Атырау және Семей қалаларының физика – географиялық сипаттамасы



КІРІСПЕ 1Әдебиеттерге шолу
2 Атмосфераның температуралық режимі
3 Атырау қаласының физика . географиялық сипаттамасы
Семей қаласының физика . географиялық сипаттамасы
5 Графикке талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Ауа температурасы ауаның жылулық режимін сипаттайды. Ауа температурасы атмосфераның әр нүктесінде әртүрлі болады, кеңістік және уақыт бойынша өзгеріп отырады. Жер бетіне жақын ауа температурасының өзгеру шегі өте үлкен. Ең жоғарғы мәні - абсолюттік максимумы 58 0С Ливия шөлінде, ал төменгі мәні – абсолюттік минимумы -88 0С Антрактидадағы «Восток» станциясында тіркелген.
Ауа температурасының негізгі статистикалық сипаттамалары (орта, орташа, квадраттық ауытқулар) айлық, тәуліктік минималды, максималды температуралар.
Температураның негізгі сипаттамалары бақылу жүргізілген ауданның жалпы термикалық режимі туралы ақпарат береді. Ауа температурасының жылдық жүрісі төселме беткейдің температурасының жылдық жүрісі төселме беттің температурасының жылдық жүрісімен анықталады. Температураның жылдық амплитудасы, ең жылы және ең салқын айлардың орташа айлық температураларының айырмашылығы болып табылады. Ауа температурасының климаттық негізгі элементі ретінде ауа-райыының сипатын және режимін білдіреді.
Ауаның жылуы және салқындауы төселме беткейдің жылу режиміне бағынатындықтан ауа температурасысының тәуліктік жүрісі төселме беткейдің температурасының тәуліктік жүрісімен анықталады. Ауа температурасының (2м биіктікте) минимальді мәні күн шығар алдында байқалады. Көкжиектен күн көтерілген сайын алғашқы 2-3 сағат ішінде ауа температурасы тез өседі, сосын оның өсуі баяулайды. Ауа температурасының максимальді мәні тал түстен 2-3 сағат кейін (14-15 сағ.) орнығады. Одан кейін температура төмендейді – алдымен баяу, сосын жылдамырақ.
1. Байшоланов С.С. Метеорология және климатология.- Алматы:«Қазақ университеті», 2007-78б.
2. Байшоланов С.С., Қожахметов П.Ж. Жалпы метеорология.-Алматы: «Қазақ университеті», 2005-22б.
3. Тверской П.Н. Курс метеорологии.-Ленинград: Гидрометиздат.,1962-423б.
4. Дроздов О.А. Климатология.-Ленинград,1989-124б.
5. Гладышева Е. Н. Северо-Казахстанская область.(экономико-георафическая характеристика) Алма-ата 1959-8б
6. Научно-прикладной справочник по климату СССР. Серия 3,выпуск 18,часть 1-6.1989 ж
7. Моргунов В.К. Основы метеорологий; глава 1, 26 бет
8. Агроклиматические ресурсы. Чимкентской области казахской СССР. Ленинград. Гидрометеоиздат 1979 г,5 бет

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1Әдебиеттерге шолу

2 Атмосфераның температуралық режимі

3 Атырау қаласының физика – географиялық сипаттамасы
Семей қаласының физика – географиялық сипаттамасы
5 Графикке талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ауа температурасы ауаның жылулық режимін сипаттайды. Ауа температурасы
атмосфераның әр нүктесінде әртүрлі болады, кеңістік және уақыт бойынша
өзгеріп отырады. Жер бетіне жақын ауа температурасының өзгеру шегі өте
үлкен. Ең жоғарғы мәні - абсолюттік максимумы 58 0С Ливия шөлінде, ал
төменгі мәні – абсолюттік минимумы -88 0С Антрактидадағы Восток
станциясында тіркелген.
Ауа температурасының негізгі статистикалық сипаттамалары (орта, орташа,
квадраттық ауытқулар) айлық, тәуліктік минималды, максималды
температуралар.
Температураның негізгі сипаттамалары бақылу жүргізілген ауданның жалпы
термикалық режимі туралы ақпарат береді. Ауа температурасының жылдық жүрісі
төселме беткейдің температурасының жылдық жүрісі төселме беттің
температурасының жылдық жүрісімен анықталады. Температураның жылдық
амплитудасы, ең жылы және ең салқын айлардың орташа айлық
температураларының айырмашылығы болып табылады. Ауа температурасының
климаттық негізгі элементі ретінде ауа-райыының сипатын және режимін
білдіреді.
Ауаның жылуы және салқындауы төселме беткейдің жылу режиміне
бағынатындықтан ауа температурасысының тәуліктік жүрісі төселме беткейдің
температурасының тәуліктік жүрісімен анықталады. Ауа температурасының (2м
биіктікте) минимальді мәні күн шығар алдында байқалады. Көкжиектен күн
көтерілген сайын алғашқы 2-3 сағат ішінде ауа температурасы тез өседі,
сосын оның өсуі баяулайды. Ауа температурасының максимальді мәні тал түстен
2-3 сағат кейін (14-15 сағ.) орнығады. Одан кейін температура төмендейді –
алдымен баяу, сосын жылдамырақ.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Ауа температурасы ауа күйінің ең маңызды термодинамикалық сипаттамасы
болып табылады.
Ауа температурасы атмосфераның әр нүктесінде әртүрлі болады және уақыт
бойынша өзгеріп отырады. Биіктеген сайын температура әр қабат сайын және
әртүрлі себептермен өзгеріп отырады. Мысал ретінде 10-15 км-ге дейін ауа
температурасы төмендейді, одан 50-60 км аралығында өседі, кейінгі
биіктіктерде қайтадан төмендейді.
Ауа температурасын сонымен қатар топырақ температурасы, су температурасын
халықаралық температура шкаласы немесе Цельсия шкаласы арқылы алмасу
қабылданған. Цельсия шкаласының ролі мұздық еру температурасына сәйкес
келеді, ол +100 0Ссудың қайнау температурасына сәйкес келеді.
АҚШ-та және тағы басқа мемлекеттерде Фарангейт шкаласы қолданылады. Бұл
шкаланың нолі қар мен нашатыр қоспасының температурасына тең. Цельсия
шкаласының 00С-сы Фарангейттің плюс 32 0F, ал 100 0С-сы плюс 212 0F-ке
сәйкес келеді. Фарангейттің Цельсийға және керісінше бойынша көшуге болады.
t 0C= (519)(tF-32) және t 0C= (915)(TC+32) яғни, 0 0F шамамен минус 17,8
0С-ға сәйкес келеді.
Теоретикалық метеорологияда температураның абсолютті шкаласы Кельвин
шкаласы қолданылады. Ол шкаланың нолі молекулалар қозғалысының толық тоқтау
температурасына, яғни ең төменгі температураға сәйкес келеді. Ол
температура Цельсия шкаласы бойынша минус 273,15 0С-ға тең. Кельвин шкаласы
бойынша температура тек оң таңбалы болады.
Орташа көпжылдық декадалық және орташа тәуліктік температураны табу үшін
графикалық әдіс қолданылады. Қолмен жасалынатын гистограмма әдісі немесе
автоматтандырылған слайн-интерполяция әдісі
Минималды жән максималды температураларды бақылау, анықтау үшін минималды
және максималды термометрлер пайдаланылады.
Абсолютті минималды және абсолютті максималды температуралар бақылау
жүргізген станцияның көпжылдық периодына әр айдың немесе жылдың ең жоғарғы
және ең төменгі температураларды сипаттайды.
Мұхиттар мен теңіздер үстінде ауа температурасының максимальді мәні
құрлық үстіндегіден 2-3 сағатқа кешірек байқалады. Ірі су қоймаларының
үстіндегі ауа температурасының тәуліктік амплитудасынан жоғары болады. Оның
себебі – мұхит үсті ауасында су буының мөлшері жоғары болатындықтан күн
радиациясы жақсы жұтылады және ондай ауаның өзіндік сәулешашуы да жоғары
болады. [1]
Салқын немесе жылы ауа массалары басып кіргенде ауа температурасының
жоғарыда айтылғандай тәуліктік тербелісі бұзылады, яғни кейде керісінше
күндіз төмендеуі немесе түнде өсуі мүмкін.
Тұрақталған ауа-райында ауа температурасының өзгерісі тәулік бойында
айқын ажыратылады. Бірақ, ауа температурасының тәуліктік амплитудасы
әрқашандатопырақ беті температурасының тәуліктік амплитудасынан кіші
болады. Ауа температурасыынң тәуліктік амплитудасы әртүрлі факторларға
бағынышты. Маңызды факторлар:
1) Географиялық ендік. Ендік өскен сайын ауа температурасының тәуліктік
амплитудасы азаяды. Ең үлкен тәуліктік амплитуда субтропиктік ендіктерде
байқалады. Жыл бойында орташа алғанда тәуліктік амплитуда тропиктік
облыстарда 12 0С шамасында, орта ендіктерде 8-9 0С, поляр шеңберінде 3-4
0С, ал одан жоғары 1-2 0С құрайды.
2) Жыл мезгілі. Қоңыржай белдеуде тәуліктік амплитуданың ең кіші мәні
қыста, ең үлкені жазда орнығады. Көктемде олар күзгі маусымнан біршама
үлкен болады. Ауа температурасының тәуліктік амплитудасы түннің ұзақтығына
да бағынышты. Жоғарғы ендіктерде жазғы түн өте қысқа болатындықтан
температура өте төмен түсіп үлгермейді, сондықтан амплитуда кішірек
болады.Полярлық аудандарда жазда тәулік бойы күн батпайтын кезде амплитуда
1 0С шамасында болады. Поляр түні кезінде температураның тәуліктік
тербелісі тіпті байқалмайды, ал көктем мен күзде тәуліктік амплитуда
біршама өседі (Диксон аралында 5-6 0С құрайды). Тропиктік ендіктерде
температураның тәуліктік амплитудасы жыл маусымдарына онша бағынбайды, жыл
бойы 20-22 0С шамасында болады.
1) Төселме беткейдің сипаты. Су беті үстіндегі ауа температурасының
тәуліктік амплитуда құрлық үстіндегіден кші болады. Мұхит және теңіз
үстінде ол 2-3 0С құраса, құрлық ішінде 20-22 0С-ға дейін өседі. Құрғақ
дала мен шөлерде температураның орташа жылдық тәуліктік амплитудасы 30 0С-
ға дейін жетеді.
2) Бұлттылық. Ауа температурасының тәуліктік амплитуда бұлттылық өскен
сайын азая түседі. Бұлт қабаты күндіз күннен көлеңкелеп температураны
азайтса, түнде жер бетінің сулешашуын атмосфераға жібермей ауаның
салқындауына кедергі жасайды.
3) Жер бедері (рельеф). Ойпаң жерлерде (жыра, шұңқыр, аңғар) ауа күндіз
тұрып қалатындықтан қатты қызады, ал түнде керісінде салқын ауа биік
жерлерден ойпаңға ағып түседі. Сондықтан тегіс жерге қарағанда ойпаң
жерлерде температураның тәуліктік амплитудасы жоғары болады. Дөңес
рельефтердің шыңында тәуліктік амплитуда тегіс жердікінен кіші болады.
4) Теңіз деңгейінен биіктік. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауа
температурасының тәуліктік амплитуда азаяды, ал максимальді және минимальді
мәні байқалатын уақыт кешігіп орнығады. Тропапауза биіктігінде де
амплитудасы 1-2 0С құрайтын температураның тәуліктік жүрісі байқалады.
Бірақ ол, бұл биіктікте озонның күн сәулесін жұтуымен байланысты.
Ауа температурасының жылдық жүрісі негізінен төселме беттің
температурасының жылдық жүрісімен анықталады. Температураның жылдық
амплитудасы, ең жылы ең салқын айлардың орташа айлық температураларының
айырмашылығы болып табылады. Солтүстік жартышарда құрлықта орташа айлық
максимальді температура шілдеде, минимальді –қаңтарда байқалады. Мұхиттар
мен құрлық жағалауында экстремальді температуралар кешігіп орнығады:
максимумы – тамызда, минимумы – ақпан-наурызда. Су беті үстінде ауа
температурасының жылдық амплитуда құрлық үстіндегіден біршама кіші болады.
Ендік өскен сайын ауа температурасының жылдық амплитудасы да өседі. Ең
кіші мәні экваторлық аймақта, ең үлкен мәні полярлық ендіктерде байқалады.
Теңіз деңгейінен биіктген сайын жылдық амплитуда азаяды.
Амплитуданың мөлшеріне және экстремальдік температуралардың орнығу
уақытына байланысты ауа температурасының жылдық жүрісінің төрт түрі
ажыратылады:
1) Экваторлық тип. Экваторлық аймақта жылына температураның екі
максимальді мәні – көктемгі және күзгі күндіз бен түннің теңелуінен кейін,
күн экватор үстінде тұрғанда, және екі минимумы – қысқы және жазғы күн
тоқырауынан кейін байқалады. Бұл жерде температураның жылдық амплитудасы
кішкентай, себебі жыл бойы келетін жылу аз өзгереді. Мұхиттар үстінде
амплитуда 10С шамасында, құрлықта 5-10 0С құрайды.
2) Тропиктік тип. Тропиктік ендікте температураның қарапайым жылдық
жүрісі байқалады, максимумы жазғы және минимумы қысқы күн тоқырауынан
кеййін орнығады. Жылдық амплитуда экватордан қашықтаған сайын өсе түседі,
әсіресе қыс пен жазда. Температураның жылдық амплитудасы тұхиттар үстінде 5-
10 0С, құрлықтар үстінде 10-20 0С құрайды.
3) Қоңыржай белдеу типі. Бұл белдеуде де температураның максимумы жазғы
және минимумы қысқы күн тоқырауынан кейін орнығады. Температураның
максимумы солтүстік жартышары құрлық үстінде шілдеде, теңіздер үстінде және
жағалауда тамызда байқалады. Ендік өскенде температураның жылдық
амплитудасы да өседі. Мұхиттар мен жағалаулар үстінде олар орташа алғанда
10-15 0С, құрлықтар үстінде 30-50 0С болады, ал
60 0 ендікте 60 0С-ге жетеді.
4) Полярлық тип. Полярлық аудандарда қыс ұзақ және суық, жаз қысқа да
салқын болады. Температуранның жылдық амплитудасы мұхиттар мен жағалау
үстінде 25-40 0С, ал құрлықта 65 0С-дан асады. Максимумы тамызда, минимумы
қаңтарда байқалады.
Бұл жоғарыда айтылған ауа температурасының жылдық жүріс түрлері орташа
көпжылдық болып табылады, ал жеке жылдары жылы және салқын ауа массаларының
басып кіруінің арқасында оларда біршама ауытқу байқалады.
Ауаның жылынуы мен салқындауы төселме беткейдің жылу режиміне
бағынатындықтан ауа темпераурасының тәуліктік жүрісі төсеме беткейдің
температурасының тәуліктік жүрісімен анықталады. Ауа температурасының
минималды мәні күн шығар алдында байқалады. Көкжиектен күн
көтерілген сайын алғашқы екі сағат ішінде ауа температурасы тез
өседі, сосын оның өсуі баяулайды. Ауа температурасының максималды
мәні талтүстен кейін екі-үш сағат кейін орнығады. Одан кейін
температура төмендейді - алдымен баяу, сосын жылдамырақ.
Тұрақталған ауа райында ауа температурасы өзгерісі тәуліктік
бойында айқын ажыратылады. Бірақ ауа температурасының тәуліктік
амплитудасы әрқашан топырақ беті температурасының тәуліктік
амплитудасынан кіші болады. Ауа температурасының тәуліктік амплитудасы
әртүрлі факторларға бағынышты. Маңызды факторлар:
1) Географиялық ендік. Ендік өскен сайын ауа температурасының
тәуліктік амплитудасы азаяды. Ең үлкен амплитуда субтропиктік
ендіктерде байқалады.
2) Жыл мезгілі. Қоңыржай белдеуде тәуліктік тәуліктік амплитуданың
ең кіші мәні қыста, ең үлкен мәні жазда орнығады. Көктемде олар
күзгі маусымнан біршама үлкен болады.
3) Төселме беткейдің сипаты. Су беті үстіндегі ауа
температурасының тәуліктік амплитудасы құрлық үстідегіден кіші
болады.
4) Бұлттылық. Бұлттылық өскен сайын ау температурасының тәуліктік
амплитудасы азая түседі. Бұлт қабаты күндіз күннен көлеңкелеп
температураны азайтса, түнде жер бетінің сәуле шашуын атмосфераға
жібермей ауаның салқындауына кедергі жасайды.
5) Жер бедері. Ойпаң жерлерде ауа күндіз тұрып қалатындықтан
қатты қызады, ал түнде керісінше салқын ауа биік жерден ойпаңға
ағып түседі. Сондықтан тегіс жерге қарағанда ойпаң жерде
температураның тәуліктік амплитудасы жоғары болады. Дөңес
рельефтердің шыңында тәуліктік амплитуда тегіс жердікінен кіші
болады.
6) Теңіз деңгейінен биіктік. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауа
температурасының тәуліктік амплитудасы азаяды, ал максимумы мен
минимумы байқалатын уақыт кешігіп орнығады.
Органикалык және органикалык емес әлемде болып жатқан процестер мен
құбылыстар ортаның термикалық жағдайымен санасады. Ауа температурасы
климаттың негізгі элементі ретінде ауа райының сипатын және режимін
білдіреді.
Қазақстанның термикалық режимі негізінен радиациялық факторлармен
анықталады. Оны ендіктің ұзындығы мен республиканың физикалық жағдайының
біркелкі еместігімен және ауа райының шұғыл өзгерісімен түсіндіруге
болады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда атмосфера циркуляциясының ықпалы,
суық және жылы ауа массаларының күрделі алмасуы мен олардың әр маусымда
барикалық жағдаймен бірігіп әрекет етуі ең бастысы болып табылады. Осы
факторлар Қазақстанның температура жағдайының әр түрлілігімен алып келеді.
Ауа температурасының амплитудасының үлкен қарама-қайшылығы, жылдық және
маусымдық тербелісі, климаттың қатаңдығы, құрғақшылықтың солтүстіктен
оңтүстікке қарай тез өсуі, өз кезегінде барико - циркуляциялық жағдайдың
және жылдың үлкен бөлігінде радиациялық баланстың қалыпты жағдай болып
табылады. Қазақстан суық периодтың үстінде жылы периодқа иелік етеді, өз
кезегінде солтүстіктен оңтүстікке қарай жоғарылай береді. Оңтүстік
аудандарда жылы периодтың ұзақтығы 10 айға созылады.
Солтүстік аудандарда қарлы қыс ұзақ және суық. Кей жылдары қысы қатаң, 45-
50 ºС дейін барады. Аз да болса кей жылдары Орталық Азиядан жылы ауа
массалары кіреді. Солтүстік аудандарда жазы қоңыр салқын, кей жағдайларда
ауа температурасы 35-40 ºС барады. Көктемнің соңы мен күздің басында үсік
болуы мүмкін.
Оңтүстік аудандарда қыс аязсыз және жұмсақ болады. Қыста 15-20 ºС, кей
кездері аязды күндері минус 30-35 ºС-ға жетеді. Арктикалық және сібір ауа
массалары кіретіндіктен, кей аудандарда минус 40 ºС-қа жетуі мүмкін.
Көктемгі үсік сәуірдің соңында, күзгі үсік қыркүйектің ортасында байқалады.
Қазақстанның оңтүстік аудандарында, таулы аймақтарды қоспағанда, жаз ұзақ
болады. Бұл жерде бөлек күндері ауа температурасы 45-47 ºС-қа жетеді. Ал
топырақ температурасы 70 ºС-қа дейін көтеріледі. Шөл зоналарында құрғақ
және өте ыстық ауа райы болады.
Қазақстанның таулы аудандарында термикалық режим бойынша жазық жерлерден
айырмашылық болады. Таулы аудандарда жазық жерге қарағанда ауа
температурасы жазық жерге қарағанда ауа температурасы төмен болады. Тау
зонасында радиациялық-орогафиялық инверция қатты дамыған. Тау баурайының
экспозициясы және биіктігі, рельефтің тілімделу сипаты, таудың ұзындығы
орналасуы және басқа факторлар әр түрлі климаттың орнығуына септігін
тигізеді.
Ауа температурасы режиміне, сонымен қатар үлкен су обьектілері: Каспий
теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Теңіз және басқа да өзендер әсер
етеді. Қазақстан териториясында ауа-райы жыл мезгілдердің термикалық
әртүрлілігімен ерекшеленді. Шөл зоналарында орташа айлық температурасы
тұрақты болады. Қазақстанның оңтүстік бөлігі үшін көктем қысқа, ал күз
ұзаққа созылады.
Ауа температурасының режимінің негізгі көрсеткіші ретінде, оның
жылдық амплитудасы оның тербелісі, ең жылы және ең салкын айлардың
орташа айлық темпертурасының айырмашылығы болып табылады. Сәйкес
келетін мәлімет климаттың континентал деңгейін сипаттайды. Қазақстан
териториясында ауа температурасының жылдық амплитудасы 18-20 ºС-дан
биік таулы аймақтарда 38-40 ºС-қа және жазық жерлерде одан да жоғары
өседі. Барлық Қазақстан үшін, ең суық ай - қаңтар айы, ең жылы ай -
маусым. Тек биік таулы аймақтарда ауа температурасы жылдық
жүрісінде максимумы тамыз айында байқалады. Жоғарғы амплитуда Торғай
үстіртіне тән. Оңтүстікке жылжи отырып амплитуда төмендейді және
территорияның үлкен
бөлігінде 37-39 ºС құрайды. Оңтүстіктің түпкі аудандарында температураның
жылдық амплитудасы 30-35 ºС төмендейді.
Ауа температурасының режимі жергілікті жердің биіктігіне және рельеф
формасына байланысты болады. Қыстық және жаздық температура айырмашылығы
тауда және жазық жерлерде бірдей болмайды. Бұл Іле Алатауының солтүстік
бөлігінен жақсы көруге болады.
Қазақстанда ауа температурасының жылдық таралу сипаты бойынша 7 түрге
бөлінеді:
1) Қысы ұсақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы
Алматы және Астана қалаларының физика географиялық сипаттамасы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қалалардың орналасу факторы
Атмосфераның ластануының теориялық аспектілері
Экономика, геология-экологиялық зерттеулерді ұйымдастыру мен жобалау
Атмосфералық ауаның ластану индексі
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Пәндер