркетинг, менджмент мәселелері бойынша кеңес берулер және т. б.

ҚР «Аудиторлық қызмет беру» заңы аудиторды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтайды әрі меншік иеленушілер мен мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауға ықпалын тигізетін тәуелсіз қаржылық бақылау жүйесін құруға бағытталған. Егер Қазақстан Республикасы аудиторлық қызметті реттейтін еліміздің қазіргі заңы мен басқа да заң актілерінен бөлек халықаралық келісімшарттармен және келісімдермен жүзеге асыруға бет бұрса, онда халықаралық келісімшарттар мен келісімдердің ережелері қолданылады (11) .

Қарастырылып отырған нормативті-құқықтық актіде аудиттің сыйымды анықтамасы берілген, оны өткізу және клиентке басқа да аудиторлық және кеңес беру қызметтерін ұсыну тәртіптері белгіленген. Аудиторлық ұйымдар мен тәуелсіз аудиторлардың функциялары мен міндеттері, тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілік деңгейлері қалыптастырылады. Бұл заңның нормалары меншік түрлері мен қызмет салаларына қарамастан барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты республикамыздың барлық территориясында қолданылады. Онда келісімшарт негіздеріне қарай аудитор мен клиенттің арасындағы қарым-қатынас, сондай-ақ аудитордың өз клиентінен және кез келген мүдделі үшінші жақтан толық тәуелсіздігі жеткілікті дәрежеде ашып көрсетіледі. Тапсырыс берушіге (клиент) аудиторларды қалауына қарай еркін таңдауына құқық берілген. Ол, сонымен қатар, қаржылық-шаруашылық қызметтерді тексеру үшін шетелдік аудиторлар мен аудиторлық фирмаларды шақыруға құқы бар. Аудиторларға ұсынылатын мәліметтер мен құжаттамалардың анықтығы және шынайылығына тексерілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары жауап береді.

1. 3Аудиторлық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары

«Аудиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізде біріктіреді және мүшелік жарналар мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс (11, 5-б. ) .

Аудиторлардың республикалық және территориялық палаталары аудит процедурасын біріздендіруге (унификация), жетілдіруге және дамытуға үлестерін қосуы керек. Аудит, бухгалтерлік есеп және экономикалық талдау салаларындағы стандарттар мен ұсыныстарды сараптаумен қатар олар аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың қызметтерін үйлестіру функциясын орындайды, олардың қоғамдық этикалық нормаларын анықтайды, аудиторлардың біліктілігін арттыру, аудиторлық қызметтің нарығын зерделеу, аудиторлық фирмалар мен аудиторларды нормативті құжаттармен қамтамасыз ету, оларға аудиторлық істі ұйымдастыруда кеңес берушілік-әдістік көмек көрсету бойынша шараларды қарастырады.

Нарықтық экономикаға көшу барысында аудиторлық қызметтерді құрудың қарқынын жеделдетіп, олардың жұмыс әдістерін жетілдіру аса маңызды. Бұл өндіріс пен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың көптеген салаларында экономикалық проблемаларды шешудегі дәрменсіздіктерді жылдам еңсеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы Қаржы министрлігінің БТБ (Бақылау-тексеру басқармасы) жанынан шаруашылық есептегі тексеруші топ ұйымдастырылған 1989 жылдан басталады. Содан кейін оның негізінде 1990 жылдың 15-ші ақпанындағы ҚазССР Министрлер Кеңесінің № 60 қаулысына сәйкес республиканың Қаржы министрлігіне қарасты аумақтық бөлімдерімен «Қазақстанаудит» атты шаруашылық есептегі аудиторлық орталық құрылды. 1992 жылдан бұл кәсіпорын жеке аса ірі дербес акционерлік компанияға айналды.

1993 жылдың 18-ші қазанында Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» бірінші заңын қабылдады, ал 1994 жылдың 6-шы мамырында елдегі аудиторлардың 1 съезінде аудиторлар палатасының Жарғысы тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта елімізде 100-ден астам аудиторлық фирмалар мен 3000-нан астам маман жұмыс істейтін тәуелсіз жеке кәсіпорындар әрекет етеді. Келешекте аудиторлық істің мамандарына деген қажеттілік арта түседі. Аудиторлардың Республикалық Палатасының есебі бойынша еліміздегі аудиторлық қызметпен айналысатын қызметкерлердің саны шамамен 30 мыңдай адамды құрауы керек. Нарықтық өзара қарым-қатынасқа сәйкесетін нормативті-құқықтық актілерді әзірлеп қабылдау - аудиторлық істің келешекте дамуын дұрыс анықтауға және біздің еліміздегі ірі халықаралық аудиторлық компаниялардың көптеп келуіне ықпалын тигізеді.

ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңында ашық үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда кез келген ұйымдық-құқықтық формада аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйымдар ретінде ұғылатын аудиторлық ұйымдарға анықтама берілген (11, 4-б. ) .

Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:

  • шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;
  • біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;
  • акционерлік қоғамдар мен компаниялар;
  • шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;
  • жеке-дара аудит және кеңес беру.

Бірінші типтегі аудиторлық ұйымдарға 2002 жылға дейін «Үлкен бестік» деп аталатын: «КПМГ», «Делойт Энд Туш», «Артур Андерсен», «Эрнст энд Янг», «Прайс Уотерхаус куперс» шетелдік компаниялардың өкілдіктері кіреді.

Бұл компаниялар, әдетте, келешегі зор аудандарға ірі қалаларда офистерге, үлкен штаттарға және халықаралық деңгейдегі ауқымды жобаларды жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерге ие. «Үлкен бестік» мүшелерінің жылдар бойы тірнектеп жинаған тәжірибесі және жоғары беделі бар. «Үлкен бестіктердің» барлығы да өз қызметтерін Қазақстанда бастаған. Олардың өкілдері беделді тендерге қатысып жүр. Құрлықаралық фирмалардың тұрақты клиенттеріне белгілі халықаралық біріккен және қазақстандық компаниялар мен қаржы-банк мекемелері жатады.

Екінші тип ТМД елдерінің аудиторлық фирмалармен және шетелдік фирмалармен және шетелдік фирмалармен («Үлкен бестіктен» басқа) біріккен аудиторлық кәсіпорындар құруды қөздейді. Мұндай аудиторлық фирмалар шетелдік, біріккен және отандық компанияларға кәсіби қызмет көрсетеді. Осы типтегі аудиторлық ұйымдардың қатарына біздің еліміздегі ЖАҚ «БДО «Қазақстанаудит»-ті жатқызуға болады. Ол 2000 жылдың сәуір айында «ВДО International» деп аталатын әлемдегі аса ірі халықаралық тәуелсіз фирмалардың аудиторлық ассоциациясына толыққанды мүше боп кірді.

1963 жылы негізі «ВДО International» 99 елдің аудиторлық фирмаларының қызметін қамтиды және 2002 жылдың басында «Артур Андерсен» атты әйгілі фирма тарағаннан кейін бұл ассоциация «Үлкен бестіктің» құрамына кірді.

Үшінші тип - бұл өнеркәсіп кәсіпорындарында, ауыл шаруашылығына, құрылысқа, сауда-жабдықтау және басқа да салаларға қызмет көрсететін салааралық аудиторлық компания. Ол өзіндік ерекшелігі бар тақырыпта жұмыс істейді, оның нақтықызмет бағыты бар, отандық кәсіпорындарға кең спектрлі кәсіби аудиторлық қызмет көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Аудиторлық жұмыстың сапасын бақылау
ҚазТрансОйл АҚ тарифтік, әлеуметтік саясаты мен даму стратегиясын талдау
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының персоналмен жұмысын басқару бөлімшесі
Маңғыстаумұнайгаз Акционерлік қоғамында өнім сапасын басқаруды талдау
Қазақстан Республикасында мұнай газ кешенін мемлекеттік реттеу
Мұнай өнімдерін өндіруге салық салудың әлемдік тәжірибесі
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz