Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ . . . 5

1. 1 Жұмыссыздықың экономикалық мәні және оның экономикаға тигізетін әсері . . . 5

1. 2 Жұмыссыздық және оның түрлері . . . 9

2 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесін ЖҰӨ және басқа да экономикалық категориялар арқылы талдау

2. 1 ҚР-сы жұмыссыздық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштері . . . 14

2. 2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32

КIРIСПЕ

Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.

Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.

Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер етеді.

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы проблемасының өзектілігі жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық ” деп алынды.

Бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсат болып жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың экономикалық мәнін ашу, олардың түрлері мен әлеуметтік-экономикалық салдарын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамту жағдайын және олардың құқықтық негіздерін талдау болып табылады.

Мақсатқа жету барысындағы атқарылатын мiндеттер келесiдей болып табылады:

  • Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-жақты талдау;
  • Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
  • Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
  • Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн қарастыру;
  • Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
  • Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың өзiндiк ерекшелiгiн қарастыру.

Бұл жұмысты Жұмамбаев С. К. Мамыров Н. Қ. қарастырған. Жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жұмыссыздықтың экономикалық-әлеуметтік мәні, жұмыссыздық формалары және жұмыссыздықтың макроэкономикалық тиімсіздікке әсері мен оны әлеуметтік қорғау қарастырылса, ал екінші бөлімде Қазақстандағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесі, оларды шешу жолдары, жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың бүгінгі таңдағы статистикалық көрсеткіштері талданып, еліміздің жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселесі, оның макроэкономикалық тұрақсыздыққа әсері талданып, бүгінгі таңдағы әлеуметтік саланы реттеудегі мемлекеттер шаралар мен Елбасының Жолдаулары қарастырылады.

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ СИПАТЫ МЕН ФОРМАЛАРЫ

  1. Жұмыссыздықдың экономикалық мәні және оның экономикаға тигізетін әсері

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады. /1, 36 б/

Жұмыссыздық мәселелерi көптен берi зерттелуде, бiрақ жұмыссыз қатарына кiмдi жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткiштерi, жұмыссыздық деңгейiне әсер ететiн факторлар және т. б. сұрақтар осы уақытқа дейiн талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленiсе түстi, өйткенi экономикалық дағдарыс және әлеуметтiк еңбек қатынастары күрт өзгеруiне байланысты адам қылықтарына өзгешелiктер ендi.

Жұмыссыздық туралы көптеген анықтамаларды жинақтап қорытсақ, оған келесiдей анықтама беруге болады: жұмыссыз адам - ол қазiргi жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бiрақ жұмыс iстей алатын және жұмыс iздеп жүрген адамдар. Ал жұмыссыздықты - экономикалық белсендi халықтың бiр бөлiгiн жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құблыс деп бiлемiз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетiн жұмысы жоқ, жұмыс iстеуге дайын және соңғы төрт ай iшiнде жұмысты әр жолмен iздеген адам танылады.

Жұмыссыздықты есептеу формуласы (u) жұмыссыздар саны (U) экономикадағы белсендi халық санына (L) бөлу арқылы табады және пайызбен көрсетiледi. /3, 97 б/

u = U / L = U / U+E (1)

Экономиканың рыноктық қатынастар арқылы дамуында еңбекке деген сұраныс және еңбек ұсынысы арқылы еңбек рыногында тепе-теңдiк жағдай орын алады деп есептелiнедi. Бiрақ шын өмiрде мұндай еңбек рыногының тепе-теңдiгiнiң орын алуы сирек кездеседi. Еңбек рыногының тепе-теңдiгi дегенiмiз экономикадағы қызмет етiп отырған кәсiпорындар қанша жұмыс күшiн қажет етсе соған сәйкес экономикада жұмысқа ынталы экономикалық активтi халықтың саны сондай дегендi бiлдiредi. /1, 116 б/

Шындығында еңбек рыногында еңбек сұранысы еңбек ұсынысынан артық болып отырады. Яғни, экономика заңдылығы бойынша жұмыссыздықтың табиғи деңгейi орын алады дегендi бiлдiредi. Егер де осы табиғи деңгейден асып кетсе (жұмыссыздық табиғи деңгейi Оукен заңы бойынша 3%) , онда экономикада тұрақсыздық жағдай жұмыссыздық мәселесi орын алады.

Бұл жағдайды келесi еңбек рыногының тепе-теңдiк графигiнен көруге болады. Сурет-1. /2, 568 б/

Жұмыссыздық N S

W 1 A B

E

W E

N d

N a N E N b N

Сурет-1 - Еңбек рыногындағы тепе-теңдiк

Бұл суреттен көретiнiмiз еңбек сұранысы қисығы N d мен еңбек ұсынысы қисығы N S қиылысында Е нүктесi пайда болады, ол нүкте еңбек рыногындағы тепе-теңдiктi сипаттайды. Осы тепе-теңдiк нүктеге сәйкес W E нақты жалақының және N E жұмысбастылық деңгейiнiң тепе-теңдңгi шығады. Егер жалақы W 1 деңгейде жоғары болатын болса, онда рыноктық сәйкессiздiк нәтижесiнде ұсынылатын еңбек көлемi еңбекке сұраныстан В-А мөлшерде өседi, осының нәтижесiнде N b - N a мөлшерде экономикада жұмыссыздық пайда болады.

Сонымен, жұмыссыздық бұл еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессiздiгiнен пайда болатын еңбек рыногының бөлiнбес элементi. Жұмысшы күшi болып табылатын адамдар еңбек рыногына қатысуына байланысты бiрнеше категорияға бөлiнедi.

Еңбекке қабiлеттi адамдар - жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабiлеттi адамдар. Адамдардың жекелеген категорияларға бөлiнуi олардың экономиканың рыноктық немесе рыноктық емес секторларында жұмыс iстеуiне байланысты жүргiзiледi. Яғни, рыноктық емес құрылымда қызмет ететiндерге мемлекеттiк әскер, полиция, мемлекеттiк аппарат және т. б. институттар кiредi.

Жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ жұмыс орны жоқ адамдарды айтады. Жұмысы бар тұлғалар және жұмыс күнi толық емес тұлғалар жұмысбасты адамдар болып табылады. Жалпы жұмысшы күшiне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады.

Жұмысшы күшi құрамына кiрмейтiндер өзара жеке категория болып табылады. Бұларға жұмысы жоқ және жұмыс iстеу талабы жоқ адамдар жатады. Сондай-ақ жұмыс iстегiсi келетiн, бiрақ әр түрлi себептермен жұмыс iстеуден күдер үзген адамдар. Адамдардың бұл категориясы жұмыссыздарға кiрмейтiн адамдарға жатады.

Жұмыспен қамтылу мен жұмыссыздық келесi көрсеткiштер арқылы сипатталады:

1) Институционалдық емес адамдар;

2) Жұмыс iстеушiлiердiң саны;

3) Жұмыссыздар саны;

4) Жұмысшы күшiнiң құрамына кiрмейтiн адамдардың саны.

Осы көрсеткiштердiң арасында өзара келесiдей байланыс бар:

1) Жұмысшы күшiнiң саны Ч РС = Ч З Б ;

2) Халықтың жұмыспен қамтылу дәрежесi Ч З = Ч З ИН ;

3) Халықтың жұмыссыздық дәрежесi У Б = Ч Б / (Ч З Б ) ;

4) Жұмыссыздықтың нормасы N Б = Ч Б / (Ч З Б ) * 100%; /1, 117 б/

Макроэкономика тұрғысынан осы көрсеткiштердiң дәрежесi мен динамикасы бiрнеше факторларға тәуелдi, оларға демографиялық, жастық және жыныстық, этникалық, халықтың әлеуметтiк құрамы, жекелеген аймақ пен салалардағы еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы.

Жұмыссыздықтың дәрежесiн батыс статистикасы қолданатын көрсеткiштермен айқындауға болады, яғни жұмыссыздықтың таратылуы мен мерзiмiнiң ұзақтылығын. Жұмыссыздықтың таратылуының көрсеткiшi жұмысшы күшiнiң жұмыссызданған бөлiгiн сипаттайды. Жұмыссыздықтың ұзақтық мерзiмiнiң көрсеткiшi бар болған жұмыссыздықтың орташа ұзақтығын сипаттайды.

Батыс экономистерiнiң көбiсi рыноктық жағдайда жұмыссыздықтың белгiлi бiр дәрежесiн болуын заңды және қажет деп мойындайды. Дж. Кейнс амалсыз жұмыссыздықтың түсiнiгiн жиынтық сұраныстың бейiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз екендiгiнен болады деп есептейдi. Оның пiкiрiнше, толық жұмыспен қамтылу тиiмдi сұраныстың қосымша кеңеюiне байланысты жұмысшылардың санының өзгермеген жағдайы болып табылады. Тиiмдi сұраныстың әрi қарай өсiмi тек таза инфляциялық өсiм болады. Осындай кезде амалсыз жұмыссыздық нолге тең.

Кейбiр экономистер жұмыссыздықты еңбек рыногының икемдiлiгiнiң көрсеткiшi деп санайды. Осы жағдайда жұмыссыздықтың табиғи дәрежесi туралы айтылады. Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатындығына байланысты сипатталады. Негiзгi экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күшi болады, бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.

Табиғи жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс iстеудi қалайтындардың жалпы санының iшiнде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткiшi. Статистикалық деректерде әрбiр адам үш түрлi санаттың бiреуiне жатады. Оларға: жұмыс iстейтiн, жұмыссыз және жұмыс күшiне кiрмейтiндер. Жұмыс iстейтiн адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс iстейтiндер осы топқа кiредi.

Жұмыссыздық мәселелері көптен бері зерттелуде, бірақ жұмыссыз қатарына кімді жатқызу керек, жұмыссыздық көрсеткіштері, жұмыссыздық деңгейіне әсер ететін факторлар және т. б. сұрақтар осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. Қазақстан жағдайында бұл мәселелер шиеленісе түсті, өйткені экономикалық дағдарыс және әлеуметтік еңбек қатынастары күрт өзгеруіне байланысты адам қылықтарына елеулі өзгешеліктер енді.

Қазақстан заңдарында кімді жұмыссыз қатарына жатқызу керек екені жазылған. Статистикалық жинақтарда да бұл түсінікке анықтама берілген. Соларға қарамастан, жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың шын күйін бағалау өте қиын. Мысалы, көптеген адамдар жұмыссыз қатарына жатқызатын барлық критерийлерге сәйкес келеді, бірақ объективті және субъективті себеппен жұмыспен қамту жөніндегі қызмет орындарында жұмысқа орналастыратын мүмкіншілігіне сенбеу, алыс жерде тұруы, азаматтардың өз құқыларын білмеуі және т. б. Екінші жағынан, халықтың жұмыспен қамтылуын көрсететін мамандар әр түрлі себеппен бұрмаланады: олар демалыста болуы мүмкін, ауырып жұмысқа көпке дейін шықпайды, кәсіпорын әкімшілігінің ынтасымен өндіріс біраз уақыт тұрап қалады және т. б.

Жұмыссыз туралы көптеген анықтамаларды жинасақ, оған келесідей анықтама беруге болады: жұмыссыз - ол қазіргі жалақы мен еңбек жағдайында жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істей алады және жұмыс іздеп жүрген адам. Ал жұмыссыздықты- экономикалық белсенді халықтың бір бөлігін жұмыссыздар құрайтын экономикадағы құбылыс деп білеміз. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша жұмыссыз деп табыс әкелетін жұмысы жоқ, жұмыс істеугу жайын және соңғы төрт ай ішінде жұмысты әр жолмен іздеген адам танылады.

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейi дегенiмiз - оң өлшем, өйткенi уақытша жұмыссыздарға да жұмысқа орналасу үшiн уақыт керек. Құрылымдық жұмыссыздарға да оқу курстарынан өту үшiн уақыт керек. Егер жұмыс iздеп жүрген адамдардың саны бос жұмыс орындар санынан көп болса, онда еңбек күшi рыноктары сәйкес келмейдi деген сөз, мұндай жағдайда жиынтық сұраныс тапшылығы мен циклдiк жұмыссыздық пайда болады. Басқа жағынан қарағанда жиынтық сұранысы артық болған жағдайда жұмыс күшiнiң жетiспеушiлiгi байқалады, яғни бос жұмыс орындарының саны жұмыс iздеп жүрген адамдар санынан артық болады. Мұндай жағдайда жұмыссыздықтың нақты деңгейi жұмыссыздықтың табиғи деңгейiнен төмен болады. Еңбек күшi рыноктарындағы мұндай тапшылық инфляциямен қатар болады. /2, 563 б/

Экономикадағы жаппай жұмыссыздықтың орын алуы әлеуметтiк-экономикалық мәселелердiң макроэкономикалық сипаттағы ең ауыр жағдайы екенi белгiлi. Ол қоғам өмiрi мен адамдар арасындағы өркениеттiк қатынастар формаларына нақты қауiп тудырады. Мысалы, жаппай жұмыссыздық орын алған кезде қоғамда ұрлық, адам өлтiру, тонау, адамдарға сенiмсiздiк жиi қайталанады. Бұл дегенiмiз экономикалық құылыс болып табылатын жұмыссыздықтың өршуi қоғамдық, адамзаттық қатынастарға керi әсерiн тигiзедi дегендi бiлдiредi.

Қандай да қоғам болмасын, жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық шығындарымен байланысты болады. Қоғамның экономикалық шығындары өндiрiлген тауарлар мен қызметтердiң құнымен, мемлекеттiк бюджетке түсетiн салық түсiмдерiнiң азаюымен, жұмыссыздық бойынша төленетiн жәрдемақының өсуiмен, мемлекеттiк еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарға жұмсалатын қаражаттармен өлшенедi.

Жұмыссыздық өз кезегiнде макроэкономикалық әлеуметтiк-негативтiк процестердi күшейтедi. Қоғамдағы әлеуметтiк қайшылықтарды шиеленiстiредi. Сондықтан барлық елдер жұмыссыздық мәселесiн басты орынға қойып, онымен күрес жүргiзедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiз үшiн де өзектi болып табылады. Өйткенi елiмiз экономикасында егемендiгiн алғаннан кейiн жаппай жұмыссыздық орын алып, ол соңғы бiрнеше жылда ған шешiмiн тауа бастады. Ендi жұмыссыздық мәселесiн ұлттық экономика деңгейiнде қарастырайық.

1. 2 Жұмыссыздық және оның түрлері

Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның әртүрлі нысандары тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдык, технологиялык және т. б. осыларға толық тоқталайық.

Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысын аз ғана жұмыс күшімен орындауға болады.

Фрикциондық жұмыссыздық - еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат жоқтығының нәтижесінде болады.

Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезеңде колданылғанда болады.

Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қаутының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының және басқа жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.

Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық - адамды машиналармен ауыстыру Нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген зерттеулерінің мәліметі бойынша, казір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке жуық нысандары және олардың болуыыың ерекше себептері де бар екен. Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа бөледі:

1. жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;

2. жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты жатқызады.

Біздің елдегі жұмыссыздыктың негізгі нысандары - жасырын және фрикциондык болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында, жасырын Жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала басгады. 1992 жылы жасырын жұмыссыздықтың ауқымы кеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының өзінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап тұрды. Осындай кәсіпорындардың

2000-нан астам жұмыскерлері еңбектен босатылды, 25000 адам еріксіз демалысқа жіберілді.

Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі - ғылими-техникалык өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс түрлері мен шаруашылык салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы, ғылыми-техникалык революция жағдайында жұмыспен камтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек ауқымдылығымев сипатталады.

Қазақстан Республикасының 1991 жылдың шілде айында "Халықты жұмыспен камтамасыз ету" туралы заң қабылданған болатын. Алайда, ол заң елімізде болып жатқан сан қилы өзгерістерге байланысты жарамсыз болып қалды. Сондықтан біз өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, осыдан үш жыл бұрын жаңа заңньң жобасын "Еңбек" министрлігі арқылы Парламентке ұсынған. Ол заң мәжілісте талкыланып, кабылданды. Ұсынған сол жобада мекемемізге тіркелу мәселесі біршама оңайлатылған. Баяғыдай құжат жинауға уақыт кетпейді, әрбір келушінің төлқұжаты мен жұмыстан не үшін босатылғандығы туралы анықтама кағазы болса жетіп жатыр.

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру максатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уакыт өте келе еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен кызметіде өзгереді . Еңбек биржасы бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұракты жұмыс жасайтын мекеме. 1991 жылдың бірінші шілдесінен бастап Қазақстанда барлык жерлерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады.

Еңбек биржаларының негізгі атқаратын қызметітері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және жұмысқа тұруға тілек білдіретін адамдарға ақпараттар беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсету және жұмысқа, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек кана ұсынымдылық сипатта болады, себебі, олардың жұмыскерлерді еркін түрде алуға құқы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.

Адамзат тарихының тэжиребесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни талаптануы- тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз-ең алдымен жұмыс күшіне сұраным әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу, оны - әкімшілдік- әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысбастылықтың экономикалық-құқықтық негіздерінің теориялық-методологиялық негізін
Еңбек нарығы және жұмыссыздық
Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі
Қазақстандағы еңбек нарығы жағдайындағы жұмыспен қамту
Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні
Қазақстандағы жұмыссыздық, бүгінгі таңдағы жағдайы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Жұмыссыздықтың түрлері мен формалары, себептері
Еңбек пен жұмысбастылық
Кәсіпкерлердің жаңа әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz