Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... .5
1.1 Жалақының экономикалық мәні мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жалақы құрылымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛАҚЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК РЫНОГЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Жалақының еңбек рыногының көрсеткіштермен өзара байланысты
және оның Қазақстандағы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Қазақстандағы еңбек рыногының дамуы және жетілдіру шаралары ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын, қызметін және оның нәтижесін зерттейтін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты өзгеруі, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек қатынастарына тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Кәсіпорын пайда табу мақсатында әр түрлі өндіріс факторларын қолданады. Солардың ішінде еңбек-өндірістің негізгі факторы, яғни жұмысшы күші жалпы өнімнің көп бөлігін құрайды.
Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты юолғандықтан, еңбек рыногы күрделі әлеуметтік-экономикалық рынок деп аталады. Өйткені қазігі заманда адамзат өзінің өмір сүру үшін белгілі бір қызметтер істейді. Біреулерінің жалақысы көп болса, біреулерінікі аз. Ал кейбіреулері мүлдем жұмыссыз.
Рынок процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда-еңбек күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы-жұмыскердің еңбегінің бағасы деп саналады.
Еңбек рыногы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен сипатталады.
Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рыноктың агенттері, олар еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Яғни, шешуді қажет ететін әлеуметтік мәселе болып табылатын халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі, жұмысбастылық, жалақы, жұмыссыздық, еңбек ұйымдары осы еңбек рыногының құрылымдары болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Жалақы теориясы:мәні, түрлері, жіктелу ерекшеліктері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елдің халқының тұрмыс деңгейін сипаттайтын, сол елдің даму нәтижесінің көрсеткіші болып табылатын жалақының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеті болып табылады.
Сонымен қатар, жалақы еңбек рыногының басқа да көрсеткіштері жұмыссыздық, экономикалық активті халық,жұмысбасты халық және экономикалық-әлеуметтік
көрсеткіштер инвестициялық климат пен халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайдыжәне оларды реттеудің басты құралы болып табылады. Ал халықтың тұрмыс жағдайы тікелей елдегі еңбекке қабілетті адамдар санына, олардың жұмыспен қамтамасызз етілу деңгейіне, сонымен қатар жалақы және осыларды реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс берушілерге байланысты.
1. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" : Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж., 24 желтоқсан.
2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы.-Астана: 2002 - 446 б.
3. Жұмамбаев С.К. Еңбек рыногы экономикасы:Оқу құралы. -Алматы: Қазақ университеті, 2003-171 б.
4.Рынок труда. Учебник / под. ред. пров. В.С.Буланова и пров. Н.А.Волгина. - М.: МГУ, 1996 г.
5. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә.Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2003 - 252 бет.
6. Әубәкіров Я.Ә. Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы, "Санат", 1998 - 479 бет.
7. Мэнкью Н.Г. Принципі экономикс. С.Пб: Питер Ком, 1999 - 784 с.
8. Журнал // Экономика и права Казахстана, 2007 г. №11,12,13.
9. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің бюллетені. 2006 жылғы Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша. - Алматы. 2006 жыл- 6 бет.
10. Статистический ежегодник. Алматы - 2007 год. №5.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

І ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... .5

1.1 Жалақының экономикалық мәні мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5

1.2 Жалақы құрылымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ІІ ЕЛІМІЗДЕГІ ЖАЛАҚЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК
РЫНОГЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...17

2.1 Жалақының еңбек рыногының көрсеткіштермен өзара байланысты
және оның Қазақстандағы
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2.2 Қазақстандағы еңбек рыногының дамуы және жетілдіру шаралары ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .27

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ

Әрбір елдің экономикасы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін
тұрақты экономикалық өсуді қажет етеді. Еліміздің рыноктық экономикаға
өтуіне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде.
Еңбек рыногы экономикасы еңбек рыногы қалай ұйымдастырылғанын,
қызметін және оның нәтижесін зерттейтін, жұмыс берушілер мен жұмыс алушылар
арасындағы қатынастардың әр түрлі факторлардың әсер етуіне байланысты
өзгеруі, жалақы, баға, пайда және мемлекет саясатының әлеуметтік-еңбек
қатынастарына тиетін ықпалын зерттейтін ғылыми сала.
Кәсіпорын пайда табу мақсатында әр түрлі өндіріс факторларын
қолданады. Солардың ішінде еңбек-өндірістің негізгі факторы, яғни жұмысшы
күші жалпы өнімнің көп бөлігін құрайды.
Еңбек, сондай-ақ адамға байланысты юолғандықтан, еңбек рыногы
күрделі әлеуметтік-экономикалық рынок деп аталады. Өйткені қазігі заманда
адамзат өзінің өмір сүру үшін белгілі бір қызметтер істейді. Біреулерінің
жалақысы көп болса, біреулерінікі аз. Ал кейбіреулері мүлдем жұмыссыз.
Рынок процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда-еңбек
күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы-жұмыскердің еңбегінің бағасы деп
саналады.
Еңбек рыногы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының
нарығы, бұлардың тепе-теңдік бағасымен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың
бір-біріне әсер етуімен сипатталады.
Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар рыноктың агенттері, олар
еңбек рыногында өзара қатынаста болады. Яғни, шешуді қажет ететін
әлеуметтік мәселе болып табылатын халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі,
жұмысбастылық, жалақы, жұмыссыздық, еңбек ұйымдары осы еңбек рыногының
құрылымдары болып табылады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Жалақы теориясы:мәні,
түрлері, жіктелу ерекшеліктері” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі бүгінде елдің халқының тұрмыс деңгейін
сипаттайтын, сол елдің даму нәтижесінің көрсеткіші болып табылатын
жалақының деңгейі, яғни оның сатып алу қабілеті болып табылады.
Сонымен қатар, жалақы еңбек рыногының басқа да көрсеткіштері
жұмыссыздық, экономикалық активті халық,жұмысбасты халық және экономикалық-
әлеуметтік
көрсеткіштер инвестициялық климат пен халықтың тұрмыс деңгейін
сипаттайдыжәне оларды реттеудің басты құралы болып табылады. Ал халықтың
тұрмыс жағдайы тікелей елдегі еңбекке қабілетті адамдар санына, олардың
жұмыспен қамтамасызз етілу деңгейіне, сонымен қатар жалақы және осыларды
реттеп отыратын еңбек одақтары мен ұйымдарына, жұмыс берушілерге
байланысты.
Менің бұл тақырыпты жазудағы мақсатым мен міндеттерім келесідей:
• Еңбек және еңбек рыногының экономикалық мәнін ашу;
• Жалақының экономикалық мәні мен оның теориялық негізін ашып көрсетті;
• Экономикадағы жалақының ұрылымы мен оның түрлерін атап өту;
• Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыруғ,
сонымен қатар еліміздегі жұмысбастылық пен жалақы деңгейін талдау;
• Рыноктық экономика жағдайындағы жалақының маңыздылығын және оның
әлеуметтік-экономикалық реттеудегі орнын анықтау;
• Еңбек одақтары және монопсонист фирмалардың жалақыға әсерін қарастыру;
• Жалақы, жұмысбастылық, кәсіподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара
байланыстары, мәселелерін және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.

І ЖАЛАҚЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1 Жалақының рыноктық экономикадағы мәні мен қағидалары

Жалақы-тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан ол
тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына леулі ықпал етеді.
Жалақы деген не, оның дәрежесі мен динамикасы не нәрсеге тәуелді, жалақыға
бәсекенің жетілген және жетілмеген түрі қалай әсер етеді?
Жалақының мәні. Осы мәселеге байланысты экономикалық теорияда 2
тұжырымдама бар:
1. Жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық
факторлар- сұраныспен және ұсыныспен анықталады.
2. Жалақы жұмыс күші- тауардың бағасы, еңбектің бағасы емес, өйткені
еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де, рыноктық
факторлар сұраныс, ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы
жалақының жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен
болатындығын көрсетеді.
Экономикалық теорияда жалдамалы жұмыскерлердің еңбегіне ақы
төлеудің мәні және фирма немесе дәрежесінде оны белгілейтін факторлар
туралы әр түрлі пікірлер кездеседі.
А.Смит және Д.Рикардо бойынша еңбек тауар болып табылады, оның
табиғи бағасы болады. Ол жұмыскерге және оның отбасында қажет өмір сүруге
мүмкіндік беретін, құн түрін алған, өндірістік шығындармен белгіленеді.
А.Смит еңбек пен жұмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып
көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар тауар деп
саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жұмысшының
және оның отбасының тіршілігіне қажетті құнмен есептеледі. А.Смит табиғи
жалақы деп жұмыс күшінің құнын түсінді. Жалақы мөлшері жұмысшының
тіршілігіне қажетті құн минимумымен анықталады. Осыдан басқа жалақы тарихи
және рухани элементтерді қамтиді, осымен байланысты Смит жалақы мөлшерінің
ұлттық айырмашылығы болатынын түсіндірді. Рикардо жалақы теориясын
Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория
бойынша, халықтың табиғи өсуіне сәйкес күнкөріс заттарының минимумына
ұмтылады. Маркстік тұжырымдамаға сәйкес жалақы еңбек бағасы емес, өйткені
еңбек тауар емес, олай болса оның құны да жоқ. Жұмыс күші тауар бола алады,
ал жалақы осы тауардың бағасы, оның құнының ақшалай көрінісі. Жұмысшы
жалақы түрінде бүкіл еңбегі үшін емес, тек қажетті еңбек мөлшерінің құнын
алады. Жалақының экономикалық маңызы мынада, осы табыс арқылы өндірістің
жеке факторының орны толтырылады, адамның материалдық және рухани
қажеттіліктері қанағаттандырылады, білім алуы, еңбекке дайындығы жүзеге
асырылады.
Жалақы еңбек бағасы. Олай болатыны жұмысшы жалақыны өз еңбегін
шығындағаннан кейін алады, жалақы мөлшері еңбектің әрекет ету ұзақтығына
тәуелді, бірдей жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалақысында жекелей
айырмашылық орын алады. Еңбек түгелдей төленген болып көрінеді. Сондықтан
да пролетарлық саяси экономикада жалақыны жұмыс күші құнының өзгерген
нысаны, шындығында жұмыс күшінің бағасы деп көрсетеді. Қазіргі батыстың
экономика ғылымында жалақыны еңбек бағасы деген көзқарас орын алуда.
Самуэлсон мен Нордхаус Жалақы рыноктық бағаның маңызды категориясы,
өйткені ол еңбек бағасы - деп жазды. Жаңа классиктер жалақының дәрежесі
мен динамикасын рыноктық факторлар (сұраныс пен ұсыныс) деп түсіндірді.
Номиналды және нақты жалақыны ажырата білу керек. Номиналды жалақы
ақшаға шығарып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық,
айлық еңбегі үшін алады. Нақты жалақы жұмысшының күнелтуіне қажетті
заттарға шағылған жалақысы, яғни жұмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және
отбасы үшін қанша және қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын
көрсетеді.
Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады.
Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының ұзақтығымен анықталады,
сондықтан ол күндік, апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Келісімді
жалақыда жұмысшының жалақысы шығарылған өнім санына тәуелді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде жалақының негізгі нысандарымен бірге
жұмысшының еңбек өнімділігі мен қарқындылығын ынталандыру мен жетілдіруге,
олардың творчествалық қабілетін дамытуға бағытталған еңбек ақы төлеудің
басқа да жүйелері қолданылады. Осы жүйелерге келісімді- прогрессивті,
кесімді көтерме, көп факторлары т.б. жатады. Жалақының мөлшері жұмысшының
еңбек өнімділігіне, өнім сапасына, шикізатты үнемдеу, жабдықтарды пайдалану
коэффициенті т.б. көрсеткіштеріне тәуелді.
Жалақының дәрежесі мен динамикасы.
Жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар.
Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен әр қилы
еңбегі жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен айырмашылық бар.
Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да жалақы өзгеріп
отырады. Өнеркәсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсуі байқалады.
Жалақы өндіріс жағдайы мен рыноктық конъюктураға да тәуелді. Жалақы
дәрежесіндегі айырмашылық ең алдымен өндіріс мөлшерінде анықталады.
Экономикасы дамыған елдерде жоғары жалақы өндіріс пен еңбек өнімділігі
саласындағы жетістіктерге байланысты, өйткені алдын ала өндірілгенді ғана
бөлуге болады. Жалақының мөлшері мен динамикасына ықпал ететін маңызды
факторларға табиғи ресурстар, қолдағы капитал, жұмыс күшінің саны мен
сапасы, техника мен технология дәрежесі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
жатады. Осы факторлардың өзара байланысты әрекет етуі еңбек өнімділігін
сипаттайды.
Еңбек рыногы рыноктың бір түрі, онда бәсеке жетілмеген сипатта болады.
Алайда теориялық құбылыстарды таза күйінде зерттеуді, байланыстар мен
тәуелділіктерді мүмкіндігінше дәл анықтауды ұсынады.
Жалақының мөлшері мен динамикасына еңбекке деген ұсыныс ерекше әсер
етеді. Жұмыс күшін сату оның иесінің өмірлік тіршілігінің бірден-бір көзі.
Сондықтан жұмыс күшін сатушылардың арасында өткір бәсеке күресі орын алады.

Жалақының маркстік теориясы оны жұмыс күшінің өзгерген нысаны деп
дәлелдеп, еңбек және жұмыс күші дегн түсініктерді бір-бірінен ажырата
қараған. Демек жалақы мөлшерінде тек қажетті өнім орын алған. Жұмыс күшінің
құны, оның әдеттегі жағдайда ұдайы өндірілу шарттарымен белгіленеді.
Жалақының мөлшері жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың арасына, еңбектің
әрекет ету уақытының ұзақтығына, еңбек өнімділігіне, еңбектің қарқындығына,
еңбектің күрделілігіне тәуелді болды.
М.Туган-Баранновский ұсыеған жалақының әлеуметтік теориясы жалақының
қоғамдық еңбектің өнімділігіне және жұмысшы табының қоғамдық өнімдегі
үлесі деп тұжырымдайды.
Дж.М.Кейнс жалақының көлемі мен динамикасын ретету мақсатымен, оған
тікелей кірісудің қажеттігін дәлелдеген. Әлеуметтік күйзелістен аулақ болу
үшін ол жалақыны төмендету мақсатында ұжымдық келісімдерді қайта қараудың
орнына, бірте-бірте жалақыны төмендету үшін бағаның өсуін қолдады. Кейнс
ақшалай жалақының қатааң саясатын жүргізуді талап етеді.
Рынок процестерін зерттейтін бүгінгі экономикалық теорияда-еңбек
күмәнсіз өндіріс факторы, ал жалақы – жұмыскердің еңбегінің бағасы деп
саналады.
Рынокта жалақының ждалпы дәрежесі іс-әрекет түрлеріне байланысты
жіктеліп дараланады. Бұған жалақының кең деңгейдегі әр түрлі нақты
ставкалары жатады. Осымен қатар еңбек рыногындағы бәсекенің әр түрлі
факторлары, кәсіподақтардың ықпалы, мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты,
кәсіпкердің жұмыскер жалдауға жұмсайтын шығындары,қолданылып жүрген
еңбекақы жүйесінің ерекшеліктері әсер етеді.
Жалақының нақты ставкалары рыноктық экономикаға еңбек рыногындағы
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен белгіленеді.
Рынокта еңбекке сұранысты қалыптастыратын кәсіпорынның максималды
пайдасы еңбектің шекті өнімділігі мен нарықтық жалақының қиылысу нүктесі
болып табылады. Осылайша бәсекелестік рыноктық экономикада фирма жұмыс
күшін шекті өнім құны мен жалақы тең болғанша қабылдай береді. Осыдан барып
кәсіпорынның еңбекке сұранысы ұғымы шығады, оны келесі графиктен көре
аламыз.

Шекті өнім
құны

Нарықтық
жалақы

Еңбеккесұраныс

қисығы

Жұмысшылар саны

Жұмысшылар санының
Максималды пайдасы
Сурет-1-Еңбектің шекті өнімділігінің құны

Кейбір жағдайлар - өндіріс факторлары мен өнім бағалары сырттан
беріледі; шешім қабылдау бостандығы – қанша адам және жұмыс сағат
қажеттілігі – тарифтік реттеумет және жалдама қызметкерді қорғайтын басқа
да заңдармен шектеледі. Мысалы, Қазақстандағы еңбек туралы заң жұмыс апта
ұзақтығын 40 сағатпен шектейді.
Жұмыс күші ұсынысының көлемін анықтауда қиындықтар кездеседі:
кәсіпорын өзіндегі қызметкерлерді нақтылы қолдана ма, әлде оған қосымша
жұмыс күшін қажет ете ме – бұл анықтауды талап етеді. Институционалдық
реттеуге сәйкес кәсіпорын кей жағдайда артық қызметкерлерді жұмыстан дереу
босата аламайды. Сонымен қатар фирма қосымша жұмыс күшіне мұқтаж болуы
мүмкін, өйткені бос орындарды қызметкерлермен толтыруы керек.
Нарықта жеке меншік кәсіпорындар саны және олардың
экономикада үлесі өскен сайын оның тиімділігі еңбек өнімділігі арқылы
көтерілген сияқты. Демек, жұмыс күшіне сұраныс қалыптасуына жеке меншік
сектор нарықтық жұмысқа алуда фирма тек экономикалық тұрғысынан шешеді,
басқаша айтқанда, фирмаға бұл адамдар барынша көп пайда түсіре ала ма деген
критерийді қолданады. Жұмыс барысында біз еңбек нарығы болғандықтан жеке
меншік секторды қарастырамыз.
Жұмыс күшіне сұранысты жұмыс берушілердің берілген уақыт
мерзімінде белгілі жалақы мөлшері үшін жалдайтын адамдар саны ретінде
анықтауға болады. Жұмыс күшіне сұраныс, еңбекке деген сұраныс өндіріс
факторы ретінде туынды сұраныс болып келеді: тауарлар өндірерде еңбек
қолдану керек, демек игілік көлемін өндіру туралы шешімнің екінші жағы
қолданылатын еңбек көлемі туралы ше шім болады.
Жалақы көтерілсе, жұмыспен қамту деңгейі өсе ме, әлде азая
ма – бұл сұраққа жауап беру оңайға түспейді. Кәсіпорын мақсаты - өзінің
іскерлік қызметінен барынша көп пайда түсіру, ол әр түрлі ресурстар, оның
ішінде ең бастысы адам ресурстарын қолданады. Біздің қарапайым моделімізде
негізінен екі факторды ескеретін боламыз – еңбек пен капитал. Пайда
фирманың өнімін сатудан түскен түсім мен орын тепкеншығындар айырымы болып
келеді. Кез-келген бәсекелестік рыноктағыдай Dm рыногының сұранысы мен Sm
нарығы ұсынысының ара-қатынасының тепе-теңдігін анықтайды, айта келсек w*
жалақы төлемінің тепе-теңдік мөлшерін 4-ші суреттен көрсек болады.
Аталған рынокта кәсіпорын SL еңбек ұсынысының горизанталды
қисығымен кездеседі, себебі ол w* тең МЕ тұрақты шектік шығындармен кез-
келген еңбек санын жалдай алады. Егер фирманың табысы қосымша жалақы
төлемдерінің шығындарынан артық болса, онда оған қосымша еңбек санын жалға
алу тиімді болады.
W Еңбек рыногы W Фирма

Sm

ME,SL
W* W*

Dm

Еңбек бірлігін жалға алу нәтижесінде алынған қосымша табыс MRPL
еңбегінің шектік табыстылығы деп аталады. Осы тәсілмен MRPк капиталының
шектік табыстылығы анықталады. Қосымша еңбек бірлігі
∆ Q= MRPL шектік еңбек өнімі көлемінеде қосымша өнім шығарылуын қамтамасыз
етеді. Егер кәсіпорын өзінің тауарын немесе қызметін саиаиын өнімнің рыногы
бәсекелік болса, онда ол қосымша табыс таба алады.
MRPL =p*MPL
Мұнда, р-тепе-теңдік баға;
MPL-еңбектің шекті өнімділігі;
MRPL-қосымша табыс.

1.2 Жалақы құрылымы және оның түрлері

Жалақы тұтынушылар табысының басым көпшілігін құрайды, сондықтан
ол тауарлардың сұраныс көлеміне және олардың бағасына елеулі ықпал
етеді.Экономикалық теорияда жалақының екі мағынасы бар. Біріншісінде,
жалақы еңбек бағасы, оның дәрежесі мен динамикасы рыноктық факторлар –
сұраныс және ұсыныспен анықталады. Екінші мәні жалақы жұмыс күші –
тауардың құнының ақшалай көрінісі, еңбектің бағасы емес,
өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де,
сұраныс және ұсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының
жұмыс күші құнынан бірде жоғары, бірде төмен болатындығын көрсетеді.
Жалпы жалақының экономикалық мәні мен қызметтері өте көп болып
табылады. Себебі, жалақы деңгейі арқылы сол елдің халқының тұрмыс деңгейін,
кәсіпорындардың жағдайын, халықтың менталитетін, тұтынушылардың талғамын,
жұмыссыздық және жұмысбасты халық деңгейін көруге болады. Сондай-ақ жалақы
ынталандыру, жұмыссыздықты азайту, экономикалық активті халықты көбейту,
адамдардың мамандану дәрежесінің өсуі сияқты қызметтер атқарады.
Жалақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі
болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді.
Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың
маңыздысының бір.
Жалақы бұл – оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған
қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы
қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.
Жұмыс күші құны қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек
қабілетін қалпына келтіруге жәрдемдесетін заттардың жинақ құны. Бұларға
жататындар:
• жұмыскердң қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік құны;
• оны мамандыққа оқытуға кеткен шығындар;
• оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттардың құны.
Нақтылы жұмыс күшінің ұүны ажетті өнімкөлемін анықтайды. Оның өзіндік
жұмыс күшінің құны әр елде әр түрлі және ол уақыт өтуімен байланысты
өзгеріп отырады. Еңбек рыногында жұмыскерлердің еңбекақысының өсуі еңбек
өнімділігінің өсуіне мүмкіндік жасайды.
Еліміздегі қоғамда қажетті өнімнің барлығы жүмыскерге жеке
еңбекақы түрінде берілмейді.Қажетті өнімнің бір бөлігі әлеуметтенеді және
әр түрлі салық, есептеп беру арқылы мемлекетке қоғамдық тұтыну қорына
кетеді.
Кәсіпорында жалақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда
жалақының мына төмендегі қағидаларын есепке алу керек:
1. Әділдігі,яғни тек еңбекке тән жалақы;
2. Істелмеген жұмыс есебінің қиындылығы және еңбек бірлігінің деңгейі;
3. Еңбек сапасына және еңбекке қатынастылығының адалдығы үшін ынталандыру;
4. Зиянды еңбек жағдайның және ауыр дене еңбегінің есебі;
5. Еңбек өнімділігінің өрлеу қарқыны орта жалақының өрлеу қарқынына
қарағанда озық жүруі;
6. Инфляцияның деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіп орындарындағы жалақылардың
айырмашылықтарын келесілерден көруге болады:
1) Мемлекеттік иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет актілерімен
реттеледі, бірақ ол жалақының минималды деңгейінен кем болмауы керек.
2) Мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни жалақы тұрақты
болады.
3) Мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді, ал
мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық жағдайына
қарай анықталады.
Экономикада жалақы- атаулы және нақты жалақы болып бөлінеді.
Атаулы табыс жалақы – бұл қызметкғердің белгілі кезеңдегі істелген
еңбегі үшін есептелген және берілген жалақысы.
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін
атаулы табыс жалаысы; Нақты жалақы – бұл атаулы табыс жалақының сатып алу
қабілеттілігі.

Жалақының жүйелері мен нысандары

Келісімді еңбекақы Уақыттық еңбекақы

Жай кесісімді ақы Жай уақыттық
еңбекақы

Келісімді сыйлықақы Уақыттық сыйлықақы

Көтеріңкі жалақы Сағаттық еңбекақы

Үдемелі кесімді жалақы Күндік жалақы

Жанама кесімді жалақы Апталық жалақы

Айлық
жалақы

Сурет-3 – Жалақының жүйелері мен нысандары

Сондай- ақ жалақыны берілуіне және оның берілу мерзіміне байланысты
жалақыны бірнеше түрлері мен нысандары болады. Оны келесі 3 –ші суреттен
көруге болады.
Жалданған қызметкерлердің жалақысы екі бөлімнен тұрады:
• Тарифтік, ол жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы келісім
нәтижесі болып келеді;
• Мерзімнен тыс, түнгі сағаттар, мейрам және демалыс күндері
жұмыс істегені үшін әр түрлі төлемдер.
Жалақының келісімді нысаны қызмет көлнмдік, сандық
көрсеткіштерін ынталандырады. Ол өндіріс учаскелерінде қол еңбегінің немесе
машиналы-қол еңбегінің басымдылығы жағдайында қолданылады; дәл осы жағдайда
өндірілген өнімнің көлемін және оның сапасын арттыру және еңбек мөлшерін
белгілеудің негізділігін ескеру қажет.
Еңбекақының келісімді нысаны келесі жағдайларда қолданылады:
• Тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық
көрсеткіштерінің бар болуы;
• Орындалатын жұмыс көлемінің дәлме-дәлесептеу мумкіншілігі;
• Жұмысшының өндіріс немесе орындалған жұмыстың көлемінарттыру
мүмкінншілігі;
• Осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған
жұмыстың көлемін онан әрі ынталандыру.
• Техникалық негізделген еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердң біліктігін көтеру және
еңбек тәртібін нығайту ынталандырады. Еңбек мерзімдік ақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика негіздері қызметтері
Экономикалық басқару әдістері
Нарықтық экономика жағдайындағы жалақыны реттеу ерекшеліктері
Әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия. Қоғам мәселесі
Нарықтағы еңбекақы
Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны есептеу тәртібі
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
Бухгалтерлік есепшоттарының жіктелуі мен жоспары
Маркетинг түрлері
Пәндер