Сақ тайпаларының орналасуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Кез келген бір елдің ежелгі дәуіріне көз жүгіртер болсақ, олардың әрқайсысының өзіндік қайталанбас құндылықтары бар екендігі белгілі. Мәселен, Мысыр елі өзінің әйгілі пирамидаларымен мақтанса, Италия мен Греция көне өркениеттерін үлгі тұтады, Ирак пен Сирия тәрізді елдер өздерінің Қосөзендік мәдениетімен масаттанады. Көршілес Қытай сан мыңжылдық салт-дәстүрімен ерекшеленсе, біз, қазақ халқы, кезінде бүкіл әлемді ат дүбірімен үркітіп, Еуразиялық кеңістікте ат тұяғы жеткен жерді өз иелігі деп санайтын, «ұлы көшпелілік өркениетті» қалыптастырған өзіміздің ата-бабаларымызбен мақтанамыз. Олар өздерінің жауынгерлік қасиеттерінің арқасында ежелгі деректерді бәрінен де орын алды десе де болады. Қазақ даласының ежелгі көшпенділері әлемдік өркениет тұрғысында өздерінің өшпес іздерін қалдырды деп айтуға тұратындай. Айталық, көшпелілер жылқыны қолға үйретті, зергерлік тұрғысынан келгенде тендесі жоқ «аң бейнелі стилді» қалыптастырды, батыс пен шығысты байланыстыратын «Ұлы Жібек жолын» сыйлады, қайталанбас қорғандар архитектурасын қалдырды.

Қазақстан жерін мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, т. б. тайпалық бірлестіктер өз заманына сай тарихи оқиғаларға белсене араласты олардың кей бірі көршілес елдерды саяси жағдайын өзгертуге септіктерін тигізіп отырды. Жоғарыды аталған тайпалардың ішінде сақ тайпалық одағы біздің тарихымызда сан қыр жағынан танылды. Олардын мәдениеті, таризхы, әдет-ғұрпы, қоғамдық құрылыстары сол кездің өзінде-ақ көп деген авторлардың енбектеріне арқау болды міне осы замандағы зерттеушілердің мәліметтері негізінде сақтардың халықаралық қатынастардағы рөліне назар аударып көрейік.

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихындағы сақ заманы әлемдік тарихқа қосылған мол мұра екендігін жоғарыда атап өттік. Осы дәуірдің тарихын зерттей отырып, бірщама кейінгі кезендердегі тарихи мәселелрді талдауға, әрі оларға қатысты обьективті тарихи көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік аламыз. Сақ тайпалары сол заманда-ақ көршілес елдермен саяси және мәдени байланысиарға түсіп, өз дәуірлерінін деректерінде есімдерін қалдырып кетті. Кейінгі зерттеушілердің енбектерінде сақтардың көршілес елдермен байланыстары аталғанда, олардың соғыстарына мән беріліп саяси қатынастардың барысы мен мәні, қорытындысы жөнінде нақты дәлелдер айтыла қойған жоқ.

Дүниежүзілік тарихқа көз салсақ ежелгі дәуірдегі халықтар мен елдердің даму деңгейі біркелкі болмағанын көремыз. Мәселе, бұл кезен Еуропа тарихы үшін парсы-грек қатынастарының сипатымен ерекшеленді. Ал, отандық тарихымызда бұл кезендегі даму басқаша сипат алды. Ұлан-байтақ аумақты алып жатқан сақ тайпалық бірлестігі отырықщы көрші елдермен тығыз саяси- экономикалық, сондай-ақ, мәдени байланыстар орната бастады. Сақтардың тарихында тек саяси-экономикалық ғана емес, мәдени дамудың жана кезені басталды\. Жалпы сол кезендегі көшпенділер құрған мемлекеттердің немесе тайпалардың аты өзгеріп отырғанымен негізгі мазмұны, яғни, саяси, экономикалық, әскери құрылымы, әсіресе, этникалық құрамымен мәдени дәстүрлік құндылықтары онша өзгеріске түсе қойған жоқ. Бұлай дегеніміз көшпелілерді мәдениетімен рухани дүниесінде айтарлықтай өзгеру, даму болған жоқ дегендік емес. Тарихшы және археолог ғалымдарымыздығ «Дала өркениеті» деп атаған көшпелілер мәдениеті өзінің мәдени дәстүрлерінін тарихи тамырларын сақтай отырып, көрші халықтарды мәдени жетістіктерін шығармашылықпен игерді.

Отандық тарихымызда өзіндік сипат алған сақ кезенін көршілес елдердің көне тарихымен байланыстыра қарау, көп мәселенің бет-пердесін анықтауда үлес қосары анық. Мемлекет болып қалыптасқан кез-келген халықтың көршілерімен түптің түбінде саяси, мәдени немесе экономикалық қатынастарға түсетіндігі табиғи зандылық осы тұрғыда келгенде сақтардың көрші халықтарымен саяси-экономикалық байланыстарынын тарихын ғана баяндаумен шектелмей, керісінше сол қарым-қатынастардын себеп-салдарымен барысын, кемшіліктерімен жетістіктерін зерделеу ен басты өзектілік болып табылады.

Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыс б. з. д. VII - IV ғасырлар аралығында тарих төсіне шығып, Еуразия кенестігнде көшпелі мәдениет қалыптастыруды үлестерін қосқан сақтардын көрші мемлекеттер мен қарым -қатынасына арналған. Диплом жұмысында әр түрлі авторлардын деректері мен кейінгі зерттеулердің негізінде, сақ тайпаларынын сол кездегі алып державалар санатындағы Ахимендіктер және ежелгі гректермен саяси-мәдени байланыстары қарастырылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Сақтардын халықаралық қатынастардағы рөлін анықтауда біз сол заманғы деректерді юөлек қарастырылып отырған тақырыпқа тікелей қатысты зерттеулерге жүгінеміз. Ал ол зерттеулерді бз хронологиялық шенбер бойынша Қазан төңкерісіне дейінгі, Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіз Қазақстан уақытындағы деп 3 кезенге бөлеміз.

Қарастырылып отырған тақырыпқа қатысты Қазан төнкерісіне дейін қалам тартқан зенрттеушілер енбектері ішіндегі ен құндысы В. В. Григорьевтін «О скифском народе саках» атты монографиясы [1] . Зерттеушінін сақтайпаларына қатысты жасаған кейбір қорытындыларының кемшіліктеріне қарамастан, енбек өзінін құндылығын жоймайды. В. В. Григорьев алғашқылардын бірі болып сақ этнониміне талдау жасап, грек парсы деректеріне сүйініп, сақ тайпаларынын қоныстану ариялын айқындауға тырысады. Оның бұл енбегі сақ танушы ғалымдардың зерттеулеріне таптырмас олжаға айналды.

Қазан төнкерісінен кейін сақ дәуірі зерттеудін жана кезені басталды. Еуразиялық кеністікте көп деген археологиялық қазбалар жүргізіліп, олар жазба деректермен салыстырылып ғылыми айналымға көп деген жана көзқарастар келді. Кенестік дәуірде сақ тайпаларына қатысты зерттеулердің жарық көргені соншалықты, оларды санамалауды өзі бір бітіру жұмысынын көлеміне асып кетері анық. Сондықтан да біз зерттеуіміздін негізі болып отырған тақырыпқа тікелей қатысты енбектерге шолу жасаймыз. Кеңес заманында сақтардың көрші мемлекеттермен байланыстары жайында біршама зерттеулер жарық көрді.

Солардың ішінде біздің тақырыпқа қатысты зерттеудің қатарына академик В. В. Струвеннің көлемді еңбегін алуға болады[2] . Ғалым өзінің зерттеуін толығымен сақтардың парсы билеушісі Дарий I қарым-қатынасына арнаған. Автор Бехистун жазбасына сүйеніп сақ-парсы соғыстарының барысын және олардың сипатын анықтауға тырысады. Алайда В. В. Струве Дарийдің сақтарға жасаған жорығының уақытын, Бехистун жазбасын дұрыс оқымағанның салдарынан, қателесіп береді.

Келесі бір зерттеуші С. П. Толстов өз еңбегінде сақтардың парсы мемлекетімен байланысқа баруларының себептерін анықтауға тырысқан[3, 4] . Біз қарастырып отырған мәселенің кейбір қырларын ашуда М. А. Дандамаевтің ғылыми мойындалған мақаласы үлкен септігін тигізді[5] . Ирантанушы ғалым өзінің бұл мақаласында Бехистун жазбасындағы сақтарға байланысты мәтіндерге талдау жасап, өзінің жоғары деңгейдегі тіл маманы екендігін көрсете білген.

Шығыстанушы ғалым В. В. Бартольдтың пікірі бойынша, арийлердің жаңа қоныстанған жерлері - «Ариана Вайж», «Ариран» деп аталынып, кейіннен "Персия» атауын "Иран" атауы ығыстырып шыққан (Сочинений. Иран исторический обзор) . «Авеста» кітабынде Амудария мен Сырдария өзендері аралығын мекендеген көшпелі тайпалар «турлар» деп беріледі. "Тур" атауы "еңіреген ерлер", "жүйрік ат мінгендер", «құдіретті еркектер» деген ұғымды білдіреді.

И. В. Пьянковтың мақаласында Кир II сақ тайпасы массагеттерге жасаған жорығының бағыты жөнінде өте пәрменді ойлар айтылған. Зерттеуші әртүрлі деректерді талдай отырып, парсы әскері мен сақтардың қақтығыстары өткен жерлерді анықтауға қатысты жасаған тұжырымдары массагет тайпасының орналасуын анықтау үшін де маңызға ие болды [6] .

Ежелгі көшпенділілер тарихымен белсенді түрде айналысқан Б. А. Литвинскийдің [7] іргелі еңбегі біздің қарастырып отырған мәселелер бойынша көптеген тұңғиықтарды айқындауға көмегін тигізді. Зерттеушінің бұл еңбекті әр түрлі деректерді шұқшия талдап, терең ғылыми талдаудан өткізіп барып жариялағандығы көрініп тұр. Ғалымның «сақ» атауының пайда болуы мен этнониміне қарасты жасаған тың ойлары және сақ тайпаларының қоныстануы бойынша дайындаған кестесі бүгінгі күнге дейін ғылыми құндылығын жойған жоқ.

Бітіру жұмысындағы кейбір мәселелер қазақстандық ғалымдардың ғылыми шығармаларында көрініс табады. Мәселен, К. Акишев пен Г. Кушаевтің бірігіп жаған салиқалы еңбектерінде қазақ жеріндегі ежелгі көшпелілердің болмысы барынша үлгілі сипатталған [8] . Олардың бұл еңбектері отандық тарихтағы бірегей жетістіктердің бірі болып табылады. Міне осыдан кейін қазақ ғалымы К. Ақышевтің сақ тайпаларына байланысты кеңес одағының азулы зерттеушілері мойындаған еңбектері жарық көрді[9] .

Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, тарих ғылымына жаңаша бетбұрыс жасалды. Мәселен, арнайы «тарих жылы» жарияланды. Ендігі жердегі зерттеулер кеңестік бұғаудың ықпалымен емес, ұлттық-патриоттық тұрғыда жазыла басталды. Бұрын белгісіз болған ақтаңдақтарымыз тарих сахнасына көтеріліп, жоғымыз түгенделу үстінде. Тәуелсіздік алысымен қазақстандық ғалымдар қазақ тарихын ұлттық идеяға сай жүйелеуге кірісті. Содан бері жарық көрген еңібектерде біз қарастырып отырған мәселелер арнайы зерттелмесе де, бірен-саран пікірлер айтылды.

Егеменді Қазақстанның тарих ғылмында жазылған алғашқы еңбектердің бірі «Қазақстан тарихы очерктері» болып табылады [10] . Мұнда бүкіл қазақ тарихының келесі мәселелері әрине қарастырыла қоймады, бірақ біздің талдап отырған мәселелеріміз қысқаша баяндалған.

Диплом жұмысының бірінші тарауына қатысты мәселелер белгілі ғалымдар С. Г. Кляшторный мен Т. И. Сұлтановтың біріккен құнды еңбектерінде [12] . және қазақ тарихшыларының тыңғылықты зерттеулері барысында жарық көрген «Қазақстан тарихы» Академиялық баспасында өте жақсы ашылған.

Зерттеуіміздің негізі болып табылатын сақтардың көрші елдермен саяси қарым-қатынастары А. Ш. Қадырбаев[13] пен К. Аманжоловтардың[14] іргелі еңбектерінде ауыз тлтырып айтарлықтай қамтылған. Аталмыш авторлардың зерттеулері біздің тарихымызда сақ-парсы және сақ-македон қатынастарын ашудағы алғашқы тұжырымдамалар болып табылады деуге болады.

Зерттеу жұмысымыздың тарихнамалық негізін қорытындылай келгенде аталмыш тақырыпты толығымен ашуға көмектесетін еңбектің әлі жүйеленбегенін байқаймыз. Бұның себебін тақырыпқа байланысты деректердің аздығы және осы аз деректердің түпнұсқасымен жұмыс істейтін мамандардың саусақпен санарлығынан көреміз.

Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Қазақстан тарихындағы б. з. б. VII -IV ғасырлар аралығы ерте темір дәуірі кезеңі деп аталады. Бұл кезеңге қатысты жазба деректерге көне парсы, грек, латын тілдерінде жазылған шығармалар және арамей әліпбиі негізінде жазылған көне иран деректері жатады. Б. з. б. VII ғасырда шығыста ірі-ірі төрт мемлекет тұрды. Олар: Мидия (Иран үстірті), Лидия (Кіші Азия), Вавилон (Тигр мен Ефрат өзен аралығы) және Египет. Б. з. б. 558 жылы парсы тайпаларының шыққан Ахемен әулетінің негізін салушы Кир билікке келеді. Ахменид әулетінен шыққан Кир, Дарий, Кемфис, Ксеркс, Артабан және т. б. патшалар басқарды. Бұл патшалардың тапсырмасымен тасқа сыналап жазылған жазулар біздің заманымызға дейін келіп жетті. Олардың қатарында І Дарийдің «Бехистун», «Нахши Рустем», Ксеркстің "антидэвтік» тас жазбалары бар. Парсы патшасы I Дарий (б. з. б. 552-486 жж. ) өзінен кейінгі ұрпаққа атын қалдыру мақсатында биік жерде орналасқан қара жартасқа өзінің өмірінде атқарған істерін жазу және сурет түрінде қалдырған. Бұл жартас «Бехистун» атымен белгілі[15] . Тақырыптың деректік қорын ежелгі грек авторларының шығармалары мен парсы билеушілерінің әмірімен Бехистун тасына қашалған жазбалар құрайды. Осы деректердің ішінде уақытының ертерегімен және мәліметінің түп нұсқалығымен Бехистун жазбалары ерекшеленеді. Бұл жазба парсы патшасы Дарий I бұйрығымен б. з. д. 518 жылы тасқа түсіріледі. Жазба бес бағанадан тұрады. Соңғы бесінші бағанасында парсы империясындағы сатраптардың аттары берілген. Деректің құндылығы онда «сақ» сөзі аталып, сақ тайпалық бірлестігінің тайпалары жеке-жеке аталады.

XIX ғасырда Бехистун жазбаларының оқыла бастауымен ғалымдардың белгісіз «сақ» тайпасына деген қызығушылығы пайда болып, сақтанудың негізі қалана бастайды. Осы жазба мәліметтері көптеген ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып, бірталай пікірталастар туғызды. Деректе тек қана сақтардың саяси тарихы мен этникалық құрамына қатысты мәліметтер ғана емес, сонымен қатар сақтардың антропологиялық сипатын анықтауға көмектесетін мағлұматтар бар. Олай дейтініміз, Бехистун жазбасында Дарий I тұтқындаған сақ патшасы Скунха және парсы сарайына салық әкелген «шошақ бөрікті» сақтар бейнеленген.

Ксеркстің "антидевтік" жазбасында Сырдарияның төменгі ағысы бойы мен Арал теңізінің солтүстік-шығысын мекендеген тайпаларды "дахтар" деп атайды. Парсы патшаларының резиденциясы орналасқан Персепольде I Дарийдің осы аттас жазбасы сақталған. Жазбада тақта отырған парсы патшасына сыйлықтар әкеліп тұрған шошақ бөрікті сақтар бейнеленген. Бұл дерек көзінен сақтардың антропологиялық типі, киім киісі мен қару-жарақтары жайлы мәлімет алуға болады.

Ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазылған жазба деректердің қатарында арамей әліпбиі негізінде жазылған көне ирандық зороастризм дінінің қасиетті кітабы - "Авестаны" атап өткен жөн. Бұл кітапта Қазақстан жеріндегі жер-су атаулары, тайпалар аттары берілеген. Б. з. б. II мыңжылдықтың аяғында бүгінгі Иран және Үндістанның солтүстік бөлігіне арийлер келіп қоныстана бастайды. Қазіргі кезде ғылымда арийлер мекендеген жеріне байланысты бірнеше пікір қалыптасқан. Олардың біреулері арилердің алғашқы қоныстанған жерін Еуропамен, енді біреулері Кавказбен, тағы біреулері Алтай аймағымен байланыстырады. Санкт-Петербург ғалымы С. Г. Кляшторный «Қазақстанның үш мың жылдық жылнамасы» еңбегінде «ариилердің әуелде мекендеген жері бүгінгі батыс Қазақстан аумағы» деп көрсете келе, Авестада Каспий теңізі - Ворукаше, Арал теңізі - Чайчаста, Еділ өзені - Рангха, Әмудария - Ардви, Сырдария - Датья деген атаулармен берілген деген пікір білдіреді (11, 24) . Зороастризм дінінің қасиетті кітабы «Авеста» арқылы сақтардың діни наным-сенімдерінің кейбір негіздерін байқауға болады.

Көне грек, латын тіліндегі деректерге Геродоттың "Тарих"[16], Страбонның "География" шығармалары [17], Ксенофонт пен Птолемейлердің шығармалары, Ктесийдің "Скифия" шығармалары жатады. Скифтер жайлы жазған авторлардың алғашқыларының бірі - Гомер (б. з. б. VII ғ. ) болып табылады. Ол Қара теңіздің солтүстік бөлігінде мекендейтін тайпаларды "бие сауушылар" деп атайды. Полиеннің, т. б. авторлардың еңбектері қолданылады. Полиен Дарий I мен сақтардың соғысы кезіндегі қарапайым жылқышы Шырақтың ерлігін мәңгілік етіп, сақтардың болашақ ұрпақтарына үлгі етіп қалдырады [18] . Қарастырып отырған кезеңге қатысты деректердің ішінде «тарих атасы» Геродоттың "Тарих" шығармасы мол мәліметтерімен ерекшеленеді. Алайда, кітапта сақ тайпаларының орналасуы, әдет-ғұрпы мен саяси тарихы жөнінде аса құнды мәліметтер бергенімен, тарихшы ретінде бұл мағлұматтарға аса сақтықпен қарау керек. Себебі Геродот құрлықтың сақтар мекендеген жерінде болған емес және олар туралы тек естігендерін жазған. Геродот өзінің шығармасын б. з. б. 430-420 жж. жазған. Шығарма тоғыз кітаптан тұрады. Соның бірінші-Клио және төртінші-Мельпомена кітаптарында Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың атаулары, олардың шығу тегі, көрші елдермен жүргізген соғыстары, тұрмысы, діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары жайлы жазылған.

Қазақстан жерінде мекендеген ерте темір тайпалары жайлы рим императоры Августың грек географы Страбон (б. з. б. 64-30 жж. ) да жазған. Оның еңбегі 17 томдық "География" деп аталады. Осы шығарманың тоғызыншы және оныншы томдары Қазақстан мен Орта Азия және осы жерлерді мекендеген тайпалар жайлы жазылған. Біздің заманымыздың I-II ғасырларында жазылған Птолемейдің "География" шығармасында да құнды мәліметтер бар. Шығармада Қазақстан мен Орта Азия аумағында қалалар, тау сілемдері, өзендер мен көлдердің географиялық координаттары көрсетілген.

Археологиялық деректер. Сақтардың көрші елдермен мәдени қатынасын анықтау үшін археологиялық экспедициялардың материалдары пайдаланылды. Сақ тайпаларына қатысты археологиялық ескерткіштер Қазақстанның барлық аумақтарынан дерлік кездеседі. Сақ қорғандары көбіне өзендер бойына орналасып, Жетісу және Орталық Қазақстан, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Солтүстік және Батыс Қазақстанда жиі кездеседі. Археолог ғалымдар тұрақтар мен қорғандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, сақтардың діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары, тұрмысы мен шаруашылығына қатысты мол мәліметтер алды.

Жетісу жерінен табылған археологиялық ескерткіштер қатарына "Бесшатыр" қорымы, "Есік" обалары, "Жуан төбе" қорымы, Боралдай қорымы және т. б. кіреді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында, Шылбыр қойнауында орналасқан. Қорымның басты ерекшелігі 31 обаның шоғырланып орналасуында. Бесшатырлық ғұрыптық құрылыстары тайпалардың көсемдерін мәңгі есте қалдыруға тырысқанын көрсетеді. Обалардың көлемі көсемнің құдіреті мен байлығына сай келіп, келер ұрпақтың бойына құрмет пен қорқыныш сезімін ұялатуға тиіс болды.

"Есік" қорғаны - Алматы қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан осы аттас өзеннің сол жақ жағалауында орналасқан қорымның қатарына кіреді. Қорым оңтүстіктен солтүстікке дейін 3 шақырымға созылған. Қорым қырық бес қорғаннан тұрады. "Есік қорғаны» атымен әлемге танымалы ескерткіш 1969 жылы зерттелген. Сол жылы қатты қыстың салдары көктемгі сел тасқындарының болуына әкеп соқты. Селдің салдарынан бұзылған машина-трактор станциясы орнына жаңа құрылыс салу барысында әлемге "Есік" қорымына кіретін қорғанның біріне қазба жұмысы жүргізілді. Қазба жұмысын жүргізген археологтар қорғанның бүйірінде орналасқан бес қатар бөренеден тұрғызылған қосымша екінші қабірді табады. Әйгілі "алтын адам" осы қабірден табылған еді. Сол жылдарда әлем қызығушылығын туғызған "алтын адам" 17-18 жасар ханзада деп жарияланды. Қорғанның ішіне үңілсек қабірдің оңтүстік және батыс жағында 26 қыш ыдыстардың орналасқанын көруге болады.

«Таңбалы тас» ескерткішінде қола және ерте темір дәуірінде салынған бейнелер бар. Ескерткіштің артықшылығы - сол заманда өмір сүрген адамдардың бейнелеген көріністерінен олардың тұрмыс-тіршілігі, дүние танымы туралы білуге болады.

«Боралдай» қорымы Алматы қаласының шетінендегі Үлкен Алматы каналынан солтүстікте орналасқан Боралдай кентіне дейін созылып жатыр. Қорымда жалпы саны- 63 оба бар. Обалардың шоғырланып орналасуының діни-ғұрыптық маңызы болған. Сақтар ғасырлар бойы осындай «қасиетті жерлерге» құрбандық шалып, тағзым етіп отырған.

Орталық және Солтүстік Қазақстанға тән ерекше ескерткіш - Тасмола мәдениеті деп аталады. Бұл мәдениеттің Қазақстанның өзге өңірдегі ескерткіштерден ерекшелігі бар. Мысалы, Бесшатыр қорымында ағаш бөренеден жасалған обаның ішінде адам жерленіп, сыртынан тас қоршаумен қоршаланады. Тасмола мәдениетінің ерекшелігі «мұртты обалардың» болуында. Мәйіт негізгі обада жерленіп, сыртына топырақ үйіндісі төгіледі. Ал қосымша қорғандарда құрбандыққа шалынған жылқы қаңқасы, еңбек құралдары және қыш ыдыстарға салынған.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты ежелгі тарихымыздың қалыптасуында елеулі қызмет атқарған сақ тайпалық бірлестігінің көрші елдермен байланыстарын ашып көрсету. Және де сол мәселелердің кеңестік және отандық тарихнамада зерттелуінің негізгі бағыттарын қарастыра отырып, өзіндік ой-тұжырымдамалар арқылы тақырыптың толық ашылуына қадам жасау.

Анықталған мақсатқа байланысты алдымызға мынадай міндеттер қойдық;

-«сақ» атауының шығу тегі мен мәнін тарихнамалық жүйе арқылы айқындау;

-сақ тайпалық одағындағы тайпаларға сипаттама беру және әр түрлі деректермен зерттеулер негізінде оладың топтасу ареалын көрсету;

-сақ-парсы қатынастардың қалыптасуы мен барысын талдау;

-Ескендір Зұлқарнайынның сақтармен болған қақтығыстарын қорытындылау;

-сақтардың көрші халықтармен көрші мәдени байланыстарын көрсету.

Зерттеудің нысаны ретінде сақ тайпаларының көрші мемлекеттерімен саяси-мәдени байланыстары алынды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырып бойынша әдебиеттерді қамтуда тілдік, хронологиялық, ұлттық, мемлекеттік шектеулердің болмауында; мәселенің жаңа методологиялық тұрғыда пайымдалуында; теориялық мәселелерге назар аударылуында; сақ дәуіріндегі мемлекеттік дамудың өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлері ұлттық-мәдени тарихымыздың қалыптасуымен тығыз байланыстылығы туралы методологиялық принципті ұтануда. Сонымен бірге жұмыста:

- сақтардың көрші халықтармен саяси -мәдени байланыстары тарихи принцип бойынша жаңа жүйеге түсірілген;

-сақтардың көршілес мемлекеттермен қарым-қатынастарын зерттеудің жетістіктері мен кемшіліктері нақты түгенделді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұндар Саяси тарихы
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Үйсіндер тарихы
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
Ғұндар, сақтар, қаңлылар, үйсіндер тарихы
Ежелгі қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz