Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағида: түсінігі және мәні


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағида: түсінігі және мәні

Диспозитивтік қағида азаматтық іс жүргізудің ерекше бір қағидасы болып табылады. Бұл қағида істің ары қарай жылжуын, олардың бір сатыдан екінші сатыға өтуін анықтайды, яғни азаматтық іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және процессуалдық құқықтарына билік етуінен көрініс табады. Диспозитивтік қағидаға сәйкес азаматтық істі қозғау, талаптың пәні мен негізін анықтау, сот шешіміне шағым келтіру, шешімді орындауға жолдану талапкердің еркіне байланысты жүзеге асырылады. Ал бітімгершілік келісімге келу екі жақтың, талапты мойындау жауапкердің еркіне байланысты болады.

Нақты азаматтық істегі диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінен бастап атқару өндірісіне дейін орын алады. Азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтілік азаматтық құқықтық қатынастарға тән диспозитивтік бастаманың ары қарайғы көрінісі және нәтижесі болып табылады. Диспозитивтік бастама сот өндірісінің барлық кезеңіне - нақты іс қозғаудан атқару өндірісіне дейін таралып, әрекет етеді.

Жалпы, диспозитивтік қағидаға анықтама беруде ғылымда ғалымдармен әртүрлі көзқарастар қалыптастырылған. Олардың, тиісінше, мағыналары да әр түрлі. Мәселен, Ю. С. Осиповтың пікірі бойынша диспозитивтік қағида - бұл соттың, прокурордың және басқа да құзіретті органдардың көмегі арқылы іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және процессуалдық құқықтарын пайдалану құқығы мен бостандықтары. [1] Ол бұл анықтамада диспозитивтік қағиданың екі негізгі және бір-бірімен байланысты кезеңін анықтайды. Біріншіден, бұл жерде азаматтық сот өндірісінің бастауы бекітілген, және екіншіден, осының нәтижесінде іс барысындағы мүдделі тұлғалардың бастамашылығының ара қатынасы анықталады.

Келесі бір автордың пікірі бойынша диспозитивтік қағидасы - азаматтық сот өндірісіндегі процестің бастамасы мен жылжу механизмін анықтайтын нормативтік-жетекші ереже. [2] Мүдделі тұлғалар азаматтық істі қозғап, іс барысында оның ары қарай жылжуына, өзгеруіне, бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істің тоқтауына әсерін тигізеді. Диспозитивтік қағидасы азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларын қамтиды және тек қадағалау өндірісінде ғана нақты шектеулер арқылы көрініс табады. Бұл жерде азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік бастама дегеніміздің өзі не соған сипаттама беріп көрейік.

Диспозитивтік бастама азаматтық іс жүргізу құқығындағы диспозитивтік қағиданың көрініс табуы мен дамуы болып табылады. Осы айтылғанға байланысты Азаматтық кодекстің 8-бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне тиесілі азаматтық құқықтарды, соның ішінде оларды қорғау құқығын өз еріктері бойынша пайдаланады Азаматтардың өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау Конституцияда көрсетілген. АІЖК-нің 8-бабында әрбір мүдделі тұлға өзінің бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жолдану құқығы көрсетілген. Азаматтық іс жүргізу заңы азаматтық субъективтік құқықтарды сотпен қорғауды жүзеге асыру мақсатында әрбір субъектіге іс жүргізуде еркін пайдаланатын нақты процессуалдық әрекеттер мен құқықтарды ұсынады.

Азаматтық іс жүргізу құқығында осы кезге дейін диспозитивтік қағида түсінігі мен мәні, бұл қағиданың әрекет етуі, оның қандай субъектілер арасында әрекет ететіні және бұл қағиданың азаматтық сот өндірісінің жеке сатыларында көрініс табуы туралы ғалымдарда ортақ пікір жоқ деп айтуға болады. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша диспозитивтік қағида азаматтық сот өндірісінің жылжымалы бастамасы болып табылады. Нақтылай айтсақ, азаматтық іс жүргізудегі бастама іске қатысушы тұлғалардың құқықтарымен айқындалады.

Диспозитивтік қағидаға дұрыс пікір берген ғалымдардың бірі М. С. Шакарянның ойын айта кетуге де болады. Диспозитивтік қағида - азаматтық сот өндірісінің ерекше қағидаларының бірі. Бұл қағида азаматтық процестің қозғалыс механизмдерін анықтайды. Ол даулы азаматтық құқықтық қатынастағы субъектілердің дербес жағдайынан көрініс табады. Даулы азаматтық процестің негізгі қозғаушы бастамасы болып іске қатысушы тұлғалардың бастамашылығы болып табылады. [3]

Осы айтылған мәселеге байланысты тағы бір айта кететін жағдай бар. Кейде қоғам, мемлекет, сонымен қатар азаматтар құқықтарын қорғауды жүзеге асыру белгілі бір себептерге байланысты мүмкін болмай қалады. Бұндай жағдайда азаматтық іс прокурордың, мемлекеттік басқару органдарының арызымен қозғалуы мүмкін. Кейбір сирек кездесетін жағдайларда қоғамдық және басқа да ұйымдар мен жекелеген азаматтар заңмен өкілеттік берілген жағдайларда басқа тұлғаның құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғау үшін сотқа жолдана алады.

Осы диспозитивтік қағида таралатын субъектілердің ішінен үшінші тұлғаларды да қарастырып көрейік. Біз білетіндей, даудың пәніне дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар бар. Олардың процессуалдық жағдайы талапкердің процессуалдық жағдайына жақын, бірақ олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, үшінші тұлға іс жүргізу кезінде екі тарапқа да (талапкер мен жауапкерге) талап қоя алады (АІЖК 52-б) . Сонымен қатар даудың пәніне дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар да бар. Олар нақты заңда көрсетілген процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие (АІЖК. 53-б) . Дербес талап мәлімдейтін үшінші тұлғалар диспозитивтік қағиданың әрекет ету аясына еніп кетеді. Ал дербес талап қоймайтын үшінші тұлғалар процесстің жеке сатыларында істің жылжуына әсерін тигізуі мүмкін. Осы айтылған мәселелерді қорыта келе, диспозитивтік қағида бойынша азаматтық іс жүргізуде процессуалдық және материалдық құқықтарды пайдалану еркі тараптармен қатар үшінші тұлғаларға да берілген деп айтуға да болады.

Сонымен жоғарыдағыларға байланысты айтатын болсақ, диспозитивтік қағида - бұл тараптардың және басқа да іске қатысушы тұлғалардың өздеріне тиесілі материалдық және процесуалдық құқықтарын өз еркімен пайдалануы. Әрбір мүдделі тұлға өзінің құқықтарын бұзылды деп есептесе, онда сотқа жолдана отырып қорғауына құқылы. Бұл жерде мүдделі тұлға ретінде алдымен өз атынан өзінің субъективтік құқықтарын немесе заңды мүдделерін қорғайтын адамды түсіну керек.

Сондай-ақ, оқулықтарда диспозитивтік қағида азаматтық іс қозғау тәртібін, сотпен қорғалуға жататын құқықтардың көлемін анықтауды, процестің бір сатыдан екінші сатыға өтуін және процестің аяқталуының реттеуіші ретінде қарастырылады. [4] Сондай-ақ, бұл көзқарасқа сүйенсек процестің туындауы, дамуы және аяқталуын соттың, прокурордың және басқа да ұйымдардың көмегімен тараптардың материалдық және процесуалдық құқықтарын жүзеге асыру еркімен байланыстырады.

Бұл жерде осы ғалымның тараптардың өздеріне тиесілі материалдық және процесуалдық еркін өз еркімен пайдалана алады деп дұрыс көрсеткен. Ал соттың тараптарға құқықтарын түсіндіруі, прокурордың кей жағдайларда азаматтардың арызы бойынша істі қозғау, олардың белсенді көмегі деп айтуға жеткіліксіз болып табылады. Осы диспозитивтік қағиданың пәні тараптардың азаматтық іс жүргізуде өздерінің материалдық құқықтарын қолдану және осы құқықтарды қорғауда процесуалдық құралдарды толық қолдану еркіндігін сипаттайды.

Диспозитивтік қағидасы азаматтық іс жүргізудің басқа да қағидалары -заңдылық, теңдік, объективтік шындық және бәсекелестік қағидаларымен тығыз байланыста әрекет етеді. Бұл жерде қысқаша тоқталсақ, заңдылық қағидасына сәйкес тараптар өз құқықтарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтауы және бұзбауы керек. Теңдік қағидасына сәйкес тараптарға артықшылықтағы құқықтар берілмейді. Ал бәсекелестік қағидасына сәйкес тараптар айтысуда бірдей құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады. Сонымен қатар, заң оқулықтарында диспозитивтик қағидасы азаматтық іс жүргізу кезіндегі субьектінің мүліктік және мүліктік емес қатынастардағы дербестігі деп көрсеткен. Бұл жерде диспозитивтілік азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтағы жеке бастама қағидасына сай келеді деп түсіндірген.

Ал, ресей ғалымы М. Г. Авдюков диспозитивтік қағиданың азаматтық сот өндірісінде көрініс табатын үш жағдайын көрсеткен:

а) іс жүргізу мүдделі тұлғаның бастамасымен туындайды;

ә) даудың пәні мүдделі тұлғамен анықталады;

б) іске қатысушылар процесті дамыту және аяқтау үшін өздеріне тиесілі процессуалдық құқықтарды еркін пайдаланады. [5]

Бұл жерде ғалымның пікірін дұрыс деп айтуға болады. Өйткені мүдделі тұлға істі қозғау немесе қозғамау туралы мәселені өз еркімен шешеді. Мүдделі тұлға өз бастамасымен істі қозғаған кезде қойған талаптың пәнін және негізін жеке өзі анықтайды. Ал тараптар процесті бір нәтижеге жеткізу үшін өздеріне берілген процессуалдық құқықтарды еркін пайдаланады. Сонымен қатар азаматтық іс жүргізудегі жеке құқықтардың диспозитивтік сипаты келесідей реттерде көрініс табады:

Біріншіден, тек құқықты иеленушінің өзі ғана бұзылған құқығын орнына келтіру үшін сотқа жолдану не жолданбауын өзі дербес шешеді. Осыған байланысты, егер мүдделі тұлға өз құқықтарын қорғауды талап етпесе, онда сот өз бастамасы бойынша азаматтық істі қозғай алмайды. Сол себептен азаматтық істі қозғау үшін арыз-талап берілуі қажет. Бұл жерде рим заңгерлерінің "талапкерсіз судья жоқ" деген сөзін айтуға болады. Сонымен қатар басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында прокурорға, мемлекеттік басқару органдарына және басқа да тұлғаларға сотқа жолдану құқығы берілген. Бірақ, көбінесе азаматтық істер мүдделі тұлғаның өзімен қозғалады, яғни мүдделі тұлға талап қою арқылы істі қозғауға септігін тигізеді. Осы мүдделі тұлғалардың өз талабымен іс жүргізуін және прокурор мен басқа да тұлғалардың бастамасымен іс жүргізуді салыстырып қарасақ, бірінші айтылған тұлғаның әрекетінде диспозитивтік бастама, әрекет неғұрлым көп. Сонымен қатар ешкімді де өз еркіне қарсы талап қоюға мәжбүрлеуге жол берілмейді. Егер прокурор, мемлекеттік басқару органдары басқа біреудің еркінсіз оның мүддесін қорғау үшін сотта іс қозғаса, онда бұл істерді сот қысқартып, тоқтатып тастайды. Бұл жерде әрекет қабілетсіз деп тану туралы, психатриялық мекемелерге мәжбүрлеп орналастыру туралы істерді қоспау керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диспозитивтік қағиданың соттың бірінші инстанциясында көрініс табуы
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Сот ісін жүргізу тілі
Сотта істі қараудың жариялылығы
Азаматтық іс-жүргізу
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Сотта істі қараудың ауызшалығы
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz