Қазақстанн Республикасының коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Меніңі диплом жұмысымның тақырыбы “Қазақстанн Республикасының Коммерциялық банктерінің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау” болып табылады. Бұл жұмысты жазу барысынды 8 кесте, 2 диаграмма және формулалар қолданылды.

Коммерциялық банктерді зерттеп, несиелік ресурстарды құрудағы алатын рөлі мен экономикалық мәні бойынша теориялық және әдістемелік негізде зерттеуге көптеген ЕЕД мемлекеттері ғалымдарының еңбектері арналған.

Бұл ғалымдар: Л. И. Абалкин, Б. И. Алехин, А. В. Аникин, Ю. А. Бабичев, В. И. Колесников, Л. Н. Красавина, О. И. Лаврушин, Я. М. Мукин, Г. С. Панов, В. М. Усоскин және т. б.

Коммерциялық банктердің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың рөлі зор екендігін және экономиканың нақты секторларын арзан несие ресурсымен қамтамасыз етудегі экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар олар: Ш. Р. Абдилманова, ГХ Калиева, А. Б. Зейнельгабдин, К. К. Ильясов, У. М. Искаков, Н. К. Мамыров, Д. М. Мажитов, В. Д. Мельников, М. С Саниев, Г. С. Сейткасымов, С. Сазанов, Н. Н. Хамитов, А. Д. Челекбай, және т. б.

Тақырыптың өзектілігі коммерциялық банктердің өтімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін зерттей отырып, талдау және бағалау болып табылады. Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен мідеттері: коммерциялық банктердің өтімділігі мен бәсекелік қабілеттілігін теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы, банк өміріндегі алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр:

- Банктердің өтімділігін талдаудың талдау түрлері, әдістері;

- Өтімділікті арттыру жолдары;

- Қазақстан банктердің өтімділікті талдаудың шетелдік тәжірибесі;

- Банктердің бәсекелік артықшылыққа жету жолдарын талдау;

- Қазақстан банктерінің өтімділігі мен бәсекелік артықшылығын жетілдіру жолдарын ашу.

Глоссарий

Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілнр алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттілігі.

Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Бэк-кеңесі - Фронт-офис қызметін қолдай отырып, клиенттерге құжаттық қызмет көрсететін банк бөлімшесі.

Депозит - бұл клиенттердің банктегі белгілі шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Несие (лат. Credit-сенім) - қайтару шартымен, белгілі бір мерзімге қарызды пайдаланғаны үшін қарыз алушыға берген ақшалай немесе тауар нысанындағы қарыз.

Стандартты несие - қайтарылу мерзімі әлі жетпеген, бірақ қайтуында еш күмән жоқ несиелер.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Банк өтімділігінің түсінігі, мәні, маңызы

1. 2 Банк өтімділігін басқару әдістері мен бағалау көрсеткіштері

1. 3 Банк ісіндегі бәсеке және оның нарықтағы белгілері

  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ

2. 1 Банктердің өтімділігін арттыру және басқаруды жетілдіру жолдары

2. 2 Коммерциялық банктерінің бәсекелік артықшылыққа жету жолдары

2. 3 Дағдарыстан кейінгі банктердің бәсекелік қабілеті мен өтімділігінің өзгеру динамикасын талдау, жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Банк ісі нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динмикалық құрылымы болып табылады.

Банктер ақшалай есеп айырысуды жүргізіп, экономиканы несиелеп, капиталдың қайта бөлінуінде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттыруды әрі елдің қорлануына өз ықпалын тигізеді.

Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі - қаржылық есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру.

Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.

Бүгінде еліміздегі банк секторының даму проблемалары мынадай болып отыр. Оның бірнеше себебі бар. Бұл проблемаларды талқылау келешектегі еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру туралы және алдыңғы қатардағы озық елу мемлекеттің қатарына ену туралы мәселеден туындайды. Бұл - бірінші.

Екіншіден, елімізде өндірістің немесе нақты сектордың қаржы секторынан даму қарқыны жағынан көш артта қалуында болып отыр. Бізде екі сектор бар, бірі - өндіріс секторы, яғни нақты сектор, екіншісі - қаржы секторы.

Қаржы секторы дегеніміз - банктер, зейнетақы қорлары, қор биржасы, құнды қағаздар нарығы, валюта нарығы, тағы да басқа инфрақұрылымдар мен қаржы институттарынан тұрады. Банк секторының даму проблемасын туғызып отырған тағы бір үлкен проблема - Қазақстандағы өндірістің, яғни нақты сектордың салалық дамуындағы орын алып отырған диспропорция.

Экономикалық заңдылықты орындату үшін Үкіметтің 2010 жылға дейінгі инновациялық даму бағдарламасы, Елбасының 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясы, биылғы ақпан айындағы Қазақстан халқына Жолдауы бар.

Банк секторы дамуының бүгінгі таңдағы үшінші проблемасы - біздің экономикамыздың технологиямен, озық техникамен жарақтанған, дайын өнім шығаратын, қайта өңдеу салаларын дамытудан гөрі шикізат өндіріп, соны экспорттау жағдайымен байланысты.

Бұның бәрі әрине банк саласының дұрыс қызмет атқарып оның бәсекеге қабілеттілігін жоғары болуына байланысты.

Қазақстан мен Ресейдің маңдай алдынғы банктерін салыстыруға келмей тұр. 687 миллион (2006 жылдың басындағы «ТұранӘлембанкінің» меншікті капиталы) мен 8, 8 миллиардтың (2006 жылдың басындағы Ресейдегі Жинақ банкінің меншікті капиталы) айырмашылығы бірнеше есе. Осыған қатысты банк секторының және әрбір банктің біздің ұлттық экономика шеңберінде дамуының бүгінгі таңдағы келелі мәселелері де бар. Банк секторындағы әрбір коммерциялық банктің өзара бәсекелестік жағдайда даму деңгейімен және даму келешегімен әлемдік қаржы нарығына шығу және дамыған елдердің коммерциялық банктерімен тайталасу, бәсекеге түсу мүмкіндігі ойлантарлық мәселе. Бұл мәселе тағы да банктің меншікті капиталын одан әрі көбейту қажеттігіне тіреледі. Осыған қатысты қазір отандық және шетелдік сарапшылар әр түрлі ғылыми пікірлер айтуда. Біздегі коммерциялық банктер ресурстық потенциалын іштен алған қаражаттар емес, депозиттер ретінде сырттан алған қаражаттар есебінен құрауда. Ресурс көздерін, яғни ақшалай қаражатты іштен алмай, шет елден алуға көбірек көшкен. Өзге елден төмен пайызға алады, өзіміздің ішкі нарығымызда жоғары ставкамен сатады.

Сарапшылардың айтуынша, біріншіден, қазіргі кезде сырттан қаражат тартудың нәтижесінде, екіншіден, қазақстандық коммерциялық банктер акционерлерінің банктердің капитализациялану дәрежесін көтеруде қаржылық жағдайының мардымсыздығы нәтижесінде отандық банктер үлкен жүйелік тәуекелге ұрынуы мүмкін.

Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен мідеттері: коммерциялық банктердің өтімділігі мен бәсекелік қабілеттілігін теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, оның экономикадағы, банк өміріндегі алатын орнын дәлелдеу үшін мынандай мақсаттар қойылып отыр

- Банктердің өтімділігін талдаудың талдау түрлері, әдістері

- Өтімділікті арттыру жолдары

- Қазақстан банктердің өтімділікті талдаудың шетелдік тәжірибесі

- Банктердің бәсекелік артықшылыққа жету жолдарын талдау

- Қазақстан банктерінің өтімділігі мен бәсекелік артықшылығын жетілдіру жолдарын ашу

  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

1. 1 Банк өтімділігінің түсінігі, мәні, маңызы

Өтімділік - банктің сенімділігін қамтамассыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі.

Банк өтімділігі - бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығыенсыз орындау қабілеттілігі.

Банк міндеттемелері нақты және потенциалды деп екіге бөлінеді. Банктің нақты міндеттемелері: талап ету депозиттері, мерзімді депозиттер, тартылған банкаралық ресурстар, несие берушілердің қаражаттары түрінде банктің балансында көрсетіледі. Ал потенциалды немесе баланстан тыс міндеттемелерге: банктен берген кепілхаттар, клиенттерге несие желілерін ашу, т. б. арқылы көрсетіледі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақытында орындаук үшін қолма-қол ақшалай қаражаттармен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындалуын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспондеттік шоттардағы (Орталық банкте және барлық коммерциялық банктерде) қалдықтармен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма - қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланылады.

Осы аталған қаражат көздерін пайдалану банк үщін шығыстармен байланысты болуы керек. Мысалы, өтімді қаражаттардың көзі ретінде бағалы қағаздарды немесе басқа активтерді сату қалыпты тәртіпте алдын ала келісіп қойған шарттардың негізінде жүзеге асырылуы керек.

Банк өтімділігі мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

  • депозиттерді алу мен несиелерге байланысты сұранысты қанағаттандыру;
  • тиімділік тәуекелін азайту және банктің сенімділігін қамтамассыз ету;
  • активтерді зиянсыз сату;
  • тартылған қаражаттары бойынша төлей алмау тәуекелі үшін сыйақы мөлшерін шектеу.

Банк өтімділігінің екі формасы, яғни міндеттемелерді өз уақытында және шығынсыз орындауы көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы мен анықталады.

Ішкі факторлар қатарына мыналар жатады:

  • банк капиталының базасы;
  • банк активтерінің сапасы;
  • депозиттердің сапасы;
  • сыртқы қаражат көздеріне орташа тәуелдігі;
  • мерзімі бойынша активтер мен пассивтердің өзара сәйкестігі;
  • сауатты менеджмент
  • банктің жоғары дәрежелі беделі.

Банк капиталының базасы - бұл салымшылар қаражаттары мен депозиттеріне кепіл беретін және олардың мүдделерін қорғайтын меншікті капиталдың жеткілікті мөлшерін сипаттайды. Меншікті капиталдың көзіне: жарғылық капитал және әр түрлі мақсаттар үшін бағытталған банктің басқа да қорлары жатады. Банктің меншікті капиталы неғұрлым жоғары болса, оның өтімділігі соғұрлым жоғары болады[1] .

1. 2 Банк өтімділігін басқару әдістері мен бағалау көрсеткіштері

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерилермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігі - бұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаға айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Банк активтері неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банк өтімділігі жоғары болады.

Банк өтімділігін анықтайтын фактор - банктің депозиттік базасының сапалылығы. Депозиттік базаны мерзімді депозиттік және жинақ салымдары, есеп айырысу және ағымдағы шоттардағы қаражаттары ретінде банкте жинақталған заңды және жеке тұлғалардың қаражатары құрайды. Депозиттердің сапалылығының басты критерийі олардың тұрақтылығын сипаттайды. Депозиттекрдің тұрақты бөлігі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Депозиттердің тұрақты бөлігінің көбеюі банктің өтімді активтерге мұқтаждығын азайтады. Талап етілгенге дейінгі депозиттер жоғары тұрақтылыққа ие, өйткені бұл депозиттердің түрі сыйақы мөлшерлемесіне байланыссыз. Банкте осы депозит түрінің көп болуы банктің қызмет етуінің сапалылығы мен жылдамдығы, банктің клиентке жақын орналасуы сияқты факторларға байланысты. Ал мерзімді және жинақ депозиттеріндегі қалдықтары тұрақтылықтың төмен дәрежесіне ие, себебі оған банктің сыйақы мөлшерлемесі ықпал етеді.

Банк өтімділігі оның сыртқы қаражат көздеріне, яғни банкаралық несиелерге тәуелділігімен де сипатталады. банкаралық несие өтімді қаражаттарға деген қысқа мерзімді жетіспеушілікті жоя алады, бірақ осы несиенің жалпы тартылған ресурстардың құрамындағы үлесі жоғары болса, онда банк банкротқа ұшырауы мүмкін. Егер банктің сыртқы көздерге тәуекелділігі жоғары болса, онда оның бизнес үшін өз базасының даму перспективаларының жоқтығын көрсетеді.

Банк активтері мен пассивтері арасында мерзім мен сома бойынша сәйкестілігі де банк өтімділігін анықтайды. Банктің клиенттер алдында міндеттемелерді оындауы инвеститцияланатын ақша қаражаттары мерзімдері мен салымшылары берген ақша қаражаттарының мерзімдерінің сәйкес болуын білдіреді.

Менеджмент, яғни жалпы банктің қызметін және өтьімділігін басқару жүйесі де банк өтімділігін анықтайтын ішкі факторлардын біріне жатады.

Банктің беделі де банк өтімділігін анықтайды. Жақсы беделі бар банк депозиттік базасының тұрақтылығын оңай қамтамассыз ете алады [2] .

Банк өтімділігінің жағдайы бірқатар сыртқы факторларға, яғни банк қызметінен тыс факторларға байланысты. Оларға мыналар жатады:

  • елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;
  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;
  • банкаралық несие нарығының дамуы;
  • қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастыру;
  • Орталық даму банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай банк операцияларының дамуының және банк жүйесінің сәтті жұмыс істеуінің алғышарттарын қалыптастырады, банктер қызметінің экономикалық негізінің тұраұқтылығын қамтамассыз етеді, банктерге деген отандық және шетелдік инвесторладың сенімділігін арттырады. Осы аталған жағдайларсыз банктердің тұрақты депозиттік базаны құруы, операциялардың тиімділігіне қол жеткізуі, өз құралдарын дамытуы, активтердің сапалылығын жоғарлатуы және басқару жүйесін жетілдіруі мүмкін емес.

Бағалы қағаздар нарығының дамуы өтімді қаражаттар құрудың оңтайлы вариантын қамтамассыз ете алады, себебі көптеген шетел мемлекеттерінде банктің активтерін ақшалай қаражаттарға тез арада айналдыру жолы қор нарығының жұмысымен байланысты.

Банкаралық нарықтың дамуы уақытша бос ақшалай ресурстарды банктер арнасында жылдам қайта бөлуге көмектеседі. Банк өз өтімділігін ұстап тұру үшін банкаралық нарықтан әр түрлі мерзімге, сонымен қатар бір күнгі мерзімге болсын, қаражаттарды тарта алады. Банкаралық нарықтан қаражаттарды тарту жылдамдығы жалпы қаржылық конъюнктураға, банкаралық нарықтың ұйымдастырушыларына және банктің беделіне байланысты.

Орталық банк коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру жүйесі банктердің өтімді активтерін Орталық банктен алынған несиелер арқылы жабуға мүмкіндік береді.

Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі өтімділікті басқарудағы коммерциялық банктер мен мемлекеттік қадағалау органы арасындағы қарым-қатынастың дәрежесін көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктер үшін өтімділіктін белгілі бір нормативтерін белгілеуге мүмкіндігі бар. Көрсеткіштер банктің өтімділк жағдайын неғұрлым нақтырақ көрсететін болса, соғұрлым банктің өзі және қадағалау органы өтімділікпен байланысты проблеманы уақытында шешуге мүмкіндігі бар.

Банк өтімділігі тұрақты өзгерісте болатын көптеген факторларымен анықталынатын банк қызметінің сапасын сипаттайды. Сондықтан банктің өтімділігі біпрте-бірте қалыптасатын және тұрақты факторлармен және әр түрлі тенденцияларымен сипатталатын динамикалық жағдайды білдіреді [3] .

Әлемдік банктік тәжірибеде өтімділікті басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Ондай әдістерге мыналар жатады:

1. «Қаражаттардың ортақ қоры» әдісі негізінде банк ресурстарының жалпы сомасын ресурстардың құралу көздеріне қарамастан, активтердің әр түрлі трүрлеріне бөлу жатыр. Сызба түрінде бұл әдісті мынадай түрде көрсетуге болады.

Осы әдісте қаражат өтімділігіннің бара-бар денгейінің, яғни «табыстылық-өтімділік» арасындағы тепе-тендіктің сақталуы шарт. Ең біріншіден, активтердің алғашқы резервтер тобында орналасатын қаражаттардың үлесі анықталады. Содан кейін банк қаражаттары активтердің екінші ретті резервтер тобына орналыстырылады. Екінші ретті резервтер көлемі несиеге сұраныс пен салымдардың мөлшерімен анықталады, демек олар неғұрлым көп болса, соғұрлым салымдар көлемі бойынша көп резервтер талап етіледі. Активтердің үшінші тобына, яғни клиенттерге қарызға орналастырылатын қаражаттардың үлкен үлесі тиеді. Ең сонғы активтердің тобына салыстырмалы түрде өтелу мерзімі ұзақ жоғары дәрежелі бағалы қағаздар жатады.

2. Өтімділікті басқарудың келесі әдісіне - «банктегі банктер» әдісі жатады(2-сурет) . Бұл әдіс активтердің қалыптасуы жалпы сомаға және тартылған ресурстардың құрамына байланысты болатынын сипаттайды. Мұнда әрбір қалыптасу көзінің қаражаттары айналымдылығына байланысты әр түрлі қамтамассыз етуді және сәйкесінше міндетті резервтер нормасын талап етеді.

Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланылатын «табыстылық-өтімділік» орталары анықталады. Мұндай орталар «банктегі банктер» деп аталады, яғни банкте «талап ету салымдар банкі», «мерзімді салымдар банкі» және «негізгі салымдар банкі» болады. Талап ету салымдары өтімді активтермен жоғары деңгейде қамтамассыз етілуді талап етеді, сондықтан «талап ету салымдар банкісі» қаражаттардың үлкен бөлігін алғашқы резервтерде орналастырады. Ал талап ету салымдарының қалған бөлігі екінші ретті резервтерге бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа мерзімді несиелерге беріледі. «Мерзімді салымдар банкі» мерзімді салымдардың басым бөлігін екінші ретті резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді несиелерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды.

«Банктегі банктер» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры» әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге, яғни кәсіпорындар мен ұйымдардың қарыздарына салуға мүмкіндік береді.

3. активтерді басқарудың «ғылыми басқару» әдісі. Ол ғылыми әдістер мен операцияларды зерттеу көмегімен банк балансындағыжәне табыстар мен шығыстар туралы есебіндегі әр түрлі баптар арасында күрделі байланысты талдау үшін қазіргі математикалық аппарат пен өте күрделі модельдерді пайдалануды ұйғарады.

Ғылыми басқару әдісі мынадай үш сұрақтарға жауап беруге тырысады:

Мәселенің мәні неде? Оны шешудің қандай варианттары бар? Варианттардың ен дұрысы қандай?

Басқару бойынша мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп аталатын ғылыми әдістерінің бірін қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан шектеулерді ескеріп, пассивтерді басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу моделін ұйғарады, шектеулердің сипаты да анықталуы тиіс. Мақсатты қызметті үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді көрсететін теңдеуге өз үлесін көрсетуі керек. Сонда бағдарламаны бірнеше рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекетестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Ғылыми әдістердің негізгі кемшілігі - олар ұсақ банктерде қолданылмайды, себебі оған сәйкес дайындығы бар кеңесшілер немесе қызметшілер және ірі модельдерді есептеуге қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар болуы керек, ал мұның барлығы үлкен шығындармен байланысты [4] .

Шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің өтімділігі мынадай екі әдіспен есептеледі:

-Баланыстың өтімділігін көрсететін және баланстар бойынша есептелінетін қаржылық коэффитциенттер негіңзіде;

-Сәйкес кезеңдердегі банк балансының активтері мен пассивтері бойынша айнымалдардың талдауын ескеріп, өтімді қаражаттарға потенциалды қажеттілігін анықтау негізінде.

Коэффитциенттік әдіс баланс баптары арасында белгілі бір сандық қатынастарды бекітуді білдіреді. Бұл әдіс әр түрлі көрсеткіштерді пайдаланады.

Алғагшқы толбының екі көрсеткіші өтімді активтер мен депозиттер арасындағы қатынасты көрсетеді:

  1. Алғашұқы резервтер ( касса + орталық банктегі корреспонденттік шот ) / депозиттер;
  2. (алғашқы резервтер + Екінші реттегі (мемлекеттік бағалы қағаздар) резервтер) / Депозиттер.

Бірінші көрсеткіш деңгейі банктің өтімділігін қамтамассыз ету үшін 5-10% - ден төмен болмауы керек, ал екіншінің деңгейі 15-25% -дан, Жапонияда 30% -дан төмен емес болуы міндетті.

АҚШ-та өтімділікті бағалау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Оның бірі - берілген несиелер мен депозиттер сомаларының қатынасы. Олардың арасында мынадай тәуелділік бар: бұл қатынастың мәні неғұрлым 1-ден жоғары болса, банк өтімділігі соғұрлым төмен болады. Сонымен қатар, несиелердің жалпы активтер сомасындағы үлесі есептелінеді, ол активтьердің диверсификациясын көрсетеді. Бұл көрсеткіш 65-70% аралығында болуы керек және активтің қолма-қол қаражаттарға тез алмастыру қабілетін бейнелейтін көрсеткіш: өтімді активтердің жалпы активтер сомасына қатынасы арқылы табылады.

Банктің ресурс базасының сапасын сипаттайтын көрсеткіштер тобы да қарастырылады.

Депозиттердің тұрақтылық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш негізгі депозиттер (талап ету депозиттері + жинақ шоттар) сомасының жалпы депозиттер мөлшеріне қатынасы немесе тұрақсыз депозиттердің (мерзімді және жинақ салымдары) тартылған ресурстар сомасындағы үлесі түрінде есептелінеді. Егер негізгі депозиттердің үлесі 75 пайыздан жоғары болса, онда банк өтімді болып есептелінеді.

Банктің ресурс базасының сапалығы коммерциялық банктің сыртқы көздеріне банкаралық несиелерге шығу мүмкіндігі көрсеткішімен сипатталады, оның формуласы:

Орталық банк және басқа да банктерден алынған қарыздар / Тартылған қаражаттар сомасы .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатудың кезеңдері
Мерзімді салымдар банкі
Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің экономикалық мазмұны
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Казақстан Республикасындағы банк жүйесі туралы
Коммерциялық банктердің қаржылық жағдайының теориялық негіздері
Банк өтімділігі
Екінші деңгейлі банктердің тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық жағдайын талдау
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ ( АҚ Тұран Әлем Банк ). ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
Коммерциялық банктердің несие портфелі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz