Арыз



Қазіргі кездің көзқарасы бойынша, субъективті құқықты қорғау мүмкіндігі ол бұзылған фактісінен туындайды, яғни нақты тұлға өз құқығын жүзеге асыруда біреу бөгет жасап тұр деп есептесе, осының салдарынан оның қорғануға құқысы бар. Басқа сөзбен айтқанда, субъективтік құқық болатын болса, бір мезгілде оны қорғау мүмкіндігі де болады.
Керісінше, анықталған құқық өкілеттілік туралы тек магистрат арыз беру арқылы қорғауға мүмкіндік жасаса ғана сөз қозғауға болады. Арыздардың бөлек категорияларына қатысты біртіндеп қалыптасқан және ерте кезеңдерінде барлық мүмкін болатын дәмеленулерді қамтыған жоқ. Осылайша, субъективтік құқық пен оны қорғау мүмкіндігі бір – бірінен ажыратылған еді, соңғысы біріншісінен туындамады және берілген нақты жағдайда жоқ болуы да мүмкін еді. Қазіргі кездегі қорғау тәртібіне қарағанда «құқықтан – арызға», ежелгі римдік тәртіп «арыздан - құқыққа» формуласымен анықталды, яғни тек сәйкес арыз болған кезде ғана субъективтік құқық қорғауға жатады.
Арыз түсінігі және оның түрлері. Арыз (actio) түсінігі Дигесттерде анықталған: «Арыз дегеніміз – тұлғаның сот арқылы оған тиесілі талаптарды жүзеге асыру құқығы болып табылады».
Арыздарды заттық (actiones in rem) және жеке (actiones in personam) деп бөлу критериі жауапкердің тұлғасы болып табылады. Заттық арыз сәйкес ереженің (мысалы, иелену құқығы) бұзушысы бола алатын кез келген тұлғаға қарсы бағытталады. Алдын ала оның кім болатыны белгісіз болғандықтан, бұл арыз тек анықталған бұзушыға ғана емес, әрбір үшінші тұлғаға – заттық құқықтың мүмкін болатын бұзушысна қарсы да бағытталады. Керісінше, жеке арыздарда мүмкін болатын құқық бұзушысы алдын ала анықталған, себебі бұл арыздар қатысушылары міндеттеменің пайда болу негізі болып табылатын келісім шартқа отыру мезгілінен бастап белгілі болатын міндеттемелік қатынастардан туындайды.
Сонымен қатар, арыздар былай бөлінді: персекуторлық – қандай да бір құндылықты қайтару туралы (мысалы, иеленушінің өз затын қайтарып алу туралы арыз); айыптық – айыпты төлету немесе залалдың орнын толтыру (және егер жауапкердің құқыққа қарсы әрекеттері оны байытпаған жағдайда да); арбитрарлық – судья адал ниет принципімен өз қарауынша шығындардың орнын толтыру көлемін анықтады; популярлық – ол кез келген азаматпен адамдарға немесе жануарларға зиянкелтіретіндей етіп бір нәрсені қойғандарға немесе ілгендерге қарсы берілетін арыз.
Бөлек категорияны цивильдік және абстракттілі болып табылатын, яғни цивильдік құқыққа негізделген және олардың пайда болу негізіне сілтемесі жоқ (бұл мәнсіз болды) кондикциондық арыздар құрды.
Арыз талапты сот шешімімен қанағаттандыру құралы ретінде азаматтық процессте жүзеге асырылады

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Арыз
Қазіргі кездің көзқарасы бойынша, субъективті құқықты қорғау
мүмкіндігі ол бұзылған фактісінен туындайды, яғни нақты тұлға өз құқығын
жүзеге асыруда біреу бөгет жасап тұр деп есептесе, осының салдарынан оның
қорғануға құқысы бар. Басқа сөзбен айтқанда, субъективтік құқық болатын
болса, бір мезгілде оны қорғау мүмкіндігі де болады.
Керісінше, анықталған құқық өкілеттілік туралы тек магистрат арыз беру
арқылы қорғауға мүмкіндік жасаса ғана сөз қозғауға болады. Арыздардың бөлек
категорияларына қатысты біртіндеп қалыптасқан және ерте кезеңдерінде
барлық мүмкін болатын дәмеленулерді қамтыған жоқ. Осылайша, субъективтік
құқық пен оны қорғау мүмкіндігі бір – бірінен ажыратылған еді, соңғысы
біріншісінен туындамады және берілген нақты жағдайда жоқ болуы да мүмкін
еді. Қазіргі кездегі қорғау тәртібіне қарағанда құқықтан – арызға, ежелгі
римдік тәртіп арыздан - құқыққа формуласымен анықталды, яғни тек сәйкес
арыз болған кезде ғана субъективтік құқық қорғауға жатады.
Арыз түсінігі және оның түрлері. Арыз (actio) түсінігі Дигесттерде
анықталған: Арыз дегеніміз – тұлғаның сот арқылы оған тиесілі талаптарды
жүзеге асыру құқығы болып табылады.
Арыздарды заттық (actiones in rem) және жеке (actiones in personam)
деп бөлу критериі жауапкердің тұлғасы болып табылады. Заттық арыз сәйкес
ереженің (мысалы, иелену құқығы) бұзушысы бола алатын кез келген тұлғаға
қарсы бағытталады. Алдын ала оның кім болатыны белгісіз болғандықтан, бұл
арыз тек анықталған бұзушыға ғана емес, әрбір үшінші тұлғаға – заттық
құқықтың мүмкін болатын бұзушысна қарсы да бағытталады. Керісінше, жеке
арыздарда мүмкін болатын құқық бұзушысы алдын ала анықталған, себебі бұл
арыздар қатысушылары міндеттеменің пайда болу негізі болып табылатын
келісім шартқа отыру мезгілінен бастап белгілі болатын міндеттемелік
қатынастардан туындайды.
Сонымен қатар, арыздар былай бөлінді: персекуторлық – қандай да бір
құндылықты қайтару туралы (мысалы, иеленушінің өз затын қайтарып алу туралы
арыз); айыптық – айыпты төлету немесе залалдың орнын толтыру (және егер
жауапкердің құқыққа қарсы әрекеттері оны байытпаған жағдайда да);
арбитрарлық – судья адал ниет принципімен өз қарауынша шығындардың орнын
толтыру көлемін анықтады; популярлық – ол кез келген азаматпен адамдарға
немесе жануарларға зиянкелтіретіндей етіп бір нәрсені қойғандарға немесе
ілгендерге қарсы берілетін арыз.
Бөлек категорияны цивильдік және абстракттілі болып табылатын, яғни
цивильдік құқыққа негізделген және олардың пайда болу негізіне сілтемесі
жоқ (бұл мәнсіз болды) кондикциондық арыздар құрды.
Арыз талапты сот шешімімен қанағаттандыру құралы ретінде азаматтық
процессте жүзеге асырылады
Бірінші және ең ежелгі формасы легисакциондық процесс (legis action –
заңнан арыз; мүмкін бұл термин зорлық пен озбырлыққа қарсы құқықты заңды
түрде жүзеге асыру дегенді білдірді ) болды, ол екі сатыдан тұрды: in jure
мен in judicio. Іn jure сатысы сот магистратының (рекстің, консулдың,
кейіннен - претордың) әрекет ауқымы болды. Құқығым бұзылды деп санаған
тұлға сотта іс қозғау үшін магистрат алдында бұл туралы өтініш жасау керек
болды. Магистрат қуынушымен мәлімделетін дәмеленудің рұқсаттылығын,
дәмеленудің мазмұны мен оның жарамдылық шартының бар екенін анықтайды.
Процесстің бұл сатысының мақсаты пайда болған даудың құқықтық мазмұнын
анықтау, яғни бұл дәмелену соттық қараудың пәні болама екендігін анықтау.
Жоғарыда айтылғандай, магистрат бұзылған субъективтік құқықты сотта қорғау
(яғни арыз) мүмкіндігін әр кезде бере бермеген, тек дәмелену заңға сәйкес
сонымен қатар оның тұжырымдамаларына сай болатын болса. Арыз жоқ болса,
онда қорғауға да құқық жоқ деген сөз. Гай өзінің Институцияларында
легисакциондық процесстің формализмін және құралдардың жетіспеушілігін атай
отырып, мынандай мысал келтірген. Егер кімде кім жүзім сабағы жойылғандығы
туралы арыз бергенде құжатта оларды жүзімнің сабағы деп атайтын болса, олл
істен ұтылады. Себебі ХІІ кестенің әріптік мазмұнына сай ол тек жойылған
ағаштар жөнінде арыз ғана мүмкін еді.легисакциондық процесс шегінде
арыздардың әртүрлі пәндеріне сәйкес, оларды қарастырудың бес формасы бар:
пари процесі; қол салу ; судьяны тағайындау талабы бар процесс; белгілі бір
ақша соммасын немесе зат санын талап ететін процесс; несие берушінің
кепілдік алуы бар процесс.
Пари процесі (sаcramenti) меншік құқығы жөнінде арыздың және
міндеттемелерден туындайтын арыздың ең көп таралған формасы еді. Тараптар
арасындағы сөз тартыстары магистрат алдында өтетін. Даулы зат немесе оның
бөлшегі олармен біге болу тиіс. Мысалы, дау жер учаскесі жөнінде болса,
онда жердің бөлшегі әкелінген. Тараптардың салттық әрекеттерінің мақсаты –
дауды тұжырымдау. Қуынушы жауапкерде өз әрекеттерін негіздеуді сұрайды:
Мен сеннен қандай негізде виндикациялағаныңды сұраймын (яғни ол зат сенікі
деп айттың?). Жауапкер түсіндіруден бас тарта алды. Одан кейін қуынушы
жауапкерге кепіл беруді ұсынады да өзі оны береді. Кепілдің соммасы ХІІ
кестемен орнатылған: егер даулы заттың бағасы 1000 асстан асса, кепілдің
соммасы 500 ассқа теңестірілгенжәне басқа жағдайлар үшін 50 асс болды.
Кепіл қазынаға төленген. Одан кейін қорытынды кезең – litis contestasio
(дауды бекіту): қуынушы мен жауапкердің әрекеттеріне куә болған және оны
растайтын куәгерлер шақырылған.
Сонымен, in jure кезеңі ол тараптар арасындағы третейлік сот жөнінде
келісім шарттың қатаң регламенттелген процессуалдық тәртібі.
Екінші кезеңде in judicio судья дауды нақты шешеді, ол 30 күннен кейін ғана
бастала алатын. Бұл мерзім тараптар үшін дәлелдерді жинастыру мүмкіндігін
туғызу үшін орнатылды. Тараптар көрсетілген уақытта сотқа келеді. Егер
тараптардың біреуі себепті келе алмайтын болса, онда іс кейіге қалдырылды.
Егер тараптың біреуі себепсіз келмейтін болса, онда судья келген тараптың
пайдасына істі шешкен. Содан кейін олар өздерінің айтқандарын негіздеген.
Судья келтірілген дәлелдерді өзі карастырып, наразылық білдіруге жатпайтын
ауызша шешім шығарған. Істе ұтылған тарап қазынаға төлеген кепілін
жоғалтатын болған, ал ұтқандарға ол қайтарылдв.
Римді әлемдік экономикалық айналымға енгізген сәтімен соттық қорғауды енді
римдіктер еместерге де беру өмірлік қажеттілік еді. Сонымен қатар, өзінің
құқықтарды қорғау мүмкіндігінің тарлығымен легисакциондық процесс
күрделеніп кеткен іскерлік қатынастар талаптарына сай болмаған.
Судья претордың формулада жасаған қорытындылармен байлаулы болды және олар
расталатын болса, онда арызды қанағаттандыруға міндетті. Енді судья
неғұрлым олған претор цивильдік құқықты пайдалану құзыретін берсе, соғұрлым
пайдаланды. Енді істің шешімі формуланың мазмұнына байланысты болды. Соның
нәтижесінде претор тек қана мәселені ғана шешкен жоқ, сонымен қатар рим
құқығының стратегиялық даму жолын да айқындап берді. Формуланың көмегімен
өзіне құқықтық жүйелерді алып қойып, преторлық құқық пен халық құқығының
артықшылығын орнатып, цивильдік құқықтың қорғау мүмкіндігін кеңейтіп,
претор рим классикалық құқығын өмірге әкелді.
Преторлық формула. Ол судьяны (немесе судьялар коллегиясын) тағайындаудан
басталады: Октавий судья болсын. Формуланың басты бөліктері: интенция мен
кондемнация (intentio et condemnatio). Интенция арқылы қуынушы дәмеленулері
туралы, сот алдында қойылатын сұрақ туралы білуге болады. Кондемнация ол
судьяға (немесе судьялар коллегиясына) берілетін нұсқаулар, егер интенция
дәлелденетін болса, арызды қанағаттандыру немесе арыздан бас тарту. Мысалы,
Егер Стих құл квириттердің ережелері бойынша А-нікі (интенция) болса, онда
сен, судья, Н-ды кінәла, егер анық болмаса, ақта (кондемнация). Осылайша,
интенция кондемнацияның шарты болып табылады. Интенцияның мазмұны арыздың
түрін анықтайды. Мысалы, заттық құқықтуралы дауда – intentio in rem және
соған сәйкес арыз - actio in rem, міндеттеме туралы дауда – entio in
personam ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арыз немесе өтініш
Cот шығындары
Несиенің мәні және нысандары
Талаптық өндірістің ұғымы және оның маңызы
Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу
Талап арыз туралы түсінік
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
Жеке құжаттар
Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері
Алматы облыстық мемлекеттік соттар мұрағаты
Пәндер