Еуропалық Одақ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретіндегі құқықтық мәртебесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстар ерекше табысты дамып келе жатыр.
2008 жылдың акпан айында Республика Президенті Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететініне байланысты) «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарламаны дайындап, іске асыру керек» – деп айтты.
Кейбір ресейлік сарапшылар Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты Еуропалық Одаққа қарай бірте-бірте «қисая» бастауы мүмкін деген пікірлерін айтуда.
Қалай болса да, Еуропалық Одақтың еліміздің сыртқы саясатында маңызды рөльді ойнай бастағаны даусыз факт болып табылады.
Еуропалық Одақтың әлемдік сахнадағы да рөлі мен ықпалы күшеюде. Әлемдік экономикадағы еуроның біртіндеп долларды ауыстыра бастағаны осының көрнекі айғағы болып табылады.
ТМД бойынша біздің кейбір көршілеріміз еуроинтеграцияға қарай бағыт ала бастады (Украина мен Грузия).
Ал Республика Президенті: «Егер Қазақстан Еуропалық Одақ мүшелігіне өтініш беретін болса, біздің елде мұндай мүшелікке негіздер Түркияға қарағанда көбірек болады. Жайықтан батыс жатқан қазақстанның еуропалық территориясы Түркияның еуропалық территориясынан 3 есе үлкен» – деп айтқан болатын.
Әрине Қазақстан еуроинтеграцияға қарай жақын 10-15 жыл ішінде бағыт алатыны екіталай, ол оның көпвекторлы сыртқы саясатымен үйлеспейді де. Бірақ сонда да еуроинтеграция өте тартымды құбылыс ретінде болып көрінеді. Ал оған жақындау үшін Еуропалық Одақ деген не және оның институттары қалай жұмыс істейді деген сұрақтарға жауаптарды білу өте маңызды.
Соңғы төрт жылдың ішінде Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы бірталай өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің пайда болуы соңғы төртінші және бесінші кеңею толқындарымен байланысты.
Кейбір сарапшылар Еуропалық Конституция жобасының Франция мен Голландияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Одақ институттарын реформалау процессінде белгілі бір тежелу байқалады ма деп өз қорқыныштарын білдірген болатын. Алайда еуроинтеграцияның ерекшелігі сол – ол үнемі алға жылжып тұратын құбылыс. Сол себептен Одақтың конституция жобасын алмастыратын құжаттың пайда болуы тек уақыттың еншісіне берілген мәселе болатын.
1 “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті 2 қаңтар 2006 жыл
2 “Егемен Қазақстан” 19 наурыз 2006 жыл
3 “Айқын” газеті № 29 16 ақпан 2006 жыл
4 “Дала және қала” газеті №23 25 қаңтар 2007
5. www.wto.kz
6.www.egov.kz
7.www.memst.kz
8.www.wto.org
9.kaztowto@gmail.com

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретіндегі
құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Еуропалық Одақтың құрылу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .15

Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық,
саяси және мәдени байланыстар ерекше табысты дамып келе жатыр.
2008 жылдың акпан айында Республика Президенті Назарбаев өзінің
Қазақстан халқына жолдауында: (Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететініне
байланысты) Еуропаға жол атты арнайы бағдарламаны дайындап, іске асыру
керек – деп айтты.
Кейбір ресейлік сарапшылар Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты
Еуропалық Одаққа қарай бірте-бірте қисая бастауы мүмкін деген пікірлерін
айтуда.
Қалай болса да, Еуропалық Одақтың еліміздің сыртқы саясатында маңызды
рөльді ойнай бастағаны даусыз факт болып табылады.
Еуропалық Одақтың әлемдік сахнадағы да рөлі мен ықпалы күшеюде. Әлемдік
экономикадағы еуроның біртіндеп долларды ауыстыра бастағаны осының көрнекі
айғағы болып табылады.
ТМД бойынша біздің кейбір көршілеріміз еуроинтеграцияға қарай бағыт ала
бастады (Украина мен Грузия).
Ал Республика Президенті: Егер Қазақстан Еуропалық Одақ мүшелігіне
өтініш беретін болса, біздің елде мұндай мүшелікке негіздер Түркияға
қарағанда көбірек болады. Жайықтан батыс жатқан қазақстанның еуропалық
территориясы Түркияның еуропалық территориясынан 3 есе үлкен – деп айтқан
болатын.
Әрине Қазақстан еуроинтеграцияға қарай жақын 10-15 жыл ішінде бағыт
алатыны екіталай, ол оның көпвекторлы сыртқы саясатымен үйлеспейді де.
Бірақ сонда да еуроинтеграция өте тартымды құбылыс ретінде болып көрінеді.
Ал оған жақындау үшін Еуропалық Одақ деген не және оның институттары қалай
жұмыс істейді деген сұрақтарға жауаптарды білу өте маңызды.
Соңғы төрт жылдың ішінде Еуропалық Одақтың институционалдық құрылымы
бірталай өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістердің пайда болуы соңғы төртінші
және бесінші кеңею толқындарымен байланысты.
Кейбір сарапшылар Еуропалық Конституция жобасының Франция мен
Голландияда сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Одақ институттарын реформалау
процессінде белгілі бір тежелу байқалады ма деп өз қорқыныштарын білдірген
болатын. Алайда еуроинтеграцияның ерекшелігі сол – ол үнемі алға жылжып
тұратын құбылыс. Сол себептен Одақтың конституция жобасын алмастыратын
құжаттың пайда болуы тек уақыттың еншісіне берілген мәселе болатын.

Еуропалық Одақтың аймақтық, саяси және экономикалық ұйым ретідегі
құқықтық мәртебесі
1.1. Еуропалық Одақтың құрылу тарихы

Еуропалық Одақтың пайда болуы, - тарихи және қисынды түрде өзара
байланысты алғышарттар жиынтығының нәтижесі болып табылатын, ХХ ғасырдың
негізгі оқиғаларының бірі. Бұл алғышарттарды экономика, саясат, рухани-
мәдени өмірде, идеологияда іздеу керек.
Еуропалық Одақтың құрылуының экономикалық алғышарттары шаруашылық
байланыстардың ғаламдану процессінде жатыр. Осының нәтижесінде халықаралық
нарық пен оның құрамдас бөліктері: трансұлттық корпорациялар, халықаралық
ынтымақтастық пен еңбек бөлінісі, капиталдың шетел инвестициялары, жұмыс
күшінің миграциясы және т.б. қалыптасады.
Алайда экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс Еуропаның саяси
бытыраңқылығымен, бір-бірінен шекаралармен, баждармен, визалармен және
халықтар арасындағы шаруашылық қатынастарды шектейтін басқа да
кедергілермен бөлінген – егеменді мемлекеттердің Еуропасымен
үйлесімділікке түсе алмай, қарама-қайшылыққа түсті.
Аталған қарама-қайшылық Еуропа халықтары үшін жаңалық емес. Осы жағдай
Еуропада ортағасырлардың соңы мен жаңа заман тоғысында болған жағдайға өте
ұқсас болып келеді, бірақ басқа деңгейде. Сол дәуірде натуралды шаруалықтың
орнына келген нарық шаруашылығы феодалдық бытыраңқылықпен сыйыса алмай,
ақыр соңында оны жеңіп шықты. Сол кездерде пайда болған орталықтандырылған
мемлекеттердің экономикалық негізі – ұлттық нарық болды.
Шаруашылық қатынастардың мемлекеттік шекаралардан тысқары шығуы Еуропа
халықтарының одан да үлкен саяси ұйымын құруы туралы мәселені көтерді.
Мұндай ұйым Еуропалық қауымдастықтар болды. Нарықты құру (тауар, жұмыс
күші, өндірістің өзге де факторлар мен нәтижелердің қозғалысына барлық
ұлттық кедергілерді жою арқылы) олардың алғашқы ірі бастамасы еді.
Ұлттық мемлекеттер, Қауымдастықтар және олардың негізінде құрылған
Еуропалық Одақ шеңберінде жойылмайды, алайда өздерінің егемендігін осы
мемлекет үсті құрылымның пайдасына қарай шектейді. Экономикадағы интеграция
жайлап барып бұл процесске қоғамдық өмірдің басқа да салаларын тарта
бастайды: саяси, ақпараттық, әлеуметтік, мәдени және т.б. Уақыт өте келе
олар Еуропалық Одақтың қарамағына жататын мәселелер тобына көшеді.
Батыс доктринасында мұндай өзара байланыстың түрі ауыстырып құю әсері
немесе тиісті беріліс әсері деп аталады. Ал басқаларға түрткі күшті
беретін экономика аталған өзара байланыстың ең басты буыны болып
табылатынына ешкім күмән келтірмейді.[1]
Осы орайда орынды сұрақ тууы мүмкін: неге жоғарыда аталған үрдістер
Батыс Еуропа елдерінде ерекше дамуға ие болды? Халықаралық, ал қазіргі
кезде - әлемдік нарық Жердің өзге де аймақтарын қамтиды ғой. Бәлкім осында
тарихи және географиялық сипаттағы факторладынң маңызы үлкен болды.
Біріншіден, Батыс Еуропа елдерінде әлемнің басқа аймақтарымен
салыстырғанда шаруалықтың капиталистік жүйесі ертерек қалыптасып, нарықтық
байланыстар орын ала бастады, яғни мұнда экономикалық интеграцияның
процесстері даму үшін көбірек уақытқа ие болды.
Екіншіден, мемлекеттердің біршама шағын аумақтары ұлттық шекаралар мен
ішкі нарықтың тар шеңберлілігін анықтап өзара тиімді бірігуге итермеледі.
Айтарлықтай үлкен экономикалық бірлік бағытындағы қозғалыс – еуропалық
дамудың жалпы тарихи беталысы болып табылады.
Саяси алғышарттар. Шаруашылық алғышарттарға қарағанда интеграциялық
процесстің саяси алғышарттары ортағасырлардан бастап қалыптаса бастады.
Оларды әрекет ету аясына байланысты екі топқа бөлуге болады: ішкі және
сыртқы. Алайда бұндай бөлу тек шартты сипатқа ие екенін айтап кету қажет.
Ішкі саяси алғышарттар еуропалық мемлекеттердің бір-бірімен өзара
қатынастарының ерекшеліктерін сипаттайды, ал сыртқылары болса, Еуропаның,
ең алдымен оның батыс бөлігінің, басқа (еуропалық емес) мемлекеттер мен
аймақтарға қатысты орнын анықтайды.
Бұл алғышарттардың екі түрінің екеуін де Еуропаның және жалпы әлем
картасына көз жіберіп қарасақ байқауға болады. Ең бірінші болып көзге
түсетіні ол – біршама үлкен емес аумақта өз шекаралары, заңнамасы, әскері,
полициясы бар айтарлықтай көп мемлекеттердің шоғырлануы.
Тар кеңістікте көптеген мемлекеттердің қатар өмір сүріп келуі олардың
арасында аумақтық қақтығыстарға, соның ішінде миллиондаған еуропалықтардың
өмірін алып кеткен әскери қақтығыстарға талай рет әкеп соққаны баршаға
мәлім.
Жеке мемлекеттер арасында жасасылған бітім шарттары, шабуыл жасамау
немесе мәңгілік достық туралы пактілер еуропа тарихында талай рет бұзылған,
және келешекте олар сақталады деп жүз пайыз сенімділікпен ешкім кепіл бере
алмайды.
Ондай жағдайда Еуропаның саяси құрылысында жатқан соғыс пен қақтығыстар
үшін негізді жойып тастаған дұрыс-ақ болмай ма? Яғни бір-бірімен жауласып
жатқан ұлттық мемлекеттер Еуропасын, континентте бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын бірыңғай билік органдарға ие біртұтас
саяси құрылымға айналдыру.
Алғаш рет осыған ұқсас ойды XVIII ғасырдың ұлы неміс философы Иммануил
Кант айтқан болатын.[2]
ХХ ғасырда бұл идея Еуропа Құрама Штаттары атты жобасында өз көрінісін
табады. Аталған бастама әсіресе Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде өте кең
танымал болды.
Еуропада бейбітшілікке қол жеткізудің құралы ретінде саяси бірлікті
пайдалану – Еуропалық Одақтың құрылуы басталған Шуман жоспарының ең
негізгі идеясы болып табылады. 1955 жылы бұл бастаманың авторы Еуропалық
қауымдастықтардың бас архитекторы – Жан Монне – Еуропа Құрама Штаттары үшін
күрес атты арнайы ұйымды құрды. 1975 жылға шейін жұмыс істеген бұл
комитетке көптеген еуропалық саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері мүше
болды. Олардың арасында: ГФР канцлерлері В.Брандт пен Г.Шмидт, Франция
Президенті В.Жискар д’Эстен және т.б.
Мемлекеттер арасында ұрыс-жанжалдарды тоқтату қажеттілігі – Еуропа
халықтарын бірігуге және ортақ басқару органдарарын құруға итермелеген
жалғыз саяси фактор емес. Еуропаның бүкіл тарихы бойында сыртқы
факторлардың ықпалы өте үлкен болды, атап айтқанда ортақ дұшпан, ортақ
агрессорға қарсы бірігу.
Орта ғасырларда және Жаңа Заманның бірінші жартысында осындай ортақ жау
рөлін Осман империясы атқарды. Алайда кейін, әсіресе Қазан төңкерісінен
соң, интеграция иделогтары келешек Еуропалық Одақтың мақсатын Ресей (КСРО)
тарапынан болуы мүмкін агрессияға қарсы бірігуде көрді. Әрбір еуропалық
Ресейден төніп тұрған қауіпті жете түсінуі тиіс[3], - деп, 1924 жылы
бұндай ұстанымның ең ықпалды жақтаушысы, Панъеуропалық одақтың негізін
қалаушы және оның көсемі болған граф Куденхов-Калерги айтқан болатын.
Бүгінгі таңда Біріккен Еуропаның ең басты бәсекелестері Америка Құрама
Штаттары және Қытай болып табылады.
Мәдениет саласындағы алғышарттар. Еуропа халықтарының бірыңғай және
мемлекет үсті ұйымға бірігуі – тек экономикалық және саяси факторлардың
әсері ғана емес. Еуропалықтардың этно-ұлттық айырмашылықтарына қарамастан,
оларды, өмірдің ортақ мәдени, этикалық және діни негіздер біріктірді.
Еуропалықтарды діни (христиандық) негізде біріктіру идеялары бірнеше рет
ұсынылған болатын.
Мәселен 1306 жылы француз заңгері П.Дюбуа Еуропада христиандық
республиканы құруды ұсынды. Аталған бастама еуропалық идея шеңберінде
тарихи ең алғашқылардың бірі болып саналады.[4]
Сол кездерде ортақ христиан дінін, бүкіл Еуропа шеңберінде саяси
билікке қол жеткізу мақсатында, Рим папалары кеңінен пайдаланды.
Бір қызығы, кейбір зерттеушілер еуропалықтар деген терминін, өзін Рим
католик шіркеуінің басшысына, Папа Пий екіншісіне телейді. Византия
құлағаннан кейін (1453ж.) ол христиандарды еуропалықтар деп атап, оларды
Respublica christiana-ны Оттоман империясының шабуылынан бірігіп қорғауға
шақырды. Бүгінгі күні сәл әлсіреп кеткен діни фактормен қатар саяси мен
экономикалық бірігудің факторы ретінде ортақ құқықтық мәдениеттің рөлі
ерекше зор болды.
Пайда болуы жағынан еуропалық болып табылатын конституционализмнің,
адам құқықтары мен билікті бөлу идеялардың бірігуі, Еуропаның жекелеген
мемлекеттердің және жалпы Одақ шеңберінде саяси мекемелердің қызмет етуі
жүзеге асырылатын негізді құрады.
Идеологиялық алғышарттар. Қоғамдық өзгерістер – бұл тек ақиқат өмірдің
аясында жатқан объективті себептер әрекетінің нәтижесі ғана емес (қоғамдық
болмыс). Келешек реформалар қоғам тарапынан дұрыс қолдауға ие болу үшін
адамдардың көңіл-күйлерін дайындау, қоғамдық сананы соған икемдеу өте
маңызды, ал кейбір жағдайларда тіпті қажетті шарт болып та табылады.
Ал ол үшін адамдарды біріктіре алатын анық концепцияны, идеяны ойлап
табу керек. Алғашқы конституциялар қабылданар алдында конституционализм
идеялары әбден пісіліп жетілдірілді; ХІХ-ХХ ғасырлардың революциялық
оқиғалардың астарында марксизм және басқа да социалистік ілімдерде
дамытылған идеологиялық негіздемелер жатыр және т.с.с.
Еуропалық Одақ жағдайында сондай концепция ретінде еуропалық идея
(басқаша атауы – панъеуропалық) болды. Оның мәні – Еуропа халықтарының өз
еркімен бірыңғай саяси ұйымға бірігуі.
Еуропалық идеяның дүниеге келу тарихы айтарлықтай жуырда пайда болған
Еуропалық Қауымдастықтар мен Одаққа қарағанда едәуір көнелеу болып
табылады. Оның ең алғашқы жобасы XIV ғасырда пайда болған П.Дюбуаның жобасы
болып саналады. Ал кейбір тарихшылар Еуропаны өзге бір әлем, адамзаттың
ерекше бір семьясы ретінде қарастыратын пікірлер ХІ ғасырдан бастап көріне
бастайды дейді. [5]
Әрине сол уақыттан өткен жеті ғасыр аралығында еуропалық идеяның
мазмұны біраз өзгерістерге ұшырады. Кез келген басқа әлеуметтік ілім
секілді ол да біртіндеп, дамып келе жатты.
Орта ғасырлар кезеңінен бастап, Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяғына
дейін еуропалық идеяны тек жеке ғалымдар мен саясаткерлер дамытып, оны
уағыздауға тырысқан.
Феодалдық Еуропаны біріктіру жоспарларының ішінде Иржи Подебрад атты
(1458-1471) Богемия патшасының әрекеті үлкен маңызға ие болды. Ол Еуропа
монархтарын тек бірігуге ғана емес, сол бірігудің жолында нақты әрекеттерді
жасауға шақырды.
1693ж. Ағылшындық У.Пенни Еуропадағы мемлекеттер мозайкасын бұзып,
еуропалық парламентті шақыру керек деп ұсыныс айтты.
XIХ ғасырдың басында (1814ж.) аса көрнекті француз социалист-утопист
ғалымы Анри Сен-Симон ұсынған жобасы көңіл аударарлық. Оның Еуропаны саяси
біріктіру жоспары Еуромонарх лауазымын, Еуропалық үкімет пен әскердің
құрылуын көздеді.
ХІХ ғасырдың соңыңда болашақ саяси одақтың жоспарын өркениетті
халықтардың халықаралық құқық ғылымының өкілі К.Блунтшли (Швейцария)
ұсынды. 1878 жылы жарияланған мемлекеттердің еуропалық одақ ұйымы атты
мақалада Блунтшли аталған одақты тікелей дауыс берумен сайланатын
Федералдық кеңес пен Сенаттың басқаруында құруға шақырды.
Орта ғасырларда еуропалық идеяның жақтастары италияндық ақын Данте
Алигьери, ағылшын философы У.Оккам болды. Жаңа заманда бұл идеяны
қолдаушылардың саны әлдеқайда өсті. Оларға: Вольтер, В.Гюго, Г.Лейбниц,
Ж.Ж.Руссо және тағы басқалары қосылды.[6]
ХХ ғасырдың басында аса ірі жобалардың бірі, бұл Бірінші дүниежүзілік
соғыс жылдарында пайда болған – Еуропа құрама Штаттары (ЕҚШ) деп аталатын
жоба болды. Бұл жоба бойынша еуропа мемлекеттері арасындағы қатынастар АҚШ-
тың үлгісімен қайта құрылу керек еді. Аталған жобаға еуропалық идея
дамуының кейінгі кезеңдерде де назар аударылады.
Екі соғыс арасындағы кезеңде (1919-1939), осы кезге дейін жеке, бір-
бірінен оқшауланған ойшылдармен дамытылып келе жатқан еуропалық идеяны
жақтаушылардың ұйымдастырушылық бірігу процессі (институализация)
басталады.
1923 жылы Австрия саясаткері граф Куденхов-Калергидің басшылығымен
Панъеуропалық Одақ құрылды. Бұл одақ Франция үкіметі тарапынан қолдау
тауып, 1924 жылғы манифестте Еуропа құрама штаттарын құруға шақырды.
Панъеуропалық Одақтың негізін қалаушылардың тағы бір өкілі, Францияның
көрнекті мемлекет қайраткері Аристид Бриан болды. Ол 1929 жылы ЕҚШ-ты құру
жоспарын (Бриан жоспары деген атпен белгілі) ұсынды. Бұл жоспарда
Еуропаны алғашқы рет тек ортақ жауға қарсы немесе ішкі қақтығыстарды
болдырмау үшін біріктіру ғана емес, экономикалық базис ретінде
федеративтік байланыс пен ортақ нарық негізінде біріктіру тірегі
белгіленді. Жоспардың негізгі мақсаты – экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету
мен еуропалықтардың өмір деңгейін көтеру болды.
Алайда Еуропалық Одақ жоспарын зерттеу бойынша Ұлттар Лигасысмен
құрылған арнайы комиссия жұмыс істеген жылдары (1930-1932) қандай да бір
маңызды нәтижелерге жете алмай, А.Бриан қайтыс болған соң өз жұмысын
тоқтатты.
Екінші дүниежүзілік соғыс еуропалық идеяның әрі қарай дамуына өте үлкен
әсер етті.
Алғашында тек жеке ойшылдардың көкейінде жүрген еуропалық идея енді осы
уақыттан бастап зиялы қауыммен насихатталады да, сол арқылы қалың бұқараның
санасына ене бастайды. Германия басып алған еуропалық мемлекеттер
территорияларында әрекет қылған Қарсыласу қозғалысының осыған сіңірген
еңбегі зор. Қозғалыстың басты мақсаты фашизмнің көзін жою болды. Алайда
оның қайраткерлері басталып кеткен соғыс үшін тек Гитлерді ғана кінәлау
дұрыс емес екенін түсінді. Олардың ойынша соғыстың себептері Еуропаның
саяси құрылысында да жатыр, атап айтқанда, оның, бір-бірін жаулап алғысы
келетін, көптеген егеменді мемлекеттерге бөлінуі.
Сәйкесінше фашистік Германияны жеңіп тастау міндетін шешкеннен кейін,
фашизмнің сұмдықтары және басқа да соғыстар континентте ешқашан қайталанбас
үшін – Еуропаны саяси біріктіру міндеті тұрды.[7]
Еуропаның Қарсыласу қозғалыстары 1944 жылғы Декларацияда ұсынылған
федеративтік одақ негізінде халық алдында жауапты болатын ортақ үкіметті,
сол үкіметке бағынатын ортақ әскерді және федералдық конституцияны
түсіндірудің кез келген мәселелерін қарастыратын және мүше-мемлекеттер
арасында немесе мемлекеттер мен федерация арасында мүмкін болатын дауларды
шеше алатын Жоғарғы Сотты құруды ұсынды.
1940 жылдардың соңына қарай Еуропадағы нақты интеграцияға қол
жеткізуге тек халықаралық-құқықтық құралдармен үйлестіргенде ғана мүмкін
болатыны айқын болды. Аталған интеграция қатысушы-мемлекеттерден өз
егемендіктерін өз еркімен шектеуін және өздеріне тиесілі бірқатар
функцияларын ортақ мүдделері үшін қызмет істейтін мемлекет үсті органға
тапсыруын талап етті.
Бұл жаңа көзқарастың негізгі ерекшеліктері 1950 жылы 9 мамыр күні
Францияның сыртқы істер министрі – Робер Шуманның мәлімдемесінде өз
көрінісін тапты. Ол Шуман жоспары деген атпен белгілі болды, бірақ іс
жүзінде оны дайындаған, жоспарлау жөніндегі француз комиссары Жан Монне
еді. Монне-Шуман жоспарының мәні – бүкіл франко-германдық көмір мен болат
өндірісін біріктіріп, оны басқа еуропа елдері үшін ашық болатын ортақ
(мемлекет үсті) Жоғарғы органның басқаруына тапсыру.
1) федеративтік мақсаттан; 2) интеграциялық процесстердің
біріктірілуінен; 3) ажыратылмайтын мүдделердің біріктірілуін ең алдымен
экономикалық біріктіру негізінде қамтамасыз етуден; 4) практикалық
міндеттерді шешуге бейімделуден тұратын коммунитарлық тәсіл Ж.Монне
дайындаған жоспардың жетістігі болатын.
Осы тәсілдің арқасында біріккен халықтардың ортақ игілігін қамтамасыз
етуді өзіне мақсат қойған саяси биліктің жаңа, мемлекет үсті деңгейі пайда
болу керек еді.
Еуропалық кауымдастықтардың құрылуы. Көмір мен болат еуропалық
бірлестігі. 1950 жылғы Декларация жарияланғаннан кейін Келісімнің мәтінін
дайындау үшін үкіметаралық конференция шақырылды. 1951 18 сәуір күні жылы
Парижде оның қорытындылары бойынша көмір мен болат еуропалық бірлестігін
құру туралы шартқа қол қойылды (бейресми атауы – Париж шарты). Құжат барлық
қатысушы-мемлекеттер оны ратификациялағаннан кейін, яғни 1952 жылы 25 шілде
күні күшіне енді.
Париж шартының тараптары және сәйкесінше КБЕБ-тің мүшелері Батыс
Еуропаның алты мемлекеті болды, олар: Бельгия, Италия, Люксембург,
Нидерланды, Франция және ГРФ.
Париж шарты қоғамдық өмірдің үш негізгі саласын қамтыды.
Экономика саласында ұлттық экономикаларды ортақ нарыққа айналдыруға
бағыт алынды. Ал Париж шартының пәнін ескеретін болсақ, бұл тек өндірістің
көмір шығару секторы мен болат құю өнеркәсібіне тарайды.
Саясат саласында Париж шарты биліктің ортақ органдардың құрылуын
қамтамасыз етіп, оларды атау үшін институт деген термин енгізілді.
Институттардың ішінде ең негізгісі Жоғарғы орган еді. Ол құқықшығармашылық
әкімшілік функцияларға ие болды.
Көмір мен болат еуропалық бірлестігінің құрылуы заң (құқық) саласында
да интеграциялық процесстердің басталуы үшін тиісті негізді қалады.
КБЕБ туралы шарттан бастап, мүлдем жаңа құқықтық жүйе – Еуропалық
Одақтың құқығы қалыптаса бастады. Ал 1951 жылғы Париж шарты оның ең алғашқы
қайнар көзі болып есептеледі. Бұл шарт 50 жыл мерзімге жасалады. 1997 жылғы
Амстердам, ал кейінірек 2001 жылғы Ницца конференцияларында мүше-
мемлекеттердің өкілдері КБЕБ туралы шартты әрі қарай ұзартудың еш қандай
жөні жоқ деген шешімге келді. Сөйтіп, 2002 жылы 24 шілде күні бұл ұйым өз
қызметін тоқтатты. Оның өкілеттіктерінің барлығы Еуропалық қауымдастыққа
өтті.
Еуропалық (экономикалық) қауымдастық. 1957 жылы 25 наурызда Рим
қаласында аталған алты мемлекет Еуропалық экономикалық қауымдастықты құру
туралы Шартқа қол қойды. Ол күшіне 1958 жылы 1 қаңтар күні енеді.
ЕЭҚ туралы шарт КБЕБ-те бекітілген қағидаларды аталған Батыс Еуропа
елдері экономикаларының барлық секторларына көшіруі тиіс еді.
Экономика саласында, халық шаруашылығының барлық секторлары мен
салаларын (көмір мен болаттан басқа) қамтитын ортақ нарықтың құрылуы
көзделген. Болатын өзгерістердің ауқымдылығын ескере отырып, ортақ нарық
қағидалары енгізілуі тиіс он екі жылдық өтпелі кезең белгіленді.
Саясат саласында ортақ нарықты реттеу және ортақ саясатты жүргізу үшін
ЕЭҚ-тың институттары құрылған. ЕЭҚ-тың институциондық құрылымы КБЕБ-тікіне
өте ұқсас болып келеді, сонда да белгілі бір айырмашылықтар бар.
Біріншіден, ЕЭҚ-тың басты заң шығарушы органы, КБЕБ-тің министрлер
кеңесі секілді, мүше-мемлекет үкіметтерінің өкілдерінен тұратын, - Кеңес
болды.
Екіншіден, Жоғарғы орган сияқты құрылған Комиссия, көбінесе атқарушы
өкілеттіктерді иеленген болатын. Сонымен бірге, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы интеграция
Қазақстан мен Еуропалық Одақ
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Әлемдік саясаттағы Еуропалық одақ
Еуропалық Одақ пен Қазақстанның арасындағы саяси қатынас.
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
Еуропалық Одақтағы экономикалық интеграциялық элементтері
Еуропалық одақтың әлеуметтік саясаты
Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Еуропалық Қауымдастық құқығының заңдық болмысы мен құрылтай және институционалдық сипаттағы негізгі құжаттары
Пәндер