Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрі және оны іске асырудың механизмдері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
М А З М Ұ Н Ы
1. 2 Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық
негіздері . . .
2. 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясатын
жүргізу механизмдері . . .
2. 2 Қазақстан Республикасының әлеуметтiк саясаты және аймақтық
әлеуметтiк процесстері . . .
2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтағы әлеуметтік
процестерді басқару тиімділігін бағалау . . .
3. 1 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау
жүйесінің тиімділігін арттыру . . .
3. 2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік аймақтық саясатты
жүргізуде әлеуметтік-экономикалық механизмдерді қолдану
барысы және жетілдіру жолдары . . .
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын мемлекеттік аймақтық саясаттың қазіргі теориялық ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай мемлекеттік аймақтық саясаттың багыттарын айқындау өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мақсатта мемлекеттік аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінемін. Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында әлеуметтік реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық саясат маңызды роль атқарады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз» деп айтылған. Мемлекеттік аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар. Макро экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттік аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтереді. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аймақтардың мүдделерін үйлестіру, аймақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Әлеуметтік мемлекет көптеген құқықтық және қаржылық тұтқалар көмегімен өзінің әлеуметтік міндеттерін орындау мақсатымен экономикаға ықпал етеді. Әлемнің көптеген елдері әлеуметтік мемлекетке өз жолдарымен келген, онда барлық азаматтардың қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық реттеу механизмінің іс-әрекетінде қоғамның әлеуметтік құрылымы орныққан, сондай-ақ мемлекет экономиканың өзін-өзі реттеу мен табыстар деңгейінде жөнсіз алшақтыққа жол бермеу арқылы азаматтар категориясы арасында табыстарды бөлуді қадағалайды. Мемлекеттің барлық іс-әрекеттері - салықтар, жәрдем қаржылары, демеу қаржылары, бюджеттік ақша-несие саясаты, зейнетақымен қамтамасыз ету және тағы басқа адамзат дамуына ықпалын тигізеді.
Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-тендігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады. Дипломдық жұмыста әлеуметтік мемлекеттік саясаттың мәнін, мемлекеттік аймақтық саясатты және оның әлеуметтік-экономикалық механизмдерді қолдану және жетілдіру жолдарын қарастырдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрі және оны іске асырудың механизмдерін талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекеттік-аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдердің тәжірибесі мен териялық негіздерін анықтау.
- Қазақстан республикасындағы мемлекеттік-аймақтық әлеуметтік саясатты жүргізудің механизмдерін талдау.
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының мемлекеттік-аймақтық түрі.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатыныңмемлекеттік-аймақтық түрі және оны іске асырудың механизмдері
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімінде әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті, мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық негіздері, аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын құралдарын қарастырдым. Дипломдық жұмыс 65 беттен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮРГІЗУДЕ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕХАНИЗМДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті
Әлеуметтік саясат - бұл тұрғындардың әлеуметтік жағдайын толығымен, сондай-ақ оны құраушы класстарды, деңгейлерді (қабаттардың), әлеуметтік, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік професионалды топтарды, әлеуметтік бірлестіктерді (жанұялар, халықтар, қала, аудан, аймақ тұрғындары) өзгерту және сақтау мақсатындағы әлеуметтік топтардың өзара арақатынасы.
Әлеуметтік саясаттың басты нысаны - халық және халықтың әртүрлі бөліктерінің әлеуметтік жағдайы.
Әлеуметтік жағдай - бұл тұрғындардың және оның құрама бөліктерінің тіршілік әрекетінің негізгі мінездемесі.
Әлеуметтік жағдай тіршіліктің қоғамдық жағдайларын және қоғам бөліктерінің құрылымдық дамуын қалыптастыратын жүйенің өте маңызды факторларының әсері ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік жағдайды қалыптастыратын қоғамдық жағдайлардың ішіндегі ең маңыздылары мыналар:
- Қоғамдық құрылыс. Мұнда қоғамдық рольдердің негізгі үлестірімі бірінші кезекте қанаушылар мен қаналушыларға бөлу, үстемдік ету мен бағыну бекітілген.
- Қоғамдағы билік. Әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрушы әдіс ретінде. Тікелей диктатурадан әлеуметтік серіктестікке дейін өзгеретін биліктегі үстемдік етуші топтың басымдылық немесе үстемдік үлгісі өте маңызды.
- Шаруашылықтағы билік. (меншік) Меншік- бұл әкімшіл-шаруашылық қатынастар, яғни шаруашылықта маңызды шешімді қабылдаушылар мен оларды орындаушыларға бөлу. Мүлікті бөлу билеуші мен бағынушылардың арасында көрініс табады. Меншіктің негізгі анықтаушылары болып мүлік емес, әкімшіл- шаруашылық қатынастар табылады.
- Экономикалық жағдай- тіршілік пен дамуды қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар мен бірлестіктердің әлеуметтік жағдайларының қалыпты эволюциясын суреттеуге қажетті жағдайлардың жиынтығы. Мұнда тек қана кірістер емес, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, коммуналды - тұрмыстық қызметтермен, үймен қамтамасыз ету, жабдықтау жағдайлары кіреді.
- Экологиялық қауіпсіздік- өндірістік сферадағы, тұрғылықты жерлердегі, табиғи ортадағы экологиялық қауіпсіздік деңгейлері.
- Әлеуметтік қауіп - қатерден қорғану(әлеуметтік қорғаныс) - қоғамдағы жағдайды сақтау мен жақсарту талаптарын қозғау кезіндегі субьектілерге сүйемел болатын әлеуметтік тәртіп.
Әлеуметтік саясаттың мазмұнын ашу үшін кейбір маңызды аспектілердегі өзара әрекеттерін суреттеу қажет. Ол аспектілер мыналар:
- Әлеуметтік саясатқа нақты қатысатындар, яғни оның шеңберінде нақты әрекет етушілер мен әлеуметтік пассив субьектілерді анықтау.
- Ең беделді адамдар (класстардың, әлеуметтік топтардың) .
- Субьектілердің әлеуметтік жағдайларын шешу жолдары.
- Субьектілердің қазіргі таңдағы ең маңызды әлеуметтік проблемалары (мәселері) .
- Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің орны.
- Әлеуметтік саясаттың беделді субьектілердің мақсаттары, стратегиялары және бағдарламалық приоритеттері.
- Әлеуметтік күштердің нақты тарихи арақатынасы.
- Әлеуметтік дамудың қалыптасқан тұрақты тенденциясы және бағыттары.
- Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықтың деңгейі, оның тұрақтылығы мен тұрақсыздығының маңызды факторлары (бұл әлеуметтік қауіпсіздік, тұрақтылық мәселелері)
Әлеуметтік саясаттың пәні дегеніміз ғылымның құрамдас бөлігі, заңдылықтар, қоғамның мазмұнды қарым - қатынасы, сонымен қатар қоғамдық тәжірбиенің процестері мен факторлары. Мұнда әлеуметтік топтар жағдайына байланысты қатынасқа түседі. Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары мен өндірістік коллективтер көпшіліктің жағдайын жақсартуға байланысты, әлеуметтік - саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.
Субьективті - обьективті жағынан қарасақ «әлеуметтік саясат» термині көп вариантты. Көп авторлардың көзқарасы бойынша бұл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы қызметі. Басқалар болса бұл түсінікке басқаша қарайды - өзі әрекет етуші көпшіліктің барлық субьектілерінің қатынасы, шаруашылық, басқарушылық құрылымдарының заңда негізделген мақсат пен міндетінің болуы.
Әлеуметтік саясаттың обьективті - субьективті қатынасында өзі қызмет етуші көпшіліктің барлығы қатысады, бөлек азаматтар, белгілі - бір деңгейдің әлеуметтік қауымдастығы.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері мемлекеттік билік органдары, ұйымдары мен кәсіпорындары, сонымен қатар әлеуметтік сферада қызмет ететін мемлекетік емес ұйымдар, азаматтардың қоғамдық құрылымы мен инициативалары. Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналарды жатқызуға болады: құқық беруші; атқарушы; сот жүйесі. Олар қоғамның қатысуымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының мақсатын, міндетін анықтайды және оны жүзеге асыруға қатысады. [1 4 9]
Кейбір зерттеушілердің ойынша обьект - бұл бағынушы, пассивті, екінші деңгейлі басқарылушы құрылым. Оның өзінің белсенділігі мен инициативасы болмайды. Бұл көп жағдайда олай емес, өйткені ол қоғамның өмірімен байланысты.
Бұл контексте әлеуметтік саясаттың обьектілері қоғамның әлеуметтік және әлеуметтік еңбек саласында кездеседі. Оның негізгі көрсеткіштеріне -
- көпшіліктің білім алуы
- денсаулығы
- жағдайы
- әлеуметтік топтардың қарым - қатынасының конструктивтілігі және әлеуметтік тұрақтылық жатады.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері - бұл дербес әрекет ететін әлеуметтік топтар, олардың органдары, ұйымдары, институттары, құрылымы. Бұл әлеуметтік топтардан басқа әлеуметтік саясаттың субьектілеріне осы әлеуметтік топттың мүдделеріне ұйымдық құрылымдар жатады. Яғни, субьектілер 2-ге бөлінеді. «Бастапқы» субьектілер - әлеуметтік топтардың өздері. Ал «қосымша» бұл олардың мүдделерін көрсететін ұйымдық құрылымдар.
Әлеуметтік саясаттың субьектілері - бұл әлеуметтік топттар мен азаматтар, олардың институттары, бұйымдар мен билік органдары. Ал олар азаматтар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін қалыптастырады, көрсетеді және қорғайды .
Әлеуметтік саясаттың субьектілеріне мыналар жатады:
- Мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар;
- Жергілікті басқару органдары;
- Бюджеттік емес қорлар;
- Қоғамдық, діни ұйымдар;
- Мемлекеттік емес құрылымдар;
- Коммерциялық құрылым және бизнес;
- Әлеуметтік саясатпен айналысатын және оны жүзеге асыратын профессионалды қызметкерлер;
- Азаматтар (мысалы, азаматтық инициативаларға қатысу арқылы, басқада көмекке қатысу және т. б. )
Әлеуметтік саясаттың негізгі субьектісі - осы саясатты жүзеге асыратын мемлекет болып табылады. [2 15 20]
Мемлекеттік әлеуметтік саясат - бүл мемлекеттің әлеуметтік сферадағы белгілі бір әлеуметтік кезеңге есептелген қаржылық ресурстар мен ұйымдық - насихаттаушы күштермен нығайтылған, нақты - тарихи жағдай мен мақсаттарға негізделген қызметі.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында, мемлекеттер қатарында әлеуметтік шиеленісушіліктің тез жоғарылап өсуімен сипатталатын әлемдік дағдарыс мемлекеттің нарықтық үрдістерге сонымен қатар, әлеуметтік сфераға арласу қажеттігін дәлелдейді.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты-қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу бойынша мемлекеттің қызмет бағыттарының бірі.
Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың мәні - әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынастарды қолдау, қоғам мүшелерінің әл-ауқатын, өмірлік деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталардың қалыптасуында әлеуметтік кепілдіктер құру. Осыған байланысты, қоғамдық өндірістің шарттарын реттеу мақсатында мемлекет пен жүргізілетін іс-шараның құрамды бөлігі ретінде жүзеге асатын мемлекеттің әлеуметтік саясаты тұтасымен елдегі жалпы экономикалық ахуалмен тығыз байланысты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын айта отырып, біз үкіметтің, қоғамның әртүрлі мүшелері мен топтарының кірістерін үлестіруге және қайта үлестіруге бағытталған іс-әрекетін түсінеміз. Осылай әлеуметтік саясатты тар мағынада түсіндіруге болады.
Ал кең мағынада әлеуметтік саясат бұл қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге негізделген макроэкономикалық реттеу бағыттарының бірі.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты бұл - өзінің мақсаты ретінде кірістердің дифференциасын әлсіретуді, нарықтық экономикаға қатысушылары арасындағы қарама-қайшылықты жұмсартуды және экономикалық салдарда әлеуметтік қақтығысты болдырмауды мемлекеттің мақсатты бағытталған қызметі, бұл халықты жұмыссыздықтан, бағаның өсуінен қорғауға бағытталған мемлекеттің, кәсіпорынның, ұйымның, үкіметтің жергілікті мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тәсілдер кешені. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың нарықтық экономикаға қатысуымен, азаматтардың жағдайларын түзетудің, белгілі тәсілдерін, халықтың барлық топтарына әлеуметтік кепілдіктер жүйесін құруды мақсат ететініне, әлеуметтік әділеттілік қағидасы жүзеге асады. Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі принциптері:
- Бағаның көтерілуі кезінде орнына төлеудің әртүрлі формаларын кіргізу және индексация жүргізу жолдарымен өмір деңгейін қорғау.
- Ең кедей отбасыларын көмекпен қамтамасыз ету
- Жұмыссыздық жағдайында көмек беру.
- Әлеуметтік сақтандыру саясатымен қамтамасыз ету, ең төменгі жалақыны белгілеу.
- Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғауды мемлекет есебінен дамыту.
- Мамандануды қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат жүргізу.
ХХ ғасыр барлық мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат екенін көрсетті. Әлеуметтік саясаттың маңызды міндеті болып қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің белгілі деңгейіне төмендегілер арқылы жету болып табылады:
- аштық, ауру, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық жарылыс және тағы басқаларының салдарының алдын алу үшін мемлекеттік кепілдіктер беру.
- Белгілі өмір деңгейін және оны әлеуметтік шиеленісуін төмендететін бағытқа сапалы өзгертуді қамтамасыз етуге бағытталған материалды жабдықтарды және ұйымдық күш салуларды қайта үйлестіру.
- Өмір салтын реттеу (салықтармен, жабдықтармен, әл-ауқатты жоғарылатумен, кәсіпкерлік бастаулар мен және тағы басқалары) .
Әлеуметтік саясатты жасау кезінде мемлекет алдында әлеуметтік алымдар туралы немесе әлеуметтік міндеттер туралы сұрақ тұрады, ол дамудың нақты кезеңінде ең қажетті және бірінші кезекті шешімді талап етуші сапасында қоғаммен қабылданады. Бұл таңдау әлеуметтік сферадағы азаматтық құқығына, әлеуметтік қажеттіліктер мен талаптар үшін күресудегі мемлекеттік саясаттың әртүрлі қағидалары арасындағы ұрыс-қысымында және алаңында өтеді.
Әлеуметтік саясат қызметі ретінде қоғамның әлеуметтік дамуын басқаруға, оның мүшелерінің материалдық және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қоғамның әлеуметтік дифференсация үрдістерін реттеуге бағытталған.
Әлеуметтік саясаттың базалық мақсаты болып тепе-теңдікке тұрақтылыққа, тұтастылықққа және динамизмге материалдық ресурстар, сәйкес саяси күштер және әлеуметтік жүйе болуы арқылы жету табылады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі-әлеуметтік қарама-қайшылықтарды шешу, стратегиялық және тактикалық қоғамдық, қоғамдық қызушылықтар тепе-теңдігін сақтау немесе қалпына келтіру.
Әлеуметтік саясатты өндіру және жүргізуде ең күрделісі болып бірінші кезекте шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақты шешу болып табылады. [3 25 32]
Адамның әлеуметтік реформалануының негізгі обьектісі ретінде әлеуметтік ахуалын қамтамасыз ету әлеуметтік көмек және мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асуы қажет, ең алдымен бұл көмектер ерекше әлсіз және қажет ететін топтарға көрсетіледі, бұл топтарға жататындар:
- көпбалалы және толық емес отбасылар;
- жұмыссыздар;
- нарықтық талаптарға сәйкес емес мамандандырылған немесе жеткілікті білім алмаған тұлғалар;
- қарттар;
- мағыналы жеке меншігі жоқ адамдар.
Осыған сәйкес мемлекеттік тәсілдер кешені ең төменгі өмір сүру минимумымен қамтамасыз ету және мұқтаж адамдарға материалдық көмек көрсетуге, білім алу, медициналық көмек алу үшін жақсы жағдайлар жасауға, азаматтық құқық және еркіндікпен қамтамасыз етуге, сонымен қатар психологиялық прессингтен қорғауға бағытталуы керек.
Реформалардың тиімділігі мен табыстылығы туралы халықтың өмір сүру өзгерісі, оның сапалық және сандық өлшемдерінің жаңа мазмұнымен айтылады. Келешекте әлеуметтік көмектің тапшылығы елдегі саяси тұрақтылыққа әсер етеді, сондықтан бірінші кезекте, елдің экономикалық өсуіне шешімді мағына беретін еңбек өнімділігінің жоғарылауына және тиімділігіне бағытталатын тәсілдер болуы қажет, ол қызметкердің біліміне, мамандануына, ынталануына және денсаулық көрсеткішіне байланысты болады. Осыған сәйкес әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары келесідегідей топталады:
- Кедейшілікпен күресу;
- Адам қорларын сақтау;
- Адам қорларының нарық талаптарына бейімделуі.
Әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономика мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешудегі маңызды қызметін мақсат етеді. Бұл дегеніміз нарықтық экономика еңбеккерлерге, еңбекке және қажетті білімге кепілдік бермейді, мүгедектердің, аз қамтылғандардың, зейнеткерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекеттің кірістерді үлестіру сферасына әлеуметтік саясат жүргізу жолымен араласу қажеттілігі туындайды. Ұлттық кірістің бюджет арқылы қайта үлестірілуі жүзеге асады, мемлекет әлеуметтік бағдарламалар жүйесін жүзеге асырады.
Әлеуметтік сферада басты орынды мемлекеттік сектор алады (басты функцияларды нарықтық құрылымдар орындайтын экономикадан басқа) . Елдегі мемлекеттік сектор көлеміне тәуелді әлеуметтік саясаттың өз ерекшеліктері бар. Тәжірбиеде бұл мемлекеттің әлеуметтік саясатының әртүрлі көлемінде көрініс береді. Кеңейтілген әлеуметтік саясат әлеуметтік бағдарламалардың қолжетерлігін, әлеуметтік төлемдердің жан - жақтылығын мемлекеттің қайта үлестірілген қызметінің жалпы қамтитын сипатын білдіреді.
Шектеулі әлеуметтік саясат оның минимумға әлеуметтік сфераның дәстүрлі институттарын толықтыру функциясына жинақтауын білдіреді.
Әлеуметтік саясат минималды кіріс кепілдігін беруге халықты аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген. Осыған байланысты мемлекеттің минималды өмір жағдайларын қамтамасыз етуі тек қана өз бетімен жасай алмайтын халық тобына арналады.
Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Экономиканың әлеуметтік бағдары ең алдымен (тұтынушының) өндірістің тұтынушыға бағынуын, халықтың көптеген қажеттіліктерін қамтамасыз етуді білдіреді, дәл осы дамыған нарықтық механизмі бар экономикаға тән. Сондықтан адам үшін экономиканы құрудың қажетті шарты нарықтық реформаны жалғастыру болып табылады. Мемлекет халықтың материалды жағдайы үшін жүргізілген реформалардың кері әсерлерін азайтуға және позитивті әсерлерін күшейтуге ұмтылуы керек, ал бұл үшін реформалар жүйелі, әрбір кезеңнің жүзеге асырылуынан алдын - ала саналған нәтижемен жүргізілуі қажет. [4 29 36]
1. 2 Мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізудің ғылыми теориялық
негіздері
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақ аралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіпң жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-та ең «алдыңғы және ең «артта қалғанң штаттарының арасындағы айырмашылық небәрі 1, 8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2005 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылык 12 есе болған.
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Мемлекеттік аймақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі зкономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономи-калық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аймақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- Шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық.
- Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың терендеу үрдісінің алдын алу;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте кауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану. [5 18 23]
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz